Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар: 1. Зар заман ағымы - қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі поэзия. Ресей империясының отаршылдық саясаты туғызған бағыт. Тарихи-әдеби сипаттама. 10 минут (жазбаша нұсқада). 3 бет. (2 топ).
2. Дулат Бабатайұлы шығармашылығы. (Ұйымдастырушы топ) Слайд(заманауи форматта). 5-7 минут және 10 бет жазбаша жұмыс.
3. Д. Бабатайұлы шығармаларының тақырыбын семантикалық картаға түсіру. (3 топ) 7 минут. «Ақжайлау мен Сандықтас», «Атақоныс Арқадан», «Таудың жарып арасын», «Тегімді менің сұрасаң», «Сүлейменге», «Сөзім бар да, көзім жок», т.б. өлеңдері.
4. "Еспембет" дастанын оқиға картасына салу, әдеби-фольклорлық сипаты. Дастанның композициялык құрылымы. (4 топ). 10 минут. Талдау.
5. "Шаштараз" дастанын «Фишбоун» әдісі арқылы түсіндіру. (5 топ) 7 минут.
6. Зар заман ағымы авторлары әдеби-сыни мұрасының зерттелуі. А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Омарұлы, Қ. Раев, Қ.Мәдібай, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Библиографиялық кесте ұсыну. (6 топ). 3 минут.
Пайдаланатын дереккөздер: Дулат Бабатайұлы. Шығармалары. Өсиетнама: өлеңдер мен дастандар.(1 кітап); Дулат тағылымы: сын-зерттеулер (2 кітап). Құрастырған Қ. Раев//Алғысөзін жазғандар З.Ахметов, Қ Раев. -Алматы: «Раритет», 2003. -288 бет.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. – Алматы: Ана тілі, – 1991. – 240 б.
Дәуітұлы С. Зар заман. Жыр, толғаулар. – Алматы: Жазушы, 1993. –176 б.
Ай, заман-ай, заман-ай. (бес ғасыр жырлайды) Құрастырушылар: М.Мағауин, М.Байділдаев. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. –Алматы, 1991. – Т.2.
Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. (Генезис, типология, поэтика) –Алматы: Білім, 2000. – 368 б.