Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906) шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдіктер («Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа» т.б.)



бет28/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

46. Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906) шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдіктер («Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа» т.б.).
Мұрат Мөңкеұлы XIX ғасыр ауыз əдебиетінің шырқау биігіне шығарған — ғасырлар бойы бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген қасиетті қонысының талапайға түсуін, Қазақ мемлекетінің құлдырауын дөп басып көріп, жалынды жырмен тебірене толғауы, қасіретке толы қазақ қоғамының айнасы болған шығармалары — «Қазтуған», «Қарасай-Қази» жырлары, «Сарыарқа», «Үш қиян» толғаулары. Бұлар өзара байланысты, əуендес, мазмұндас,сарындас шығармалар.
Мұраттың «Сарыарқа» атты толғауы қоян жұты кезіндегі қайғылы көріністерді суреттейді.Жұтта адам малынан айырылып жұтаса, отаршылар халықты жерден, тəуелсіздіктен айыратын апаттар екенін ақын түсінеді. Табиғат апатынан патшалықтың зобалаңы кем түспеуі, екеуі де панасыз халықты күйзелтіп жатыр дегенді айтады. Зерттеушілер толғаулар деп атап жүрген ақынның екі үлкен шығармасы — «Үш қиян» жəне «Сарыарқа». Толғау деп айдар таққанмен, бұл туындылар лирикалық дастанның жүгін көтеріп тұрған шығармалар. Мұрат жырларында əбден шегіне шыққан қорлықты аяусыз көрген халықтың зары жан-жүрегіңді тебірентеді. Ата-бабаларымыздың сол ғасырда көрген қорлығына шыдай алмай жаның жылайды. Сонымен, «Үш қиян», «Сарыарқа» атты лирикалық дастандар — «зар заман» туындылары.Олар отаршылдыққа, озбырлыққа қарсы туған жырлар.
Мөңкеұлы Мұраттың «Қазтуған» деген қоштасу-жоқтау жыры Қазтуған Сүйінішұлы халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғ.айтулы жорық жырауы. Əскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғ. орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. Қазтуған жырау жорық жыршысы жəне халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың əскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Жəне олардың тұрмысын,айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді Мұрат өз туындысында осы Қазтуған атынан өз ойларын баяндап шығады. Оқиға Қазтуғанның монологі ретінде кезіндегі ел билеріне қарата толғанады:
Əрайна, билер, əрайна,
Əрайна десем болғай ма?!
Əрайнасыз əрқайда
Ердің ісі оңғай ма?!
Əрайна болған Қазтуған
Қайғыланып сонда толғай ма?! —деп Қазтуғанның аузымен ақын өзінің «Үш қиян», «Сарыарқаларындағы» идеяны өзгеше нəр беріп əсерлі суреттеп шығады. Шығарма — тыңдауға да, оқуға да жеңіл төгілген жыр.Мұраттың ұғымына салсақ, Еділ – ел, Жайық – жан, Ойыл – ой түсініктеріне орайлас қасиетті нышандар. Осы үшеуі тұтастық құрап, бір-бірін толықтырып тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет