§8. Оңтүстік-Ш ығыс Азия елдері
Аймактағы шетел үстемдігі. Үнді және Тынық мұхиттары
аралыгындагы он шакты ел Оңтүстік-Шыгыс Азия елдері деп аталады.
Олардың катарында Вьетнам, Лаос, Камбоджа (Үндіқытай елдері)
Филиппин, Бруней, Сингапур, Индонезия, Тимор, Малайзия, Таиланд,
Мьянма (Бирма) бар.
Бұл аймакта орналаскан елдердің тіршілігіне екі үлы өркениет
эсер еткен: біріншісі - қытайлык-конфуцийлық, екіншісі - үнді-
53
буддалық. VIII—IX ғасырларда бұл өңірде ислам діні мен мәдениеті
тарай бастады. Соның әсерінен қазір Индонезияда, Малайзияда,
Брунейде ислам өркениеті басымдау көрінеді.
1
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің стратегиялық маңыздылығы
жэне шикізат қорларының мол болуы Еуропадағы к ап и тал и ст мемле-
кетгердің қызыгушылығын тудырды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін
отаршылдык бұғауда ұстауды Англия, Франция жэне Голландия
мемлекеттері максат етгі. Франция ҮндіқытаЙ түбегіндегі едцерді
бағындырып, Оңтүстік Қытай аймақтарына қарай жылжуға тырысты.
Голландия отаршылары Индонезия аралдарының жагалауына
қоныстанып, енді осы елдің тупкі аудандарына еніп, барлық аралдарды
иеленуге бел байлады. Ағылшын отаршылары төменгі Бирма ауданда-
рын иеленіп, енді Бирма жерін түгел бағындырып, Оңтүстік Қытай
аймақгарына жақындауды мақсат етті. XIX ғасырдың 70-жылдарында
Англия мен Франция арасында Қытай аумактары үшін бақталасқан
тартыс айқын байқалды.
1874 жылы 15 наурызда Франция отаршылары Аннам (Орталық
Вьетнам жері) патшасын әділетсіз шартқа көндіріп, Вьетнамды өз
отарына айналдыруды көздеді. 1879 жылы Вьетнам императоры
Қытайдан эскери көмек сұрады. Қытай үкіметінің сілтеуі бойынша
вьетнамдыкгар Лю Юань-Фу атты тайпин әскерлерінің генералына
өтінішін білдірді. Генерал Лю Юань-Фу тайпин көтерілісі жеңілгеннен
кейін, Вьетнамды пайдаланған болатын. Вьетнам үкіметінің шақыруы-
мен Лю Юань-Фу Вьетнам жеріне еніп, Қызыл өзеннің бойына
токтайды. Лю Юань-Фу эскери жасактары «кара жалаулы» армия деп
аталды. Француз отаршылары «кара жалаулы» эскери тобына карсы
согыска әзірлене бастады. Қытай үкіметі Париждегі елшісі аркылы
«Вьетнам - Қытай бөлшегі», осыган сэйкес 1874 жылы Франция мен
Вьетнам арасындағы келісімнің заңдык негізі жок деп мэлімдеді. 1883
жылы Франция Вьетнамга косымша әскер күштерін енгізіп, Вьетнам
жеріндегі бірнеше қалашықтарды басып алды. Вьетнам патшасы
жеңілгенін мойындап, келісімге қол койды. 1883 жылы Вьетнам еліне
Франция камкорлыгы (протекторат) орнатылды. Көп жылдарға
созылган
Вьетнам
халқының
қарсылығын
басып,
Француз
отаршылары 1887 жылы Үндіқытай одагы деген бірлік құрып, оның
кұрамына Вьетнаммен катар Камбоджа жэне Лаос аймактарын косып
алды. Отаршылдар Вьетнамды — Кохинхина, Аннам, Тонкин атты
бөлшектерге бөліп, эр түрлі отарлык тэртіп орнатты. Вьетнам халкы
ата жұртында еркін жүре алмайтын жагдайга ұшырады.
54
XIX
гасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Бирма, Сингапур,
Малайзия, Бруней - Англияның, Индонезия - Голландияның, Тимор -
П орту
гал ия ның отарына айналды.
Ұлы жаграпиялык ашуларга белсенді катыскан Испания мен
Португалия билеушілері ОША аймағы үшін қатты тартыскан. 1493
жылы Рим папасы «христиандык емес әлемді» бөліп, бұл аймак
Испания ыкпалына кесілген. 1S2I жылы Магеллан бастаган кемелер
осындагы елдерге жетті. Филиппиндер аралдарында өмір сүрген
тайпаларды бағындыруга кіріскен. Мактан аралында болған шайкаста
ол катты жараланып, қаза тапты. Кейін бұл жерді Португалия б ил eyre
тырыскан. XVI г. екінші жартысында испандыктар аймакка кайта
оралып, Оңтүстік Қытай теңізінде жаткан аралдарды XIX г. дейін
зорга жаулап алды. Аралдар сол кезден бастап филиппиндер деп
аталатын болды (Испанияның Филипп II есімді королінің құрметіне).
Байырғы тұрғындарды кан каксатып, қырып жойып жүріп, христиан
дініне шокындырған. Католик шіркеуі мен әскерилер, испандық
келімсектер кұнарлы жерлерді тартып алып, халыкты құл ретінде
ұстағаи. Испания инквизициясы неше мың адамдарды дін бұзгандарға
жаткызып, тірідей өртеген. Сонда да филиппиндердіц оңтүстік аралда
рында өмір сүрген мұсылман тайпалары қарсыласуды токтатпай, өз
ұгымдарынан қайтпағаи.
Афарлык катынастарда ірі жер иеленушілер үстемдік жүргізген.
XVII ғ. экомендеро жүйесі (еуропалык қожайын салык жинауга
құкылы болып, шаруаларды қанау жүйесі) трибутоға (біркелкі әр
жанға салынатын салык) ауыстырылған. Бара-бара испан тіпі мен
дініне өткен жергілікті аксүйектер төменгі сатыдагы әкімшілік
органдарга тартыла түскен. Олар касики деп аталған.
XVIII ғ. филиппиндерді ағылшындар иеленбек болып, Үлыбрита-
ния Испаниямен соғыс жүргізді. 1764 жылы кейбір Латын Америка-
сындагы жерлер Англияға өтіп, бұл аралдарды Испания өз колында
сактап қапды. Метрополия өзінің артта қалған аралдарын дамытпаган,
сауда катынастары да жоктың касында еді. XIX ғ. ортасында осында
өсетін және өңделетін ауылшаруашылык тауарлар: кант, макта, кофе,
дәмдеуіш заттар, ал кейін агаш, тау-кен өнімдері Еуропаға, АҚШ-қа
карай ағыла түскен. Біртіндеп жергілікті саудагерлер, кэсіпкерлер
күшейген, солардан жергілікті буржуазия калыптасып, реформалар
үшін козғалыстар ұйымдастырған. XIX ғ. 80-90 жж. солардың арасы-
нан шыккан Хосе Рисаль филиппиндіктердің ұлттық сана-сезімін
оятуга арналған еңбектер жариялап, дербестік тілектер көтерген. Ол
1892 жылы филиппиндік Лиганы кұрган кайраткер. Отаршылардың
өкіметі оны камап, Минданао аралына айдатқызган. 1896 жылы ол
55
атылган. Оден А. Нон и фас ио бзстзғзн баска оппозициялык үйы м шык*
кан. 1897 жылы 22 наурызда Э. Агинальдо жетекшілік еткен көтері-
лісшілер республика жариялайды. Испания уакытша конституция
енгізіп, республиканы мойындагандай болды, бірак оның басшыларын
куғы нга
ұшыраткан. Сол кезде АҚШ - Испания согысы басталып
Агинальдо тобы екінші рет республика жариялап, үкімет кұрастырған.
АҚЩ көмегімен 1899 жылы 1 қаңтарда жаңа конституция кабылда-
нып, буржуазиялык демократия жүйесі орныга түскен. 1899 жылы
Испания мен АҚШ келісімшартқа кол қойып, филиппиндер АҚЦІ
қарауына өткен. Американдыктар аралдарда өз әкімшілігін орнатты.
1902-1907 жж. заңдар нәтижесінде екі палаталық парламент сайланды.
Ол АҚШ бақылауында болган. 1916 жылы генерал-губернатор
жанында үкімет тагайындалды. 1932 жыл 10 жылдык өтпелі уақыт
белгіленіп, одан кейін ел тәуелсіздік алуы баяндалған. 1935 жылы
президент сайланган.
Тайландта ертеде мемлекет орныққан. 1350-1767 жж. тай және
мон-кхмерлер кұрған Лютия монархиясы өте ауқымды жерлерді өз
құрамына косып, атакты қалалар мен храмдар тұргызган. Елде
буддистік ілімдер тамыр жіберген. Оның храмдары оқу-ағарту ісін
жүргізіп,
мәдениет орталыктарына
айналған.
Ел
егіншілікпен
шұғылданган. Өмірге жарамды жабдықтар, қару-жарақтар, қүралдар
шығаратын кол өнері дамыган көршілес елдермен сауда байланыстар
жасасқан. Шаруалар басыбайлык жагдайды білмеген. Мемлекетке
және жергілікті әкімшілікке ірі жер иеленушілерге салык төлеу, баска
да кызмет корсету буддистік салт-дэстүрге негізделген. Басыбайлы
адамдар да кездескен, бірак олардың саны шағын еді. Ақсүйектер,
билеушілер «най» тобына жататын еді. Әскери және азаматтык
салаларда қызмет атқаратындар «куннанг» тобын құрайтын. Оган
көбінесе білімі бар және буддистік шіркеулерде бірнеше уакыт өмір
сүрген адамдар кабылданган. Өте көп азаматтар буддалық монахтар
катарына жататын, оларды халық асырайтын. Сонымен бірге өкімет
азык-түлікпен, киім-кешекпен жэне қаржымен камтамасыз ететін.
XVII-XIX гг. ортасына дейін Тайландтың сырткы саясаты мен
саудасына голландиялык Ост-үнді компаниясы еркін араласып келген.
Голландияның Азиядагы іс-қимылын жүргізген компания колында
әскери күштер шогырланған. Ол өз жоспарымен согыс бастауга, бейбіт
шарттар жасауга қүқылы еді. Оның негізгі максаты Индонезия
аралдарын билеп-төстеу еді. Онымен канағаттанбай голландык
отаршылдар баска елдерге де коз салып келген. Тек Тайланд
билеушілері оның кысымына комбей жүрген. Бірак 1664 жылы
голландыктар зорлыкка барып, алғашқы рет өздеріне ұтымды шартка
56
елді отырғызған. XVII ғасыр аяғында ел тағдырына Англия және
Франция араласа түскен. Олардың да Ост-үнді компаниялары
Тайландты емін-еркін сауда жүргізуге, жер ұстауға талаптанып, соғыс
жүргізуге дейін барған. Халык біресе француздарға, біресе агылшын-
дарга сүйенген корольді 1688 жылы тақтан құлатқан еді. Еуропа
әскерлері соккы жеп, елден кетуге мәжбүр болды.
Ел ішіндегі тартыстар өршіп, көпке дейін жағдай жөнделмеген.
1733-1758 жж. король Боромокот кезінде тыныштык орнаған еді. Ол
өлген соң көршілес Бирма Тайландтың бір топ аудандарын, астана
қаласы Бангкокты басып алып, орны толмайтындай шығын әкелді.
Елдегі қырқыс пен көрші елдермен соғыстар XIX ғ. басында жиіледі.
Бұл кезде Бирмаға ағылшындар тиісіп, ол ел біртіндеп Англия отарына
айналган еді. Енді Тайланд Үндіқытай елдерімен жер үшін
шатактасып, Вьетнам, Камбоджа феодалдарымен соғыстар жүргізді.
1830-1860 жж. Англия мен АҚШ, одан кейін Ресей де Тайландты өз
жағына тартуга кіріскен. Империалистік елдер арасындағы бақталас-
тыққа карамай бұл ел тәуелсіздігін сақтап қалған, бірақ батыс
мемлекеттері айтарлықтай жеңілдіктерге жетіп, оның экономикасына,
саудасына зиянды эсер тигізіп отырды. XIX г. ортасы - XX ғ. басында
елде біраз буржуазиялық қатынастар дами түсіп, король Монгкут
(1851-1868), король Чулангкорн (1868-1910) реформалар аркылы
орталық билікті күшейтті. Қаржы жүйесі, эскери істері, сот, оқу
орындары жаңартылып, еуропалық түрге жакындаған. Тайланд-Ресей
байланыстары ұлғайған. Англия мен Франция отарларымен коршалган
Тайланд орыстарды қатты кызықтырды.
XX г. бірінші ширегінде Таиландка қатысты еуропалық елдердің
кысымы біраз әлсіреген. Шетте жүрген оппозиция күштері Халық пар-
тиясын кұрып, армияга сүйенген төңкеріс ұйымдастырды (1932 жы
лы). Король сактаган біраз билік парламентке өткен. Жаңа ата заңы
бекітіліп, ел конституциялы қ монархияға айналды. Ендігіде корольдің
ресми кұкыгы кеңейтіліп, ол карулы күштердің қолбасшысы есептелді,
төтенше тэртіп жариялап, шарттарды бекітуге, парламенттің жарты-
сын тағайындауга катысатын болды.
Елдің экономикалык даму мәселесі дау-талас тугызган. Монар-
хистер Халык партиясының жетекшісі П. Паномпонг ұсынған жоспар-
ды «коммунистік» сипатта деп, оны қугындауга кіріскен. Елдің өз
күшіне сүйеніп, халык игілігіне кажетті шараларды колдаушылар 1933
жылы әскерилерді көтеріп, карсыластарын үкімет орындарынан
түсірген. Король Пратичапок тактан түсіп, орнын Еуропада окыган
туысына берген. Келесі кезде әскери басшылык билікке келіп, жаңа
үкімет кұрган, ол оншыл күштерді «жактап», Халык партиясын
57
әлсіретуге күш жұмсап келді. «Пантаизм» ілімі — «¥лы Тай мемлекетін
қүрастыру» - алға тартылып, ел аты «Сиам» енді «Тайландқа» - «Тай
жеріне» ауысты. Бұл 1939 жылғы окига. Үкімет басындағы П.
Сонгкхрам Жапония жағына көз салып, соның арқасында Англия мен
Францияға X VIII-XX ғғ. өткен жерлерді қайтаруға максат қойды. 1940
жылы маусымда ол Жапониямен достық шарт жасасып, оның
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы озбырлығын қолдаған. Тайланд жеңіліс
тапқан Франциядан Үндіқытай аумағындағы жерлерді қайтаруға
ұсынды. Виши үкіметіне соғыс жариялап, 1941 жылдың басында ол
тілектерін іске асырды.
Щ
Тынық мұхиты согысы басталғанда Тайланд билеуші тобы
¥лыбритания мен АҚШ-қа қарсы соғыс жариялап, Жапонияны
қолдады. Осындай саясат халық ішінде наразылық тугызып, астыртын
кимылдаған «Азат Тай», компартия ұйымдарын дүниеге әкелді. Соғыс
жылдарында халык тұрмысы кәдімгідей нашарлай түскен, өйткені
қару-жараққа қорғаныс ісіне өте көп қаражат жұмсалды. Армия катары
ұлғайды. Эскери өндірісі мен экономиканың жеңіл салалары біраз
дамыганымен, ел жағдайында дәстүрлі феодалдық басымдықты
кұраған. 1944 жылы Жапония жеңілісі айқын болғанда, биліктегі
оңшылдар мен эскери басшылар орнына П. Паномпонг тобы келіп,
АҚШ пен Үлыбританияға жақындасты. Содан бері Тайланд батыс
елдерімен достық қатынастарды сактауда.
Индонезияда Голландияның отаршылдык тәртібі орнады. Негізгі
билік Голландия генерал-губернаторының иелігінде болды. Оның қол
астында «Үнді кеңесі» атты басқару мекемесі тұрды.
Малайзия да агылшындардың бақылауына берілген князьдіктер
одағы (федерация) кұрылды. Бірак бүл одак ағылшын губернаторының
карауында болды. Сингапур тікелей Лондондағы ағылшын үкіметіне
бағындырылды. Ағылшын билігі губернатор арқылы іске асырылды.
Бирманы ң
далалык
алкаптарында
Англия
тікелей
билігі
орнатылса, таулы аудандарында жергілікті аксүйек топтары үстемдік
етті.
XX ғасырдың 20-30 ж ы лдары ндағы Үндіқытай елдеріндегі
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Француз отаршылары XIX
гасырдың 80-90 жылдарында Вьетнам жеріндегі экономикалык
кожалығын барынша күшейтті.
Отаршылдықтың экономикалык бұгауы Вьетнам шаруаларының
жерін тартып алудан басталды.
Көптеген
шаруалар отбасын
«көтерілісшілер» деп айыптап, жер үлесінен айырды. Көптеген
Франция шенеуніктері мен саудагерлері ірі помещиктер катарына
косылды. 1890-1901 жылдар аралыгында француздардың иелігінде
58
187 мың га жер үлесі болды. Вьетнам кен байлықтарын Еуропаға
жеткізу үшін отаршылар тас жолдар мен темір жолдарды салуды жыл-
дамдатты. 1888-1918 жылдар аралығында Вьетнамда 20 мың шакырым
жол салынды. Соның 1,5 мың шакырымы темір жолдарга тиесілі
болды. Француз капиталистері күріш, шай, кофе өнімдеріл экспортқа
шыгару-ға күш салды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында
күріш себетін алкаптардың көлемі 3-4 есе өсті. 1913 жылы өнім өндіру
500 мын тоннадан асты. Пайда түсіру үшін Франция әкімшілігі түзға
жэне арак-шарапка монополия енгізді. Көптеген қосымша алым-салық-
тар көбейтіпді. Вьетнамда француз кагтиталына бағынатын тоқыма,
қант өңдеу, күріш тазалау, ағаш өқдеу кәсіпорындары іске косылды.
1907 жылы ондай кәсіпорындардың жалпы саны 42-ден асты.
К апиталист қатынастардың дамуы үлттық буржуазия топта-
рының қалыптасуына, ұлттык пролетариаттың өсіп-өнуіне эсер етті.
1897 жылы барлық ондірістегі жұмысшылар саны 10 мың адам болса^
1905 жылы оның саны 17 мыңға жетп. Жұмысшылар Вьетнамдағы үш
ірі капа - Сайгон, Хайфон жэне Ханой кәсіпорындарында шоғырлан-
ды. Бірінші дүниежүзілік соғыс карсаңында Вьетнамдагы барлык
жұмысшылардың саны 55 мыңнан асып түсті. XX ғасырдың бірінші
жартысында француз капиталы тау-кен өнімін өндіруге, банк ісін
дамытуға, көлік жэне сауда салапарын жандандыруга жұмсалды.
Франция капиталының әрекеті аркасында Ү ндіқытай елдерінде
(Вьетнам, Лаос, Камбоджа) әлеуметтік-қоғамдық күбылыстардың өзге-
руі жылдамдады. Жұмысшылардың жалпы саны 221 мың адамға жетті.
Қалаларда саудагерлер мен колөнер шеберлерінің катары кобейді.
1929-1933 жылдары дүниежүзілік дағдарыс Үндіқытай сияқты
отар елдерге қатты зардабын тигізді. Вьетнамдагы ірі өндіріс
орталыктарында 300-ден астам ірі жэне орта кэсіпорындар жабылды.
Әлемдік нарыкта күріш, жүгері, қола, мырыш сияқты шикізат өнімдері
етпей қалды. Каучук бес есе арзандады. Фабри ка-зауыттардагы
жұмыссыздар саны 25 мыңнан асты.
¥лт-азатты к күрестің дамуы. Отаршылардың әлемдік дагдарыс
жылдарындағы дэрменсіздігі Оңтүстік-Шығыс Азия халыктарыньщ
ашу-ызасын күшейтіп, азаттык қозгалыстардың кайтадан өрістеуіне
түрткі болды. Тек 30-жылдардың басында Вьетнамда қапыптаскан үш
коммунистік партия топтары байкалды. Коминтерннің ұсынысы
бойынша 1930 жылдың акпанында осы үш топ біргұтас Үндіқытай
коммунистік партиясы болып бірікті. Оның жетекшісі Хо Ши Мин еді.
20-30 жылдарда көптеген Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде едәуір
саяси-буржуазиялык партиялармен қатар коммунистік топтар да
калыптасты. Коммунистердін сәтсіздікке үшырауы антиимпериапистік
59
күрестің басшылыгында ұсак буржуазиялык-демократиялык бағытта-
ғы көрнекті жетекшілерді калыптастырды. Индонезиядағы көрнекл
басшылардың қатарында Ахмед Сукарноның (1901—1970 жж.) есімі
ерекше айтылады. 1927 жылы оның басшылығымен Индонезия
Ұлттық партиясы күрылды. А.Сукарноның пікірінше, Индонезия
коғамындағы халықгың 90%-дан астамы мархаэндер — шаруалар. Ол
насихаттаган «мархаэнизм» теориясының ең басты міндеті -
Индонезия қоғамындагы барлық топтардың діншілдік, ұлттык
айырмашылыктарына көңіл бөлмей, барлык халыктарға отаршылдык
бұғауды жою үшін бірлестіру қажеттігін үгіттейді. А.Сукарнонын
пікірінше, антиимпериалистік күрес жолында діншілдік, коммунистік
және буржуазиялық идеологиялар бірігеді деген сенімі зор болды.
Өзінің саяси-философиялық ілімінде А. Сукарно Индонезия ха
лы қтарының ескі дәстүрлері түсінігіне сүйенді. Бүл түсінік бойынша:
готонгройонг - өзара көмектесу; мушаварах - мәселені барлык кауым
болып талдау; муфакат - шешілген мәселені дауыска салмай,
бірауыздан қолдау калыптаскан.
|
1937 жылы буржуазиялық ұйымдардың солшыл канаты Гериндо
атты партия ұйымдастырды. Бұл топтың катарында буржуазиялык
қайраткерлермен қатар коммунистер де болды.
§9. Үндістан (1914-1945 жж.)
XX ғасырдыц бас кезіндегі Үндістаннын жағдайы. Азиянын
оңтүстігінде орналасқан елдердің көбі Англияның отары болды.
Олардың ішіндегі ең ауқымдысы —
Британдық Үндістан
еді. XX
гасырдың басында ол артта калган, коғам өмірінде касталар жүйесі
мен феодалдык қатынастар үстемдік еткен ел болатын. Алуан түрлі
тілде сөйлейтін халықтар (тілдер саны 180-нен астам) отаршылдардың
қанауынан бас көтере алмады. Елдің кейбір аудандарында гана сол
заманға сәйкес капиталистік кәсіпорындар пайда болып, теміржолдар
мен байланыс тораптары, тау-кен өндірістері мен мата шығаратын
фабрикалар жүмыс жасады. Ғасыр басында елде 800 мыңнан астам
кәсіптік жұмысшылар болды. Олардың көбі ағылшындар иеленетін
кэсіпорындарда еңбек етті. Сонымен бірге ұсак жэне орта дәрежелі
жергілікті үнді буржуазиясы да калыптасты. Олар жеңіл, азык-түлік
өнеркәсіптерінде шоғырланып, көбінесе ішкі саудамен айналысты.
Байлыктың негізгі көзі мен саяси билік толыгымен ағылшындар
колында болған. Саяси-әкімціілік жағынан ел жалпы екіге болінді: 3/4
болігінде Британдык Үндістан орналасса, калган жерін саны 600-re
жуык князьдіктер иеленді. Олардың көбі ұсактау еді, бірак, орталык
60
аймагында Хайдарабад, ал солтүстік-батысында Кашмир ірі князьдік-
тері де бар болатын. Британдык Үндістанды вице-король аталган
генерал-губернатор баскарды. Оны Англия парламенті мен үкіметі
тағайы ндайты н.
Науаб, раджа, низам әулеттері билеп келген князьдіктердің ішкі
өміріне ағылшындар көп араласа бермейтін. Әр билеушімен Англия
арнайы келісімге келіп, аракатынастарын реттеп отырды. Олар басқа
елдермен байланыспайтын.
Барған сайын ұлғайған қанаудың кысымы халықтың хал-ахуалын
нашарлата түскен. Үндістаннан Англия жағына шығарылатын тауар-
лар өлшемі 1901 жылы 11 млн фунт стерлинг болса, 1913-1914 жылда-
ры ол 22,5 млн. фунт стерлингке жеткен. Ақша-тауар қатынастарының
дамуы елдің ішкі базарының қалыптасуына атсалыса отырып,
өсімкорлық капиталының көтерілуіне жол берген еді.
Бұл үдеріс барысында үлттық буржуазия шамасына карай дамып,
біртіндеп жетіле түсті. 1900-1914 жылдары акционерлік компаниялар
саны 1360-тан 2552-ге өскен, олардың төленген капиталы 362 млн
рупийден 721 млн рупийге жетті. Үнді буржуазиясы иеленген кәсіп-
орындар көбінесе мақта, мата, тері оңдеуге маманданған. Олардың
80%-ы ескі дәстүрлі, демек, адам күшін көбірек кажет ететін ондіріс
орындары еді. Олардың өнімдері 1901 жылы 200 млн фунт стерлинг,
ал фабрикалардың өнімдері 85 млн фунт стерлингке жеткен. Бірак,
1914 жылга таман фабрикалар шығарған өнімдер үш есе арта түсті.
Жогарыда айтылған жағдайларга байланысты Үндістан халкы мен
отаршылдар арасындагы кайшылыктар өсе түскен. Бенгалияны екіге
бөлу зрекеті елдегі наразылыкты қатты күшейтгі. 1905 жылы
Үндістанда ереуілдер өршіп, коғам және саяси ұйымдар мен партиялар
өзін-өзі билеу туралы тілектерді алға тарткан. Үнді Үлттық Конгресі
(ҮҮК) жетекшілері Б.Г.Тнлак, Б.Ч.Хал, А.Гхош, Л.Л.Рай өте батыл
кимылдар ұйымдастырып, ағылшын тауарларын сатып алмау,
свадеши
(жеке іс, ягни өзіңді өзің камтамасыз ет),
свараджа
(жеке билік, ягни
өзіңді-өзің биле) ұрандарын жандандырды. 1906 жылы елде
Мұсылман
Лигасы (МП)
атты партия кұрылып, ол да күреске катыскан.
Ұлт-азаттык козғалысты басу үшін Англия 1905 жылы Үндістанға
жаңа вице-корольді тагайындады. Ол — либерал
Минто
болатын.
Оның реформапар жөніндегі жалынды сөздері тек феодалдык топтар
мен МЛ жетекшілеріне жағымды естілді. Бұкара халык свараджа
үранын колдауды күшейтті. Кейбір аймактарда карулы көтерілістер
басталды. 1911 жылы енгізілген реформалар бойынша астана Делите
көшіріліп, Бенгалия кайта біріктіріліп, Англия ұлт-азаттык күресті
бәсеңдеткен болатын.
61
Бірінші дүниежүзілік согыс ж ы лдары ндагы Үндістан. Үнді
буржуазиясы
Минто
—
Морли (Морли
— Үндістан істеріне қатысты
министр) реформаларына қолдау көрсетіп, осы елдің өзінде өзінің
саяси-экономикалық жагдайын нығайтты. Шындыгында, елде металл
өнімі 30%-га өссе, мактадан жасалатын маталар 39%-га артты.
Үндістан базарында сатылатын тауарлардың көбі елде шығарылатын
болды.
Я
Халықтың тұрмысы нашарлап кетті. Салык төлемі күрт өссе, акша
кұны төмендеп, елді кұнсыздану жайлады. Өндіріс заттары, тамак
кымбаттап, қала тұргындары мен шаруалар күйзеліске үпіыряди
Миллиондаған шаруалар уақытында салық төлей алмай, жерден айры-
лып, канғырып кетті. Жұмысшылардың жұмыс күні 14 сағаттан асты.
Азық-түлік тапшылығынан калаларда да, ауылдарда да адам өлімі
жиілей берді. Соғыс кезінде ашаршылыктан 5-6 млн адам кырылды.
Англия үкіметі әскер қатарына 1,5 млн үнділіктерді шақырып,
оларды Таяу Шығыста, Парсы бұғазында, Иранда майдан шебінде
пайдаланды. Кәптеген шаруаларды кара жүмыска салды.
Алдымен отаршыл өкімет Үндістанда өте катаң заңдар енгізіп,
елді кынк еткізбей ұстауға тырысты. Екі саяси партия — ҮҮК және
МЛ өз іс-әрекеттерін сол заңдармен санаса отырып жүргізген. Сотые
кезінде атылшын әйелі Энни Безант бастатан «Гомруль» («Н оте
Rule») козталысы өршіді. Оган қатысушылар Үндістанға өзін-өзі
басқаруга күкык беруді талап еткен болатын.
Діни қозғалыстар да туындаган. 1915 жылы үндістер «Хинду маха
сабха» («Үндістердің ұлы одагы») ұйымын кұрды. Сол жылы МЛ
жетекшілігіне Мохаммед Жинна келген.
«Күш колданбай карсы ласу». М .К.Гандидіц ілімі мен саясаты .
Сотые аякталар кезде елдің жатдайы тыгырыкқа тірелгендей болды.
Провинцияларда, ең алдымен Бомбейде, оның касындаты Гужаратта,
Панжабта, ішкі аймақтарда қала тұргындары, кедейленген шаруалар,
қолонершілер қатаң тәртіпке қарамастан бас көтере бастады. Олар
салық төлемеуге, ереуілдер ұйымдастырута байланысты шерулерге
қатысты. Әлеуметпк жагдайды жаксарту тана емес саяси талаптарды
алта қойып, отаршылдык өкіметгі әшкерелеу, оган батынбау туралы
шешімдер қабылдаута ҮҮК жэне МЛ-да барды. 1916 жылы Лакнау
каласында екі партия өз мәжілістерін өткізіп, біріге отырып күресуді
қолдатан қарарлар қабылдады.
ҮҮК жетекшілері сол жылы Оңтүстік Африка Одатында аты шыға
бастатан М.К.Гандиді елге қайтып оралуын калаған болатын.
М.К.Ганди (1869-1948)
Гужараттан Оңтүстік Африка жеріне
коныс тепкен брахмандар отбасында өмірге келді. Мектепті бітірген
62
сон, Англияда жоғары оку орнына түсіп, адвокат мамандығын
меңгерді. Агылшындардың саяси мәдениетін, Еуропадағы ХІХ-ХХ ғғ.
тоғысындағы тартыстарды саналы түрде сезінген, ол сол кезде көпші-
лікке танымал болған орыстың атақты жазушысы Л.Н.Толстойдың
«зүлымдыкка озбырлыкпен
карсыласпау»
көзкарасын
колдады.
Сонымен катар коне үнділік философиясын жаксы меңгерген ол
коғамдагы қайшылықтарды бейбіт түрде ретгеу кагидаларын да есінен
шыгармаган. Африкаға қайтып келгенде, нэсілшілдік пен отаршылдык
тәртіптін тепкісінде болған кандастарын қорғауға араласқан. Көп
ұзамай-ақ Ганди есімі, оның күрес тәсілдері бүкіл Оңтүстік Африкаға,
өзінін туган елі Үндістанға жайылады. Соның аркасында ҮҮК оны
жетекшілікке шакырады.
Ганди Үндістанға келісімен орши түскен үлт-азатгық күреске
килігіп кетеді. Оның негізгі кағидасы -
сатъяграха
(акикаттағы
батылдык) деп аталады. Зүлымдыққа карсы түру, онымен батыл
күресу, ақикатты қолдау, адамдардың құкығын қорғау, оның басты
қағидасы болды. Осы ілімді Ганди өмір бойы үгіттеп әрі пайдаланып
келді. Бүл ілім ежелде калыптасқан философиялык
«ахимса»
тұжырымына арқа сүйеген
(«ахимса» -
жануарларға киянат жасамау).
Брахман кастасына жататынына карамастан ең төменгі, зәбірленген,
копшілік кесапатты деп санаған каста мүшелерімен арапасып, солар-
дың мұнын шағып, үмітін актауға күшін аямады. Кесапаттыларды ол
харижандар
(Қүдай жараткандар) деп атап, олардың күкыктарын
калган азаматтардың күкыктарымен теңестіруді көздеді.
Ганди ілімін, сондай-ак күресу эдістерін үнді жеріндегі көпшілік
дұрыс кабылдады. Ол ағылшын отаршыларына карсы күреске бұқара
халыкты қатыстыруға талаптанды. Сонымен бірге Ганди эр уақытта
Англиямен келісім жасасуға да дайындык білдіріп келді. Бірінші
дүниежүзілік соғыс аякталар кезде Үндістан халкының наразылығы
бүрын кездеспеген деңгейге жеткен болатын. Сол жылдары елге 8
мыцдай сыртта өмір сүрген үнді үлттык күрескерлері кайтып келді.
Соғыс біткеннен кейінгі Үндістанның дамуы ірі толқулармен
және көтерілістермен сипатталды. Өзі де әрең тұрған халыкқа Ресей-
дегі окиғалар түрткі болды. Большевиктердің тәуелді елдердің бостан-
дығын жаюгау үрандары 1917 жылдың соңында үнді газеттерінде
басылган. Дели капасында мүсылмандар жиналыс шакырып, Ресейге
өкілдерін аттандырган. 1918 жылдын коктемінде М.Пратап Петерборга
барып кайткан. М.Пратап пен Баракатүлла 1919 мамырда Мәскеуде
болып, Кеңес үкіметінің жетекшілерімен келіссөздер жүргізген. Негізгі
баскарушы күш елдегі ҮҮК жэне МЛ болды. Осылардың бірігіп
жасаған карсылыктары ЩІ8-1919 жылдары үлкен нәтиже берді.
63
Ағылшын жағы да жағдайды байкап, алдын ала шаралар
ойластыруға кірісті. 1919 жылы Үлыбритания парламенті бекіткен
«Монтегю - Челмсфорд заңы»
жарияланып, орталык жэне провинция-
лык жиналыстарға қатысты сайлау тәртібіне өзгерістер енгізілді.
(Монтегю -
Үндістан істеріне катысты министр, ал
Челмсфорд -
вице-
король). Сайлауда үнділіктер мен мұсылмандар бөлек тізіммен дауыс
беретіндігі хабарланды. Сөйтіп, халыкты дініне байланысты бөлшек-
теу заң аркылы бекітіліп, оның салдары кейін елді екіге бөлуге апарды.
Сонымен бірге ағылшындар «Роулетт заңын» қабылдап, елді кыңқ
еткізбей ұстауға тырысты. С. Роулетг ағылшын сотын баскарып
жүрген, оның атымен аталған заң бойынша шеруге және ереуілге
катыскандарды аяусыз жазалау, абақтыға жабу, шетке айдау т.б.
шаралар көзделді. Керек болса полицияга ок ату кұкығы берілді.
Ж аппай күрес кезіндегі Үндістан. Реформалар жобаларына
қанағат етпеген Ү ¥К ағылшындарға қарсы козғалыстар ұйымдасты-
руға кірісті. Гандидың ойынша ол, ең алдымен, Англия тәртібіне
көнбеушілік, ағылшын тауарларына бойкот жариялау, кызметтен бас
тарту, отаршылар ашкан мектептерге балаларды жібермеу, сайлауға
катыспау, сотка арызданбау түрінде өтіп, екінші кезеңде салык
толемеуге дейін бару керек еді. Бұл жолда «ахимса» ұстанымын
бұлжытпай орындау белгіленген. Іс жүзінде шарапарды орындау үшін
бұқара халық жаішай қимылдау керек болды.
1919 жылы сэуірдің басында Гандидің бастамасымен Бомбей,
Ахмадабад, Мадрас, Канпур қалаларында бір кезде
хартал
(жаппай
ереуілге шығу) ұйымдастырыл ды. 6 сәуір күні бүкіл омір тоқтап кал-
ғандай болды: бірде-бір мекемеге үнділіктер бармай, көшеге шықпай,
саудаға, оқуға катыспай қойды. Қала көлік жүйесі, кәсіпорындар
жұмысын тоқгатып тастады. Үн-түнсіз калалар отаршылдардың
зәресін алды. Харталдың жүруі өте ауыр жағдай болатын, оның зияны
халыкка да тиетіні белгілі. Бірак ол істің насырға шабатынын
ағылшындар байқады. Сонда да олардың ішінде үнді халкын карулы
күшпен шошындырудан бас тартпағандар болды. Бір апта өткенде
Амритсар
каласындағы
орталық
майданға
жиналған
бейбіт
митингілеу-шілерді олар оқ астына алып, мындаған адам өліп,
жаракаттан д ы.
Бұл оқиға бүкіл елді алаңдаты. Панжабтан басталған толқын
Үндістанның шыгысына, оңтүстігіне, батысына тарап, миллиондаган
ишрушшр, кшіа тұргындары ереуілдер мен шерулерге қатысты.
Отаршыл билеу жүйесіне кауіп төнді. Кейбір аудандарда халық
қарулана бастады.
64
Ағылшындар кысымына карсы бүкіл елде сатьяграха кимылдарын
өткізуге дайындалу
туралы
шешім
кабылдады.
Сол
арқылы
карсыласуды бейбіт түрде дамыту максат етіпді.
Сатьяграханың басталуы 1920 жылғы 1 тамызға белгіленді. Оның
жүруіне сол жылдары етек жайған халифатшылар козғалысы өз үлесін
косты. Оган мұсылман қауымы қатысып, халиф болып есептелген
Түркия сұлтанын колдаған. Батыс елдері 1918 жылы Стамбұлды басып
алып, ол елдің берекесін кетіріп, бөлісуге кірісті. Бүл козғалыс
батыстың отаршылдык саясатына карсы бағытталып, Үндістанда
ағылшын үстемдігін жоюға бет алды. Сөйтіп, 1920 жьшы сатьяфахаға
екі кауым біріге отырып қатысты. Сондықтан жаз-күз айлары
Үндістанда жаппай толқулар каптады. Оның қимылдары князьдіктерді
де қамти түсті. Ереуілдер, шерулер Ганди бағдарламасыңдағы талап-
тар бойынша өткенімен, кейбір аудандарда күш жүмсау байқалды.
Жүмысшылар мен шаруалар козғалысы нығайды. 1920-1921
жылдары 400—600 мыңға жуык адам катысқан ереуілдер болды.
1922
жьшы сатьяграха әрекетгеріне қатысушылар саны біртіндеп
азайды. Елдегі экономикалык жағдай жөнделе бастады. Ү лпык
буржуазия айтарлыктай күшейіп алды. Ағылшындардың билігі элі де
болса сакталып түрды. Олар 10 мыңдай кайраткерді камап койды.
Бірак қарсыласу күресі үзілмей келді. 1922 жылы акпанда Біріккен
провинцияларда Чаури-Чаура атты шағын деревня да жергілікті
полиция кызметкерлері бейбіт шаруалар жиналысына шабуыл жасап,
бірнеше адамды өлтірген. Ашуланған шаруалар полиция бөлімшесіне
от койып, ондагы полицейлерді ортеп жіберді. Ганди оз багдарламасы
бұзылганын алға тартып, сатьяфаха кимылдарын тоқтатуды қалады.
ҮҮК шешімі бойынша ағылшындарға карсы түру аякталды.
Үндістанның 20-30 жылдардагы дамуы. Революциялык күштер
шегінуге мәжбүр болды. Ағылшындарда 1927 жылга дейін тыныштык
орнады. Отаршыл өкімет тәртіпті қатайта түсті. Князьдіктердегі
шаруалар козғалысын күшпен басуға шешім шығарды. Үндістер мен
мүсылмандар арасын алшактатуға көп мән берді. Олардың колдауы-
мен үнділік шовинизм тереңдей берді.
ҮҮК-те екі топ калыптасты Ганди, Р.Прасад т.б. агылшындар
ұсынған «озгеріске карсыластар» тобында болды. Олар ағылшындар-
мен ешкандай ынтымакка келіспеу шартын ұстанды. Екінші топтагы
Мотилал Неру, Ч.Р.Дас т.б. заң шыгарушы жиналыстарға катысуды
дұрыс көрді. Олар саяси мэселелерді агылшындармен келісе отырып
реттеу ыңгайлы жол деп дэлелдеді. 1923 жылы осы топтагылар
Свараджалык партия (СП) күрып, заң шығарушы жиналыстарга және
аткарушы кеңестерге катысатын болды. Бірак свараджистер қимылда-
65
ры жеміс бермеді, сондыктан 1925-1927 жылдары СП ішінде тал ас
басталып, ол болшектенуге барды. Оның бір жагында М.Неру бастаған
ағылшындармен тіл табысушылар, екінші жагында
СубхасЧандраБос
(1897-1945 жж.)
бастаган толы к тәуелсіздікті үміттенгендер болды.
С.Ч.Боспен бірге Дж. Неру (1898-1964 жж.) кызмет аткарды. Олар
жастар, кәсіподак шаруалар қозғалысын дамытуға күш жұмсады. 1927
жылы екі жас кайраткер ҮҮК бас хатшылары болып тағайындалды.
Сол жылдың аяғында ҮҮК пурна свараджага (толык тәуелсіздікке)
жету — елдің түпкі максаты деп белгіледі. Оны 1925 жылы кұрылған
үнді компартиясы қолдап шыкты, бірақ ол астыртын кимылдап
беделсіз болып келген.
-
1924
жылдың басында Англияда бірінші лейбористік үкімет
кұрылып, оның жетекшісі
Р. Макдональд
империяны Британдық үлттар
достастығына айналдыруды ойлады. 20-30 жылдарда бұл түжырымға
сүйентен лейбористер Үндістандагы саяси күштермен ақылдасу тэсілін
колга алады. 1928 жылы Саймон комиссиясы күрылып, ол Үндістанга
лайықты жаңа конституция жобасын карастырды.
1930 жылы азаматтык бағынбаушылық қимылдары Гандидің
«11-
бабына»
негізделіп жүргізген. Олар рупийдің валюталық курсын
төмендету, жер салығын 50%-га қысқарту, эскери шығындарды 50%-га
азайту, агылшын шенеуніктері алатын жалақыны 50%-ға қысқарту,
ағылшын маталары мен киімдерін импорттауды азайту және оларға
деген кеден салыгын көтеру карастырылды. Сонымен бірге тасымал
жұмыстарын тек үнді кемелерімен жүргізу, қылмысты тергеуші
департаментті жою, болмаса оны қатаң бакылауға алу, өзін қорғау
үшін үнді азаматтарына кару ұстауға күқык беру, спиртті сусындарды
сатуға тыйым салу, саяси тұткындарды босату, түзга үкімет
монополиясын жою туралы мәселелерді камтыган. Сөйтіп, бұл жолғы
тілектердің көбі үнді ұлттык буржуазиясының мүдделеріне тікелей
катысты екені айдан анык көрініп түр. Оны түсінуге де болады,
өйткені Үндістанда 1927-1934 жылдары шаруашылықтар күйзеліске
душар бола бастаған. Ал әлемдік экономикалык дагдарыс 1929 жылдан
кейін елдің жагдайын қатты аксатты. Бидай бағасы 2 есе, джут 2-3 есе
төмендеп, шаруалар салык төлей алмай, мүлкін, жерін сатып каңгырып
кетуге мәжбүр болды.
Дагдарыс кезіидегі халык наразылығы ұлт-азаттық козгалыстын
өршуіне эсер етп. Оның бір көрінісін 1930 жылы наурызда канат
жайған тұз шеруінен байкауға болады. Гандидін өзі бастаған кала
тұргындары мен шаруалар Гужараттағы Ахмадабадтан Арабия теңізі
жағалауындағы Данди жеріне дейін жаяу жорык жасап, агылшындар
тыйым салган тұз кайнатуға кіріскен еді. Ынтымактасу козғалысы
66
бүкіл елге тарады. Жұмысқа шықпау, митингілер, шерулер. харталдар
ұлгайды.
Кейбір аймактарда карулы көтерілістерге ұласты. Елдің солтүстік
аудандарында шаруалар козғалыстары күшті дамыды. Шошынған
агылшын өкіметі шерулерге катысқандарды топ тобымен жазалауға
кірісті. Ү¥К-ге тыйым салынып, оның жетекшілерін камауга алды.
1930 жылы 60 мың адам камалып сотталған, олардың ішінде
Ганди,
Дж. Неру,
С. Ч.Бос
және басқалары болған.
1930 жылдың жазында Саймон комиссиясы өз жобасын
дайындаған. Келесі жылы наурызда Ганди-Ирвин пактісі бойынша
Англия жағы абактыдағы адамдарды босатуға, жазалауды токтатуға,
ал ҮҰК ынтымактаспау кимылдарын жүргізбеуге уагдаласты.
1934 жылы орталык заң шығарушы жиналысқа сайлау өтіп, оның
кұрамындагы орындардың жартысынан көбін Ү ¥К ұтып алды. Келесі
жылы тамызда Англия парламенті Үндістанды басқару туралы жаңа
заң кабылдады. Ол тарихқа
«1935 жылгы Үндістан конституцшсы»
деп енді.
Қанша қиын жағдайлар болғанымен, 30-жылдардағы өзгерістер
Үндістандағы саяси партияларға біраз билік әперді. Олар саяси өмірде
кездесетін киыншылықтарды ретгеу тэсілдерін үйрене отырып, кейін
сол алған тәжірибелерін пайдалана білді. 1937-1939 жылдары жерді
жалға алу жэне салыктар туралы жаңа зандар қабылданып, аграрлы
саладағы алгашкы өзгерістер өз нәтижесін бере бастады. 1938-1939
жылдары С.Ч.Бос Ү ¥К басшылығында болып, бірқатар солшыл бағ-
дарламалар кабылданды. Бірак Ганди, Р.Прасад, т.б. бұл бағдарла-
маларды 1939 жылы сәуірде жаратпай тастады. С.Ч.Бос Ү¥К-тен
шығып «Форвард блок» партиясын кұрды және оның кызметі
Бенгалиямен байланысты болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс алдындағы жэне согыс кезіндегі
Үндістан. 30-жылдардың соңында Еуропа елдері жаца согыска
жанталасып даярланды. Англия жағы Үндістанның саяси күштерін
фашистік Германияға карсы багыттауга тырысып, кажетгі үгіттеу
шараларын бастады. Ү¥К фашизмді әшкерелеп, Англияны колдамас
бұрын талаптар ұсынды. Олар: Үндістанда Қүрылтай жиналысын
шақыру, тек онын алдында жауапты барлык саяси партиялардың
катысуымен үкімет кұру; елдін келешегін реттейтін күкыкты
мойындау.
Ағылшындар оларга
көнбеді.
1939 жылы
Екінші
дүниежүзілік соғыс басталган күні вице-король Линлитгоу Үндістанды
согыска катысушы ел деп жариялап, британдық үнді әскерлерін эр
жактагы майданга аттандыра бастады. Оның қүрамында 1,5 млн
үнділіктер болды. Бірден «Үндістанды корғау туралы» зан бекітіліп,
67
елде әскери тәртіп орнатылды. Осыған орай арнайы салыктар
салынды, қорлар ұйымдастырылды. Ереуілдерге, шерулерге жол
бермейтін болды. Баспасөз бақылауға алынды. 1940 жылы қазанда
Ганди жекеленген сатьяграха жүргізу туралы шешімін жария етті. Оны
қалың жұрт қолдай түскенде отаршылдар жазалау әдісіне жүгініп, отан
]
сүйгіш үнділіктерді қамауға жапты. 1942 жылы тамызда Ү¥К-ге
тыйым салынды. М
Ганди, Дж. Неру, В. Патель
т.б. ұсталды. Бірак
елде оған қарсы жаппай ереуілдер мен толкулар басталды (Тамыз
революциясы).
4
J
Үнді Конгресі жетекшілерінің бірі С.Ч.Бос өзі құрған «Форвард
блокпен» Германия мен Жапонияны қолдап, солардың көмегімен
ағылшын үстемдігінен қүтылу мүмкшдігін іздеді. Сонымен бірге
«Жаудың жауы бізге дос» ұстамына сүйенгендерді жақтады. Ол 1941
жылы көктемде Еуропага сапар шегіп, Берлинде қабылданды, немістер
Босты Жапонияға жеткізді. Жапония қолдауымен Оңтүстік-Шығыс
Азияда Үнді азаттық армиясы құрылып, ағылшындарға қарсы
соғысты. 1944 жылы Бос армиясы Бирмадан өтіп, Үндістанға енгенде
Британ үнді әскерлері оған тойтарыс беріп, қолға түсірген. Бос 1945
жылы тамызда ұшақ апатынан каза тапқан.
Үнді коммунистері 1939-1941 жылдары Германияны жактап келді.
Өйткені ол саясатты КСРО жэне Коминтерн ұстанды. Ал Германия
КСРО-га карсы шабуылға шыкканда, Үнді компартиясы Англияны
кол дай бастады. Соган орай 1942 жылы тамызда агылшын өкіметі оган
ашык кызмет ат кару га рүқсат берді.
|
Соғыс басталысымен Үндістанда ірі ереуілдер ұлғая түсті. 1939
жылдың кыркүйек-желтоқсан айларында Бомбей, Канпур, Патна,
Мадрас қалаларында жүзден аса ереуілдер ұйымдастырылды. Келесі
жылы ереуілдерге қосылгандардың саны жарты миллионға жуык
болып, жұмысшылар талаптары күшейе түсті.
Я
1941 жылы жазда Еуропадагы жагдай мүлдем өзгерді. Германия -
ның КСРО-га қарсы шабуылы Үнді солшыл күштері арасында жаңа
көзқарас туғызды: енді олар Англияны колдауга шақырды. Конгресс
болса өз ұстанымынан қайтпады. Ал 1941 жылдың соңында Жапония
АҚШ-ка карсы шабуылга шығып, Тынык мұхит согысы басталды. Ол
агылшындарға да қауіп төндірді.
Я
АҚШ-тың ыкпалымен Лондон жағы Үндістандагы саясатын біраз
түзетуге ұмтылды. Желтоксан айында камалған ҮҮК-нің мүшелерін
босатуга кірісті. 1942 жылы наурызда Делиге Англия үкіметінің жаб-
дыктау жөніндегі министрі
Стаффорд Криппс келді,
саяси партиялар
жетекшілерін метрополия ұсыныстарымен таныстырды. Біріншіден.
Англия соғыс аякталғанша Үндістаннын бұрынгы калпында болуын
68
тіледі, ал содан соң оған доминион құқығын беруге даярлығын білдір-
ді. Екінші ұсынысы бойынша, соғыс біткен соң Үндістанда Құрылтай
жиналысына сайлау жүргізіледі, оның кұрамына князьдерден тагайын-
далған окілдер енеді. Қүрылтай жиналысы доминионның конституция-
сын карастырады. Соңгы ұсынысында кейбір провинциялар мен князь-
діктерге Британ империясында жеке доминиондар турінде қалуга
кұкык беруді айткан. Сойтіп, ағылшын билеушілері мәселені кейінге
қапдыруга, елді келешекте бөлшектеуге тырысып бакты.
Бұл тілектерге ҮҮК бой бұрмады. Криппс сапары нәтиже бермеді.
Елдегі толқулар жалғаса берді. 1942 жылы окиғалар жағдайды
киындата түсті. Азиядағы соғыс қимылдары Үндістан шекарасына
жакындады. Ганди 1942 жылы сэуірде «Үндістаннан кетіңдер!» деген
ұран тастады. Шілденің 6-жұлдызында ҮҮК елді жапондықтардан
ағылшын-үнді эскерлерімен қорғауга келісе отырып, Ганди ұранын
колдады. Жаппай толқулар басталуын күтпей-ақ, отаршылдар Ү¥К-ті
жауып, онын мүшелерін қайтадан камауға алды. 2 мың адам оқка
ұшып, 60 мыңдай адам абактыға камалды.
Ереуілдер, толкулар, ашаршылык, бағаның тым өсуі ел жағдайын
эбден нашарлатты.
1943— 1944 жылдары аштыкка карам астан
Үндістаннан 1 млн астык шетке кетіп жатты. АзыК-түлік бағалары 10
есе кымбаттап кетгі. Ашаршылыктан 5-6 млн адам кырылып қалды.
Ағылшындардың
қысымы,
тұрмыстың
нашарлауы
мен
саяси
ұйымдардың араздасуы ереуілдердің бэсеңдеуіне экеп сокты. Сонда да
ағышындар билігі төмендей берді. Беделден жұрдай болган Линлитгоу
орнына жана вице-король А.Уэйвелл тагайындалды (1943 жылы
казан). Ол келесі жылы мамырда ҮҮК жетекшілерін камаудан
босатып, ел мәселесін карастыру туралы келіссөздер жүргізді.
Агылшындардың араласуымвн М.К.Ганди мен М.Жиннаның пікір
алмасуы 1944 жылы өтті. Онда МЛ жетекшісі тэуелсіздік мэселесін
карастыру
алдында
жеке
Пәкістан
мемлекетін
кұру туралы
уағдаласуды жоспарлады. Конгресс партиясы оны тэуелсіздікке
жеткен сон плебисцит аркылы реттеу керек деген пікірде болды. Екі
саяси күш келіссөздері 1945 жылы көктемде мынадай келісіммен
аякталды: уакытша үкімет қүрамында эр партия 40% орыиды иеленді.
калған 20% орын
кесапаггыларға,
христиандарға,
парсыларға,
сикхтерге тиесілі болды. Ал елді екіге болу туралы мәселені қарастыру
Үндістанның саяси мәртебесін реттеген соң кейінге калдырылды.
Согыс аякталарда жасалған келісім тәуелсіздікке жету жолындагы
күрестің нәтиже бере бастаганын байкатты, бірак алдагы уақытта неше
белестерден өту кажет екендігі элі белгісіз еді.
69
§10. О рта Ш ығыс елдері. Ауғанстан. Иран
XX ғасырдын басындағы Иран. ¥ л т-азатты қ қозғалыстын
дамуы.
I
Бірінші дүниежүзілік согыс аяқгалғаннан кейін, 50 мыңнан астам
ағылшын эскері тобы Иран жеріндегі үстемдігін барынша түрақтан-
дыруға тырысты.
'|
Ирандағы Восуг од-Дауле үкіметі 1919 жылы 9 тамызда ағылшын-
иран келісімшартына қол қойды, ағылшындар елді өз «камқорлы-
ғына» алды.
Әділетсіз келісімшарт халыкгың жаппай наразылығын тудырып,
ирандықтар Әзірбайжанда, Гнлян, Хорасан аймақтарында үлт-азаттык
күрестін алғашкы ошакгарын тұтатты. Солтүстік Ирандағы Гилян
провинциясының азаттық күресінің басында демократиялық саяси
көзкарасты жақтайтын Көшек хан тұрды.
Коммунистік
Интернационалды
дүннежүзілік
пролетарлык
революция жеңеді деген үмітін барынша қолдаған Кеңес үкіметі
Иранда социалистік революцияны ұйымдастыруға асықты. Бұл үшін
кеңестік Әзірбайжан мен Түркістандағы мүсылман тұргындардан Иран
коммунистік партиясы мен Иран Қызыл Армия бөлімшелері күрылды.
Иран коммунистері мен армия баспшлары Гилянда дереу социалистік
мазмүндағы өзгерістер енгізіп, Кеңес үкіметі тәртібін кұруга тырысты.
Көшек хан баскарған үкімет басшылары Иран коммунистерінің
социалистік құрылыс орнату эрекеттеріне үзілді-кесілді қарсылык
білдірді. Гиляндагы революциялык ошак талкандалды, шах үкіметінің
үстемдіп канта орнатылды.
И ранныц 1921-1945 ж ы лдардағы саяси-экономикалы к даму
жолдары.
Агылшындардың үстемдігі Иран армиясындағы үлттык офицер-
лер тобының наразылығын тудырды. Парсы дивизиясының басшысы
полковник Реза-хан армияны шетел үстемдігінен құткарып, онын
тәуелсіздігін оекіту ең маңызды міндетпң оірі деп санады.
Реза-хан бастаған әскери тобы Тегеранға өтіп, мемлекеттік
төңкеріс ұйымдастырды.
Согыс жылдарында едәуір күшейіп алған Ираннын ұлттық
буржуазиялык топтары күшті билікті аңсады.
1925 жылдың 31 казанында Иран мәжілісі Каджар әулетін
биліктен кетіріп, саяси билікті жаңа патшага тапсырды. Полковник
Реза-иіаһ Пехлеви әулеті билік жүргізіп, тәртіпті катайтты. 20-30
жылдардын барысында Реза-шаһ Иранды заманға сай алга жылжыту
жолында едәуір буржуазиялык тұрғыдагы реформаларды іске асырды.
70
АзаматгьіК кылмыс заң жобалары жарияланды, жер қоры есепке
алынды, азаматгак соттар енгізілді.
Сырткы саясатта Р еза-ш аһ үкіметі, фашистік Германиямен
жакындасуды жөн көрді. Көптеген шаруашылық салаларында неміс
мамандары жұмыс істеді. Немістер Иранға қару-жарақ беріп, Иранның
сотые жарактарын жасап пшғаратын зауытгарын бақылады. Екінші
дүниежүзілік
соғыс жағдайында Ирандағы неміс агенттерінің кұпия
эрекеттері тым аскынып кетті. 1941 жылы 12 шіпде күні Англия мен
КСРО-ның арасында «Германияға қарсы соғыста бірігіп әрекет істеу»
шартына қол койылды. Иранның солтүстік аудандарына КСРО эскери
бөлімшелері, ал оңтүстік аймактарына ағылшын эскери тобы енгізілді.
Бүл оқиға Иран тарихында «шахривар оқигасы» (шахривар - айдың
аты) деп аталады. 1941 жылы 16 қыркүйекте Реза^шаһ тагынан бас
тартып, саяси кызметген кетуге мэжбүр болды. Иран тағына оның ұлы
Мохаммед Реза Пехлеви отырды.1943 жылы 9 қыркүйекте Иран
Германияға қарсы соғыс жариялап, антигитлердік блокқа жақтас
екенін білдірді.
_ .
1918-1945 ж ылдардағы Ауғансган. XX ғасырдың бірінші
жартысында мемлекетгік қүрылыс мэселе бойынша ауған зиялы қауым
өкілдерінің арасында
«ескі аугандықтар»
және
«жас аугандықтар»
тобы байқалды.
1919
жылы 20 акпан күні сарайлық төңкерістің барысында
Аманолла хан такка отырды. Бірінші болып Кеңес үкіметі
Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады.
Ағылшын үкіметі 1919 жылы мамыр айында Ауған жеріне басып
кіріп, үшінші агылшын-ауган соғысын түтандырды. Ағылпшвдар
ойлаған мақсатына жете алмай, соғыс шайқастарына сәтсіздікке
үшырап, уақытша бітімге келісуге мэжбүр болды. Ауғанстан
тәуелсіздігі мойындалды. 1921 жылы 28 акпан күні кеңес-ауған достык
келісіміне кол койылды.
.
Армияның, сауда буржуазиясынын, едэуір жер иелерінің
колдауына сүйінген Аманолла хан реформалық эрекеттерді жақтады.
Оның 1921 жылы
қулдықты жою туралы заңы
жарияланды. Мұндай
рефомаларды жүзеге асыру үшін «
Заңдық кеңес»
қүрылды. Ең
алдымен, салык жинау ісі колга алынды. Ескі өзіндік салыкгын орнына
ақша салығы енгізілді.
1 .
1923 жылдың 10 сәуірінде
оЛегізгі заң
» деген Ауганстан елінің
конституциясы жарияланды. Конституция барлык тұргындардың жеке
бас күкығын, тендігін, сөз, баспасөз бостандыгын жариялады.
Конституция жерге жеке меншіктік кұкықты қолдап, оны ерікті түрде
сатуга және сатып алуға ерік бердІ.
7
Реформалар барлык элеуметпк топтарды канағаттандыра алмады.
Оны 1928 жылы басталган Бачайо-сакао бүліншілігінен байкауга болады.
Тэжік жэне түрікмен тайпаларының Бачао-сакао (су тарткыш деген
мағынада) бастаған бүліншілігі Аманолла ханды биліктен тайдырып,
елден кашу ға мәжбүр етгі. Оның реформалык іс-эрекеттері жойылды.
Бұрынгы эскери министр болган Нәдір хан елдегі патриоттық
күштерді топтастырып, Бачайо-сакао бүліншілігін басып тастады.
Нәдір хан Ауғанстанның патшасы деп жарияланды. Нэдір әулеті
орталық үкімет билігін күшейтуге тырысты. 1933 жылы 8 карашада
Нәдір хан дүниеден өткеннен кейін, онын баласы Мохаммед Захир
патша билігін иеленді. 1934 жылы Ауғанстан Ұлттар Лигасына кірді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ауғанстан үкіметі бейтарап
саясатты ұстанды.
■
> j A
Достарыңызбен бөлісу: |