Әдебиеттер тізімі
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, Астана, 2012.
БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Калибекова Р. О.
Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы
лингвистикалық бағыттағы ЖББ №16 орта мектебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мұғалімдер сыни түрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғысы келсе, өздерінің де
сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларды қабылдауға да дайын болуы керек. Яғни,
мұғалімдерге сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде тиімді пайдалану қажет. Ақпараттық тех-
нологиялар мұғалімдерге сабақ беруіне көмектесетін маңызды құрал. АКТ арқылы оқушы пәнді терең түсініп,
алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана алады.
Аннотация
Если учитель желает помочь ученикам стать личностями с развитым критическим мышлением, то ему
самому необходимо иметь критическое мышление и быть открытым для новых идей. Это значит, что учителя
должны использовать на уроках цифровые технологии и ИКТ. ИКТ являются значимым инструментом, помо-
гащим учителям в преподавании, позволяя им облегчить объяснение. С помощью ИКТ ученики совершенствуют
свои знания и могут использовать навыки вне школы и во всех аспектах жизненных ситуaций.
Abstract
We want to argue that if traditional transmission style teachers want to help pupils to become critical reflective thinkers then
teachers too will also need to become reflective critical thinkers themselves and open their minds to new ideas. It means that the
teacher must utilize the new technologies. These new technologies provide powerful tools to help hew teachers make scientific c
concepts more accessible to learners. With new technologies a pupils had perfecting your cognition in more situation.
198
Ақпараттық технологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды жеңіл түсінуге, қабылдауға
мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруіне көмектесетін маңызды құрал. Ақпараттық техноло-
гияларды игеріп, ақпаратты пайдалануға қол жеткізген әрбір оқушы өзінің күнделікті ақпараттық
қажеттілігін қанағаттандыра алады, әлеуметтік өмірге белсенді түрде қатысады. Оқушының сынып-
тан, үйден шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі
тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер
шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндігі бар [1, 61-б].
Технологиялық пен пәндік білімдердің тәсілдерін әр сабақта қолдану арқылы оқушылардың
«ішкі уәж»қасиеттерін, сабаққа деген ынтасын арттыруға болады [1, 63-б]. Шет тілін үйреніп жатқан
оқушылар сөйлеудің ғылыми стилін шебер қолдануды қажет етеді. Сондықтан неміс тілі сабағында
оқушылар АКТ арқылы оқудағы визуалдандыру дағдыларын дамыту керек деп санаймын. Яғни
оқушылар сабақтарда үлгілер мен аналогтарды пайдалану арқылы негізгі ғылыми идеяларды ви-
зуалдандырады. Негізгі ғылыми идеяларды қолдану арқылыоқушылар тәжірибелік жұмыстарына
болжамдар жасап, айғақтар келтіреді.
Дерексіз идеяларды суреттеу және елестету үшін де неміс тілі сабағында үлгілер мен аналогтарды
пайдаланамыз. Бұл әдістерді сабағымның әлді жағы ретінде қарастырып, оқушыларға да өздерінің
үлгілерін бірлесіпжасауға мүмкіншілік беріледі. Оқушылар үшін үлгілерді пайдалану ғылымы
оқудағы ең күшті құрал болып саналады. Үлгілер дерексіз идеялар мен қиын байланыстарды нақты
елестетуге көмектеседі. Бұл нақты елестетулер шет тілін екінші тіл ретінде оқитын оқушылар ғылымда
өз мүмкіндіктерін ашып, ғылыми сауаттылығын дамыта алады. Мысалы: мәтіндерді тыңдап түсінуде,
сөздік қорын кеңейтуде және жобалауда.
Жобаларды іске асыруда Интернет пен Халықаралық Интернет жобалар таптырмас құрал ретінде
оқушыларға көмек береді. Олар балалардың өзін өзі дамыту және жаңа істі меңгеруге зор ықпалын
тигізеді. Оқушылар сабақта түрлі зерттелген мәліметтерді пайдаланып, гипотеза ұсынып, жобалар-
ды іске асырып,серіктестікке, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйренеді.
Мультимедиа өнімдеріарқылы оқушылардың оқудағы танымдық қабілеттерін дамытып,
пәнді түсінудегі; ақпаратты есте сақтау мен толықтырудағы; мәтінді оқудағы; жазудағы; ойлау
қабілеттеріндегікедергілерді жоюға болады.
Сабақта оқушылардың мәтінді оқуына және ережелерді дұрыс түсінуіне көмек
ретіндефотосуреттер, компьютерлік анимациялар,электрондық кітаптар, мүмкіндігінше энцикло-
педиялар мен компьютерлік фильмдер қолданылады. Бұл өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік,
графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады [2, 25-б].
Электронды оқулықтардынеміс тілін оқытуда оқу ақпаратын тасымалдаудың құралы ретінде
қолданамыз. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық мате-
риалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға
сілтемелер беріледі. Электронды оқулықтар шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді, дәстүрлі
оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі, қысқа мәтіндермен қатар
көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, әрбір дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп,
олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді, белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеру-
ге мүмкіндік туады [3,19-б]. Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялардың көмегімен
шет тілін тиімді үйрену үшін жасалған әдіс, сөйлеуге үйрету жүйесінің тиімділігін арттырады, әрі
оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада
игеруге мүмкіндік береді.
Сандық технологиядарды қолдану арқылы сабақта балалар ақпараттың орналасқан жерін
анықтап, ұйымдастырып, түсініп, бағалай алады. Сандық құралдарды пайдалана білу сыни тұрғыдан
ойлауға, әлеуметтік түсініктің қалыптасуына көмектеседі.
Сандық технологиялардың көмегімен оқушылар неміс тілінде сөйлейтін елдер туралы ақпараттар
жинақтап,салыстырып, үлгілейді. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін бұл
елдердің тарихын, мәдениетін, тұрмыс-салттар туралы бейнеақпараттарды бақылап, тыңдап, дәлелдер
жинастырып, талқылап, ұқсастықтар мен айырмашылықтарын салыстырып, зерттейміз. Сұрақтар
туындаған жағдайда оқушылармен ынтымақтаса интернет көмегіне жүгінеміз. Оқушылар табылған
ақпараттардан қажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы сыни тұрғыдан ойланады.
Балаларды оқу кезінде өзге балалар мен қоршаған ортаның бай тәжірибесімен нақты уақыт
тәртібінде қамтамасыз етуге тырысамын. Сабақтарда оқушылар видеоконференциялар, онлайн
сабақтар, чаттар, форумдармен электронды пошта арқылы тілдесе алады.
Мысалы – «Хат алысу» сабағында оқушылар интернет желісі арқылы Германия елінің балалары-
на электронды пошта арқылы хат жіберуді үйренді. Оқушылар хат жіберудің бірнеше кезеңдерін
қарастырды: ашық хаттыңтүрін таңдады, оған өз қаласы, мектебі, сыныбы жайлы ақпараттарды
жүктеді, электронды пошта арқылы бір-біріне жіберді, ол хаттарды 1 ай бойы өзі қатарлы неміс бала-
лары оқиды, оқушылар электронды пошталарына неміс тілінде келген алғыс хаттарды оқып түсінді.
199
Оқушылар Германия балаларымен ынтымақтастыққарым-қатынас орнатып, бос уақыттарында осы
қабілеттерін қолдана алады, тілдерін жетік дамыта алады.
E-mail бағдарламасы электрондық хат қолданудың жеңіл жолы. Электрондық хат алмасу қағазға
жазудан қарағанда тезірек, ыңғайлы және және арзан. Оқушылар электрондық хат алмасуды
түрлі мақсатта қолданады: бір тақырып төңірегінде пікірлесіп, кейін сол мәліметтерді жинақтап,
жобалайды.
Өзгеріс үстіндегі әлемде АКТ-нің ықпалын неғұрлым көбірек сезінсек, сабақта нақты әрекетке
негізделген кері байланысты қамтамасыз етуге болады. Компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің
білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады. Онлайн тестерді оқу материалын
бекіту үшін қолдануға болады. Мұндай тестер оқушылардың жіберген қателерін түзетуге, талдауға
мүмкіндік береді.
Интернет желісі арқылы балалар түрлі олимпиядаларға, байқауларға қатысып отырады.
Қазіргі компьютерлік және басқа электрондық құрылғыларда қолданылатын «сақтау» мүмкіндігі
бейнетаспаға түсірілгенсабақтарды, пікірталастарды интерактивті тақталардың көмегімен қайтадан
қарап шығу үшін және бақылау мен түсіну дағдыларын қайтадан қолдану үшін маңызды рөл
атқарады.
Мұғалімдердің өткізген сабақатарын айқын көрудің тәсілі – бейнетаспаға түсірілген сабақ түрі бо-
лып табылады. Сабақтың өзіне қатысқаннан көрі бейнатаспаға түсірілген сабақты бақылау әлдеқайда
тиімді. Себебі, сабақты кез-келген жерінен тоқтатып, сабақтың кез-келген жерін талқылауға
мүмкіншілік бар. Қорыта келгенде бейнетаспаға түсірілген сабақтың көптеген жағымды жақтарын
көруге болады.
Бір тақырыпты бірнеше сыныпқа берілген кезде, әр қайсысын жеке бейнетаспаға түсіріп алуға ты-
рысамыз. Сөйтіп кеткен кем-кеттіктерімді жөндей аламыз. Сонымен қатар оқушылардың қай сабақта
белсенді, қай тақырыпта белсенсіз екенін анық бақылап, сыныптарды бір-бірімен салыстыра аламыз.
Осы тұрғыда мынадай сұрақ туындауы мүмкін «Мен ертең не істеймін? Сабақтарымды қалай бір-
бірімен байланыстырамын? Ұсынылып отырған стратегияны оқушылар өз беттерімен меңгерді ме?»
Әр сабақ барысында бір оқушыны қайта-қайта бейнетаспаға түсіру арқылы оның барлық
сабақтар барысында өскенін немесе төмендегенін көре аласыз және сіз аталған баланың іс-әрекетін
басқа мұғалімдермен де талқыға сала аласыз.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану арқылы қандай да болсын шет тілін оқып-
үйренуге болады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар оқушылардың
берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде
оқытушының алдында сабақ айтып, баға алатын оқушы енді компьютердегі жұмысын орындап
болған соң, баға алу үшін оқытушыға бірден бармастан, компьютерге орнатылған бағдарламалардың
көмегімен өз жұмысының деңгейін бағалай алады [4, 11-б]. Яғни, компьютер өзінде бар бағдарламалар
арқылы белгілі бір жағдайларда ұзақ уақыт бойы оқытушының қызметін атқара алады. Егер оқыту
бағдарламасы бір сағатқа есептелсе, онда оқушы оқытушының көмегінсіз бір сағат бойы сабақ
оқып, жаңа оқу материалын меңгере алады. Тіптен, компьютерлік бағдарлама аясында оқушыға
дәстүрлі оқыту жүйесіндегі оқытушыдан да тиімдірек әдістермен, әсерлі және көрнекі мысалдар-
мен оқу материалын егжей-тегжейлі игеруіне жағдай жасалады. Мұнымен қоса, оқушының жеке
қызығушылықтары мен қабілеттерін тереңірек ашуына мүмкіндік туындайды.
Интернет әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар жайлы мәлімет алудың тез және ең оңай
жолы. Интернеттің көмегімен оқушылар жаңалықтар өзегімен қамтамассыз етуге болады. Қазіргі
таңда көптеген газеттердің жеке WEB парақшалары бар. Сонымен қатар WEB газеттер түрлі
бөлімдерге бөлінеді: мәдениет және өнер, сауда, экономика, спорт, жарнама, ауа райы жаңалықтары.
Оқушылар WEB газеттер арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтармен жиі хабардар болып оты-
рылады. Әсіресе баспамен тікелей қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін сайттармен. Бұл
арқылы оқушылар оқыған мақаласы жөнінде өз ойларымен бөліседі. Оқушылар екі – екіден неме-
се үш – үштен бөлініп, мақаланы зерттеуге тапсырма алады. Бұл әдіс балалардың қызығушылығын
арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысуына үлкен ықпалын тигізеді. Дарынды оқушылар күрделі
мақаламен жұмыс жасап, белгілі бір оқиғаға байланысты өзінің жеке тұжырымдамаларын жасай-
ды. Мақалаларды зерттеудегі мәдениаралық біліктілікті дамыту арқылы оқушы мәселені терең
меңгеріп, өз ойын жеткізе алады және сараптама жасайды. Неміс тілі сабағында оқушылар «Juma»,
«Kiki», «Deutschland» және т. б. газет-журналдарға шолу жасайды.
Неміс және ағылшын тілдерін оқитын оқушылар бірлесіп мектеп пен осы екі тілге қатысты
ақпараттар жинақтап, веб-сайттардың тұсаукесерлерін өткізіп тұрады. Оқушылар ақпараттар ғана
жинақтап қоймай, сонымен қатар өз подкастарын да құрып үйренді. Подкастар арқылы оқушылар
белгілі бір дағдыларды үйренді: өз пікірлерін білдіруге, өз жұмыстарын мыңдаған адамнан түратын
әлеуетті аудиторияға көрсете алады. Балалар өз жұмыстарымен бөліскенді ұнатады.
200
Қорытындылай келгенде, ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін
қолданудың мұғалім үшін берер тиімділіктерінің маңызы өте зор: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде
жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды
қолдану іскерлігі, әдіс- тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады, мектептегі
басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру арқылы ұжымның ұйымшылдығының ұйтқысы бола
алады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс- тәжірибе алмасуды қалыптастырады және
оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді, мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп
өткізуге машықтанады.
Әдебиеттер тізімі
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей.
2. Щукина Г. И. Педагогические проблемы формирования позновательных интересов учащихся. М.
Педагогика, 1998.
3. Нұрғалиева Г. Қ. Электрондық оқулықтар- мұғалім мен оқушы арасындағы әрекеттестікті гумани-
зациялау құралы. Алматы. 2002.
4. Қазақстан мектебі, № 11, 2009.
ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Касенова Г. Т.
Химия–биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Павлодар қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Аталған мақалады функционалдық сауаттылық ұғымына педагогикалық тұрғыдан анықтама беріледі, та-
рих сабақтарында қолданылатын нақты әдіс-тәсілдер мен мысалдар арқылы оқушы бойында қалыптасатын
құзыреттіліктерге жету және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары көрсетіледі.
Аннотация
В статье анализируются педагогические подходы в исследовании проблемы формирования функциональной
грамотности учащихся на уроках истории, а также обозначены основные признаки и охарактеризованы возмож-
ные условия формирования функциональной грамотности учащихся.
Abstract
The paper analyzes the pedagogical approaches to students’ functional literacy formation problem at history classes, the
main features are highlighted and there are described possible conditions of students’ functional literacy formation.
Бүгінгі таңда әлемдік білім беру кеңістігіне кіру үшін қазақстандық білім беру жүйесінің алдын-
да, мұғалімдердің алдында маңызды да салиқалы міндеттер тұр. Біздің мектептеріміз беретін білім
теориялық жағынан мықты, оған балаларымыздың халықаралық жарыстардағы жүлделі додалары
куә бола алады. Бірақ алған білімдерін нақты өмірлік жағдайларда қолдану мәселесіне келсек, бұл
қажетті дәрежеде шешілмеген өзекті тақырыптардың бірі. Осы мәселені шешу үшін «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды [1,
3-5-б].
Осы міндетті жүзеге асыру барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспардың мақсат, міндеті нақтыланып жасалды.
Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін төмендегідей
кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар
кешені. Бұл кешен Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары
ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында жасалатын іс-
шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелілігін негізге ала отырып дайындалған.
201
Жалпы функционалдық сауаттылық дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық
факторы. Бір сөзбен айтқанда, заман ағымына сай жан-жақты болуы. Адам жасына, мамандығына
қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық
сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, өз пікірін білдіре және өзгенің пікірін тыңдай
алу, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік. Мектеп алдына қойылған
міндет – Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын
қалыптастыру, білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизімдерін бөліп
көрсетеді. Олар:
• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
• оқыту нысандары мен әдістері;
• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
• мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
• мектепті басқару моделі;
• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру
ортасының болуы;
• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Оның алғашқысы – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Яғни мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім
білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу
үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңдіруі керек. Олар:
–басқарушылық – мәселені шешу қабілеті; ақпараттық – өз бетінше ақпараттар көздері арқылы
үнемі білімін жетілдіріп отыруы;
–коммуникативтік – үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын шет ауызша, жазбаша қарым-қатынас
жасау;
–әлеуметтік – қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті; тұлғалық – өзін жеке
тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған
кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу;
–азаматтық – қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп,
Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі;
–технологиялық – әр азамат өз мамандығына қарай ақпараттық технологияларды, білім беру
технологияларын сауатты пайдалануы. Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен
қатар пәндік құзыреттіліктерді әр пәннің мазмұны арқылы меңгеруі тиіс [2, 2-3-б].
Жалпыға білім беретін орта мектеп стандарты негізінде жазылатын мектептердегі оқулық
жоғарыдағы айтылған құзыреттіліктерді басшылыққа ала отырып дайындалуы тиіс. Ал бүгінгі
оқулықтар аталған құзыреттіліктердің барлығын толық қамтиды деп айту қиын.
Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың екінші механизмі – оқыту нысандары мен
әдістері. Оқыту нысандары мен әдістері арқылы әр сабақта оқушы бойында басты құзыреттілікті
қалыптастырамыз.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің
рөлі зор. Соның ішінде Қазақстан тарихының алатын орны ерекше. Оқушыларға құқықтық және
патриоттық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мәдениетін қалыптастыруда Қазақстан тарихын
қуатты құралдардың бірі ретінде қолдануға болады.
Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен жете
танысып, білімін кеңейтеді. Отан тарихын жетік меңгеріп, кез-келген тарихи оқиғаға баға бере ала-
тын оқушы, қандай да болмасын қоғамдағы құбылысты түсініп, өзінің функионалды сауаттылығын
көрсете алады.
Отан тарихы – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Тарих арқылы біз оқушыларға
ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді дарытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан
соң мектеп. Тарих пәні балаға теориялық білім беріп қана қоймайды, ол ең алдымен өмірге деген
көзқарас қалыптастырады, тәрбиелейді. Қазақ тарихындағы оқиғаларды білу арқылы тәуелсіздікді
ұлағаттайды, болашағын болжап, өткеніне баға береді.
Тарих сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың бір түрі
топтық жұмыс арқылы жүзеге асады. Топпен жұмыс формасын қолданудың өзі оқушының шағын
қоғамға бейімделіп, өз ойын білдіріп, өзгенің ойымен санасуға жағдай туғызады. Атап айтсақ,
оқушылар бір-бірімен ой бөліседі, бір-бірінің айтқанына құлақ салады, қандай да бір мәселе бой-
ынша ортақ пікірге келеді, бір-бірінің жағымды қасиеттерін топ мүддесіне пайдаланады. Топ бас-
шысын тағайындауда тұлғалық, басқарушылық және коммуникативтік құзіреттіліктер қалыптасады.
202
Топтық жұмыс арқылы басты құзыреттіліктер әр сабақта қозғалады: топ басшысы болу арқылы
басқарушылық құзыреттілік; мұғалімнің берген ақпаратын өңдеу, орындау және сұрыптау арқылы
ақпараттық құзыреттілік; топта қарым-қатынас орнатуда коммуникативтік құзыреттілік жүзеге
асырылады.
Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлауға бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылар бір
мәселенің бірнеше шешімі бар екендігіне көздері жетеді. Сабақтарымда белгілі бір тақырып бой-
ынша суреттерді топтастыру, үш кілт сөз арқылы сабақты қорытындылау, сурет негізінде әңгіме
құрастыру, жорықтарға өз жоспарын құру, ханға алғыс айту үшін хат жазу және тағы да басқа тап-
сырма түрлері қолданылады. Мысалы: 8-сыныпта «Кіші жүздің Ресей құрамына кіруі» тақырыбын
өткенде оқушылар Анна патшайымға Әбілқайырдың атынан «қазақ жерлерін қамқорлыққа алу»
туралы хат жазады, 9-сыныпта 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбын өткенде «менің патша
үкіметіне талаптарым» деген тапсырма орындайды, сонымен қатар, дүние жүзі тарихынан «мына
суреттерге қарап, әңгіме құрастыр», «суреттерді тақырып бойынша топтастыр» деген тапсырмалар
орындайды.
Диалогтық оқыту тәсілі арқылы оқушылар пікір алмасуға, бір-бірінің ойын толықтыруға және
жетілдіруге дағдыланады. Сабақтарымда жұппен орындайтын тапсырмалар осы дағдылардың
жетілуіне жол ашады. Нақтырақ тоқталсам, 8-сынып оқушылары белгілі мәтін бойынша жұппен
біреуі сұрақ қояды ал екіншісі сұраққа жауап береді, содан соң орындарымен ауысады; кестенің бір
бағанын біреуі екінші бағанын екіншісі толтырып, үшінші бағанды бірлесіп толықтырады. Алған
білімдерін өмірде қолдануға, ой өрісін дамытуға, өз білімін бағалауға бағыттайтын тәсілдердің
бірі – сабақтарда, сабақтан тыс уақытта шығармашылық тапсырмалар орындау. Шығармашылық
тапсырмалардың тарих сабақтарында көрініс қою, коллаж жасау, эссе жазу, модель жасау, зерт-
теу жұмысын жүргізу, жобалау, сурет салу сияқты түрлерін қолданамын: Қазақстан тарихынан
«Ақырақай шайқасы» тақырыбына сурет салды, дүние жүзі тарихынан «Германия» тақырыбына
«Германияның бүгіні мен ертеңі» тақырыбына коллаж жасады, «Анна патшайымға Әбілқайырдың
жіберген елшілері» атты көрініс қойып, оқушылардың шығармашылық қасиеттері дамыды.
ХХІ ғасыр жылдам өзгермелі технология заманы болғандықтан оқушы бойындағы ақпараттық-
коммуникативтік құзіреттілікті әр пән мұғалімі дамытуға үлесін қосуы қажет. Мысалы: 9,11-сы-
ныптарда дүние жүзі тарихынан «Гитлер и Муссолини», «Битва под Верденом», «Гиперинфляция
в Германии» және тағы да басқа деректі фильмдерді көріп, оқушылардың ойын ортаға салдық;
интербелсенді тақтадан картамен жұмыс жасап, Қазақстан тарихынан «Кеңес үкіметінің орнауы»
тақырыбында бейбіт жолмен және көтеріліс арқылы орнаған қалаларды көрсетті; «Көшпенділер»
фильмінен үзінді көріп, қазақ-жоңғар шайқасы туралы «Аңырақай шайқасын «Ұлы бетбұрыс»
деп атауға бола ма?» деген эссе жазды. Жалпы сабақтарда заман талабына сай жабдықталған
интербелсенді тақта мен әлеуметтік желілердің қажетті тұстарын тиімді пайдалануымыз керек.
Ұстаздар оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды оқушының өз қолына
беріп, өзі бақылаушы және бағыт беруші болуы керек. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйретуге
бағытталған білім беру жүйесі мұғалімді ең бастысы қалай оқу керектігіне үйретеді, ал мұғалім
оқушыдан да қалай мәселені шешу керектігін, қалай оқу керектігін түрлі әдістер арқылы түсіндіріп,
талаптануға және өмір бойы білімденуге дағдыландыруы қажет.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі – оқу
нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Яғни бағалау жүйесі функциональдық сауаттылықта сырт-
тай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын
диагностикалау және мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асыры-
луы тиіс. Ал сырттай бағалау – әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің
нәтижелеріне сәйкес, сондай-ақ халқаралық зерттеулерге қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
Нақтырақ айтар болсақ, сыртқы бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей
бағалау көбіне білім алушыларға қатысты. Сонымен қатар, білім алушылардың өзін-өзі бағалауы,
ұйымдастыруы, жетілдіруі және жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Бұл
жоғарыдағы аталған басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық,
пәндік құзыреттіліктерді білім алушы бойына дарытады. Оқушы оқыту үшін бағалау арқылы, өзіне
баға беру арқылы, өзінің қай жерде тұрғандығын анықтап, қай бағытта дамуы керектігіне жол сала-
ды. Өзін бағалау өзгені де бағалауға түрткі болады.
Ал функционалдық сауаттылықтың төртінші механизіміне тоқталар болсақ, оған қосымша
біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады. Бұл мәселе біздің мекеме-
лерде толыққанды жүзеге асып отырғандығы белгілі. Қосымша білім мен мектептен тыс
сабақтарды ұйымдастыруда ең бастысы заман сұранысы ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың
қызығушылықтары ескерілуде. Баланың жан-жақты дамуы мен сұранысын қанағаттандыратын
үйірмелер ұйымдастырылған: «Көшбасшылар мектебі», «Дебат клубы», «Конструктор жасау клу-
бы», «Кино және медиа», «Нонатехнология», «Биотехнология», «Робототехника».
203
Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші механизмі – мектепті басқару моделі. Бүгінгі білім
беру жүйесінде қазақстандық мынадай мектептер бар. Олар: жалпы білім беретін орта мектеп, гим-
назия, лицей, дарынды балаларға арналған мектептер, Назарбаевтың зияткерлік мектебі т. б. Осы
мектептердің басқару жүйесі, оқу бағдарламалары, оларда оқытылатын пәндердің оқулықтары, онда
оқитын оқушылардың білім сайыстары бір-бірінен ерекшеленіп, бүгінгі қоғам талап етіп отырған
үрдістен шығуы тиіс.
Алтыншы механизмі – барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы
білім беру ортасының болуы. Бұл мәселедегі жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу
орындары, түрлі ғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісімшартқа отырып, мектеп
оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда әріптестік қарым-қатынас
орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі
дайындайтын маманның деңгейін, қабілетін, дарынын алдын-ала анықтап, болашақта жүргізілетін
жұмыстарын жоспарлап, білім алушыларға кредиттік жүйенің ерекшеліктерін, мақсат-міндеттерін
алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт
беру.
Функционалдық сауаттылықтың жетінші механизімі – ата-аналардың балаларды оқыту
мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ана бала бойына жас кезінен адами
құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде
функционалдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жа-
сап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың баласының ерекше
қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойы-
на рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек
беретін функциональдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Білім мен тәрбие егіз, баланы
тәрбиелейтін мектеп емес, ең бастысы ата-ана. Баланың білімі мен тәрбиесіне жауапты ата-ана деген
қағиданы бүкіл қоғамға ұғындыру қажет.
Мектептегі мұғалім ұлттық жоспарды орындаушы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын
жетілдірудің басты шарты мұғалімнің өзінің өмір бойы білімденуінде. Мұғалім тек өз пәні бойын-
ша білім беріп қана қоймай, алған білімін өмірде қолдануға және әр саладан өз білімін өмір бойы
жетілдіруге бағыттауы керек. Жетістікке жетудің басты критерийі кез-келген ортаға бейімделе ала-
тын, бәсекеге қабілетті, кез-келген мәселені сын тұрғысынан ойлап шеше алатын, жүрегі Отан деп
соғатын функционалды сауатты тұлғаны тәрбиелеу [3, 8-б].
Мұғалім төмендегідей қағидаларды есінде ұстауы қажет: баланың бойындағы құмарлығын,
қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен
мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру; білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы
жағдай жасау; өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. Мұғалім бала бойындағы шығармашылық
сапалардың болатындығын мойындап, әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, әсіресе
дәстүрлі оқытудың белгілерінен арылуы қажет. Міне, осындай күрделі де қызықты бағдарламаны
жүзеге асыру біздің басты міндетіміз [4, 15-б].
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тарих сабақтары
алған білімдерін өмірде қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және
ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну, өзінің ойын еркін жеткізе
білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, тұлғааралық қарым-
қатынас пен әлеуметтік қатынастарда маңызды мәселелерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз
етеді.
Ойымды қорытындылай келе, жаңа заман оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық
қоғамның өзгермелі жағдайларына бейімделген, жүйелі білім негіздерін тәжірибелік іс-әрекеттерге
ұштастыра алатын, функционалды сауатты, өзін-өзі реттеуге және дамытуға, өзіне және қоғамға пай-
далы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |