Хіх ғасыр қазақ әдебиеті пәнінен тәжірибелік(семинар)



бет9/15
Дата25.11.2023
өлшемі56,46 Kb.
#126400
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
ХІХ ғ. қазақ әдебиеті тәжірибе сабағының жоспары

9 - тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарынның қалыптасуы
Сабақтың мақсаты:
ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарынның қалыптасуын зерттеу, сол кезеңдегі ақындар мұрасын саралау, талдау, әдеби сараптама жасау.


Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:
1. Базар Оңдасұлы өмірі мен әдеби мұрасы. Өмірі, мұрасы, зерттелу, басылым жайы. «Айна-тарақ», «Әминә қыз», «Мақпал-Сегіз» дастандары. Термелері. Слайд. (1 топ). 7 минут
2. Майлықожа Сұлтанқожаұлының ақындық мұрасы. Мысалдары. Термелері. Айтыстары. Назирагөйлік дәстүрмен аударылған шығармаларын ПОПС формуласы арқылы саралау. (2 топ). 7 минут.
3. Құлыншақ Кемелұлы шығармалары. «Келбайға», «Дүйсенбайға» атты арнаулары. Айтыстары. Жазба айтыс үлгісін қалыптастырып, дамытуы. Әдеби сипаттама. (3 топ) 7 минут.
4. Бұдабай Қабылұлы шығармашылығы. «Әйекені жоқтау» деп аталатын жоқтау жыры. Айтыстары. Өлеңдерінің біріне әдеби-теориялық талдау жасау. 5-7 минут. (4 топ).
5. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарынның қалыптасуы. Қоқан хандығының әлеуметтік саяси жағдайы. Әлеуметтік сипаты. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармашылығының мәні, зерттелуі. Ақпарат-мәліметтерді тарихи-әдеби тұрғыда жинақтау. (Ұйымдастырушы топ) Слайд заманауи форматта. (5 топ). 7 минут.


Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. Әр топ өз қалауынша жасайды.


Пайдаланатын дереккөздер:
1. Тасмағамбетова. З.Ж. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: оқу-әдістемелік құрал/
Қостанай, 2016. - 101 б.
2. Бабалар сөзі. Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2004. –Т.10. – 448 б.
3. Бекбосынов М.Н. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. - Семей, 2008.- 114 б.
4. Ай заман-ай, заман-ай (бес ғасыр жырлайды) – Алматы: «Қазақ ССР Баспасөз
жөніндегі мемлекеттік комитеті бас редакциясы - РББ», 1991.- т. 1. – 384 б.
5. Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толық шығармалар жинағы / Ескі қолжазбалардан аударып, құрастырып, ғылыми түсініктерін жазғандар: С. Саттаров, Н. Елесбай; Жауапты ред.: Т. Әлбеков. – Алматы: «Ғылым ордасы», 2019. – 550 б.
6. Бақтыбай Жолбарысұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Шығармалары / – Алматы «Нұрлы Press.kz», 2014. – 288 б.
7. Құлыншақ КемелұлыШығармалары. // Құраст. О. Жолдыбай. – Астана: Фолиант, 2015. – 384 б.
8. БалқыБазар Оңдасұлы, Құланаян Құлмамбет, т.б. Шығармалары. –Алматы: «Нұрлы Press. kz», 2014. – 288 б.
9. Қабылұлы Б. Шығармалары – Алматы: Мұраттас, 1994. – 151б.
10. Интернет дереккөздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет