Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Ш.Қанайұлы – айтыс-ақыны («Шортанбай мен Орынбай айтысы», «Шортанбай мен Шөженің айтысы», «Шортанбай мен Асан бұғы айтысы»)



бет23/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

29. Ш.Қанайұлы – айтыс-ақыны («Шортанбай мен Орынбай айтысы», «Шортанбай мен Шөженің айтысы», «Шортанбай мен Асан бұғы айтысы»).

Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сөз сайысына түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық байқауға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан мәрте жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын, тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, алдын орап кететін сезімталдығын танытады. 


Шортанбайдың айтыс ақыны ретінде көрінуі.Шортанбай Қанайұлы жыршы ғана емес, айтыскер ақын ретінде де топқа түскен.
Сол заманғы ақындардың қай-қайсысы да айтысты аттап өткен емес.Әрбір дарынды талант иесі өз күшін,ең алдымен,осындай өнер жарысы кезінде сынау,қалың елдің алдындағы сөз егесінде көзге түсуі қалыптасқан шарттың бірі болған.
Шортанбайдың бұл сипаттағы өлеңдерінің көпшілігі сақталмаған.Бізге жеткендері:Орынбай ақынмен,Шөже мен және Асан бұғымен айтысқандары ғана.
Орынбай ақынмен айтысуын үлкен сөз егесінің қатарына қосу қиындау.Бұл әншейін күш сынасу, дәлірек айтқанда онша зілі жоқ қақтығыс үлкен өнердің ырымын жасау ғана деуге болады.Бұл қақтығыс Орынбай ақының Шортанбай туған ауылдағы Құспек төренің шақыруымен келіп, одан сыйлық дәме етуінен басталады.Екеуі мән-мағынасыз айтысқа түседі.Осындай бір ғана және шағын қақтығыс үстінде Шортанбайдың жаңа бір ақындық қыры мен сырын аша қою,әрине,қиын. Алайда, бұл Шортанбай өз заманындағы көркем әдебиеттің қай-қай саласына да ат салысып,белсенді ақын болғанының куәсі.
Шортанбайдың айтыс өнерінің көпке мәлім көрнекті жүйрігі Шөжемен айтысы елдің есінде сақталған.Әдетте, Шөжемен кездескен ақындардың бәрі алғашқы қақтығыс сөздерін оның соқырлығын айтудан бастайды.Қарсылас ақынның бәрі де Шөженің осы кемдігін айтып, тұқыртпақ болады.Ал Шортанбаймен айтысында бұлай болмайды:
Шортанбай:

Әй,Шөже,ғибрат қып сөз айтайық,

Бос мақтан,пәни сөзін аз айтайық.

«Сен жеңдің,мен жеңдімнен» еш пайда жоқ,

Тілейік мұсылманның амандығын,

Халыққа ой түйетін наз айтайық.

Шөже:

Шортеке,ел сыйлаған пірім едің,

Сенімен айтысуға тұрып едім.

Басқадай қу соқыр деп кемсітпедің,

Басқа ақын тап өзіңдей ірі ме едің.

Осымен мен сөзімді тоқтатайын,

Алланың сөзін айтып,ғаделет жол 

Алды-арты бірдей орап жібермедің,- деуімен сөз қағысу аяқталады.Шөже Шортанбайды пір тұтып,айтыста ірілік көрсеткенін мойындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет