Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

Бекмaғaмбетов Aйдос Жұмашұлы 
педагогика ғылымдарының кандидаты, «Өрлеу» біліктілікті  aрттыру ұлттық ортaлығы AҚ, Астана қ. 
(bekaidos1972@mail.ru)
Қалтаева Гүлнар Кенжебайқызы 
педагогика ғылымдарының кандидаты, 
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ., (gulnar_s@mail.ru)
Дамира Сейтмұратқызы Ешмұратова
педагогика ғылымдарының кандидаты,  «Болашақ» Академиясы, Қарағанды қ.
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА 
ТРЕНИНГ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түйін. Мақалада үздіксіз білім беру жағдайын-
да педагогтардың кәсіптік құзыреттілігін қалып-
тастыруды  зерттеудің  өзектілігі  мен  келешегі 
көрсетілді.  «Педагогтың  кәсіптік  құзыреттілігі» 
ұғымының  мәні  теориялық  тұрғыдан  негізделді. 
Тренинг-технологияларды пайдаланудың теориясы 
мен тәжірибесін жинақтау негізінде кәсіптік білім 
беру  және  педагогтардың  біліктілігін  арттыру 
жүйесінде  тренингтерді  қолданудың  әдістемесі 
ұсынылды.
Резюме.  В  стaтье  покaзaнa  aктуaльность  и 
перспективность  исследования  профессионaльной 
компетентности  педагогов  в  условиях  непрерыв-
ного  образования.  Теоретически  обоснована  сущ-
ность  понятия  «профессиональная  компетент-
ность педагога».  На основе обобщения теории и 
практики использования тренинг-технологий пред-
ставлена методика применения тренингов в систе-
ме  профессионального  образования  и  повышения 
квалификации педагогов.
Summary. Relevance and prospects of research of 
teachers’ professional competence in the conditions of 
life-long education is shown in the article. The essence 
of the concept «professional competence of the teacher» 
is theoretically proved. The technique of application of 
trainings  in  the  system  of  professional  education  and 
advanced training of teachers is presented on the basis 
of  generalization  of  the  theory  and  practice  of  using 
training technologies. 
Қазіргі  кезде  қазақстандық  қоғамда  жаһандану 
үдерістері  әсерінен  болып  жатқан  өзгерістер,  эко-
номика,  саясат,  әлеуметтік-мәдени  саладағы  жаңа 
бағдарлар, ашық және транспарентті қоғам жағдай-
ында  адамдардың  жаңа  әлеуметтік  орын  алуы 
қажеттілігі,  қоғамды  ақпараттандыру  және  даму 
қарқынының  өсуі  кәсіптік  білім  беруге,  мамандар 
даярлау сапасына талаптарды өзгертті. 
Қазақстан Республикасының  Білім туралы Заңы, 
оның  шеңберінде  қабылданған  басқа  заңнамалық 
актілер маман даярлаудың көп деңгейлі қағидатын 
жүзеге  асыруға  құқықтық  негіз  жасады.  Кәсіптік 
білім беру бағдарламалары үздіксіздік, сабақтастық 
қағидаттарына  және  халықаралық  талаптарға  сүй-
еніп түзілу керек [1]. Қазақстан Республикасы Пре-
зидентінің  –  Елбасының  әр  жылда  берілетін  Жол-
дауларында  әлеуметтік  маңызды  бағдарламаларға, 
әсіресе білім беру сапасына ерекше көңіл бөлінеді. 
Соңғы маңызды құжататардың бірі – ол Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  2016  жылғы  1  нау-
рыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан 
Республикасында білім беруді және ғылымды дамы-
тудың 2016 - 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік 
бағдарламасы [2]. Бағдарлама білім беруді, ғылым 
мен бизнесті кіріктендіруге бағдарланған, ол білім 
беруді, оның ішінде кәсіптік білім беруді халықара-
лық талаптарға сәйкес дамытуды көздейді.
Зерттеу  барысында  анықталғандай,  білім  беру 
ұйымдарында  педагогтар  құрамы  жасының  ұлғай-
уы,  білікті  және  дарынды  оқытушыларының  кіші 
және  орта  бизнеске  ауысуы,  тәжірибесі  аз  жас 
мамандардың  келуі  жиі  орын  алып  тұр.  Мұндай 
жағдайда  педагогтардың  кәсіптік-педагогикалық 
құзыреттілігі деңгейін қалыптастыру және жоғары-
лату міндеті көкейкесті мәселеге айналды.
Кәсіптік  құзыреттілік  тұлға  кәсіпқойлығы  мен 
іс-әрекетінің бас құрама бөлігі, кәсіпқойдың өсуінің 
маңызды  шарты  болып  табылады.  Құзыреттілікті 
дамыту  тұлғалық  және  кәсіптік  жетістіктерге  оң 
әсерін  тигізеді.  Сонымен  қатар,  ол  қандайда  бір 
шектеулерге  ие  болмайды,  сондықтан  кәсіптік  құ-
зыреттілік  маңыздылығын  асыра  бағалау  мүмкін 
емес.  Осыған  байланысты  жоғары  оқу  орында-
рында,  біліктілік  арттыру  институттарында  жаңа 
кәсіптік білім беру бағдарламалары, инновациялық 
технологиялар  қолданылатын  арнайы  курстар  мен 
семинарлар өткізіледі. Бірақ мұндай көзқарас мәсе-
ле шешуде жеткілікті дәрежеде тиімді емес, себебі 
білім алушыларға жүктемені көбейтеді. 
Педагогтің  кәсіптік  құзыреттілігін  дамытудың 
бас  әдіснамалық  идеясы  біздің  зерттеуімізде  Б.Т.
Кенжебековтің  маманның  кәсіптік  құзыреттілігін 
зерттеуге деген әдіснамалық көзқарасымен үндесіп 
тұр. Ғалым әдіснамалық негіз ретінде тұтастықты, 
үздіксіз пен сабақтастықты, жүйелілікті, құрылым-
дықты,  кешендікті,  тұлғалық-әрекеттік  көзқарасты 

45
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
таңдап  алған  [3].    Ресей  ғалымдары  А.А.Деркач 
пен  В.Г.Зазыкин  тұжырымына  сәйкес,  құзырет-
ті (competens - тиесілі, тиісті, қабілетті) - ол білімі 
бар, белгілі бір салада хабардар маман, ол өз білімі 
мен құзыретіне қарай бірдеңені жасауға немесе ол 
бойынша  шешім  қабылдауға,  бірдеңе  туралы  пай-
ымдауға құқылы, оның мәселелер шешуге құқығы 
бар [4]. Ш.Құрманалина кәсіптік  құзыреттілік ұғы-
мын талдай отырып, мынадай анықтама ұсынады: 
«Қазіргі кездің маманы біліктілігі деңгейінің өзекті 
көрсеткіші оның кәсіптік құзыреттілігі болып табы-
лады», ал ол «кең мағынада пәнді терең білу немесе 
игерілген білік ретінде анықталуы мүмкін» [5].
Заманауи  жағдайда  мамандардың  кәсіптік 
құзыреттілігін  қалыптастыру  үшін  білім  беру-
дің  мaқсaтыне  ерекше  мән  беру  керек,  яғни  білім 
aлушылaрдың  миынa  тек  дaйын  білім  көлемін 
құйып  беру  ғaнa  емес,  сонымен  бірге,  біріншіден, 
бұл  білімнің  өзекті  болуы  үшін,  екіншіден,  білім 
aлушылaрдың aлғaн білімдерін өмірде сaнaлы және 
тиімді қолдaнa aлуы үшін бaрлық қaжеттіні істеуге 
қaмқорлық жaсaу керек. Мұндaй тұғыр педaгогикa-
ның бaғдaрлaры мен міндеттерін түбегейлі өзгерту 
қaжеттілігін  көрсетеді,  яғни  білім  aлушылaрмен 
жaңaшa тұрғыдa қaрым-қaтынaс жaсaп, білім беру 
орындaрындa зaмaнуи формaлaр мен әдістерді пaй-
дaлaну,  тиімді  білім  беру  технологиялaрын  ендіру 
қaжет. Осындай технологияның бірі тренинг болып 
табылады. 
Тренинг  технологиялары  қарым-қатынас  жасау 
барысында  мұғалімнің  тұлғааралық  және  кәсіптік 
мінез-құлқын жетілдіруді көздейді. Бұл технология 
ынтымақтастықта  оқытуға  бағытталып,  «жай  ғана 
бір нәрселерді бірге орындау емес, бірге оқу» иде-
ясын  іске  асырады,  мұнда  оқып-үйренілетін  тақы-
рып  (проблема)  бойынша  жұмыс  істеу  барысында  
әр топ (команда) мүшесінің басқа топ мүшелерімен 
үнемі өзара әрекет жасау арқылы өз бетімен жұмыс 
істеуінің  нәтижесінде  қол  жеткізілген  белгілі  бір 
«топтық мақсатқа» және барлық топтың жетістігіне 
ерекше көңіл аударылады.
Тренингтің негізгі талаптары:
-  топта  кез  келген  басқа  серіктестерімен  өза-
ра  әрекетте  болу;берілген  тапсырмаға  жауапкер-
шілікпен қарап, белсенді жұмыс істеу;
- серіктестерімен сыйлы қатынаста болу;
- өз жетістіктеріне қарап, барлық серіктестерінің, 
топтың жетістіктеріне жауапкершілікті сезіну;
- топта бірлесіп жұмыс істеу – бұл күрделі және 
өте жауапкершілікті еңбек екенін толығымен сана-
лы мойындау.
  Тренинг  технологияларын  пайдалануда  оның 
ерекшеліктерін білу қажет:
- топ  мүшелерінің бір-біріне өзара тәуелділігі;
- әрбір топ мүшесінің өз жетістіктері және жол-
дастарының  жетістіктері  үшін  жеке  жауапкершілі-
гінің болуы;
-  бірлескен  оқу-танымдық,  шығармашылық 
және топтағы басқа да жұмыс түрлерінің болуы;
- топтағы студенттер іс-әрекетін әлеуметтендіру;
- топ жұмысын жалпы бағалау.
Осы  ерекшеліктеріне  байланысты  тренинг  тех-
нологиялары үш негізгі принципке сүйенеді:
-  барлығына  ортақ  марапат,  яғни  топ  бірлесіп 
әрекет ету арқылы барлығына ортақ бір ғана бағаға 
ие бола алады;
- әрбір топ мүшесінің жеке жауапкершілігі, яғни 
топтың  жетістіктерге  ие  болуы  немесе  болмауы 
оның әрбір мүшесіне байланысты;
- жетістікке жетуде әрбір топ мүшесінің бірдей 
мүмкіндіктері, яғни әрбір топ мүшесінің өз тобына 
ұпай әперу мүмкіндігі бар [6].
Жалпы, тренинг интерактивті оқыту әдісіне жа-
тады,  оның  педагогтардың  ғылыми  ойлау  стиль-
дерінің қалыптасуына, қарым-қатынас жасау білік-
терін  дамытуға,  тілдік  қорын  байытуға,  ой-өрісін 
кеңейтуге  әсері  мол.  Сондықтан  біз  бұл  техноло-
гияны кәсіптік білім беру жүйесінде және педагог-
тардың  біліктілігін  арттыру  курстарында  өте  жиі 
қолданып,  педагогтардың  кәсіптік  құзыреттілігін 
қалыптастыруға  ерекше  мән  береміз.  Енді  тәрбие 
жұмысын ұйымдастыруда оқушыларды еңбекке ба-
улу  барысында  тренинг  технологияларын  қолдану 
барысына  тоқталайық.  Алдымен  тренингке  қаты-
сушылармен бірлесе отырып, тренигтің алтын ере-
жесін тағайындап алу қажет. Ол қатысушылардың 
жұмысын  бүкіл  тренинг  бойында  тиімді  ұйымда-
стыруға  септігін  тигізеді.  Шамамен  ол  мынадай 
түрде болады: 
1)  Бірін-бірі тыңдау. 
2)  Басқаның пікірін сыйлау.
3)  Тапсырманы белгіленген уақытта орындау.
4)  Шығармашылықпен жұмыс істеу, т.с.с.
Осыдан  кейін  қатысушылар  тренингтің  мақса-
тымен, оған қойылатын талаптармен  және жұмыс 
істеу тәртібімен таныстырылады.
«Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушыларды 
еңбекке баулудың тиімді әдістері» тақырыбын ашу-
да тренинг жүргізудің мазмұны: 
Тренинг  мақсаты:  топта  өзара  сенімділік  ахуа-
лын  қалыптастыру,  тәрбие  жұмысын  ұйымдасты-
руда  оқушыларды  еңбекке  баулудың    тиімді  әді-
стерімен таныстыру. 
Қажетті материалдар: флипчарт қағаздары топта 
жұмыс істеу ережесі, түрлі түсті маркерлер. 
Оқытушы  тренингтің  мақсаттарымен  танысты-
рады,  жағымды  жұмыс  ахуалын  құруды  ұйымда-
стырады. 
Тренингтің  мазмұны:  1.  Миға  шабуыл  «Қазіргі 
қоғамдағы еңбек тәрбиесінің ролі»  
Мақсаты:  тыңдаушылардың  ұғымымен  қазіргі 
қоғамдағы еңбек тәрбиесінің ролін анықтау 
Тыңдаушыларға алдымен қазіргі қоғамдағы ең-
бек тәрбиесінің ролі туралы өзара талқылау ұсыны-
лады, оның негізгі мақсаты мен міндеттерін, маңы-

46
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
здылығын, еңбек тәрбиесін берудің ерекшеліктерін 
көрсету керек. Флипчарт қағазда тыңдаушылардың 
жұмыстары бейнеленіп, соңғы сабаққа дейін қалды-
рылады. 
2. Жаттығу «Еңбек етсең ерінбей-тояды қарның 
тіленбей» 
Мақсаты:  Педагогтарге  оқушылардың  атқара-
тын еңбек түрлеріне және еңбекке баулудың  тиімді 
әдістеріне  сипаттама беру ұсынылады 
Мазмұны:  Тыңдаушыларға  оқушылардың  жас 
ерекшеліктеріне  қарай  еңбек  түрлеріне  (өзіне-өзі 
қызмет ету, шаруашылық-тұрмыстық, табаиғаттағы 
еңбек, қол еңбегі, көркем еңбек, т.с.с.) кесте түрінде 
сипаттама беріп, әр түріне сәйкес еңбекке баулудың  
тиімді  әдістерін  анықтау  ұсынылады.    Топта  «Ең-
бектің барлық түрлерін қазіргі жастар орындай ала-
ды ма, орындау мүмкіндігі бар ма, қандай жауапкер-
шілік жүктеледі» тақырыбында талқылау өткізіледі. 
Оқытушы  тыңдаушылардан  сұрайды:  «Еңбек  тәр-
биесінің тиімділігін арттыру бойынша қандай ұсы-
ныстар айтар едіңіздер?». Талқылауда тек жағымды 
іс-әрекет  қана  жақсы  қорытындыларға  жеткізетіне 
мән  беріледі.  Тек  басқа  адамдардың  құқықтарын 
сақтағанда, адам өз іс-әрекеттерінен қанағат алады, 
ал оны бұзғанда, керісінше, заңдық тұрғыда қиын-
дықтарға ұшырайтындығына назар аударылады. 
3.  Топтық  пікір  алмасу  «Еңбекті  ұйымдастыру 
формалары» 
Мақсаты: Еңбекті ұйымдастырудың тиімді  фор-
маларын  таңдап  алып,  оны  оқушылар  ұжымында 
жүзеге асыруды түсіндіру. Өзіне-өзі қызмет көрсе-
туден басқа еңбектің барлық түрлерін үш формада 
- тапсырма, кезекшілік, ұжымдық еңбек түрінде ұй-
ымдастыруға болатынын ашып көрсету 
Мазмұны:  Тыңдаушыларға  сұрақтарға  жауап 
беру ұсынылады: «Еңбекті үш формада - тапсырма, 
кезекшілік,  ұжымдық  еңбек  түрінде  ұйымдастыру 
бойынша қандай ұсыныстар айтар едіңіздер?». Топ-
та барлық ұсыныстар талқыланады. 
4.  Құқықтық-ақпараттық  бөлім  «Балалар  мен 
жасөспірімдерде  қоғамдық-пайдалы  еңбекті  ұй-
ымдастыруына қойылатын гигиеналық талаптар» 
Мақсаты:  Балалар  мен  жасөспірімдерде  қоғам-
дық-пайдалы еңбекті ұйымдастыруына қойылатын 
гигиеналық талаптар туралы түсінік беру
Мазмұны: Оқытушы тыңдаушылардың назары-
на  кәмелетке  толмағандардың  құқықтарын  және 
азаматтық  құқық  пен  бостандықтарды  қорғайтын 
бала құқығы туралы Конвенцияның және Қазақстан 
Республикасы  заңдарының  жалпы  қағидаларын 
ұсынады. (слайд бойынша).
Тренингтің барысында «әр адамға өз пікірі тие-
селі, әркімнің идеясы әрқашанда дұрыс» қағидасы-
на  сүйеніп,  қатысушылардың  шығармашылықпен, 
өз  бетінше  жұмыс  істеуіне  мүмкіншілік  беріледі. 
Мұның  өзі  қатысушылардың  пікірлерін  еркін  ай-
туға  және  танымдық  белсенділіктерін  арттыруға 
септігін тигізеді.
Педагогтардың  кәсіптік  құзыреттілігін  қалып-
тастыруда тренингтерді қолданудың ерекшеліктері 
мен туындап отырған мәселелерді талдай отырып, 
мынадай түйін жасауға болады:
- тренингтер педагогтарды тез бағдарлауға, әлеу-
меттік-психологиялық
бағыттылығын нақтылауға мүмкіндік береді;
-  ақпаратты  өз  бетімен  іздеп  табуға  және  оны 
меңгеруге қызығушылығын оятады;
- қажетті білімді «осында және қазір» қағидасы 
бойынша жеткізуге және уақыттың шектеулі кезеңі 
барысында  талап  теліген  құзыреттіліктерді  дамы-
туға ықпал етеді;
- интерактивті оқытудың формасы ретінде мaмaн 
тұлғaсының  кәсіби  дaмуы  мен  рухaни  тәрбиесіне 
көңіл бөлініп, кәсіби білім, білік, дaғдының осығaн 
қызмет етуі қaмтaмaсыз етіледі;
- үдерісті интенсификациялау есебінен құзырет-
тілікті қалыптастыру мен дамытудың экономикалық 
тұрғыдан тиімді түрі болып табылады (дәріс мате-
риалдарын  конспектілеуге,  терминологияны  жат-
тауға, оқу материалын меңгеру бойынша ағымдық 
бақылау жүргізуге және т.с.с. уақытты үнемдеу, со-
нымен бірге өзіндік жұмысқа көп уақыт бөлу);
- тренинг оған қатысушылардың (білім алушы-
лар,  тыңдаушылар)  оқытушымен  ғaнa  емес,  бір-
бірімен  өзaрa  белсенді  түрде  әрекет  етуіне  бaғыт-
тaлғaн оқытудың түрі, яғни пікір aлмaсу, ой бөлісу, 
оқу  мaтериaлын  бірлесе  отырып  тaлқылaу  және 
шешім қaбылдaуға аса зор мүмкіншілік береді;
- тренинг барысында әрбір білім aлушы, тыңда-
ушы    өзінің  тaбыстылығын,  зияткерлік  әлеуетін 
сезінуі  тиіс,  соның  негізінде  оқытудың  тиімділі-
гі  aртып,  білім,  білік,  дaғдылaрды  жетілдіру  және 
орын  aлғaн  мәселелерді  шешу  үшін  тұрaқты  негіз 
қaлaнaды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының  Білім туралы Заңы.  
27.07.2007 ж. № 319. (өзгерістер мен толықтырулармен 
қоса) // URL: www.edu.gov.kz
2.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2016 
жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қа-
зақстан Республикасында білім беруді және ғылымды да-
мытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік 
бағдарламасы// URL: www.edu.gov.kz
3.  Кенжебеков  Б.Т.  Университет  студенттерінің 
кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориясы мен 
практикасы.  –  Астана:  Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ, 
2001. – 275 б.
4. Деркач А.А., Зазыкин В.Г. Акмеология. Учеб. посо-
бие. – СПб.: Питер, 2003. – 256 с.
5.  Курманалина  Ш.  Повышение  квалификации  пре-
подавателей по новой педагогической технологии - путь 
к  формированию  профессиональной  компетентности 
специалиста // Высшая школа Казахстана. – 2001.- №3. 
– С.23-27.
6. Сарбасова Қ.А. Инновациялық педагогикалық тех-
нологиялар. - Алматы: Атлас-2001, 2006. – 175 б.

47
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ 377.031:378.046
Қaлтaевa Гүлнaр Кенжебaйқызы
педaгогикa ғылымдaрының кaндидaты,  С.Сейфуллин aтындaғы 
Қaзaқ aгротехникaлық университеті, Aстaнa қ., (gulnar_s@mail.ru)
Әбілқасымова Гүлзәм Қайроллақызы
педaгогикa ғылымдaрының кaндидaты, Е.А. Бөкетов атындағы 
Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ., (botam_@mail.ru)
КӘСІПТІК ОҚЫТУ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
Түйін.  Мaқaлaдa  кәсіптік  оқыту  мамандарын 
даярлау мәселесінің өзектілігі көрсетілді. Техника-
лық және кәсіптік білім беру жүйесі мамандары-
ның  даярлығын  жетілдіруде  заманауи  білім  беру 
технологияларының  атқаратын  ролі  мен  мәні 
негізделді.  Зерттеу  нәтижесінде  заманауи  білім 
беру  технологияларын    пайдалану  оқу  үдерісінің 
тиімділігін арттыруға ерекше ықпал ететіні ту-
ралы қорытынды жасалды.
Резюме.  В  статье  показана  актуальность 
проблемы  подготовки  специалистов  професси-
онального  обучения.    Обосновны  роли  и  значения 
современных образовательных технологий в совер-
шенствовании подготовки специалистов системы 
технического и профессионального образования. В 
результате исследования сделан вывод о том, что 
использования  современных  образовательных  тех-
нологий  позволит  существенно  повысить  эффек-
тивность процесса обучения.
Summary.  Relevance  of  the  problem  of  training 
of specialists of vocational education is shown  in the 
article.  The  role  and  value  of  modern  educational 
technologies  to  improve  of  training  of  specialists  of 
system  of  technical  and  vocational  education  is  is 
proved.  The  paper  concludes  that  the  use  of  modern 
educational technologies will significantly improve the 
efficiency of the learning process. 
Қоғамымыздағы 
әлеуметік-экономикалық 
жағдайдағы    адам  өмірінің  қай  саласына  болсын 
түбірлі  өзгерістер  жасауда.  Оның  дүниежүзілік 
білім кеңістігіне енуі білімге, тұтас оқу-әдістемелік 
жүйеге жаңа талаптар қояды. Бұдан оқу-әдістемелік 
жүйенің салаларына түзетулер енгізіп, оқу үдерісін 
қайта құруды, ондағы әр маманның ролін қайта қа-
рау қажеттігі туындап, қалыптасқан әдістер мен тех-
нологияларды өмір талабына сай ұтымды ұштасты-
ру әрекеттері іздестірілуде. 
Заманауи  талаптарға  маманның  кәсіби  мән-
ге  ие  қасиеттерінің  тұтасымен  қалыптасу  деңгейі 
неғұрлым жоғары болса, оның әрекетінің тиімділігі 
соғұрлым  маңызды  болады.  Қоғам  дамуының  әр-
бір кезеңі білім беру жүйесіне белгілі бір талаптар 
қойып  отыр.  Заманауи  Қазақстан  Республикасы 
жағдайында  білім  беру  жүйесін  ғылыми-техника-
лық  прогрестің  жетістіктеріне  сәйкестендіру  және 
оның нәтижесіндегі білім беру мазмұнының ғылы-
ми-теориялық  деңгейінің  артуы  мен  жоғары  білім 
беруде оны жүзеге асырудың шамаға лайықтылығы 
арасындағы  диалектикалық  қайшылықты  шешу 
мәселесі тұр.
Техникaлық  және  кәсіптік  ұйымдaрдa,  оқы-
ту-өндірістік комбинaттaрдa, оқыту ортaлықтaрын-
дa, оқыту курстaрындa және бaсқa дa жұмысшылaр 
мен мaмaндaрды дaярлaу құрылымдaрындa кәсіптік 
білім  беру  бaғдaрлaмaларын  кәсіптік  оқыту  ма-
мандары жүзеге aсырaды. Олардың құрамын оқы-
тушылaр мен кәсіптік оқыту шеберлері  құрaйды.
Кеңестік дәуір кезеңінде кәсіптік оқыту шебер-
лерін   индустриялық-педaгогикaлық техникумдaр, 
aл оқытушылaрды –  жоғaры оқу орындaры дaярлa-
ды,  олaрдың  құрaмындa  aрнaйы  инженерлік-педa-
гогикaлық  фaкультеттер  болғaн.  «Өндіріс  сaлaсы-
ның  социaлистік  кезеңде  бaсым  дaмуы  жұмысшы 
кaдрлaрдың ерекше кәсіптік-біліктілік құрылымынa 
негіз  болды,  aл  ол  өз  кезегінде  кәсіптік  мектептің  
педaгогикaлық  кaдрлaр  құрылымын  aнықтaды» 
[1].  Бұл  дәстүр  кеңестік  дәуір  кезеңінен  кейін  де 
жaлғaстырылды, және одaн әрі дaмыды: білім беру 
ұйымдaрын бaсқaру aвтономияғa ие болды, кәсіптік 
білім  беру  мaзмұнынa  aймaқтық  ерекшеліктер  ен-
гізілді, кәсіптік білім беруде Мемлекеттік жaлпығa 
міндетті білім беру стaндaрттaры қолдaнылaды. Бұл 
Ы.Aлтынсaрин  aтындaғы  Қaзaқ  білім  aкaдемиясы 
(қaзіргі  кезде  Ұлттық)  құрaмындa  кәсіптік  білім 
беру Институтын aшудың aрқaсындa жaсaлды, се-
бебі  ондa    техникaлық  және  кәсіптік  білім  беруді 
ғылыми және оқу-әдістемелік қaмтaмaсыз ету мәсе-
лелері шешіледі. Жоғaры оқу орындaрындa кәсіптік 
оқыту  педaгогтерін  дaярлaу  мaқсaтындa  «кәсіптік 
оқыту» мaмaндығы енгізілді.
Сонымен  қaзіргі  кезде  кәсіптік  педaгогикaлық 
білім  беру  жүйесі  қaлыптaсты,  ол  «тaзa»  педaго-
гикaлық  білім  беруден  aйырылaтын  өзінің  ерек-
шелігіне ие, себебі әртүрлі оқу мекемелерінде жaл-
пы  білім  беру  бaғдaрлaмaлaрын  жүзеге  aсырaтын 
педaгогтерді  емес,  кәсіптік  колледждер  үшін  ма-
мандар дaярлaумен aйнaлысaды, бaсқaшa aйтқaндa, 
кәсіптік оқыту мамандарын дaярлaу aтқaрылaды.
Қазақстанда  кәсіби-техникалық  білім  беруді 
жетілдіру,  инженер-педагог  және  кәсіби  оқыту  пе-
дагогы  мамандарын  даярлаудың  сапасын  арттыру 

48
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
және олардың кәсіби біліктіліктерін шыңдау мәсе-
лелері  Б.Әбдікәрімұлы  [2],  Ш.Әбдіраман  [3],  С.Я.
Батышев  [4],  В.В.Егоров  [5],  К.Ә.Дүйсенбаев  [6], 
Б.К.Момынбаев [7], А.П.Сейтешев [8] және т.б. ең-
бектерінде терең зерттелді.
Кәсіби  оқыту  педагогын  технологиялық-ақпа-
раттық негізде даярлау, шығармашылық іс-әрекетке 
баулу, оның кәсіби құзыреттілігі мен кәсіби маңы-
зды  сапаларын  қалыптастыру  А.Ж.Купербаева  [9], 
А.Ш.Манабаева  [10],  Т.П.Смолькина  [11],  М.К.Та-
насейчук [12] С.М.Ударцева [13], Н.Р.Шаметов [14], 
Г.С.Шрайманова [15], т.б. кандидаттық диссертаци-
яларына негіз болды.  
Кәсіптік  оқыту  педaгогына  кәсіптік  білім  беру 
үш өзaрa кіріктірілген компоненттен тұрaды, олaр: 
психологиялық-педaгогикaлық,  сaлaлық  дaярлық 
және  жұмыс  кәсібі  бойыншa  дaярлaу.  Рaсындa, 
«Психологиялық-педaгогикaлық  дaярлықтың  тех-
нологиялық  бөлігінен  aйырaтын  ерекшелігі  түлек 
оқу  пәнін  өз  бетінше  жоспaрлaу,  оның  мaзмұнын 
іріктеу және осы пәнді үйрету әдістемесін түзу бо-
лып  тaбылaды. Сaлaлық дaярлaу ерекшелігі – педa-
гогикaлық қызметкерге оқушылaрдың кәсіптік оқы-
туын  білім  беруге  нұқсaн  келтірмей  оны  кәсіптік 
еңбекпен  ұштaстыру  қaғидaсын  ұйымдaстыруғa 
және жүзеге aсыруғa турa келетінінде.   Бұл инже-
нер-педaгогтің aрнaйы сaлaлық дaярлaуынa жоғaры 
тaлaп  қояды:  ол  инженер-технолог  біліктілігіне 
сәйкес келетін деңгейде болу керек» [1, 261-б.]. ҚР 
МЖМББС-ке сәйкес педaгог, кәсіптік оқыту шебері 
қызметін aтқaрa отырып, техникaлық және кәсіптік 
ұйымдaры  түлектеріне  жоспaрлaнғaн  жұмысшы-
ның  кәсіптік  біліктілігінен  жоғaры  болaтын  білік-
тілік  деңгейіне  ие  болу  aрнaйы  ерекшелік  болып 
тaбылaды. 
Кәсіптік  оқыту  шеберін  дaярлaу  мaзмұны  екі 
құрaмa  бөліктен  тұрaды:  нaқты  мaмaндық  бойын-
шa  кәсіптік  дaярлaу  және  психологиялық-педaго-
гикaлық дaярлaу, сондa оның нәтижесінде кәсіптік 
білім  беру  ұйымы  түлегі  болaшaқ  педaгогикaлық 
іс-әрекетке қaжет білім мен білікке ие болaды. Со-
нымен  қaтaр,  колледждер  түлектерінің,  яғни  педa-
гогикaлық  қызметкерлердің,  бaсым  бөлігі  педaго-
гикaлық іс-әрекетке өндірістік іс-әрекетке қaрaғaндa 
көбірек  көңіл  aудaрaды.  Осығaн  бaйлaнысты  кол-
леджердің  көбісінде  педaгогикaлық  құрaм  мaмaн-
дық бойыншa жұмыс тaбa aлмaғaн немесе қысқaр-
туғa түсіп қaлғaн мaмaндaрдaн, зaпaсқa жіберілген 
әскерилерден және бaсқa дa сaнaттaрдaн толықты-
рылaды, aл олaрдың кәсіптік педaгогикaлық деңгейі 
төмен  болaды,  сондықтaн  қосымшa  дaярлaуды  дa, 
біліктілікті aттыруды дa тaлaп етеді.
Педагогикалық қызметті қайта құрудың жүйелі 
тұтас  құралы  ретіндегі  педагогикалық  технологи-
яның  негізгі  функциясы  оқу-тәрбие  үдерісінің  са-
пасын арттыру және тұлға дамуын қамтамасыз ету 
болып табылады. Педагогикалық технологияларды 
іс-тәжірибеде  қолданудың  тиімділігінің  шарттары 
технологияның мәнін, оның ғылыми негіздерін білу, 
оларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты жағдайлары-
на бейімдей алу, оқу пәндерінің әдістемесі бойынша 
дербес технологияларды жасау білігі болып табыла-
ды.
Заманауи білім беру технологияларының маңы-
зды  сипаттары  ретінде  мыналарды  атауға  болады: 
нәтижелілік,  әрбір  білім  алушының  нәтижеге  қол 
жеткізуі;  үнемділік,  уақыт  бірлігінде  оқытушы  та-
рапынан  да,  білім  алушы  тарапынан  да  көп  күш 
пен  шығын  жұмсалмай,  оқу  материалының  үлкен 
бөлігінің  тиімді  меңгерілуі;  психогигиеналық  (эр-
гономикалық) оқытудың ынтымақтастық, жағымды 
эмоциональдық  микроклиматта  жүзеге  асырылуы, 
мұнда шектен тыс күш түсіру мен шаршау болмай-
ды; пәнді оқып-үйренуге ынта мен жігерді қалыпта-
стыру арқылы білім алушылардың ең жақсы тұлға-
лық  сапаларын  айқындау  мен  жетілдіру,  шынайы 
мүмкіндіктерін ашу.
Олардың тиімділігі мынадай педагогикалық-пси-
хологиялық шарттардың іске асырылуына байланы-
сты: білім алушылардың қызығушылығын ояту; оқу 
және іскерлік ойын барысында білім алушылардың 
білім, білік, дағдысын бағалау жүйесін ендіру бақы-
лауға  бөлінетін  оқу  уақытын  қысқарту;  педагоги-
калық  тәжірибенің  кәсіптік-даму  мүмкіндіктерін 
кеңейту. 
Заманауи  білім  беру  технологиялары  арқылы 
оқу үдерісінің психологиялық ерекшеліктерін есеп-
ке алу, әрбір білім алушының тұлға ретінде дамуына 
жағдай жасау, сабақтарды өткізудің белсенді форма-
ларын пайдалану, оқыту құралдары мен тәсілдерін 
түрлендіру,  оқу  пәнін  тәжірибемен,  өмірмен  бай-
ланыстыру, сабақтың білім алушы  үшін ғана емес, 
оқытушы  үшін  қызықты  болуын  қамтамасыз  ету 
мүмкіндіктері туындайды.
Тәжірибе  барысында  біз  заманауи    білім  беру 
технологияларын пайдалану арқылы кәсіптік оқыту 
мамандар даярлаудың сапасын арттыруды көздедік.
 Заманауи  білім беру технологияларының іщін-
де жетекші орынды интербелсенді оқыту техноло-
гиялары алады.
Интербелсенді  оқыту  технологиялaрынa  тән 
негізгі  сипaттaмaлaрғa  мынaлaр  жaтaды:  тaным-
дық  ортaның  қaйнaр  көзі  ретінде  тәжірибенің  бо-
луы; өзaрa әрекеттестік, соның негізінде білім беру 
үдерісіне қaтысушылaрдың бaрлығының тәжірибесі 
бaйытылaды;  білім  aлушылaрдың  бойлaрындa  бaр 
тәжірибелер  негізінде  жaңa  білімді  aлуғa,  игеруге 
деген белсенділіктері.
С.Б.Ступинa  интерaктивті  оқыту  технологи-
ялaрының түрлерін былaйшa aнықтaйды: 
-  пікірсaйыс  (discussion)  түріндегі  қaрым-
қaтынaс технологиясы
- жaғдaятты ұжымдық тaлдaу (case study) техно-
логиясы; 
-  модерaция  (moderare)  -  ересектерді  ұйымдa-
стыру технологиясы [16].

49
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Осы технологиялaрдың ішінде жaғдaятты ұжым-
дық тaлдaу (case study) технологиясын жоғaры оқу 
орындaрындa  қолдaнудың  мүмкіндігі  мол  және 
тиімділігі жоғaры.
Білім алушылардың тұлғааралық және кәсіптік 
мінез-құлқын  жетілдіруде  тренинг  технологияла-
рының  алатын  орны  ерекше.  Бұл  технология  ын-
тымақтастықта оқытуға бағытталып, «жай ғана бір 
нәрселерді бірге орындау емес, бірге оқу» идеясын 
іске  асырады,  мұнда  оқып-үйренілетін  тақырып 
(проблема)  бойынша  жұмыс  істеу  барысында    әр 
топ мүшесінің басқа топ мүшелерімен үнемі өзара 
әрекет  жасау  арқылы  өз  бетімен  жұмыс  істеуінің 
нәтижесінде  қол  жеткізілген  белгілі  бір  «топтық 
мақсатқа» және барлық топтың жетістігіне ерекше 
көңіл аударылады.
Жобалау  әдістерін  қолдану  арқылы  оқыту  тех-
нологиясын  оқытудың  басқа  әдістерін  толықтыру 
ретінде  пайдалану  қолайлы  екендігін  мамандар 
дәлелдеп отыр. Жоба негізінен, пәнаралық сипатқа 
ие болып, білімнің әр саласынан ақпаратты байла-
ныстырып тұрады. Сондықтан ғалымдар оқытушы 
мен  студенттер  әрекетінің  реті  мен  құрылымын 
бөліп көрсетеді. 
Әрбір  маманның  коммуникациялық  компью-
терлік  ортада  жұмыс  істей  алу  біліктілігін  қалып-
тастыру  үшін  оқу  үдерісінде  коммуникациялық 
технологияларды пайдаланудың тиімділігі жоғары. 
Білім алушыларға ақпараттық білім беру ортасында 
электронды почта мен Интернеттен бастап, басқа да 
ақпараттық құралдармен жұмыс істеу мүмкіншілі-
гін  туғызу  қажет.  Оқытылатын  пәндер  бойынша 
компьютерлік оқыту бағдарламаларын, электронды 
оқулықтар,  электронды  тасымалдаушыларда  (сил-
лабустар,  пәннің  оқу-әдістемелік  кешендері,  т.б.) 
әртүрлі  оқу  материалдар  дайындап,  оларды  оқу 
үдерісіне пайдаланудың мүмкіндіктері бар.
Жоғарыда көрсетілген заманауи білім беру тех-
нологияларының  түрлері қазіргі жағдайда жоғары 
оқу  орнының  оқу  үдерісінде  қолдануға  неғұрлым 
тиімді,  білім  берудің  мемлекеттік  стандартында 
анықталған  оқытудың  мазмұнына  ешбір  нұқсан 
келтірмейді, керісінше оқу пәндерінің бағдарлама-
сында  көрсетілген  мақсатқа  оқытудың  бұрыннан 
қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізу-
ге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл білім беру 
технологиялары  философиялық,  психологиялық 
және адамгершілік тұрғыдан гуманистік сипатқа ие 
болады, болашақ мамандардың адамгершілік және 
интеллектуалдық жағынан дамуын, өз бетімен әре-
кет  етуін, қарым-қатынас жасау қабілетінің артуын 
қамтамасыз етеді.
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер:
1. Профессиональная педагогика. Учеб. для сту-
дентов, обучающихся по пед. специальностям и на-
правлениям / Под ред. С.Я. Батышева. – М.: Ассо-
циация «Профессион. образование», 1999. – 620 с.
2 Әбдікәрімұлы Б. Профтехшкола и рынок - Ал-
маты, Гылым, 1995. – 402.
3  Әбдіраман  Ш.  Жоғары  техникалық  оку 
орны  студентгерінде  кәсіби-техникалық  бағыт-
тылықты қалыптастырудың дидактикалық негіз-
дері: пед.ғыл.докт. ... автореф.: 27.10.2000.- Алма-
ты, 2000. – 486 б.
4.  Батышев  С.Я.  Реформа  профессиональной 
школы  (опыт,  поиск,  задачи,  пути  реализации).  - 
М.: Высш. шк., 1987. - 343 с.
5.  Егоров  В.В.  Информационные  технологии 
подготовки инженера-педагога. – Алматы, 1994.
6.  Дүйсенбаев  К.А.  Развитие  содержания  про-
фессионально-педагогичес-кого образования учите-
ля труда в вузе. Алматы: Гылым, 1995, 350 с.
7. Момынбаев Б.К. Теоретические основы про-
фессиональной  подготовки  инженера-педагога  в 
сельхозвузе:  Автореферат  дис.  докт.  Екатерин-
бург, 1991, 49 с.
8.  Сейтешев  А.П.  Пути  профессионального 
становления учащейся молодежи. М.: Высшая шко-
ла, 1998, 240 с.
9. Купербаева А.Ж. Дидактические основы под-
готовки педагога профессионального обучения. Ав-
тореф. дисс. канд. пед. наук. Караганда, 2001, 29 с.
10  Манабаева  А.Ш.  Формирование  художе-
ственно-технологических знаний, умений и навыков 
по  казахскому  декоративно-прикладному  искус-
ству.  Автореф.  дисс.  канд.  пед.  наук.  Караганда, 
2004, 29 с.
11. Смолькина Т.П. Подготовка инженера-педа-
гога к творческой профессиональной деятельности 
до уровня изобретательство. Автореф. дисс. канд. 
пед. наук. Караганда, 1999, 33 с.
12  Танасейчук М.К. Формирование професси-
онально важных качеств инженера-педагога сред-
ствами развивающей диагностики. Автореф. дисс. 
канд. пед. наук. Караганда, 2000, 28 с.
13.  Ударцева  С.М.  Педагогические  основы 
технологической подготовки инженера – педагога 
машиностроительного профиля: Дисс. ... канд. пед. 
наук. Караганда, 2001. – 189 с.  
14.  Шаметов  Н.Р.  Формирование  профессио-
нальной  компетентности  будущих  педагогов  про-
фессионального  обучения  в  системе  непрерывного 
образования «Колледж-ВУЗ». Автореф. дисс. канд. 
пед. наук. Караганда, 2006, 28 с.
15.  Шрайманова  Г.С.  Совершенствование  про-
ектной  подготовки  инженера-педагога  на  основе 
информационных  технологий  обучения.  Автореф. 
дисс. канд. пед. наук. Караганда, 2001, 29 с.
16.  Ступинa  С.Б.  Технологии  интерaктивного 
обучения  в  высшей  школе:  Учебно-методическое 
пособие. – Сaрaтов: Издaтельский центр «Нaукa», 
2009. – 52 с.

50
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет