Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері


ҚАЗАҚ ДҤНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АДАМ БОЛМЫСЫ



Pdf көрінісі
бет33/53
Дата24.03.2017
өлшемі5,62 Mb.
#10256
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53

ҚАЗАҚ ДҤНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АДАМ БОЛМЫСЫ 
 
Мажинбеков С.А., Мыңбаева Н.Қ. 
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются проблемы сущности человека в казахском мировоззрении. 
 
Summary 
This article considers the problems of the Essence of the person in Kazakh outlook. 
 
Қандай  халықтың  болмысын  мәдени  тектеріне  табиғи-географиялық,  шаруашылық,  нәсілдік-
биологиялық факторлардың елеулі тҥрде ықпал жасайтыны сӛзсіз. Мәдениеттің генотипін діни-руханилық 
және  экономикалық  архетиптердің  тоғысқан  біртҧтастығы  ретінде  айқындаған  жӛн.  Ортағасырлық 
Қазақстандағы дәстҥрлі мәдениетті сӛз еткенде, мынадай жәйттар назардан қағыс қалмайды. Яғни, бҧл кез – 
Ҧлы  Дала  тҧрғындары  арасына  ислам  дінінің  мол  тараған  тҧсы  болды.  Исламданған  кӛшпелі  мәдениет 
әмбебап  ислам  ӛркениетінің  шеңберіндегі  номадалдықтың  ең  жоғарғы  ӛркениетті  дәрежесіне  кӛтерілген 
субмәдениет  ретінде  кӛрінді.  Африкандық-исламдық  синкретизм  [1,  28  б.]  секілді  қазақ-ислам 
синкретизмінде де халықтың ежелгі мәдени жоралары мол орын алды. Яғни қазақтардың дәстҥрлі мәдениеті 
екі дҥниетанамдық бастаудан – ежелгі тҥркілік-тәңіршілдік наным және мҧсылмандық діни сенімнен тҧрды. 
Бҧл екі бастаудың да адам болмысындағы тәндік және рухани бастауларға қатысты пайымдауларға ӛзіндік 
ықпалы болды. 
Мҧсылман дінінің Қазақстан мен Орта Азияға таралуында бір қызық жағдай бар. ―Араб қолбасшысы 
Кутейба  ибн  Мҥсілімнің  қалың  қолы  арғы  жағы  Қап  тауы  мен  бергі  жағы  Талас  ӛзені  жағалауынан  ішке 
ӛткізбей, ата қонысын арпалыса қорғаған тҥркі жҧрты неге кенеттен ислам дінінің уағызшылары  – дәруіш 
сопыларды әулие тҧтып, айтқандарын ҧйып тыңдауға кӛшті? 
Неге  қару  кҥшімен  қаһарлы  қолбасшы  мойындата  алмаған  мҧсылманшылықты  жаппай  ӛз  еркімен 
қабылдай бастады? 

180 
 
Тарихтың бҧл жҧмбағының жауабы дәстҥрлі тҥркі дҥниетанымы мен сопылық ілімнің бірегейлігінде, 
ҧқсастығында, тіпті, тамырластығында жатыр [2,  103 б.]. 
Міне,  осылайша  қазақтардың  дәсҥрлі  мәдениетінде  тҥркілік  те,  мҧсылмандық  та  қос  дҥниетаным 
тоғыса  келіп,  толымды,  синкретті  ой  толғау  жҥйесі  қалыптасқан.  Сондықтан  да  біз  қазақтардың  дәстҥрлі 
мәдениетіндегі рухани және тәндік ҥйлесімділікті зерттеу ҥшін бҧл айтылғандарды, яғни исламдық-сопылық 
дҥниетанымды айналып ӛте алмаймыз. Халықтың дҥниетанымының айнасы – бҥкіл әдеби-рухани мҧраларда 
осы  дәстҥрдің  (сопылық)  белгі  сілемдері  ӛзектесе  ӛріліп  жатыр.  Бҧған  дәлел  ретінде  қасиетті  қазақ 
даласында Қожа Ахмет Яссауидан тартылған сопылық дәстҥр іздерінің ақын-жыраулар жыр-толғауларында, 
Абай,  Ыбырай,  Шоқан  еңбектерінде  кӛрініс  беріп,  ХХ  ғасыр  басындағы  бір  топ  қазақ  зиялыларының 
шығармашылығында терең орын алғанын-ақ айтуымызға болады. 
Осы  жерде  назар  аударуды  қажет  ететін  тағы  бір  мәселе,  ол  ғылыми  жҧртшылық  арасында  қазақ 
халқы  ислам  дінін  толық  қабылдамады,  оған  салғырттау  жҥрдім-бардым  ғана  қарайды  деген  жаңсақ 
тҧжырым  етек  алып  кеткен.  Бҧндай  тҥсініктің  қалыптасуына  орыстың  шығыстанушы,  турколог 
ғалымдарының  ―еңбегі‖  мол  сіңді.  Мҧның  астарында  халықты  ислам  дінінен  жырақтату, 
христианоцентристік кӛзқарастың ҥстемдігі, елді мҧсылман әлемінен оқшаулау ниеті жатыр. Олардың осы 
мәселеге  арналған  зерттеулері  кӛбіне  ғылыми  принциптерден  мҥлде  алыстап,  таза  насихатшылық  сипат 
иемденді.  Бҧл  ғалымдар  жоғарыдағы  тҧжырымдарын  негіздей  тҥсу  ҥшін  кӛбіне  Ш.Уәлихановтың 
―Қазақтардағы  шамандықтың  қалдығы‖  және  ―Даладағы  мҧсылмандық  туралы‖  деген  мақаласына  иек 
артты.  Ал  осы  Шоқанның  ӛзге  еңбектеріндегі  ―киргиз-степняк  в  фанатизме  нисколько  уже  не  уступает 
какому-нибудь  стамбульскому  дервишу‖,  и  ―как‖  подобает  живо  увлекающемуся  сыну  степи,  он  по  уши 
погрузился  в  ислам  и  не  терпит  ничего,  что  не  согласно  с  Кораном‖  [3,  303  б.]  деген  пікірлері  қаперге 
алынбады.  Тіпті  ҧзаққа  бармай-ақ  Әз-Тәукенің  ―Жеті  Жарғысында‖  ислам  діні  туралы  дін  талаптарын 
сақтауға  қатысты  қағидалардың  мол  болуын,  қазақ  ішінде  пірлік  институттың  бертінге  дейін  ӛмір 
сҥргендігін,  ӛлең-жырлары  мен  ертегі-аңыздарының  барлығында  дерлік  ―Асатаяқ  қолында,  ӛзі  һақтың 
жолында‖  жҥрген  диуана-дәруіштер  әсепттелгендігін  мысалға  келтірудің  ӛзі-ақ  әлгіндегідей 
тҧжырымдардың мҥлдем жаңсақ, ҧшқары айтылғандығын айғақтап тҧрған жоқ па? 
Ислам далалық мәдени дәстҥрдің рухани ӛзегі қызметін атқара отырып қазақ халқына этика, ғылым, 
ағартушылық,  идеология жаңа ӛмір салтын алып келді. Ол діни  – дҥниетанымдық жҥйеге де елеулі ықпал 
етті,  адам  баласының  Жердегі  ӛмір  сҥруінің  мәнін  ашып  беруге  тырысты.  Қазақ  халқының  адам  бойынан 
табылуға  тиіс  деп  санаған  конондық  идеалы  –  ―мәрт‖,  ―ер‖  тҧлғасы  исламдық-сопылық  идеал  –  ―толық 
адам‖,  (―инсан  камил‖,  ―жауанмәртілік‖)  идеалымен  астасып  кетті.  Әсіресе,  қазақтардың  арасында  ислам 
дінінің  жайылуында  сопылық  ілімнің  әсері  айрықша  болды.  Кӛшпенді  халықтың  рухында  табиғи 
жауынгерлік,  ерлік  пен  ӛрлік  сипат  сопылардың  ―жер-жиһанды  кезген  ҧлы  жаулап  алушы  қолбасыларды 
еске  тҥсіретін‖  [4,  293  б.]  қасиеттерімен  сай  келіп,  бірігіп  кетті.  Қазақ  арасында  осынау  сопы-дәруіштер 
әулие  деп  қҧметтеліп,  ел  сыйынар  пірге  айналды.  Бҧл  қазақтардың  әруаққа  табыну  дәстҥрімен  сәйкес 
келетін  еді.  Қазақ  халқының  ӛмір  салтындағы  сопылық  дҥниетанымның,  пірлік  институттың  қаншалықты 
маңызға  ие  болғандығын  белгілі  жазушы  Ә.Кекілбаевтың  мына  бір  пікірлерінен  аңғаруға  болады: 
―Табиғатқа  саясаттан  да  кӛбірек  әрі  тікелей  тәуелді  кӛшпенді  ҥрдіс  рух  ықпалын  қашанда  бірінші  орынға 
қойды.  Табиғи  ӛзгерістердің  ӛзіндік  жҥйесі  мен  заңдылығы  барын  ежелден  аңғарды.  Оны  ӛз-ӛзінен  емес, 
санадан  тысқары  әлде  бір  қҧдіреттің  еркімен  болып  жатқан  қҧбылыстар  деп  тҥсінді.  Қауым  сол 
ӛзгерістерден аман қалуы ҥшін табиғатқа ықпал ете алатын қҧдіреттің тілін таба білу керек деп тапты. Бҧл 
кез-келгеннің емес, айрықша қасиетке ие болып жаралған әруақты адамдардың – абыздардың ғана қолынан 
келеді деп есептелді.  Ондай қасиеттеімен  кӛзге тҥскен  адамдардан халық билік  иелерінен бетер айбынып, 
аса  зор  қҧрмет  тҧтты.  Биге  қҧлақ  асса,  сардарға  бағынса,  пірге  табынды.  Хан  ауысса  да,  пір  ауыспады. 
Сондықтан билікті әулет кейде саяси ҥстемдікпен қоса рухани ҥстемдікті де ӛз қолына алып алуға тырысты. 
Бҧл, әсіресе, шығысқа тән еді. Мәселен, Тәуке, оның балалары Жәңгір, Болаттардың  Яхастағы ―киелі ҥйге‖ 
жіберіліп, бірнеше жыл тәрбиеленуі тек кӛрші елдердің геосаяси ықпалын ғана емес, тақ маңындағылардың 
әлгіндей  ішкі  есебінен  де  ӛрбіп  жатса  керек.  Тәуке  хан  сайланғанда  пір  де  бірге  сайланып,  ҥш  ҧлыстың 
пірлері  жҧрт  алдында  әруақ  салыстырып,  керейіт  Сҧпы  Әжінің  (Мҥсірәлі)  жеңіп  шығатыны  да  соны 
аңғартқандай.  Тәукеден  Абылайға  дейінгі  хандарға  пір  болған  Сҧпы  Әжі  дҥние  салғаннан  кейін  жалпы 
қазақтық пір сайланған емес. …Бірақ әр тайпа, әр ҧлыстың ӛз пірлері ӛз қалпында қала берген‖ [5]. 
Сонымен,  кӛшпенді  қазақ  халқының  дәстҥрлі  мәдениетінде  айрықша  із  қалдырған  сопылық  ілім 
дегеніміз не? 
Сопылық  –  адам  туралы  ілім.  Сопылардың  пікірінше,  қоғамды  жетілдіру  ҥшін,  дҥниенің  ақиқат 
сырын  білу  ҥшін,  ең  алдымен  адамның  ӛзі  тәндік  және  рухани  жетілу  керек  деп  санайды.  Ал  адам 
баласының  бҧлайша  ӛз  болмысындағы  тәндік  және  рухани  ҥйлесімділігін  сақтай  отырып,  кемел  адам 
қалпына жетіп, жаратқан һақпен дидарласып, әлемдік ақыл-оймен бірігуі ҥшін тӛрт тҥрлі сатыдан ӛту керек. 
Біріншісі – жалпыға бірдей ортақ шариғат жолы. Яғни Жаратқанның сӛзі – ―Қҧранда‖ айтылған парыздарды 
орындау. Бес парызды қатаң ҧстау, адамгершілік-имандылық жолдарымен таза жҥру. 
Екінші саты – тариқат жолы. Бҧл саты жалпыға бірдей міндетті емес. Бҧған адам ӛз қалауымен тҥседі. 
Бірақ бҧл сатыдан ӛтпей, яғни ақиқатқа жету мақсатымен азап шекпей, мехнат тартпай, ӛзіңді ӛзің қинамай, 
ӛмір қызығынан бас тартпай кемелдік дәрежеге жете алмайсың. Бҧл ҥшін осы жолға тҥсуді таңдаған адамға 

181 
 
пір  немесе  ҧстаз  қажет.  Мысалы,  атақты  тҥркі  ойшылы  Қ.А.Яссауидың  пірі  –  Тҥркістандық  Арыстан  бап 
әулие, кейінен Бҧқарадағы Орта Азиядағы суфизмнің жетекшісі – Қожа Жҥсіп Хамадани болған. 
Ҥшінші саты – хақиқат жолы. Бҧл сатыға жоғарыдағы екі сатыдан ӛткен, олардың бҥкіл талаптарын 
қатаң  сақтаған  адам  ғана  жетеді.  Бҧл  кезде  адам  баласы  дҥние  сырын,  жанды  жансыз  заттардың, 
мақлҧқтардың тілін біле бастайды. Кісі әулиелік сипат иеленіп, адам ақылы жете бермейтін кереметтер мен 
мҧғжизалар  жасай  бастайды.  Қҧс  болып  ҧшу,  қара  суды  теріс  ағызу,  ҧзақ  қашықтықтарға  кӛзді,  ашып-
жҧмғанша тез жетіп бару, т.б. кереметтер осы сатыға кӛтерілген жандардың бойынан табылады. 
Ал ең жоғарғы тӛртінші саты – мағрифатқа екінің бірі жете алмайды. Оған сан мыңдаған сопылардың 
санаулылары  ғана  кӛтеріледі.  Бҧл  дәрежеге  биіктеу  деген  сӛз  –  Хақпен  дидарласу,  адамзатты  жаратқан 
әлемдік  рухпен,  яғни  абсолют  ақыл-оймен  бірігу.  Бҧл  сатыдағы  адам  о  дҥние  мен  бҧ  дҥниенің  кӛрінім-
кӛмескі  сырларын  танып  біліп,  бақилық  болған  жандардың  рухымен  де  еркін  дидарласа  алады.  Міне, 
сопылықтың  аталған  барлық  сатыларынан  ӛтіп,  ӛзі  дербес  ілім  –  Яссауи  тариқатының  негізін  салған 
Тҥркістандық  тҥркі  ғҧламасы  –  Қожа  Ахмет  Яссауи.  Яссауи  ілімі  адамды  тәндік  қажеттіліктерін  белгілі 
дәрежеде  шектеп,  рухани  жетілу  мен  таза  адамдық  еркіндікке  жетелейтін  ӛзіндік  ерекшеліктерге  ие, 
исламдық мәдениеттің аясында ӛмірге келген сопылық  дҥниетанымдық мәндегі ілім болып табылады. 
Бірақ мҧнда мынадай заңды  сҧрақ туындауы  мҥмкін. Егер сопылық-дәруіштік ілім адам бойындағы 
тәндік, нәпсілік қажеттіліктерді шектеп, бірыңғай ӛз ішіңе бойлап, дҥние істерінен оқшауланып ӛз-ӛзіңмен 
кҥн  кешуді  талап  етсе,  онда  ҥнемі  қозғалыста  болатын  кӛшпенділік  ӛмір  салтын  тҧтынушы  қазақтар  бҧл 
ілімді  қалайша  мойындаған.  Бҧл  жағдайдың  ӛзіндік  ерекшелігін  былайша  тҥсіндіруге  болар  еді.  Жалпы 
ислам дінінде, оның бір ағымы сопылық ілімде кҥштеу жоқ. Бҧл – ақыл мен жҥрек діні. Жоғарыда да айтып 
ӛткеніміздей,  сопылықтың  барлық  сатыларынан  ӛту  барша  адамға  міндеті  емес.  Жалпының  ҧстануы 
міндетті  болып  табылатын  тек  шариғат  жолы  ғана.  Бҧл  дегеніңіз  –  тәніңіздің  тазалығын  сақтау,  аурудың 
алдын алу, бес уақыт намазды қаза қылмау, адал жолмен еңбек етіп мал табу және жаныңның тыныштығын 
сақтау,  ниетті  тазарту,  жҥйкені  кҥш  тҥсіруден  сақтау;  жаман  ой  ойламау,  былапыт  сӛз  айтпау.  Ал 
сопылықтың ӛзге сатыларынан ӛту әркімнің жҥрек қалауымен жҥзеге асырылатын шарттар. Ол жолға адам 
тек ӛз еркімен ғана тҥседі. Яғни ислам-тазалық, пәктік, адамгершілік, имандылық діні. Онда ешбір шектеу 
жоқ. Тек әрбір заттың ӛлшемін біліп, содан аспау керек. Себебі Алла-тағала он сегіз мың ғаламды керемет 
шеберлікпен,  ӛлшеммен  жаратқан.  Әлемді  берік  ҧстап,  бҥлінуден  сақтап  тҧрған  –  сол,  ырғақ,  ӛлшем, 
ҥйлесімділік.  Ал адам бойында  да сол ҥлкен ғаламның барша  қасиеттері  тоғысқан.  Адам ғалам ішіндегі  – 
ғалам  (микроғалам).  ―Дҥние  бір  тарының  қауызына  сияды‖  деген  сӛз  осыған  меңзейді.  Мысалы,  адамның 
тҥймедей ғана кӛзіне бҥкіл жаһан сиып кетеді. Сондықтан да ислам дініндегі ғибадат ету жоралары адамның 
жаны  мен  тәніне  қатысты  дҥниелердің  екеуіне  бірдей  қарайды.  Олардың  ҥйлесімділігіне  басты  назар 
аударады.  Бір  Аллаға  қҧлшылық  еткенде  жан  мен  тәніңіз  бірігіп,  біртҧтас  қҧбылысқа  айналады.  Міне, 
мҧндай  тҥсінік,  діни-салт  жоралары  табиғаттың  тӛл  перзенті  ретінде  онымен  мейлінше  ҥндестікте, 
ҥйлесімділікте  ӛмір  сҥрген  кӛшпенді  қазақ  дҥниетанымына  да,  жат  болмады.  Батыс  пен  Шығысты  бӛліп 
жатқан  Ҧлы  Далада  кҥн  кешкен  қазақтардың  осы  далаға  әр  кезеңде  келген  манихейлік,  христиандық, 
буддалық, т.б. діни нанымдарды тҧрақты ҧстанбай, ислам дінін қабылдауында да осындай сыр жатыр. Әрі 
бҧл  дін  қазақтардың  ескі  наным-сенімдерін  де  тҥп-тамырымен  жойып  жібермеді.  Олай  болуы  мҥмкін  де 
емес еді. Егер ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғҧрып, дәстҥрлі дҥниетанымдық ойлау жҥйесі, шаруашылық 
жоққа шығарылатын болса, онда ол халықтың алдына не тҥбірімен ӛмір салтын ӛзгерту,  не біржола қҧрып 
кету қаупі тартылатын еді. Олай болса дінді бейбіт қабылдау туралы әңгімеге де ешқандай орын қалмайды. 
Ҧзақ  дәуірлерге  созылған  қазақ  жҧрты  ӛзін  қоршаған  табиғатпен  дәйім  тікелей  байланыста  болды. 
Сол табиғаттың бір бӛлшегі бола отырып, онымен ӛзара бірлесіп әрекет етті. Сондай-ақ адам болмысындағы 
тәндік  және  рухани  бастаулардың да ӛзара  бірлігіне, ҥйлесімді әрекет етуіне, жарасымдылығына  айрықша 
назар аударды. Бҧл бағыттағы іс-әрекеттер адам баласының дҥниеге келуінен басталып, ол дҥниеден озғанға 
дейінгі  аралықты  ғана  қамтып  қоймай,  о  дҥниедегі  рухтармен,  байланысу,  ата-баба  әруағын  қҧрметтеу 
т.б.жораларына  дейін  созылып,  бҥкіл  салт-дәстҥр,  ритуалдар  тізбесінің  тҧтас  жҥйесін  жасады.  Жас  сәбиді 
бесікке  салғанда  бесік  жырын  айтудың,  одан  кейінгі  тҧсау  кесу,  сҥндетке  отырғызу,  кҥрестіріп  ерлікке 
баулу,  тайға  мінгізудің  ӛзі  –  қазақ  халқының  ӛзіне  тән  әдет-ғҧрып,  ҧлттық  ерекшеліктерін  жастай  сәби 
қҧлағына сіңіре беру талабымен бірге, оның тәні мен жанының саулығын ойлау, ҥйлесімділігін қамтамасыз 
ету ниеті де ҥстем болғандығын кӛрсетеді. Ер баланың тӛрт-бес жасқа келгенде ат қҧлағында ойнауы – ―ата 
кӛрген оқ жонар, ана кӛрген тон пішер‖ деген қағидасына сай болса керек. 
Қазақ  балаға  жас  кезінен  ішкі-сыртқы  киімді  кең  киюге  ҥйреткен.  Оның  себебі,  кең  киім  адам 
мҥшелерінің  еркін  тыныс  алуымен  бірге,  ӛмір  тіршілігіне  де  қолайлы  болған.  Ата-ана  ӛзімен  бірге  жас 
баланы он-он екі жастан бастап ерте тҧрғызып, шаруаға баулыған. ―Ерте тҧрған ердің – ырысы артық, ерте 
тҧрған – әйелдің бір ісі артық‖ деген қағиданы ҥнемі есте сақтап отырған.     Бала ӛсіп бозбала болған шақта 
халқымыз  оны  әртҥрлі  ҧлттық  ойындар  арқылы  сынап  отырған.  Кейбір  мықты  жігіттер  ҥшін  жылқының 
жілігін,  қалғандары  ҥшін  қойдың  жілігін  қазанға  бітtудей  салдырып,  астан  кейін  соны  қолдың  кҥшімен 
бҧрап  не  жҧдырықпен  ҧрып  сындырғандарға  әр  тҥрлі  тарту  берілген.  Бҧл  арқылы  адам  баласының  дене 
кҥші, ептілігі, ширақтық қасиеттері анықталса, тҥрлі жиындарда, шілдехана, ойын-сауықтарда ән салдыру, 
әңгіме айтқызу, жаңылтпаш айту, жҧмбақ шешу, суырып салмалық дарынын кӛрсету, табан асты сӛз табу, 

182 
 
кҥрмеуі  қиын  кҥрделі  ауызша  есептердің  шешімін  тапқызу  секілді  адам  ақыл-ойы  мен  рухани  қабілетіне 
кҥш тҥсіретін сынақтар арқылы кісінің рухани дәрежесін байқау әрі шыңдау ниеті жатыр. 
Кӛшпенді  елдің  қанына  сіңген  тағы  бір  қасиет  –  тӛрт  тҥлік  малмен  қатар  адамның  да  ішкі-сыртқы 
мҥшелерін жақсы білген. Малмен бірге ӛріп, ҥнемі соның соңында жҥргендіктен қазақтар байқағыштыққа, 
малды  шебер  бағуға  машықтанды.  Бҧл  тәсіл  ҧрпақтан-ҧрпаққа  тарады,  асыл  мал  тҧқымдарын  ӛсіруге 
жәрдемін тигізді. Қазақтардың арасындағы қалыптасқан жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспеу салтының 
астарында  да  осынау  кәсіптік  тәжірибеден  жиналған  кӛргендік  жатыр.  Алдыңдағы  малының  туу,  кӛбею, 
ӛсуін бақылап жанды тәжірибе жасап отырғандықтан да, қазақтар бір текті қандастардың жҧптасуы дертке, 
кеселге  ҧшырататынын  жақсы  тҥсінген.  Сондықтан  да  қазақтардың  жеті  ата  аралатып,  жеті  ҧрпақ 
ауыстырып барып қыз алуы тән саулығының кепілі болып, ҧрпақтың сау, ірі болып ӛсуіне жағдай жасаған 
кӛргендік тәжірибесі деп санаған орынды. 
Сондай-ақ  бҧл  салт  ҧлттың  ҧйысуына,  алысты  жақындатуға,  ілік-шатыстыққа  жол  ашып, 
біріктірушілік  қызмет  атқарған.  Ру  мен  рудың,  тайпа  мен  тайпаның  қҧдандалы-жегжат  болып,  туыса 
араласуын  қамтамасыз  еткен.  Әрине,  аралас-қҧралас  болған  соң  алыс-беріс,  ауыс-тҥйіс  болып 
отыратындығы  тҥсінікті.  Тап  осы  ауыс-тҥйістің  арқасында  ғана  Алтай  мен  Алатауды,  Арқа  мен  Сырды 
жайлаған қазақ халқының тілі, салты, тҥрі, діні, ділі бір-бірінен алшақтамай, біртҧтас кҥйінде сақталды. Сол 
себепті  де  қазақ  тарихында  осы  қҧдандалық  дәстҥрдің  ерекше  ҧйымдастырушылық  қызмет  атқарғанын 
ерекше атауға болады. 
Сол  сияқты  дәстҥрлі  қазақ  мәдениетінде  табиғи-ғарыштық  негіздер  жайындағы  ҧғым  тҥсініктер 
кӛптеп ҧшырасады. Тҥбі бір тҥркі халықтарының тҧтастығы ыдырамай тҧрғандағы адам болмысындағы тән 
мен жан туралы пайымдаулар кӛп ӛзгерістерге ҧшырамай кейінгі қазақ халқының дәстҥрлі дҥниетанымында 
да  кӛрініс  беріп,  сабақтаса  ҧласып  жатыр.  Далалықтар  арасына  кейіннен  енген  ислам  діні  дәстҥрлі 
философиялық ойлау жҥйесіндегі ӛлім мен ӛмір, жан мен тән, рух және руханилық проблемаларына о дҥние 
мен бҧ дҥние туралы, адам нәпсісі, оның еркі мен шегі туралы, пенденің бҧ дҥниедегі жасаған жақсы-жаман 
іс-  әрекеттерінің  бәрінің  маһшар  кҥнінде  сҧрауы  болатыны  жайындағы  ҧғымдарды  ҥстеді.  Сондықтан  да 
қазақ халқы ендігі жердегі жанға қатысты жҧмбақтардың шешімдерін тәнге байланысты шешуге ҧмтылды. 
Жалпы  адамның  тәні  таңғажайыпқа  толы.  Кеңістік  пен  уақыттың,  жан  мен  рухтың,  о  дҥние  бҧ 
дҥниенің  ӛлшеміндей.  Дҥние  атаулыны  адамның  тәні  тҧрпатында  бейнелей  кӛрсету  кӛне  замандардан 
белгілі.  Әлемнің  пайда  болуын  адамның  тәнімен  байланысты  айтылатын  әңгімелер  қай  халықтың 
әдебиетінде болмасын жиі ҧшырасады. Мҧны ҥнді, грек, иран, славян және басқа халықтардың аңыздарынан 
да аңғарамыз. Бҧлар тҥрлі бағытта әңгімеленгенімен, мазмҧндары ҧқсас: бас  – аспан, кӛз – кҥн, тынысы – 
жел, тәні – кеңістік, несеп жолдары – су, аяқтары – жер. Кӛне ҥнді трактатында ―…ауыз пайда болып, одан 
сӛз  шықты, сӛзден  –  ӛрт. Одан әрі танау пайда  болды.  Танаудан  –  иіс  сезіну шықты, иіс  сезінуден  –  жол. 
Бҧдан соң кӛз пайда болды. Кӛзден – кӛру шықты, кӛруден – кҥн, одан кейін қҧлақ пайда болды. Қҧлақтан 
есту, естуден – жарықтың жан-жағы. Одан тері пайда болды, теріден – шаш шықты, ал шаштан – ӛсімдіктер 
мен ағаштар. Кейіннен жҥрек пайда болды. Жҥректен ой шықты, ойдан – от. Содан соң кіндік пайда болды. 
Кіндіктен дем шығару ҥшін  – ӛлім. Бҧдан әрі бала туатын мҥше пайда болды. Бала туатын мҥшеден ҧрық 
шықты, ҧрықтан – су‖ [6,  149 б.]. 
Орта  ғасырлардағы  ирак  аңыздарында  да  осыған  ҧқсас,  әлемнің  Ормазд  дегеннің  тәннен  жаралуы 
туралы  аңыз  бар:  ―ол  ӛзінің  тәннен  бҥкіл  заттарды  бірінен  кейін  бірін  жасады…  Жерде  оның  аяғынан 
жасалды… Сулар да оның кӛз жасынан жасалды.  Және ӛсімдіктер де оның шаштарынан жасалды… От та 
оның демінен жасалды‖. 
Алғашқы  адамды  дҥниенің  жаратылысымен  сабақтастыруға  тырысу  кӛптеген  халық  аңыздарына 
ортақ. Пенденің сыртқы бітімі ғана емес, тіпті ішкі қҧрылымынан да ҥлкен әлемге ҧқсас жәйттерді іздеген. 
Мәселен, ауыз арқылы тәнге кіріп кеткен шайтан, кӛне аңыздардың бірінде адамның ішінде бҥкіл дҥниеге 
тән тҧтастай ―кішігірім әлемнің‖ бар екенін тапқан. Ол жеті ӛрістен тҧрады екен. Адамның басы, тәні жер 
болған,  шашы  –  ағаштар,  сҥйектері  мен  тамырлары  –  таулар  мен  ӛзендер.  Табиғаттағы  жылдың  тӛрт 
мезгіліндей, адамның ішінде де – ыстық, суық, ылғал, қҧрғақ болады екен. Ас, тағамның адамның бойында 
қорытылуы кәдімгі тіршіліктегі пісіп-жетілер, ӛсіп-ӛнер, салар дәннің толық кӛрінісін қайталайды-мыс. 
Осыған  ҧқсас  аңыз  кӛптеген  халықтарда  бар.  Жан  иесінің  сыртқы  кейпінен,  ішкі  мҥшелерінен 
тҧтастай ағзасынан әлемнің ӛзегін іздеу қилы-қилы тҧжырымдар туындатады. Шаш етегіне дейін тӛңірегіне 
бағынышты  пенде  мен  жаратылыс  арасындағы  сабақтастық  шексіз.  Екеуінің  де  тамырлары  тҥбегейлі 
астасып кеткен. Тіршіліктің лебі адам – әлем, әлем – адам болып бҥлк-бҥлк соғады. 
Бҧл  мәселелердің  барлығына  шҧқшия  ҥңіліп,  ерекше  тоқталып  жатуымызда  да  мән  бар.  Адам 
болмысындағы  тәндік  және  рухани  бастаулардың  тҥп-тегіне  барлау  жасағанда,  міндетті  тҥрде  бҥкіл 
жаратылыстың,  адамның  алғаш  жаратылуы  туралы  мәселеге  соқпай    ӛту  мҥмкін  емес.  Ал  бҧл  мәселелер 
жайындағы пікір-пайымдаулар барлық халықтарда дерлік кездеседі. Бҧл пайымдаулар миф, аңыз әңгімелер 
формасында кӛрініс беріп, діннің қҧрамдас бӛліктері – анимизм, тотем, шаманизм. т.б. тҥсініктерін иеленеді. 
Ал  ислам  діні  бҧл  тҥсініктердің  негізінде  жоғары  кӛтеріліп,  бҥкіл  әлемді,  адам  баласын  бір  Алла 
жаратқан  деген  тҧжырымды  ҧсынды.  Адамның  тәнін  қызыл  топырақтан  жасап,  отқа  қыздырып  кептіріп, 
оған ҥрлеп жан кіргізеді. Содан кейін оның жыныстық жақындасу жолымен кӛбеюіне жол ашқан. Яғни кісі 

183 
 
тәні топырақтан, материалдық негізден бастау алса, жанда рухта қҧдайлық сипат бар. Бҧл кӛзқарас тҥркілік 
дәстҥрлі дҥниетаныммен сәйкес келетін еді. 
Дәстҥрлі мәдениетте табиғат пен адамның біртҧтастығы, сабақатастығы қалай әспеттелсе де, пенденің 
бар-жоғы атомдық-молекулалық тән екендігі мойындалған. Есепсіз, ӛлшемсіз дҥние жоқ. Тәннің де белгілі 
бір  ӛлшемге  бағынатаны  осы  есептеу  арқылы  анықталған.  Есеп  дегеніңіз  ҥндестік,  сылдыраған  келісім. 
Табиғатпен  етене  жақындықтағы  қазақ  халқы  жан-жануарлардың,  іс-әрекеттерін  табиғат  қҧбылыстары  – 
жыл  мезгілдерінің,  кҥн  мен  айдың,  жҧлдыздың  қозғалысын  бақылай  отырып,  олардың  белгілі  ӛлшем, 
ырғақпен жҥретінін танып білген. Және сол ырғаққа сай тіршілік салтын қалыптастырған, дҥниетанымы да 
сол ҥйлесімділікке сай туып, ӛрбіген. 
―Қазақтың  ата  тегінің  болмыс  шындығына  тікелей  жақын  болуы,  –  деп  жазады  М.Орынбеков,  – 
олардың бақылайтын қабылданатын дҥниеге сезімдік тҧрғыда жақын болуы ішкі дҥниесін, тіршілік етудің 
ождан бастауларын тҥсінуінен ӛз кӛрінісін тапты‖ [7, 87 б.]. 
Қазақтың  дәстҥрлі  мәдениетіндегі  ой  толғау  жҥйесінің  батыс  адамынан  ӛзгеше  екендігін 
мәдениеттанушы  Т.Ғабитов  былайша  атап  кӛрсетеді:  ―Егер  батыстық  ӛркениет  ҥшін  ғарыш  пен  табиғат 
адамдық  мақсатқа  сәйкес  әрекеттің  объектісі  және  сол  себептен  тҧлғадан  тыс  тҧрса,  онда  ол  кӛшпелілер 
ҥшін әрекеттенуші‖ тҧлға болып табылады. Ғарыш суық әрі шексіз кеңістік емес, адамдық дҥниенің мәңгілік 
кепілі  ретінде      тҥсіндіріледі.  Адам  ғарыштың  бір  бӛлігі  болғандықтан,  ол  қоршаған  ортаның  тҥрлі 
қасиеттері,  кескін  келбеті,  болмысы  туралы  ой  толғамай,  бейтарап  қала  алмайды.  Ғасырлар  бойы 
сҧрыпталған  халық  даналығында  барша  ғалам  біреу  ғана  деп  есептеледі,  ал  адамдар  тҧтас  табиғаттың 
қҧрамдас бӛлігі деп танылды‖ [8,  254 б.]. 
Дәстҥрлі  мәдениеттегі  адам  болмысын  сыртқы  дҥниенің  шағындалған  кӛшірмесіне  ҧқсатуда  талай 
сыр  жасырынған.  Тәнге  деген  осындай  кӛзқарастан  тҥрлі  ілім,  тҥрлі  ҧғым  қалыптасты.  Адам  денесін  жер 
шарына  балаудың  арқасында  кӛптеген  тҧжырымдар  жасалды.  Бірте-бірте  дене  мҥшелері  зодиак  (кҥннің 
жҥрісін кӛрсетіп, он екі айдың басы болған жҧлдыздардың ортақ аты) белгілерімен байланыстыра бейнелене 
бастады.  Осыған  орай  халық  емшілері  де  сырқаттарды  белгілі  астрологиялық    белгілерге  қарай  емдеуге 
кӛшті. 
Қазақта  ―он  екі  мҥшең  сау  болса,  мҧратыңа  жетесің‖,  деген  сӛз  бар.  Қонағын  қҧрметтегенде  мал 
сойып,  он  екі  жілікке  бӛледі.  Меймандардың  дәрежесіне  сай  әр  жіліктің  ӛз  мәні  сақталына  ҧсынылады. 
Халықтың қонақ кҥту дәстҥрінде он екі мҥшенің орны ауыстырылмай, қатаң сақталады. Қазақтар ҧғымында 
он екі саны тіршілік ҥйлесімнің кілті саналады. 
Сол сияқты адам тәніне ғарыштағы тоғыз планетаның да әсері қабылданған. 
Тән  мен  санадағы  біріккен  атаулар  қазақтардың  ғылыми  ой  тҧжырымынан  хабар  берді.  Мінезге, 
ақылға,  мейірімге  орай  айтылар  ―бауырмал,  тас  бауыр,  ӛкпешіл,  бозӛкпе,  ӛкпесі  қарайған,  ӛкпесі  қара 
қазандай,  қара  жҥрек,  су  жҥрек,  тас  жҥрек,  кӛкбет,  безбҥйрек,  жҥрегінің  тҥгі  бар,  кӛкжал,  талағы  тарс 
айырылды,  ет  жҥрегі  елжіреді,  жатыры  уылжыды,  жатыры  қағынды…‖  тәрізді  теңеулер  тән  мен  жанның 
ортақ дамуын кӛрсетеді. Мәселен, тасбауыр – бауырдың тас боп қатуы, безбҥйрек – бҥйрегінің кеуіп солуы, 
бҧлардың адам ағзасына қаншалықты қатерлі екені белгілі. Тәнге ат қою мен мінез-қҧлыққа ат қоюындағы 
ҧқсастық  жанды,  тәнді,  табиғатты  қазақтардың  ғылыми  тҧрғыдан  негіздеп  тҥйіндегенін  дәлелдейді. 
Мысалы, ―бозӛкпе дегеніміз – ӛкпенің солуы, бҧл тыныс алуды әлсіретсе, мінездегі бозӛкпелік ӛмірге ілесе 
алмаушылықты  кӛрсетеді.  Алаӛкпе  –  ӛкпенің  қабынуы,  ал  кҥнделікті  тірлікте  не  болса  соған  аласҧруы, 
алды-артын байыптамауы. 
Сужҥрек – жҥрек қабына су жиналуы, ӛмірде – қорқақтық, жасқаншақтық, қара жҥрек – жҥректе қан 
ҧюы,  ӛмірдегі  –  опасыздық,  қатыгездік.  Тас  жҥрек  –  жҥрек  қан  тамырларының,  қолқаның  қатаюы,  ӛмірде 
қайтадан жібімейтін қаттылық. 
Ет  жҥрек  елжіреу–  жҥрек  қан  тамырларының  тазалығы,  ӛмірде  айналасына  шуақ  шашатын  жанды 
айтады‖ [9,  214 б.]. 
Яғни дәстҥрлі мәдениетте тән, жан табиғат аралығындағы тҥбірі бір сабақтастық бҥкіл әлемнің негізін 
қҧрайды.  Бҧлардың  бірінсіз-бірінің  дамуы  мҥмкін  емес.  Адам  тәнінің  табиғат  қҧбылыстарын  алдын-ала 
сезгіштігі,  жауын  жауа  ма,  дауыл  тҧра  ма,  ол  туралы  буын-буыннан  ҧстап  сырқырата  хабар  жеткізетіні, 
белгілі  бір  ауру-сырқаулардың  жылдың  нақтылы  мерзімінде  ӛршитіні  секілді  қҧбылыстардың  бәрі  де  сол 
ӛзара  байланыс,  тамырластыққа  меңзейді.  Сондықтан  да  қазақтар  адам  дененің  сау  болуының,  бақытты, 
барақты ғҧмыр кешуінің кілті – тән мен жанның ҥйлесімділігінде деп тапқан. 
Тән мен жан ҥйлесімділігінің әсіресе, жарқырай кӛрінер тҧсы – еркек пен әйел арасындағы жыныстық 
қауышу сәті. Еркек пен әйелдің арасындағы жыныстық қатынас туралы әрбір ҧлттың ӛзіндік таным-тҥсінігі 
бар,  әрбір  ҧлттың  ӛзіндік  моральдық-этикалық  қалыптары  орныққан.  Бҧл  орайда,  энограф-ғалым 
А.Сейдімбек  жалпы  адамзаттық  таным-тҥсінікте  еркек  пен  әйел  арасындағы  жыныстық  қатынастқа  деген 
ҥш  тҥрлі кӛзқарасты  бӛліп  кӛрсетеді: Ол  –  жыныстық  қатынасқа  деген  Шығыс  елдерінің, Батыс елдерінің 
және Еуразия кӛшпелілерінің кӛзқарасы [10, 268 б.]. Шығыс елдері (Қытай, Жапония, Тибет, Ҥндістан, т.б.) 
еркек пен әйел арасындағы жыныстық қатынасты ӛнер деп қарап, адамның жаны мен тәнін сауықтырудың 
ең  бір  мәнді  тетігі  деп  білген.  Батыс  елдері  (Греция,  Рим,  Англия,  Франция,  т.б.)  жыныстық  қатынасқа 
ғылыми зердемен ден қойып, оны адам болмысын танудың ӛзекті бір саласы ретінде қарайды. Әлемге әйгілі 
психиатр  және  психолог  З.Фрейд  адам  мінез-қҧлқының,  ӛмірі  мен  рухани  болмысының  негізгі  мазмҧны 

184 
 
жыныстық  қатынасқа  байланысты  деген  тҧжырымға  келген.  Фрейдтің  бҧл  тҧжырымы  бойынша  адам 
бойындағы  мінез-қасиетті  қоғам  дамуының  заңдылықтары  билеп-тӛстей  алмайды.  Адам  болмысын 
иррационалды психологиялық кҥш билейді. Ал, интеллект – сол психологиялық кҥшті кӛлегейлеуші. Яғни, 
интеллект  ақиқатты  белсенді  танытушы  емес,  Фрейд  индивид  пен  әлеуметтік  орта  мәңгілік  жасырын 
соғыспен ӛтеді деп ой тҥйеді. 
Еркек  пен  әйел  арасындағы  жыныстық  қатынас  туралы  ҥшінші  кӛзқарас  Еуроазия  кӛшпелілерінің 
арасында қалыптасқан. Кӛшпелілердің таным-тҥсінігі еркек пен әйелдің арасындағы жыныстық қатынасты 
кие  тҧтып,  оған  моральдық-этикалық  тҧрғыда  айрықша  мән  берген.  Кӛшпелілер  ҥшін  тек  еркек  пен  әйел 
арасында  ғана  емес,  жалпы  жан-жануар  арасында  болатын  жыныстық  қатынас  Тәңірі  табиғаттың  киелі 
сыйы. Бҧнда жыныстық қауышу сәтінде тән мен жанның бір-бірімен ҥйлесімді астасуы ғана жҥзеге аспайды, 
сонымен бірге ҧрпақ кӛбейту, ӛсу, ӛну секілді аса жауапты да қастерлі міндеттер қоса атқарылады. Мҧндай 
таным-тҥсінік  мыңдаған  жылдар  аясында  алуан  тҥрлі  салт-дәстҥр  қалыптастырып  ҥлгерген.  Ондай  салт-
дәстҥрдің  баршасында  жыныстық  қатынас  тіршілік  сабақтастығының,  жарасымды  ӛмір  салтының 
ҥйлесімділігі  ретінде  кие  тҧтылды.  Еліміздің  жер-жерінен  табылып  жатқан  таңбалы  тастардағы  қашап 
салынған  иерогамиялық  (жанығудың  киелі  сәті),  эротикалық  (қозушылық)  петроглифтерден  жыныстық 
қатынасқа  ерте  заманнан-ақ  киелі  қҧбылыс  ретінде  мән  берілгеніне  куә  боламыз.  Халықтық  ҧғым-тҥсінік 
бойынша,  жерді  –  аналық,  кӛкті  –  аталық  деп  қабылдау,  кӛктен  жауған  жауынды  нҧрға  балап,  ол  нҧрдан 
жерді  буаз  болды  деп,  образмен  елестетуде  де  жыныстық  қатынасты  космогониялық  таным-тҥсінікпен 
алмастыру аңғарылады. 
Қазақ ауыз әдебиетінде әйелдің мықынан жоғары қарайғы жерлері ғана суреттелуінде терең мән бар. 
Қазақ еркегі мен әйелі жыныстық қатынастан кейін екеуі бірдей мейірі қанып, мерейі ӛскен сезімде болуы – 
табиғи қасиет. Оның ―себебі дейді А.Сейдімбек – жыныстық қатынас олардың наным-сенімі бойынша жеке 
бастың  эгоистік,  ӛзімшіл  ындынын  ғана  қанағаттандыратын  тірлік  емес.  Ең  алдымен  Тәңірі  киелі  сыйын 
қабыл алып, қасиетті борышын ӛтеді деген рухани кемел сезімде болады. Сӛз жоқ, жыныстық қатынаста тән 
рахаты мен жан рахаты ҥндескенде ғана ең кҥшті ләззатқа бӛленуге болады. Бҧл орайда, дәстҥрлі тәрбиесі 
бар қазақтарды жҧбайының теңдессіз рахатын кӛре білген бақыттылар деуге әбден болады‖ [10,  271 б.]. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет