Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық дәстүр жалғастығының белгілері, өзіндік төлтума ерекшеліктері



бет17/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

21. Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық дәстүр жалғастығының белгілері, өзіндік төлтума ерекшеліктері.

Махамбет өмір сүрген дəуірде хандық билік өзгеріп, орыстың отарлау саясаты екпінді жүргізіле бастаған тұс еді. Бұрынғы жыраулық поэзия бəсеңдеп, ақындардың сал-серілік құрып, суырып-салмалық өнер бəйгесі айтыстың қарқынды өте бастағаны сөз өнері тарихынан аян. Осы дəуірдегі қазақ жерінде болып жатқан жасанды өзгерістер ұлттың намысын оятып, елім деген ерлерін атқа мінгізді. Жұрттың рухы қайта ояту үшін баяғы дəстүрлі жыраулық поэзия қайта жаңғыртылды. Сөзсіз, Махамбет жыраулық поэзияның өкілі екендігін өзінің «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Орай да, борай қар жауса», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Исатай деген ағам бар», «Əй, Махамбет, жолдасым», «Қызғыш құс» жəне тағы басқа толғаулары арқылы дəлелдеп берді. Ал жырау фольклордың ірі өкілі екендігін мынадан көруге болады. «Жырау — ауыз əдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, ірі қоғамдық мəселелерді қозғайтын толғау-жырларды шығарып айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы, көреген сəуегей. Жырау тұлғасы ерте дəуірде, тайпалық бірлестігі тұсында қалыптасып, XV–XVIII ғасырларда үлкен өнер иесі жəне қоғам қайраткерлері ретінде танылған». Демек, жыраулық поэзиядағы басты мəселе қоғамдық іске ауысады. Өзіне тиесілі толғау, термелер арқылы халыққа рух береді. Егер осы тұрғыдан Махамбет поэзиясына назар аударсақ, оның алғаш алашқа атын шығарғаны көтеріліс жаршысы бола білгендігі болса, екіншіден, ақын шығармалары көбіне романтикалық жəне реалистік сипаттағы толғау, термелері арқылы ерекшеленеді. Ақын өзінің көтеріліске қалай шыққандығын, көтерілістің сəтсіздікке ұшырауы, көтерілістен кейінгі оқиғалар бəрінде осы аталған жанрлар арқылы шебер жеткізген. Мысалы:


Əскер жиып аттандық
Бекетай еді тұрағым.
Айғайлап жауға тигенде, 
Ағатай Беріш ұраным.
Бекетай құмға ел қонып, 
Байбақты Жүніс аттанды — 
Қосылуға дем болып.
Құдайлады хан ұлы, 
Іздеген жауы біз болып деген жырлардан толғауды еске түсіріп, батырлық, тарихи эпостардың басталуын көз алдыңызға сəулелендіресіз. Ойға бірден Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінетіп», Бұқар жыраудың «Керей, қайда барасың?» жəне тағы басқа да жыраулар поэзиясы санаға сəуле шашады. Махамбет шығармашылығы көбіне реалистік сипатта айтылады, ақын барынша болған оқиғаны дəл беруге тырысады деген пікірлер көп айтылады. «М.Өтемісов творчествосы шаруалар көтерілісінің сырынан көп мағлұмат беретін иландырғыштық күшімен тəнті етеді. Бұл ретте оған ақындық қуаты ғана емес, сол оқиғалардың жай-жапсарын, екі жақ адамдарының пиғыл-құлқын айнытпай қатесіз білетіндігі де көмектескені сөзсіз», — деген пікірдің осы тұрғыдан айтылғаны ақиқат екені рас]. Алайда фольклорлық дəстүрде көбіне романтика алға шығып отыратыны мəлім. Осы мəселеде Махамбет поэзиясында романтизм бар екендігін зерттеуші-ғалымдар да орынды көтеріп, жан-жақты талдап көрсетуге талпынады. «Ақын шығармашылығындағы романтизмнің дəстүрге қарым-қатынасы бар ма? Болса, онда оның негізі қайдан желі тартады?» деген сауалдарға нақты жауаптар айтылмайды. Бұның негізі фольклорда жатқаны оған дəлелді ертегілерден, батырлық жырлар, тарихи өлең- жырлардан табатынымыз аян.
Əйгілі Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі өршіл романтизмнің өшпес өнегесі деуге тұрарлық, мысалы:
Ереуіл атқа ер салмай, 
Егеулі найза қолға алмай, 
Еңку-еңку жер шалмай, 
Қоңыр салқын төске алмай, 
Тебінгі терге шірімей
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай, 
Өзіңнен туған жас бала,
Сақалы шығып жат болмай, 
Ат үстінде күн көрмей, 
Арып-ашып шөл көрмей,
Ер төсектен безінбей, 
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастабай,
Ерлердің ісі бітер ме? ] — деген толғауындағы романтизм тар бөгетті бұзып, асқақ арманға жету жолындағы батырлық эпостарда молынан ұшырасатын өршіл романтизм екендігі талассыз. Бұл ерлікті жырлаудың фольклорлық дəстүр екендігі де осыдан танылса керек. Əрине, Махамбеттің бір ғана толғауымен кесіп-пішіп, оның шығармасын романтизммен өрнектеле салған деген пікірден аулақпыз. Дегенмен, ақынның «Мұнар күн», «Мен едім», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», тағы басқа толғаулары романтикалық бағытты анықтай түседі. Кезінде М.Өтемісовті таза күрескер ақын, реалистік бағытты ұстанушы ретінде көрсетуді басты бағыт ете зерделеу жағы басым болып, оның романтикалық жағына назар аудару ескілікті қайталау болуы мүмкін деген пікірлерде болғанын бұдан байқай аламыз. Себебі үстемдік еткен кеңес дəуірі идеологиясы соны көксеп, қазақтың өнер өкілдерін біржақты қарауға мəжбүр еткені баршаға аян. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет