Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет17/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38

Тульбасиев Н.Ж.
аға оқытушы. Қ.А.Ясауи   атындағы ХҚТУ  (Tulbasiev.nartay@mail.ru)
       
Кекилбекова М.K 
аға оқытушы. Қ.А.Ясауи атындағы  ХҚТУ,
Абдраимов Б. 
Оңтүстік Қазақстан облысы, жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар 
басқармасының Түркістан аумақтық балаларға арнаулы  әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру мұғалімі  
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ   
Түйін. Бұл мақалада дене тәрбиесінің педаго-
гикалық үдерістегі маңыздылығы атап көрсетіл-
ген. Сонымен қатар дене тәрбиесі дамуының  та-
рихи    кезеңдері,    жеке  тұлғаның  дене  тәрбиесін 
қалыптастыру  проблемалары  қарастырылған. 
Мақалада  дене  мәдениетін  қалыптастырудағы 
ұлы  ойшылдардың  философиялық  тұжырымда-
малары баяндалған.
Резюме. В этой статье приведены важность 
педагогических процессов физической культуры. А 
также рассмотрены этапы развития физической 
культуры и проблемы формирования физического 
воспитания личности. В статье приведены фило-
софские концепции великих мыслителей в формии-
ровании физической культуры.
Summary.  This  article  describes  the  essence  of 
pedagogical process of physical training. Additionally,   
considered the stages development of physical culture 
and problems of formation physical training of person. 
The article presents the philosophical concept of the 
great thinkers in formation physical culture.
Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  - 
2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты 
әрі  гүлденген  экономика  құрмайынша,    біз  қуат-
ты  мемлекет  пен  қарулы  күштер  құра  алмаймыз, 
демографиялық,  экономикалық  және  әлеуметтік 
міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке 
басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра ал-
маймыз»,-деген болатын [1, б3].
Сондықтан  да  дене  тәрбиесіне  қойылатын 
жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. 
Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғам-
дық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі ұғымыда-
ры назарынан да тыс қалмауы қажет. 
Дене  тәрбиесі  сабағындағы  сауықтыру, 
білімдік,  тәрбиелік  міндеттерімен  қатар  педагог 
кәсіби  жұмысын  атқарып  қоймай,  оқушылардың 
рухани  жеке  тұлғасын  қалыптастыруды  жүзеге 
асыруы керек.
Дене тәрбиесі дамуының да өзіндік тарихи  ке-
зеңдері бар.
Бірінші кезең – қозғалыс дағдыларының ағзаға 
әсері жөніндегі эмперизмдік білім кезеңі. Адам ба-
ласы  оны  күнделікті  қозғалыс-қимылында  алды. 
Мұндай  білімнің  жиналуы  «қозғалыс  жаттығула-
рының»  тиімділігі  мен  ағзаға  оң  әсері  танылып, 
кейінгі кезеңдерде дене тәрбиесінің пайда болуына 
әсер етті.
Екінші  кезең  –  дене  тәрбиесін  дамыту  жөнін-
дегі идеялар мен оның әдістемесінің пайда болуы 
Орта  ғасырларда  Греция,  Рим  мемелекеттерінде 
бастау алды. Бұл кезеңде дене жаттығуларының са-
уықтыру және ішкі ағза қызметіне әсері зерттелді,   
оның   тиімділігі   төзімділік   пен   белсенділікті,     
күшті, ерік-жігерді, батылдықты, қайрат пен қозға-
лыс  дағдыларын  жетілдірудегі  маңызы  ескерілді. 
Сондықтан әскери ойындар, жаттығу, сайыс, түр-
лі  қимыл-қозғалыс  әдістерін  жүйелеу  және  оны 
тиімді  пайдалану  жөніндегі  алғашқы  әдістемелер 
пайда болды. 
Үшінші  кезең  –  Қайта  өрлеу  кезеңінен  баста-
лып,  дене  тәрбиесі  теориясы  мен  әдістемесінің 
білімдік,  практикалық  қорларының  жинақталуы 
ХІХ ғасырға дейінгі кезеңде дами түсті.
Себебі адам ағзасын зерттеу, сырқатының пай-
да  болу  жағдайы  мен  емдеу  жолдарын  табу  мақ-
сатындағы  дәрігерлік  тәжірибе  философтар  мен 
дәрігерлердің,  ағартушылардың  дене    тәрбиесіне, 
дене  мүмкіндіктеріне,  ағза  ерекшеліктеріне  назар 
аудартты. Сөйтіп, адам ағзасы және оның функци-
оналдық қызметі жөніндегі зерттеулер жүргізіліп, 
алғашқы  тұжырымдардың,  дене  тәрбиесінің  тео-
риялық өзегінің пайда болуына әсерін тигізді.
Қайта  өрлеу  дәуірінде  дене  тәрбиесі  тұтастай 
тәрбие  ісінің  қажетті  бір  буыны  деп  есептеліп, 
алғашқы  ғылыми  негізделген  теорияларды  пайда 
етті.  XVIII  ғасырда  дене  шынықтыруда  пайдала-
нылатын  дене  жаттығуларының  биомеханикалық 
сипаттары зерттеле бастаса, ал кейінгі ХІХ ғасы-
рда дене тәрбиесінің ерекшеліктерін сипаттайтын 
еңбектер пайда болды.
Төртінші кезең – Қазан төңкерісіне дейінгі дене 
тәрбиесінің оқу пәні ретіндегі орны, теориясы мен 
әдістемесінің  қалыптасу  кезеңі  болды.  Бұл  ке-
зең дене тәрбиесінің өзекті мәселелерінің жүйеге 
келтіріліп, арнайы зерттеулер мен тәжірибелердің   
жүргізілуімен   сипатталды.   Бұл   саладағы   ең   
көрнекті  тұлға  П.Ф.  Лесгафт  болды,  оның  дене 
тәрбиесі  жөніндегі  ілімі  мен  жасаған  әдістемелік 

111
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ұсыныстары қазіргі дене тәрбиесі теориясының қа-
лыптасуында зор маңызы бар.
Бесінші  кезең  –  Кеңестік  дәуірдегі  дене  тәр-
биесі  ғылымының  даму  кезеңі,  дене  тәрбиесінің 
кешенді  түрде  ұйымдастырылып,  дене  тәрбиесі 
ғылымының  басқа  ғылымдармен  сабақтастықта, 
ғылым  саласының  ықпалды  бірлігіне  негізделген 
кешенді  сипатта,  ғылыми  негізге,  заңдылықтарға 
сүйене отырып қалыптасу жүзеге асты. 
Алтыншы кезең – қазіргі кезеңде әлемдік білім 
кеңістігіне  енуге  бағдар  жасауда,  дене  тәрбиесін-
дегі  озат  әлемдік  тәжірибелерді,  онымен  шек-
тес  ғылыми  пәндер  ауқымындағы  зерттеулердің 
нәтижелерін  тиімді  пайдаланып,  шетелдік  озат 
тәжірибелерді,  сондай-ақ  дәстүрлі  әдістерді  жаңа 
жағдайда,  жаңа  педагогикалық  технологиялармен 
сабақтастыра  отырып  пайдалану  арқылы  ХХІ  ға-
сыр заманындағы дене тәрбиесі теориясы мен әді-
стемесінің  негізін  жасаумен  сипатталады.  Дене 
тәрбиесі ғылымының дамуы психологтар мен фи-
зиологтардың тәжірибесінде адам ағзасының  мүм-
кіндіктері туралы ой-пікірлері мен тұжырымдары-
на,  іс-тәжірибелерінің  қалыптасуына  жаңалықтар 
енгізеді.
Қазақ  жерінде  дене  тәрбиесінің  негізі  ретінде 
ойындар  мен  жарыс  сипатындағы  қимылды  жат-
тығулар  тек  дене  күштерін  арттыру  ғана  емес, 
ата-бабаларымыздың  ұлттық  психологиялық  бол-
мысы  мен  тәлім-тәрбиесін,  рухани  адамгершілік 
сипаттары мен мәдени құндылықтарын өзара ішкі 
бірлікте денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын 
көздеген.
М.О. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кеш-
кен  ұзақ  жылдарында,  өздері  қызықтаған  алуан 
ойын  өнері  бар.  Ойын  деген  менің  түсінуімше, 
көңіл көтеріп жұрттың көзін қуантып, көңілін шат-
тандыру  ғана  емес,  ойынның  өзінше  бір  ерекше 
мағыналары болған»,- деп тегіннен-тегін айтпаған 
[2].
Жүсіп  Баласағұн  «Құтты  білік»  дастанында 
ұлттық  психологиямыз  бен  ерекшеліктерімізге 
тоқтала келе, «кемел адам» ұғымын енгізе отырып, 
кемел  адамның  бойында  мынадай  қасиеттер:  жо-
марттық,  саламаттылық,  білімділік,  ақылдылық, 
бір сөзде тұру, ширақтық болу қажет дейді [3].
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой 
тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болу-
мен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ де-
ген пікірді қуаттайды. Мысалы, «Сегіз аяқ» өлеңін-
де  бойдағы,  денедегі  күш-қуатты  ойсыз,  ақылсыз 
іс-әрекетке жібермей, белсенді өмір сүре отырып, 
өзіңді  дамытатын,  жетілдіретін  іспен  ұштастыра 
білу қажеттігін ескертеді. Әсіресе, «Қара сөздер» 
адам  тәлім-тәрбиесіне  бағыт-бағдар  беретін,  жай 
ғана  бағыт  қана  емес,  ғылыми  негізге  сүйенген, 
өмірлік  жағдайлардан  алынған  философиялық 
тұжырымдар мен түйіндерден тұратын құнды дү-
ние.
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалып-
тастыру,  оның  ақыл-ой  тәрбиесіне  тікелей  байла-
нысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай 
ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты 
істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін 
философиялық,  психологиялық  арнадан  іздеу  қа-
жеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны ха-
лықтың  рухани  мұрасы,  асыл  қоймасы  халықтық 
тәлім-тәрбие бесігі – ауыз әдебиетінен, мақал-мә-
телдері  мен  даналықтарынан  іздеуді  меңзейді. 
Халқымыз:  «Азған  денеге  ауру  үйір»,  «Қайраты 
мен  ақылы  сай  жігіттің  жолы  болар»,  «Ақылсыз 
жігіт  күшіне  сенер»,  «Қайраты  бар  кісінің,  бере-
кеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ 
ісінің», «Қайратың барда мал тап», «Денсаулығын 
ойлаған, жан сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген 
әлек»,  т.б.  деп  дене  тәрбиесін  тоқсан  ауыз  сөздің 
тобықтай  түйінін  мақал-мәтелдер  арқылы  береді 
[4].
Еліміздің  белгілі  қайраткерлері  Ш.  Құдайбер-
диев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, 
Ж.  Аймауытов,  С.  Торайғыров  т.б.  дене  тәрбиесі 
мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұра-
ларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құн-
дылық бағытына тоқталған.
Соңғы  уақытта  жеке  тұлғаның  дене  тәрбиесі 
үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  дене  тәрбиесінің 
мақсаты  түрінде  қарастырылып  жүр.  Бұл  мақсат 
үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны қалыптасты-
ру  жүйелерінің  қазіргі  даму  талаптарына  жауап 
бере алады. Бұдан басқа, үздіксіз білім беру жүй-
есінің  жекелеген  бөліктерінің  сабақтастық  прин-
ципін бейнелейді; сонымен қатар субъектінің жеке 
өмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған 
болашағы туралы идея да бар. Айтылған мақсатт-
тардың міндеттері оқу-тәрбие процесінің тиімділік 
критерийлерімен нақтыланады. 
Жеке  тұлғаның  дене  тәрбиесін  қалыптастыру 
проблемасы  зерттеліп,  теориялық  негізінің  жа-
салғанына  қарамастан,  бүгінгі  күні  өткір  және 
ашық мәселе болып қалуда. Бұл ең алдымен мем-
лекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және 
рухани  дамуындағы  өзгерістермен  байланысты. 
Бұлар  дене  мәдениетінің  саласында  диалектика-
лық қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан фи-
лософиялық,  психологиялық  және  педагогикалық 
әдіснамалық  жайттарға  сүйене  отырып,  мектеп 
оқушылары  үшін  дене  тәрбиесінің  инноваци-
ялық-педагогикалық  ұйымдастыру  моделін  жасау 
қажет.  Бұл  модель  олардың  дене  мәдениетін  қа-
лыптастыруға бағытталады және оның көмегімен 
жеке  физиологиялық,  гигиена-профилактикалық 
және  емделу  қажеттіліктерін  жүзеге  асып  қана 
қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға болуға, жемісті 
еңбек етуге дайындық жасалады.
Қазіргі кезеңде мектеп және жоғары оқу орны 
бағдарламаларының  жасалу  тұжырымдамасы  өз-
герді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушысы 

112
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
мен  студенттің  қайда  оқитындығы  ескерілмей-
ді,  олардың  меңгеруі  тиіс  негізгі  дағдылар  мен 
қабілеттер,  оқу  нормасын  тапсыруға  арналған 
шарттар  көрсетілген.  Жаттығулардың  орындалуы 
қозғалыс  дайындығының  деңгейі  туралы  мәлімет 
береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үл-
гілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог 
жергілікті жағдай мен дәстүрлерге қарай өзгерту-
лер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады. 
Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде-
гі,  жоғары  оқу  орындарындағы  «Дене  тәрбиесі» 
пәнінің  мақсаты  әлі  күнге  дейін  толықтыруды, 
осыған  орай  оның  ғылыми  негізделген  тұжы-
рымдамасын  жасау  қажеттігі  туындайды.  Осы 
бағыттағы  зерттеулердің  тиімдісі  дене  мәдениеті 
тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әрине, мә-
дениет теориясының құбылыстары, кластары және 
олардың түрлеріне сүйеніп, жасалып жатқан қан-
дай да бір теориялық ережелер, тұжырымдамалар 
көп және олар әлі де жүргізілу үстінде. 
Дене  тәрбиесі  білімінің  негізгі  мақсатын 
анықтау  үшін  белсенді  жұмыс  атқарылу,  оны 
қозғалыс сапаларының дамуы, енді біреулері білім 
міндеттерін  шешу  құралы  деп  анықтайды.  Үшін-
шілері, оқушыларды спорттың бір түрімен дамы-
ту және сауықтыру деп ұсынса, төртіншілері, «ең 
басты мақсат – бұл сауықтыру» деп таныды. Ақы-
рында, авторлардың бірқатары басты мақсаты жеке 
тұлғаның жан-жақты дамуын физикалық жетілдіру 
үдерісімен бірлестіруден деп есептейді.
Жоғарыда  баяндалған  жайттардың  дене  тәр-
биесі  білімін  үздіксіз  беруді  жүзеге  асырудың 
маңызды шарты болып табылатындығын, оны бас-
шылыққа  алып,  білім  берудегі  дене  тәрбиесінің 
орнын,  оның  қызметін  айқындауға  тырысамыз.  
Жалпы  (дамыту,  тәрбиелеу,  оқыту)  және  арнайы 
(ақпараттық, жалпы мәдениеттік және т.б.) қызмет-
терін қарастыруға болады.
Кемеңгер  ұлы  ақын  М.Жұмабаевтың  “Педа-
гогика”  кітабында  рухани  жан  тәрбиесі  мен  дене 
тәрбиесін жан – жақты терең қамтығанынан көруге 
болады [5]. 
Жазушы-драматург    Ж.Аймауытовтың  тәрбие 
жөнінде    ”Тәрбиесіз  білімді  адам  сол  білімін  оң-
ды-солды  жұмсай  беруі  мүмкін.  Тәрбиелі  адам, 
яғни  иманды  адам,  толық  адам  -  ондайға  бармақ 
емес,  ол  білімін  өз  орнына,  игілікке,  адамзаттың 
гүлденуіне  жұмсайды“,  -  деп  жазған  ізгі  ойлары 
адамды жақсылыққа жетелейді [6, 52б.].
Ж.Аймауытов  педагогикалық  көзқарастары  
адамға, оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімі-
нен  басталады.  Өзінің  “Тәрбие”  деген  мақалала-
рында  ол,  адамның  хайуаннан  айырмашылығы 
жайында  әңгіме  қозғай  отырып,  адам  бойындағы 
ұнамсыз мінез-қылықтарының барлығы тәрбиенің 
кемдігінен деп қорытынды жасайды [6, 55б.]. 
Ғылыми зерттеуімізде дене тәрбиесін педагоги-
калық үдерістің ажырамас бөлігі деп қарастыруы-
мызға  тура  келді.  Ғылым  шындықтың  бейнелеу 
формасы болғандықтан тәрбие ұлттық болмыстың 
тамшысында деп қорытынды жасаймыз.
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – Алматы: 
Білім, 1997. – 257б.
2. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. – Алматы: 
ҚМКӘБ, 1962. – 220 б.
3. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы, 1992. 
– 428б.
4. Құнанбаев А. Шығармалар. Т. 1. – Алматы, 
1977. – 312б.
5. Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалар. Алма-
ты, 1992. – 216б.
6.    Аймауытов  Ж.  Шығармалар.  –  Алматы, 
1997.

113
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Тульбасиев Н.Ж.
аға оқытушы. Қ.А.Ясауи   атындағы ХҚТУ  (Tulbasiev.nartay@mail.ru) 
     
Қойшыбаев А.Б. 
магистр - оқытушы. Қ.А.Ясауи   атындағы ХҚТУ  (arman_8304@mail.ru)
Тойлыбаева Н.У
Оңтүстік Қазақстан облысы, жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар 
басқармасының Түркістан аумақтық балаларға арнаулы  әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологы       
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯСЫ
Түйін.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  әле-
уметтік  өміріндегі  мінез-құлқының  ауытқуы-
на    әкеп  соқтырады  .  Әулеттегі  кеміс  балаларға 
көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға 
қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы 
бақытсыздық  бәрінен  бұрын  оның  маңындағы 
жақын  адамдардың  жаңашырлық  сезімін  оятып, 
оған деген көз-қарасын өзгертеді.
Резюме. Дети с ограничеными возможностями 
имеют нестабильный характер в обществе.  В се-
мье должно уделяться больше внимания и заботы 
неполноценным детям, чем остальным. Несчастье 
этого ребенка будет влиять на взгляды окружаю-
щих его близких людей, вызывая сострадание нему.
Summary. The life of defective child cause unstable 
character.  Family  of  that  child  should  give  more 
attention to defective child than to others. Misfortune 
of this child will have influence to people who is around 
them, cause compassion.
Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық се-
бептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғы-
сынан әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі балалар саны 
артуда. Осыған байланысты кемістер мәселесі және 
оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі , сонымен қатар 
,психологиялық  –педагогикалық  тұрғыдан  қамта-
масыз ету , тек арнайы педагогикада ғана емес жал-
пы  педогогика,  ,  психология  ,  әлеуметтік  педого-
гика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім 
саласында  көкейтесті  болып  отыр.  Бұл  жағдайда 
аталмыш  балалар  тобы  психологтар  мен  педагог-
тар,дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.
Дене  кемістігінің  қай  түрі  болса  да,  мейлі  ол 
соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да, 
оның өмірге деген көз-қарасы өзгеріп қана қоймай, 
айналасындағы адамдармен де қарым-қатынас жа-
сауын қиындатады.
Дене  кемістігімен  ауру  адамның  әлеуметтік 
өміріндегі мінез-құлқының ауытқуына  әкеп соқты-
рады  .  Әулеттегі  кеміс  балаларға  көбірек  қамқор-
лық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерек-
ше  көңіл  бөлінеді.  Бала  басындағы  бақытсыздық 
бәрінен  бұрын  оның  маңындағы  жақын  адамдар-
дың жаңашырлық сезімін оятып, оған деген көз-қа-
расын өзгертеді. Кез-келген отбасында кеміс балаға 
деген көзқарас оны басқа түскен мысал, не тағдыр 
жазасы  деп  санамай,  қамқорлық  пен  мейірімділік 
құшағында  болғаны  тиімді.  Балаға  деген  мұндай 
қамқорлық оған күшті әсер етіп, ол өзін басқа ба-
лалардан  бөлексіткендей  сезінеді.  В.Г.Короленко 
өзінің  «соқыр  музыкант»  деген  шығармасында 
соқыр  баланың  отбасында  ерекше  саналып,  оның  
айтқандарын бұлжытпай орындап отыратындықта-
ры туралы жазады.
Одан әрі  дене кемістігі бар адам , сау адамға  қа-
рағанда, өзіне деген ерекше әлеуметтік көзқарасты 
қажет етеді. 
Психологияда  мен  педогогикада  балалардың 
кемтарлығы жайында мәселені әлеуметтің маңызді 
мәселе  ретінде  қарастырып,  оны  әдеттегі  екінші 
іс деп санамай , адам тіршілігіндегі басты мәселе 
ретінде бағалауды қажет етеді .бұл мәселенің мән 
жайын жете бағалап, оны аса қажетті деп , қараған 
әділетті  болмақ.  Егер  психологиялық  тұрғыдан 
баланың дене кемістігін әлеуметтік сынақ деп са-
найтын болсақ, онда педагогикалық тұрғыдан сол 
денедегі сынықты орнына салып емдеу деп ұғыну 
керек. Мұндай ойдың шындығын растау ниетімен 
бір сыпыра қарапайым түсініктерді еске түсірейік.  
Ең  алдымен  біздер  дене  кемістігі  жайында 
ғылымға  жат  түсініктерден  арылуымыз  керек  . 
Мұндай  түсінік  бойынша  табиғаттың  өзі  кеміс 
мүшенің  қызметін  организмнің  өзге  мүшелерінің 
жетілуіне орай қоса атқарады да , адам бойындағы 
кемістігін  толықтырады  дейді.  Бұл  биологиялық 
тәсіл делінеді. Мысалы, соқырдың көзі көрмесе де, 
ол тіршілік еткен ортасына икемделіп, нәрселердің 
түр- түсін саусақтармен сипау арқылы танып-біледі 
десе ,ол мылқау адамның дыбысты тілі болмаса да 
ол өзгелердің айтқан сөзін еріндерінің қимыл-қозға-
лысынан түсінеді дейді. Арнайы жүргізілген зерт-
теу нәтижелері соқырдың сипау сезімі мен саңыра-
удың көру сезімінің бір қалыпты дамыған дені сау 
адамдардың  сезімі  мен  салыстырғанда  ,  олардың 
арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Осы мәселеге мылқау мен саңыраулардың  көру 
қабілеті  сау  адамдардікінен  кем  емес.  Саңырау 
көзінің  көргендігі  нашар  болса  да    ол  бара  бара 

114
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
жетілуі мүмкін , бірақ дені сау адамдардікінен ар-
тық емес дейді Н.М.Поговский. Соқыр адамнын си-
пау түйсігінің жақсы жетілуі және саңыраудың көру 
қабілеті сол сезім мүшесінің құрылысы жүйке жүй-
елерінің айрықша жетілуінде емес , ондай адамдар-
дың тиісті нәрселерді сезіп-білуде үнемі қолданып, 
тұрақты түрде жатттығыуына байланысты. 
Соқыр  адамның  саусақтарының  сипап  оқуы 
және  қаптаған  Л.Брайль    әріпімен  жазылған 
шығыңқы  нүктелерді  мұқият  тануы  арқылы  әр-
бір нүктенің орналасу тәртібіне орай бөлек әріпті 
білдіріп,  сол  дыбыстардан  сөз  құралады.  Сөздер 
сөйлемге  айналады.Бұл  үдеріс  сау  адамдардың   
Л.Брайль    (1809-1852)  әлемге  әйгілі  француздың 
соқырларды оқыту жөніндегі педагогі  . Соқырлар 
үшін өз атымен белгілі жазу оқу әдістерін ойлап та-
пқан.Үш жасынан соқыр Л.Выготьский  оның әріп-
тері  бойынша  оқып  үйренудің  кәдімгі  әріптерден 
айырмашылығы  жоқ  дейді.  Көз  бен  көріп  оқыга-
нына ұқсас және психологиялық жағынан олардың 
түрінен бірін ешқандай айырмашылығы жоқ .
Сурдо педогогиканың ең басты мәселесі керең, 
мылқауға сөйлеуді үйрету . Оны сөйлеуге үйрету-
ге болады . Саңырау дегеніміз тек есту нервтерінің 
зақымдалып  жұмыс  істемеуі  ,  бірақ  оның  сөйле-
уге  байланысы  нерв  орталықтары  сау  қалпында 
сақталған.    Мылқаудың  органикалық  зақымдану-
дан емес , ондай ерекшелік мылқау сөйлеген адам-
ның  ернінің  қимыл-қозғалыстарын  көзімен  көріп 
түсінуден  басқа  да  психологиялық  механизммен 
байланысты  дейді.    Бұл  механизм  бойынша  қи-
мыл-қозғалыс,  есту  сезімі  мен  айырбасталады. 
Бұл сезім өте әдемі болғандықтан еріннің қимылы 
арқылы сөздердің мағынасын толық жеткізе алмай-
ды.  Себебі,  сөйлегенде  ауыз  қуысындағы  тілдің 
қимыл-қозғалысы  арқылы  сөздердің  мағынасын 
толық жеткізе  алмайды.
Ауызша тілден басқа керең мылқаудың тағыда 
екі  тілі  бар:  тілдің  табиғи  қимылы  немесе  ымдап 
сөйлеу.  Екіншісі  методикалық  белгілер  немесе 
шартты әліппе. Ол дифектология аталып , қолдың 
және  саусақтың  қимылы  арқылы  іске  асады,  оны 
ауада  жазу  деп  атайды.  Керең  мылқаулар  бұл  екі 
тілді ауызша сөзге қарағанда жеңіл менгере алады 
.  Осы  үш  тілдің  ішінде  ауызша  сойлесуге  ерекше 
көңіл бөлу керек. Ол қиынға туссе де  мылқау  үшін 
пайдасы өте зор.
Мектептің  мақсаты  –  кемістігі  туғызатын 
жағдайларды  жою  және  оны  бір  қалыпқа  келтіру. 
Балалардың  көмекші  мектепте  оқуы  намыс  емес 
және оған балалар ұялмауға тиіс. 
Мынадай  бір  жағдайды  көз  алдымызға  еле-
стетіп  көрейікші:  мысалы,  бір  елде  кеміс  балалар 
өте  жоғары  бағаланып  әлеуметтік  өмірде  жауап-
ты да, беделді қызметтер атқарады десек, мындай 
жағдайға  сену  қиын.  Дегенмен  өмірде  кездесуі 
мүмкін  ғой.  Бұрын  соқырлар  би,  сот  ,  сарапшы 
болып,  қызмет  атқару  үшін  дейтін  болсақ,  онда 
кеміс  адамдардың  бәрі  әлеуметтік  өмірде  жоғары 
бағаланар  еді.  Кемтарлық  кемістік  болмай,  адам-
ның игі қасиеті деп аталар еді ғой. Соқыр өзін мен 
кемтармын  деп  санамайды,  сондықтан  басқа  бір 
елде соқырлар (немесе саңыраулар) кеміс саналмас 
еді. «Кемістік» соқыр мен саңырауға берілген әлеу-
меттік атау. Мәселенің соңында мынадай мысалды 
айта  кетуді  жөн  көрдік:  жаңадан  бір  ел  құрылып, 
онда  соқырлар  мен  саңыраулар  өздерін  тең  санап 
өмірде  өз  орындарын  тауып,  кемістігі  сезілмей 
жүре берсе дейсің. 
Біздің  оқу  –  тәрбие  істеріміздің  түпкі  мақсаты 
мен әлеуметтік сарыны кемтар балалардың қалайда 
кемістіктерін жою, оларды әр тарапты дамыған то-
лық мүшесі етіп даялау. 
Жоғарыда айтылған іс – әрекеттер кеміс балалар 
үйіндегі немесе интернаттық мекемелердегі тәрбие-
ленушілерді ақырындап жұмыс істеп тұрған қоғам-
дық  ұйымдардың  іс-әрекетіне  тартқан  жағдайда 
ғана  нәтижелі  болатыны  дәлелденген.  Сонымен 
қатар,  зерттелген  жұмыстардың  нәтижесі  «Кеміс 
балалар үйіндегі» және салыстырмалы түрде әлеу-
меттік жағдай сәтті балалардың кеміс балалармен 
әрекеттесуі өзара бірін – бірі толықтыратын қарым 
– қатынас мүмкіндігін беріп қана қоймай,сонымен 
қатар мекеме беріктігіне кепіл болады. 
Соңғы  жылдардағы  көптеген  әлеуметтік  зерт-
теулер кеміс балалар үйіне орналасқан балалармен 
бітірушілердің  әлеуметтік  бейімделуінің  күрделі 
мәселелері барын көрсетті. Бұл мәселелерді шешу 
бүгінгі таңдағы кезек күттірмес міндеттердің бірі. 
Сондықтан  да  пелагогикалық  тұрғыдан  бұл 
мәселе кәзіргі уақытта әр түрлі себептермен отба-
сынсыз қалған, кеміс балалардың қоғамға бейімде-
луі, әлеуметтенуі үшін өзекті болып саналады. 
Біз  өзіміздің  зерттеу  жұмыстарымызда  кеміс 
балалар  үйіндегі  кеміс  балаларды  әлеуметтендіру 
мәселесін жан-жақты қарастырдық, түбегейлі тал-
дадық  деген  ойдан  аулақпыз.  Себебі  мұндай  күр-
делі, ауқымды мәселе бір ізденіс көлемінде зертте-
луі мүмкін емес. Келешекте бұл мәселе жалғасын 
табады деп есептейміз. 
      
 Әдебиеттер:
1. Леонтев А.Н. «Принципы психического разви-
тия ребенка и проблема уственный недостаточно-
сти»/Проблемы развитии психики/-М.,1972г.
2. Власова Т.А., Певзнер М.С. Дети к отклоне-
ниями в развити-М.,1973г.
3. Особенности психофизического развития де-
тей с нарушениями опорнодвигательного аппара-
та. Под. Ред.  Власовой Т.А.,-1985г.
4.  Коррекционная  педагогика:  Основ  обучения 
и  воспитвния  детей  к  отклонениями  в  развитии: 
учебные пособие для студентов сред. Пед. Учеб . 
Завдени под ред. Пузанова Б.П.,-1998г.    

115
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ 614.253.52:616-07

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет