Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет58/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72

Орташа – бала өзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп аз тұтығады;

Ауыр – бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи ілеспелі қимыл-қозғалыстар байқалады.

Тұтыққан адамда ойын жеткізу үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда 

болу құбылысы логофобия (вербофобия,социофобия)

Тұтығатын балаға тән белгілер:

 

–  қорқақтау, ұялшақ, көңілсіз;



 

–  тынымсыз, ашуланшақ, әлсіздік;

 

–  дене қимылдары бұзылысы;



 

–  жүріс тұрыстағы ыңғайсыздық, епсіздік (Шостак бойынша);

 

–  қозғалыстағы нашар үйлесімділік;



 

–  ілеспелі жалғас қимылдар (эмболофразия);

 

–  бала бойындағы тырысу (клоникалық, тоникалық, аралас);



 

–  тарылу бойынша (дем алу, дыбыс шығару, артикуляциялық, аралас);

 

–  тілдің дірілдеп, қалтырауы, сіресуі;



 

–  қозғалысы баяулап, денесінің сіресіп қатып қалуы;

 

–  мінезіндегі селқостық [2;70б]



Тұтығуды емдеудің барлық әдістері әдіснамалық бағыт және терапиялық іс- әрекет негізінде әр 

түрлі типтерге бөлінеді:

•  Логопедиялық

•  Психологиялық

•  Психотерапиялық

•  Логопсихотерапиялық

•  Социореабилитациялық

•  Медикаментозды

•  Физиотерапиялық

•  Кешенді

•  Дәстүрлі емес [3;57б]

Тұтығуды  жан-жақты,  кешенді  тексеру  қажет.  Олар:  медициналық,  логопедиялық  және 

психологиялық.

Медициналық тексеруді дәрігер психоневролог немесе невропатолог жүргізеді. Мұнда баланың 

туған кезінен бастап дамуындағы ерекшеліктерінде анықтайды.

Логопедиялық тексеру:

1. Тұтығудың себептері мен түрін, баланың сөйлеу жылдамдығын анықтау;

2. Ата-анасымен әңгімелесу арқылы баланың сөйлеу тілі мен жалпы дамуының тарихын білу;

3. Баланың айналасындағы сөйлеу ортасын білу, жанұя жағдайымен танысу;

4. Тұтығуына баланың өз реакциясының қалай екендігін білу;

5. Дыбыс шығаруындағы кемшіліктердің пайда болуы;

6. Тұтығатын баланың сөйлеу тілі дамуының жалпы деңгейін белгілеу [1;42б] 

Қазіргі кездегі тұтығудың алдын алу және оларға көмек ету әдістері:

1.  Медициналық.  Ол  баланың  жүйке  жүйесінің  функциясын  қалыпты  жағдайда  болуына 

мүмкіндік береді және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар 

жасайды.


2.  Психотерапиялық.  Ол  баланың  тұтығусыз  сөйлей  алатынына  сендіру.  Бұл  бағыттағы 

жетістіктерге  құрбыларын,  тәрбиешілерін  немесе  ата-анасын  қатыстыра  отырып,  баланың 

көңіл аударуын бөліп, белгілеу.

3. Логопедиялық. Бұл ұзақ уақыт бойына (8-9 ай) жүйелі түрде жүргізілетін түзету сабақтар 

курсы.

4.  Логопедиялық  ритмика.  Ол  әр  түрлі  жаттығулар  мен  ырғақтар  н/е  балалардың  сөйлеуіне 



байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады.

5.  Тұтығатын  баланың  жеке  басына  қоршаған  ортасының  әсер  етуі.  Бұл  түзету  –  тәрбие 

жұмыстарының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.

6. Баланы тұтығудан алдан ала сақтандыру;

 

–  баланың тілі шыға бастаған кезде оның тілін қолданбай, ересектер тілінше сөйлесе бастау;



 

–  баламен асықпай, анық және дұрыс сөйлесу;

 

–  психикалық, денелік жарақаттар алудан сақтау.



Тұтығатын балалардың сөйлеу тілінің қалыпқа келтіру жетістігі негізгі үш тапсырма бойынша 

жүзеге асады:

•  Сөйлеу тілін қалыптастыру;


373

•  Тұтығатын балаларды тәрбиелеу.

•  Тұтығудың әр деңгейіне сәйкес алдын -алу шараларын ұйымдастыру

Зерттеу әдетте үш кезеңнен тұрады:1)анамнестикалық мәліметтер жинағынан; 2)сөйлеу тілі және 

моторикасы зерттелуінің жай күйінен ; 3) тұтығудың жекелік ерекшеліктерін оқыту.

Баланы мөлшерден тыс көп сөйлетуге де болмайды, өйткені мектепке дейінгі жастағы баланың 

сөйлеу  мүмкіндігі  шектеулі.  Оның  сөздік  қоры  аз,  сөйлеу  дәрежесі  жеткілікті  дамымаған,  тілдің 

грамматикалық формаларын жеткілікті меңгермеген.

Баланың 4 жастан кейін артикуляциялық аппараты бекіп, сөйлеудегі дыбыстарды толық айта ала-

тынын естен шығармаған жөн. Жанұяда балаға кітап оқып бермеу, оқығанын айтып бермеу, дұрыс 

сөйлемеген жерінде түзетпеу де үлкен зиян келтіреді. Мектепке дейінгі баланы кинотеатрға апаруға 

болмайды, мысалы, 1,5 сеанс бала үшін өте ұзақ.

Кейде балаларда тұтығу қорыққаннан пайда болады. Баланы қорқытатынын біле тұрып бөлмеде, 

қараңғыда,  т.  б.  жерлерде  жалғыз  қалдыруға  болмайды.  Балаға  қорқыныш  себептерін  түсіндіріп 

отыру  керек.  Бөлмеде,  үйде  қалдыру  үшін  жиһаздардың  асты-үстін,  бөлменің  бұрыш-бұрышын 

көрсетіп, қорқатын жағдайдың болмауына көзін жеткізу керек. Егер бала иттен, мысықтан қорқатын 

болса, оларға жақындатып, қолынан тамақ бергізіп үйрету керек.

Сол қолымен жұмыс істейтін балалар ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Өйткені олардан оң 

қолымен істеуді талап ететін болса, кей жағдайда балада тұтығу пайда болады [4;36б]

Тұтығатын балаларға жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстары:



1. Мимикалық жаттығулар жүргізу процедурасы

а) қасты қозғалту(«таң қалу»);

б) көзді сығырайту («жарық күн»);

в) мұрынды жиыру («қышқыл лимон»);

г) күлімдеу («көңілді клоун»);

д) бетті томпайту («толық қызанақ»);

е) ерінді алға қарай шығару(«ысқырық бейнесі»)

  «Зіл темір» жаттығуы

Алға  қарай  тізерлеп,  ауыр  зіл  темірді  көтерген  кейіп  танытамыз,  алдымен  оны  кеудемізге 

көтеріп,содан кейін басымыздан жоғары көтеру.

Жаттығу  10-15  секунд  жүргізіледі.  Қол,  аяқ  бұлшық  еттеріне  түскен  салмаққа  зейін  қою.  «Зіл 

темірді тастап» алға қарай еңкейіп, қолдарды бұдан кейін босату. Жеңілденген сезімге көңіл аудару, 

зейін қою.

  «Дым білмес» жаттығуы

Мимикалық және артикуляциялық бұлшық еттерге арналған релаксационды жаттығулар

1. Басымызды жаймен артқа қарай бұрып, мойын бұлшық етін 10-15 секундқа ұстап тұру. Осы 

кездегі алған әсеріңе көңіл бөлу. Жаймен басымызды алға бұру.

2. Қабағымызды қатты 10-15 секунд түйіп, көзіміздің арасына түскен ауырлықты сезіну.

3.  5-10  секундқа  тісімізді  бір  бірімен  қатты  қосып,  тістену.  Осы  кездегі  астыңғы  және  үстіңгі 

жаққа түскен ауырлықты сезіну.

4. Тілімізбен үстіңгі тісімізді 10-15 секунд итеру, тілге түскен ауырлықты сезіну.

5. Тілімізді артқа карай 10 секундтай ұстап тұру. Ауырлық ауыз қуысы мен мойынға түспей, 

тілге түсу қажет.

6. Ұзақ уақыт күлімдеп және тісімізді 5 секунд көрсетіп күлу.



2. Дидактикалық ойындардың қысқаша баяндамасы:

  «Мен білемін» ойыны

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқағыштық пен зейінді дамыту.

Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен 

соғу.

– Мен ұлдардың бес атын білемін:



Арман – бір

Аділет – екі

Қуаныш – үш

Асхат – төрт

Нариман – бес

Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы 

мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).

  «Күн мен түн» ойыны

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.

Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қарсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – 

ащы және т. б.».


374

  «Сөз құра» ойыны

Балалар мұғаліммен айтылған буындардан сөз құрайды. Буындар түрлі-түсті әдемі болуы мүмкін. 

Мысалы: гүлшоғырына жиналатын шар немесе гүлдер түрінде.

  «Мен циркте болдым» ойыны

Ойын үшін әріптер мен буындар жазылған карточкалар керек. Оны екеулеп немесе топпен де 

ойнауға  болады.  Ойыншыларға  әріп  жазулы  карточка  таратылады  немесе  барлық  карточкалар 

үстелде жатады. Ал ойыншылар кезек-кезек жақындап алады. Бірінші ойыншы әріппен немесе бу-

ынмен карточканы алады да айтады: «Мен циркте болып, ...», осы карточкада көрсетілген әріпке ба-

сталатын бір нәрсе ойлау керек. Тек қана зат есімдер ғана емес, сонымен бірге, мысалы, «с» әрпінен 

сайқымазақ, секіріп жүрген гимнаст, сары шымылдық және т. б. Ал егер сіз буындар қолданатын 

болсаңыз,  онда  бұл  буын  міндетті  түрде  сөздің  басында  ғана  тұруы  қажет  емес.  Нұсқаулар:  «мен 

теңізде болдым», «Мен орманда болдым», «Мен театрда болдым» және т. б.

  «Шынжыр» ойыны

Бірнеше дауыссыз әріптерді таңдап, оларды қағазға жазыңыз. Осы екі әріпті өзіне қосатын сөз ой-

лап табу керек. Әріптерді орындарымен ауыстыруға, балаларға басқа дауыссыз дыбыстарды қосуға 

болады. Мысалы: «С» және «Л» (сақал, сал, салмақ, сәлем, лас, асыл).

  «Мен қандай әріппен доспын» ойыны

Бұл ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу тілін дамытуға ғана емес, сонымен бірге танымдық сипатқа 

да ие. Әр бір ойыншыда жануардың суреті болу керек (әр түрлі болуы мүмкін). Мысалы: анасында – 

сиыр, әкесінде – түйе, баласында – кірпі. Анасы айтады: «Менің сиырым «м» әрпімен дос, өйткені 

онда мүйізі бар». Әкесі: «Менің түйем «ө» әрпімен дос, өйткені онда өркеш бар». Бала: «Менің кірпім 

«и» әрпімен дос, өйткені онда инелері бар».

Балалардағы  тұтығуды  жоюда  көбінесе  ата-аналар  мен  тәрбиешілер  көмегі  арқасында  көп 

жетістікке жетуге болады. Өйткені, олар логопедтің жетекшілігімен баланың жалпы сөйлеу тәртібін 

ұйымдастырады, жаттығулар, шынықтыру әрекеттерін жасатады, сонымен бірге логопедтің кеңесі 

мен тапсырмасын орындайды.

Ата-аналар мен тәрбиешілер баланы асықпай, ақырын анық сөйлеуге үйрету керек. Тұтығатын 

баласы бар үйде бала үшін тыныш, қолайлы жағдай үнемі ұйымдастырылп отыруы қажет. Аталған 

талаптарды дұрыс сақтағанда ғана баланың дұрыс сөйлеу дағдарысын қалыптастыруға болады.



Әдебиеттер тізімі

1. Анохин П. К. Очерки по физиологии функциональных систем. М.—1975.

2. Арутюнян Л. 3. Как лечить заикание. М. — 1993.

3. Асатиани Н. М. Заикание у взрослых. // Заикание. Под ред. Н.А. Власовой, К.П. Беккера. М. — 1983. 

С. 180-221.

4. Гринер В. А. Логопедическая ритмика для дошкольников. М.,1958.

5. Л. И., Дьякова Е. А. Заикание. Учебное пособие для студентов педагогических институтов по специ-

альности «Логопедия» — М.: В. Секачев, 1998.



375

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА  

МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тәңірбергенов М. Н.

Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі

Мақтарал ауданы Оңтүстік Қазақстан облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Мақалада автор білім берудің мазмұны жаңару жағдайындағы мектепті басқарудың өзекті мәселелері мен 

мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша іс-тәжірибесімен бөліскен.

Аннотация

В данной статье рассматриваются актуальные вопросы управления школой в условиях нового содержания обра-

зования. Автор обобщает опыт повышения профессиональной компетентности педагогов Республики Казахстан.

Abstract

In this article the pressing questions of management are examined by school in the conditions of new maintenance of 

education, and also the author deals with the experience of increasing professional competence of teachers.

Мұғалім – өзінің білімділігімен, жүріс-

тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт 

пішінімен, киген киімімен де оқушысына 

жақсы мағынада қатты әсер етеді. 

Мәлік Ғабдуллин

Н. Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім 

оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» деп атап өткен болатын. Осыған байланы-

сты бүгінгі қазақстандық мектепті басқаруда маңызды өзгерістер болып жатыр. 

Қазіргі кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибемізге, бай мұраларымызға талдау жаса-

лып, жіктеліп, ойларымыз қорытылып, нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу – өмір талабы. Білім 

беруді басқару – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың мәдени-этностық тілдік мүдделерді 

қанағаттандырудың,  мемлекетіміздің  стратегиялық  дамуындағы  негізгі  мәселелердің  бірі  –  жаңа 

білім кеңістігін құрудың бірден-бір құралы. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. 

Ертеңгі  тәуелсіз  мемлекетімізге  ие  болып,  тізгінін  ұстар  мамандарды  –  бәсекеге  қабілетті  кәсіби 

білікті маман ретінде ғана емес, кәсіби құзырлы маман ретінде дайындау негізгі міндетіміз. 

Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Мақтарал  ауданындағы  өзім  басқарып  отырған  Ә.  Молдағұлова 

атындағы  №21  жалпы  орта  мектебі  де  осы  мемлекетіміздің  саясатын  іске  асыру  мақсатында 

біршама  жұмыстар  атқарып  жатыр.  Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  іске  асырудың 

ұйымдастырушылық  негізі  –  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  қазақстандық  білімді  жаңғыртуды  жалғастыруды 

қамтамасыз ететіндігі баршамызға аян [1].

Еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу саясатындағы алғашқы қадам – үштілділік екенін 

ескерсек, биылғы оқу жылындағы оқытудың бір ерекшелігі – 1-сыныпқа «Шетел тілі» пәні енгізілуі. 

Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту курсы қарапайым меңгеруге бағытталған және 

тілді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес келеді.

Бастауыш білім деңгейіндегі шет тілін оқытуда бір байқағаным оқушы тұлғасының қалыптасуы 

және  оның  тұтастай  дамуы,  төменгі  сынып  оқушыларының  эмоционалдық,  шығармашылық, 

әлеуметтік және тілдік қабілеттерінің дамуына ықпалы зор. 

Бұл жұмысты сапалы жүргізу мақсатында мектепте бастауыш сыныптарда қызмет атқаратын пе-

дагогтермен арнайы біліктілік арттыру жоспары жасақталып, алдын ала дайындық жүргізілді. 

Қазіргі таңда мемлекетімізде жаңа жүйе өз іргетасын қалап келеді: еліміздің барлық өңірлерінде 

интеллектуалды  мектептердің  іске  қосылуы,  мұғалімдер  біліктілігін  арттыруда  Кембридж 

университетінің тәсілін пайдаланып, республикада таратылуы, 12 жылдық білім беруге көшудің экс-

перименталды алаңының көбеюі, «Балапан» бағдарламасы аясының күн сайын жаңа сипатқа ие бо-

луы, оқу бағдарламасында кейбір пәндерде өзгерістің көрініс табуы, мектеп оқулықтарының қайта 

қаралып, Білім стандартына сай модернизациялануы.

Мектеп  мұғалімінің  пәндік-теориялық  және  әдіснамалық  білім  негіздері  жоғарғы  оқу  орнын-

да  қалыптасады,  ал,  әдістемелік  және  технологиялық  білім-біліктері,  көбінесе,  педагогикалық 


376

тәжірибеде қалыптасады, сондықтан, бұл мәселені мектептің менеджменттік саясатымен айналыса-

тын қызметкерлер көңілден тыс қалдырмауы керек.

Г. Галилей : «Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен 

жөн»-  дегендей,  басшылық  мұғалімге  осы  бағытта  жұмыс  істегенде  ғана,  мұғалім  ойлау  мен 

шығармашылық қабілеті қалыптасқан, құзырлы тұлға қалыптастыра алады.

Қай саланың болмасын маманының сапасы мұғалім біліктілігінен тікелей тәуелді екені белгілі. 

Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деп текке айтпаған. 

Сол себептен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік  бағдарламасында»  педагог  мамандығының  беделін  көтеру  мен  педагог  кадрлардың 

біліктілігін арттыру сапасы басым бағыттардың бірі болып табылады. Бағдарламада біліктілік артты-

руда бәсекеге қабілетті орта құру мақсатында оны ваучерлік-модульдік жүйеге көшіру жоспарланған. 

Мұндай жүйеге көшу педагогтың білімін көтеру орнын, формасын, мазмұнын еркін таңдау құқығын 

қамтамасыз  етеді,  әрі  педагогтардың  өз  біліктілігін  шет  елдерде  де  еш  кедергісіз  көтеруіне  жол 

ашады.

Кез–келген  мектептің  жүрегі  –  мұғалім,  білікті  ұстаз.  Себебі:  білім  мазмұнын  жаңартуда, 



оқушылардың білім сапасын арттырудағы ең маңызды фактор ол – мұғалімнің кәсіби құзырлығы, 

біліктілігі  екендігі  белгілі.  Ал  оқыту  технологиясы  мұғалімнен  терең  теориялық,  психологиялық, 

педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне 

терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Жаңашылдық өздігінен пайда болмайды. Ұстаздың өзі – 

ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлай-

мын.  Әрбір  сабақта  озық  технологияларды  пайдаланып  өткізу,  әрине  жақсы  нәтижелер  береді. 

Мұғалім әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете 

алады.  Осыған  байланысты  мектеп  басшысы  ретінде  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыруына  және 

семинарлардың өтілуіне үнемі көңіл бөліп отырамын. 

Елбасының тапсырмасына сәйкес 2012 жылдан бастап, педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі 

түбегейлі өзгерді. Мұғалім үнемі тоқтаусыз іздену үстінде өз тәжірибесін арттыратыны мәлім.

Осы тұрғыдан алғанда ұжымымыздағы ұстаздардың соңғы уақыттағы ваучерлік-модульдік жүйе 

бойынша ІІІ деңгейлі біліктілігін арттырып келгені екеу болса, қазіргі таңда үшеуі І деңгеймен оқуда.

Бұл бағдарлама негізінде бітіріп келген ұстаздардың ұжымға үлкен жаңалық әкелді. Мектебіміздің 

педагогикалық  ұжымында  бірауызды,  бірізді  және  жан-жақты  зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп, 

мұғалімдер  сабақты  бірігіп  жоспарлар  жасады,  сондай-ақ  ол  жоспарды  түрлі  сыныпта  зерттеу 

жұмыстарын жүргізу арқылы іске асырды. Оқушылардың білім сапасын көтеруге өз үлестерін қосты 

деп айтуға толық негіз бар. 

Бәрімізге белгілі, 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдердің біліктілігі мен кәсіби 

құзыреттілігіне қойылатын талап та жоғары болуға тиіс. Сондықтан бүгінгі таңда сыни тұрғыдан ой-

лай алатын, алған біліміне салыстырмалы талдау жасай алатын, жаңа шешімдер қабылдап, техноло-

гия мен инновация тәсілдерін тиімді қолдана білетін және т. б. кәсіби қасиеттері бойына қалыптасқан 

мұғалімдер өте құнды [2].

Мектебімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарылуда. 

Оқушылар,  мұғалімдер  және  ата-аналармен  бейіналды  дайындық  жұмыстары  жүргізілуде. 

Педагогикалық кадрларды 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қарсаңында білім жетілдіру кур-

сынан өткізу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда мектепте 15 мұғалім осындай курстан өткізілді. 

Осы оқу жылында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарынан өту жоспары құрылып, қалған 

мұғалімдер де даярлықтан өтетін болады. Мектепте 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге арналған 

стенд,  әдістемелік  кабинетте  бұрыш  бар.  Мектебіміз  заманауи  оқу  құрал-жабдықтармен,  көрнекі 

құралдармен, жиһаздармен және соңғы үлгідегі химия, физика, биология, мультимедиялық–лин-

гофонды,  информатика  кабинеттерімен  жабдықталған.  Алдағы  уақытта  интерактивті  тақтамен 

жабдықтау жоспарлануда.

Осы орайды ескеретін жәйт мектептегі басты тұлға ұстаздардың міндеті тек білім беру ғана емес, 

сонымен  қатар  әрбір  оқушының  жүрегіне  жол  тауып,  оларды  тәлім-тәрбиемен  сусындату  болып 

табылады. Оқушыларды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруге халықтың салт-дәстүрінің тәлім-

тәрбиелік, білім танымдық рөлі орасан зор. 

Оқу  мен  тәрбиелеудің  үлкен  ортасы  –  мектеп  екені  белгілі.  Ондағы  жоспарлы  тақырыптық 

сабақтармен  қатар,  сынып  сағаттары,  тәрбие  сағаттары,  пәндік  олимпиадалар,  ғылыми  жобалар 

оқу  мен  тәрбиенің  ең  негізгі  ықпалдастығы  болып  отыр.  Бүгінгі  таңда,  ұрпағымыздың  азамат  бо-

лып қалыптасуы барысында біз олардың жаһанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз 

қажет.  Бұл  жағдайда  тәрбие  жұмысының  тиімділігі  ата-ана  мен  мектептің  өзара  байланысынан 

көрінеді. 

Оқу-тәрбие  үрдісінде  басқарудың  өзіндік  тиімді  тәсілі  –  білім  сапасын  арттырудың  бірден-бір 

жолы.  Білім  сапасын  арттыру  үшін  қайбір  білім  ошағы  болмасын  мектеп  әкімшілігі  тарапынан 


377

басқару  мен  бақылауды  тиімді  ұйымдастыру,  мектеп  басшыларының  лауазымдық  міндеттерін 

оңтайлы бөлу, ең алдымен, мектептің жылдық, перспективалық, даму жоспарларын бірізді жүйелі 

бағытта жасаудың маңызы зор. 

Мектепішілік  бақылауда  –  педагогикалық  кеңес,  директор  жанындағы  мәжіліс  пен  әдістемелік 

кеңесте  қаралатын  мәселелер  дер  кезінде  жіті  қаралып,  талданып,  сараптама  анықтамасы 

тағайындалып отыруы – бүгінгі күннің жұмысын ертеңге қалдырмаудың, сапалы білім мен тиянақты 

жауапкершіліктің айнасы болмақ. 

Білім сапасын тәуелсіз бағалаудың бір түрі ұлттық біріңғай тест екені белгілі, мектептің өткен оқу 

жылындағы орташа көрсеткіш 89,4 балды құрап, аудан көлемінде 3 орынға көтерілуі және «Алтын 

белгіге»  үміткер  үш  бірдей  оқушыларымызда  «Алтын  белгіні»  ақтап  шығуы  осы  сөзімнің  дәлелі 

деуге болады. Сонымен бірге негізгі пәндер бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрлігінің  «Дарын»  ғылыми-практикалық  орталығының  ұйымдастыруымен  I  республикалық 

«Қазақстан Интернет олимпиадасына» оқушылар мен мұғалімдер қатысып, олимпиада қорытындысы 

бойынша мектебіміз аудан бойынша бірінші, облыс бойынша 9 орынға тұрақтады. Өткен оқу жылын-

да мектебіміздің 3 оқушысы аудандық ғылыми жобалар сайысында ғылыми жұмыстары қорғалып, 

аудан көлемінде жүлделі орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Осы аталған жетістіктерді сара-

лай келе, алдағы оқу жылында көрсеткішті тағы да жоғарылатуға мүмкіндік бар екені сөзсіз. 

Мектептегі  білім  сапасының  тағы  бір  ерекшелігі,  білім  сапасының  қалыпты,  жақсы  деңгейден 

көрінуі – бастауыш сынып мұғалімдерінің өз жұмысына деген сүйіспеншілігі мен еңбекқорлығының 

жоғары деңгейде болуына байланысты. Өйткені білім негізі бастауыштан қаланады. Баланың мектеп 

қабырғасындағы психологиялық ахуалы осы бастауышта тұрақталады да, ол орта буын сыныбына 

барғанда, одан әрі қарай дамиды. 

Әр  бір  ата-ана  өзінің  баласына  саналы  тәрбие  бергеніндей,  өзіміздің  ұрпағымызды  өзіміз 

білім  нәрімен  сусындатып,  сапалы  білім  беріп,  әлемдік  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптастыруымыз керек. 

Білім  сапасын  арттырудың  бірден-бір  тиімді  жолының  бірі  –  баршамызға  аян  мектептегі 

әдістемелік кеңес жұмысының дұрыс жолға қойылуы. 

Соңғы  жылдары  әдістемелік  жұмысты  жүргізуге  көп  көңіл  аударылуда.  Ескі  кибернетикалық 

тұрғыда  ұйымдастырылған  әдістемелік  жүйе  қазірде  педагогтарды  қанағаттандырмайды.  Себебі 

осы тұрғыдан ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс педагогтарды жалпы жоспар бойынша әрекет 

жасауға  мәжбүрлейді  және  басшы  талабын  орындауға  бағытталған.  Педагогтардың  жаңаша 

ұйымдастырылған іс әрекеті бұл жұмысты жаңа жолға қоюды талап етуде. Сол себепті біз әдістемелік 

жұмысты  –  біртұтас  көпдеңгейлі,  көпфункциялы  педагогтардың  кәсіби  деңгейін  өз  сұранысы 

негізінде  көтеруге  бағытталған  жүйе  –  деп  қарастырамыз.  Сонымен  қатар,  оның  нәтижесін  білім 

беру ұйымының педагогикалық үрдісіндегі өзгерістер динамикасы және оқушылардың білік, білім 

деңгейінің дамуы анықтайды –деп білеміз [3].

Демек,  әдістемелік  отырыстар,  олардың  хаттамалары  жалаң  қағаз  жүзінде  емес,  оқу  үрдісінің 

күнделікті тоқтаусыз іс-әрекетінен көрініс беруі керек. Әр мұғалім кәсіби маман ретінде 45 минутын 

бар ынта-жігерімен аудиториядағы балаға арнауында.

Әдістемелік жұмыстың маңызды бір бөлігі – жас маманмен жұмыс. Мектебімізде жас мамандарға 

тәжірибелі  педагогтар  тарапынан  тәлімгерлер  бекітілген.  Қазіргі  таңда  тәлімгерлік  жұмысты 

жүргізудің жаңа формалары мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Соның бірі – авторлас сабақтар. 

Авторлас сабақты жас маман мен тәлімгер бірігіп өткізеді. Жас маман сабақ барысында тәжірибелі 

әріптесінен  қалмауға,  сонымен  бір  сатыда  тұруға  әрекеттенеді.  Ол  бүкіл  сабақ  бойы  тәлімгердің 

әдіс тәсілдерін, өзін – өзі ұстауын бақылап, үйренеді, бұл келешекте оған қателіктерді жібермеуге 

көмек  береді.  Жас  маманды  өз  жұмысын  жүйелі  түрде  бағалауға,  сабақты  ойланып  жоспарлауға 

дағдыландырады. 

Жоғарыда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мектептің жалпы оқу-тәрбие үрдісінің сапа-

сы артқандығын атап өтуге болады. Бұдан шығатын қорытынды: білім ұйымдарының басшылары 

қазіргі  кезеңдегі  өзгерістерді  тәжірибеге,  өмірге  енгізуді  өзінен  бастайтын,  айналасына  мақсатты 

мүддесі бір команда жинай алатын, ұжымды демейтін, қозғау сала алатын, шығармашылық еңбектің 

қалыптасуына  жағдай  жасайтын,  ұжымның  әр  мүшесінің  орнын,  қажеттілігін,  соның  негізінде 

жұмыстың  сапасының  табысты  болатынын  сездіре  алатын,  болашақты  болжай  алатын,  өмірде 

кездесетін  әр  түрлі  қиындықтарды  шешуде  төзімділік  таныта  алатын,  білікті  басшы,  менеджер 

болуға тиісті демекпін. 

Егемен еліміздің келешектегі дамуында адами зияткерлік әлеуметтік орасан зор мәнге ие болаты-

нына сенімдімін. Себебі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің 

басты  міндеттерінің  бірі  –  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеру  үшін  барлық  жағдайлар  жасау 

керектігі көрсетілген. 



378

Ойымды  қазақтың  біртуар  ұлы  тұлғаларының  бірі  М.  Жұмабаевтың  төмендегі:  «Мектеп  пен 

тұрмыс бірі қырым, бірі қияда жатпауын, мектепте оқыған адам білімді құшақтап алып, тұрмыста 

жарамсыз болып шықпауын, бала нені білсе де көзімен көріп, қолымен ұстап, мүмкін болғанынша 

өзі істеп білуін қолдаған. Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне 

білім  жүзімен  ашылған  сапалы  ақыл  көзімен  қарай  білсе,  міне  білімдендірудің  көздейтін  түпкі 

мақсаты осы» – деген сөзімен қорытындыласам деймін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет