Хіх ғасыр қазақ әдебиеті пәнінен тәжірибелік(семинар)



бет5/15
Дата25.11.2023
өлшемі56,46 Kb.
#126400
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
5 - тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
Махамбет Өтемісұлы жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер. Махамбет шығармаларындағы халық тұлғасы және Исатай батыр бейнесінің жырлануы.
Сабақтың мақсаты:
Махамбет Өтемісұлы шығармаларын білім алушыларға түсіндіру, саралау, талдау және бағалау әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын білдіруге дағдыландыру.


Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар

1. Махамбет жырларындағы Исатай батыр бейнесі. «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар» т.б. жырларына әдеби-теориялық талдау. (Әсірелеу, теңеу, эпитет, т.б. ) 2-топ. 7 минут.


2. Махамбет жырларының құрылысы, тілі. «Мұнар күн» өлеңіне концептуалды кесте жасаңыз. «Жалғыздық», «Қайда бар?» өлеңдеріндегі риторикалық сұрау. Әдеби сараптама. (3 топ) 7 минут.
3. Махамбеттің «Мені». Махамбет және Жәңгір хан. Сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асыру. 3 бет(жазбаша нұсқада). Слайд. 5-7 минут. (4 топ).
4. Махамбет Өтемісұлының сыншыл-шыншыл толғаулары. Ақын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер. Махамбет күйлері. (Ұйымдастырушы топ) Слайд(заманауи форматта). (5 топ), 5 минут.
5. Махамбет туралы жазылған әдеби шығармалар. Ә.Кекілбай, М.Шаханов, М.Ниеталиев, Ф.Оңғарсынова, Т.Әлімқұлов т.б. Махамбет Өтемісұлы шығармашылығының ғылыми тұрғыда зерттелуі. Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Қ.Өмірәлиев, Б.Омарұлы, Қ. Раев, Қ.Мәдібай, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Библиографиялық кесте ұсыну. (1 топ). 3 минут.
Барлық топқа: «Ереуіл атқа ер салмай», "Мұнар күн", “Қызғыш құс” жырларынан үзінді өлеңді жатқа айту, мәнін ұғыну.
Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. «Бағдаршам» әдісі


Пайдаланатын дереккөздер:

  1. Әбдезұлы Қ. Тәуелсіздік кезеңі және қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: “Қазақ университеті”, 2012. – 243 бет.

  2. Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры: роман және әдеби зерттеулер. – Алматы, – 1991. – 400 б.

  3. Боранғалиұлы Т. Жәңгір хан. – Алматы: Абзал-Ай, - 2014. – 528 б.

  4. Досмұхамедұлы Х. Исатай-Махамбет. – Алматы, 1991. – 225 б.

  5. Жүсіп Қ. Махамбеттану мәселелері. –Алматы, 2006. – 110 б.

  6. Кенжалиев И. Исатай-Махамбет. – Алматы, 1991. – 192 б.

  7. Махамбет Өтемісұлы. Жинақ. –Алматы, 2004. - 312 б.

  8. Мәдібаева Қ.Қ. Махамбеттану ақындық әлемі таңдау курсы. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы: «Қазақ университеті». - 2011. – 46 б.

  9. Мәдібаева Қ.Қ. Махамбеттану арнаулы курсы. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы: «Қазақ университеті». - 2008. - 29 б.

  10. Өтемісұлы М. Шығармаларының төрт томдық академиялық жинағы. Құрастырғандар: Егеубаев А.Қ., Раев Қ.М. – Алматы, - 2003. – 504 б.

  11. Майтанов Б. Махамбеттің автопортреті. // Қазақ әдебиеті. – 12 қыркүйек. - 2003.

  12. Library.wku.edu.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет