Хіх ғасыр қазақ әдебиеті пәнінен тәжірибелік(семинар)



бет7/15
Дата25.11.2023
өлшемі56,46 Kb.
#126400
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
ХІХ ғ. қазақ әдебиеті тәжірибе сабағының жоспары

7 - тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиет. XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі.
Сабақтың мақсаты:
XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиетті, оның дәстүрінің ғылыми жүйеленуін саралау, талдау, бағалау, өз пікірлерін, ұстанымдарын білдіруге дағдыландыру.


Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:
1. Ақылбек ибн Сабал, Кашафуддин бек Шахмардан, Шәді Жәңгірұлы әдеби мұраларын «INSERT» әдісі арқылы сараптаңыз 1-топ. 7 минут
2. XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі. Қисса-дастандардың түрге бөлінуі. Ш.Уәлиханов, В. Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Р.Бердібаев, М.Мырзахметұлы, Қ.Өмірәлиев, Ө.Күмісбаев, А.Қыраубайқызы, Б.Әзібаева, А.Жақсылықов, З.Сейітжанұлы, У.Қалижанұлы, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Хронологиялық кесте ұсыну. 2-топ. 7 минут.
3. "Сал-сал", "Зарқұм", "Сейфүлмәлік", "Бозжігіт", "Мұңлық-Зарлық", "Шәкір-Шәкірат", "Жүсіп-Злиха", "Жұмжұма",т.б. Ежелгі нәзира дәстүрінде қайта жаңғырған қисса-дастандар. Қисса-дастандардағы "Құран", "Мың бір түн", "Тотынама", "Дахнама" желілері. (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта). 3-топ. 7 минут.
4. Жүсіпбек Шайхұсламұлы, Мәулекей Жұмаш, Мақыш Қалтай, Ақмолда әдеби мұрасына сараптама жасау. Сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асыру. 7 минут. (4 топ).
5. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығының ғылыми тұрғыда зерттелуі. Слайд. 4 бет(жазбаша нұсқада), 5-топ. 7 минут.
Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. «Рефлексия пирамидасы».


Пайдаланатын дереккөздер:
1. Қазақ фольклоры текстологиясының кейбір мәселелері. Әдебиет және өнер
институты. –Алматы, 2004. –114 б.
2. Бабалар сөзі. Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2004. –Т.10. – 448 б.
3. Ашимов Р.Ж. Қазақтың діни қисса-дастандарының поэтикасы. Түркістан:Тұран, 2008. 207 б.
4. Назым Сияр Шариф. – Алматы: Санат, 1995.
5. Күмісбаев Ө. Абай және шығыс. – Алматы: ҚазМУ, 1995. –344 б.
6. Әуезов М. Қорытынды сөз // Әдеби мұра және оны зерттеу. –Алматы, 1961.
–358 б.
8. Ғашық-нама. Шығыс хикаяларының желісіне құрылған қазақ дастандары.
– Алматы: Жазушы, 1979. – 472 б.
9. Салқынбаев М. ХХ ғасырдағы қазақ-араб әдеби байланыстары. Филология
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. –
Алматы, 2006.
10.Елеукенов Ш. Қазақ кітаптарының тарихынан. Алматы: Санат, 1997 .
11. Боранбаев Ж. Шығыс шайырларының соңы – Шәді ақын: Тарихитанымдық басылым. – Алматы,«Бiлiм» баспасы, 2014. – 272 бет.
12. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. Алматы, 1998.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет