Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Астана, 2010.
2. Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру Тұжырымдамасы.
3. Меңдіғалиева Г. Қ. Мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесі. Алматы. 2012.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН
ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Темиров Н. Р.
Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Павлодар қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Аталған мақалада жеке тұлғалық құндылықтарды дамыту мәселесі алға қойылып, ғылыми – тәжірибелік
негіздеме жасалған. Қоғамдық білім беру пәндерінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушы
бойындағы жеке тұлғалық құңдылықтарды дамыту жолдары қарастырылған.
Аннотация
В данной статье предпринята попытка научно-методического обоснования проблемы развития ценностных
качеств личности. Рассматриваются пути использования технологии критического мышления на уроках обще-
ствознания, которые способствуют развитию ценностных качеств личности учащихся.
Abstract
This article presents some scientific and methodical problems of valuable personal qualities’ development. The ways of
critical thinking technology usage during the lesson of Social science, which promote valuable personal qualities’ development6
are examined here.
Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім,
ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның
мұғалімдігі де жойылады.
К. Д. Ушинский.
Еліміздегі білім беру жүйесінің басты мақсаты – білім берудің басты технологияларына өту арқылы
жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық жағдайға жеткізу, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау,
өмірге жан – жақты тұлға етіп шығару. ХХІ ғасыр – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы,
білім мен ғылым заманы.
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың
ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы болуы тиіс [1, 8-б].
Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен
маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты
қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.
379
Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін
интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті,
ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын, айналасындағы шынайы
өмірге белсенді қатынасатын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, қабілетті, дербес келген
жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім
негіздерін терең меңгерген зиятты азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс. Мұның барлығы білім беру
мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды та-
лап етеді. Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ‘’нені оқыту керек’’, ‘’қалай оқыту
керек’’сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған
білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп
алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Оқу бағдарламасының
құрамы: аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына
қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы
нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылық-тарын анықтайтын түсінік
хат; пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар; негізгі дүниетанымдық сұрақтар, ба-
сты ғылыми проблемалар тізімі; әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері; пәнаралық байланыстар тура-
лы ұсыныстар; әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі [2, 3-б].
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2020 жылға дейінгі даму страте-
гиясында қазіргі қоғам қажет еткен жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары көрсетілген.
Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең
үздік үлгілерін кіріктіруді көздейді. Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан
және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адам-
ды тәрбиелеуге ұмтылатын білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста
болады.
Орта білімнің маңызын белгілейтін құндылықтар:
• құрмет
• әріптестік
• азаматтық жауапкершілік
• ашықтық
• өмір бойы білім алу
Белгіленген құңдылықтар аясындағы Зияткерлік мектептердің мақсаты – жоғары білімді,
шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау.
Зияткерлік мектеп түлегі кең ауқымды дағдыларға ие болады Нақтырақ айтқанда:
• сын тұрғысынан ойлау
• білімін шығармашылықпен пайдалана білу
• зерттеушілік дағдылар
• АКТ дағдылары
• топта және жеке жұмы істей білу
• коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда)
• қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады [3].
Жеке тұлғалық құңдылықтарды дамытуда функционалдық сауаттылық жөнінде сөз қозғау
орынды. Себебі, елбасымыз халыққа жолдауында. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды. Ал тұлағалық
құңдылықтарды дамытуға келер болсақ, ол – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу
қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің
көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі
үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім,
білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана
емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі
болып табылады. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде зияткерлік мектеп тәжірибесіне
кеңінен тоқталмақпын.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына
сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерт-
теп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Басты мақсаты оқушыларға кез келген тарихи оқиғаға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің
біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша мақсаттары мен тәсілдері
380
Шақыру- яғни, өткен сабақпен байланыстыру
- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету;
- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру;
- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою;
Іске асыру - Оқып үйренушімен жаңа білімді алу.
- Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру
- Ақпаратпен жұмыс істеу тәсіліне үйрету;
- Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау;
Рефлексия - шешім, түйін шығару.
- Пән туралы бүтіндей көрініс жасау.
Тарих, қоғамдық пәндер сабақтарында оқушы бойында жеке тұлғалық қасиеттерді тану,
қалыптастыру, дамыту мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданамын. Себебі,
жоғарыдан көргендеріңіздей технология қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс
кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту кезеңі.
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады,
психологиялық ахуал туғызып, қызығушылықты ояту стратегияларының бірі қолданылып, жаңа
сабақты бастаймыз. Осы жерде Бір болайық, бауыр болайық, жүректен жүрекке, шаттық шеңбері,
бағалау ағашы, жағадаят, т. б. стратегияларды қолданып сабақты бастаймыз.
Дәстүрлі сабақтағыдай «Бүгінгі біздің тақырыбымыз» – деп дайын күйінде бастаудан арылып, оның
орнына жаңа білімге көпір салуымыз керек. Мен өзімнің сабақтарымда оқушыларға түрткі сұрақтар,
ассоциация беру, жұмбақ жасыру, тақырыпқа сай киім кию т. б. әдіс – тәсілдерін қолданамын.
Мағынаны тану кезеңі
Бұл кезең оқушылардың өздігінен жұмыс жасап, талдап саралап тұлға ретінде қалыптасуының
алғышарттары жасалады. Мағынаны таңу кезеңінің жүзеге асыратын негізгі механизмі – оқыту ны-
сандары мен әдістері. Тарих сабақтарында оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
топтық жұмыс арқылы жүзеге асады. Топпен жұмыс формасын қолданудың өзі оқушының шағын
қоғамға бейімделіп, өз ойын білдіріп, өзгенің ойымен санасуға жағдай туғызады. Атап айтсақ,
оқушылар бір-бірімен ой бөліседі, бір-бірінің айтқанына құлақ салады, қандай да бір мәселе бойын-
ша ортақ пікірге келеде, бір-бірінің жағымды қасиеттерін топ мүддесіне пайдаланады.
Топ басшысын тағайындауда тұлғалық, басқарушылық және коммуникативтік құзіреттіліктер
қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы жоғарыда аталған құзыреттіліктер әр сабақта қозғалады:
- топ басшысы болу арқылы басқарушылық құзыреттілік;
- мұғалімнің берген ақпаратын өңдеу, орындау және сұрыптау арқылы ақпараттық құзыреттілік;
- топта қарым-қатынас орнатуда коммуникативтік құзыреттілік жүзеге асырылады.
9-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстан 1916 жылығы ұлт – азаттық қозғалысының баста-
луы мен сипаты» атты тақырыпта оқушылар постер жасап, Куропаткинның құпия бұйрығын талдап,
мәнін ашып берді. Әр топ қорғаған постерлерінде өзіндік ерекшелік пен тұжырым болды. Топта тал-
дау барысында тек бір жақты пікір қалыптаспады, орыс патшасы тарапынан Куропаткинның құпия
бұйрығының басқа тұлғалар үшін жағымды жағын атап көрсетті. Сонымен қатар, дүние жүзі тарихы-
мен байланыстырып, І дүние жүзілік соғыс жылдарындағы әлем мен Қазақстанды байланыстырды.
9 – сыныпта Адам. Қоғам. Құқық пәнінен алғашқы сабақта Адам-Қоғам-Құқық атауларын бай-
ланыстырып, өздерінің жобаларын ұсынды. Айта кететін жайт, жобалар жасау арқылы оқушылар
өздерінің зияткерлік және ізденушілік қабілеттерін қолдана отырып, негізгі ой мен пайымдауды алға
тартады.
«Өркениет туралы түсінік», «Мемлекеттік басқару және басқарудың құрылымы» атты тақырыпта
оқушылар өздерінің түсініктерін (РАФТ) көрініс арқылы жеткізді. Басқарудың формаларын,
түрлерін, айырмашылықтарын атап көрсетті.
Әр сабақта жетістікке жету мақсатында «3Б»-ны қолдану маңызды. Себебі, оқушы сабақ басын-
да нені білетінің, нені білгенін және нені білгісі келетінін жазып өтеді. Сол арқылы оқушыға келесі
сабақта қандай мәліметтермен таныстыру және жұмыс істеу мақсаты тұрады. Ойлау мен үйренуге
бағытталған бұл бағдарлама өте тиімді. Себебі, үйренуші жаңа ақпаратпен танысып, тақырып бой-
ынша жұмыс істеп, тапсырмалар орындайды. Оқушының өз бойымен жұмыс жасап, белсенділік
көрсетуіне жағдай жасалады. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқиғаны есте сақтау, мәнін жете түсіну –
күрделі жұмыс.
Сабақта оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет
арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар
құруға дағдыландырады. Мысалы: «Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы» тақырыбын өткенде кеңес
билігінің орнауы, бейбіт немесе қарулы қақтығыспен бе, кеңес өкіметін орнатуға қатысқан тұлғалар,
381
тарихи жағдай туралы өздері білетін мәліметті осы стратегия арқылы жүйелеп алып, оқушылардың
бұл тақырып бойынша білгісі келіп қойған сұрақтарын негізге ала отырып сабақты бірлесе меңгердік.
Мағынаны түсіндіру жоғарыдағыдай ұйымдастыру – кемшіліктер болдырмау, жалпыдан
жалқыны, мәтіннен негізгісін алу, сабақтың сапалы өтуінің бірден – бір кепілі.
Бағдарламаның соңғы маңызды кезеңі – тақырып туралы рефлексия. Өзімнің күнделікті оқу
процесімде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сыни көзқараста қарап, баға беруге
үйретеді. «Халық бұқарасының революциялық белсенділігінің артуы» атты тақырыпта «Даңқ Аллеясына»
оқушылар шығып, сабақ бойынша рефлексия жасады. Сонымен қатар, Алаш ардақтыларына хат
жолдап, өз лебіздерін білдірді.
«Мемлекет. Мемлекет түрлері» деген тақырыпта оқушылар 5 жол өлең шығарып қорытындылады.
ХХІ ғасыр тұлғасы әрбір оқиғадан шешім шығарып, таразыға салып дұрыс бұрысын анықтап, син-
тездеп, негізгісін айта білу қажет. Сонымен қатар, «5 неге», «Бір сөйлеммен аяқтау» т. б. тәсілдерін
қолдануға болады. Көп жағдайда, оқытудың осы кезеңі қалыс қалып жатады. Жеке тұлғалық
құңдылықтарды дамытуда оқытудың осы кезеңі үлкен рөл атқарады.
Елбасымыздың «Егемен еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу болатын жас ұрпақты жан – жақты
білімді етіп тәрбиелеп, жетілдіру басты мақсатта болуы тиіс» – деген ұтымды ойдан туған сөзіммен
аяқтаймын, мектептегі мұғалім жеке тұлғаны қалыптастыруда, дамытуда, үлкен рөл атқарады.
Оқушылардың жеке тұлғалық құңдылықтарын дамытуда басты шарты мұғалімнің өзінің өмір
бойы білімі мен біліктілігін жетілдіруінде. Мұғалім тек өз пәні бойынша білім беріп қана қоймай,
алған білімін өмірде қолдануға және әр саладан өз білімін өмір бойы жетілдіруге бағыттауы керек.
Жетістікке жетудің басты критерийі кез-келген ортаға бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті, кез-келген
мәселені сын тұрғысынан ойлап шеше алатын, жүрегі Отан деп соғатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Мұғалім төмендегідей қағидаларды есінде ұстауы қажет:
• баланың бойындағы қызығушылығын арттыру,
• үнемі алға жылжуға деген талап-тілектерін қанағаттандыру,
• сұраныс пен мұқтаждарын ескеру,
• шығармашылығын жетілдіру;
• білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
• өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Соның ішінде Қазақстан тарихының алатын орны ерекше. Оқушыларға құқықтық және
патриоттық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мәдениетін қалыптастыруда Қазақстан тарихын
қуатты құралдардың бірі ретінде қолдануға болады.
Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен жете
танысып, білімін кеңейтеді. Отан тарихын жетік меңгеріп, кез-келген тарихи оқиғаға баға бере ала-
тын оқушы, қандай да болмасын қоғамдағы құбылысты түсініп, жеке тұлғалық қасиеттерін көрсете
алады.
Отан тарихы – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Тарих арқылы біз оқушыларға
ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан
соң мектеп. Тарих пәні балаға теориялық білім беріп қана қоймайды, ол ең алдымен өмірге деген
көзқарас қалыптастырады, тәрбиелейді. Қазақ тарихындағы оқиғаларды білу арқылы тәуелсіздікді
ұлағаттайды, болашағын болжап, өткеніне баға береді.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы // Егемен Қазақстан газеті. №14, 12-қаңтар, 2012., 8-б.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға
арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31215075&pin=36167108 (11.10.2013)
3. Назарбаев Зияткерлік мектептері. http://nis.edu.kz/kz/programs/integ-edu-program/
4. Әбенов С., Ахметова Г. Дәстүрлі емес сабақ турасында. //Қазақстан мұғалімі – 2003,3 маусым.
5. Скаткин М. Н. Методология и методика педагогических исследований.
6. Сарбасова Қ. А. Инновациялық педагогикалық технологиялар. Алматы: 2006. 175-б.
382
ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ
Тойымбекова Ж. Б.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ, Қарағанды облысы бойынша
ПҚ БАИ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада диалог сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бір бөлігі ретінде көрінетіні және оның рөлі туралы
қарастырылған.
Аннотация
В данной статье предложены формы, цели и роли использования диалога как одной из стратегий развития
критического мышления.
Abstract
In this article the forms of the usage of a dialogue is showed as one of the strategies of critical thinking and aimed to
provide it’s role at the process of education.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп тұңғыш
ғалым Шоқан Уәлиханов айтқандай, бүгінгі күні Қазақстандық білім беру жүйесіне Кембридж
университетінің сындарлы оқыту теориясының енгізілуі – игілікті істердің бірі болуда. 3 (базалық)
деңгей курс Бағдарламасы бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында келген мұғалімдердің
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін серіктестік қарым-қатынаста жүйелі жұмыс түрлері орындалу
үстінде.
Әрбір тренингте мұғалімдердің дәйектеу дағдыларын шынықтырып, өзін-өзі реттей алуға, сыни
тұрғыдан ой қозғай білуге жетеледік. Бірте-бірте мұғалімдер де зерттеушілер «өзіндік мақсат», «ішкі
уәж» [3. 34-б] деп атаған қасиеттерді бойларына қалыптастыруы керек екенін, берілген тапсырманы
дер кезінде саралау әрі зерделеу арқылы нәтижеге қол жеткізуге болатынын ұғынды.
Топтық жұмыс арқылы дамытылатын ынтымақтастық қарым-қатынас өзін-өзі көрсете білу,
басқаларды қолдау және қадағалау тұлғааралық іскерлікке жетеледі. Бірлескен оқудың әрі ұжыммен
жұмыс жасаудың маңыздылығын, өзара қарым-қатынасқа түсе білуге, тыңдауға, ой қосуға, бірлікке,
алға ұмтылуға үйрететінін білді. «Ынтымақтастық оқыту жағдайында білім алушылар түрлі
көзқарастағы пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастыруды және оны қорғай білуді
үйренетіндіктен, олардың алдына әлеуметтік, сондай-ақ эмоционалдық тапсырмалар қойылады. Сол
арқылы, білім алушылар өздерінің ұғым-түсініктерін қалыптастырып, және де оқулықта ұсынылған
түсініктерге немесе сарапшылардың пікірлеріне ғана сенуден бас тартуды үйрене бастайды. Яғни,
ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге,
өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік алады» деген ой-пікірлерді ескере отырып,
мұғалімдер топтық әрекет барысында тақырыптың тез арада меңгеріліп, нәтиже өзара келісіммен
шығарылатынын түсінді [4. 2- б].
Бағдарлама идеясын жүзеге асыру барысында оқыту дегеніміз не? Ол қалай жүзеге асады? Балалар
қалай о қытылады? – деген сауалдар төңірегінде шағын топтарға ой түрткі салу арқылы оқытуға де-
ген көзқарастар анықталды. Мұғалім бойында болатын «үш көмекші» – «бас – кәсіби түсінік, қол –
оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек – кәсіби тұтастық» қасиеттері туралы мағлұматтар да
тілге тиек етілді [3, 8-9 б]. Бұл ойды ұғынған мұғалімдер қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңі мен қара
сөздеріндегі «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» философиялық
ойларымен үндесетіндігіне де көз жеткізіп, өздерінің ой-пікірлерімен түйіндеді. Аталған қасиеттер
мұғалім бойында болған жағдайда ғана оқыту сапалы болатынын түйсінді. Жүйелі құрылған сабақ
шығармашылық жұмысқа толы болып, тыңдаушыларды толық қанағаттандырды. Мұғалімдер
өзара әрекеттесу арқылы адамдардың қалай оқитынын түсінуде «теориялық экспедициялармен» –
когнитивті, эмоциялық, әлеуметтік психологиялармен бетпе-бет келді.
Курстан курсқа өткен сайын Сабақты қайтсек тиімді өткізуге болады? деген сұрақ төңірегінде
ойлана келе, сабақта берілетін сұрақтарға қандай да бір өзгерістер енгізу, идеясын екінші біреумен
бөлісуді қалайтын тыңдаушылардың қабілетін одан әрі ашу, ынтасын арттыру, серіктестерімен ой
бөлісуге тарту қажеттігін іздестірдім. «Диалог сабақ барысында әрбір оқушының қызығушылығын
арттыратындығын, сонымен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне ықпал жасайтындығын кез-келген
интербелсенді әрекетте, құрбы-құрдастарымен жүргізілген жұмыста да балалардың оқуына және
383
танымдық дамуына әсер етеді», «сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылатындығын және
де оқушылардың оқуына демеу, қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады» [3, 39-б] деп,
әрине, зерттеушілердің бұл пікірлерін ескеріп, интерактивті қарым-қатынас және өзара әрекетке
түсу барысында мұғалімдер оқушылардың оқуы сұрақ қою техникасын өзгерткенде жақсартатынын,
сыныптағы белсенді іс-қимылдың нәтижелі іске бастайтынын ұғынды.
Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін «Жұптас, ойлан, бөліс», «Тыңдап отырған үштік», «Еркін
талқылау», «Жиксо-1», «Жұптық әңгімені» тиімді қолдану арқылы әр түрлі мамандықтағы
мұғалімдерді ынталандыра отырып әңгімелесуге, талқылау құралдары арқылы өзіндік көзқарас
қалыптастыруға әкелдік. Мұғалімдерді ынталандыру үшін тірек сөздер, бейнелі суреттер және
«Әріптер сыры» арқылы «миға шабуыл» жасалып та отырылды [2, 76-б]. Жұптық, топтық әрекеттегі
белсенді жұмыс сыни ойлау арқылы диалог құруға жалғасты. Мұғалімдер сұхбаттасу кезінде өзара
серіктестік орта құрып, әлеуметтік іс-қимылда оралымды сөздерді дұрыс қолданып, ойларын
бедерлі тілмен жеткізе білді. Сұрақты талғампаздықпен қою, сауалға сәйкес ой-танымын таныту, да-
уыс ырғағын сақтау, мәнерлі сөйлеу, сөз құрылымына мән беру және естілген мәліметтерді жүйелі
жазу талаптарын да естен шығармады. Нәтижесінде мұғалімдер тақырып бойынша бір-бірімен диа-
лог құрып, сұхбатқа түсе алатындығын көрсетті. Мұғалімдер өзара сұхбаттасуға түсуде менің ойым-
ша, сіздің пікіріңізге келісе отырып, ойыңыз дұрыс, бірақ... тәрізді тілдік оралымдарды орынды қолдана
білудің сындарлы ой қорытуға жетелейтінін ұғынды.
Сыни тұрғыдан ойлаудың кейбір аспектілерін талдау, жинақтау, бағалай білу мақсатына жету
үшін оқу және жазу әрекеттері арқылы мұғалімдерді ой қозғау мен ойды жинақтау арқылы ой түрткі
жасауға, визуалды және ауызша айғақтар бойынша ақпараттарды іріктей отырып, жобалау және
болжау жасай білуге жетелейтін әрі өзара талқылауға түсіретін жұмыстар да жүргізілді [1, 1-2-б].
«...күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге
тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын
дамытуы керек» [3, 51-б] деген зерттеуші пікірін ескере отырып, «Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды
дамыту» тақырыбындағы сабақ мақсатына жету үшін де шағын топтармен көзбен көретін айғақтар
негізінде сыни ойлауға арналған тапсырмаларды орындату барысында «Бұл суреттерді қай са-
наттары бойынша сұрыптар едіңіздер? Іріктеліп алынған материалдар қай дәуір, қай ғасыр, қай
өңірге жататынын қалай анықтауға болады деп ойлайсыздар?» деген сауалдар арқылы айғақтарды
сұрыптауға, талдауға жетеледік. «Бұл фотосуреттерді жасаған кім? Ол қашан және қай уақытта
салынған?» сұрақтары бойынша мұғалімдер арасында өзара қызу талқылау жүргізілді. Соның
нәтижесінде мұғалімдердің ойлауы мен тіл байлықтарын арттыру мақсатында қадағалау «Біз нені
көре аламыз?», проблеманы шешетін «Осы көліктің түрін кім және қандай мақсаттар үшін пайда-
лануы мүмкін?», аналитикалық «Фотосурет қашан түсірілген немесе картина қашан салынған және
неліктен?», ерекшеленетін «Осы фотосурет қандай типке жатады?» сұрақтар арқылы жазбалар жа-
салды. Көзбен шолатын және ауызша айғақтардың артықшылығы мен ұқсастықтары салыстырыл-
ды. Жорамал жасауға бағытталған қиял-ғажайып сұрақтар Егер ұшақ әр адамның жеке көлігі болса,
не болар еді? Егер ауада саяхат жасау ойлап шығарылса, сіздің кім болғыңыз келеді? Менің өмірімде немесе
алдағы 100 жыл ішінде не өзгерер еді? Егер Жерде мұнай қоры таусылса, не болар еді? Егер қолөнер жасауға
қажетті шикізат азайса, не істер едіңіздер? Тығырықтан шығудың жолы не деп ойлайсыздар? тәрізді
сұрақтар бойынша мұғалімдер пікірлерін ортаға салды. Болашаққа көз жүгірте отырып, «Адам ба-
ласы, ең алдымен, жылқыны қолға үйреткен. Қазақстан жерінде қазба жұмыстарын жүргізген кезде ата-
бабамыз жылқыны осыдан бес мың жыл бұрын қолға үйреткені жайында дәлелді айғақтар бар. Содан бері
қолға үйретілгенінен басқасы, тағы жануар болып қала берген. Бірте-бірте қажеттілікке байланысты шай-
тан арба, автокөлік, мотоцикл, ұшақ, электропойыз және Палестина, Сирия елдерінде су көлігі де пайда
болған. Әрине, бұл адамзаттың санасының өсіп, техниканың дамуына әкелгенін көрсетеді...» – деп, «Көлік
түрлері және оның маңызы» тақырыбында жүйелі, мазмұнды таныстырылым жасады. Тақырыпты
ашу барысында көліктің бастау көзі жылқы малы екендігін, оның не үшін керек және қалай қолға
үйретілгені туралы тарихи-тағлымдық мәні жоғары мәліметтер ұсынды әрі сыни тұрғыдан ой
қорыта білді. Барлық топ мүшелері дәл осындай құнды пікір айтты деп айта алмаймыз. Дегенмен,
ақпаратты қалай қабылдау, жорамалды қалай жасау керектігін үйренді. Қосымша дәлелдемелерді
орынды қолдана білу қабілеттері қалыптасты. Өзіндік ой қорытулар жасады. Сабақтың әр кезеңіндегі
орындалған іс-қимылдан кейін өзін-өзі және өзара бағалау әрекетін жүзеге асырылып отырылды.
Құнды ой-пікірлерді, сыни көзқарастарды бағалай білді. Жалпы сұрақ қою, жауап алу дағдыларын
жетілдірудің қаншалықты маңызды екенін өзара іс-қимылға түсу барысында танып-білді.
Тренингтің әр кезеңіндегі тапсырмадан кейін ойды жинақтау және бағалау мақсатындағы реф-
лексия алға қойған мақсатқа жетуге, мұғалімдерді сыни тұрғыдан ойлаудың дағдыларын: бақылау,
талдау, қорытынды, интерпретацияны дамытуына ықпал жасады. Мұғалімдердің кері байла-
ныс, «Алты ойлау қалпағы», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қосу, алу, қызықты», «Білемін, үйрендім,
білгім келеді», «Бір минутты эссе», «Бір сурет, 5 сөз» әрекеттеріндегі пікірлері бойынша оқытудың
384
нәтижелі болатындығы анықталды. Сабақтың мақсаты сыни тұрғыдан ойлауды дамыту болса,
бұл мұғалімдердің осы бағытта орындаған түрлі жұмыстарынан, өзара пікіралмасуынан, өзіндік
көзқарас-пікірлерін қызу түрде ортаға салуынан айқын көрініс тапты. Мұғалімдердің оқу үдерісінен
жағымды эмоция алғаны жүздерінен, аудиториядағы көңілді, жайлы ахуалдан байқалды. Ой еркіндігі
сақталды. Әрбір тапсырманы орындауда мұғалімдер ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерге ерекше
бір ынтамен қатысты. Әрине, бұл жұмыс түрлері – диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау, ашық сұрақ
қою, ой әрекетінің жоғары деңгейіне жету, «...зерттеушілік әңгіме ақпарат турлы ұсыныстар жайын-
да күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады»
[3, 52-б], – деген ойлармен сабақтасты. Сыни ойлауды дамытудың тиімділігінен мұғалімдерде бір-
бірінің пікірін тыңдау, бір-біріне құрметпен қарап, сыйлауы және өзін тұлға ретінде тануға жол
ашуы, серіктестерінің ойын тыңдап, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешу-
ге көмектесуі, белсенді шығармашылықтағы ойлаудың негізі қаланатыны байқалды.
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің: айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік
тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік; күн ілгері кесіп-пішіп қоюға
ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау; басқалардың
өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу; идеяларды сынау
және «шындықты» іздеу сынды басты дағдыларын және жоғарыда аталған қабілеттерді дамытуды
көздейді.
Қорыта айтқанда, тәжірибе көрсеткендей сыни тұрғыдан ойлайтын «жаңа форматтағы»
мұғалімдер үнемі белсенді әрекет жасайды, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны
анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады. Ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне
сенімсіздікпен қарай отырып, ой қорытады, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке
ашық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |