Хіх ғасыр қазақ әдебиеті пәнінен тәжірибелік(семинар)



бет4/15
Дата25.11.2023
өлшемі56,46 Kb.
#126400
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ХІХ ғ. қазақ әдебиеті тәжірибе сабағының жоспары

4 - тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
Мұрат Мөңкеұлы шығармаларының тақырыбы мен идеясы, замана бейнесі.
Сабақтың мақсаты:
Мұрат Мөңкеұлы шығармаларының тақырыбы мен идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан оқыту, түсіндіру, талдау.


Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:
1. Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасының ұлттық ерекшелігі. Үш таған. Дулат, Шортанбай, Мұрат жырларын Инсерт әдісі арқылы салыстыра саралау. Әдеби-теориялық сараптама. Сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асыру. 10 минут. 3 бет(жазбаша нұсқада). (1 топ).
2. Мұрат ақыннның сөздері. Халел Досмұхамедұлы зерттеуінде. «Аламан» кітабы. «Қазтуған» толғауы. Көркем мәтін түзу. 2-топ. 5 минут.
3. Мұрат Мөңкеұлының "Үш қиян" толғауы. Поэзиялық талдау. Сөздік жасау. (3 топ) 7 минут.
4. Мұрат Мөңкеұлы мұрасы және туған жер, туған ел идеясы. (Ұйымдастырушы топ) Слайд(заманауи форматта). 5-7 минут. 10 бет. (4 топ).
5. Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңінің идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. «ПОПС формуласы» әдісі арқылы. «TED әңгімелері (talks)». (5 топ), 5 минут.
6.Мұрат Мөңкеұлының әдеби-сыни мұрасының зерттелуі. Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Омарұлы, Қ. Раев, Қ.Мәдібай, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Библиографиялық кесте ұсыну. (6 топ). 3 минут.
Барлық топқа: «Сарыарқа», "Үш қиян", “Қарасай-Қази”, “Шалгез”, “Қазтуған” жырларынан екі шумақ өлеңді жатқа айту, мәнін ұғыну.
Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс «3Қ» әдісі
Бүгінгі сабақта не құнды болды?
Бүгінгі сабақта не қиын болды?
Бүгінгі сабақта не қызықты болды?


Пайдаланатын дереккөздер:

  1. Мөңкеұлы М.М. Шығармалары: Өлеңдер, жырлар, толғаулар, айтыстар; зерттеулер. Құраст. Бауыржан Омаров. / Мұрат Мөңкеұлы. – Алматы: “Ана тілі” баспасы ЖШС, 2013. – 288 бет.

  2. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. – Алматы: Ана тілі, – 1991. – 240 б.

  3. Дәуітұлы С. Зар заман. Жыр, толғаулар. – Алматы: Жазушы, 1993. –176 б.

  4. Досмұхамедұлы Х. шығармалары. Аламан. – Алматы, 1991.

  5. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. (Генезис, типология, поэтика) –Алматы: Білім, 2000. – 368 б.

  6. Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. – Алматы, 1999.

  7. Қашаған Күржіманұлы, Мұрат Мөңкеұлы. Шығармалары. –Алматы: «Нұрлы Press.kz», - 2014. - 288 б.

  8. Омарұлы Б. Үш қиян" мен Үштаған [Мәтін] / Б. Омарұлы // Айқын. - 2018. - 20 қазан (№ 159).- 10 б.

  9. Омарұлы Б. Мұрат Мөңкеұлы. - Алматы: Крамдс-Пресс, 1993.- 105 б.

  10. Омарұлы, Б. "Үш қиян" – "Три эпохи" – "Тhree epochs" [Мәтін] : Томас Густав Виннер зерттеуіндегі Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығы туралы ой-пікірлер / Б. Омарұлы // Егемен Қазақстан. - 2018. - № 199. – 18 қазан. – 10 б.

  11. Кеңшілікұлы, А. Амандақтың асыл мұраты [Мәтін] / А. Кеңшілікұлы // Егемен Қазақстан. - № 153. - 16 тамыз. - 9 б.

  12. Интернет дереккөздері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет