Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет35/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72

Әдебиеттер тізімі

1.  Балапанов  Е.  Қ.,  Бөрібаев  Б.  «Информатикадан  30  сабақ»,  «Жаңа  информатикалық  технология-

лар». Алматы. 2001.

2. Халықова Қ. З. «Информатиканы оқыту әдістемесі». Алматы. 2000.

3.  Молодцов  В.  А.,Рыжикова  Н.  Б.  «Современные  открытые  уроки  информатики»,  РОСТОВ-на-

ДОНУ. 2002.

4. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. Астана. 2004.


223

5. Назарбаева С. Өзіңді өзің танып – білу бұл да ғылым. Егемен Қазақстан.2004. 

6. «Информатика негздері» журналы, 2012 жыл, №1, 3, 6.

7. «Педагогикалық кеңес» журналы, 2012 жыл, №4, 17 б.

8. Құнанбаев А. «Қара сөздері», Abai. kz-ақпараттық порталы

ПЕДАГОГ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДА ОҚУ ӘРЕКЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН 

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Кинжекова Р. С. 

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Аңдатпа

Студенттерге  оқу  материалдарын  меңгертуде,  өзіндік  жұмыстарда,  шығармашылық  тапсырмалар-

ды  орындатуға  көп  көңіл  бөлудің  мәні  зор.  Шығармашылық  ойлау  объективті  шындықты  кең  және  терең 

түрде  танып-білуге  әсер  етеді.  Студенттердің  оқу  әрекетіне,  шығармашылық  қабілетін  дамытудың  жалпы 

заңдылықтарына  және  өзіндік  ерекшеліктеріне  сай  шығармашылық  сабақтардың:  креативті,  когнитивті,  іс-

әрекетке негізделген түрлерін жүргізу тиімді.

Аннотация 

В статье рассматривается проблема развития творческой готовности студентов к учебной деятельности. 

Эффективное использование креативного, когнитивного, оргдеятельного типов творческих занятий позволяет бу-

дущему специалисту достичь высокого уровня творческого потенциала, творческого мышления и быть способным 

к саморазвитию. 

Abstract

The problem of students’ creative preparation is considered in this article. Effective use of creative, cognitive, organizational 

types of creative studies enables to future specialist to reach high level of creative of potential and creative thinking, also 

enables to be capable of self-development.

Қазақстан  Республикасының  12  жылдық  білім  беру  тұжырымдамасында  педагог-кадрлардың 

кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін айта келе, педагог төмендегідей 

құзіреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген:

1. Арнайы құзіреттілік-өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.

2. Әлеуметтік құзіреттілік-кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

3. Білім беру құзіреттілігі педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана 

білу қабілеті. (1)

Қазіргі жоғары оқу орындарындағы оқу процесі мына міндеттерді шешуге бағытталады:

 

–жоғарғы ғылыми деңгейдегі теориялық біліммен қаруландыру;



 

–студенттерді өз бетімен білім алуға, шығармашылықпен жұмыс істей білуге 

 

–дағдыландыру;



 

–оқу әрекеті мен оқу үрдісін байланыста жүргізе білу. 

Білім  саясатындағы  түбегейлі  өзгерістерді  жоғары  оқу  орындарында  мамандар  даярлауда 

күнделікті оқу үрдісінде жүргізілетін сабақтардан бастау керек. Соңғы жылдары республикамыздың 

жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру кредиттік жүйеге көшкені белгілі. Кредиттік 

технологияға  сай  оқу  процесін  ұйымдастырудың  мәні:  білім  көлемін  бірегейлеу,  оқытуды 

индивидуалдық  деңгейде  жүзеге  асырудың  барлық  жағдайын  жасау,  өзіндік  жұмыстарды  тиімді 

ұйымдастырудың жолдарын анықтау, маңызын түсіндіру, бақылаудың түрлерін белгілеу болып табы-

лады. Бұл жүйе бойынша әр пәннің оқу-әдістемелік кешені дайындалуы студентке біраз жеңілдік жа-

сайды. Семестр бойында білімді екі бақылау кезеңінің болатыны және студенттердің білімін бағалау 

балдық жүйеде жүргізілуі үнемі дайындықты қажет етеді. Бұл жағдайда төменгі курс студенттері өз 

іс-әрекетін дұрыс жоспарлап, ұйымдастыра білгенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын 

түсінуі керек. Әрине, бірінші курс студенттерінің мектепте де көп оқып, ізденуге дағдылары болады. 

Алайда жоғары оқу орындарында білім алудың өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғары оқу орындарын-

да  оқу  үрдісін  ұйымдастырудың  түрі,  сабақ  кестесі,  сабақтың  жүргізілу  әдістері,  оқытушылармен 


224

қарым-қатынастары  басқаша.  Кешегі  оқушы  мүлде  басқа  ортаға  тап  болады.  Оған  бұрынғыға 

қарағанда көп еркіндік беріледі. Бұл жағдайларға байланысты алғашқы кезеңде жоғары оқу орын-

дарында оқу жеңіл сияқты көрінеді. Сондықтан да студенттерді бірінші кезекте лекция жазуға, үйде 

оқып, қажетті оқулық материалдарымен, түпнұсқалармен толықтыруға үйренуі керек. Сол сияқты 

негізгі, қосымша әдебиетпен жұмыс істей білуі, конспект жаза білуі, жоспар құра білуі, аннотация, 

тезис, рецензия жаза білуге үйретілуі керек. 

Жоғары  оқу  орындарында  оқу  жоспары  студенттің  болашақ  кәсіби  әрекетіне  қажетті  ғылым 

түрлерін түгел қамтиды. Әдетте білім көлемі өте кең, сондықтан да бірінші курстан бастап, студент 

өзінің болашағына қажетті білім көлемін саналы түрде саралап ала білгені жөн. Студенттің білімді 

саналы меңгеруі оның талдау, жинақтау, салыстыру, дәлелдеу қабілеттерін дамытады. Алдымен кон-

цептуалды оқыту әдістемесі ұсынылады, бұл болашақ оқу жүйесінің негізін салады. 

Жоғары  оқу  орындарында  оқу  процесін  ұйымдастырудың  негізгі  жолы  –дәрістер.  Дәрістерде 

оқытылып отырған пәннің іргелі ұстанымдары беріледі. Кіріспе дәрісте алдымен, пәннің мақсаты, 

міндеттері, маман ретінде даярлаудағы мәні, оқу бағдарламасымен, семинар, практикалық сабақтарға 

ұсынылатын тақырыптармен таныстырады. 

Әрбір дәрісте оқытушы нақты тақырыпты, мақсатын, дәріс барысында шешілуге тиісті танымдық 

міндеттерді анықтап алуы және бұрыннан алынған біліммен байланыстыруы қажет. Дәріс барысын-

да білім жүйеленіп, өзектілігі ескеріліп, нақты ғылымның зерттеу әдістері сұрыпталып, теория мен 

практика бірлікте қарастырылып берілуі тиіс. Дәріс мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

 

–ғылымилығы (беріліп отырған ақпараттың ғылымның қазіргі дамуына сәйкестігі);



 

–ғылымның негізгі ережелерінің тұтастығы және жүйелілігі;

 

–дәрістің  дүниетанымдық  және  әдістемелік  мәні  сол  ғылымның  негізгі  ережелерін  терең 



түсінуге мүмкіндік беретіндей болуы;

 

–пәннің әдіснамалық негізі дұрыс ашылуы; 



 

–ғылыми фактілердің дәлдігі,нақты фактілердің сұрыпталуы, талдануы, жалпылануы;

 

–негізгі қорытындылардың анықтығы, дәлелділігі;



 

–ғылыми тұжырымдардың түсінікті болуы;

 

–аталған ғылымға қатысты даулы, шешімі табылмаған сұрақтарды да қамту;



 

–ғылымның даму тарихы бойында қалыптасқан түрлі ғылыми көзқарастарды салыстыру;

 

–дәріс  материалдарының  ғылымның  қазіргі  даму  бағытымен,  студенттің  болашақ 



мамандығымен, практикалық қолданысымен сәйкестігі;

 

–дәріс курсының басқа пәндермен байланысы.



Оқытушы дәріс жүргізудің әдістемесін берік сақтауы тиіс. Дәріс барысында оқытушы басшылыққа 

алатын мәселелер:

 

–дәрістің тақырыбы, мақсаты, міндеттері айқын болуы;



 

–дәрістің нақты жоспар бойынша жүргізілуі;

 

–негізгі және қосымша әдебиеттердің берілуі;



 

–дәрістің жүйелі түрде бірізділікпен баяндалуы;

 

–аудитория деңгейіне сай материалдың түсінікті тілмен анық жеткізілуі. Әсіресе, ең негізгі



және студенттердің өз бетімен меңгеруіне қиындық келтіретін мәселелерді талдап көрсету.

Студенттердің ойлау қабілетін дамыту, танымдық өресін кеңейту –дәрістің басты мақсаты болып 

табылады. Ол үшін оқытушы келелі проблемалық сұрақты, немесе бірнеше сұрақты студенттер ал-

дына тартады. Дәрістің қалған уақыты сол мәселені шешуге арналады. Оқытушы нақты мәселенің та-

рихи дауына, зерттелуіне, түрлі көзқарастарға тоқталады. Соңында студенттер өз қорытындыларын 

жасайды.  Сонымен  бірге,  материалды  меңгертуде  дифференциалды  тәсілді  де  қолдануға  болады. 

Оқытушы үнемі студенттердің қабылдау қызығушылығын, белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді 

таңдай білуі керек. Бүгінгі күні дәріс барысында ақпараттық құралдарды пайдаланудың мүмкіндігі 

зор. Студенттерге дәріс конспектісін, мәтінін алдын-ала беріп қойып, сабақ үстінде өздеріне талда-

тып, тиісті жерін толықтырып отыру да – тиімді әдістің бірі. Оқытушының дәріс барысында айтылған 

ғылыми пікірлерге өзінің нақты көзқарасын танытуы студенттерді өз бетінше шешім қабылдай білуге 

үйретеді. Оқытушының материалды меңгертуде білімділігі, мәселені жан-жақты талдауы, эмоция-

сын білдіруі, сөйлеу мәнері, педагогикалық шеберлігі –бәрі де студентке әсер ететіндей, елітетіндей 

болуы керек. 

Дәріс барысында да оқытушы студент әрекетіне басшылық жасап отыруы тиіс:

 

–дәрістердің керек жерлерін жазып отыруын талап етіп, оны қадағалау;



 

–конспект жасауда студенттерге көмек көрсетуі (даусын бәсеңдету, қайталау, т. б.);

 

–конспектілерін тексеріп отыру (түел, не ішінара);



 

–аудиторияның көңіл-күйін бақылап отыруы, бағыттауы, басқаруы 

 

–студенттерді әңгімеге тарту, сұрақ қойғызып пікірталасқа тарту.



Дәрістердің нәтижелі болуы мына жайттарға байланысты:

225

 

–дәрістердің ақпараттық және танымдық құндылығы жоғары болуы;



 

–дамытушылық және тәрбиелік әсерінің жоғарылығы;

 

–дидактикалық мақсаттарға жетуі (қабылдау, көңіл бөлу, қорыту, ұғыну).



Алғашқы кезде дәрісті тыңдау қиындық келтіреді. Өйткені студент бар ынта-ықыласын жинақтап, 

дәріске аудару керек. Осы мақсатта оқытушы жетекші сұрақтар беріп, немесе көрнекі құралдарға 

көңіл аударуын талап етеді. Оқытушы сабақ барысында студенттердің көңілін басқаға аудармайтын-

дай, үнемі дәріске ден қоятындай жұмыстануы тиіс. Дәріс соңында келесі сабақта қарастырылатын 

тақырыпты,  сұрақтарын  береді.  Студенттің  танымдық  әрекетінің  жетілуі  дәріс  материалдары-

мен  үйде  жұмыстануын  тиімді  ұйымдастырғанда  ғана  мүмкін  болмақ.  Дәріс  жазбаларымен  үйде 

жүргізілетін жұмыс түрлері:

 

–дәріс конспектісін оқу;



 

–басты мәселелерді айқындау, астын сызу, қорытынды жасау;

 

–дәптердің шетіне сұрақтар, басқа тақырыптармен байланысын, кейбір талдау, қорытындыларды 



жазып отыру;

Бұдан  кейін  дәріс  тақырыбы  бойынша  оқулықтармен  жұмыс  жүргізу  көзделеді.  Оқулық  ма-

териалдарын  мұқият  оқып  шығып,  дәріспен  салыстыру,  жаңа  мәліметтермен  толықтыру,  сызба, 

кестелерді түсіну, түсініксіз сөздерді, терминдерді теріп жазу, сөздіктерден мағыналарын айқындау 

жұмыстары жүргізіледі. 

Жоғары оқу орындарында оқу процесінде студенттердің танымдық әрекеті ғылыми теориялардың 

мәнін  ұғынып,  оны  практикада  қолдана  білуге  бағытталатыны  түсінікті  жайт.  Бұл  мақсатта  оқу 

әрекетінің негізгі бір түрі ретінде семинар сабақтарын дұрыс ұйымдастыру қажет. Студент семинар 

сабақтарында мәлімдемелер, баяндамалар жасауға, рефераттар бойынша ойларын түйіндеп айтуға, 

оқытушының көмегімен ғылыми мәселелерді талдауға дағдылануы қажет. Семинар сабақтары көбіне 

дәрістерде қарастырылған мәселелерді талдаудың жалғасы болып табылады. Оқу пәндерінің негізгі 

ережелерін тереңірек түсінуге, шығармашылық қабілетін дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен 

айналысуға  қызығушылығын  туғызуға,  теорияны  практикамен  ұштастыруға  үйретеді.  Студент  се-

минар сабақтары арқылы ғылыми жұмыстарды жазуға, безендіруге, материалды ауызша, жазбаша 

мәлімдеуге, аудтория алдында сөйлеуге дағдыланады. 

Көптеген  оқытушыларда  білім  алушыларда  терең  де,  тұрақты,  іргелі  білім  деңгейін 

қалыптастыруды ең басты мақсат етіп ұстау әлі де пәнді оқытуда бірінші кезекке қойылады. Алайда 

бай білім қоры жан-жақты жарасымды дамыған тұлға деп танудың басты белгісі бола алмайтынына 

көз жеткізіп жүрміз. Осыған байланысты оқу материалдарын меңгертуде, әсіресе өзіндік жұмыстарда, 

шығармашылық  тапсырмаларды  орындатуға  көп  көңіл  бөлудің  мәні  зор.  Шығармашылық  ойлау 

объективті шындықты кең және терең түрде танып-білуге әсер етеді. Студенттердің оқу әрекетіне, 

шығармашылық  қабілетін  дамытудың  жалпы  заңдылықтарына  және  өзіндік  ерекшеліктеріне  сай 

шығармашылық сабақтардың мына түрлері жүргізіледі:

Креативті сабақ түрлері: диалог-сабақ, пікірталас, эвристикалық әңгіме, қарама-қарсы пікірлер 

сабағы,  ізденімдік  сабақтар,  өнертапқыштық  сабақтар,  моделдеу  сабағы,  жаңалық  ашу  сабағы, 

іскерлік ойын, телекөпір т. б.

Когнитивті  сабақ  түрлері:  концепция  –сабақ,  байқау  сабағы,  тәжірибе  –сабақ,  зерттеу-сабақ, 

лабототориялық сабақтар.

Іс-әрекетке  негізделген  сабақтар:  жобалық  сабақтар,  сын-пікірлік  сабақтар,  өзара  бақылау 

сабақтары, көрме-сабақ, конференция-сабақ, шығармашылық есеп сабағы т. б. 

Студенттерді  оқытушының  жетекшілігімен  жүргізілетін  сабақтарда  қолданылатын  белсенді 

әдістер: пікірталас, ойын, тренинг.

Пікірталас  білім  алушыларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға,  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыруға,  өз 

ойын дәлелдей білуге, рефлексивті ойлауға дағдыландырады. Сондай-ақ, студенттерге өз білімдерін 

көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас барысында көңіл-күйлерін білдіруге сол арқылы мәселені 

терең  талдауға,  түсінуге  мүмкіндік  туады.  Пікірталас  нәтижесінде  топ  мүшелері  түгелдей  таным 

процесіне қатыса алады. Сондықтан да, пікірталас шығармашылық тұрғыда ойлауға үйретуде тиімді 

жол  болып  табылады. Пікірталасқа  құрылған  сабақтардың  ерекшелігі  -оқытушының  студенттерді 

өзара диалогқа тартуы. Бұл сабақтарда оқытушы білім алушылардың өз ойларын жеткізе білуінің 

дұрыстығын,  өз  позицияларын  дәлелдеуіне,  қарама-қарсы  пікірлер  білдіруіне  үйретуі  керек. 

Пікірталас,  сондай-ақ,  студенттердің  мәдени  өрісінің  кеңеюіне,  өзгені  тыңдай  білуге,  тыңдата  да 

білуге дағдыландырылады.

Білім беруде пікірталастың мына түрлері жиі қолданылады:

-«дөңгелек үстел»- нақты бір мәселені талқылауға қатысатын шағын топтың арасындағы әңгіме. 

Қатысушылар бір-бірімен пікір алмасады.


226

- «құрастырма пікірталас» (алдын-ала тағайындалған басшысымен 4-6 адам қатысады). Жалпыға 

ортақ бір мәселені талдауда әр қатысушының жеке-жеке пікірлерінен құралған ортақ қорытынды 

жасалады. Соңында топ басшысы қорытады. 

- «форум»- сұрақ-жауаптан тұратын еркін пікірталас. Егер студент бір мәселені талқылауда ауди-

торияны қызықтыра алатын болса, шектеусіз өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беріледі.

Іскерлік ойындар әр түрлі психологиялық және адамдық қасиеттерді қалыптастыруға, студенттерді 

өз  бетімен  жұмыстануға,  алған  білім,  іскерлік,  дағдыларды  практикада  қолдана  білуге,  танымдық 

тапсырмаларды  шығармашылықпен  шешуге  септігі  зор.  Әсіресе,  рольдік,  сюжетті  –  рольдік  және 

тренингтік жаттығуларды жиі жүргізуге көңіл бөлу керек. Сенситивті тренингтік жаттығулар студенттің 

өзін-өзі, өзгелерді сезіне білуіне, яғни сезімталдыққа, қоршаған ортаны қабылдай білуге көмектеседі.

Креативті  тренингтік  жаттығуларды  жүргізу  барысында  ойдың  жүйріктігі,  жылдамдығы, 

икемділігі артады. Нақты бір жағдайларда мәселені дұрыс шеше білу дадылары қалыптасады.

Өзіндік  жұмыстарды  өткізуде  жобалау  (проект)  әдісін  қолдану  тиімді.  Жобалау  студенттердің 

қатысымдық-танымдық әрекеттерін жетілдіреді. (3,109-б)

Жаңа  формация  мұғалімі-рефлекцияға  қабілетті,  әдіснамалық-зерттеушілік,  дидактикалық,-

әдістемелік,  әлеуметтік  тұлғалы,  коммуникативтілік,  ақпараттық,  тағы  басқа  қасиеттерімен 

ерекшеленетін  рухани-адамгершілігі  жоғары,  белсенді,  сауатты,  шығармашыл  тұлға  болуы  керек. 

Осы  талаптарға  жауап  беретін  мұғалімдер  даярлау  бүгінгі  жоғарғы  оқу  орындарында  өткізілетін 

әр сабақты теориялық, әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде өткізіуін талап етері сөзсіз. Болашақ 

педагогтарымыз ақпараттық қоғамнан қалыспай, кез-келген жағдайда жедел шешім қабылдай ала-

тын, ерекше ұйымдастырушылық қабілетке ие, нақты бағыт-бағдар беруші маман болып шығуы – 

бүгінгі күннің талабы. Болашақ мұғалім –қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта 

отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, 

білімнің  жетіспеушілігін  сезінуге  үйрету  арқылы  іздемпаздыққа  тәрбиелеу  арқылы  жетістіктерге 

қол жеткізуге болады. 



Әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы. Алматы. 2004. 

2. Тұрғынбаева Б. А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: 

теория және тәжірибе. Алматы. 2005.

3. Сиразетдинова. Г. Т. Проблема развития творческой готовности студентов в учебной деятельности. 

Грани познания. // Сборник научных трудов. Уфа. 2004.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 

ҚАҒИДАТТАРЫ

Қалиев Б. А.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Аңдатпа

Қазіргі компьютерлік технология тілді үйретушіге жаңаша қарауын және өз жұмыс әдістерінің жетілдірілуін 

талап етеді. Мақала қазақ тілін оқытып үйретуде компьютерлік техниканы қолдану қағидаттары мәселесіне 

арналған. Қай қағидатты алмайық, олар, негізінен, сол тілдің практикалық сөйлеу қызметін игеруге бағытталады.

Аннотация

Современная компьютерная технология позволяет взглянуть по-новому на тех, кто обучает овладению язы-

кам и требует совершенствования методов работы. Статья посвящена принципам применения компьютерной 

технологии при изучении казахского языка. Каждый из принципов в изучении языка направлен на освоение разго-

ворной речи.

Abstract

Modern computer technology allows to give a glance newly on those, who teaches to the capture to the languages and 

requires perfection of methods of work. The article is sanctified to principles of application of computer technology at the study 

of Kazakh. Any of principles in the study of language directed to on mastering colloquial speech.


227

Қазақстан  Республикасында  тiлдердi  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттiк  бағдарламасына  [1]  сәйкес,  мемлекеттік  тілдің  дамуы  мен  қолдану  аясын  кеңейту 

мәселесі көптеген қатынастарда ең негізгі болып табылады. Сондықтан қазіргі компьютерлік және 

телекоммуникациялық технологияны қазақ тілін оқыту саласына қолдану мемлекеттік тілді тұтастай 

оқыту  әдістемесінің  алдында  тұрған  ең  өзекті  міндет  саналады.  Компьютерге  үйренуші  техни-

ка ретінде қарау, оны қазақ тілін үйрету үшін пайдалану мүмкіндігі оқыту үдерісін өзгертті және 

оқыту әдістемесіне түбегейлі түрде әсер етті [2, 61-б]. Бүгінгі күні мультимедиаға ұсынылған жаңа 

аудиовизуалдық техникалық құралдар әдістемеші қазақ тілі мұғалімдерінің тілді оқытуға жаңаша 

қарауын  және  өз  жұмыстары  әдістерінің  жетілдірілуін  талап  етеді.  Бұдан  бірнеше  жыл  бұрын 

«оқытудың техникалық құралдары», «лаборатория» ұғымы – үнтаспа, оқу теледидарын пайдалану-

мен,  лингафон  кабинетіндегі  сабақтармен  немесе  техникалық  және  нақты  ғылымдар  саласындағы 

зерттеулермен ғана байланысты болып келді, бірақ тілді оқытуда компьютерді, сондай-ақ ғаламтор 

желісі ресурстарын пайдалануға ешқандай мүмкіндік болмады. Қазір қазақ тілін оқытушылардың 

қарамағында  компьютерлік  техниканы  қолдануға  негізделген  ОТҚ-ның  (оқытудың  техникалық 

құралдары) бірнеше түрі бар. Ал мұндай күрделі техникалық жүйені меңгеру арнайы дайындықты 

қажет етеді. Оқыту үдерісін оңтайландыру – жаңартылған компьютерлік бағдарламалар базасында 

оқу лабораторияларын ары қарай қалай жетілдіруді және де мемлекеттік тілді оқытуда ОТҚ-ның 

аталған түрін қолдану әдістемесін әзірлеуді қарастырады. Әрине, жаңа компьютерлік бағдарламалар 

мен тұтас ақпараттық оқу кешенін әзірлеу бүгінгі отандық жоғары мектептердің ең өзекті қажеттілігі 

саналады.  Алайда  оны  қанағаттандыру  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінде  компьютерді  қолданудың 

теориялық негіздерін түпкілікті білмейінше, мүмкін емес. Енді осы үдерістің теориялық негіздері 

мен әдістемелік қағидаттарын (принцип) сипаттап көрсетелік.

1.  Қағидаттардың  бірі  жеткілікті  мөлшерде  жалпылама,  белгілі  шекте  әмбебаптық  сипатқа  ие 

болатындығы белгілі, енді біреулері өзінің қолданылу саласында жекелік (даралық) сипатта болуы 

мүмкін. Ең алдымен, бұлар осымен байланысты тар шеңберде ұсынылатын жалпылама әдістемелік 

қағидаттарды дамытады, нақтылайды.

2.  Олардың  қолданылуы  қазіргі  кезде  мультимедиаға  ұсынылған  белгілі  компьютерлік 

бағдарламалардың көмегімен қазақ тілін оқытудың нақтылы, қиын ерекшелігі саласымен шектелетін 

де  әдістемелік  қағидаттар  бар:  тілдік  жүйенің  кейбір  жекелеген  қырын  және  де  сөйлеу  қызметі 

түрлерінің  бірін  оқыту  қағидаты;  немесе  мемлекеттік  тілді  оқыту  негізінде  оқу  құралдарының 

айрықша  маңыздыларын  пайдалану.  Әрине,  мұндай  қағидаттар  оқу  үдерісінің  жетістіктерін  ал-

дын ала айқындайды да, алайда тілді тұтастай оқытудың жалпылама қағидаттарының мәнін талдау 

кезінде байқалғандай, олар абсолюттік төл ерекшелік болмауы да мүмкін. Яғни осы айтылғандарға 

сәйкес қазақ тілін оқыту қағидаттарын былайша бөлуге болады:

1. Жалпылық қағидаты

2. Жекелік (даралық) қағидаты

3. Арнайылық қағидаты

Қазақ тілін оқытудың жалпылық қағидатына коммуникативтік-сөйлеу бағыттылығы, екінші тілдің 

(орыс) ерекшелігін есепке алу, тілді меңгеру саласындағы жаттығулардың жетекшілік рөлі жатады.



Коммуникативтік-сөйлеу  бағыттылығы  қағидатында  қазақ  тілі  бойынша  жүргізілетін 

компьютерлік  курс  нақты  мақсатқа  бағытталуы,  ұйымдастырылуы  және  жүзеге  асырылуы  тиіс, 

себебі оның мәні бағдарламада көрсетілген мемлекеттік тіл шеңберінде қарым-қатынас жасай білу 

дегенді білдіреді. Осындай сипатты оқытуға жету үшін оқытушының да және осындай компьютерлік 

курстарды құрастырушылардың да бүкіл қызметіндегі негізгі күш тіл жүйесінің әртүрлі аспектілері 

(қыры) формаларын игеруге емес, практикалық сөйлеу қызметін игеруге бағытталады. Осының 

нәтижесінде оқушының ауызша қарым-қатынас жасауда немесе кітап оқуда соңғы терминді кеңінен 

түсінуге  жаңа  ақпарат  алуға  қол  жеткізіледі.  Түрлі  коммуникативтік  міндеттердің  тұтасымен 

шешілуі сөйлеу қызметінің негізгі түрлері саласындағы іскерлік пен еп-дағдылардың қалыптасуына 

әкеледі.  Сондықтан  компьютерлік  технологияның  көмегімен  мемлекеттік  тілді  оқытудың  әрбір 

кезеңінде курс қазақ тілін практикалық жағынан игеруде шешуші фактор болып табылатын ау-

ызша жаттығуларға толы болуы керек. Мұны елемеу оқытылып жүрген тілді практикалық игеру 

жолында бөгет болатын дайындық және тілдік жаттығуларының күштеп тықпалануына әкеп соғады. 

Алайда мұндай көзқарас дайындық жаттығуларының орындалу қажеттілігін жоққа шығармайды, 

бірақ, біріншіден, олардың негізгі үлесі ауызша жаттығулармен салыстырғанда өте аз болады, ал, 

екіншіден,  кез  келген  дайындық  жаттығуларының  орындалуын  коммуникативтік  мақсатқа  жету 

үшін танылған құбылыстың тілде қалай қызмет атқаратынын көрсетумен аяқтау керек.



Қазақ тілін оқытудың әдістемесінде орыс тілінің ерекшеліктерін есепке алу қағидаты енді оқу-

тәрбие үдерісінде орысшамен кең түрде салыстырулар жүргізуді қажеттілік деп санамайды. Алайда 

мұндай көзқарас, әсіресе жұмыстың аударма тәсілдерінсіз мүмкін емес, немесе нәтижесі аз болатын 

семантизация кезеңінде салыстырулар жүргізуді жоққа шығармайды. Орыс тілінің ерекшеліктері, 



228

ең бастысы, барлық оқу материалында – мәтін, жаттығу, түсініктемелерде (комментарий) және т. б. 

ескерілуі керек. Яғни орыс тілінде кездеспейтін немесе айтылуы жағынан да, формалары жағынан да 

бірден көзге түсетін фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін үйренуге баса 

назар аудару қажет. Мұндай жағдайда мәтіндерге арнайы іріктеу жүргізіледі, тіларалық интерфе-

ренцияны нәтижелі аяқтау үшін соған сәйкес жаттығулардың топтамасы жасалады.



Қазақ  тілін  меңгерудің  бүкіл  саласындағы  жаттығулардың  жетекшілік  рөлі  қағидаты.  ЖОО 

арналған қазақ тілінің компьютерлік курс бағдарламасы оқытушылар мен оқушыларды мемлекеттік 

тілді практикалық жағынан меңгеруіне бағыттайды. Басқаша айтқанда, студентті коммуникацияның 

ауызша түрімен және мемлекеттік тілдегі құжаттармен жұмыс жасағанда, ең бастысы, жаңа пайда-

лы ақпар алатындай етіп оқыту қажет. Осы міндеттердің астарында бұл қағидаттың іске асырылуы 

өте маңызды мәнге ие болады. Мемлекетік тілді меңгеру саласында оқыту деңгейіне жету, негізінен, 

жаттығу  жұмысы  кіретін  жаңа  тілдік  стереотиптер  құру  қажеттілігімен  байланысты.  Тек  бірыңғай 

тілдік  бірліктер  мен  олардың  комбинацияларының  бірнеше  рет  қайталануының  нәтижесінде  ғана 

оқытылатын тілдік қатынас құралы ретінде қолданылатын мықты іскерлік пен еп-дағдылары жасалады.

Қазақ  тілін  оқытудың  компьютерлік  бағдарламасы  оқушылардың  қандай  да  бір  сұрауларына 

жауап бермесін, мемлекеттік тілдегі оқу-тәрбие үдерісінің әрбір бөлігінде сол немесе өзге жаттығу 

жұмыстары көлеміне немесе ұзақтығына байланысты басты назарда болады. Тек дұрыс құрастырылған 

жаттығулар  топтамасы  ғана  оқыту  үдерісін  мақсатты,  коммуникативті  және  нәтижелі  ете  алады. 

Сабақты жаттығуларсыз оқыту қазақ тілі туралы құрғақ сөзге, негізгі мазмұны тілдік формалар бо-

лып табылатын таза схоластикалық сабаққа айналады. Рас, соңғы айтылған мәселе де жаттығу болып 

табылады. Алайда коммуникативтік тілдік жаттығулар ЖОО-да қазақ тілін жаңаша оқытудың 



тірегі болып тұрған кезеңде, оның алатын орны өте қарапайым, ал көлемі шағын болуы керек.

Мемлекеттік  тілді  оқыту  әдістемесі  жалпы  қағидатының  мәнін  жалпылама  түрде  қарастыру 

екінші қатардағы әдістеменің жекелеген қағидаттарын қысқаша түрде сипаттауға мүмкіндік береді. 

Оған мыналарды жатқызуға болады:

1. Сөйлеу үлгілерінде оқыту қағидаты;

2. Тілдік жаттығулардың сөйлеу практикасымен үйлесу қағидаты;

3. Сөйлеу қызметі негізгі түрлерінің өзара байланысу қағидаты;

4. Өзге тіл қызметінің апроксимация қағидаты (орыс тілін қолданушылар мен орыстілді тілдік 

ортаның  әсерімен  ассимиляцияға  түскен  қазақтардың  белгілі  бір  бөлігі  үшін  қазақ  тілі  аталған 

қағидат бойынша «шет тілі» ретінде қарастырылады);

5. Оқу материалының кәсіптік бағытталу қағидаты;

6. Оқуды бастапқы үйретудегі ауызша озу (ілгерілеу) қағидаты.

Осы айтылғандар компьютерлік технология көмегімен қазақ тілінің оқытылуын ұйымдастыруды 

жүзеге асыратын жалпылама қағидаттарды дамытады және нақтылайды деген түйін жасауға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет