8 - тәжірибелік сабақ Тақырыбы: XIX ғасырдағы айтыстың дәстүрлі сипаты. Айтыстың түрлері. Жанрлык ерекшеліктері. XIX ғасырдағы айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі.
Сабақтың мақсаты: Қазақ әдебиеті тарихындағы айтыс өнерінің ауыз әдебиетіндегі үлгілері мен XIX ғасырдағы ақындық айтыс өнерінің өзіндік ерекшеліктерін саралау, XIX ғасырдағы айтыстың дәстүрлі суырыпсалма ақындык, айтыспен бірге жазба түрде де өрістеуін талдау, айтыстың зерттелуіне әдеби сараптама жасау.
Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар: 1. Бақтыбай, Түбек, Нұрым Жаршағұлұлы, Марабай ақындардың айтыстары, өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі. «Ер Тарғын», «Қобыланды» жырының Марабай нұсқасы. Талдау. 7 минут. 1-топ.
2. XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары Шөже Қаржаубайұлы, Кемпірбай ақын, Орынбай Кертағыұлы әдеби мұрасына сараптама жасау. 7 минут. 2-топ.
3. XIX ғасыр әдебиетіндегі айтыс өнерінің жиналып, зерттелуі. Қазақ ғалымдары мен түркі тілдес халықтары ғалымдарының айтысты зерттеуі. М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері. 7 минут. 3-топ.
4. XIX ғасырдағы ақындық айтыс өнері. Айтыстың түрлері. Жанрлық ерекшеліктері. Әлеуметтік сипаты. XIX ғасырдағы айтыстың суырыпсалма ақындық дәстүрі. (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта). 7 минут. 4-топ.
5. Сүйінбай Аронұлы, Сара Тастанбекқызы, Қашаған Күржіманұлы айтыстарының тақырыптық-идеялық мазмұнына сипаттама. 3 бет(жазбаша нұсқада), слайд. 7 минут. 5-топ.
Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. Әр топ өз қалауынша жасайды.
Пайдаланатын дереккөздер: Қазақ фольклоры текстологиясының кейбір мәселелері. Әдебиет және өнер
институты. –Алматы, 2004. –114 б.
Бабалар сөзі. Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2004. –Т.10. – 448 б.
Бекбосынов М.Н. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. - Семей, 2008.- 114 б.
Сүйінбай А. Бөрілі менің байрағым: Жыр толғау, айтыстар, естеліктер.
–Алматы:, 2009.- 271 б.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011.
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2011.