Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет5/53
Дата24.03.2017
өлшемі5,62 Mb.
#10256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

Литература 
1.
 
Кoнституциoннoe пpaвo Poссии: куpс лeкций / oтв. peд. Ю.Л. Шульжeнкo – М.: ТК Вeлби, изд-вo Пpoспeкт, 2007. 
/ С.239. 
2.
 
Бaглaй М. Кoнституциoннoe пpaвo зapубeжных гoсудapств - М., 2008. С. 528. 
3.
 
Oкунькoв  Л.A.  Пpeзидeнт  Poссийскoй  Фeдepaции.  Кoнституция  и  пoлитичeскaя  пpaктикa  -  М.:  Юpист. 1996  г. 
С.11. 
4.
 
Сaхapoв Н.A. Институт пpeзидeнтствa в сoвpeмeннoм миpe - М.: Нopмa. 1994. С.173. 
5.
 
Чиpкин В.E. Пpeзидeнтскaя влaсть - М.: Юpист. 2002. С. 15-16. 
6.
 
Ввeдeниe в пoлитoлoгию: Слoвapь-спpaвoчник. Пoд peд. В.П. Пугaчeвa. - М.: Aспeкт Пpeсс. 1996. С. 198. 
7.
 
Гapбузoв  В.Н.  Бoгдaнoв  Д.Ю.  Пpeзидeнт  Буш  и  пapaдoксы  «сoстpaдaтeльнoгo  кoнсepвaтизмa»  //СШA,  Кaнaдa: 
экoнoмикa, пoлитикa, культуpa. 2001. N 8. С.3-25 
8.
 
Кaсымбeкoв М.Б. Oсoбeннoсти вoзникнoвeния и типoлoгичeскиe пpизнaки институтa пpeзидeнтствa в paзличных 
стpaнaх миpa //Eвpaзийскoe сooбщeствo. Aлмa-Aты. 2002. № 2 (38). 
9.
 
Epтысбaeв  E.К.  Институт  пpeзидeнтствa  кaк  инстpумeнт  мoдepнизaции  пoсттoтaлитapных  тpaнзитных  oбщeств 
(нa  пpимepe  Peспублики  Кaзaхстaн)  //Институт  пpeзидeнтствa  в  нoвых  нeзaвисимых  гoсудapствaх.  (Мaтepиaлы 
мeждунapoднoй кoнфepeнции). Aлмa-Aты: ИФП МOП PК. 2001. С.115. 
10.
 
 Poссия пoлитичeскaя. Пoд oбщ. peд. Л. Шeвцoвoй - М.: Мoскoвский Цeнтp Кapнeги. 1998. С.34. 
 
 
 
 
 
 
 

27 
 
ӘЖБ 396.01.37 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҦҚЫҒЫНДА  
АҚШАЛАЙ ТАЛАПТЫ БЕРІП ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ  
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
Елікбай М.Ә., Жақсыбаева А.Е., Салыбеков А.М. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В  статье  рассмотрены  особенности  института  финансирования  под  уступку  денежного  требования  в 
гражданском праве Республики Казахстан. 
Summary 
In  the  research  article  is  considered  features  of  institute  financing  under  a  concession of  the  monetary  requirement  in 
civil law of the Republic of Kazakhstan 
 
Факторинг қызметінің біздің ӛмірімізге енуі тӛлемсіздік  мәселесімен тығыз байланысты. Оның жҥз 
жыл бҧрын пайда болуы да нақ осы экономикалық  қиындықтарына байланысты болды. 
Нарықты экономикада  факторингтің қолданылуы ӛте тиімді екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. 
Бҧл ең алдымен орта және кіші бизнес ҥшін тиімді, ӛйткені олар ӛндірісті ӛсірудің  барлық мҥмкіндіктеріне 
ие  бола  отырып,  борышқорлардың  дер  кезінде  қарыздардың  ӛтелмеуі  салдарынан  ҥлкен  қаржылық 
қиындықтарға    тап  болады.  Факторинг  осы  тӛлемсіздіктерді  жоюдың  тиімді  қҧралдары  ретінде  танылады, 
олар қаржылық есеп-айырысуларды жетілдірудің тиімді қҧралдары болады.  
Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасының  банк  және  барлық    азаматтар     ақшалай  талап  беріп 
қаржыландыру шартының жасалу сатылары тәуекелділікті білдіретіндігінде және  негізгі шарттарының бірі 
мемлекеттің тҧрақты дамып жатқан экономикасы ретінде қарауға болады. 
«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген, еркіндік пен  теңдікті ту етіп,  бейбітшіл байрағын желбіреткен  
азаматтық  қоғам  екенімізді  әлем  біледі.  Небәрі  20  жыл  ішінде  дҥниені  дҥр  сілкіндіріп  орынымыздан  тік 
тҧрдық.  Тағымызды  алып,  тәжімізді  қайта  кидік. деу  себебіміз  еліміздегі  атқарылып  жатқан  игі  істердің 
басты  кӛрінісі  деп  айтуға  болады.»  делінген  Қазақстан  Республика  Президенті  Н.Назарбаевтың  халыққа 
Жолдауында. 
Қазіргі  нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіпкерлік  пен  банк  қызметінің  тиімділігін  ӛсіру 
мақсатында  факторинг  немесе  ақшалай  талапты  беріп  қаржыландыру  шартының    маңызы  зор.  Әлемдегі 
нарықтық  экономикасы  бар  мемлекеттер  ҥшін  бҧл  бҧрыннан  белгілі  институт  болғанымен  біздің 
республикамызда кең тараған жоқ. Қазақстанның азаматтық қҧқық ғылымы ҥшін бҧл институт жаңа болып 
табылады.  
Қазақстан  Республикасындағы  қазіргі  жағдайларда  кӛрсетілетін  банктік  қызметтердің  сапасына, 
сондай-ақ  жалпы  банк  жҥйесінің  тҧрақтылығы  мен  пайдалылығын  қолдаумен  байланысты  бизнес-
ҥдерістердің  оңтайландыруға  баса  кӛңіл  бӛлінуде.  Әр  алуан  банктік  операцияларды  жҥргізу  кезінде 
тәуекелдерді бағалау мен оларды тӛмендетуге  байланысты  мәселелердің маңызы  жоғары  болып отыр. Бҧл 
мәселелердің кӛкейтестілігі, сондай-ақ, банктердің тәуекелдерді соңғы тасушылар болып табылатындығына 
да байланысты, бҧл Қазақстандағы несие  тәуекелдерін сақтандыру рыноктарының жете  дамымағандығына 
да байланысты. Сондықтан ақшалай талап беріп қаржыландыру ҥшін банк қызмет кӛрсету саласын ҥздіксіз 
жетілдіріп  отырыу  қажет.  Сонда  ақшалай  талап  беріп  қаржыландыру  шарты  дамиды  және  кәсіпкерлік 
тәуекелдікті сақтандыруды қҧқықтық реттеудің қолданыс аясын кеңейту қажет.  
Факторинг мәселесі, сондай-ақ азаматтық қҧқықтың ӛзге де ӛкілдерімен қарастыру кезіндегі қолдану 
мҥмкіндігінде.  Экономисттер,  сондай-ақ  заңгерлер  ҥшін  де  факторинг  тҥсінігі  белгілі  қиыншылықтар 
тудырады.  
Факторинг  –  коммерциялық  банктер  олардың  еншілес  фактор  -  фирмалары  ҧсақ  және  орта 
фирмаларға – олардың клиенттерге кӛрсететін қаржылық қызметтердің тҥрі.  
Ең  бастапқыда  факторинг  XVI-XVIIғ.ғ.  пайда  болған,  оның  пайда  болуына  саудагерлердің  қызметі 
ықпал  еткен,  ӛйткені  олар  тауар  ӛндірушілерге  әр  тҥрлі  сауда-делдалдық  қызметтер  кӛрсеткен,  яғни  бҧл 
тауарды жаңа нарықтарда ӛткізуге кӛмек беру, сатып алушылардың сатып алушылық қабілетіне кепілдеме 
беру арқылы іске асқан. Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет кӛрсетуден, берілген несиені 
қайтаруды  талап  ету  қҧқығын  қоса  алғанда  басқа  шарттардан  туындайтын  тӛлем  талаптарын  сатып  алуы. 
Мҧндай  мәміленің  нәтижесінде  банк  ӛз  клиентінің  талабын  қайта  қаржыландырып  қана  қоймай,  сонымен 
қатар тӛлемеу ықтималы тәуекелін ӛзіне қабылдайды. 
Факторингтің  шарықтауы  1980  жылдарға  келді,  осы  жылдары  батыс  елдерде  экономиканың 
кӛтерілумен  сипатталды.  Факторингтік  компаниялар  саны  ҥш  ретке  ӛсті,  мҧнда  олардың  айналым 
жиынтығындағы Американың ҥлесі екі ретке кеміп, ал Батыс Еуропа ҥлесі бір жарым ретке ӛсті. 
Факторинг  ӛндірушілердің  тауарларын  ӛткізу  мен  айналысатын  сауда  агенттерінің  қаржы-
коммерциялық  операцияларынан  пайда  болды  және  ол  толық  кеденді  қаржылық  қызмет  кӛрсетуге 
бағытталған  қаржыландыру  механизміне  айналды.  Міне  осылай  бҥгінгі  кҥні  факторинг  қаржылық  қызмет 

28 
 
кӛрсетудің  әмбебап  жҥйесіне  айналды,  оның  ішіне  осыған  тірлік,  ақпараттық,  жылжыту,  несиелеу, 
сақтандыру және қҧқықтық қызмет кӛрсету кіреді. Клиентке тек қана ӛндірістік қызмет кӛрсету саласымен 
айналысу ғана қалып отыр. Қаржылық компаниялар контракт бойынша толық қызмет кӛрсетуді ӛз мойнына 
алады. Сонымен қатар, факторинг кәсіпорынның айналым қаражатына деген сҧранысын қанағаттандырады, 
тауар-ақша айналысын жеделдетеді, бірақ олардың басқа мәселелерін шешпейді (ӛндірісті қайта жабдықтау, 
инвестиция, технологиялық ӛңдеу, және т.б.) 
Сондықтан,  халықаралық  жеке  қҧқықтық  сипатқа  ие  емес  факторингтің  азаматтық-қҧқықтық 
қатынастары  туындайды.Факторингтің  қҧқықтық  нысандары  ретінде  ашылған  және  ашылмаған  факторинг 
ажыратылады. 
Факторинг  шарты  міндеттемелердің  орындалуын  қамтамасыз  етудің  ерекше  тәсілі  ретінде 
қолданылуы  мҥмкін. Борышқорға  ақшалай  талабын  клиент, сонымен бірге  ӛзінің қаржы  агенті алдындағы 
міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ету мақсатында да беру мҥмкін (ҚР АК 729 б.). Мҧндай жағдайларда 
факторинг  шарты  ақшалай  талапты  беріп  қаржыландырудың  кәдімгі  шартының  ӛз  мазмҧны  бойынша 
ерекшеленуі мҥмкін және клиент пайдасына тӛлемді тоқтату немесе оның мӛлшерін шектеуі мҥмкін.   
Қазіргі  таңда  ақшалай  талапты  беріп  қаржыландыру  (факторинг)  шарты  Қазақстан  Республикасы 
Азаматтық  Кодексінің  729-738  баптарымен  реттеледі.  Факторинг  бойынша  қаржы  агенті  ақшаны  клиент 
билігіне  береді  немесе  беруге  міндеттенеді,  ал  клиент  қаржы  агентіне  клиенттің  осы  ҥшінші  тҧлғамен 
(борышкермен) қатынастарынан туындайтын ӛзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге 
міндеттенеді не борышкерге ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті 
алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында беруі мҥмкін. Бҧл ретте факторинг шарты 
бойынша қаржы агентінің міндеттемелері клиент ҥшін бухгалтерлік есеп жҥргізуді және берудің нысанасы 
болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты қҧжаттар ҧсынуды, 
сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты ӛзге де қаржылық қызмет кӛрсетуді қамтуы мҥмкін.  
Қазіргі  таңда бҥкіл әлемдегі қолданылып отырған, факторинг,  сатушының сатып алушыға  сатылған 
тауарлары  ҥшін  тӛлемді  кейінге  қалдыру  тҥріндегі  беретін  тауарлы  несие  формасындағы  коммерциялық 
несиені  білдіреді,  сонымен  қатар  сатушы  мен  сатып  алушы  арасындағы  есеп  айырысу  мен  несиелік 
қатынастарда ашық шотты қолдануды білдіреді. 
Мҧнда сатушы тауарды сатып алушыға тиеп жіберіп оның мекен жайына тауар қҧжаттарын жібереді, 
қарыз  сомасын  сатып  алушының  атына  ашылған  шоттың  дебетіне  жазылады.  Мҧндай  шарттарда 
контрагенттер арасындағы қарым-қатынас тәуекелді және бҧл тәуекелділікті ӛзіне фактор компания алады. 
Сондықтан да, дамыған елдердің факторинг базасы ретінде қазіргі кҥні сатылған тауар ҥшін тӛлемді 
кейінге  қалдыру  тҥрінде  коммерциялық  несиелендіру  болып  табылады,  кӛп  жағдайда  ол  ашық  шот 
формасында  болады.  Сатып  алушы  қарызын  келісім  шартта  келісілген  мерзімде  ӛтеуі  тиіс.  Тӛлемнің  дер 
кезінде  тҥспеуі  немесе  мҥлдем  тӛленбей  қалуы  тәуекелділігін  ӛзіне  толығымен  фактор  алады,  ол  ӛзіне 
ӛткізілген  қарыздық  міндеттеме  сомасын  тӛлейді.  Қазіргі  қҧн  артында  классикалық  факторинг 
жабдықтаушыға толық қызмет кӛрсетуді білдіреді (регресс қҧқығынсыз ашық факторинг), сондықтан, оның 
кӛрінісін мынадан табамыз: 
1.
 
Тӛлем мерзімін кейінге қалдыру шартымен тауармен жабдықтау немесе қызмет кӛрсету; 
2.
 
Жабдықтау бойынша тӛлемді талап ету қҧқығын фактор-компанияға ӛткізу; 
3.
 
Фактор-компанияның жабдықтаушыға сатылған тауарлар сомасының 80% дейінгі қаражатты қолма-қол 
тӛлеу; 
4.
 
Тҧтынушы сатып алынған тауарлары ҥшін тӛлемін ӛтеуі; 
5.
 
Сатып  алушы  борышын  ӛтегеннен  кейін  фактор-компания  жабдықтаушыға  қалған  20%  сомасынан 
комиссияны шегеріп тастап тӛлейді.   
Қорыта  айтқанда,  факторинг,  лизинг,  франчайзинг  тӛлемнің  кӛптеген  елдерінде  ӛз  дамуын  тауып, 
кәсіпкерлік қызметті ҧйымдастырудың пайдалы әдістерінің бірі болып саналғанмен, Қазақстанда әліде болса 
оның  даму  нысандары  мен  жолдары  анықталып  зерделеніп  қолданысқа  нақты  тҥрде  ендіріу  бағытын 
ҥздіксіз  зерттеуде.  Қазіргі  экономиканы  дағдарыстық  жағдайында,  кӛптеген  кәсіпорындар  ӛндірістің 
техникалық жаңаруына ірі мӛлшердегі қаражаттарды салуды жҥзеге асыра алмай отыр. Осыған байланысты 
барлық меншік нысанындағы отандық ӛндірісті қолдауға, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті және 
ӛндіріс  аясына  дамыту  ҥшін,  қосымша  жеке  инвестициялар  тартуға  мҥмкіндік  беретін  лизингтік, 
франчайзингтік, форфейтингтік бизнесті дамыту қажеттілігі туындауда.  
Шағын  кәсіпкерліктің  инвестициялық  лизингтік,  франчайзингтік,  форфейтингтік  жоспарына  қолдау 
кӛрсету, осы процеске қатысатын негізігі субъектілерін, анықтауға негізделуі керек - олар ретінде лизингтік 
компаниялар тҥсуі керек. Экономикалық жаңғырту мемлекетіміздің дамуының басты бағыты болғандықтан, 
оның  осы  экономиканың  негізін  қҧрайтын  меншіктің,  меншік  қҧқығының  азаматтық  қҧқықтың  объектісі 
ретінде  мҥліктік  қатынастардың  сан  қилы  болуы  мен  казіргі  кезде  кӛбеюі,  одан  әрі  қҧқықтық  реттелуді 
қажет етеді.   
Елбасы:  «Біздің  міндетіміз  –  экономиканы  осы  сынаққа  дайындау,  оны  әртараптандыруды 
жалғастыру»  -  деп  Ҥкіметке  ең  басты  он  тапсырманы  нақтылап  берді.  Соның  ішінде  елдің  татулығы  мен 
қауіпсіздігі,  тҧрақтылығы  мен  ынтымағы  тәуелсіз  мемлекетіміздің  ең  басты  қҧндылығы  екеніне  ерекше 
назар аударды. Жалпы Жолдауда айтылған барлық басымдық елімізді одан да биік белестерді бағындыруға 

29 
 
жетелейтіні ақиқат. Ол мемлекетіміздің кемелді болашағының айқын жоспары іспеттес. Сондықтан да,  ҚР 
азаматтық қҧқығының негізін қалайтын азаматтық қҧқықтық қатынастардың арасында ақшалай талап беріп 
қаржыландыру  шартының  туындауын,  ӛзгеруін,  тоқтатылуын  қҧқықтық  реттеуді  жетілдіру  соңғы  кездегі 
мемлекет алдында тҧрған негізгі міндеттердің бірі болып тҧр. 
Келешекте  ақшалай  талапты  беру  кезінде  шартта  кӛзделген  талапты  берудің  нысанасы  болып 
табылатын  ақшаны  борышқордан  алу  қҧқығының  ӛзі  пайда  болатынан  кейін  қаржы  агентіне  ауысты  деп 
есептеледі. Әрине, осындай жағдайды қалыптастыру ҥшін мемлекет тарапынан қолдаудың ӛте қажет екенін 
атап ӛту керек.  
Сонымен  бірге  кәсіпкерлік  қызмет,  жҥзеге  асыру  ҥшін  ең  болмағанда  олардың  қалыптасу  кезенінде 
салықтық жеңілдіктер, мақсатты кӛмек (қаржылык, ақпараттық,) қарастырылуы керек. 
Факторингтің  әр  тҥрлі  болып  жіктелінуі  кәсіпкерлерге  қолайлы  тҥрлері  арасында  таңдау 
мҥмкіншілігіне  жол  ашады.  Бҧл  әрине  олардың  ешқандай  кедергісіз  ӛз  қызметтерін  әрі  қарай  жетілдіру 
талаптарына сай пайда болған. Сондықтан да, Қазақстанда толық факторингтік қызмет кӛрсетуді жетілдіру 
уақыт талабына сай шешілуі тиіс.  
Әдебиеттер  
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (14.12.2012 ж.)
 
2.
 
Жайлин  Ғ.А.  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  қҧқығы:  Жоғарғы  оқу  орындарына  арналған  оқу 
қҧралы ерекше бӛлім І-ІІ том/ Ғабиден Айнашҧлы Жайлин, – Алматы: Заң әдебиеті, 2005.-358б.  
3.
 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: ЖШС «Норма К», 2011. – 356б. 
4.
 
Басин  Ю.Г. Сделки: учеб. пособие для вузов/ Ю.Г. Басин.- Алматы: «Әдiлет–Пресс»,1996.-200с. 
5.
 
Мауленов  К.С.  Фьючерстные  контракты/  «Предприниматель  и  право»:  К.С.Мауленов.-  Алматы:  Баспа  -
2002.-№42 (118).-3 с. 
6.
 
Орехов С ., Афонин В. Факторинг:  учеб. пособие для вузов/ С.Орехов, В.Афонин/.-М.: Изд-во,  Юристь, 
2009.-200с. 
 
ӘОЖ347.961 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НОТАРИАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК 
 ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ  МӘНІ, ТҤРЛЕРІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 
 
Жақсыбаева А.Е., Мелдебеков Б.Р. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В  статье  рассмотрены  сущность,  виды  и  значение  социальных  функций  нотариата  в  Республике 
Казахстан. 
Summary 
In this article considered the essence, types and value of social functions of a notariate of Kazakhstan Republics. 
 
Қазіргі  қазақстандық  нотариат  институтының    ӛзіндік  кҥрделі  тарихы  бар,  осының  негізінде 
мемлекеттегі  маңызды
 
және сан тҥрлі азаматтық-қҧқықтық, мҥліктік қатынастардың, сонымен қатар қоғам 
ӛмірінің басқа да салалары туралы тҥсініктің қалыптасуына мҥмкіндік беріп отыр. Нотариаттың адам ӛмірі 
мен  қоғамдағы  орны  мен  рӛлінің  ӛзгеруі,  жеке,  еркін  нотариаттың  пайда  болуы  мен  дамуы,  нотариаттық 
ӛзін-ӛзі  басқару  қағидаларының  қалыптасуы,  оның  қҧқықтық  мәртебесінің  тҥпкілікті  ӛзгерістерге 
ҧшырағанын білдіреді. 
Нотариат  тарихи  тҧрғыдан  азаматтық  айналым  дамуымен  байланысты,  оның  қатысушыларының 
мәміле мен заңмен бекітілген әрекеттерді жасауы, олардың қҧқықтарын қорғаудың объективтік қажеттілігі, 
сондықтан  бҧл  қҧқықтық  институт  кез  келген  қҧқықтық  жҥйенің  ажырамас  қҧрылымдық  бӛлігі  болып 
табылады,  осының  негізінде  ол  мемлекеттің  қҧқық  қорғау,  фискалды  және  соттық-юрисдикциялық 
қызметтерін жҥзеге асыруға мҥмкіндік береді. 
Қазіргі  қоғамдағы  нотариаттың  ерекше  қҧқықтық  институт  ретіндегі  орнын  білу  және  оның 
қызметінің ерекшелігін сипаттау ҥшін, нотариат қызметтерін қарастыру қажет. 
 
 
Қҧқықтық  қызметтердің  тҥсінігі,  дискуссиялық  сипатқа  ие,  бірақ  қҧқықтанушылардың  пікірлерінде 
кӛрсетілген бірқатар ерекшеліктерді атауға болады.  
Негізінен,  нотариат  қызметтерін  бірнешеге  бӛлуге  болады:  1.  Әлеуметтік,  яғни  нотариаттың 
Қазақстан  қҧқықтық  жҥйесінде  және  азаматтық  юрисдикциялық  органдар  жҥйесіндегі  орнын  сипаттайтын 
қызметтер; 2. Мазмҧнды, яғни нотариаттық  қызметтердің сипатын кӛрсететін  қызметтер; 3. Дәлелдемелік, 
яғни нотариаттық қызметтің мәнімен байланысты қызметтер. 
Азаматтық  айналымда  нотариаттың  келесідей  әлеуметтік  қызметтері  бар:  1)  ескерту-алдын  алу;  2) 
қҧқықты жҥзеге асыру; 3) қҧқықты қорғау; 4) фискалды.  
Нотариустың  ескерту-алдын  алу  қызметі  келесіде  анықталады.  Тарихи  тҧрғыдан  және  қызметте 
нотариалдық  ӛндіріс  азаматтық  сот  ӛндірісімен  байланысты,  оның  бірқатар  бірдей  белгілері  бар.  Сот  та, 

30 
 
нотариус та жария-қҧқықтық қызметтерді жҥзеге асырады, ал заң тең дәрежеде нақты істі шешуде  сотты да 
нотариусты  да    қамтамасыз  етеді.  Бірақ  осы  қҧқықтық  институттардың  негізгі  айырмашылығы  азаматтық 
юрисдикция  шегінде  қҧқықтың  даулы  немесе  даусыз  болуында.  Дау  болған  жағдайда  азаматтық 
юрисдикция  сотпен  жҥзеге  асырылады,  ал  ол  жоқ  болғанда  нотариуспен.  Мысалы,  осы  критерийде 
мынандай  нотариаттық  әрекеттер  негізделген,  олар  ерлі-зайыптылар,  мҧрагерлер  арасында  мҥлікті  бӛлу 
туралы келісімді  және мәмілелерді куәландыру, неке шарттарын куәландыру, фактілерді куәландыру және 
т.б.  
Қазіргі жағдайда соттардың ведомстволығы заңда нақтыланған,  ал сол кезде нотариустардың жария-
қҧқықтық қҧзыреті тәуелсіз, кәсіби және жауапты қҧқықтық бағалауды қажет ететін маңызды қҧқықтық іс 
әрекеттердің тҥрлері бойынша толығымен қамтылмаған. 
Нотариат  дамуы  сот  реформасының  басты  элементі  болуға  тиісті,  себебі  соттық  қызметтің  басты 
проблемасы - олардың  қаралуына жататын барлық істердің қаралуы- сот жҧмысын жеңілдету арқылы ғана 
жҥзеге асырылуы мҥмкін. Осы жағдайда нотариат институтының азаматтық айналым саласындағы жағымды 
мҥмкіндіктерін толығымен пайдалану қажет. 
Дамыған нотариат жҥйесі кем дегенде соттық реформаның ҥш негізгі бағытында ӛз кӛмегін береді: 
1) мәмілені келісу сатысында даудың алдын алуға, яғни азаматтық-қҧқықтық даудың санын алдын ала 
азайта отырып; 
2) нотариаттық актілердің ерекше дәлелдеу кҥшінің болуына байланысты сотта дәлелдеу ҥрдісін және 
азаматтық-қҧқықтық дауларды  қарауды жеңілдетеді, осындайда сотқа тараптардың толығырақ нақты еркін 
анықтауға мҥмкіндік береді және жәй жазбаша тҥрдегі қҧжаттарға қарағанда азырақ таласуға жатады
3)  даусыз  сипаттағы  азаматтық-қҧқықтық  істерді  ӛзіне  ала  отырып  соттағы  істердің  азаюына 
атсалысады.  
Алдын алу сот әділдігін жҥзеге асыратын институт ретінде нотариат туралы айту ҥшін нотариаттың 
азаматтық қоғамда және азаматтық айналымда қызметтік бағытын сипаттай отырып айтуға болады. Арнайы-
қҧқықтық  мағынада  нотариат  органдарының  қызметі  сот  әділдігіне  жатпайды,  ал  қазіргі  азаматтық 
юрисдикциялық органдарға алдын алу сот әділдігі мәлім емес. 
Сондықтан,  азаматтық  айналымдағы  нотариаттың  алдын  алу-ескерту  қызметі  туралы  ғана  айтуға 
болады.  Нотариаттың  қҧқықты  жҥзеге  асыру  қызметі  оның  субъективтік  қҧқықтарды  жҥзеге  асыру  мен 
міндеттерді  орындау  жҥйесіндегі  орнын  айқындайды.  Қҧқықтың  жҥзеге  асырылу  әдістерінің  қалыптасқан 
жіктелуіне сәйкес олар қҧқықты орындау, пайдалану, сақтау және қолдану деп бӛлінеді. 
Нотариустың қҧқықты жҥзеге асыру қызметіне қатысуы әр тҥрлі жолдармен жҥзеге асырылады.  
Біріншіден, нотариаттық іс әрекет жҥзеге асырылатын азаматтық айналым қатысушыларына қатысты 
қҧқықтық іс әрекеттердің жағдайын қамтамасыз ету жолдарымен. Сондай-ақ, жылжымайтын мҥлікті сатып 
алу-  сату  шартының  қатысушылары  бірдей  сатып  алушы  және  сатушы  ретінде  қҧқықтарын  пайдаланады, 
ҥшінші  тҧлғалардың  қҧқықтарын  қамтамасыз  етуге  байланысты  ӛз  міндеттерін  орындайды,  қҧқықтық 
тыйымдарға байланысты қҧқықтық нормалардың талаптарын сақтайды. Нотариуста нотариаттық әрекеттер 
қатысушыларының  қҧқықты  жҥзеге  асыру  қызметіне  байланысты  тиімды  қҧқықтық  жағдай  жасауды 
қамтамасыз ету міндеті жҥктеледі.  
Екіншіден,  нотариустың  ӛзі  оған  берілген  қҧзыретке  сәйкес  қҧқықтық  нормалардың  талаптарын 
орындайды,  пайдаланады  және  сақтайды.  Мысалы,  нотариус,  мҥлікті  иеліктен  айыру  туралы  мәмілелерді 
куәландырғанда  нотариаттық  ӛндіріс  талаптарын  орындауы  қажет  (мысалы,  сатушыға  мҥліктің  тиесілі 
екендігін  тексеруге),  ӛзіне  берілген  қҧзыреттілікті  пайдаланады,  мысалы,  оған  ҧсынылған  қҧжаттардың 
растығын  тексеру  бойынша,  бекітілген  тыйымдарды  сақтайды,  мысалы,  нотариаттық  әрекеттер 
қатысушыларының нотариаттық қҧжаттарға қол қою  кезіндегі нотариустың болмауын талап еткенде,  оған 
қарсы болу. 
Ҥшіншіден, нотариус кейбір шектелген жағдайларда, қҧқықты қолдану қызметінің субъектісі болып 
табылады,  ондайда  оған  нақты  жағдайларда  қҧқықтық  істерді  шешуге  қҧқық  берілгенде  рҧқсат  етіледі. 
Нотариуспен қҧқықты қолдану тек шектелген жағдайда ғана жҥзеге асырылады, себебі нотариаттың негізгі 
міндеті ол азаматтық айналым қатысушылары әрекеттерінің қҧқыққа сәйкес болуын қамтамасыз ету болып 
табылады.  Нотариаттың қҧқық қорғау қызметі оның жария-қҧқықтық институты ретіндегі орнын кӛрсетеді, 
кең  тҧрғыдан  азаматтық  айналым  қатысушыларының  заңды  ірекеттерінің  заңдылығын  және  қҧқыққа  сай 
болуын  қамтамасыз  етеді,  сонымен  қатар  азаматтық  және  қылмыстық  қҧқық  бҧзушылықтың  деңгейін 
тӛмендетеді. 
Нотариаттың  қҧқықты  қорғау  қызметі  шегінде  ӛзіне  тиесілі  қҧқықтық  қҧралдармен  бір  қатар 
міндеттерді шешеді. Біріншіден, меншік саласындағы азаматтық айналымдағы криминалдылықтың деңгейін 
тӛмендетеді,  ал,  екіншіден,  қылмыстардың  ашылуын  жеңілдетеді,  ҥшіншіден,  қылмыстылықтың  деңгейін 
тӛмендетуге ықпал етеді, азаматар мен ҧйымдардың қҧқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 
Нотариат  ӛзінің  жария-қҧқықтық  сипатының  кҥшіне  байланысты,  нотариаттық  әрекеттердің  қатал 
ҥрдістік реттелуіне, айғақтардың кең шеңберін зерделеу қажеттілігі,  ең алдымен тіркеуге  жататын меншік 
объектілеріне қатысты, меншік саласындағы криминалдылықты азайтудың бірден бір қҧралы. Жәй жазбаша 
нысанда  мәмілелерді  жасау  кезінде,  яғни  нотариаттық  куәландырудан  ӛткізбей  жасаған  кезде, 
криминалдылық  деңгейі,  қолдан  жасау  мҥмкіндігі,  азаматтық  қҧқықтардың  бҧзылуы  әлде  қайда  жоғары. 

31 
 
Маңызды  аспектілерінің  бірі  болып  табылатын  ереже,  ол  қҧқық  қорғау  жҥйесі  мазмҧнының  шығынды 
болуында,  ал  нотариаттың  дамуы  азаматтық  айналым  қатысушыларының  ӛздеріне  қҧқық  қорғау 
шараларының бірқатарын жҥктеуге мҥмкіндік береді. 
Нотариаттың фискалды қызметі оның жария-қҧқықтық табиғатынан және нотариат ҥшін қажетті бір 
қатар  маңызды  мемлекеттік  міндеттерді  шешуден  туындайды.  Нотариат  органының  міндетті  тҧлғалардың 
салық  тӛлеуге  бірңн  жҧмылдыру  сияқты,  осындай  мемлекеттік  міндеттерді  шешуге  әсерін  тигізеді.  Латын 
нотариаты  жҥйесіндегі  бірқатар  елдерде  нотариустар,  мемлекеттің  фискалды  қызметін  жҥзеге  асыруына 
кӛмегін  береді,  сонда  барлық  жағдайда  меншік  қҧқығын  ӛтуін  анықтауға  және  салық  тӛлеушілерді 
нақтылауға  кӛмектеседі.  Осы  қызметтің  бюджет  қалыптасуының  қайнар  кӛзі  ретінде  мҥлікке  салық  салу 
маңызының жоғарлауына байланысты аса мәнге ие болады. 
Сонымен  нотариат,  жылжымайтын  мҥлікке  қатысты  мәмілелерді,  азаматтық  айналым 
қатысушыларының басқа да қҧқықтық әрекеттерін нақтылауға және салық тӛлеушілердің есебін жҥргізудің 
бірден бір ҧтымды нысаны. Қазіргі уақытта нотариат потенциалы корпоративтік салада сҧранысқа ие емес. 
Дамыған елдерде нотариус қызметі заңды тҧлғаларды қҧру кезінде, жалпы жиналыс ӛткізу кезінде белсенді 
тҥрде  пайдаланылады,  ол  маңызды  қҧқықтық  шешімдерді  қабылдау  кезінде  даулардың  пайда  болу 
мҥмкіндігін  жою ҥшін жасалады.  Сонымен қатар,  кейбір елдердің шаруашылық  қоғам туралы  заңдарында 
жиналыста  және  қоғамның  қҧрылу  кезінде  арнайы  тіркеуші,  яғни  нотариустың  болуы  заңмен  бекітілген 
талап  ретінде  кӛрсетілген.  Себебі  нотариус  әрекеттері  тек  тҧлғаларды  куәландыру  және  азаматтардың 
әрекет қабілеттіліктерін тексерумен ғана шектелмейді. Ол шартты жасаудың бастапқы сатысында қатысады, 
ол  кезде  тараптар  келісімге  келмей  отырып,  нотариус  оларға  мҥлікті  иеліктен  алу  туралы  шарттардың 
қҧқықтық  нәтижелерін  мәнісін  тҥсіндіреді.  Сонымен  қатар,  нотариус,  заңға  қайшы  келетін  шарттардың 
жасалмауына  бақылау  жасайды.  Әлемдік  тәжірибеге  сәйкес  нотариаттың  жылжымайтын  мҥлікке 
байланысты  мәмілелелрді  куәландырудан  шеттету  азаматтар  мен  заңды  тҧлғалардың  қҧқықтарының 
бҧзылуына  алып  келеді,  ал  ол  ӛз  кезегінде  даусыз  сипаттағы  істер  бойынша  соттық  даулардың  кӛбейуіне 
алып келеді. Соттардың жҧмысының кӛлемі арта тҥсетіні анық . 
Нотариаттық қызметтің және оның ерекшеліктері мен мазмҧнын анықтайтын нотариаттық қызметтер 
қҧқықты бекітетін, куәландыратын, қорғау және юрисдикциялық қызметпен сипатталады.
 
Қҧқықты  бекітетін  қызметі  нотариаттық  ӛндірісте  заңды  тҧлғалардың  ҥлкен  тобын  анықтауға 
мҥмкіндік береді. Нотариустың ӛзінде қажетті фактілік қҧрамның бар жоғын, анықтауға қажетті қҧжаттарды 
талап ету жатады. 
Куәландыру  қызметі  нотариусты  тиісті  қҧзырет  беру,  ерекше  қҧқықтық  сипатқа  ие  азаматтық 
айналым қатысушыларының мемлекет атынан әрекет етуіне жатады. Әрине, кез келген азаматтық айналым 
қатысушыларының  қҧқықтық  маңызға  ие  әрекеттері  қҧқықтық  сипатқа  ие  болады,  бірақ  нотариаттық 
куәландыру ӛндірісі шегінде  салалы  басқа  сипатқа  ие  болады. Куәландыру қызметі нотариус  қҧзыреттінің 
бақылау  және  қҧқық  қорғауды  жҥзеге  асыруға  байланысты.  Сондықтан,  бірқатар  нотариаттық  әрекеттер 
куәландырумен байланысты, нақтылайтын болсақ мәмілелер мен заңға негізделген айғақтар. 
Нотариаттың  дәлелдемелік  қызметі  нотариаттық  қызметтің  мәнімен  байланысты-  білікті  жазбаша 
дәлелдерді  жасау  болып  табылады.  Барлық  мамандар  дәлелдемелік  қызметті-  нотариус  қызметіндегі  ең 
негізгісі,  себебі  нотариус  мамандығының  пайда  болуы  және  оның  генезисі  дамитын  азаматтық  айналым 
қажеттіліктерін кӛрсетеді.
 
Қазақстандық  доктринаға  және  заңнамаға  келер  болсақ  келесідей  мәселелерді  айта  кету  қажет. 
Нотариаттың  дәлеледемелік  қызметі  бірнеше  бағытта  кӛрінеді.  Біріншіден,  нотариаттық  ӛндірістің  соңғы 
нәтижесіндегі  ерекше  дәлеледемелік  маңызында-  нотариаттық  актіде.  Қазақстан  Республикасының 
Азаматтық  кодексі  талаптарына  сәйкес  нотариаттық  нысанның  сақталмауы,  ал  кейбір  заңда  кӛрсетілген 
жағдайларды мәміленің мемлекеттік тіркеуден ӛтпегендігі оның жарамсыздығына алып келеді.  
Нотариустың  конституциялық-қҧқықтық  мәртебесі  бірқатар  элементтерден  тҧрады,  заң  бойынша 
оның  қҧқықтары,  міндеттері  ӛкілеттіліктері  жатады,  осыған  байланысты,  лауазымды  тҧлғаларға  қатысты 
олардың қҧқықтар мен міндеттері емес, олардың қҧзыреті немесе ӛкілеттілігі туралы айта кету қажет, себебі 
олар олар ӛз қҧқықтарын жҥзеге асыруы қажет және тиісті заңға негізделген айғақтар орын алған жағдайда 
ӛз міндеттерін атқаруы қажет. Осы толық кӛлемде бюджеттен тыс нотариатқа қатысы бар, бірақ әрекеттегі 
заңға сәйкес ол лауазымды тҧлғаға жатпайды. 
Қазақстандық  нотариаттық  жҥйенің  қазіргі  уақыттағы  дамуы  ҥшін  мемлекеттік  нотариаттың  ӛз 
қызметін  атқаруымен  сипатталады.  Сонымен  бірге  нарықтық  экономиканың  қарқынды  дамуы  және  басқа 
факторлардың орын алуы Қазақстанда жекеше нотариаттың да ерекше дамуын айта кеткен жӛн.  
Қазақстандағы  ӛзгере  отыратын  әлуметтік-экономикалық  жағдайында  нотариат  мәртебесінің 
маңызды элементін қҧрайтын қҧқықтық талаптар кҥрделі ӛсуде, қатаң және кӛпжоспарлы болып келеді. Осы 
аталған  талаптардың  бірқатары  нотариат  туралы  заңнамаларда  бекітілген,  ал  ол  ӛз  кезегінде  нотариаттық 
қызметтің екі тҥрін қарастырады: мемлекеттік және жеке. Сонымен қорытындылай келе, нотариат қызметі - 
нотариаттық  қызметтің  негізгі  бағыттары.  Оның  мазмҧны  кӛп  жоспарлы  және  кӛпаспектілі  сипатқа  ие. 
Қызметтерден,  нотариаттың  "Нотариат  туралы"  заңда  және  ӛзге  де  нормативтік  қҧқықтық  актілердің 
белгіленген нақты қҧзыреттері ӛз бастауын алады.     

32 
 
Нотариаттың  мәртебесі,  қызметтері  мен  қҧзыреті  туралы  орын  алған  сӛзталастар  нәтижесінде 
келесідей қорытындылар  жасауға  болады: 
Біріншіден,  нотариат  қызметтерінің    кеңеюіне  байланысты  нотариат  туралы  заңнаманың  одан  әрі 
жетілуіне жағдай жасау қажет.  
Екіншіден, нотариаттың ӛзге мемлекеттік органдармен ӛзара байланысын одан әрі жетілдіру қажет. 
Ҥшіншіден,  "Нотариат  туралы"  заңына  енгізілген  соңғы  ӛзгертулер  мен  толықтыруларды  ескере 
отырып, нотариаттың әлеуметтік қызметі шеңберін одан әрі кеңейту. 
Нотариаттың  қҧқықтық  институт  ретіндегі  негізгі  міндеті  бҧл  азаматтардың  қҧқығын  қорғау  болып 
табылады,  сондықтан  болу  керек  заман  талабына  сай  болу  ҥшін  осы  саланы  реттейтін  заңнамаға  соңғы 
жылдары  бірқатар  ӛзгерістер  енгізілді.  Соңғы  ӛзгертулер  мен  толықтырулардың  әсерінен  жекеше 
нотариустардың  саны  кӛбеюде.  Бірақ,  олардың  қатарының  артуы  кӛрсететін  қызмет  сапаларының 
айтарлықтай  еместігін  байқауға  болады.  Ӛткен  жылдың  ӛзінде  нотариустар  жауапкер  ретінде  тартылатын 
азаматтық  және  қылмыстық  істер  саны  артқан.  Сондықтан  да,  нотариаттың  қҧқықтық  институт  ретіндегі 
әлеуметтік қызметінің қоғамдағы рӛлі мен маңыздылығы одан да жоғарылауы қажеттілігі туындайтындығы 
анық. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет