Әдебиеттер
1.
Н.Назарбаевтың желтоқсандағы ―Қазақстан-2050‖стратегиялық жолдауы(ғаламтор желісінен).
2.
А.Байтҧрсынҧлы «Ақ жол»(Араб әліппесін жақтаған баяндамасы),325-334 беттер,Алматы
,"Жалын"баспасы,1991 жыл.
3.
Р.Бердібаев «Кәусар бҧлақ»кітабы,"Достық самалы" бӛлімі,"Терең тамырлар"мақаласы ,236-240
беттер,Алматы,"Жазушы"баспасы,1989 жыл.
4.
С.Мадалиев «Нежеланная латинизация"‖,( ―Ферғана‖ ақпараттық порталы).
5.
Қазақ әліпбиінің тарихы.
6.
Әліпби ауыстырған елдердің мҧңлы тәжірибесі.
ӘОЖ 330.009.12(574)
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙДАҒЫ ФАКТОРЛАРЫ
Ахметова А.С., Қазбеков Т.Б., Шалтаков М.С.
Қазақстан, Қарағанды, академик Е.А. Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Резюме
Показано, что современное состояние экономики Казахстана характеризуется многообразием различных
технологических укладов. Рассмотрены научно-технические, производственные и организационно-экономические
условия для вхождения Казахстана в ряды индустриально развитых стран. Доказана необходимость
концентрации научных, трудовых, материальных и финансовых ресурсов для обеспечения эффективного
индустриально-инновационного развития страны. Предложены пути совершенствования механизма реализации
инновационной политики государства в условиях глобализации и интеграции национальной экономики в мировую
экономику.
Summary
It is shown that the current state of the economy of Kazakhstan is characterized by a variety of different
technological structures. Considered scientific, technical, operational and organizational and economic conditions for
Kazakhstan's joining the ranks of industrialized countries. Proved the need to focus research, labor, material and
financial resources to ensure effective industrial-innovative development of the country. Ways of improving the
mechanism of implementation of innovation policy in the context of globalization and the integration of national
economies into the global economy.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды, отандық технологияларға негізделген Қазақстанның жаһандық
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету міндеттерін елдің технологиялық даму стартегиясы мен
басымдықтарын әзірлеусіз шешу мҥмкін емес. Тиімді ғылыми-технологиялық дамуды қамтамасыз ету ҥшін
алдымен ғылыми, қаржылық және материалдық ресурстарды тиімді пайдаланып, шоғырландыру қажет.
Қазақстанның индустриалды дамыған елдер қатарына қосылуына қол жеткізудегі ғылыми-техникалық,
ӛндірістік жағдайына тоқталмас бҧрын, оның Кеңес одағы кезіндегі индустриализациялау кезеңіне қысқаша
шолу жасағанды жӛн кӛрдік.
Қазақстан ӛнеркәсібінің дамуындағы маңызды кезең ХХ ғасырдың 20–40 жылдарын қамтиды.
Қазақстанда индустриализациялау ҥдерісі ел аумағын жаппай геологиялық зерттеуден және темір жолдарды
салудан басталды десе де болады. Елдің табиғи байлықтарын зерттеудің арқасында кӛптеген пайдалы
қазбалардың кен орындары ашылып, елдің КСРО-ғы экономикалық орны мен рӛлі айтарлықтай ӛзгерді.
Пайдалы қазба кен орындары Қазақстанда ауыр индустрияны дамытудағы негізгі артықшылық болды.
Индустриализациялау кезеңінде тҥсті және қара металлургия, машина жасау, мҧнай ӛңдеу, кӛмір, химия
ӛнеркәсіптері қалыптасты. Осы салалар ҧзақ жылдар бойы республиканың индустриалды бет-бейнесін
айқындап келді. Қазақстанға сол кездері кӛптеген қаржы салымдары бағытталып, Шымкент қорғасын,
Балқаш мыс балқыту, Ақтӛбе химия комбинаттары, Рудный Алтай тҥсті металлургия зауыты, Қарағанды
электр стансасы, кӛмір шахталары, тамақ ӛнеркәсібі сияқты ірі индустрия ошақтары қалыптаса бастады.
121
Кейіннен Алматыда аяқ киім және тігін фабрикалары, Шымкентте, Семейде, Ақтӛбеде, Павлодарда ет
комбинаттары, ал Жамбылда, Меркеде, Талдықорғанда қант зауыттары іске қосылды.
Қазақстанның КСРО қҧрамында болған кездерінде елдің ӛнеркәсібін қалыптастыруға бӛлінген
капитал салымдары негізінен ауыр ӛнеркәсіпті дамытуға бағытталды. Бҧл салаға капитал салымы – 83,6%-
ды, соның ішінде тҥсті металлургия – 44,5%, мҧнай – 20%, кӛмір – 15,3%, химия – 4,8%, электроэнергетика
– 8,5%-ды қҧраған. Сонымен бірге азық-тҥлік және жеңіл ӛнеркәсіп кәсіпорындары да іске қосылып, елдің
экономикасы ӛндіргіш кҥштерді, ресурстарды орталықтандыру негізінде жоспарлы шаруашылық арқылы
дамуға мҥмкіндік алды.
Қазақстан индустриясының 93% орталықтан басқарылып, жҧмсалынған капиталдың 70%
ӛнеркәсіптің ӛндіруші салаларын дамытуға бағытталды. Ӛнеркәсіпті дамытуға жҧмсалған кҥш-қуаттың
ауыр индустрияда шамадан тыс шоғырлануы ӛнекәсіптің ӛңдеуші салаларын дамытуда кері әсерін тигізді.
Елдің ӛнеркәсібі негізінен КСРО кезіндегі бҥкіл одақтас республикалардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталуы себебінен бір жақты, негізінен шикізатпен жабдықтаушы ретінде
қарастырылды. Осылайша, Қазақстан КСРО-ның халық шаруашылығы кешенінің қҧрамдас бӛлігіне
айналды. Бірақ Қазақстанның тау-кен, металлургия, химия ӛнеркәсіптік индустриалды кәсіпорындары
одақтың билігінде болғандықтан, жҧмыстардың негізгі ҥлесі республикадан тыс Ресейде, Украинада,
Белоруссияда орналасқан ғылыми орталықтарда жҥргізілді. Себебі ірi ғылыми зерттеулер, әзiрлемелер және
ғылыми мектептер Ресей Федерациясында, Украинада және Беларуссияда басымдықпен шоғырланды. Ал
қазақстандық ғылыми орталықтарда капитал сыйымдылығы да, ғылыми сыйымдылығы да аса маңызды емес
жҧмыстар жҥргізіліп отырды. Дегенмен, республикада катализ, органикалық синтез, микробиология,
металлургия саласында әлемдiк деңгейдегі кҥшті ғылыми мектептер қалыптасты.
ХХ ғасырдың 50-90 жылдары елдің ӛнеркәсіптік дамуында позитивті ҥдерістермен қатар негативті
ҥдерістер де орын алды. Қазақстанның ӛнеркәсіпті дамытудағы басты кемшілігі ӛндіруші салалардың
ӛнеркәсіп қҧрылымындағы ҥлес салмағының ӛте жоғары болуы және қайта ӛңдеуші, ғылыми сыйымды,
жоғары рентабельді салаларды баяу қарқында дамытуында болды. Қазақстан ӛнеркәсіп ӛнімдерінің негізгі
бӛлігін қайта ӛңдеп, тҥпкі ӛнім жасап шығару ҥшін КСРО-ның басқа мемлекеттеріне жеткізіп отырды. Ал
қажетті тҧтыну заттарын, тҧрмыстық тауарларды, ӛндіріс қҧрал-жабдықтарын сырттан импорттады.
Қазақстанда халық тҧтынатын тауарлар ӛндіретін салалар ҥлесі ӛте аз болғандықтан, тҧтыну тауарларының
60%-на дейін сырттан әкелінді. Елден Одақ қорына республикада ӛндірілетін еттің жалпы кӛлемінің 33%
(басқа республикалар 17–19%), ӛңделмеген тҥрде 70% жуылған жҥн, ӛндірілген астықтың жартысынан кӛбі,
50% мақта, тері басқа одақтас республикаларға жіберіліп отырды. Шикізат, жартылай фабрикат тҥрінде
экспортталған ӛнімдер қҧны 6–7 млрд. рубльді қҧраса, ал импорт ӛнімдері 13,8 млрд. рубльді қҧраған. Елдің
экспорт қҧрылымында шикізат 70% болса, жартылай фабрикаттар ҥлесі не бәрі 12%. Жоғары сапалы тҥсті
металлдардың тек 3%-нан ғана дайын бҧйым жасалынып, 97% қҧйма тҥрінде республикадан тыс аймақтарға
жӛнелтіліп жатты.
Жаһандану жағдайында инновация ҥшін бірлескен зерттеулер жҥргізіп, басқа елдердің
интеллектуалды ресурстарын пайдаланудан бастап, білікті мамандарын тартуға дейінгі барлық
мҥмкіншіліктерді қолданатын ел кӛптеген артықшылықтарға ие болады. Ал КСРО-ның басқа елдермен
қауымдасу ынтасының болмауы технологиялық тығырыққа әкеліп тіреді.
Зерттеушілердің айтуы бойынша, Қазақстанда бірінші индустриализациялау ҥдерісі аяқталмай
қалған, елде тӛмен технологиялық уклад басым болды. Профессор Р.С. Кареновтың пікірі бойынша
Қазақстан орташадан жоғары индустриалды елдер қатарына жатады, бірақ оның кейбір салаларында әлі
кҥнге дейін индустриалыққа дейінгі кезең элементтері сақталған.
Бҥгінгі таңда экономикалық дамуды қамтамасыз ету ҥшін бір-бірімен байланысты ӛндірістік
технологиялық кешендердің, яғни технологиялық укладтардың кезеңдік орын ауыстыру ҥдерістерінің
динамикасын бақылау қажет. Әлемдік экономикада басым технологиялық укладтардың бір-бірінің орын
алмастыруы негізінде инновациялық экономикалық мҥмкіндіктер туындайды. Яғни ескі технологиялық
укладтағы капиталдың, білікті мамандардың, технологиялардың қҧнсыздануы жаңа ӛндірістік-
технологиялық жҥйені қалыптастырып ҥлгірген елдер ескірген ӛндірістен босатылған капиталды тарту
орталығына айналады. Жаңа технологиялық укладқа ӛту шарттары бар болса, кез келген мемлекеттің қазіргі
орнықты экономикалық ӛсуге қосылуына еш уақытта кеш болмайды.
Еліміздің қазіргі экономикалық жағдайы технологиялық укладтың әртҥрлі кезеңдігімен сипатталады.
Ҧлттық шаруашылықта ҥшінші және тӛртінші технологиялық укладтың басым болуы ҧдайы ӛндірістің
қазіргі жағдайына сәйкес келмейді.
КСРО-ның қҧлдырауы, ғылым, технологиялар және қорғаныс кеңістігі бірлігінің бҧзылуы, содан
рынок ауқымының қысқаруы, ӛндірістегі дағдарыс, ТМД елдеріне инвестицияның азаюы, инфляцияның
жоғары қарқында болуы – осының барлығы жиналып, инновацияны, яғни жаңа техника мен
технологияларды игеру мҥмкіндіктерін кемітіп жіберді.
Қазақстанның Ресеймен салыстырғанда тӛртінші және бесінші технологиялық укладты сипаттайтын
қорғаныс, азаматтық машина жасау салаларындағы ҥлесі ӛте тӛмен, керісінше ҥшінші және одан да
бҧрынғы технологиялық укладты сипаттайтын агроӛнеркәсіп кешенінің ҥлесі жоғары. «Қазақстан
экономикасы технологиялық укладтың арақатынасын келесідей бағалауға болады: бесінші уклад кейбір
122
жекелеген салаларда ғана, бірақ оның жиынтық ӛнімдегі статистикалық мәні ӛте аз, тӛртінші уклад-1/3;
ҥшінші уклад және одан да бҧрынғы укладтар-2/3 (1990–1991 жылдарға қатысты)».
Қазіргі таңда ӛңдеуші салалардың қҧрылымы кӛп укладты, соның ішінде ҥшінші технологиялық
уклад басым (болат, электр қуаты, органикалық емес химия, ауыр машина жасау). Елде тӛртінші
технологиялық укладты қалыптастыру және нығайту шаралары қолданылуда. Оның ядросын келесідей
салалар қҧрайды: автокӛлік жасау, трактор жасау, тҥсті металлургия, ҧзақ мерзімді тҧтыну тауарлары,
синтетикалық материалдар, органикалық химия, мҧнайхимия, мҧнай ӛндіру және ӛңдеу. Ал бесінші
технологиялық уклад тек қалыптасу ҥстінде. Оның ядросына: электронды ӛнеркәсіп, есептегіш, оптикалық-
талшықты техника, бағдарламалық қамтамасыз ету, телекоммуникация, робот жасау, авиаӛнеркәсіп, газ
ӛндіру және ӛңдеу, ақпараттық қызмет жатады.
Дамыған елдер бесінші технологиялық укладпен қатар алтыншы технологиялық укладтың
(биотехнология, ғарыштық технология, қазіргі химия) салаларын дамытуға бет бҧруда. Ал Қазақстанның
ӛңдеуші салалары әлі кҥнге дейін ел халқының қажеттіліктерін тҧтыну заттарымен толық қамтамасыз ете
алмай отыр. Сондықтан да ішкі рынокты отандық ӛндірушілердің тауарларымен салыстырғанда сапасы
жоғары импорт тауарлары жаулап алуы жалғасуда.
Сол себепті ҧлттық ӛнеркәсіп ӛндірісі мен ауыл шаруашылығын ең алдымен импортты алмастыратын
тауарлармен ішкі рынокты жабдықтау ҥшін дамыту керек. Отандық ӛнімдердің халықаралық рыноктардағы
бәсекеге қабілеттілігін арттыруда әлемдік стандарттар мен сертификаттарға кӛшудің маңыздылығы зор,
яғни, шығарылатын ӛнімдеріміздің әлемдік стандарттарға сай келуіне баса назар аударуымыз қажет. Әрине,
бҧл ҥшін шығарылатын ӛнімнің сапасын әлемдік деңгейге дейін кӛтеру керек. Осы мақсатта сапаның ИСО-
9000 халықаралық стандарттарын енгізу жӛнінде едәуір кҥш-жігер жҧмсалуына да назар аударатын
мәселелер бар екендігі даусыз.
Қазіргі таңда Қазақстанның барлық ӛңірлерінде ӛндіріске халықаралық стандарттарды енгізу жӛнінде
жҧмыстар белсенді жҥргізілуде. Мысалы, Ақмола облысында 5 машина жасау кәсіпорындары, 4 ауыл
шаруашылығы ӛнімдерін ӛңдеу, 2 тау-кен рудасы ӛндірісінде, Жамбыл облысында 37 шаруашылық
субъектілерінде, Маңғыстау облысында 62 кәсіпорында сапаның ИСО сериясының 9000 және 14000
халықаралық стандарттары енгізілген.
Қазақстанда ғылыми сыйымды технологияларды халықаралық рынокқа шығаруда да кездесетін
мәселелер жеткілікті. Мәселен, маркетинг және жарнама саласында тәжірибенің жеткіліксіздігі. Ол ҥшін
халықаралық рынокта ӛз орнын тауып, сенімді орнығу ҥшін ӛндірісті ҧйымдастырып, маркетингтік
зерттеулер жҥргізіп, мемлекет тарапынан қаржылық және сыртқы экономикалық қолдауды пайдалану
қажет.
Дегенмен бәсекеге қабіліттілікке едәуір әсер ете алатын инновациялық мҥмкіндіктер
институционалдық инвесторлардың қаржылық ресурстарының жеткіліксіздігінен, ӛндірістің технологиялық
артта қалушылығынынан, ішкі рынокта сҧраныстың жетіспеушілігінен толық қолданысқа ие бола алмай
отырған жағдайы бар.
Экономиканың дамуына кері әсер етуші тағы бір маңызды факторы – мемлекеттік және қоғамдық
институттардағы жемқорлық кӛрсеткіштері. Transparency International тӛрағасы Питер Айгеннің айтуы
бойынша жемқорлық елдің дамуына қажетті сенімділік жояды. Мҧнай қорына аса бай елдер, мысалы,
Ангола, Әзірбайжан, Эквадор, Индонезия, Иран, Ирак, Қазақстан, Ресей, Ливия, Нигерия, Судан, Венесуэла,
Чад және Йемен жемқорлыққа қарсы тҧру индексі бойынша тӛмен балға ие болды. Осы елдерде мҧнай
ӛндіруге қатысты мемлекеттік келісім-шарттар жҥргізу жҥйесі жемқорлық торында, нәтижесінде мҧнайды
ӛндіріп, сатудан тҥсетін табыстардың кӛп бӛлігі шетелдік мҧнай компаниялары басқармасының,
делдалдардың, жергілікті шенеуніктердің қалталарында қалады.
Transparency International мәліметтері бойынша әлемде жемқорлық нәтижесінде мемлекеттік сатып
алулар саласындағы жоғалтулар 400 млрд. АҚШ долларын қҧрайды екен. Қазақстан жемқорлыққа қарсы
тҧру индексі бойынша әлемде 122–128 орында.
Аталған кемшіліктерді жойып, индустриалық-инновациялық саясатты басшылыққа алу ҧлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы және дамыған мемлекеттердің ізімен, олардың
қатарына қосылудағы бірден-бір тиімді жол. Экономиканың технологиялық артта қалушылығын жеңу
инновациялық даму жолына шығып, қазіргі технологиялар ӛнеркәсібін игеріп, жаңа машиналар, қҧрал-
жабдықтар шығарған кезде ғана мҥмкін болмақ.
Қазір әлемдік экономикада дамыған мемлекеттер дамудың жаңа сатысы – постиндустриалық қоғамға
ӛту жолында, яғни жаһандану ҥдерісіне оңтайлы ӛту ҥстінде. Осылайша жаһандану ҥдерістерінің әсерінен
дамыған елдермен дамушы елдердің арасындағы алшақтық қысқарғанның орнына, одан сайын ҧлғая тҥсуде,
яғни экономикасы қарқынды дамыған елдердің артықшылығы арта береді. Кез келген елдің экономикасын
қарқынды дамыту ҥшін бірнеше шарттардың орындалуы тиіс, мысалы:
ірі ғылыми-техникалық және ӛндірістік потенциалға ие болу;
сыйымды ішкі рыноктың болуы;
әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті, басқа елдерде ӛндірілмейтін тауар мен қызмет ӛндіретін тҧйық
ӛндірістік-технологиялық жҥйелердің болуы.
Қазіргі таңда әлемдік экономиканың жаһандануы барысында Қазақстан экономикасы бірнеше
123
тҥбегейлі қиыншылықтарға тап болып отыр. Олардың негізгілерін кӛрсетелік (1-кесте):
1-кесте – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға кері әсер етуші факторлар
№
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға кері әсер етуші факторлар
1.
әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi және отандық ӛндірушілердің шетелдік
ӛндірушілермен салыстырғанда бәсекелік қабілеттілігінің тӛмен болуы;
2.
біржақты шикізат ӛндірісіне бағыттылығы;
3.
ӛңдеушi ӛнеркәсiп ӛнiмдiлiгiнiң тӛмендiгi, ӛндіріс салаларының шығындық
сипаттылығының басымдылығы;
4.
кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы, негiзгi
қорлардың табиғи және сапалық тозуы;
5.
ғылым мен ӛндіріс салалары арасындағы тығыз байланыстың жоқтығы, «зиялылардың
кетуі», мамандарды және жҧмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi
заманғы жҥйесiнiң болмауы;
6.
жаңа технологияларды лицензиялау деңгейінің тӛмен болуы, интеллектуалды меншік
қҧқығын қорғаудың дамымауы;
7.
экономиканың ӛңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары
ҥшiн ынталандыру кӛздерiнiң болмауы;
8.
инфрақҧрылымға қарсы саясаттың монетарлы қҧралдарына кӛп кӛңіл бӛлу, нақты және
қаржы секторлары арасындағы теңгерімсіздік;
9.
банктердің экономикаға инвестиция салу белсенділігінің тӛмендігі;
10.
бизнестің іскерлік белсенділігінің тӛмендігі
Е с к е р т у – Зерттеушілердің еңбектерінің негізінде автормен қҧрастырылған.
1-кестеде сипатталынған ҧлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер беретін
факторлармен қатар басқа да кемшіліктерді атауға болады. Олар: технологиялық жаңа ҧсыныстарды
енгiзудiң және оларды рынокқа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы; инновациялық жобаларға
жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдi
қаржыландыру қорлар желісінің (венчурлiк қорлар), олардың жедел ӛсу кезiндегi фирмаларды қолдаудың
арнайы қаржылық тетіктерінің, дамыған инфрақҧрылымдық элементтердiң болмауы; ішкі рынокта озық
технологияларға және ӛнеркәсіптік жаңа ҧсыныстарға тӛлем қабілетті тапсырыстың болмауы; ғылым және
ғылыми-техникалық жетістіктерді қажетсiнетiн ӛнiмдердiң отандық рыногының әлсіздігі.
Қазақстанның және басқа да дамушы мемлекеттердің, әрине, дәл қазір осындай артықшылықтары
жоқ. Сол себепті әлемдік экономика ҥдерісінен мҥлдем артта қалып қоймау ҥшін стратегиялық міндеттерді
аймақтық интеграциялар – ЕврАзЭС немесе Біртҧтас экономикалық кеңістік (БЭК) арқылы шешуді
ойластыру қажет. Бҧл аймақтық блоктардың артықшылығы жоғары ӛндірістік ресурстарға, ғылыми-
технологиялық әлуетке және сыйымдылығы жоғары ішкі рынокқа ие.
Интеграцияланудың тағы бір маңыздылығы – ол ортақ қауіпсіздікті орнықтыру, Дҥниежҥзілік сауда
ҧйымына енуде туындайтын мәселелерді бірлесе шешу.
Бҥгінгі таңда әлемдік бәсекелік кҥштерге жалғыз тӛтеп беру мҥмкін емес, сол себепті ТМД елдері
ҥшін интеграциялану идеялары аса маңызды болып табылады.
Біздің зерттеулеріміз кӛрсеткендей, ҧлттық экономиканың әлемдік экономикаға интеграциялануы мен
жаһандану аясына енуін қамтамасыз етуде мемлекеттің жҥргізетін инновациялық саясатын келесідей
маңызды бағыттарға бағдарлау қажет. Олар:
прогрессивті технологияларды игеру мен ғылымды қажет ететін ӛнім ӛндірісін дамыту ҥшін
институционалдық іс-шараларын қалыптастыру;
инновациялық қызмет пен оны ынталандыру механизмдерін салықтық, нормативті-қҧқықтық
қамтамасыз ету шараларын жасау және жетілдіру;
әлемдік рынокта кәсіпорындардың бәсекелік артықшылығын қамтамасыз ететін ғылыми
әзірлемелерді, технологияларды қолдау және отандық ғылыми-техникалық зерттеулермен айналысатын
кәсіпорындардың қызметін ынталандыру;
124
инновациялық инфрақҧрылымды дамыту;
ғылыми-техникалық әзірлемелермен, зерттеу жҧмыстарымен айналысатын ӛнеркәсіп салаларын
қаржыландыру ҥшін бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар жҥйесін қҧру;
арнайы білікті мамандарды даярлау;
экономика салаларының мәселелерін талдау барысында озық ғылыми-инновациялық тәсілдер жҥйелі
тҧрғыда қолданылуы тиіс.
Қазақстанның Еуропа, ТМД, Азия елдерімен экономикалық, саяси және тағы басқа халықаралық
қарым-қатынаста болуы, жаһандану ҥдерісіне әрі қарай енуі халықаралық деңгейдегі бәсекелік кҥреске
тӛтеп беруін қажетсінеді. Ендеше, Қазақстан экономикасының қандай бәсекелік артықшылықтары мен
мҥмкіншіліктері бар деген сауал туындайды.
Ең бастапқы артықшылығы, қазіргі дәрежесі бойынша кӛптеген индустриалды дамыған елдерден кем
тҥспейтін халықтың сауаттылық деңгейі. Қазақстан халқының сауаттылығы жағынан әлемдегі алғашқы 3%
елдер қатарына, ал әлеуметтік әл-ауқаттылық деңгейі бойынша соңғы 40% елдер қатарына жатады.
Инженерлер мен оқымыстылар саны бойынша тізімнің бірінші 1/3 бӛлігінде, ал жоғарғы технологиялар
экспорты ҥлесі бойынша ең соңғылардың қатарында.
Инновациялық дамудың әлеуметтік-экономикалық факторларының тағы бір алғышарты –
инновациялық ӛнім жасап, оны ӛндіріс саласына енгізуге қабілетті мамандардың бар болуы пайымдалған.
Бҥгінгі таңда кәсіпкерлерге қойылатын талап аса жоғары болуы тиіс, себебі олар инновацияны ӛз
тҧрғысында бағалап қана қоймай, оны ӛз компаниясына енгізуді ҧйымдастырып, инновациялық идеяларды
жедел қабылдамаса, қазіргі қатаң бәсекелік кҥресте жеңу мҥмкін емес. Демек, ӛз жҧмысында инновациялық
ойларды іске асыра білген адам да, компания да алдыңғы қатардан кӛрінеді деген сӛз. Бәсекеге
қабілеттілікті арттыру туралы автордың ғылыми зерттеулерінде де зерделенді.
Қазақстан экономистерінің пікірлері бойынша, елде мамандарды қазіргі заман талаптарына сай
даярлау жҥйесі әлсіз. Сондай-ақ зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерцияландырудың iскерлік
қағидаттарын кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғары технологиялық жобаларды басқара алатын
кәсiби инновациялық менеджерлер-мамандардың институты да дамымай отыр. Қазiргi уақытта Қазақстанда
негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен iрi корпорацияларда, ҧлттық компанияларда, екiншi деңгейлi
банктерде, қаржылық-ӛнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғары деңгейiне қол жеткізілген.
Әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - «Қазақстан - 2050» Стратегиясы.
2012 жылғы 14 желтоқсан.
2.
Қазақстан Республикасының ҥдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3.
Каренов Р.С., Баймухамедов М.Ф. – Проблемы становления и развития современного менеджмента:
Монография. – Караганда: Издательско-полиграфический центр Казахстанско-Российского университета,
2013. – 432 с.
4.
Жылжақсынова Ш.П. Білімге негізделген экономиканың ҧлттық бәсекелік қабілеттілік артықшылықтарын
қалыптастырудағы маңызы // Социально-экономические и правовые проблемы в условиях вхождения
Республики Казахстан в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. Материалы научно-
практической конфренции, 11 мая 2011 года. – Алматы: «Status A.Ltd.», 2011. – С. 395-398
Достарыңызбен бөлісу: |