Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті



бет25/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

36.
37.
38.Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны (суырып салма ақын). Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген.
Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған деп бағасын да беріп кеткен.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар (Ер көгерер дұғамен, Жолдас болсаң жақсымен, Жақсы адам қартайса), арнау өлеңдер (Ахмет төреге, Тұрлыбекке, тағы басқалар), дастан- мысалдар (Қасқыр, Тотынама, Аңқау мен қу, Шора батыр, Үш жігіт), айтыстар.
Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.
Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның:
Майлы, Майлы дегенмен май болмадың,
Жұрттан алып жегенмен бай болмадың - дегенiне лезде сөз тауып:
Сен Құлыншақ болғалы талай болды.
Не құлын, не жабағы тай болмадың.
Немесе Гүлханым арудың:
Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне:
Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi,
Алдың деп мұны қайдан үндемейдi.
Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер,
Дүниенiң байлығы тiлде дейдi, - деп орнықты, ойлы жауап бердi.
Қырғыздың Асыл деген байының тойында қазақ ақындары бет қаратпаған Жанысты тарих жолымен жiпсiз байлап:
Молдалар кiтап оқып мән айтады.
Бiлмесе бекер сөздi неге айтады.
Қыс-асыл әмбиенiң кiтабында
Қырғыздың ата тегiн ит деп айтады - деп иттей қапқан Жаныc ақынды Жолбарыстай талауы Майлының мықтылығы Бұхара - Самарқанда бiлiм алғандығының септiгi.
Бiрде Қасымбек болыстың бәйбiшесi ақынның тартпа желдiгiн қойып Үш күн күттiк бiздi бiр мақтамадың тартпа желдiгiңмен құрып кеткiр Майлықожа дегенiне сөз сүлейi:
Қазақтың оза шапқан майлысы едiм,
Бұл өлеңiм болмаса қай кiсi едiм,
Бес-алты ауыз өлеңдi айтып берiп,
Көңiлiн қош қылайын бәйбiшенiң
Жоғалмаса құрысын тартпа желдiк
Бұрын қай ер-тоқымы сай кiсi едiм, - деп елдi риза етiптi.
Майлықожа ақынның бір топ өлеңдері Я.Лютиштің құрастыруымен 1883 жылы Ташкентте басылып шыққан Қырғыз хрестоматиясы кітабына енген. Майлықожа Сұлтанқожаұлы ауыз әдебиетін жақсы білген, фольклоршы Ә.Диваев мол деректерді Майлықожадан алған. Көптеген өлеңдері Үш ғасыр жырлайды (1964), Бес ғасыр жырлайды (1964), Ай, заман-ай, заман-ай (1991) кітаптарында және Нақыл (1972) атты жеке жинағында жарияланған. Айтыс жинағына (2 том, 1988) ақынның бірқатар айтыстары енген.
39. ХІХ ғасыр әдебиеті жанрлық және көркемдік жағынан қайта түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті. Дегенмен Майлықожа ақынның жыраулар поэзиясының дәстүрін мықтап ұстанғанын бәріміз білеміз. Осыған орай «Бес ғасыр жырлайды» жинағында: «Майлықожа ақынның түр жағынан енгізген тың жаңалықтары жоқ. Солай бола тұрса да, ол Шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғандықтан, өз шығармаларының өрісін кеңейтуге, оларға жаңа өрнек, бояу беруге мүмкіншілігі мол екенін аңғарамыз»,- делінген [1,25]. Бұл пікір ақын шығармаларының өзіндік ерекшелігін тағы бір аңғартқандай.
Біз, Майлықожа ақын шығармаларын тақырыбы жағынан былайша топтастыруды жөн көрдік: адамның бойындағы адамгершілік, ізгілік сынды жақсы, жаман қасиеттерді жырлау; дүниенің өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі туралы; адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу; еңбек туралы т.б. Енді осы мәселеге кеңінен тоқталсақ.
Мысалы, «Дүниеге мейман, көңілім» атты толғауында ақын:
Өлшеніп берген өмір бар,
Уақытыңмен жүрерсің.
...Сағынар сауық-күлкіні-ай,
Қызықтырған түлкідей,
Дүние өтер бір күні-ай,- деп [1,36], фәни жалғанның өткінші екендігін айта келіп, қамшының сабындай қысқа ғұмырда ойна да күл деп жырлайды. Майлықожаның «Ажал бір келмес болсайшы», «Не жүйрік өтті дүниеден», «Дүние», «Уа, замана» сынды шығармалары - осы сарындас толғаулар. Ал, «Тұрлыбекке», «Ескі мырза, манаптар бегі, салы», «Алдаберген байға» т.б. арнау өлеңдерінде ақын адалдықты уағыздап, озбырлықты әшкерелейді. Мәселен:
Әкімі жүр ұрыны тыямын деп,
Тіл алмаса, желкесін қиямын деп.
Би мен болыс басының пайдасында,
Парасын ап дүниені жиямын деп.
Бейбақтардың басына бақ қылып жүр,
Арам жеңіп, адалды жақ қылып жүр.
Ақша беріп, билерді антқа салсаң,
Мөрін басып, қара істі ақ қылып жүр,- дейді [1,34] «Ескі мырза, манаптар бегі,салы» арнау өлеңінде.
Майлықожа ақын шығармаларында ең көп жырланған тақырыптардың бірі - адамгершілік мәселесі. Мысалы,
Өңкей жақсы қосылса,
Бітіреді кеңесті.
Өңкей жаман қосылса,
Шығарады егесті
Немесе
Жаман сөйлер халықтан,
Бастағы мінін жасырып.
Жақсы сөйлер халыққа,
Қызметін асырып,- деп [1,27] адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді саралап, салыстырып көрсетеді. Ал, «Жақсы болсын жұбайың» толғауында жақсы жар мен жаман қатынның арасы жер мен көктей дей келіп, ақын шығармасын:
Жаман қатын жігіттің,
Тайдырады табанын,
Тар қылады заманын.
Жақсы қатын жігіттің,
Адам қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын,- деп [1,41], жігіттің жақсы-жаман болуы жақсы жарға байланысты екендігін және сол үшін отбасында қыз балаға жақсы, өнегелі тәрбие берілу керек екендігіне айрықша назар аударады. Ақынның «Ілімге толсын көкірек», «Жөн білсең, жолдасыңа жоба көрсет», «Дүниеге мейман көңілім» т.б. толғаулары да осы тақырыпқа арналған.
40.Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген.1883 жыл Ташкент қаласында басылған «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта
Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады. Олар:«Райымқүлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға»,«Үш жігіт» деп аталады. Ақынның бүл өлең-дерінің жалпы мазмұныадамгершіл ұғымдағы ғибрат сөздер.Майлықожаның осы жинақтағы кейбір өлеңдерінде бай-болыстарды əжуə ету, мысқылдау мотиві айқын. Мықтылардың елді зарлатып,сүлікше сорып, түлкіше алдап, зүлымдық істеп жүргені əшкереленеді.Болыс болу үшін таласып əуре сарсаңға түсіп,өз бауырын да сол жолда қазаға қиятын кейбір Райымқұлдай мансапқорларды қатты сынайды. Оңай байлыққа жетуді аңсау,қанағат
қылмау адамның бойындағы ең жаман қасиеттер деп ұққан ақын өзінің «Үш жігіт»,
«Аңқау мен қу» толғауларын осындай мінездерді сынауға арнайды.
Адал еңбекпен тапқан тағамға қанағат тұтпай,калай да баюды ойлап, жан ұшырған
ағайынды үш жігіттін, өкінішті қазасын мысал етеді.Аңқауды алдап,тапқан байлықты
бөліспей өзі ғана иеленбек болған қудың тағдыры да осындай өкінішті аяқталады.
Қу ағаштың басына жапырақ тұрмас,
Қулықпенен еш адам сірə оңбас.
Лажсыздан дұшпанға істетпесең,
Мекерліктін ұрығын ексе болмас.
Еш адам байымайды ұрлықпенен,
Адал адам байиды шындықпенен,
Басы жақсы болса да түбі жаман,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет