Хіх ғасыр қазақ әдебиеті пәнінен тәжірибелік(семинар)



бет10/15
Дата25.11.2023
өлшемі56,46 Kb.
#126400
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
10 - тәжірибелік сабақ


Тақырыбы:
ХІХ ғасырдағы сал серілер поэзиясы. Ән өлең, Өнерпаздық, сыршылдық сарын.
Сабақтың мақсаты:
ХІХ ғасыр ұлттық поэзия тарихында ақындық-әншілік, композиторлық - орындаушылық, жыршылық - әңгімешілдік, импровизаторлық-ойыншылдық өнерді аса сәтті тоғыстырған әнші ақындардың, сал-серілердің өрелі өнерпаздық табиғатын түсіндіру, талдау. Халықтың ортасынан суырылып шыққан киелі өнердің көрнекті қайраткерлері Біржан сал, Ақан сері, Абай, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай, Құлтума, Сары, Майра, Естай, Нартай, Кенен т.б.авторлар шығармашылығына әдеби сараптама жасау.


Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:

  1. Сал-серілер, әнші-ақындардың ХІХ ғасыр әдебиеті тарихындағы орны. (Арыстанбай Тобылбайұлы, Құлтума Өтемісұлы, Қанапия Басығараұлы, Шашубай Қошқарбайұлы, Ыбырай Сандыбайұлы, Мәди Бапиұлы, Естай Беркімбайұлы т.б.) Ақпарат-мәліметтерді тарихи-әдеби тұрғыда жинақтау. (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта). 1-топ. 7 минут

  2. Сегіз сері Баһрамұлы өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдері, қисса-дастандары. Исатай-Махамбет қозғалысына қатысы. «Орал тау», «Кеңінен жаяйыншы қанатымды», «Қашқын келбеті», т.б. шығармаларындағы әлеуметтік үн. Біріне әдеби-теориялық талдау. Сегіз серінің махаббат, ғашықтық тақырыбындағы толғау, дастандары, өлеңдері. Слайд. Зерттелуі. 2-топ. 7 минут.

  3. Біржан сал Қожағұлұлының ақындық мұрасы. Сал-серілер өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Біржанның «Жанбота», «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Қара жер», «Шалқыма» өлеңдері мен әндері. Олардың туу тарихы. Біржанның Сарамен айтысы туралы ілгерідегі, кейінгі пікір, тұжырымдар. Зерттелуі. 3-топ 7 минут.

  4. Ақан сері Қорамсаұлы. Шығармашылық мұрасы. «Сырымбет», «Қара торғай», «Үш тоты», «Ақ көйлек», т.б. ән-өлеңдері. Ақанның жан қасіреті. «Құлагер», «Жүсіп төреге», т.б. өлеңдері. Ақан сері өлеңдерінің біріне әдеби-теориялық талдау жасау. Зерттелуі. 4-топ. 7 минут.

  5. Жаяу Мұса Байжанұлы. «Ақ сиса», «Сұрша қыз», «Қаулау», «Шолпан», т.б. ән-өлеңдері. Қоғам мен адам ортасындағы қарым-қатынасты суреттеуі. Жаяу Мұса туралы көркем шығармалар. Зерттелуі. Әсет Найманбайұлының ән-өлеңдері. Әншінің сал-серілер мен әнші-ақындар шығармашылығындағы орны. Зерттелуі. 5-топ, 7 минут.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет