Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Білсең де жолдас болма сұмдықпенен



бет26/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

Білсең де жолдас болма сұмдықпенен.
Майлының «Тотынама» толғауы да мысал сөз үлгісіндегі шығарма. Мұнда оқиғаның Үндістанда болғаны айтылады.«Бар екен бір шəһəрі Үндістанның» деп, сол шəһəр
жанындағы көлді мекендеген ерлі-зайыпты екі тотыны сөйлетеді. Мақтаншақ қораз шібиінің сақтандырған ақылын тыңдамай, ұя салар жер таңдамай,
Майлы Шығыс əдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аудару əрекетінде істеген. Діни хиссалар сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. «Зарқұм» үлгісінде «Абдолла бала» жырын шығарған.«Тотынаманы» өзінше, қысқаша
толғаған.Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. панасыз ашық көл бетіне ұя салады.
Еркегі айтты: «Біз еркек кісіміз-ді,
Түсірсе бұл суменен ісімізді.
Бұл су бізге жамандық қыла алмайды,
Алармыз біз де мұнан өшімізді».
Шіби тоты мықтысынған қоразына реніш айтып, егер дос ақылын алмасаң пақыр бақаның кебін киерсің деп, көкірексіген бақа тағдыры туралы аңызды айтып береді.Ол аңыз: Екі үйрек,бір бақа үшеуі де дос болып, жаз бойы көлді бірге жайлайды. Күз көл суалған кезде үйректер басқа көлге ұшпақ болады. Сонда бақа да қалмайтын болады. Үшеуі келіседі: Бақаға шыбық тістетіп, екі үйрек сол шыбықты досымен қоса, екі жағынан көтере үшады. Жолда бақа достарына мақтанам деп аузындағы шыбықтан айырылып қалып, құлап түседі. Өледі…
Мақтанып, шыдай алмай бір сөз депті,
Дегенде шөп аузынан шығып кетті.
Болғанша сөзін айтып жерге түсіп,
Ол бақа мылжаланып қапты өліп…
Бақадай тіл алмаған болма бекер,
Қайткенде бұл теңізге күшiң жетер?!-деп, шіби сөзін аяқтайды. Бірақ қораз тоты тыңдамайды. Ақыры су толқығанда балапандары суға кетіп, өздері көп қорлық көреді. Мысал аяғында шіби тоты былай деп зарлайды:
Құдая беи ақылмен қылма жолдас,
Алмаған достың тілін адам оңбас.
Қорытынды сөзінде ақын əйелдің ақылдысы жігітке ырыс болатынын айтып,əйелге құлақ қоюды уағыздайды. 
41.Майлықожа Сұлтанқожаұлы-табиғат құбылыстарының шынайы суреттерін қазақ ауылының тұрмысымен байланыстыра жырлаушы. Оған дәлел-«Жылдың төрт мезгілі» атты туындысы. Ақын бұл шығармасы арқылы табиғаттың әрбір құбылысын шебер суреттеп,қазақ ауылдарымен байланыстыра білген. Өлеңіндегі мына жолдар соның айғағы:
Бұл дүние өтер кетер баяны аз,
Ең алды жыл құсының үйрек пен қаз.
Жігіттей сақал-мұрты жаңа шыққан,
Көркейіп дүние жүзі болады мәз.
Сәуірде көтерілер рахмет туы,
Ойнасып су бетінде қаз қуы.
Жан-жануар көк майсаға бауырын төсер,
Емізіп жас баладай жаңбыр суы.
Шаттанар бұл дәуірге жас пен кәрі,
Ләззатты жел менен көл жанға дәрі.
Бостандық дәуірінен болғаннан соң,
Қыбырлар жер жүзінде жанның бәрі.
Шаруалар жайлар тауды малын баққан,
Егін сап, диқандары кетпен шапқан,
Аралап әр шаһарды саудагерлер,
Мал жинап келе берер әр тараптан.
Ұшады айдын көлден қаз қаңқылдап,
Әуеден жаңбыр жауар от жарқылдап.
Түрленер жер жүзінде шөптің бәрі,
Құбыладан қоңыр салқын жел аңқылдап.
Құдайдың ұзын болып күні-түні,
Әртүрлі шығар сонда шөптің гүлі.
Құлпырып атлас қамқа бәйшешектер,
Көрінер текеметтей жердің түрі.

42. Балқы Базар – қазақ әдебиеті мен поэзиясы тарихында өзіндік ойып алар орны бар жырау. Базар жыраудың шығармалары Сыр өңірінен шыққан ақын-жырау­лардың ішінен алғашқылардың бірі болып Ә.Диваев, ­С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ә.Мар­­ғұ­лан, Ә.Қоңыратбаевтардың на­за­рын аударған. С.Сейфуллин «Бұ­қар жыраудан кейінгі қазақтың ірі жырауы – Базар жырау» десе, М.Жұмабаев: «Асса елдің қамын ойлаған, қалса өзінің ойына терең бойлаған» деп, Базар жыраудың ақындық қабілетін жоғары бағалаған. Базар жырауды атақты Тұрмағамбет шайыр Ізтілеуовтің өзі ұстазым деп ұлықтап өтсе, ­М.Байділдаев: «Кеншімбай, Оңғар, ­Жиенбай, ­Жорықбай, Кете Жүсіп, т.б. ақын, әнші-жыраулар – Базар жыраудың мектебінен үлгі алған түлектер» деп Базар жыраудың бағасын асыра түседі. Жыраудың шығармалары ке­ңестік кезеңде «Үш ғасыр жыр­лайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алдаспан», «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» жинақтары мен «Базар жырау шығармалары» (А., «Жазушы», 1986) кітабына енсе, егемен ел болған тұста «Жәмиғы қазақ бір туған», «Назбедеу» жинақтары күйінде және «Сырдария кітапханасының» құрамында бір том болып жарық көрді. Базар жырау – дәстүршіл ақын. Есін білгелі ел аузындағы жыр термелерді, толғау-дастандарды жаттап өсу – жыраудың балалық шағына тән базарлы уақыты. Ал халық ауыз әдебиетінің мол қазынасы, тарихи әдебиеттің тағылымды мұралары, өзі өмір сүрген өнер ортасы – бұлар оның өмірлік те, өнердегі де оқулықтары еді.
Құлаштап дүние сені
қармансам да,
Керімі келген шығар
ер Қорқыттың, –
дейді Базар жырау. Бұл жолдардағы Қорқыт есімі жайдан-жай аталмаған. Бір қызығы, Сыр сүлейлерінің барлығы да өздерінің жыр-толғауларында Қорқыт есімін атап отырады, өздерінің туындыларын Қорқыт дәстүрінің жалғасы деп меңзейді. Демек, Сыр сүлейлерінің шығармаларын Қорқыт дәстүрінен бастау алатын, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпіріндегі ақын-жыраулар шығармаларымен тығыз байланыс­та дамып келіп, әдебиет тарихына алтын қор болып қосылған құнды дүниелер деп есептейміз. Базар жырау шығармалары да өзінен бұрынғы әдебиетпен табиғи тамырлас болып келіп, оның ұлттық дәстүрін жалғастыр­ған. Ұлан-байтақ территориямыздың кеңдігіне, баспа ісінің кешеуілдеп келуіне қарамастан, әдебиет дәстүрінің еліміздің әр жерінде қанатын кең жайып, тарап, мықтап орнығуы, тарихи әдебиет туындыларының қара тастай ұлттық дәстүрге берік болуы – бұл енді ғажайып құбылыс. Әдебиет туындыларының ұлттық дәстүрге тұрақтылығы қазақ көркемөнерінің дәстүрлілігінің ұзақ ғұмырлылығын және мәуелеген жемістей жасампаздығын дәлелдейді. Базар жырау шығармашы­лығында, біздіңше, адам, адам тағдыры туралы айту ерекше орын алды. Адам туралы жаппай айтудан толғау үлгілі өлеңіміздің тарихында алғаш рет нақты айту, мораль, адамгершілік сапалар мен адамдық қасиеттерді көркем шығарма нысанына нақты адамды ала отырып жыр­лау жүзеге асты. Кез келген мәселені нақты, деректі жырлауы арқылы Базар жырау шығармалары толғаудың жанрлық мүмкіншілігін жетілдіре түсті. Көркем шығарманың өзі өмір сүріп отырған дәуірдің ділгір мәселелерін көтеруін, уақытпен үндесуін, реалистік сипатының артуын жолға қойды. Кез келген өнер туындысының бойынан адам бейнесі, оның жан-жақты жасалуы, сомдалуы неғұрлым айқын көрінсе, бұндай ерекшелік әдебиеттің соғұрлым нәтижелі даму жолына түскенін, есейіп келе жатқанын дәлелдей түседі. Демек, поэзиямыз­дың тарихындағы барынша жетілген, өмір құбылыстарының философиялық мәні мен маңызын, адам өмірінің саяси-әлеуметтік мәселелерін терең жыр­лайтын Базар жырау толғауларын өз заманының үздік туындылары деп нық айтуға болады. Мысал үшін жыраудың «Әр кемелге – бір зауал» толғауында адам, аң-құс, жануарлар бейнесі типтендіріле отырып, өмір құбылыстарының мәні ашыла түседі, дүниенің жалғандығы мен өткіншілігі, өзгермелілігі «батыр – бір оқтық, бай – бір жұттық» дегендейін ыңғайда жырланады. Желге жеткізбес жүйрік аң – кер құлан, назбедеу тұлпар, қыран бүркіт, бай мен батыр – Базарша айтқанда бәріне де зауал бар, мәңгілік еш нәрсе жоқ. «Әлі де сенде арман жоқ» делінетін толғауда да сондай:
Көзі ақықтай сүзілген,
Маржандай тісі тізілген,
Келімі келген кермиық,
Сағағынан үзілген,
Белгілі ару қор болып,
Кімдерден жылап қалған жоқ,–делініп ару жайында, одан әрі тұлпар ат, батыр туралы айтылып кетеді. Образды ойлаудың бейнелілігі, көркем тіл дәстүрлі қазақ поэзиясын осы тұста да Базарлық анық ақындық қолтаңбамен байыта түскенін байқау қиын емес. Қазақ әдебиетінің дәстүріне өзіндік мәнерімен ендіріп жіберген осындай үздік үлгілі толғауларын Базекең одан әрі түрлендіре түседі.

43. Базар жырау дастандары


Базарды Базар етіп оның даңқын шығарған толғаулары екені анық. Әдебиет зерттеушілерінің бұрынғы-соңғы еңбектерінде бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ, ол айшықты,нақыл сөздерге толы өлең-толғауларынан басқа, кең тынысты эпикалық жырлар да шығарған ақын.Жырау шығыс сюжетін пайдалана отырып, назира үлгісімен«Айна-тарақ»,«Әмина қыз» және«Мақпал-Сегіз» [4; 164-191] атты хикаялы үш дастан шығарып таратқан. Бұларда да автор ізгілік пен тазалықты,адамгершілікті, өмір тетігі – өнер-білімнің пайдасын асқақ үнмен ардақ тұта жырлаған:
«Айна-тарақ» дастаны
Базар жыраудың жалпы саны 19 дастаны болған деген әңгіме бар.
Алайда қазір қолымызда бары 5-6-ы ғана. Енді осы дастандардағы Базар
жырау келтірген фольклорлық сипаттар мен авторлық, реалистік көркем
шешімдерге келейік. Базар жырау «Айна-тарақ» дастанының соңында:
Өлеңге осы сөзді айналдыр деп,
Өтінді үлкен-кіші, қатар-құрбы,
Сол жерде ертегіні еттім дастан
Толтырған уақытым еді отыз бірді,деп жырлайды. «Айна-тарақтың» сюжеттік желісі атақты бай балаларының – ағайынды үш жігіттің хан қызына ғашықтығы туралы айтуға құрылған. Дастан желісіндегі сюжет шағын, қарапайым. Ағайынды үш жігіт бір-біріне білдірмесе де хан қызына өлердей ғашық. Үшеуі де Бұхар қаласына сауда жасап, мал сатып қайтуға аттанады. Кетерінде оңашалап қызға жолығып,қандай сыйлық әкеп береміз деп сұрайды. Қызға бір-біріне білдірмей көңілін білдіреді, ғашықтығын айтады. Қыз да үшеуінің көңілін қалдырмай, аманесен оралыңдар, сосын көрерміз деген сыңайда жігіттерді аттандырып салады. Үш жігіттің үлкеніне кілем, ортаншысына айна, кішісіне тарақ әкелуді тапсырады. Бұхарға барып, басқа шаруаларын бітіргеннен кейін
әдейілеп қыздың өтінішін орындауға кіріседі. Үлкені таңдап жүріп кілемді
1000 ділдаға, ортаншысы айнаны 2000 ділдаға, кішісі тарақты 3000 ділдаға
сатып алады. Бұл заттардың осыншама қымбат бағалануы иелерінің айтуы
бойынша, олардың тегін, жай заттар еместігі, сиқыр бары себепшілігінен деп
жырланады. Кілем - айшылық алыс жерлерге лезде жеткізетін ұшқыш кілем,
айна - дүниенің төрт бұрышын түгел көрсете алатын құдіретті айна, тарақ өлген адамды тірілтетін сиқырлы тарақ. Ауылға аттанар алдында қызға
алған сыйлықтарын сынап көрмек мақсатпен айнаны қолға алып қарағанда,
ауылдағы қорымға жиналып, өлік шығарып жатқан жерлестерін көреді,
арулап көмгелі жатқаны ханның қызы - ғашықтары болып шығады. Дереу
жету үшін ұшқыш кілемнің сиқырын пайдаланып, 2-3 сағат дегенде елге
жетеді. Тарақты төсіне қойғанда өлген қыз тіріледі.Осы шумақта маңызды екі дерек бар. Оның біріншісі – Базар жыраудың 31-дегі шағы, яғни дастанның дүниеге келген уақыты 1872-73 жылдар болуы. Демек ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Сыр өңірінің әдебиет дәстүрінен «Айна-тарақ» дастаны арқылы хабар ала алатынымыз ақиқат. Екінші дерек, «Айна-тарақ»дастанының мазмұны ел арасына ерте тараған, дастанның басында айтылатындай Әзіреті Әбу Жүсіптің заманынан бері келе жатқан ертегіден алынған. Ел аузында ертеден айтылып келе жатқан дін,жаратылыс құпиялары, жаратушы құдай, жын-пері,
шайтант.б.жөніндегі ертегілерді, аңыз-әңгімелерді қиссаға, дастанға
айналдыру қазақ әдебиеті тәжірибесінде ХІХ ғасырдың орта
тұсынан басталса, Базар жыраудың «Айна-тарақ» дастаны - осы
бағыттағы алғашқы туындыларының бірі. «Айна-тарақтың» бір
артықшылығы әдебиетіміздің Кеңес дәуіріне дейінгі уақыттағы
басқа шығармаларға қарағанда тілінің араб-парсы сөздерімен көп
шұбарланбай таза сақталып келуі. Жалпы тіл тазалығы - Базар
жырау мұрасына тән ең басты ерекшеліктердің бірі.Үш жігіт қызға таласу барысында өз заттарының артықшылығын бір-бірінен асыра айтып, қанша дауласқанымен бір мәмілеге келе алмайды. Қызға ғашық үшеуінің дауын шешу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет