Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Шортанбай-реалист, сыншыл ойлы суреткер ақын («Зар заман», «Келер заман», «Тар заман», «Заман ақыр»)



бет22/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   110
28. Шортанбай-реалист, сыншыл ойлы суреткер ақын («Зар заман», «Келер заман», «Тар заман», «Заман ақыр»).


Шортанбай Қанайұлы — XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің бірі. Оның мұрасы күні бүгінге дейін жұртшылыққа жаңсақ немесе жадағай ұғындырылып келді. Бұл түсінікті де. Данышпан жыраудың сөздері елдігінен, мемлекеттік жүйесінен айырылып, отарлық халге түскен арада жұрттың ащы зары, өшпес өкініші, арман-мұратынан нəр алған еді.
Қазақ Совет энциклопедиясының 4-томында: «Зар заман» — XIX ғасырда Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталып, патша үкіметі бұрынғы ел басқару тəртібін жойып, 1867–1868 жылдары қазақтарды басқару жөніндегі ереже бойынша жаңа тəртіп орнатқан кезде туған ағым. Алғаш... ақын Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» атты зарлы өлең шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін де сол кезеңде басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды»], — деп көрсетілген. Шортанбай жырау өзіне дейінгі Бұқар, Тəттіқара, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған. Өмірінің дені Арқа өңірінде өткен ол Жанғұтты шешенмен достық қарым-қатынаста болып, сыйластықпен ғұмыр кешкен. Ақын өлеңдерін тұңғыш жариялаған академик В.Радловтан кейін Қазан қаласында оның өлеңдер жинағы басылып жарық көрсе, кешегі Кеңес өкіметі тұсында шығармалары әр алуан жинақтарда басылып келді. Мұның бәрі ақынның өлең, жырларының ел жүрегінен өшпестей орын тепкенінің айқын куәсі болып табылады. Шортанбай ақын әдебиетіміздегі Зар заман деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі. Ол бүкіл саналы өмірі мен бойындағы ақындық асыл дарынын туған халқының отаршылдық езгідегі ауыр халін, оның ертеңгі болашағының мән-жайын жырлауға арнады, өзі куә болып отырған заманның кесел-мерездерін өзгелерден бұрын сезініп, соны аяусыз әшкерелеуге аянбай атсалысты. Ақын белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің Зар заман, Бала зары, Тар заман, Опасыз жалған, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы Келер заман сипаты атты шығармасы. Онда халықтың болашағын болжай білген ақын елі үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді. Ескіше сауатты, шығыс әдебиетінен хабардар ақын өлеңдерін жазып шығарумен қатар, қаумалаған көп алдында жұрт өтінішімен түйдек-түйдек ағытып, төпеп те жырлаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет