30. Шортанбай шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Шортанбай шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылғой, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершілік ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болса керек. Ақын әр түста терең толғап, өрнекті де өнерлі сөз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың ерлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады. Келтірілген ақынның қоштасу сөздері, өсиеттері мәнсіз емес. Елдің бас көтерген адамдарын тәубаға шақырып, мал, дүние үшін қор болмай, халық үшін, бір құдай үшін қызмет етуін тілейді. Ізгілік, әділет жолынан тайынбай іс қылып, саналы, салихалы өмір кешуін уағыздайды. Ақырет жолы мен адамгершілік, әділет жолдарын тең ұстап, ешкімге обал, қиянат жасамай, тек қана ізгілік жасап өткенін тілейді. Әрбір адамға үлгі боларлық нақылдар тізбектеліп, өзінің өмір тәжірибесін жинақтайды. Тойымсыздыққа, опасыздыққа қарсы күресуге, қанағат, рақым сияқты адал жан айналысар істерге меңзейді. Ақын адамның мінезіне ерекше көңіл бөледі, жақсы адам өз мінезіне қарауыл қойып, жауап беріп отыру керек дейді. Бұл мәселеде кейде ол Абайдың "мінезді түзелмейді дегеннің тілін кесер едім" дегеніне қосылмайтын сияқты. Адам санаулы өмір жолын есепсіз, мәнсіз өткізіп алмай, нәтижелі, нәрлі, пайдалы өткізуі абзал. Керексіз, өнімсіз іспен шұғылданбай, еліне, халқына, өзіне, жақын-жуығына керекті тиімді әрекеттер істей білуге дағдыланғаны жөн деп термелейді. Жамандық пен жақсылық, адамдық пен арамдық арасын ажырата білуге, достық пен қастық, шындық пен жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады. Талапты жас, ең алдымен оқуға әуес болуы керек. Өнер, білім тек оқумен келеді. Тәлім-тәрбие алған жас ойлы, өнерлі боп өседі. Арамдыққа, зұлымдыққа бармайды. Олар құдай жолына да, адам үшін де аянбай еңбек етуге тиіс. Дүние, өмір қызығына алданбай, қиындыққа төзіп, ізденуді қолдайды. Жылы үй, сәнді киім, мұқтажсыз өмір жастарды бейқам өсіреді. Асылы, болам деген жас еңбекке, өнерге әуестеніп, аң аулап, құс салып, кәсіппен айналысуы керек. Шындығында да ақын туындылары әсерлі, мәңгі жасарлық мәнді. Көп жылдар өтсе де жырау сөздері өзінің құнын жоймай, халық мақсатына қызмет етіп келеді. Әсіресе, адамгершілік ақыл, өнегелі өсиет сөздері, шебер де шешен тұжырымдары құнды. Басына қайғылы, ауыр күн туған азамат, ел-жұрт Шортанбай толғауларынан өз ойына үндес сөз табады. Оның өлең жолдарын жиі қайталайды. Күйзелген жанына жай тауып, көкірегін кергеген қасіреттерді жеңілдетіп, рухани күш табады. Шортанбай сөздерін тек қасіретті адамдар үшін пайдалы туынды деп біржақты түсінікке жетелеуден аулақпыз. Керісінше, оның шығармалары – алуан салалы, өміршең, адамның бойына жігер, қуат құярлық оптимизмге де толы, оқушысын өз ырқына бірден көндіріп, ілестіріп кетерлік логикасы мықты туындылар. Сондықтан да әрбір дәуір ол туралы әр түрлі пікірлер айтып, кейде айтыстар туғызып келеді. Шортанбай туралы осы соңғы жылдарға дейін етек алып келген кереғар пікірлердің орын алу негізі де оның талғамының күрделілігі, күштілігі демекпіз. Шортанбай – бір топтың не бір таптың ақын ы емес. Ол жалпыға ортақ өз елінің, халқының жырауы. Сонысымен де құнды. Шортанбай шығармаларын бастан-аяқ дидактикалық сарында келеді деуге болмайды. Ірі талант иесі, ұлы жырауға тән ақынның өзіндік көркемдік стилі қалыптасқан. Ақын айтар ойын жай баяндай сала бермейді.Әр тұста ақылға бай, ойлы сөздер ұшқыр да өткір тілмен өрнектеліп, көркем бейнеленіп, өрелі туынды боп шығады. Ақындық шалқар шабыт пен төгілген сөз нөсерлері қазіргі оқушыларына да әсер естіледі.
30. Көркемдік айшықтауларға толы бейнелі тіл өрнектері – Шортанбай ақындығы қуаттылығының дәлелі. Адамдық ірі тұлғалық сипаттарды танытуда жеке сөздердің бейнелілік (образдылық) астарларын қалыңдата жырлауға көп мән беріледі: Әуелгі қорлар зор болды, Сондағы зорлар қор болды. Әуелгі байлар жоқ болды, Сондағы жоқтар тоқ болды... Замандық мінез-құлықты суреттеудегі теңеулері («Алқымың болды көнектей», «Сүзгісі жоқ шүмектей», «Түндіктерің үзіктей», «Жал шайнадың білектей», «Туырлығың тұтқыштай», «Үзіктерің білектей», «Кетіп едің еліктей» және т. б.) халық әдебиетіндегі дәстүрлі бояуларын сақтай отыра, ақындық сезім тілімен түрлене құбылады. Шортанбай толғауларының бір алуаны болжалдық мазмұнды болып келеді. Замандық қайғы-қасіреттің, қиыншылықтардың кешегісі мен бүгінгісін ұштастыра жырлаған ақын-жазушылар болашақ күндерді, тіпті ғасырларға тән адамгершілік қасиеттер туралы да болжай жырлайды. Шортанбайдың «Келер заман сипаты», «Бір насихат айтайын» толғаулары – осындай жырлар. Ақын өз халқының болашақ ғасырындағы алдынан күтіп тұрған, болуы анық шындық құбылыстарды анық болжайды. Мыңғырата мал баққан, жомарттық, дарқандық, туыстық, бауырмалдық қасиеттері атадан балаға жалғасқан қазақ халқының материалдық және рухани жүдеушілікке, күйреуге ұшырайтынын нақтылай болжап айтады. Малдың да, жанның да еркін жат жұрттықтың билейтіні, алақандай «бет қағаз» бен «мандатқа табынатын» заман келетіні, қазақ баласының ата-ананы сыйламай күнәға бататыны – бәрі де зарлы сарынмен жырланады. «Түсі сары, көзі көк дінсіз келіп» билеген отарлық ықпалдың әсерімен болатын қауіпті зардаптарды ақынның шошына болжай жырлауының шындық шырайы айқын. Ақынның болжалдық мазмұнындағы «Бір насихат айтайын» толғауында да қазақ халқының отарлық құлдық қамытын кию салдарынан болатын зиянды зардаптар жырланады. Қайырымды байлар мен қасиетті төрелердің, шарапатты қожалардың енді жоқтығы, қазіргілерінің бәрінің де опасыздық, пайдакүнемдік, ашкөздік пиғылымен өмір сүретіні, ал кедей-кепшіктің азар-ақыретпен өмір сүретіні – бәрі де айқын елестетіле айтылады. Байдың қайырсыз, кедейдің қадірсіз болып азып-тозуының басты себебін сырттан келген жатжұрттың отарлық билеу салқыны екендігін денесі түршіге, күйіне атайды. Ақын «Дұғай сәлем айтайын» атты арнау, қоштасу мазмұнды толғау-өлеңінде бүкіл мұсылман жұртына арнау сөзін айтады. Өзінің тіршіліктегі қызықшылықтың сауық-сайранына ергеніне, Меккеге де бара алмағанына, мұсылманшылық парыздарының кемшін орындалғанына өкініш білдіреді. Үлкен ақындардың өмірден өтерде кейінгі ұрпақтарға өсиет айта жыр арнауы – әлем халықтарының әдебиеттерінде қалыптасқан үлгі. Шортанбай да осы өсиет жырында өзі арқылы замандас қалың жұртшылықтың діннен ажыраған мүшкіл қалпын дәл бейнелей келіп, қазақ елінің сол кездегі нар тұлғалары, азаматтары Құнанбайды, Шорманның Мұсасын және Көпбай, Нұрлан, Қоңыр есімді ел ағаларын Меккеге баруға, ағайын-туғанға қорған болуға шақырады. Арнау өлеңдегі ақындық түйін – тіршіліктегі адамдық ғұмырдың өлшеулі екендігін ойлай жүріп, Құдай, пайғамбар жолын таза сақтаушы адамдардың өзара мейірімділік мазмұнды қарым-қатынаста болуы керектігін түсіндіру. Шортанбай мұрасында Кенесары хан мен Наурызбай батырға арналған да өлеңдер бар. Қарқаралы дуаның билеушілері Жамантай мен Құсбек төрелердің маңында жүрген Шортанбай Кенесары қозғалысына қатыспаса да іштей тілеулес болатын. Жамантай мен Құсбектей төрелердің осы қасиетті қозғалысқа ермегеніне Кенесары іштей қатты мазасызданатын, бірақ Сарыарқадағы ақын-жыраулардың бәрін де іштей өзіне жақын тұтатын-ды. Кенесары Қазақ хандығының сонау Асанқайғыдан бастап бергі Бұқарлармен қосыла аталатын ұлы тарихында мемлекет басқарған хандардың халықтық қолдауға ие болуында жыраулардың, ақындардың шешуші, беделді орын алатынын жақсы біледі. Сондықтан да өзінің ордасындағы Нысанбай жыраудан бастап, үлкенді-кішілі ақын-жырауларды, жыршыларды, күйшілерді ерекше қадірлейтін.
31. Сүйінбай Аронұлы – әлеуметтік мәні бар өлеңдермен қоса, ірі сюжетті толғау, жырларында елді бірлікке, ерлікке шақырады. Мәселен, «Бөрілі менің байрағым», «Барша жұрттың бағы үшін» тәрізді шығармалары осындай азаматтық үні басым, патриоттық толғаулар болып саналады.
Академик жазушы Ғ.Мүсірепов бір сөзінде: «Бөрілі менің байрағым (бөрілі байрақ – қасқырдың бас суреті салынған шапыраштылардың жебелі туы мен найзасы) деген Шапырашты елінің жауға аттанғанда айтатын ұран өлеңдері болған», - деген. Ал бұл өлең жайында профессор С.Садырбаев Сүйінбай Аронұлының шығармалар жинағының алғы сөзінде: «Бұл өлең Сүйінбайдың азаттыққа арнап айтқан ұлы шығармасының бірі.Ұран түрінде айтылатын бұл өлеңнің идеялық мазмұны: жердүниені сілкіндіріп, тау мен тасты теңселтіп, тау мен тасты теңселтіп, жауға қарсы аттанып бара жатқан Сүйінбай елінің, қазақ халқының қаһармандық бейнесі көрсетілген, - деп жазған
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен, -
деген жолдардан дыбыс үндестігін өленің күш – қуатын одан ары еселеп тұр.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен,
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен, -
деген сөздер адамның рухын көтеріп, ерік, жігерін жинайды. Батырлар жорық алдында айтатын жырға сұранып тұрғандай.Бұл өлеңдерде замандар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан ерлік, батырлық дәстүрлер дәріптелінеді.Мұнда ақын өз атынан сөйлей отырып, жеке адамның табанды жауынгерлік ерлік жолын көптің мұрат – мақсатымен үндестіреді.
Бөрілі байрақ астында,
Ту түсіріп, жау алған,
Қазыбек, Қастек атамыз –
деген жолдардағы Қазыбек, Қастек - XVI – XVII ғасырларда қоқандықтарға қарсы тұрып, жауынгерлерді күреске бастаған батырлар.
Сүйінбай « Ту алып. Жауға шықсаң сен» деген толғауында:
Батыр елден шығады –
Ұрандап жауға шабатын,
Жауына орай салатын.
Ақын елден шығады –
Айтыста жығып шалатын, -
деп қол бастаған халық батырларының ерлік ісіне сүйсінеді.Ондай атақты ерлердің ел намысын қорғап, жау қолына тосқауыл бола алған қаһармандық сипаттарына тоқталады. Жауынгер ақын азаттық үшін жүріп жатқан шайқастың бел ортасында болып, халықтың еркіндікті қалаған ұранына үн қосқандығын орынды мақтап етеді.
Ей Сұраншы, Саурық!
Қоқанның қолы қаптады,
Қасиетті жерімді,
Тозаң қылып таптады.
Қыспақта қалған елің бар,
Құтылар жолды таппады, - деп жаудың елге көрсеткен зәбір –зорлығын, қиянатын айту арқылы ақын батырлардың Қоқан билеушілеріне деген ашу – ыза -кегін өршітіп, оларға жаңа күш, тың қайрат береді.Сүйінбай мұндай батырлық толғауларында әрқашан езілуші ел атынан сөйлеп,халықтың сенім артқан батырлары Сұраншы мен Саурыққа үнемі қайырылып отырады. Саурық, Сұраншы батырлардың көптеген ірі шайқастарына қатысқан даңқты Сүйінбай ақын ел еркіндігі үшін жан аямай күрескен ерлерді өмір шындығына сүйене отырып, лайықты бағалайды. Осындай толғаулардан басқа Сүйінбай ақынның көлемді, желілі жыр, дастандары болған. Мысалы, «Жабай батыр», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр» атты эпостық жырларында ақын елдік, ерлік, азаматтық мәселелерді кеңінен қамтып, эпикалық сарында жырланған.Аталған шығармалардың ішінде сюжеттік, копозициялық құрылымы жағынан тұтас та толық сақталғаны - «Өтеген батыр» жыры. Ал «Жабай батыр», «Қарасай батыр», дастаңдарының бас-аяғы түгел емес. Бір кездерде ұзақ жырланып айтылған бұл шығармалар біздің заманымызға тек үзінді күйінде ғана жеткен.
32. Сүйінбай айтыстары XIX ғасыр айтыстарының ішінде өз алдына дараланып жоғары тұрады. Бұл оның айтыстарының мәнділігі мен тіл өткірлігінен байқалады, Ол өзінің өлеңдерінде кейбір ақындарша өз елінің байларын бедел тұтып, айтар сөзді сол бай мен төрелер мәртебесін мадақтауан қарастырмайды. Ақынның сүйеніші қалың ел және Өтеген, Сұраншы, Сыпатай сияқты батыр атанған ел азаматтары болады. Осындай әйгілі азаматтарды тірек тұтқан ақынды қарсыластары «кедейсің» деп қанша тиіссе де жеңе алмайды.
Сүйінбай Аронұлының ең шоқтығы биік айтыстарының бірі – Тезек төремен айтысы. Тезек төре Абылайханның ұрпағы, Ұлы жүз қазақтарының албан руының аға сұлтаны. Тезек төре әлеуметтік тегіне бола қоғамдағы тарихи орны, қабілеті , еңбегі бағаланбай кеткен ауқатты зиялылардың қатарындағы адам. Сүйінбай мен Тезек Төренің айтысын әлеуметтік мәні жағынан екі ақынның айтысы деуден гөрі, қоғамдық екі тап өкілінің саяси тартысы деуге тұрарлықтай. Себебі, айтыста екі ақын жарысқа түспейді, мұнда бір – бірінен жыр өнерін асыру мақсаты қойылмайды. Ашықтан – ашық қоғамдық екі тап өкілі егеседі. Қара халық атынан бұқара тілегін көтере Сүйінбай шықса, Абылайдай атақты атаның баласы, текті төре Тезек өз табының туын осылайша тіл безейді. Қоғамдық екі таптың өкілі белдесіп, саяси сайысқа түседі.Сүйінбайдың тағы бір ерекше айтысы – қырғыз ақыны Қатағанмен болған сайысы. Екеуінің сөз сайысы – ел аралық, ұлтаралық айтыс. Ұлт ретінде тілдік, мемлекеттік-территориялық, психикалық пішін, әлемдік қауымдастыққа танымал белгілерінің бәрі толық келетін осы екі ұлттың мәдени қазыналары өздеріне меншікті қалпымен бағаланады.Сонымен қатар, Сүйінбай айтыс түрін 2-ге бөліп көрсеткен.
Өз кезегінде бір шумақ өлеңмен қысқа, шапшаң жауаптасып отыратын айтыс түрі – түре айтыс деп аталады. Айтысуға әбден жаттыққан кәсіби ақындардың терең мазмұнды, өлеңдетіп ұзақ жырлайтын айтыс түрі – сүре айтыс деп аталады.
33. Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. Әсіресе, ел ішінің сөз өнерін әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады. Ел аузында айтылатын:
«Екейде елу бақсы, сексен ақын,
Жаратып мінеді екен ерттеп атын.
Қобызға домбырасы үнін қосып,
Гулейді жын қаққандай кешке жақын»
деген өлең сол ортаның ән күй мен өлең жырды айрықша дәтүр еткенін аңғартса, одан тағылым алып өскен Сүйінбайдың:
«Атыңнан айналайын Қызыр бабам,
Түсімде таңға жуық келді маған.
Білмеймін «өлең» деді, «көген» деді,
Сайрауық құстар келіп төнді маған»деуі, оның ақындық дарынының ерте оянғанын аңғартады. Сүйінбайдың даңқын елге жайған, ауыздан ауызға тараған шығармаларының бір шоғыры өз кезіндегі хан қара, би төре, бай манаптарға, көз көрген замандастарына қарата айтылған өлеңдері. Бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады. Сүйінбайдың, әсіресе, айтысқа түскенде қынынан суырылған қылыштай жарқылдап, өзінің туа біткен ақындық дарынмен қауышқандай әсерге бөлеп отырады. Оның Майлықожамен, Тезек төремен, Қатағанмен, Арыстанбекпен айтыстары нағыз шашасына шаң жуытпайтын жүйріктің айғағы. Сүйінбай поэзиясы арқылы қазақтың айтыс өнерінің өрісі анағұрлым ұзарып, биіктеді, тақырып аясы кеңейіп, әлеуметтене түсті.Эпикалық қарымдағы ақын ретінде Сүйінбай халықтың әр түрлі жыр дастандарын таңды таңға ұрып айтып,«Манас»,«Көрұғлы», «Рүстем Дастан», «Тотынама»сияқтытуындылардышығармашылықпенөзіншежырлаған.Оның
Сұраншы, Саурық батырлар туралы циклді өлеңдері мен толғаулары нағыз эпик ақынның өресін танытатын өлмес мұра. Мұнда ежелгі эпосқа тән асқақ рух, алапат теңеулер қарша борап отырады. «Лашын құстай түйілген, ақ тұйғындай шүйілген» батыр тұлғасын, «отыз жылдай алысқан, қырық жылдай шабысқан» дұшпан бейнесін нағыз жыраулық тегеурінмен сипаттайды.Ол айбынды айтыскер ақын және батырлық эпостарды жырлаудың шебері болған. Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді. Оның Тезек төре және Катаған ақындармен айтысы да дүйім жұртшылыққа мәлім. Бұл айтыстарда ол орын алған әлеуметтік мәселелерді арқау етіп, ерекше орындаушылық дарыны мен суырып салма ақын екенін паш етті.
34. Сүйінбай – ірі ақын. Сондықтан оның қозғаған тақырып, көтерген мәселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті шығады. Ақынның шығармаларындағы тақырып тынысы кең, ойтаным тереңдігі тіршіліктің алуан құбылыстарын қамтиды.Жеке адамдардың мінез – құлық , тқрмыс ерекшеліктерінен бастап өмір заңдылықтарын тереңнен түйіп тербеген ойщылдыққа ұласып отырады.
Сүйінбай Аронұлы – өмір, заман жайлы толғанып, философиялық қорытындылар жасаған терең ойлы өлеңдердің авторы. Ақынның «Әділеттік орнаса», «Надандық», «Жақсы менен жаманның айырмасы», «Жақсы болса ағайын», «Нақылдар», «Өсиет», «Ақын боп жиырмамда», «Дүние ойлап тұрсам баяны жоқ», т.б өлеңдерінде халықтық, философиялық мәселелер қозғалады. Бұл өлеңдңерінде негізінен, ел басқару, халық тағдыры мен адам бойындағы жақсы, жаман дағдылар сараланады және өмірдің бағасы мен өткіншілігі жайлы ой – толғамдар, ақыл – өсиет айтылады. Сүйінбай Аронұлы шығармашылығындағы орны бөлек өлеңдерінің бірі – «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері». Бұл өміршең өлеі. Өйткені, жақсы мен жаман адам қай заманды да, қай қоғамды да алып қарасаң табылады.жақсы мен жаманды ажырата білу үлкен таным тәжірибені керек етеді. Ақынның бұл өлеңі бізге жақсы адам мен жаман адамның арасы жер мен көктй екенін ұқтырып қана қоймай, бізге адамдарды қандай қасиетеріне қарап айыратынымызды үйретеді.
Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай, —
деп жырлайды ақын.
Байқағанымыздыай, ақын жақсы адам жайында шабыттана тебіренеді. Жақсы адамның сөзінхалық бағалап, оны қолданады. Демек, жақсы жан өмңрде өзінің өнегелі сөзімен мәңгі жасайды. Сүйінбай жақсы мен жамандықтың қоғам тірлігінен және жеке адамның өмір ағымындағы іс – әрекетінен туып отырғандығын анықтайды.
Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай.
Жамандар-өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай, —
деп ақын жаман адамдардан жирендіреді. Жаман адамның айналасына, халыққа, қоғамға қандай қиянат жасайтынын түсіндіргісі келген ақынның сөз қолданысы өте шебер. Теңеулерді өзінің орнымен, ретімен тапқыр да ұтымды қолданады.
Ақын жақсы мен жаманды салыстыру арқылы елге үлгі көрсетеді. Сүйінбай:
Екеуін салыстырып әдейі айттым,
Қажетін қолданарсың тұрмысыңа-ай, —
деп ойын түйіндейді. Бұл өлеңнің, әсіресе, жас ұрпаққа берері мол. Оң мен солын, жақсы мен жаман адамды ажырата білу үшін олар осы өлеңді оқыса, көп ой алары анық.
35. Сүйінбай Аронұлы – әлеуметтік мәні бар өлеңдермен қоса, ірі сюжетті толғау,жырларында елді бірлікке, ерлікке шақырады. Мәселен, «Бөрілі менің байрағым», «Барша жұрттың бағы үшін» тәрізді шығармалары осындай азаматтық үні басым, патриоттық толғаулар болып саналады.
Академик жазушы Ғ.Мүсірепов бір сөзінде: «Бөрілі менің байрағым (бөрлі байрақ – қасқырдың бас суреті салынған шапыраштылардың жебелі туы мен найзасы) деген Шапырашты елінің жауға аттанғанда айтатын ұран өлеңдері болған», — деген. Ал бұл өлең жайында профессор С.Садырбаев Сүйінбай Аронұлының шығармалар жинағының алғы сөзінде: «Бұл өлең Сүйінбайдың азаттыққа арнап айтқан ұлы шығармасының бірі.Ұран түрінде айтылатын бұл өлеңнің идеялық мазмұны: жердүниені сілкіндіріп, тау мен тасты теңселтіп, тау мен тасты теңселтіп, жауға қарсы аттанып бара жатқан Сүйінбай елінің, қазақ халқының қаһармандық бейнесі көрсетілген, — деп жазған
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен, —
Деген жолдардан дыбыс үндестігін өленің күш-қуатын одан ары еселеп тұр.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен,
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен, —
деген сөздер адамның рухын көтеріп, ерік, жігерін жинайды. Батырлар жорық алдында айтатын жырға сұранып тұрғандай.Бұл өлеңдерде замандар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан ерлік, батырлық дәстүрлер дәріптеленеді.Мұнда ақын өз атынан сөйлей отырып, жеке адамның табанды жауынгерлік ерлік жолын көптің мұрат – мақсатымен үндестіреді.
Бөрілі байрақ астында,
Ту түсіріп, жау алған,
Қазыбек, Қастек атамыз –
Деген жолдардағы Қазыбек, Қастек — XVI – XVII ғасырларда қоқандықтарға қарсы тұрып, жауынгерлерді күреске бастаған батырлар.
Сүйінбай « Ту алып жауға шықсаң сен» деген толғауында:
Батыр елден шығады –
Ұрандап жауға шабатын,
Жауына орай салатын.
Ақын елден шығады –
Айтыста жығып шалатын, —
Деп қол бастаған халық батырларының ерлік есіне сүйсінеді.Ондай атықты ерлердің ел намысын қорғап, жау қолына тосқауыл бола алған қаһармандық сипаттарына тоқталады. Жауынгер ақын азаттық үшін жүріп жатқан шайқастың бел ортасында болып, халықтың еркіндікті қалаған ұранына үн қосқандығын орынды мақтап етеді. Ей Сұраншы, Саурық!
Қоқанның қолы қаптады,
Қасиетті жерімді,
Тозаң қылып таптады.
Қыспақта қалған елің бар,
Құтылар жолды таппады, —
деп жаудың елге көрсеткен зәбір – зорлығын, қиянатын айту арқылы ақын батырлардың Қоқан билеушілеріне деген ашу – ыза кегін өршітіп, оларга жаңа күш, тың қайрат береді.Сүйінбай мұндай батырлық толғауларында әрқашан езілуші ел атынан сөйлеп,халықтың сенім артқан батырлары Сұраншы мен Саурыққа үнемі қайырылып отырады. Саурық, Сұраншы батырлардың көптеген ірі шайқастарына қатысқан даңты Сүйінбай ақын ел еркіндігі үшін жан аямай күрескен ерлерді өмір шындығына сүйене отырып, лайықты бағалайды. Осындай толғаулардан басқа Сүйінбай ақынның көлемді, желілі жыр, дастандары болған. Мысалы, «Жабай батыр», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр» атты эпостық жырларында ақын елдік, ерлік, азаматтық маселеледі кеңінен қамтып, эпикалық сарында жырланған.Аталған шығармалардың ішінде сюжеттік, копозициялық құрылымы жағынан тұтас та толық сақталғаны — «Өтеген батыр» жыры. Ал «Жабай батыр», «Қарасай батыр», дастаңдарының бас-аяғы түгел емес. Бір кездерде ұзақ жырланып айтылған бұл шығармалар біздің заманымызға тек үзінді кү інде ғана жеткен.
Қазақ халқы бастан кешкен үлкен тарихтың тұтас бір кезеңі Сүйінбай айтқан «Өтеген батыр» дастаны арқылы елес берген.Сүйінбай бұл шығармада қазақ халқының Жетісу өлкесіндегі атамекен қоныс жайын, ағынды өзендері мен көлдерін, жайқалған егінді аймақтары мен сылдырап аққан бұлақтарын, орман, тоғай, тауларын, жау қолынан азат еткен Өтеген батырдыңерлік істерін суреттеген. Патриоттық жырда халықтың азаттық пен бостандық жолындағы қаһармандық күресі, мұқалмас айбынды мінезі шыншылдықпен бейнеленген.
Сүйінбайдың ерекше туындыларының бірі – «Сұраншы батыр» толғауы. Толғауда Сұраншының ерлік істерін суреттеуге көп орын берілген. Жаудың он мың қолына қарсы барған батырлың батылдығы, жүректілігіжәне алған бетінен қайтпайтын табанды образы бейнеленген. Ақырында жау қолымен болған қырғын соғыста жеңіске жеткен Сұраншының халыққа бостандық әпергені айтылады. Сұраншы батыр бастаған қазақ жасағына төтеп бере алмай шегінген Қоқан қолы билеп, төстеп отырған жерлерінен айырыла бастайды.
Он мың қолдан қаймықпай,
Суырды, найза қылышты.
Таң сарғайып атқанда,
Қалың жауды қашырды.
Алдына салып қуалап,
Шоқпардан әрі асырды…
Сүйінбай сүйсіне жырлаған Сұраншы Ақынбекұлы батыоығына қоса ақылды, жағдайды тез сараптағыш және соғыстың әдіс- амалдарын жете білетін қолбасшы.Толғауда айтылатын атақты шайқаста Сұраншы батыр жауға жақындап, тұс- тұстан от жақтырған, сол арқылы қоқандықтарға қалың әскердің қоршауында қалғандай әсер еткен.
Ақын батырдың жанкешті мінезін, ерлігін сипаттайды. Сұраншының елжандылығын, ұлтжандылығын ұрпаққа үлгі қылады.
Халықтың бірлік – берекесін сақтаған батырлыарды ақын ел тарихында өзіндік орны бар азаматтар деп таныған.