§25. Үндістан
Үндістаннын тәуелсіздікке жетуі жэне Республика болып
жариялануы.
II дүниежүзілік соғыс кезінде ағылшындар Үндістан байлығын,
азаматтарын өз мүдделері үшін аямай пайдаланды. 1,5 млн үнділіктер
агылшын әскери құрамына қабылданып, Қиыр Шығыстан Таяу
Шығыска дейін созылған майдан шебінде кызмет атқарды. Салықтар
көбейіп, халык тұрмысы қатты нашарлады. Азық-түлік жетіспей
бірнеше миллион адам ашаршылыктан қырылып калды.
Согыс кезінде Үндістан келешегі туралы ағылшындар бірнеше
жоспарлар ұсынған.
1944 жылы мамырда абактыдан босаған
М.К.Ганди, МЛ жетекшілері М.Жинна жэне Л.Али кездесіп, 1945 жы
лы көктемде Үндістанның Уакытша үкіметі, оның кұрамы, елдің
келешегін шешу туралы уағдаласкан.
Үнді буржуазиясы соғыс зардаптарына карамастан айтарлықтай
жетілуге шамалы болды. Тата, Бирла, Далмия-Джайи, Валчанд, т.б.
компаниялар шетелдік монополияларына карағанда әлсіз болғанымен,
ел ішінде кабырғалары катып, бір топ өндіріс салалары мен банкілерде
кәсіпшілік кызметін аткара бастаған. Қолдарындағы валюта корлары
ұлғайып, үнді сауда-кәсіпиіілік буржуазиясы саяси билікке жетуге
катты кұмарланған.
177
Оның кимылдары батьілдырак болуына халық бүқарасының
бостандык үшін жаппай ереуілдерге шығуы себептесті. Жұрттың
тұрмысы барған сайын нашарлады. Қала түрғындары, жұмысшылар,
колөнершілер, төменгі жакгардағы шенеуніктер өмірі карауланып,
шыдамы бітерге жеткен. Ондаған миллион шаруалар жерсіз болып,
босып жүрді. Соғыс аяқталганымен, ашаршылык жойылмады.
Мүсэпірлікке ұшыраған бишаралар каңғырып, калаларға шоғырланды.
1945 жылы тамызда Бенарес қаласында ереуілге шықкандар полиция
күшімен қарулы қактығысқа барды. Сол жылы карашада 300 мың
Калькутта жүмысшыларының жаппай ереуілі кандыбалак кақтыгыспен
басылған. Келесі жылы көктемде Ұлыбритания эскери күштеріндегі
үнді жауынгерлері көтеріліске шыкты. Оларды Мадрас, Калькутта,
Бомбей тұрғындары қолдап, отаршылдар әбден састы.
Үлыбритания Үндістанды болшектеп тастаган еді. Өздері 10 гу-
бернаторлық және 8 комиссарлық провинцияларды билеген. Оган қоса
елде 600 князьдіктер болған, олардың басындағылар «егемен» билеу-
шілер ретінде саналып, Англиямен жеке одақтас шарт жасататын.
Жагдайдын ұшынып бара жатқанын сезген лейбористер (олар
1945 жылы шілдеде үкімет басына келген) 1947 жылы Үндістанға
тәуелсіздік беруге келісті. Әскерлерін алып кету алдында елді екі
мемлекетке (до-минионга) бөлу шешілді. Бірі - Үнді Одағы (бір топ
провинциялар және князьдіктер). Бұл елде халықтың көпшілігі —
үндістер, бірак мүсылмандар да бар. Екіншісі — Пәкістан. Оған
мүсылмандар басым болған бірнеше провинциялар және князьдіктер
енген, бірак үндістер де жеткілікті еді. Осындай бөлісу «Маунбеттен
жоспары» деп аталған кұжатта белгіленген.
Екі ел тәуелсіздігі 14-15 тамыз күндері жарияланды. Бүл екі ғасыр
бойы кұлшылық өмір кешкен халықтардың армандаған тарихи оқиға.
Бірак үлы мейрам екі елге сансыз кыргын, шексіз азап экелді. Діни
арақайшылык орті лаулап жанып, бірінде мүсылмандарды, екіншісінде
үндістерді тонау, зорлау, жазасыз адамдардың канын шашу орын алды.
Сондай қиын, адам күтпеген қантогісті токтатамын деп жүргенде
Үндістан данышпаны М.К.Ганди үндіс шовинистерінің колынан қаза
тапты (1869-1948).
Жаңа шыккан екі бауырлас ел арасында Кашмир жэне Жамму
князьдігі үшін талас туып, согыс басталды. Оны әрең дегенде 1949 жы
лы 1 каңтарда тоқтатқан еді.
Қаншама ауыр жағдайларға тап болганымен, екі елдің тәуелсіз-
дікке жетуі әлемдік отаршыл жүйеге қатты соқкы болды. Ең апдымен
бүл аймакта Англия үстемдігі қиратылған. Келесі жылы Мьянма
178
(бұрынгы Бирма) жэне Шри-Ланка (бұрынғы Цейлон) халыктары
шетел билігінен кұтылып, еркін дами бастады.
У-шу бэсеңдегеннен кейін, зиялылар ес жинап, ел келешегін
карастыра түскен. Үндістан одагы 1950 жылы 26 каңтарда республика
болып жарияланды. Штаттар ұлт-тіл негізінде құрастырылған. Елде
демократиялык билік жүйесі калыптасып, көптеген саяси партиялар
өмірге келген.
Үндістанның экономикалык дамуы.
Үндістан оте нашар дамы-
ган ел еді. Оның бөлінуі, екі елдін жанжалдасуы, шексіз ауыртпалык
туғызды. Пэкістанға өткен аудандарда бұрын мақтаньщ 40 пайызы,
джутгың 85 пайызы, бидайдың 40 пайызы өндірілетін, бірақ өндіріс
орындарының, көбі Үнді Одағында орналасқан. Шикізаттың жетіс-
пеуінен мұнда дағдарыс өрістеді. Орта есеппен үнділіктердің тұрмыс
жагдайы ағылшын-американдыкгарга
Караганда
10-20 рет томен болтан.
Елдегі кэсіпорындар, банкілер, плантациялар шетел капиталына
қараган. Ағаш соқаға, кетпенге, оракка сүйенген егіншілік елді азық-
түлікпен қамтамасыз етуге шамасы келмеген. Жыл сайын Үндістанга
10-20 млн тонна астық жетіспейтін, кейбір жылдары оның мөлшері 40
млн тоннаға баратын.
Үнді басшыларының саясаты жекеменшік иелікпен нарыкгы қа-
тынастарға жол берумен бірге мемлекеттік секторды дамытуга негіз-
делген. Ол эсіресе ауыр онеркэсіптің: ірі металлургия комбинатгарын
салуда, химия, мұнай, атом қуаты, темір, теңіз және эуе жолдары, тас
көмір шығару, т.б. салаларын дамытуда кездесті. Осы әдістерге бару
сол кездегі ел жагдайына карай ұтымды болды, өйткені мемлекет
катысуы (бюджетпен колдауы, қоргауы, шетел каржысын алу жэне
пайдалану аркылы) оте коп қаржы тілейтін өндіріс салаларын тез арада
кұрастыруға жэне игеруге жэрдемдесті.
1947-1950 жылдары ағылшындарга карасты темір жолдар, порт-
тар, эуе көліктерінің бір болшегін, байланыс кұралдар, ірі электро-
стациялар, әскери заводтар, кейбір банкілер үкімет колына алынып,
мемлекет секторы калыптаса түсті. Кейін оның кұрамына жаңа
салынған ірі кәсіпорындар косылды.
Экономиканы бесжылдык жоспарлар аркылы дамыту қолга
алынды. Бірінші бесжылдыкга (1950/51 - 1955/56 жж.) үкімет аграрлы
реформалар жүргізуді көздеген. Конституция бойынша сондай іс штат-
тар күкыгына жатады, ал көптеген аймактарда бұрынгы билеушілер
мен помешиктер ұйымдары күштерін сактауда. Шаруа отбасылары
осы күнге дейін шағын гана жерлерге ие. Күн көру үшін помещик
жерлерін үлкен багага жалдап алуга мәжбүрленеді. Сонымен бірге
тракторлар, механикалык кұралдар, тыңайткыш, тұкымның жаңа
179
сорттары, электр қуаты барган сайын кеңінен пайдаланылуда. Үкімет
көмегімен ірі су коймапары, тогандар, құдықтар іске косылган. Неше
түрлі кооперативтер кұрылган. Осы шаралар «жасыл революция» деп
аталды. Оның қарқыны Панжаб, Гужарат, т.б. штаттарда жаксы
нэтиже берген. 80-жылдардын басынан бері карай Үндістан шеттен
астык алуды токтаткан. 1993 жылы 166 млн тонна астык жиналған.
Екінші бесжылдыктан
бастап ауыр
индустрия
с ал ал ары н
дамытуга көңіл бөлінді. Оған шетел көмектесті. Бір КСРО 90-га
жуык
өндіріс орындарын салысуга қатысты. Бхилай мен Бокаро металлургия
комбинаттары, Ранчи, Дургагур калаларындагы машина жасау
заводтары, мұнай өндірісі, электростанциялар, т.б. іске косылды. Онда
Қазақстанның да үлесі бар.
.
Батыс елдері де каржы бөліп, жабдыктандырып, мамандар даяр-
лауга катысты. АҚШ, ¥лыбритания, Германия, Франция, Жапония,
Австралия, Канада жекеменшік капиталдары Үндістан экономика-
сында мыкты орын алып келеді.
Үнді үкіметі мен ұлттық капитал да индустриализациялау жоспа-
рына мэн беріп отырды. 1948-1964 жылдары өндіріс өнімі 2,5 есе ар-
тып түскен, ал 1995 жылы ол 1950 жылға Караганда 8 есе оскен. Мем-
лекеттік секторға ішкі үлттық өнімнің (ІҮӨ) 28,5% келген. 90-жылда-
ры жекеменшік кәсіпшілікке толык еркіндік берілген. Соның арқасын-
да даму карқыны айтарлыктай өсе түсті. Ел экономикасы коп у клад ты к
болганымен, казір «аграрлы-индустриялы жағдайга котерілген Үндіс-
танда ең жаңа өндіріс салалары пайда болды. Ракеталар, гарыш
жасанды серіктер, компьютерлер, ұшақгар, тепловоздар неше түрлі
машиналар, электр жабдықтарын шығару соның айгагы. Атом қуатын
игеріп алды.
Үнді ұлттық монополистік топтары катты байып, күшейді.
Олардың алдыңгы катары на Тата, Бирла, Далмия-Джайн, Муркерджи,
М.Четтиар кіреді. Бұлар өз кимылдарын шет елдерде де жалғастыруда.
Халықтың тез осуі (1998 жылы 960 млн.), жерсіздік және жұмыс-
сыздык - когамды мазалауда. Сондықтан үнді калаларында «Кэріби
хатау!» - «Ашаршылык жойылсын!», «Бекари хатау!» - «Жұмыссыз-
дык жойылсын!» деген ұрандар жиі естілуде.
Елдің саяси жағдайы. Тәуелсіздік Үндістанның саяси омірі оте
күрделі жагдайда дамуда. Өйткені бұл көп үлтты, көп дәстүрлі, коп
ДІнді ел. Баягы дәуірлерде калыптасқан кастапык жүйеге тиым
салынганымен, оның тамырлары үзілмеген. Елде оте коп саяси
партиялар мен ұйымдар кызмет атқаруда. 1978 жылға дейін Үнді
Үлттык конгресі (ҮҮК) билік тізгінін ұстап келген. Оның беделін
жоғары көтерген К.М.Ганди, Дж.Неру (1889-1964) еді. Неру қайтыс
180
болған соң үкімет басында болған Л.Б.Шастри (1964-1966), Нерудің.
кызы Индира Ганди (1966-1984), немересі Раджив Ганди (1984-1989),
Н.Рао (1991-1996) осы партияның кайраткерлері.
60 жылдардың аяғында әлеуметтік саяси дағдарыс аскынып, Ү¥К
арасында жікшілдік ұлғайып, ажырасумен аяқгалған. Батыс елдерінде-
гі
үлгіні толық қолдануды, мемлекетгік капитализмге, әсіресе социа-
листік идеологиясының кейбір жактарын пайдалануына қарсы болган-
дар «Когресс ұйымын» кұрды. Оның жетекшісі М.Десаи еді. Ал Неру
багытын ұстаушылар И.Гандиді қолдап ҮҮК — (и) паргиясын құрды.
Неру бағытын мойындамаушылар бұрынғы кезде де, кейін де
ҮҮК шығып, басқа партиялар кұрып келген: шаруалар-жұмысшы пар
тиясы, Халык конгресі, социалистік партия (50-жылдардың басында).
Республикалык (1957 ж.), Сватантра (1959 ж.), Үнді революциялық
партиясы (1967 ж.), Демократия үшін Конгресс (1977 ж.). Олардың
көбі біресе өзара топтасып, біресе ҮҮК қайта оралып жүрді. 50-
жылдарда штатта және аймақ деңгейінде қимылдаган жергілікті
партиялар саяси күреске батыл қатысатын болды. Конгресс кейбір
штаттарда биліксіз кала бастады. 1957 жылы Үндістан тарихында
бірінші рет ком м ун и ст партия Керала штат үкіметін басқарды.
60-жылдардың аяғында 70-жылдардың ортасында табиғи кұбы-
лыстарга байланысты азық-түлік жетіспей халык ашаршылыққа ұшы-
рады. Оған әлемдегі энергетикалык дағдарыстың салдары қосылды.
1970-1971 жылдары Пәкістанда саяси дағдарыс туындаған. Шығыс
Пәкістан халкы автономды билік тілеген. Оған қарсы ресми эскери
үкіметі қарулы күштерді колданған. Үнді жеріне Шығыс Пәкістаннан
10 млн боскындар ауысқан. Үндістан оларды қолдаган. Бұрыннан
жауласып жүрген екі ел арасында согыс шыкты. Шыгыс Пәкістан сол
кезде тәуелсіздігін жариялап, Бангладеш омірге келді. Осы оқигалар
Үндістан ішіндегі жагдайды шиеленістірген. Саяси тартыстарда
И.Ганди үкіметі көп жаңалыктар енгізуге тырысып бакгы. Оның «20
бапты багдарламасы» жұртка үнағанымен, диктаторлық әрекетгері
демократияга қауіп тондірді. Өзіне карсы шыккан топтарды әлсірету
үшін үкімет жағымсыз тотенше жагдай енгізіп, саяси дүшпандарын
абакгыга жапты. 1977 жылы көктемде откен сайлауда ҮҮК каггы
ұтылыска тап болды. Орталык үкімет оппозицияда болган «Джаната
парти» (Халык партиясы) тобына өтті.
М.Десаи бастаған жаңа үкімет 2 жыл ішінде халык түрмысын
жөнге сала алмады. Өзара талас шыгып, оны қолдаушылар араздасып,
үкімет кұлады. Одан кейін 1980 жылы кезектен тыс болган сайлауда
ҮҮК жеңіске жетіп, И.Ганди кайта үкімет басына келді.
181
Елдің түрмысы біраз жөнделген. Азык-түлік, отын (мұнай, газ)
мәселесі реттеле түскен. Бірак саяси, діни ұлттық жағдайлар ауыр
болып тұрды. Солардын арасынан сикхтардын бүлікшілігі, керек болса
«Халистан» мемлекетін кұру жоспарлары елді аландаткан. Сикхтердің
карулы топтарын басуға И.Ганди үкіметі керекті шаралар колданып.
олар қасиетті есептейтін Амритсардаты «Алтын храмга» эскери
күпггерді енгізген. Соған наразы болтан снкхтер 1984 жылы казанда
И.Гандиді атып өлтірді.
|
ҮҰК
жетекшілікке Индиранын ұлы Раджив Гандиді ұсынып, 1984
жылы желтоқсанда өткен сайлауда 508 орыннан 401 жеңіп алды.
Р.Ганди үкіметі кезінде «Неру багытына» жаңалыктар енгізіп, мемле-
кеттік сектордан гөрі жекеменшік кэсіпшілікке, жекешелендіруге
ерікті нарык катынастарға бетбұрыс басталды. Шетел капиталы на
косы мша жеңілдіктер беріліп, электрон жэне экспортка жарамды өнім
шыгаратын өндірістерді дамы ту көзделді. Панжаб пен Ассам даты
ереуілшілермен келісімдер аркылы елдегі жагдай біраз тынышталды.
Бірак, келесі жылдары сикх тер козгалысы, Жамму жэне Кэшмір-
дегі кактығыс өрістеді. Үндіс бұзақылары (экстремистері) мұсылман-
дарын елден ыгыстыру әрекеттерін ұлгайтып, Үлттар - Прадеш, Бихар
сиякты штаттарда кантөгіс төбелестер жайлады. Баска штаттарда
жанжалдар мен карулы кимылдар орын алды. Оларға Р.Гандиге
шведтермен кару сатып аяғанда пара берілді леген мэлімет қосылып,
ҮҮК
беделі тез төмендеді. 1989 жылы парламент сайлауында осы
партия 525 орнына 192 ие болып, үкіметті коалиция негізінде Үлттық
майданта катыскан баска партиялар кұрастырды. Ең кызыгы, оган екі
ком м ун и ст партия колдау көрсетті.
Бүл үкіметтің елді билеуге шамасы келмеді. Өзара кайшылыктар-
га байланысты ол екі жылга жетпей кұлады. 1991 жылы парламент
сайлауын өткізу кезінде тамил террор и стері Р.Г андиді мина жаргызып
өлтірді. Қастандык Шри Ланка елінде өмір сүретін тамилдіктердің
ереуілдерін Р.Ганди үкіметі колдаудан бас тартканы үшін жасалган.
Осы кайтылы окита ҮҮК себебін тигізді: сол жолы болтан сайлауда
541 орыннан ол 225 женіп алды. Оган карсы жүрген діни-кауымдык
Бхаратия Джаната партия (БДП) 119 орынга ие болды. ҮҮК жана
жетекшісі Нарасимха Рао коалициялык үкімет кұрды.
Бүл үкімет түсында ел әкімшілік - бүйрык жүйеден нарыкты
катынастарга толык өтті. Өнімсіз мемлекетгік кәсіпорындар жекеше-
лендірілді, 34 негізгі экономика салаларына шетел каржыларына есік
ашылды. Шексіз ісіп-кеуіп кеткен аппарат қыскартыла түсті. 8-ші
бесжылдык жоспар (1991/92-1996/97 жж.) жүрісінде мемлекет жеке-
меншік кэсіпкерлерге көп еркіндік берді.
182
Н.Рао үкіметі ел ішіндегі саяси жагдайды түрактандыруға шамасы
жетпеді. Нарыкты экономикага көшуде неше соракылык кылмыстарга
жол берілген. Үкімет басындағылар, солардың арасында Рао жанұясы
пара алды деген мэлімеггер таралды. Саяси өмірде ел келешегіне мән
берілмей, эр топ өзара қылмыс істерін жуып-шаюмен болды. Сондық-
тан да болар 1565-1605 жж. салынған мешіт қиратылып, 140 млн
мұсылман қорланган.
1996-1999 жылдары үш парламент сайлауы жүргізілуге мэжбүр
болды, өйткені партиялар халық сенімінен айырыла түсті, парламент
күрамындагы 40 партиялар бір-бірімен пышактасумен болды.
1996-1997 жылдары үш үкімет (А.Б.Ваджпаи, ДХовда, И.К.Гуджрал)
келіп, кетгі. 1998 жылы наурыздағы сайлауда БДП көбірек дауыс
алып, онын жетекшісі Атал Бихари Ваджпаи үкімет кұрған. Ол 1999
жылы сәуірдін ортасында күлады. Ү ¥К басшылыгына 1998 жылы
Р.Гандидін жесірі Соня Н. Ганди сайланған. Оның да үкіметті
құрастыруга шамасы келмеді. Президент жарлығымен жаңа парламент
сайлауы өтіп, жаңа каолициялық үкіметті А.Б.Ваджпаи басқарды.
2004 жылы парламент сайлауында ҮҮК бастаган топтасу
(коалиция) жеңіске жетіп, үкімет кұрды. Тек С. Ганди оны басқаруга
көнбеді. Премьер-министр орны М. Сингхе берілген. Ол белгілі
экономист, бұрын каржы Министрі болган қайраткер, тегі Сикх. Өткен
бес жылда ел каркынды дамуда. АҚШ-пен жақсы қатынастар орнатып
алды. Ел ішінде ланкестік әрекеттер элі кездеседі.
2009 жылы көктемдегі сайлауда ҮҮК тағы да жеңіп шыгып,
үкіметті үстауда.
.
■
.
Үндістанның сыртқы саясаты.
Үндістан элемдегі бейбітшитікті
нығайтуға белсенді катысқан елдердің бірі. Оның басшылары мен
коғамдык ұйымдары тәуелді халыктардын бостандыкка ұмтылуын
колдап келген. 50-70-жылдарды Корея түбегіндегі, Үндікытай айма-
гындагы, Таяу Шығыстагы соғыстарды тоқтатуга атсалысып жүрді.
Кей кездерде күңгірт батылсыздау болганымен империалистік елдерді
ашык айыптаудан таймаған. Азия мен Африка халықтарының отар-
шылдарға карсы карулы күресіне саяси-рухани көмек беріп отырды
(Алжир, Вьетнам, Ангола, Мозамбик, Оңтүстік Африка Республикасы,
Зимбабве). 1955 жылы ынтымаюгастык козғалысын ұйымдастыруга,
Бандунг конференциясын шакыруга, 1961 жылы косылмаушылык
козгалысының қалыптасуына айтарлыктай үлес қосты. Үндістанның
карусыздандыру, кырги-кабак согысты бэсендету туралы мэселелерде
бейбітшілікті жактаушылар жагында жүргеннін мэні зор болды.
1954 жылы Үндістан Премьер-министрі Дж.Неру ҚХР Премьер!
Чжоу Эньлай екеуі бейбіт катар омір сүрудін бес принциптерін (панча
1:83
шила) айқындауы тарихи оциға болып багаланган. Өкінішке орай сол
приниптерді олар өздері 1959 жэне 1962 ж. шекара дауына килігіп,
сактауға жарамады.
Кейін ҚХР ядролык каруды жасап, эскери каукарын күшейте
берді. Содан қауіптенген Үндістан өте құпия зерттеулер бастап,
1974 жылы «бейбіт максатымен» бірінші рет, ал 1998 жылы мамырдын
басында екінші рет эскери атом сынактарын Похран полигонында
жүргізді. Ядролык қаруға Пәкістанның да колы жетгі, ол 1998 жылы
мамырдың аягында алты сынақ жарылысын жасаумен көршісімен те-
ңесті. Бұлардың ядролық сайыска катысуы акырзаманды жакындатып.
кауіп төндіретіні күмәнсіз. Сонымен бірге баска мемлекеттердін
ядролык шокпарларын сактауы Үндістан сиякты ұлы мемлекетті
алавдатуы сөзсЬ.
Үндістан сырткы саясатында КСРО-мен тым жақындасқан. Оның
бастамасы Сталин өлгеннен кейін Н.С.Хрушев кезінде болды. Әр сала-
да ынтымактасу әсіресе КСРО мен ҚХР арақатынастары нашарлап,
жауласқан жылдары жогаргы деңгейге жеткен. Ал 1971 жылы шілдеде
АҚШ пен Қытайдын жакындасуы айкындалғанда Москва-Дели
тамыздын 9 күні Бейбітшілік, достық және ынтымақтастык туралы
шартка кол қойды. Сол уақытта Шығыс Пэкістан халкы Яхья Хан
зұлымдыгына карсы шыккан. Қытай Пәкістанды қолдап жүрген. КСРО
Үндістанға кару-жарақты төгіп берді. Жабылып жатып, Пәкстанды
бөлшектеп, оның бір канатынан Багладеш құрастырыл ган.
80-жылдары Үндістан мен КСРО байланысын одан әрі нығайтуга
М.С.Горбачев пен Р.Ганди тырысып, 1986 жылы карашада ядросыз
жэне күш жұмсалмайтын бейбітшілік принциптері туралы Дели
декларациясына кол койган. 90-жылдардан бері Ресей бұл елге қару-
жарак. әскери ұшактар, кемелер. сүңгуір кайыктар беріп келеді.
Қазакстан-Үндістан ара байланыстары КСРО дәуірінде біраз
калыптаскан, казір сыйлау, кұрметтеу негізінде дамуда. Екі жак
бірнеше ынтымактасу туралы келісімдерге кол койып, алғашкы кадам-
дарын жасаған. Коптеген халыкаралык мэселелерді карастырғанда бір
бірін колдап жүр.
§26. Онтүстік Азия елдері
Оңтүсгік Азия бір топ елдер орналаскан саяси-жаграфиялык
аймак. Олар ежелгі дәуірден бері карай біркелкі мәдени-рухани
негізінде дамыган жэне тарихы да бірдей. Неше гасырлар бойы бұл
аймакта үнділік цивилизация басым болып. әлеуметтік. діни. мәдени
өмірлерін жакындастырган. Индуизм, буддизм, ислам діндері кенінен
тараган.
184
Бұл елдер тэуелсіздікке II дүниежүзшік согыстан соң жеткен.
«Қырғи
қабак согыс» қыза түскенде көпшілігі оны колдамады. Азия
жэне
Африка елдерінің бірлігін жактап, 1955 ж. Бандунг конференция-
сын шакыруды ұсынған Үндістан, Пәкістан, Мьянма, Шри Ланка,
Индонезия
еді. Қосылмаушылык козғалыска батылды катысушылар
араларынан тек Пәкістан батыс мемлекетгеріне еріп, СЕАТО мен
Багдад пактісіне енген.
Егемен елдердің дамуы эркалай болып келеді. Пәкістанда көп
жылдары эскери билік орнап, торт эскери төңкеріс орын алды.
Бангладеш 1971 ж. Пәкістаннан бөлініп, жеке ел болып шыкты. Бұнда
да бірнеше эскери төңкерістер болған. Қазір - парламентгік республи
ка. Мьянмада 1962, 1988 жж. екі эскери төңкеріс ұйымдастырылды.
1990 ж. сайлаудың нәтижесін мойындамай эскери басшылык билік
тізгінін жібермей келеді. Шри Ланка еліндегі жагдай да күрделі, оның
бірнеше жетекшілері қастандык әрекеттерге душар болып, окка ұшқан.
Непал мен Бутан - монархиялык елдер еді, 2005-2006 жж. оқиғалар
Непалды Республика қатарына косты.
Дін жагынан ала-күлалығы бірден көзге түседі: Үндістан мен
Непалда үндістер басым, бірак біріншісінде мұсылмандар көп
кездеседі (I40 мли жуық). Пәкістан, Бангладеш пен Мальдивтер
арап дары нда
мұсылман діні, Мьянма, Шри Ланка жэне Бутанда
буддистер діні басым, сонымен бірге Мьянмада ислам, индуизм,
христиан діндеріне сенушілер де топтасқан.
Өзара катынастарында жер-су, шекара, діни-этникалық, көшіп-
кону, эскери, сауда, саяси экономикалык кайшылыктары мен даулас-
тары жиі кездеседі, ал Үндістан мен Пәкістан үш кыргын соғысты
басынан кешірді. Жауласудын кайнар козі болған Кашмир мен Жамму
мәселесі екі елді кажауда. 1998 ж. мамырда олар ядролык сынақтарын
жүргізіп, өте кауіпті жағдай туғызуда.
Осы күнге дейін аймактағы елдердің өзарадан гөрі шет елдермен
сауда-экономикалык байланыстары мыктырақ. Енді бүлар бір-бірімен
жақындасуды, интефациялык катынастарды дамытуды көздеп, 1985 ж.
Оңгүстік Азия аймактык ынтымақтастык ассоциациясын (ОААЫА)
күрған. Онын үтымдылык жактары элі де жөнді ашылмаганымен,
келешекте жемісті болатынына күмэн жок.
ПӘКІСТАН. Пэкістан тэуелсіздігі 1947 ж. 14 тамызда жариялан
ды. Ол екі бөлшектен кұрастырылған. Біріншісі — Батыс Пэкістан (БП),
оган Батыс Панжаб, Синд, Солтүстік-Батыс шекаралы провинция жэне
Белужстан кірген. Екіншісі — Шыгыс Пэкістан (11ІП), онын кұрамына
Шығыс Бенгалия мен Ассамның Силхет округі енген.
185
Ел халкы эр түрлі ұлттардан тұратын, олардың саяси-әлеуметтік
жэне экономикалык дамуы біркелкі емес еді. Саяси партиялар мен
коғам ұйымдарының кимылдары Бенгалияда анагұрлым батылырак
болып келген.
Саяси-таптық қатынастардың тұныкталмағаны, қоғамдағы іріткі-
лік, саяси-сананың мешелдігі, т.б. себептер әскери басшылыктың ел
сахнасының төрін жайлауға жол ашып берді. Сондай жагдайда елді
біріктіретін куш ислам діні болған. 1945 ж. кейін саяси тізгінді
Мүсылман Лигасы (МЛ) ұстап отырган. Біртіндеп жаңа оппозициялық
партиялар; Авами Лиг (халық партиясы), Азал Пәкістан т.б. шыга
бастаган. Бара-бара елдің дамуы туралы мәселеге Шығыс жэне Батыс
Пәкістан арасында катты кайшылыктар қалыптасып, мемлекет бірлігі-
не қауіп төндіре бастады. 1951-1954 жж. премьер-министр Лиакат
Алихан қаза тапты. Шығыс Пәкістанда МЛ сайлауда ұтылды,
оппозицияға билік бермей үкімет төтенше жағдай орнатып, кұрылтай
жиналысты таркатты. Тек 1955 ж. ортасында ғана кұрылтай жиналы-
сына сайлау болып, МЛ жэне оппозициядагы біріккен майдан катыс-
қан коалициялык үкімет құрылды. 1956 ж. көктемінде конституция қа-
былданып, ел республикаға өтті. Ел федаративті мемлекетке айналды.
Сондай жагдайда 1958 ж. 8 казанда елде бірінші эскери төңкеріс
болып, ел басына генарал М.Айюб-хан келді. Ол екі жылдан сон
президент орнын алып, барлык билікті өз қолына каратты. Өндірісті
дамытуға шаралар колданып, жер реформасын жүргізіп, өкімет ел
жағдайын біраз жөндегендей болды. Бірак халық бұкарасының күйі
мандымады. Жүмыссыздық, жерсіздік эсіресе ШП тұрғындарын
азаптады. Ел ішінде негізгі тіпек түрмысты жаксарту болса, ІЛЛ-
автономия алу талаптарын алға тартгы. 1962 ж. 1 наурызда екінші
конституция қабылданып, президенттік республика тэртібі бекітілген.
1965 ж. сайлауда Айюб-хан тағы да президент орнын ұстап қалды.
Өкімет орындары жалпы пәкістандык үлтшылдық саясатын
жүргізгенімен, аймактык үлтшылдык өрістей түсті. Соның арқасында
1954 ж. урду тілімен бірге бенгали тілі де ресми мемлекеттік тіл деп
шешілген еді. Бірақ үкімет жұмысында урду басымдьфақ болып
қалды. Халықтың 7,2% гана урдуша сөйлегенімен, ол тіпдің өкілдері
үстемділік жүргізіп отырған. Бұган да ШП-да наразылық ұлгайған.
Демократия, автономия, тендік үшін күрес басында Авами Лиг (АЛ)
болды, оның жетекшісі шейх Мүджибур Рахман еді. Сыртқы істер
министрі Зүлфикар Али Бхутто 1966 ж. кызметін тастап, Пэкістан
халқының партиясын (ПХП) кұрастырып, Айюб-хан үкіметіне карсы
оппозицияга шыкты.
186
Саяси-әлеуметгік дағдарыс 60 ж. II жартысында шиеленісе түсті.
1965 ж. жазында Пәкістан-Үндістан соғысы басталды. Оның шығуына
екі елдін Кач шөл жеріндегі шекарасы анықгалмағаны себеп болды,
бірак негізгі себебі әрине Кашмир дауы болған. КСРО үкіметі
төрагасы А.Н.Косыгин қатысуымен Ташкентте Пэкістан президенті
Айюб-хан
жэне Үндістан премьер-министрі Л.Б.Шастри соғыс
кимылдарын токгату, келешекте дау мәселелерді бейбіт түрде шешу
туралы
Үндеуге (Декларацияға) қол қойған (1966 ж. 10 каңтар). Бұл
согыстың кесірі карапайым халықка ауыр тиді. Үндеуге қол қойған
түңде
Ташкентге Л.Б.Шастридің жүрегі токтап, каза тапты.
Пәкістандагы жағдайды түзетуге шамасы жетпеген Айюб-хан
орнынан түсуге мәжбүр болды (1969 ж. наурыз). Билік генерал
А.М.Яхья-хан қолына өтгі. Ол елде эскери жагдай орнатып, президент
міндетін атқарды.
Парламент сайлауында жеңіске Авами Лиг жеңіп, елдің үкіметін
кұрастыруга қүқыкты болды. Бірак, саясаттың мәнін түсінбейтін,
бірден шоқпарга жармасатын Яхья хан бастаган әскери басыбүзыктар
ШП-га эскери күштерін қаптатқызып, жазалау әрекеттеріне көшті.
1971 ж. 26 наурызда ІІІП тәуелсіздік мемлекет деп жарияланды.
Үндістан көмегімен күреске шыккан хапык жасақтары («мүкти
бахини») мен партизандар 1971 ж. 20 желтоқсанда үкімет эскерін тізе
бүктіріп, ШП-ны азаттады. Кеше автономия гана сұраган 111П
Бангладеш аталып, жаца ел кұрылды.
Қалган ел басына ПХП жетекшісі З.А.Бхутто келіп, күйіп тұрған
түйінді мэселелерді шешу жолдарын карастырды. Өмірді қазіргі дәуір
тілектеріне сәйкес модернизациялауды, бүрыннан бері қалыптаскан
дэстүрлі катынастарды өзгертуді Бхутто үкіметі мемлекетгік секторды
ұлғайту, антимонополистік зандар кабылдау, ірі өндіріс орындарын
камсыздандыру, жеке банкілерді ұлттандыру мемлекет жоспарларын
енгізу, жер реформаларын жүргізу, т.б. шаралар аркылы бастады.
Пәкістан 1972 ж. жазда Үндістанмен Симла келісіміне жетіп,
катынастарын біраз реттей алды. Британ ынтымактастыгынан, сондай-
ак СЕАТО-дан шыкты, Бангладешті мойындады. Сол кезде ел алдына
Бхутто экімшілігі үш принцип ұсынган: «Біздін дініміз — ислам, біздің
билік түріміз - демократия, біздің экономикамыз - социализм».
Пэкістанда жаңа конституция қабылданды (1973 ж. тамыз). Ел
Пәкістан Ислам Республикасы (ПИР) деп аталды, ислам - ресми
мемлекеттік дін болып жарияланды. Федеративті парламентпк тэртш
бекітілді. Ел бірлігін, бір үлттыгын ныгайтуга мән берді.
З.А. Бхутто саясатын қолдаушылар да оны сынаушылар да көп
болды. 1977 ж. наурызда эр 4 провиниияга жэне ел парламенттеріне
187
сайлау
өтп.
Провинциялык
жиналыстарды
сайлауына
кейбір
партиялар сайыска катыспай, жұртты ереуілге шакырды. Саяси тартыс
кайнай түсті.
J
Эскери топ соны пайдаланып, 1977 ж. 5 шілдеде елде үшінші рет
оз тәртібін орнатты. Бұл жолы да билікке кызыккан бас штаб бастыгы
генерал М.Зия ұл-Хак болды. ПХП кугындап, ЗЛ.Бхуттоны сотка
тартып, 1979 ж. кокекте оны мемлекетке зиян келтірді деген кінә
тағып, дарға асты. Елдегі жагдай өзгерді.
Конституцияға, партияларга тыйым салынды, парламент тарады.
Демократиялык құқыктар айтарлықтай шектелді.
Жекешелендіруге жол беріп, үкімет карауындағы бір топ кәсіп-
орындары сатылды. Тотенше жагдай енгізіліп, ел бес әкімшілікке
бөлінді де, оларды эскери губернаторлар баскаратын болды.
Парламенттік сайлауды әне өткіземін, міне өткіземін деп Зия ұл-
Хақ уақытты соза түсіп, өз билігін орнатуга жанталасты. Келесі жылы
күз басында ол президент орнына отырды. 1979 ж. СЕНТО тобынан
едці шыгарды.
1981 ж. наурызда Уақытша конституциялы қ заң оған 1985 ж.
енгізілген өзгерістер Зия ұл-Хактың жеке басына шексіз билікті
шоғырландырды.
1988 ж. тамызда Зия үл-Хақ қасындағы серіктерімен ұшақ
апатында қайтыс болды. Ел өмірінде жаңа кезең басталды. Саяси
партиялар қатыскан парламенттік сайлауда (1988 ж. қараша) ПХП
жеңіске жетіп, оның жетекшісі З.А.Бхуттоның кызы Беназир Бхутто
үкімет басына келді. Ол екі мэрте үкімет баскарды. Бірақ әскерилер
оган қасым корсетіп, үкіметін таратып түрды.
1997
ж. басындагы сайлауда МЛ коп дауысқа ие болып, Н.Шариф
үкімет басына келді. 1999 ж. казанда елде келесі 4-ші эскери үкімет
орныгып, оны генерал П.Мүшарраф басқарды.
Ол сайлау аркылы президент орнын алганымен, оппозиция оған
көнбеген. 2006-2007 жылдары жагдай шиеленісіп кетті. Өкімет шетте
жүрген Б.Бхутто мен Н.Шарифті елге кайтып келіп, сайлауга катысуга
келісім беруге барды. Президент сайлауын Мүшарраф үтып алды, тек
ол эскери қызметтен кетуге мәжбүр болтан. Парламент сайлау наука-
нында жарылыстар өршіп, оның бірі Б.Бхутто өмірін қиды
(2007.27.12). Кейінірек өткен сайлауда екі партия - ПХП жэне МЛ(ш)
көп дауыс иеленіп, екеуі үкімет қүрастырды. Жаңа үкімет Мүшарраф-
ты кінэлап, импичмент аркылы орнынан түсіруді даярлаган. Мұшар-
раф орнын тастауга барды. Содан кейін президент сайлауы өтіп,
жеңіске Беназирдің жесірі Асиф Әли Зардари жетті (2008.6.09).
188
Үкіметгі оның серігі Саид Юсуф Риза Гилани баскарды. Фахмуда
Мирза ханым ұлттык Ассамблеяның төресі болып тағайындалды.
1998 ж. мамырда Пәкістан 6 рет ядролық сынактар жүргізіп, атом
бомбасы мен ракеталар каруларын игеруге шамалы болды.
Пэкістан-Қазакстан ара байланыстары әр салада дамып келеді.
Дипломатиялык катынастар орнатылғанымен, сауда жағы әлі қанағат-
тандырылмайды. 2000 ж. күзінде Астанаға П. Мүшарраф келіп қайтты.
Бангладеш Х алык Республикасы өмірге келісімен Авами Лиг
(АЛ) жетекшілік ете бастаған. Пәкістан абақтысынан 1972 ж. 10
қаңтарда М.Рахман босатылып елге кайтты. Екі күннен соң елдің
уақытша конституциясы жарияланып, үкіметті М.Рахман баскарды.
Оның саясаты үлтшылдыкка, социализмге, демократияға және
секуляризмге негізделген. Ірі кәсіпорындарының 85% - темір жолдар,
әуе, теңіз, өзен көліктері, банкілер, т.б. үкімет колына алынды. Сыртқы
саудага бакылау орнатылды.
1973/74-1977/78 жж. бірінші бесжылдық жоспар, ең алдымен мем-
лекеттік секторды дамытуға бағытталды. Ақсаған ауыл шаруашы-
лығын көтеру ойымен жер реформасы жүргізілді. Жер иелігі 33 акрдан
аспауы бекітіліп, одан артык жерлер кедей шаруаларға таратылды.
Жері аздардан салык алу токтатылған.
1972
ж. 16 желтоқсанда конституция қабылданып, мемлекет кұры-
лысы, азаматтар қүкықгары, ел мақсаты анықталған. Парламентпк
республика тәртібі бекітілген. 1973 ж. наурызда М. Рахман тагы да
үкімет кұрган.
Саяси-әлеуметгі к жагдай о те нашар халде болғандыктан, оны
бірден шешу мүмкін де емес еді. Ал 1972 ж. катгы куаншылыкган ел
ашаршылыкка тап болды. Келесі жылы әлемдегі энергетикалык
дағдарыстан отын күны бірнеше рет өсіп түсті. Астык пен мүнай сатып
алуга казына шамасы жетпей, БХР қарыздана түсті. Азык-түлік,
күнделікті бұйымдар кымбатталып, инфляция жайлады. Парақорлык
пен кылмыстык каптап, үкімет органдары жұрт алдында беделден
айырылды. Қалаларда, ауылды жерлерде қолында каруы бар топтар
каракшылыкпен шұгылданып, мындаган адамдар олардың колынан
қаза тапты.
Билеуші тап не істерін білмей, 1974 ж. аяғында төтенше жагдай,
1975 ж. қаңтарда президенттік билік жариялады. М.Рахман президент
болып тагайындалды. Ол тез арада Шаруалар-жұмысшылар Халык
Лигасын (ШЖХЛ) құрып, калган партияларды таратып жіберген. Осы
әрекеттер Үндістан, КСРО тарапынан колдау тапканымен, ел ішіндегі
наразылык ұлгая түскен.
189
1975 ж. 15 тамызда эскери бүлікшілер М.Рахман жанұясын
танкілермен атқылап, қырып тастаган. Сонда шетте жүрген кызы гана
аман қалған. Жаңа үкімет эскери жагдай жариялап, парламент пен
партияларды таратып, белгілі қайраткерлерді абактыга жапкан. Бірак 2
жыл бойы елде саяси тартыс тоқтаусыз жүріп, көптеген кайраткерлер
қырылып қалды.
"Дд И
1976 ж. қарашада Зия ұр-Рахман Бас эскери экім, 1977 ж. көкекте
президент болып тағайындалды. Оның кезінде секуляризм орнына
«исламға шексіз берілу» принципі конституция бабына жазылған.
Бангладеш ең кедей, артга калган елдер катарынан шыга алмай
келеді. 1975-1996 жж. ішінде бірнеше мемлекет төңкеріс болып, ел
басында 13 президент келіп кеткен 8 жыл өмірі эскери жагдайда өтті.
Шетелдерден күн көру үшін алған 17 млрд. долл. каржылар кезекті
«данышпан президент» пен оны қоршагандардың қалтасына түсіп
жатгы, ал ел дамуына жұмсалганы шамалы.
1990 ж. аягында бірнеше жыл қатаң тәртіп орнатқан генерал-
президент Х.М.Эршад жаппай ереуілдерден шошынып орнынан
түскен. Кейін оны соттап камауга алган. Сайлауда жеңіп, үкімет
басына Бангладеш Ұлтшылдық партия (Б¥П) жетекшісі Бегум Халеда
Зия Рахман келіп, бес жыл билік жүргізді. Ол каза тапкан Зия ұр-
Рахманның жесірі.
1996 ж. маусымда болган сайлауда жеңіске Авами Лиг (халық
лигасы) жетіп, үкіметгі М.Рахманның қызы Халида Вазид басқаруға
келді. Осы екі әйел 2006 ж. дейін кезекпен кезек үкімет басында
болган. Кейін әскерилер тәртібі орнаган. 2009 ж. басында жалпы
сайлау өтіп, үкіметті Х.Вазид кұрды.
М ьянма 1948 ж. 4 кацтарда тэуелсіздікке жетіп, өз бетімен даму-
да. Ол бірнеше кезеңді басынан кешірген. 1. 1948-1958 жж. билікті
Халық бостандыгыны ң Анифашистік Лигасы (ХБАЛ) ұстаған. Ол
кезде У Ну бастаган үкімет билік жүргізген. 2. 1958-1462 жж. ХБАЛ
бөлшектенген соң болган отпелі кезең. Уакытша үкіметті 1958-1960
жж. генерал Не Вин баскарды. 3. 1962-1988 жж. Не Вин баскарган
эскери топтың ел басына келуі. Бирма социалистах багдарламасының
партиясы курылып, жалгыз өзі билеп келген. Элем болса елдегі
қаптаган ашаршылык, аяусыз қанау. зорлау жайлаткан Не Вин
саясатын эшкерелеп жатты. 1988 ж. наурыз-тамыз айларында жаппай
ереуілдер мен козгалыстар бұл үкіметтің тамырына бал та шапкандай
болды. Қыркүйектің 18-інде жаңа эскери төнкеріс болды. Үкіметтегі
заңдылык пен тәртіпті кайта калпына келтіру Мемлекеттік кецес
(ЗТҚҚКМК) колына отті. 1990 ж. 27 мамырда парламент сайлауында
40-шы ж. тәуелсіздік үшін болган күресті баскарган атакты Аунг Сан
190
қызы Су Чжи жетекшілік еткен демократия үшін Ұлттык лигасы
(ДҮҮЛ) жеңіске жетті. Бірак эскери топ оны мойындамай билікті
күшпен ұстап келеді.
Шри Ланкада 1948 ж. 4 акпанда «Цейлон тәуелсіздігі туралы акт»
жарияланып, бұл ел доминион ретінде Британ ұлттар достастығына
кірген. 1956 ж. дейін үкіметті Біріккен ұлттык партия (БҮП) жетекшісі
Д. Сенанаяке басқарып келді. Партия қатарынан 1951 ж. Азат
партиясы (АП) бөлініп, ол толық бостандық any, республика орнату,
ағылшын эскери күштерін аралдан шыгару, жер жэне экономикалык
реформалар жүргізу т.б. талаптарды алға тартгы.
1956 ж. сайлауда АП төңірегіндегі Біріккен Халық Майданы
(БХМ) жеңіске жетіп, С.Бандаранаике үкіметі билікке келді. Бұл
партия 1956-1964 және 1970-1977 жж., сондай-ақ 1994 ж. бері карай
солшылдык күштермен бірігіп, үкімет басқарған. Саяси-әлеуметгік,
діни-ұлттық қайшылыктар реттелмей, жанжалдар жайлаған Цейлон
өмірі тұраксыздыкка батты. С.Бандаранаике кұрбандыкка ұшырап,
онын орнына әйелі Сиримаво келген (1960 ж.). 1964 ж. солтүстік
аудандарда түратын тамилдер болек мемлекет кұру туралы талаптар
көтеріп, кейін орталык үкіметке карсы қарулы күрес бастаган. Соның
салдарынан елде тыныштық бұзылып, ширек ғасыр бойы азаматтык
соғыс бітпей келді. «Тамил Иламаны азат ету жолбарыстары»
кастандықтарынан 35 мыңнан астам адам өліп, олардың ішінде жэне
саяси қайраткерлер де бар. Жыл сайын бүлікшілермен күресуге 1
млрд. долл. шыгындалды.
1994 ж. карашада 6 жылдык мерзімге президент болып, Ч.Кумарапунге
ханым сайлаған. Үкімет басында сол жылгы тамыздан оның анасы
Сиримаво Бандаранаике отырды. Одан кейін президент орнын
М.Раджапакса иеленді. 2009 ж. мамырда азамат согысы аяқталғандай
болды, өйткені сепаратистер жеңілді, ал оның жетекшісі каза тапты.
Непал корольдігінде 1950-1951 жж. конституция қабылданып,
бірінші парламент сайлауы 1959 ж. өткен. Жеңіске жеткен Непал
конгресінің (НК) үкіметті сол жылы желтоксанда Король Махендра
күшпен күлатып, партиялар катыспайтын төменнен жотарыта дейін
билік жүргізетін Панчаят Кеңес жүйесін орнаткан. Шын мэнінде
барлық билік тізгіндерін король өзі ұстап келген.
1994 ж. аягында үкіметті компартия қүрастыртан, кейінгі кезде
Непал конгресі басымды болды. Қытай ыкпалындагы компартия
карулы күреске шыгып, 2005 ж. үлкен күшке айналды. Оппозициядагы
топтар бірігіп монархияны жойды. Ел республика болып жарияланды
(2007 ж.). Үкімет басындагы солшылдар (2008 ж.) орнын Непал
конгресі басты. Онын өкілі президент тізгінін ұстауда.
191
|