Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция


  Опять  же  предметы,  имеющие  огромную  интеллектуальную  нагрузку,  необходимо



Pdf көрінісі
бет11/73
Дата03.03.2017
өлшемі10,67 Mb.
#7148
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73

4.  Опять  же  предметы,  имеющие  огромную  интеллектуальную  нагрузку,  необходимо 

изучать в небольшой по количеству и дифференцированной по уровню развития и психо-

логическим особенностям аудитории. В этом нет дискриминации. Ведь кому-то надо объяснять 

сложные вещи медленно и несколько раз, а другому достаточно и быстрее, и один раз. В этом случае 

учитель будет работать продуктивнее. Иначе говоря, это похоже на то как изучают языки в группах – 

начинающие, продолжающие, продвинутый уровень. Ученика можно переводить из группы в груп-

пу, если он продвинулся или наоборот понизил успехи. Развитие интеллекта – вещь весьма и весьма 

индивидуальная. Математику, программирование и логику я отношу именно к таким предметам. 



5. Надо поднять статус учителя. Работать с учащимися по интеллектуально нагруженным пред-

метам должны два человека: один (учитель), который полностью сосредотачивается на преподнесе-

нии учебного материала и ходе урока, второй (воспитатель) – он ежедневно отслеживает моральное 

и душевное состояние учащихся, следит за дисциплиной и порядком. Уважение к учителю заключа-

ется и в оплате его труда. Если хотите поднять качество человеческого потенциала, то соответственно 

платите. Учитель делает очень важное дело и он заслуживает достойной оплаты. Сравните оплату 

труда учителей РК с учителями успешных стран, она отличается в десятки раз. Разве может про-

зябающий  человек,  у  которого  нет  крова,  или  который  львиную  долю  своего  заработка  отдаёт  за 

кредиты и так далее, быть свободным и нести в массы свет и полностью сосредоточиться на своих 

обязанностях? 



6. Необходимо срочно решить проблему «сделать и написать». Что это за проблема? С ней 

сталкивается ежедневно каждый учитель и врач. Порой на СДЕЛАТЬ уходит значительно меньше 



времени, чем на ЭТО ЖЕ ДЕЛО ОПИСАТЬ. В этом виноваты контролирующие органы образова-

ния. Своим требованием различных отчётов и анализов они отнимают время и силы непосредствен-

ных  работников  и  направляют  образование  не  в  нужное  русло.  Пухлые  портфолио  и  папки  –  не 

есть показатель работы. Работа – это непосредственно сама работа. Порой доходит до абсурда. Кто-

нибудь считал, сколько времени уходит на составление документов, переправление их, переклады-

вание бумаг из папки в папку и т д. Есть соблазн формального отписывания, т е работать на бумаге. 

Рабочее время и силы непосредственных работников не бесконечны. И что печально! Некоторые из 

этих контролёров – бюрократов в своём бумаготворчестве становятся всё более и более продуктив-

нее, т.е. выдумывают новые бумажки, как бы оправдывая своё существование. Они даже указывают 

минимальный объём документа. А как быть с тем, что говорил А П Чехов о краткости и таланте. 

Чтобы удовлетворить причудам такого начальника придётся лить воду. Пора прекратить бумагот-

ворчество, необходимо пересмотреть существующие порядки, поставить преграду этому злу. Пусть 

требуют только лаконичные и действительно необходимые отчёты. Чем меньше бумаг, тем больше 

сил и времени остаётся на реальное дело. 

Автор был участником серии международных семинаров в 2009-2011 годах, организованным МОН 

РК по тестам нового поколения, где остро обсуждались поднятые в статье проблемы. 



Использованная литература

1 Текешева Т. У., Тасбулатова М. Ш. Проблемы повышения уровня учебных достижений уча-

щихся и актуальность их измерения. Сборник Вопросы совершенствования качества обра-

зования Республики Казахстан. Выпуск 1, Астана 2010. 



67

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ 

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ РӨЛІ

Алипова Г.Т.

№1 жалпы орта білім беретін мектебі Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Аңдатпа

Мақалада  проблемалық  оқыту  әдістерінің  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  шыңдаудағы  рөлі  туралы  айты-

лады.  Негізгі  бөлімде  теорияны  практикамен  ұштастыру  нәтижелері  қарастырылады.  Қорытынды  бөлімде 

шығармашыл, құзіретті тұлға қалыптастырудағы ойландыра оқытудың маңызы туралы ой түйінделеді.

Аннотация

В статье отмечена важность проблемного обучения в профессиональном развитии учителя. В основной части 

работы рассмотрены результаты интеграции теории с практикой. Заключительная часть обосновывает важ-

ность формирования проблемного мышления в развитии творческой компетентностной личности.

Abstract

It is marked in the article, importance of the problem teaching in professional development of teacher . In basic part of work 

the results of compatibility of theory are considered with practice. A tail-piece pawned importance teaching problem thought 

in development of creative kompetentnostnoy personality.

Бүгінде ғылым-білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне 

жүктелер  жүк  еселене  түсуде.  Ұстаз  қауымы  алдында  жай  білім  беру  ғана  емес,  сонымен  қатар 

өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп 

шығару міндеті тұр. Бұл міндетті шешуде мұғалімнің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейде болуының 

маңызы зор. 

  Педогогтік  шеберлік  –  бойға  біткен  дарын,  талант  емес.  Ол  –  үйрену,  ізденудің  нәтижесі. 

Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Мұғалім үшін кәсіби 

шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз 

жақсы түсінеміз. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық 

барысында, іс – тәжірибеде қалыптасып , тәрбиеленеді [1, 384-б].

Қазіргі заман сұранысына орай, біз педагогикалық шеберлікті негізі инновациялык іс-әрекет деп 

тұжырымдаймыз. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы 

керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, ізденгіштік, төзімділік сияқты 

тұлғалык касиеттері болуы тиіс деп ойлаймын. Тек жаңашылдыққа деген талпыныс, үздіксіз ізденіс 

мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. 

Мұғалім еңбегі – таза шығармашылық еңбек. Оның көрінетін алаңы –сабақ. Сабақ беру –кәсіп 

емес, мұғалімнің шығармашылық өнері. Ол ондаған оқыту 

тәсілдерін байқап көреді де, өз әдісін таңдайды. Ондаған кітаптарды оқиды да, өз сөзін айтады. 

Бөтеннің  сөзі  мен  ойы  бойынша  оқыту  мүмкін  емес.  Үнемі  байқап  көру,  үнемі  жетілдіру,  үнемі 

жетілу – мұғалім қызметінің басты көрсеткіші. 

«Тек қана есте сақталуымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана – білім» деп, 

әйгілі ғалым тұжырымдағандай, оқушыларға саналы түрде , ойлана оқуға, білім алуға жағдай туғызу 

–менің әр сабақты жоспарлау барысындағы алға қоятын басты мақсаттарымның бірі [1, 381-б].

Ендеше,  осы  мақсаттар  күнделікті  сабақта  проблемалық  оқыту  әдістері  арқылы  жүзеге 

асырылады. 

Бұл  әдіс  несімен  құнды?  Балаларды  сабаққа  қызықтыру  оңай  шаруа  емес.  Сондықтан  көбіне 

балаларды  қызықтыру  жағын  ойлап,  сабақтың  өткізілу  формасына  көбірек  назар  аударып,  оның 

мазмұнына  шеткері  қалып  қойып  жатады.  Сыни  ойлауға  үйрету  арқылы  сабақты  түрлендіріп, 

оқушыларды қызықтырып қана қоймай, келесі нәтижелерге қол жеткіземіз: 

- Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнайды.

- Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.

- Алған білімге сын көзбен қарап, білімді саналы түрде алады.

-  Оқушы  ойын  ашық  айтуға,  дәлелді  пікір  айтуға  ,  мәселенің  ең  негізгі  түйінін  табуға 

дағдыланады.

- Бірін – бірінің пікірі мен көзқарасын сыйлауға дағдыланады.



68

Оқушы өз алған білімін тек оқуда ғана емес, күнделікті өмірде, түрлі мәселелерді оңтайлы шешу-

де тиімді пайдалана білуі үшін керек.

Осындай әдістердің бірі –зерттеу әдісі. Ізденіс, зерттеу әдісін барлық сыныптарда және кез-келген 

тақырыпты талдауда қолдануға болады. Іздену –оқушының интеллектуалдық қызметін, ойлауын да-

мытып, шығармашылықпен жұмыстануға жетелейді. Олай болса, оқушыда шығармашылық ізденіс 

бастамасының болуына, әр шығарманы талдауға жаңа тұрғыдан келіп, өзіндік ой-пікір айта білуге 

машықтандыру  қажет.  Сонда  ғана  оқушының  білімді  өз  бетінше  игеру  дағдысы  дамиды,  өзіндік 

көзқарасы мен жеке пікірі қалыптасады, тануға деген құштарлығы оянады. Осы тұрғыда пікірталас, 

ізденіс, проблемалық, яғни ойландыра оқыту сабақтары – қазақ әдебиеті пәні үшін өте тиімді әдіс.

Мысалы,  Махамбет  Өтемісұлы  поэзиясын  өткенде  оқушыларға  мына  проблема  төңірегінде 

жұмыс  жасатуға  болады:  сол  кезеңдегі  тарихи  оқиғаларды,  тархи  адамдарды  жырлаудағы 

Махамбеттің  табысы,  өзіндік  ерекшелігі,  Махамбет  бастаған  көтерілістің  қоғамдағы  маңызы  мен 

бүгінгі  күнгі  мәні.  Оқушылар  өздігінен  дұрыс  шешім  іздейді,  қорытындыларды  тұжырымдайды, 

яғни білімдерін шығармашылықпен жүзеге асырады. Қандай шығармашылық істер болмасын, тек 

оқушыны қатыстырған жағдайда ғана жүзеге асады. Ал ол кездегі оқушының атқаратын міндеттері: 

проблемалық мақсат-міндеттерді ажырату, берілген тапсырманы тұжырымды орындау, тапсырма-

ны саналы ұғыну, шешімді іздеу, тапсырманы орындау барысында нәтиженің дұрыстығын тексеру. 

Проблемалық  талдау  нақты  бір  сұрақ  әзірлеуді  қажет  етеді.  Бұл  жағдайда  тіпті  күрделі  де 

маңызды сұрақтардың өзі әдетте проблема қойғандық болып табылмайды: олар белгілі бір сұраққа 

жауап алуды мақсат етумен шекетеледі [2, 17-б]. 

Әрине, мұндай сұрақтар оқушылардың белсенді ойлау қызметіне түрткі бола алмайды, оқушылар 

миында  сқталған  дайын  ақпаратқа  жүгінеді.  Сондықтан  мұндай  сұрақтарды  ақпараттық  үшін  өз 

білгені мен естіген ақпараттың ішінен дайын жауап беруге болатын сұрақтар деп қарастыруға болады. 

Оқушылардың ойланып, ізденіп, өзіндік қорытынды жасауына жетелейтін сұрақтарды проблемалық 

сұрақтар деуге болады, өйткені ол сұрақтарға берілетін жауаптар оқушының жатқа білетін немесе 

мұғалім ұсынған ақпаратта да жоқ. Бұл жауаптарды оқушы ойланып, ізденіп, екі жақты таразылап, 

салыстыра отырып береді.

Мысалы, 8 сыныпта Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесін талдауда:

-  Қалай ойлайсыңдар, әңгіменің «Қонақтар» деп аталу себебі неде? 

-  Туған баласын неге «қонақ» деп таниды?

-  Сапабектің тоғышар, сезімсіз, қатыгез болып өсуіне не себеп болды деп ойлайсыңдар?

-  Сапабектің орнында болсаң қалай әрекет етер едің?

-  Осы әңгіме мазмұнынан қандай қорытынды шығаруға болады?

Ойландыруға құрылған сұрақтар әлі ашылмаған проблема, жеке көзқарас, іштей жақсы мен жа-

манды салыстыру, таңдау жасау, ой қорыту мен дәлелдеуді тудырады. 

Әдебиет пәнін оқытуда басқа пәндерден айырмашылығы –онда ешқандай қатып қалған формула 

немесе заңдылық жоқ. Демек мұғалім мен шәкірттің рухани және сезім бірлігін көбірек қажетсінеді 

[3, 257-б]. Оқушыларға өз ойларын еркін айтуға, кең көлемде ізденіп, өз қалауынша тұжырым жа-

сауына мүмкіндік беріледі.

Мысалы, 9 сыныпта «Қамар сұлу» романын талдату барысында І топқа – шығарманың тақырыбы 

мен идеясын ашу, ІІ топқа – шығармаға тілдік талдау жасау, ІІІ топқа – шығармадағы кейіпкерлер 

әлеміне талдау жасау тапсырылды. Бұл кезде оқушылар романды оқу барысында алған білімдерін пай-

даланып, қағаз бетіне түсірді. Оқушылар көп ақпаратты қалай қысқартамыз, қалай жүйелейміз және 

жеткіземіз деген мәселелер төңірегінде ойланды, ортақ мақсаттарын айқындады, ойларын жүйеледі. 

Мысалы,  ІІІ  топ  оқушылары  кейіпкерлерге  талдау  жасау  барысында  қосыла  алмаған  ғашықтар  – 

Қамар  мен  Ахметті  құс  бейнесінде  берген.  Ахметті  еркіндіктегі  құс,  Қамарды  алтын  тордағы  құс 

ретінде бейнелеп, «екеуінің де қанаттары қайырылған, тордағы Қамарды айналшықтаған Ахмет те 

еркіндікке ұша алмайды, тордың кілті надан бай –Жорға Нұрым мен елді жайлаған надандықтың 

қолында...»  деп  түсінік  берді.  Нәтижесінде  оқушылар  сыни  тұрғыда  көзқарасын  білдіре  отырып, 

кейіпкерлерге мінездеме берді, екі нәрсе: адам мен құстың арасындағы ұқсастықты тауып, өзара бай-

ланыстыра суреттеді. Ең бастысы, оқушылар проблеманың оңтайлы шешімін өздері тапты.

Демек  ,  осындай  әдістерді  тәжірибеде  қолдану  барысында  ойландыра  оқытудағы  оқушының 

негізгі әрекеттері мынадай болатынын байқадым:

- Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін табады.

- Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау жасайды , басқа 

адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

-Өзіндік қорытыныдыларының қаншалықты ғылыми, шындыққа саятынын саралайды.

- Білім дәрежесі деңгейін саралау /рефлексия арқылы өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі/ 

қалыптасады.



69

- Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, дағдысы жетіледі.

- Оқушыларда жазу кезінде ғажайып идеялар пайда болады, өзара ұқсас нәрселерді салыстыра 

сипаттауды үйренеді, т.б.

Ойландыра оқыту арқылы тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы , 

оқушыға ұсынылатын тапсырманы дәл, нақты қоя білуінің маңызы зор. Оқушылар тапсырмалар-

ды орныдау барысында қандай да бір қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерге, 

межелі  мақсатқа  жол  нұсқайды.  Бұл  әдіс  оқушының  дербес  еңбегін  қажет  еткенімен,  мұғалімнің 

басшылығын, бағыт-бағдар беруін қажет етеді [2, 13-б]. Қазіргі таңда оқушы – бұрынғыдай мұғалім 

берген білімді жай қабылдаушы емес, өзі де білім алу үрдісіне белсене араласушы. Ал мұғалім – 

оқушының білім алуына жағдай туғызушы. Тапсырма нақты беріліп, мақсатқа жету амалдарына жол 

сілтегенде ғана оқушы белгілі нәтижелерге қол жеткізеді. 

Егер  «нені  оқыту  керек?»  деген  сауалға  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  жауап  беретін 

болса,  «қалай  оқыту  керек?»  дегенге  жауапты  тек  мұғалімнің  кәсіптік  даярлығынан,  жаңа  техно-

логияларды пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуынан және сол арқылы ба-

ланы әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен 

іздеу  қажет.  Сондықтан  ұстаз  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  барысында 

оқыту  мен  тәрбиелеу  әдістерінің  жаңа  түрлерін  іздей  отырып,  өз  шығармашылығын  дамытады, 

кәсіби  шеберлігін  шыңдайды.  Оқушыларды  ойландыру  үшін  алдымен  өзі  ойланады,  он  әдісті  ек-

шеп, ішінен біреуін таңдайды. Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына 

педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білу, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгеру, 

білім беру процесін басқара алу, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының да-

муына бағыштап жобалай және жүзеге асыру арқылы кәсіби тұлға ретінде шынығып, шыңдалатыны 

сөзсіз.


Әдебиеттер тізімі

1 Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии. Ростов: Феникс, 2004.

2 Нағымжанова Қ.М. Инновациялық-креативті технологиялар. Өскемен: УГК, 2005.

3 Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми- 

теориялық негізінде, монографиялық еңбек, Алматы: Дархан, 2008.

4 Ракышова Г.А., Игибаева А.К. Жаңаша оқыту –жетістік көзі. http://www.vestnik-kafu.info/

journal/5/176/, 2006. (13.10.2013)

ЖАҢА ФОРМАЦИЯНЫҢ МҰҒАЛІМІ – НЕГІЗГІ ДАЙЫНДЫҚ 

ПЕН ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУДЫҢ БІРЛІГІ

Андирова В.Т., Базарғалиева Б.Т. 

“Өрлеу” АҚ Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы, Дарынды жасөспірімдерге 

арналған Ақтөбе облыстық мамандандырыған қазақ-түрік лицей-интернаты 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Қазақстандық  білім  беру  жүйесін  дамытудың  стратегиялық  жоспарларының  мақсаттарына  сәйкес 

педагогтің зерттеу мәдениеті мен өзіндік рефлексивтік қабілетін және осыған сай теориялық білімді тәжірибемен 

ұштастыруды мақсат ететін құзырлылықты дамытудың жаңа мазмұны мен тәсілдері талданады.

Аннотация

В данной статье описана взаимосвязь личностного и профессионального саморазвития. Основным критерием 

в определении уровня профессионализма учителя определена способность занять исследовательскую позицию по 

отношению к своей практической деятельности и к самому себе.

Аbstract

This article describes the relationship of personal and professional development and self-development. These terms and 

conditions in detail. Discussed the criteria for «readiness adequately meet every professional situation, be prepared for re-

training in a rapidly changing environment.» The main criterion in determining the level of professionalism of teachers 

indicated the ability to take a research position in relation to their practice and to himself.

70

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 

жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі 

білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, 

ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін  арттыру,  олардың  бүкіл  қызметі  бойына  мансаптық 

өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін 

мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. 

Осыған  байланысты  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы 

саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагогтің ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен 

болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары 

анық. Олай болса, бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асыруда басты рөлді мұғалім тұлғасы 

атқаратындығы туралы тұжырымға ешкім қарсы шыға қоймас. 

Білім берудегі негізгі мақсат – тек білімді, кәсіби мамандандырылған маман дайындау ғана емес, ру-

хани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды 

бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру екендігіне ерекше тоқталған жөн.

Қазақстан  Республикасының  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курстары  жаңаша 

бағдарламасының  өзектілігі  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–2020 

жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлеседі, ал 

мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында көш басында келетін 

Финляндия, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тән заманауи мақсаттармен 

және құндылықтар жүйесімен сай келіп, құзырлы тұлғаны дамытуды көздейді. 

«Құзырлылық» ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне 

ерекше  көңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған  ұғым.  Құзырлылықтың  (латын  тілінде 

«competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны 

қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алады дегенді білдіреді. 

Құзырлылық білім, біліктілік дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалау 

критерийі, яғни құзырлылық – нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі. 

Жалпы білім, біліктілік, дағды, тұлға қасиеті, қабілеті өзінің даралығымен сипатталып, өз бетімен 

жетілдіріліп отырған жағдайда ғана құзырлылықтың негізгі құрамды бөлігі бола алады. Білім сапа-

сы «құзырлық» критерийі арқылы білім, біліктілік, дағдымен қоса, тұлға қасиеттерін, қабілеттерін 

қамти отырып бағаланады [5, 30-б].

Осы  орайда  қазіргі  кезеңде  жүзеге  асырылып  жатқан  жаңа  бағдарламаның  негізгі  мақсаты  – 

жылдам  өзгеріп  жатқан  әлемде  өзіне  сенімді  және  табысты  болуға  мүмкіндік  беретін  дағдылары 

мен  түсініктерін  дамытуға,  өмірлік  жағдайларда  өз  білімдерін  қолдануға  ықпалын  тигізетін  сыни 

тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды [1, 15-б].

Мұғалімді  тәжірибелік  тұрғыда  дамытуға  бағытталған  курс  мазмұны  заманауи  ғылыми 

зерттеулердің шынайы нәтижелерінің және оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын 

көрсете  отырып,  қазақстандық  білім  беру  жүйесін  дамытудың  стратегиялық  жоспарларының 

мақсаттарына сәйкес педагогтың зерттеу мәдениеті мен өзіндік рефлексивтік қабілетін және осған 

сай теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруды мақсат ететін құзырлылықты дамытуды көздейді. 

Күрделі үдеріс болып табылатын оқыту шеберлігін толық игеріп шығу – бүкіл ғұмыр еншісіндегі 

мәселе, міне, сол себепті де практикаға үнемі ерекше назар аударылатын болса, мұғалімдер қызмет 

барысында өзін жетілдіруді жалғастыра бермек.

Бұл мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындаудағы үш маңызды мәселеге тіреледі. Олар:

• Өз қызметтері аясында, оқу үдерісі мен өз оқушыларын дамыту үдерісінде сарапшы болу үшін 

құзыретті мұғалімдерге қандай білім түрлері қажет болады?

• Мұғалімдерге әр түрлі оқушылар үшін тиімді оқу тәжірибесін ұсыну, оқушылардың идеяла-

ры туралы кері байланысты қамтамасыз ету, өзінің мұғалімдік тәжірибесін сыни бағалау және оны 

жақсарту үшін қандай дағдылар қажет?

• Әр баланың жеке тұлға есебінде де, кәсіби ұжым мүшесі ретінде де табысқа жетуіне, өз білімі 

мен дағдыларын дамытуды жалғастыруына көмектесу үшін мұғалімдерге қандай кәсіби міндеттердің 

шешімін табуы қажет?

«Бетпе-бет» оқытудың бірінші кезеңінде Бағдарламаның 7 модулі аясында оқыту мен оқу туралы 

ғылыми  және  тәжірибелік  білімдермен  танысып,  үйренуді  үйретуге  негізделген  жаңа  бағдарлама 

мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтасты дамытуға ықпал ететіндігін түсіндік. 

Ағылшындық ұстазымыздың және тренеріміздің көмегімен білім берудегі Кембридж тәсілінің, 

яғни сындарлы теориялық оқытудың мән-мақсатын және негізгі идеяларымен таныстық. Курс кезінде 

өзімізді оқушы ретінде сезініп, кластағы жағымды ахуал қалыптастырудың, бірлесе білімді игерудің 

маңыздылығын ұғындық. 

Оқыту тиімділігін арттыру мақсатында өзгерген әрекеттеріміздің тиімді әсерін мына дәлелдемелер 

негізінде айқындадық: оқытуды нәтижелі жүргізу үшін бастапқы білім мен дағдыларды есепке ала 


71

отырып, жетілдіру; білімді бірлесіп игеруге негізделген тәсілдерді қолдану; оқушылардың бірін-бірі 

оқытуына ықпал ету өзіндік мүмкіндіктерінің артуына ықпалын тигізді. 

Кәсіби даму тәжірибемізде нені өзгерттік? 

- Тренер және мұғалім ретінде кәсіби даму жолдарын белгіледік, яғни өзін-өзі реттеу жоспарын 

құрдық.


- Жұмыс стилімізді өзгерттік, үздіксіз кері байланыс арқылы рефлексия жасауды үйрендік.

-  7  модуль  идеяларына  сәйкес  мұғалімдердің  сабақ  жоспарының  құрылымын  өзгертуіне, 

бағдарлама мазмұнына сай үйренуді үйрету материалдарын тәжірибеде қолдануына ықпал еттік.

- Формативті және суммативті бағалау әдістерін тиімді жүзеге асырып, формативті бағалаудың 

үздіксіздігі мен кешенділігін қамтамасыз еттік.

-  Мұғалімдер  тобының  психологиялық  ахуалын  өзгерттік,  ынтымақтаса  жұмыс  жасауға 

ынталандырдық.

- Әріптестеріммен желілік байланыста болдық, іс-тәжірибемізбен бөлістік. Өз тәжірибемізге тал-

дау жасап, дамыту бағыттарын анықтадық. 

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіруде тренер ретінде үш кезеңнен тұратын сабақ жүйесін негізге 

алдым: бірінші кезеңде ой шақыруға мән беріліп (мұғалімдердің тақырыпқа деген қызығушылығын 

туғызу),  екінші  кезеңде  тақырып  мазмұны  ашылды,  үшінші  кезеңде  ой  қорытылды.  Бастапқы 

кезеңді тиімді ұйымдастыру «білім алушылардың тақырып бойынша өзіндік тәжірибесіне талдау 

жасап,  тақырыпты  ұғынуға  өзіндік  мақсат  пен  мотивтерді  қалыптастыруға  ықпалын  тигізеді»  де-

ген тұжырымды ұстанып, мұғалімдерге оқыту мақсаттарын өздері белгілеуге мүмкіндік туғыздым 

[2, 88-б]. Шындығында да, білім алушылардың өздері белгілеген мақсаттың олар үшін құндылығын 

түсіндім. 

Мұғалім ретінде курс барысында іс-тәжірибемде нені және қалай өзгерту керек екендігін ойланып, 

яғни өзін-өзі реттеу үдерісі басталды деуге болады. Кәсіби дамудың «Мен нені өзгерткім келеді?», 

«Бұл нәрсені өзгерту үшін не істеуім керек?» деген сұрақтарды қамтитын жоспарын құрдым. Сабақ 

жоспарларын да жаңа үлгіде, яғни оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін 

міндеттерге  сай  құруға,  ұйымдастыруға  ұмтылдым.  Қашықтықтан  оқыту  кезеңінде  меңгерген 

білімімді іске асыру үшін межеленген мақсат-міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін зерттеу 

жұмысын әріптестерімізді біріктіріп, сабақты зерттеу үлгісінде, желілік қоғамдастық түрінде қолға 

алдық. Оқушыларды сыни ойлауға үйрету, диалогтік оқытудың өзін сыни ойлауға жетелейтіндей етіп 

ұйымдастыра білу бізді шығармашылық ізденістерге ұмтылдыратыны анық. Қалай оқу керектігін 

үйрету  тәсілдері  оқушылардың  білім  нәтижесіне  жету  жолдарын  өздерінің  түсініп-пайымдауы 

арқылы тек жаттап оқу арқылы емес, өмірдің кез келген жағдайында пайдаға асатын өміршең білімді 

меңгеруі оқушының құзыреттілігін дамытудың іргетасы екенін дәлелдейді. Әр оқушы өзінің қабілет-

қарымын  дамытып,  талантты  және  дарынды  балалармен  нәтижелі  жұмыс  жүргізуге  мүмкіндік 

беріліп,  жас  ерекшеліктері  ескеріле  отырып,  әр  баланың  ынтасы  мен  қызығушылықтары  артты-

рылып, дамуы үшін толық жағдай жасалады. Оқушылардың көшбасшылық қасиеттері де топтық 

жұмыс барысында алға басатыны анық. Мұғалім мен оқушының арасында жедел кері байланыстың 

болмауы оқушылардың оқуға деген ынтасына кері әсер ететінін пайымдадық. Нәтижесінде өзіндік 

жоспар құрып, нақты іздену бағытын айқындадық, өйткені заман талабы тың жоспарларға, жаңаша 

ізденістерге, үздіксіз кәсіби дамуға жетелейді. 

Бұрын білім жетілдіру курстарында мұғалімдер жай тыңдаушылар болса, осы үш айдың ішінде 

олар  зерттеушілерге  айналғандығына  куә  болдым.  Александер  баяндаған  (Тренерге  арналған 

бағдарлама) сыни тұрғыдан оқыту мен білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытудың құдыретін 

түсіндім [1, 58-б].

Тренер ретінде осы курстан өту нәтижесінде сындарлы оқыту теориясын мұғалімдердің толық 

игеруіне, «Мен бұл туралы нені білемін?»,«Ұсынылған ақпарат менің бұрынғы тәжірибеммен сәйкес 

келе ме?», «Жаңа ақпаратты иелену арқылы қандай жетістіктерге қол жеткіземін?», «Жаңа бағдарлама 

менің  кәсіби  өсуіме  қалай  ықпалын  тигізеді?»,  «Өз  тәжірибеме  қандай  өзгерістер  енгіземін?»  т.б. 

сұрақтарға жауап беруі арқылы әр мұғалімнің өзін-өзі тануына ықпал ете аламыз. Өз тәжірибеме 

келешекте  енгізілетін  өзгерістер  Л.С.Выготскийдің  «Білім  беру  үрдісінің  негізін  білім  алушының 

жеке іс-әрекеті құрауы қажет, оқытушы осы іс-әрекетті дұрыс бағыттап, реттеп отыруы қажет» деген 

пікіріне сай болады деп шештім [4, 174-б].

Өз тәжірибеме келешекте қандай өзгерістер енгізер едім:

- Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқу, білімімді жетілдіру. 

- Тренерлік тәжірибемді ақпараттық ресурстармен толықтыру.

- Психологиялық тренинг-жаттығулар қорын толықтыру. 

- Серіктестермен бірлескен жұмыс, пікірлес әріптестер қауымдастығын құру, әріптестеріммен іс-

тәжірибе бөлісу. 



72

Республика  бойынша  біліктілікті  жетілдірудің  жаңа  жүйесі  –  Кембридж  бағдарламасы  бой-

ынша  құзыреттілікке  бағдарланған  жұмыстар  біліктілікті  арттыру  орталығы  тарапынан  жүйелі 

жүргізілуде. «Кембридж жобасы – жаңаша бағдар» тақырыбында институт базасында, Алға және 

Хромтау аудандарында ашық есік күндері өткізілді. «Кембридж бағдарламасы – жаңа мүмкіндіктер 

мен  даму  бағыттары»  тақырыбында  облыстық  семинар-сараптама,  «Бәсекеге  қабілетті  тұлға 

қалыптастыру – сапалы білімде» тақырыбында ұйымдастырылған әдістемелік көпір педагогтердің 

кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда үлесін қосары сөзсіз.

Аталған  бағдарлама  бойынша  тірек  мектептерімен  (Ақтөбе  қаласындағы  физика-математика 

мектеп-интернаты,  №9  мектеп-гимназия,  дарынды  жасөспірімдерге  арналған  қазақ-түрік  лицейі) 

жұмыс  жақсы  жолға  қойылған.  Барлық  тренерлер  дерлік  оқыту  курсымен  шектелмей,  жаңаша 

тәсілдерді тарату мақсатында шебер-кластар көрсетеді. 

Назарбаев  зиятерлік  мектебімен,  педагогикалық  шеберлік  орталығымен  тығыз  байланыста 

бірлескен семинар-форумдар ұйымдастырылды.

Облыс деңгейінде «Жаңаша сабақ: игі бастама» және «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамы-

ту стратегиясы: әлемдік тәжірибе және ізденіс» тақырыптарында әдістемелік жинақтар шықты.

 Педагог құзыреттілігін қалыптастыру – күрделі функционалдық жүйе болғандықтан, жұмыс ба-

рысында төмендегі төрт кезең ескерілуі тиіс:

- мұғалімнің өзін-өзі тануы; 

- мақсат-міндеттерді анықтау негізінде жұмысты жоспарлау; 

- тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыру; 

- өз білімін жетілдіру жоспарын жасау, күнделік жүргізу, өз еңбегінің нәтижесіне талдау жасау-

дан тұратын өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі түзету. 

Бұл міндеттерді жүзеге асыру күн тәртібінен түспегенмен, оларды жетілдіре түсу қажеттігі уақыт 

озған сайын арта түсуде.

Жаңа  форматты  курстарды  ұйымдастыру  барысында  негізгі  ұстанымызға  айналған  «Әлемді 

өзгерткің келсе, өзіңнен баста» деген қанатты сөздер жадымызда. Расында да, оқытуға деген көзқарас 

өзгерсе, бәрі де өзгереді. Ендеше, құзыретті мұғалімдердің нені білуге және үйренуге тиіс екендігін 

анықтау,  қолданыстағы  халықаралық  бағдарламалардың  қалай  жұмыс  істейтінін  зерделеу  және 

ғылыми әдебиетті оқу арқылы білім берудің жалпы байланысын және негізгі базасы мен нәтижесін 

анықтау – келер күннің еншісінде.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет