Каукешова Нурсулу Агзамовна
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, оқытушы, Медицина факультетінің «Жалпы хирургия» кафедрасы
Турсынбаева Гулжазира Асилханқызы
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, оқытушы, Медицина факультетінің «Жалпы хирургия» кафедрасы
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ
Түйін: Бұл мақалада медициналық қызмет-
кердің психологиялық тұрғыдағы кәсіптік дефор-
мациясы мен кәсіби бейімделуі зерттелген.
Кілтті сөздер: Медициналық қызметкер, эмо-
циялық жүктеме, коммуникативтік ресурс, аффи-
лиация кәсіптік деформация, кәсіби әрекет.
Резюме: В статье рассматривается психоло-
гическую профессиональную деформацию, профес-
сиональную адаптацию медицинского работника.
Ключевые слова: Медицинский работник, эмо-
циональное, коммуникативное ресурс, аффилиация
профессиональной деформации, профессиональ-
ной деятельности.
Summary: The article considers the psychological
professional deformation, professional adaptation of
medical worker.
Key words: Medical professional, emotional,
communicative resource, affiliation of professional
deformation, professional activities.
Медициналық қызметкердің көбісі, әрине,
сөзсіз профессионалды мамандар, бірақ шар-
шағыштық, эмоциональды жүктеме, отбасылық
қиындықтар, өзін нашар сезінуі секілді жағдайлар,
медициналық қызметкерлердің сұхбатты өз дең-
гейінде жүргізуіне кері әсерін тигізеді.
Медициналық қызметкерлердің жеке бас қаси-
еттерінің ішінен сұхбатқа кері әсерінен тигізетін
келесі факторларды атауға болады:
-өте жас немесе егде жас шамасы;
-медициналық қызметкер мен науқас түрлі жы-
нысқа жатса;
-сезім мүшелерінің бұзылыстары, мысалы,
құлақтың естімеуі;
-мүгедектік;
-компетентсіздігі (білімсіз, тәжірибесі болмаса,
науқасқа жаны ашымаса, әлеуметтік дезадапта-
ция);
-халық медицинасына, басқа да медициналық
қызметкерге барған науқастарға деген кері қа-
рым-қатынас;
-жағымсыз тәрбиесі;
-науқастан бөлек сенімі, әлеуметтік жағдайы,
ұлты, саяси көзқарасы;
-науқас және медициналық қызметкер туыс
болғанда.
Эмоциялық шамадан тыс салмақ, жиі стрестер,
уақыт дефициті, ақпарат жетіспеушілігі жағдайын-
да, тез арада шешім қабылдау қажеттілігі, жиі және
қарқынды тұлға аралық қатынастары, т.б.себептер,
жалпы медициналық кәсіби тұлғаға ерекше талап
қояды.
Кәсіби әрекетіне байланысты, медициналық
қызметкерлердің қайғы-қасіретті, қатты ауыру-
ды сезінуді, өліммен кездесуді жиі көреді.
Медициналық қызметкерлердің жұмысы – бұл
ерекше әрекет түрі. Ол келесі ерекшелікпен сипат-
талады: үнемі психологиялық даярлықта болу.
Психологиялық көзқарас бойынша, аурудың баста-
луы күмәнді, дүдамал күйді қарастырады, себебі
ақпарат дефициті және дерттің соңы нәтижесіз,
болжамсыз болуы – өмірде өте күрделі психоло-
гиялық өзгерістер тудырады. Бұл жағдайда қорқы-
ныш эмоциясы пайда болады. Ол сезім науқасты
да, медициналық қызметкерді де бойлайды, бұл
тұлғалық факторды толық бақылап, қадағалау да
мүмкін болмайды. Мұндай жағдайлар кезінде әре-
кеттесу – маманнан ерекше жоғары эмоциялық
төзімділікті, тұрақтылықты, психологиялық үмітті,
стреске қарсы тұру қабілеттілігін, құрастырылған
қарым-қатынас дағдыларын, дамыған психологи-
ялық адаптация механизмдерін қажет етеді.
Медициналық қызметкердің кәсіби әрекетін
құруда, келесі коммуникативтік ресурстары өте
маңызды рөл атқарады:
●эмпатия;
●аффилиация;
●шеттеуге сенситивтілік.
Бұл қасиеттер, тиісті әрекеттесуі негізінде ғана,
медициналық қызметкер тұлғасына проблемалық
және стресс жағдайларын нәтижелі шешуге мүм-
кіншілік береді. Медициналық қызметкердің эм-
патиясы жоғары дәрежеде болса, онда оның қатты
қоса уайымдары, пациенттің көңіл-күйіне қарауы,
«басқа адамдарға қауіп келтіріп аламын»,- деп
өзін-өзі кінәлауы, психологиялық нәзіктілігі си-
яқты қасиеттері тән болып, кәсіби рөлін атқаруға
бөгет жасайды, яғни, бұл ситуацияда, медици-
налық қызметкердің табандылығы, қайсарлығы
төмен болып, келешекке бағытталу қасиеттері жет-
кіліксіз болады.
Аффилиация – адамның көпшілікке ынтала-
нуы, әрекеттестік қабілеті, ұжымдағы кәсіби жі-
герленуіне себептес болады. Науқастың көзқарасы
бойынша, медициналық қызметкердің сенімділігі,
эмпатияға қабілетті болуы – ең маңызды қасиет-
116
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
тер. Төтенше және үмітсіз ситуацияларда медици-
налық қызметкердің сенімділік көрсетуі, науқасқа
медициналық қызметкердің білгірлігі толық деген
көзқарас тудыруға әсер етеді, яғни ол бұл жағдай-
ды бақылауға, ақиқатты болжам жасауға қабілеті
жеткілікті деп, сәтті аяқталуына науқаста үміт
және сенім тудырады.
Сонымен қатар, медициналық қызметкер
маңайындағы әріптестеріне, басқа медициналық
қызметкерлеріне эмоциялық қолдау көрсетіп,
олардың өз әрекеттерін орындауға қабілеттілігін
жоғарылатады. Сондықтан, медициналық қыз-
меткердің психотерапевтік потенциалы, күмәнсіз,
маңызды болады.
Медициналық қызметкердің психотерапевтік
жәрдем көрсетуінің келесі негізгі төрт аспекті бел-
гіленген:
●басқа адамның ішкі жағдайына байланысты
эмоциялық қоса уайымдауға даярлығы;
●өз әрекетінің салдары қоршағандарға әсер жа-
сауын ескеру қабілеті;
●дамыған моральды-этикалық нормалары не-
гізінде, өзінің альтруистік қылықтарын бағалауға
эталон жасауы;
●альтруистік қылық жасауына немесе жаса-
мауына жауапкершілікті өз мойнына алып, басқа-
ларға немесе жағдайға сілтемеуі.
Кәсіптік деформация дегеніміз – медициналық
қызметкердің психологиялық болмысына маман-
дығының жасайтын әсері. Көп жылдар бойы бір
беткей жұмыс түрін қайталап атқарудың салда-
рынан қажу, шаршау, өз мамандығының ішіндегі
басқа жұмыс түрлерін орындамаудың нәтижесінде
оларды ұмыту, медициналық қызметкердің тұлға
ретінде дамуына, еңбек қабілеттілігіне кері әсерін
тигізеді. Кәсіптік деформация адам мен адам қа-
рым-қатынас жасайтын қызметтерге тән[1,2].
Адам адаммен қарым-қатынасқа түсетін ма-
мандықтарда, олар өзара психологиялық әрекетке
ұшырайды. Бұндай ситуация, маманның билігін
бақылау мен шектеу мүмкін емес немесе қиынға
түсетін жағдайларда байқалады. Әрине, медици-
налық қызметкер науқасқа билік жасайды, себебі
оның денсаулығы медициналық қызметкерге бай-
ланысты болады. Кәсіптік деформация, кәсіби
адаптацияға байланысты, яғни медициналық қыз-
меткер аурудың қиналғанына үйреніп, бейімделуі
негізінде пайда болады. Әрине, медициналық қыз-
меткерге эмоциялық қарсы тұру қабілеті де керек,
бірақ та ол мамандықтың оңды қасиеттерін, этика
нормалары негіздерін мұқият сақтауы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Асимов М.А., Нұрмағамбетова С.А., Игнать-
ев Ю.В. Коммуникативтік дағдылар. оқулық, А.:
«Эверо» баспасы, 2009.
2. Оразбекова Г., Сексенали А. Дәрігердің ком-
муникативтік дағдылары. – «Өнер», 2009.
117
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07
Шалаева Жанар Сүйіндікқызы
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Білім технологиясы»
кафедрасы, аға оқытушы, janar_30101979@mail.ru
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА
БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Түйін: Бұл мақалада жаңа педагогикалық тех-
нология – модульдік технологияның мазмұны және
оны пәнді оқыту сапасын арттыруға, оқыту про-
цесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы
оңтайландыруға, жаңа технологияны білім сала-
сында пайдаланудың маңыздылығын, оқу модулін
даярлау технологиясын, оқу модуліне оқушы қыз-
метін бағалауға, оқушылардың білім, білік, дағ-
дыларын бақылау және тексеруге, оқу модулінің
сөйлесу бөлімінде оқытудың бесенді әдістерін
пайдалануға, жаңа педагогикалық технология-
ларды пайдаланудың білім беру үрдісіндегі маңы-
здылығы қарастырылған.
Кілтті сөздер: Инновациялық-дидактикалық,
деңгейлеп саралап оқыту, оңтайлы әдіспен оқыту,
жекелей оқыту, модулдік технологиясы.
Резюме: В данной статье рассматриваются
новые педагогические технологии – модульное со-
держание дисциплины и технологии ее обучения,
повышение качества обучения через оптимиза-
цию процесса новых педагогических технологий,
важность использования новых технологий в сфе-
ре образования, технологии подготовки учебных
модулей, учебных модуля, оценке деятельности
учащихся, знаний, умений, навыков, проверки и
контроля, использование методов обучения, в раз-
деле учебного модуля бесенді разговора, важность
использования новых педагогических технологий в
образовательном процессе.
Ключевые слова: Инновационно-дидактиче-
ских, разноуровневое дифференцированное обуче-
ние, обучение методом оптимального, индивиду-
ального обучения, модульной технологии.
Summary: This article discusses the new
educational technology – modular course contents
and technological training, enhance the quality of
learning through the optimization process of new
educational technologies, the importance of using
new technologies in education, technology for the
development of training modules, training module,
performance evaluation of students, knowledge, and
skills verification and control, the use of teaching
methods, see learning module based conversation, the
importance of using new pedagogical technologies in
the educational process.
Key words: Innovative-didactic, multi-level
differentiated instruction, teaching method optimal
individual learning, modular technology.
Мектепте, жоғарғы оқу орнында сапалы оқу
бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі – пән-
дерді модульдік технология арқылы оқыту екендігі
теориялық және тәжірбиелік жағынан дәлелдену-
де. Бұл мәселені ғалымдар Дж.Рассель, П.Юцяви-
чене, Р.Бекирова, Г.Лаврентьева, М.Жанпейісова,
К.Жақсылықова, Е.Тұяқов, т.б. дәлелдеп келеді
[5,8].
Модуль ұғымының этимологиялық мәні білімді
қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу,
шоғырландыру, жинақтау болып табылады.Білімді,
яғни оқу материалын дидактикалық мақсатқа сай
әр түрлі қалыпта (ақпарат блогі, пакет, түйіндер
жүйесі, алгоритм, бағдарлама) ұсынуға болады.
Модульмен оқыту – толық немесе жекелей түрде
модульге негізделген оқыту. Модуль – іс-әрекеттің
мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне жету
үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім,
білік, дағдының белгілі бірлігі және оның әдісте-
мелік нұсқауы, яғни аяқталған оқу ақпараты болып
табылатын модульмен оқытудың негізгі құралы.
Модульдік оқытудың құрамында дидактикалық
мақсаттардың таксономиясының жіктелуі деңгейі-
не қарай (кешенді,кіріктірілген дербес) және түрі
жағынан (танымдылық және операциялық) жүйе-
леуді ұсынады.
Модульдің көптеген анықтамаларына қара-
мастан, олардың барлығын үш түрлі бағытта топ-
тастырып, жүйелеуге болады:
Mодуль – біліктілік мінездемесінің талаптары-
на жауап беріп, мамандық бойынша оқу пәндерінің
жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру
стандарт бірлігінің үлгісі;
- модуль – пәнаралық әдістемелік-ұйымдасты-
ру құрылымы болып, әр түрлі оқу пәндерінің тақы-
рыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты мең-
геруді және оқу үрдісінде пәнаралық қатынасты
қамтамасыз етеді;
- модуль – бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі ұй-
ымдастыру-әдістемелік құрылымының бірлігі.
Оқыту мазмұнын таңдап алғаннан кейін сол
мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әсіресе,
бұл оқу мазмұнын дербес модульдерге жіктеудегі
модульдік оқытуға байланысты.
Модульдік оқытудың дидактикалық жүйесі
басқа да дидактикалық жүйелер сияқты оқы-
тудың мақсаттарына сай жалпы-дидактикалық
ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніп, оқу матери-
118
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
алдарын құрылымдауды меңзейді. Даралық мо-
дульдердің мазмұны оқыту мазмұнын құрылымдау
ұстанымдарын сақтай отырып жасалады және жи-
нақы, әрі көрнекілік түрінде беріліп, дидактика-
лық материалдармен, білгірлік және қолданбалы
міндеттермен қамтамасыз етілуі керек. Модуль-
дік оқытудың кәсіби білім беру жүйесінде модул-
дік бағдарламалардың операциялық түрі кәсіби
икемділікті қалыптастыруға бағытталған.
Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей
әрекет – қадамдардан тұрады:
1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып
бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көр-
сетілген міндетті білім, білік және дағдыларды,
сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін ай-
қындау.
2-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі
мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып
бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код
сияқты) сөздерді табу . Олардың өзара байланысы
мен өзара бағыныштылығын анықтау.
3-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сыз-
баларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар
мен «кодтар» негізінде)
4-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойын-
ша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсы-
рма шамасында)
5-қадам: Берілген моульдегі оқу материалының
тұтас мазмұы бойынша сынаққа қажетті сұрақтар
ме тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің
өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен ,
бақылау жұмысымен алмастыруға болады).
6-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың
белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының
мазмұны бойынша әрбір оқушыға арап бірінші
күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәре-
жесіндегі тапсырмалар жән оқытудың ізденушілік
(зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәреже-
дегі тапсырмалар әзірленеді.
Оқу модулінің құрылымдық бөлімдерінің
әрқайсысына кеңінен тоқталып, қарастырайық.
Оқу модулінің кіріспе бөлімі. Психологтардың
пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырып-
ты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен : кіріспе-қы-
зықтырушылық, операционалдық-танымдық және
рефлекциялық-бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс
(Л.М.Фридман) [1,2].
Аталмыш модульде қызықтырушылық кезең
кіріспе бөлімінде іске асырылады.
Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы та-
рауын неге және не үшін оқып – үйренулері керек,
өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, ал-
дағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін
түйсінуі қажет.
Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым
тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты
түсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш
болуы) аса маңызды. Ол үшін , психологтардың
пікірінше, мақсат (нені білу, нені үйрену), оның
мағынасы (бұл не үшін қажет) нақты айқын бел-
гіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді
қалыптастыруда түсіндіруді сызба және белгілік
үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған
тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп отыр (Сал-
мина 1981, 47).
Қандай да бір құбылысты тану барысында
адамда оны түсінгедік, меңгергендік сезімі пайда
болуы тиіс.
Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде
мұғалім:
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылы-
мымен және мазмұнымен таныстырады;
ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі таным-
дық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін
анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді
әрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше
көңіл бөледі;
б) тірек сызбаларға («орамаларға», белгілік үл-
гілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақыры-
бы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 ми-
нут ішінде) түсіндіреді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі.
Оқу мо-
дулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас
оқып үйренудің екінші – операционалдық-таным-
дық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді құрастырғанда біз Л.Фридманның
төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымда-
масына сүйендік.
Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс
барысындағы түрлі
қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар
оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге
елестету қабілеті жадын, шығармашылығын және
т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары бо-
лып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға
бағытталған.
Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі
– ең алдымен, оқушының
қажеттіліктерін, қызығушылығы және қызмет
мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
Оқуды басқарудың икемді болуы тиіс, бұл тек
оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалар-
дың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін бо-
лады.
Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын
анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару
тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін
тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне
қарай артып отыруы және оқудың жоғары саты-
сында жалпылама сипат алуы тиіс.
Оқу процесін басқару балардың ішкі қуатына
және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлаған-
да мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын
бөліп, құрылымдайды.
119
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта ора-
лып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке
бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл
бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың
(тақырыптың) мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін матриалды мұғалім
үш күрделілік деңгейінде (қарапайым, оташа дәре-
же, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын
таңдайтынын әр оқушы өзі шешеді.
Бұның бір маңызы – күрделі ізденушілік,
шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез
келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық ма-
териал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни
іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда
мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтама-
сыз етуге баса көңіл бөледі.
Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылар-
дың өзара сөйлесуінің арқауы және құралы болады.
Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындау-
дағы 5 әрекет қадамнан тұратын даярлық құрылы-
мы қалыптасады (1суретті қараңыз)
1-сурет
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу
2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру
3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын
қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау
4. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін)
дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау
5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету
Сөйлесу бөлімін құру қағидалары.
Алғашқы үш әрекет-қадам мұғалімнің оқу (ғылы-
ми) материалының тұтас мазмұнын бөліп, оқу мо-
дулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды.
Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негіз-
гі қағидаларды есепке ала отырып құрылады:
•Оқу материалын біртұтас беру қағидасы.
• «өсу» бағытымен оқып үйрену қағидасы (ба-
сында шағын түрде, соңынан-мазмұнын біртін-
деп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша
толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл
оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, ке-
шенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пы-
сықтауын білдіреді.
• Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің
тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (қай-
талаумен шатастыруға болмайды!). Іс жүзінде
тақырыпқа оқу материалыннң көлемі жағынан да,
тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан
да «өсу» бағытымен қайта оралып отыру меңгеріл-
ген білімді бекіту үшін қажет. Зерттулер көрсетке-
дей, жады ақпаратты ұзақ уақыт есте ұстап, білім
деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде бірнеше
мәрте (7 ретке дейін) қайта оралып отыру қажет.
Мұндағы басты мәселе материалды қайталау емес,
тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз
алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал-
жабдығы ретінде пйдалану.
Мұғалім тұлғаны дамытатын кез келген қызмет
емес, тек орындау барысында жағымды эмоциялар
тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс.
Оқушыға оқу, танымдық қызметпен айналысуы
ұнап, ол ақыл ой жұмысынан қанағаттануы тиіс.
Бұл үшін:
Оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы
үшін ол оқу барысында алдына қойған міндеттерін
тек түсініп қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс,яғ-
ни, оқушы оларды өз көңіл таразысынан өткізіп,
мән беруі тиіс (Рубинштейн 1946, 599-604);
Таным процесін өзара сөйлесу арқылы ұйымда-
стыру оған қатысушы адамдардың талабы мен ни-
етіне, ойына, көңіл-күйіне және сезіміне едәуір
күшті ықпал етеді (Бодалев 1983, 65);
Бірлесе істеген қызмет (шағын топтарда);
а) кейбір қатысушылардың алдағы міндеттерді
шешу мүмкін емес деген сенімін жоюға;
ә) қорғану механизмдерінің шығармашылық
процеске әсерін төмендетуге ықпал етеді (Гранов-
ская, Крижанская 1994,127).
Қабілеттерді (соның ішінде танымдық) дамы-
туға қол жеткізу неғұрлым демократиялы орта
жағдайында жеңілірек болады;
Кейбір қатысушыларға өз қызметінің нәтиже-
леріне қол жеткізу маңызды болса, енді біреулеріне
- өзіндік ойлау қызметі маңыздырақ.
Оқушының өзіне қиындық туғызатын деңгейде
оқыту неғұрлым пайдалы, дамытушы болып есеп-
теледі.
Міне, сондықтанда ұсынылған оқу модулінің
сөйлесу бөлімінде мұғалім әрбір оқушыға 3 дең-
гейлік тапсырмалар әзірлейді. І деңгей тапсыр-
малары оқушылардың шығармашылығын дамы-
120
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
туға бағытталған. ІІ және ІІІ деңгей тапсырмалары
оқушылардың бағдарлама материалдарын мемле-
кеттік білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.
Мұғалімнің әрбір оқушыға әзірлеген тапсырма-
лары солардың біреуін оқушының өзі қалауы бой-
ынша таңдап алуына есептелген.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу
формаларына қарай тапсырмаларды қарточка-
ларға – яғни, өзінше бір «бағыттаушы парақтарға»
жазуға болады, мұнда не істеу қажет, оны қалай
істеу керек және қалай тексеруге болатыны (дай-
ын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзін-өзі
тексеру арқылы) нақты көрсетіледі.
Егер сабақ жеке – топтық формада өтетін бол-
са, онда оқушылардың әрқайсысы үш нұсқадағы
тапсырмалар алады. Олар машинкамен басылған
және көшірме аппараттарында көбейтілген болуы
тиіс. Мұғалім бір сабаққа әртүрлі күрделілік дің-
гейіндегі 3 жинақ тапсырмалар дайындап, соңынан
оқушыға олардың кез келгенін таңдау мүмкіндігін
беру мақсатында сыныптағы оқушылар санына сай
көбейтеді.
Егер сабақ формасы – ойын (кез келген түрі)
болса, онда тапсырмалар тақтаға жазылуы немесе
жазбаша түрде берілуі мүмкін.
Ұжымдық және топтық жұмыс формаларын-
да тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей жоғары
күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту
қажет.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің бірнеше ерек-
шеліктері бар, оларға назар аудару керек:
1. Бұл бөлімде оқыту және оқу:
а) дамытушы болады,
соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүд-
десіне бейімделуі қажет. Бұдан шығатыны: оқу
процесін әрбір оқушының қисынды ойлау қа-
білетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттілік-
терін, танымдық қызметке қызығушылығын дамы-
туға бағыттап, жағдай туғызу керек. Жағдай туғызу
дегеніміз: оқушылардың психологиялық өзара
сиымдылығын, жағымды психологиялық (жылы
ниеттегі, ашық, т.б.) ортаны қамтамасыз ету;
ә) даярлаушы болады,
яғни, модульдің қорытынды (бақылау) бөліміне
шығуға даярлайды. Сондықтанда әр сабақта әрбір
оқушыға қойылатын барлық бағалар мен берілетін
бағалаулар бақылаушы емес, ынталандырушы си-
патта болады. Бағалар мен бағалауларды негізінен
оқушылардың өздері (өзіне, бір-біріне, коман-
даға,топқа) береді.
Көріп отырсыздар, оқу модулінің бұл бөлімін-
де неғұрлым қолданыстағысы – бірін-бірі тексеру
әдісі. Бұл жерде кейбір оқушы тексеру үшін өзіне
қиын, күрделі деңгейдегі жұмысты алып қалуы
мүмкін. Әрине, мұндай жағдайда ол жұмыстың
орындалуының дұрыстығын немесе бұрыстығын
(дұрыс еместігін) бағалай алмайды. Міне, сон-
дықтан мұғалімге дұрыс жауап немесе есептің
шешу барысы жазылған парақтар дайындап қою
қажет. Оларды оқушылар бір-бірінің еңбек нәти-
желерін тексергенде және бағалағанда пайдалана-
ды (І деңгей тапсырмаларының жауабын, егер олар
қалыптан тыс жауап болса, мұғалім өзі тексереді).
2. Репродуктивті (қайта жаңғырту) сипатын-
дағы оқыту проблемалық, ізденушілік, зертте-
ушілік оқытумен ұштастырылады.
3. Негізінен оқушылардың бір-бірімен қатына-
сына, өзара сөйлесуіне құрылған оқытудың бел-
сенді формалары қолданылады.
Оқыту және дамыту - өзара күрделі қатына-
стағы процестер.
Жоғарыда атап өткеніміздей, баланың көптеген
тұлғалық психикалық қасиеттері, психологтардың
пікірінше, жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын
қызметі барысында айқындалып, қалыптасады.
Егер оқушының жеке өзіндік қызметі, оның үсті-
не, жоғарыда айтылғандай, қиындықты жеңіп,
жаңалық ашып, жақсы нәтижеге жетуінен және,
ең бастысы, танымдық қызметтің өзінен жағым-
ды эмоциялар алатындай қызметі ұйымдастырыл-
маса, онда мұғалімнің баланы танымға «жетелеп
енгізбек» болған әрекеті күтілген нәтиже бермейді
(яғни, тұлғаны дамытпайды).
Бұл үшін мұғалім сабақта әр балаға психоло-
гиялық қолдау көрсетуі, психологиялық жайлы
(ыңғайлы) орта туғызуы қажет.
К.Роджерстің пікірінше, мұғалім ондай жағдай-
ды жасай алады, тек ол үшін келесі қағидаларды
басшылыққа алуы тиіс:
1. Баларға әрқашан сенім көрсетуі;
2. Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен мін-
деттерін белгілеп, нақтылауға көмектесуі;
3. Оқушылардың оқуға деген ішкі қы-
зығушылығына мән беруі;
4. Әртүрлі тәжірбиенің қайнар көзі ретінде,
оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес
алуға болатын тұлға ретінде тұруы;
5. Мұғалім әрбір оқушы үшін осындай рөлде
болуы;
6. Өзінде топтың көңіл-күйін сезіну және оны
қабылдау қабілетін дамытуы;
7. Топтық өзара әрекетке белсенді түрде қаты-
суы;
8. Топта өз сезімін ашық білдіруі;
9. Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқула-
рын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатиялық дәре-
жеге ұмтылуы;
10. Өз-өзін жақсы білуі тиіс.
Оқудың нәтижелігі оқу процесінің мына нүкте-
лердің қайсысында ұйымдастырылғандығына бай-
ланысты екені дәлелденген. Солға бағыттаушы тіл
оқыту нәтижесінің төмендегенін, ал оңға бағытта-
ушы тіл – артқананын көрсетеді.
Өзара қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқы-
ту оқу процесінде белсенді формаларды қолдану
арқылы іске асырылады. Олар:
121
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
топтық немесе жеке-топтық;
жұптық;
ұжымдық;
Оқытудың бұл формалары жалпы немесе
құрылымдық деп аталады.
Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары
да бар:
семинар;
оқу конференциялары;
диспут;
топтық пікірталас және т.б.
Қазіргі уақытта педагогикада оқыту мен ойын-
ды топтастыруға қадам жасалынуда, тіпті бұл жер-
де сөз еңбек негізінде оларды қосу туралы болып
отыр. С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М.Тюн-
никовалардың пікірінше, оқу және дидактикалық
ойындардың айырмашылығы мынада: оқу ойын-
дары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша
– оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұй-
ымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру
болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Жанпейісова М.М. Технология модульного обуче-
ния. – Ақтөбе : РИПК:СО, 1999ж.
2. Таубаева Ш.Т. Барсай.Б.Т. Оқытудың қазіргі тех-
нологиялары . //Бастауыш мектеп №3-4 ,1999.
3. Кобдикова Ж.У . Оқытудың жаңа технологиясы .
//Бастауыш мектеп №3 2000 , 25-30 бет.
4. Кобдикова Ж.У.Оқыту процесін технологиялан-
дыру .Алматы, 2000,11-15б.
5. Оқытудың жаңа технологиялары.//Халық тәлімі
арнайы басылым. №1 2002 , 3-7 бет.
6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық техноло-
гия . Тараз : ТарМу , 2003.
7. Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық
технологиялар – Алматы, «Үш Қиян», 2005 , 12-бет.
122
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Достарыңызбен бөлісу: |