И. А. Зимняя педагогикалық психология


§ 1. Қарым –қатынастың жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата21.01.2017
өлшемі2,21 Mb.
#2408
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
§ 1. Қарым –қатынастың жалпы сипаттамасы 
 
Қарым
-
қатынас ӛзара әрекеттесу формасы ретінде
 
 
Қарым-қатынас, немесе коммуникация деп аталатын процесс – аса 
кең  және  сиымды  тҥсінік.  Бҧл  саналы  және  саналанбаған  вербалды 
байланыс,  ақпарат  алу  мен  беру,  оның  ӛзі  барлық  жерде  және  ҥнемі 
байқалып отырады. «Әлемнің кең алқабында коммуникация алып аспан 
денелерін  бір-бірімен  байланыстырады  деген  жорамал  бар  және 
Лермонтовтың  «жұлдыз  жұлдызбен  тілдеседі»  деген  метафорасы 
осылайша  жаңа  күтпеген  мағынаға  ие  болады»  [33,  7  б.].  Қарым-
қатынас  саналуан  сипатта;    оның  кӛптеген  формалары,  тҥрлері  бар. 
Педагогикалық  қарым-қатынас  адамдар  қарым-қатынасының  жекеше 
тҥрі  (мысалы,  іскерлік  (бизнескоммуникация),  отбасылық  қарым-
қатынаспен  және  т.б.  салыстырғанда).  Оған  осы  ӛзара  әрекет 
формаларының  жалпы  қасиеттері  де,  білім  беру  процесіне  тән 
қасиеттері  де    лайық.  Сондықтан,  педагогикалық  қарым-қатынасты 
анықтамас  бҧрын,  алдымен  қарым-қатынасты  жалпы  феномен  ретінде 
сипаттаушыларды  қарап шығайық.  
 
Қарым
-
қатынас проблемасының тарихы
 
 
Сӛз,  сӛйлеу,  елдің  алдына  шығып  сӛйлеу,  сӛйлеушінің 
тыңдаушыға  әсер  ету  ӛнері,  екі  ғасырдан  астам  байырғы  тарихқа  ие 
екені белгілі. Осы проблеманың кӛптеген маңызды сҧрақтарын, жалпы 
тҥрде,  тіпті  Цицеронның  ӛзі  қойып,  қарастырған.  Дәл  осы  Цицерон 
сӛйлеушінің  негізгі  коммуникативтік  міндеттерін  (оларды  қазір  солай 
атайды)  анықтайды:  «не  айту  керек,  қай  жерде  айту  керек,  және  қалай 
айту керек». Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон 
сӛйлеудің орындылығы сияқты  сапасын атайды , себебі «небір лауазым, 
небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті санамағанда,  
уақыт  пен  жұртшылық    барлық  жағдайлар  үшін  бір  ғана  ойлар  мен 

 
308 
лебіздер  түрін  ұстануға  жол  береді»  [228,  53б.].  Біздің  заманымызда 
бҧл  қарым-қатынастың  негізгі  ережелерінің  бірі  –  сӛйлеудің    формасы 
мен  мазмҧнының  нақты  аудитория  ерекшелігіне  тәуелділік  ережесі. 
Шешеннің ҥш міндетті – «не, қайда, және қалай сӛйлеуді» сақтауының 
негізінде, Цицерон шешендер тҥрлерін анықтаған, кімнің сӛзі «орынды 
болса»,  сол  шырқау шегіне жеткен шешен болған.  
Сонымен  бірге,  қарым-қатынас  –  бҧл  ХХ  жҥз  жылдықтың 
проблемасы. Ӛйткені, егер Кӛне Греция мен Кӛне Римде шешендік ӛнер 
риторика, эвристика  және диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің 
уақытымызда  тілдік  қарым-қатынас,  соның  ішінде  педагогикалық 
қарым-қатынас,  бірқатар  басқа  ғылымдар  кӛзқарасы  тҧрғысынан 
зерттеледі:  философия,  әлеуметтану,  социолингвистика,  психолингвис-
тика,  әлеуметтік  психология,  жалпы  психология,  педагогика  және 
педагогикалық  психология,  олардың  әрқайсысы  осы  жалпы  кешендік 
проблеманың қандай да бір қырын қарастырады.  
Тілдік  қарым-қатынас  бҥкіл  дҥние  жҥзінде  кеңінен  зерттелінеді. 
АҚШ-тың  ӛзінде  ғана  осы  проблемамен  ондаған  мың  ғылыми 
қызметкерлер  айналысатынын  айту  жеткілікті.  Қарым-қатынасты 
зерттейтін  арнайы  орталықтар  қҧрылған  (мысалы,  Карнеги  орталығы). 
Соның  ӛзінде,  осы  уақытқа  дейін  «қарым-қатынас»  тҥсінігінің  ӛзін, 
оның  салаларын,  механизмдерін  тҥсіндіруде  бірлік  жоқ.  Әрине, 
зерттеушілердің  тҥрліше,  тҥрлі  кӛзқарас  бойынша  осы  процеске 
тҥсініктеме  беруі,  оның  тҥрлі  моделін  жасаулары,  оны  зерттеуде 
коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік және т.б. тҥрлі 
келістерді ҧсынулары орынды.  
 
 Қарым
-
қатынас проблемасына  келістер
 
 
Қарым-қатынас іс-әрекеттік келісі тҧрғысынан бҧл  - бірлескен іс-
әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, ӛзара 
әрекеттің,  басқа  адамды  қабылдау  мен  тҥсінудің  ортақ  стратегиясын 
ӛндіруді  қамтитын,  адамдар  арасында  байланыс  орнату  мен  оны 
дамытудың  кҥрделі,  кӛп  жақты  процесі.  Қарым-қатынастың  мҧндай 
тҥсіндірмесі  келесі  әдінамалық  жағдайларға  сҥйенеді.  Біріншіден,  ол 
қоғамдық,  тауар-ақша  және  тҧлғааралық  қатынастардың  ажырамас-
тығын  мойындаудан  туындайды  да,  олардың  қҧралдары  немесе  ӛзара 
әрекеттесу қҧралы ретінде «...тіл және ақша» болады [10, 92-93 б.]. Бҧл 
-  бір  жағынан,  қарым-қатынастың  ӛндірістік,  қоғамдық  қатынастар 
жҥйесіне  қосылып  кеткендігін  білдірсе,  екінші  жағынан,  осы 
қатынастардың    сипаты  мен  мазмҧнының  қарым-қатынастың  ӛзінен 

 
309 
кӛрініс  табуын  білдіреді.  Бҧл  жерде,  осы  вербалды  қарым-қатынастың 
кҥрделілігі  мен  кемеліне  жеткендігі  оны  келесі  форма  тҥрінде 
қарастыруға  мҥмкіндік  береді,  «мұнда  қарым-қатынас  процесінің 
жалпы  заңдылықтары  зерттеуге  неғұрлым  жеңіл,    неғұрлым  жалаң 
және неғұрлым оған тән түрінде беріледі» [109, 15 б.]. 
Екіншіден,  бҧл  процесті  осылайша  тҥсіну  қарым-қатынас  пен  іс-
әрекет  бірлігіне    негізделеді,  ол  «қарым-қатынастың  кез-келген 
формалары бұл адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ереше  формалары» 
деп ҧйғарады [10, 93 б.]. Берілген жағдай педагогикалық процесс ҥшін 
ерекше  болып  табылатын    қарым-қатынасты  субьекттердің  бірлескен 
оқу іс-әрекетінің формасы ретінде санауға мҥмкіндік береді. 
Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір,  сонымен бірге, 
осы 
қҧбылыстар 
байланысының 
сипатын 
тҥсіндірулерінің  
біржақтылығын  ҧйғармайды.  Олар  адамның  әлеуметтік  болмысы 
жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет тҥрі сияқты тек (род)  – 
тҥр (вид) қатынасында болатын қҧбылыс ретінде қарастырылуы мҥмкін, 
яғни, (Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және 
т.б.). Соңғы жағдайда ол қандай іс-әрекет даралық па әлде ҧжымдық па 
деген сҧрақ туындайды.  Біз іс-әрекеттің екі формасы да мҥмкін дегенді 
негізге  аламыз,  бірақ  қарым-қатынастың  ӛзі  іс-әрекет  емес,  ол 
қоғамдық-еңбектік  қатынаста  әртҥрлі  іс-әрекеттің  айналысатын 
адамдардың  ӛзара  әрекеттесу  формалары  болып  табылады.  Мҧндай 
тҥсіндірме  Б.Ф.  Ломовтың  жалпы  позициясымен  сәйкес  келеді,  бҧл 
позиция  бойынша  қарым-қатынас  –  бҧл  «бір-бірімен  қатарлас 
(симметриялы)  дамушы  іс-әрекеттердің    бірінің  үстіне  бірі  қосылуы, 
жапсырылуы  емес,  ол  оған  серіктестер  ретінде  қатысушы 
субьекттердің  ӛзара  әрекеті»  [121,  252  б.].  Алайда  тҥсіндермелердегі 
айырмашылық  мынада:  Б.Ф.  Ломов  ҥшін  қарым-қатынастың  ӛзі  ӛзара 
әрекеттесу  болса,  оқулықта  келтірілген  анықтама  бойынша  қарым-
қатынас оның формасы болып табылады.   
Ӛзара  әрекеттесу  формасы,  адамның  қоршаған  ортамен,  басқа 
адамдармен ӛзара әрекеттесуінің ҥш жоспарының бірі ретіндегі адамдар 
іс-әрекетінің  қоғамдық  коммуникативтік  аясында  пайдаланатын 
қҧралдарынан  тәуелді.  Адамзаттың    іс-әрекетінің  аясы  ең  алдымен, 
адамның  ӛмірлік  іс-әрекетінің  мақсаттарының  бағыттылығының 
ӛзгеруіне  байланысты  жіктелінеді.  Мысалы,  ӛз    ӛзі  ҥшін,    ӛзінен  тыс 
нәрсені басқалар ҥшін және ӛзі ҥшін жасау, жарату сияқты адамның іс-
әрекетінің негізгі мақсаттарының ішінде мақсаттардың ҥш тобы бӛлінуі 
мҥмкін:  материалдық  және  рухани  мәдениет  ӛнімдерін  жарату; 
білімдерді қабылдау, жинақтау, меңгеру және ой алмасу, мақсаттардың 

 
310 
алғашқы  екі  тобын  қарым-қатынастағы  рухани  қажеттіліктерді 
қанағаттандыру  ҥшін  жҥзеге  асыру.  Осыған  сәйкес,  шартты  тҥрде  іс-
әрекеттің ӛзара байланысты және ӛзара шартталған ҥш саласын реттеуге 
болады:  қоғамдық-ӛндірістік  (еңбек),  танымдық  (танып  білу)  және 
қоғамдық-коммуникативтік  (қарым-қатынас).  Іс-әрекеттің  осындай 
формаларын  Б.Г.  Ананьев  оған  субъект  қҧрылымы  тҧрғысынан  келу 
негізінде  бӛлгені  маңызды.    Бҧл  келіс  бойынша,  адамда  еңбек,  таным 
мен қарым-қатынас  субъекттері қасиеттерінің ҥйлесуі адамның жалпы 
іс-әрекет субьекті және тҧлға ретінде ҧйымдасуын   анықтайды.  
Іс-әрекеттікпен  қатар  басқа  да  келістер  бар.  Мысалы,  вербалды 
қарым-қатынасқа  деген  келістердің  бірі  байланыс  теориясы  мен 
ақпараттар теориясымен ара қатынаста және ӛз кӛрінісін Ч. Осгуд, Дж. 
Миллер,  Д.  Бродбенттің  жалпы  психология  бойынша  еңбекетерінен, 
Г.Гебнердің,  Д.  Берлоның  және  т.б.  коммуникация  бойынша 
жҧмыстарынан  табады.  Бҧл  келіс  Г.  Лассвелдің,  қарым-қатынасты 
зерттеу міндеттерін «кім, нені, қай арна бойынша, кімге, қандай әсермен 
берді»
3
  формуласымен  анықтаған  еңбектеріне  дейін  ӛрлей  отырып, 
негізінен 
ақпарат 
алудың 
(қабылдаудың) 
психологиялық 
ерекшеліктерін,  коммуникатор  мен  аудиторияның  сипаттамаларын, 
қарым-қатынас шарттарын, қҧралдарын және т.б. зерттеуге бағытталған. 
Коммуникация  модельдерінде  оларды  зерттеу  компоненттері  (жалпы 
тҥрде:  бастау  –  хабар  –  арна  -  алушы)  мен  аймақтары  қарастырылады 
(коммуникатор мен аудитория ерекшеліктері, жағдайлары, ситуациялар, 
қҧралдары және т.б., қарым-қатынастың  тілдік қҧрылымы, ҧйымдасуы 
және  стилі,  оның  мәндік  және  семантикалық  мазмҧны  т.т.). 
эксперименталды  зерттеулерден  алынған  қорытындылар  негізінде 
аудитория  реакцияларының  әсерлері  мен  формаларына  қатысты,  яғни 
кері  байланыс  әсеріне,  аудиторияның  ӛзінің  сипатына  және  де 
коммуникацияның  реципиенттерінің
 
әлеуметтік  ҧстанымдар  жҥйесіне, 
мысалы  олардың  конвергенциясына  әсер  ету  аймағына  қатысты. 
«Ақпарат»,  «жҥйе»,  «кері  байланыс»  тҥсініктері  осы  келісте  орталық 
тҥсініктер болып табылады.  
Жҥйелік-коммуникативтік-ақпараттық 
келіс, 
ақпараттарды 
байланыс  арналарымен  беру  жағдайында  психикалық  процестер 
барысының 
ӛзгешелігін 
есепке 
алу 
негізінде 
коммуникация 
тиімділігінің  критерийлерін,  жағдайларын  және  тәсілдерін  анықтауға 
мҥмкіндік  береді.  Бҧл  жерде  жҥйе  ретінде  ӛзара  әрекеттесуші 
                                                 
3
  Кейіннен  осы  формула  келесі  тҥрде  болады:  «коммуникацияға  қатысушылар  – 
перспективалар  –  ситуация–  негізгі  қҧндылықтар  –  стратегиялар  –  реципиенттер  реакциясы  – 
эффектілер». 

 
311 
субъекттер  тҥсінігі  нақтыланады.  Ю.А.  Шерковиннің  кӛрсетуінше, 
жҥйелерді  коммуникациялық  тізбекке  біріктіру  кезінің  ӛзінде  ол 
олардың кҥйлерінің тәуелділігін білдіреді. Бҧл жағдайда функционалды 
келісімделген  жҥйелер  –  коммуникатор  психикасы  мен  реципиент 
психикасы 
(немесе 
реципиенттердің) 
ӛзара 
әрекеттеседі. 
«Коммуникация арқасында осындай жүйелер бірдей күйде болып және 
әрекеттене алады – эмоционалдық қозу немесе салмақты байыптылық, 
мазасыз  сенімсіздік  немесе  біліміне  сенімділік  күйлері.  Олар 
бағыттылығы  мен  қарқындылығы  бойынша  ұқсас  ұстанымға  ие 
болуға, ойлау материалы ретінде ұқсас таптаурындарды пайдалануға 
қабілетті»  [234.  26  б.].  Осы  жағдай  педагогикалық  қарым-қатынасты 
сипаттау ҥшін едәуір маңызды. 
Коммуникацияның  екі  жағы  ретінде,  оның  субъекттерінің 
интерпсихологиялық  ӛзара  әрекеттесулерінің  ішінде  тілдік  хабарды 
қабылдау мен ӛндірудің осы жҥйелердің әрқайсысының ішінде, кҥрделі 
интрапсихологиялық  ӛзара  әрекеттесу  болады.  Мысалы,  егер  осы 
процесті  лектор  А-ның  лекция  оқуы  мен  тыңдаушы  Б-ның  лекция 
тыңдауы  барысында  қарастырсақ,  онда  А↔Б  ӛз  тарапынан  кҥрделі 
интерпсихологиялық ӛзара әрекеттесу болып табылса, А-ның, Б-ның да 
әрқайсысы жҥйе ретінде ӛз ішінен ақпаратты алуды, қайта ӛңдеуді және 
шешім  қабылдауды  жҥзеге  асырады.  Тыңдаушы  Б  тек  А-дан  ақпарат 
қабылдап  қана  қоймайды,  ол  қабылданған  шешім  негізінде  сӛйлеуге 
потенциалды  дайындықты  қоса  отырып,  оны  қайта  ӛңдейді.  Сонымен 
бірге,  тыңдаушы  Б  басқа  тыңдаушылардан  да  ақпарат  алады,  яғни 
аудитория ішілік қатынастардың кҥрделі жҥйесіне тҥседі. Лектор А тек 
ақпарат  кӛзі  емес,  ол  сонымен  бірге,  аудиториядан  кері  байланыс 
арналары  арқылы  келіп  тҥскен  ақпараттарды  қабылдаушы  және  т.с.с. 
болады.  Басқаша  айтқанда,  интерпсихологиялық  жҥйе  тек  бір  ғана 
ақпарат беру немесе алу функцияларын ғана емес, сондай-ақ оның бҥкіл 
коммуникативтік  ӛңделуін  іске  асырады,  бірақ  бҥкіл  қатарға  кері 
тәртіпте,  яғни  алудан  беру  тәртібінде  болады.  Осылайша,  А↔Б  
коммуникативтік қатары макрожҥйе болып келеді, оның ішінде әр жҥйе 
шегінде  қабылдау,  ӛңдеу  және  шешім  қабылдау  жҥреді.  «Сынып» 
немесе «аудитория» болып табылатын Б жҥйесінде бҧл процесс барлық 
тыңдаушылар  арасында  кӛпарналы  байланыс  орнату  есебінен,  одан 
сайын кҥрделенеді [қараңыз 11, 123б.]. 
Коммуникативтік  келіс,  бҥгінгі  кҥнгі  педагогика  қолданатын 
педагогикалық  ӛзара  әрекеттесу  схемасын,  оған  енетін  буындардың 
бҥкіл  алуантҥрлігімен  (бастау,  ситуация,  байланыс  арнасы,  кері 
байланыс т.б.) кӛрнекті кӛрсетуге мҥмкіндік береді. Бірақ берілген келіс 

 
312 
бойынша  осы  ӛзара  әрекеттесудің  ішкі  табиғатын,  оның  объекттерінің 
екі жақты белсенділік сипатын және т.б. ашпайды. Осы табиғатты ашу 
ҥшін  сӛйлеуші  мен  тыңдаушы  байланысын  орнататын  ғана  емес, 
сонымен  бірге  оның  психологиялық  механизмдерінде  анықтай  алатын 
келіс қажет. Мҧны тек іс-әрекет қажеттіліктері мен тҥрткілерін, мақсат 
пен  міндеттерін,  оның  психологиялық  қҧрылымын,  субъекттер 
ерекшеліктерін  талдағаннан кейін ғана, басқаша айтқанда іс--әрекеттік 
келіс негізінде ғана жасауға болады.  
Сондай-ақ, тілдік қарым-қатынасты адамдардың ӛзара әрекеттесуі, 
интеракционизм  тҧрғысынан  тҥсіндіруге  неғҧрлым  ортақ  әлеуметтік-
психологиялық  келіс  те  бар.  Осы  келіс  арнасында  коммуникация 
(немесе  қарым-қатынас)  мен  басқа  неғҧрлым  кең  тҧрғыдағы  адамдар 
ӛзара  әрекеттесулерінің  байланыстарының  ҥздіксіздігі  атап  кӛрсетіледі 
[163; 164; 11, 100-116 б.].  
 
Қарым
-
қатынас функциялары
   
 
Қарым-қатынас  мәнін  анықтау  ҥшін,  соңғы  он  жылдарда 
дамытылған,  оның  функционалдық  және  деңгейлік  ҧйымдасуы  жайлы 
ҧсынулар  маңызды  болып  шықты  (Б.Д.  Парыгин,  Г.М.  Андреева,  А.А. 
Бодалев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, В.Н. 
Панферов,  Е.Ф.  Тарасов,  Я.  Яноушек  және  т.б.).  мысалға,  қарым-
қатынасты  «мазмұны  бірлескен  іс-әрекет  үшін  қолайлы  түрлі 
қатынастар  кӛмегімен  ақпарат  алмасу  мен  ӛзара  түсіну  болып 
келетін адамдардың ӛзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып [160, 
162б.], В.Н. Панферов қарым-қатынастың тӛрт  сәтін бӛлген:  байланыс, 
ӛзара  әрекет,  таным,  ӛзара  қатынас  және  осыған  сәйкес  қарым-
қатынасты  зерттеуде  тӛрт  келісті  ҧйғарады:  коммуникативтік, 
ақпараттық,  гностикалық  (танымдық)  және  реттеуші.  Б.Ф.  Ломов 
қарым-қатынастың ҥш жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық-
коммуникативтік, 
реттеуші-коммуникативтік 
және 
аффективтік-
коммуникативтік  және  де  ӛзіндік  коммуникативтік  компоненттің 
хабарды алу мен беру ретінде, мінез-қҧлықты реттеу мен қабылдаудың, 
бастан кешірулердің болуы ретінде, яғни аффективті компонент ретінде 
міндеттілігін атап кӛрсетеді. 
Қазіргі  кезде  кең  таралған  келіс  бойынша  қарым-қатынаста  оның 
коммуникативтік, 
интерактивтік 
және 
перцептивті 
жақтары 
қарастырылады  [10,  97-98  б.].  Маңыздысы,  осы  қарым-қатынас 
жақтарының  бәрі  бір  мезгілде  кӛрінеді.  Коммуникативті  жағы  ақпарат 
алмасуда,  интерактивті  –  қарым-қатынас  серіктерінің,  олардың  қарым-

 
313 
қатынасының  таңбалық  жҥйелерін  (вербалды,  вербалды  емес)  кодтау 
мен  декодтауларының  бір  жақтылы  жағдайында  ӛзара  әрекеттерін 
реттеуде, 
перцептивті 
болса, 
– 
әңгімелесушіні 
салыстыру, 
сәйкестендіру,  апперцепция,  рефлексия  сияқты  механизмдердің 
кӛмегімен 
«оқу» 
кезінде 
жҥзеге 
асырылады. 
Мҧғалімнің 
коммуникативтік  әсерінен  ҥйренушілер  тобының  қалыптасушылық 
дәрежесіне  байланысты  осы  процестің    қандай  да  жағы  кӛбірек 
айқындалуы мҥмкін.  
Қарым-қатынас  субъекттері  ӛзіндік  функционалды  жҥктемені 
алып  жҥреді  және  бҧрыннан  бері  қарым-қатынастың  тҥрлі 
функцияларын  жҥзеге  асырушылар  ретінде  қарастырылады.  Мысалға, 
А.А.  Брудный  бойынша,  коммуникацияда  (қарым-қатынаста)  ҥш 
бастапқы 
функциялар: 
активациялық 
– 
әрекетке 
тҥрткілеу; 
интердиктивті 
– 
тиым 
салу, 
тежеу 
(«болады-болмайды»); 
дестабилизациялаушы  – қоқан-лоққы, қорлау және т.б., және де қарым 
қатынастың тӛрт негізгі функциялары бӛлінуі мҥмкін: инструменталды 
–  іс-әрекеттің  қарым-қатынас  жолымен  ҥйлестіру;  синдикативті  – 
қауымдастықты, топты жасау; трансляциялық. Соңғысы педагогикалық 
қарым-қатынас  ҥшін  ерекші  қызықты,  себебі  «бұл  функция  оқыту 
негізінде  жатыр:  қарым-қатынас  арқылы  тұлға  оқытылуы  жүзеге 
асады,  мемлекет  тарапынан  институционалдық,  санкцияланған  және 
ұйымдастырылған  да,  қайталана  беретін  адамдармен  контакт 
процесінде болатын, берілген кісіге ӛз білімдері мен дағдыларын беруге 
қабілетті, ӛзіндік даралық,  формалды емес те» [33, 34 б.]. 
Қарым-қатынас 
функциясының 
неғҧрлым 
жете 
талдауы 
контакттілік,  ақпараттық,  тҥрткі  болушы,  ҥйлестіруші,  тҥсіну 
функциясын  қатынастар  орнатудың  эмотивті  функцияларын  және  әсер 
ету функцияларын саралап жіктеуге  мҥмкіндік береді (Л.А. Карпенко). 
Тілдік қарым-қатынасты талдай отырып, Р. Якобсон 40-шы жылдардың 
басында  Н.С.  Трубецкий  атаған  (эксплекативті,  апеллятивті, 
экспрессивті)  тілдің  негізгі  тӛрт  функцияларын  мәнді  толықтыра 
отырып,  сӛздің  алты  негізгі  функцияларын  бӛледі.  Р.  Якобсон  [250] 
бойынша, сӛздің  негізгі функциялары:  
1.
 
Эмотивті 
(экспрессивті, 
аффективті) 
– 
сӛйлеушінің 
хабарлаушыға  қатынасы  («Қандай  ӛкінішті,  қандай  келеңсіз!»,  «Тағы 
жауын жауды»). 
2.
 
Конативті – адресатты әрекетке итермелеу, ӛтініш, бҧйрық. 
3.
 
Референциондық (когнитивті, денотативті) – ойды білдіру. 
4.
 
Поэтикалық – шынайы мен қияли демаркациясы. 

 
314 
5.
 
Фатикалық  –  контактіні  қолдау  (мысалы,  «Алло»,  «Сәлем», 
«Қалың қалай?»). 
6.
 
Метатілдік – ӛз айтуларын нақтылау, реттеу. 
Тілдік  функцияларды  М.  Холлидей  біршама  басқаша  анықтады 
[249].  Ӛз  баласының  тілінің  дамуын  бақылай  отырып,  ол  сӛздік  тілдік 
мінез-қҧлықтың 
жеті 
функциясын 
бӛледі: 
инструменталды 
(материалдық 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыру); 
реттеуші 
(айналадағылардың  мінез-қҧлқын  қадағалау);  ӛзара  әрекет  (контактіні 
қолдау);  жеке  ӛзіндік  (ӛзін-ӛзі  анықтау);  эвристикалық,  ізденушілік 
(неге?);  қиялдаушы  (ішкі  дҥние);  ақпараттық  (жаңа  ақпаратты  беру). 
Тілдік  функциялардың  атауы  мен  мазмҧнының  кӛпжақтылығы  айқын. 
Олардың  барлығы  да,  коммуникативтік  ӛзара  әрекеттесудің  тҥрлі 
жақтарын 
бейнелей 
отырып, 
педагогикалық 
қарым-қатынасқа 
тҥсініктеме беруде кеңінен қолданылады.  
 
Қарым
-
қатынас сипаттамасы
 
 
Қарым-қатынастың  жалпы  сипаттамаларын,  ары  қарай  осы 
позиция  тҧрғысынан  ҥйренушілер  мен  ҥйретушілердің  (мҧғалім  мен 
оқушылардың,  оқытушы  мен  студенттердің)  қарым-қатынасын 
сипаттайтындай етіп қарастырайық. 
Тілдік қарым-қатынас процесінің формалды жағы А.А. Холодович 
суреттеген тілдік мінез-қҧлық типологиясының негізінде  сипатталынуы 
мҥмкін.  Ол  тілдік  акттің  сәйкестендірілуінің    бес  бинарлық  белгілерін 
ҧсынды:  білдіру  қҧралы,  коммуникативтілік,  бағдарланғандық, 
квантификативтілік,  контакттілік  [226].  Мысалға,  «білдіру  қҧралы» 
белгісі  бойынша  қарым-қатынас  дыбыстық  немесе  жазбаша  болуы 
мҥмкін.  «коммуникативтілік»  белгісімен  автор  серіктің  болу  немесе 
болмауын белгілейді және де бар болған жағдайда – не тікелей (мысалы, 
диалог),  не  жанама  коммуникативтілікті  белгілейді  –  делдар  арқылы, 
ҥшінші  адам  арқылы  (мысалы  аудару).  «Бағдарланғандық»  не 
ауыспалықты  (біреу  сӛйлейді,  басқасы  (басқалары)  тыңдайды),  не 
ӛзаралық  (екі  әңгімелесуші  кезек-кезек  сӛйлейді  және  тыңдайды). 
«Квантификативтілік»  тыңдаушылар  санын  (біреу  –  кӛп)  және 
қабылдаушы  жақ    сипатын  анықтайды.  А.А.  Брудный  терминологиясы 
бойынша  осыған  байланысты  қарым-қатынастың  екі  тҥрін  ажыратады: 
аксиалды  және  ретиалды  (желілік).  «Контактілік»  белгісімен  кӛз 
алдында  әңгімелесушінің  болуын  не  жоғын    белгілейді.  Аталған 
белгілердің  ҥйлесімі  бойынша  теоретикалық  тҥрде  тілдік  қарым-
қатынастың  32  тҥрі  болуы  мҥмкін.  Осы  тҧжырымдама  терминінде 

 
315 
педагогикалық  қарым-қатынас  кӛпшілігінде  дыбыстық,  тікелей, 
контактілі, ауыспалы (ол ӛзара болуы керек), бҧқаралық және аксиалды-
ретиалды ретінде сипатталауы мҥмкін.  
Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен психологиялық 
қатынаста  байланысқан    адамдар  арасындағы  мақсатты,  тура  немесе 
қайсы  бір  қҧралдармен  жанамаланған  контакт  орнату  және  қолдау 
процесі  ретінде  анықтай  отырып,  А.А.  Леонтьев  оның  келесі 
сипаттамаларын  бӛледі:  контактілік,  бағдарланғандық,  бағыттылық, 
арнайы  семиотикалық  пен  процестің  психологиялық  динамикасы. 
Соңғы редакцияда олар А.А. Леонтьев бойынша аранайы семиотикалық 
және 
жанамалылық 
дәрежесі, 
қарым-қатынас 
бағдары 
мен 
психологиялық  динамикасы  ретінде  анықталған  [109,  65-78  б.].  Бҧл 
жерде  бҧрынырақ  аталған  сипаттамалардың  кейбіреуін  ол  жаңа 
мазмҧнға  толтырады.  Мысалға,  бағыттылықтың  екі  жақты  табиғаты 
белгіленеді:  адамдардың  ӛзара  әрекеттесу  ерекшеліктерін  ӛзгертуге 
және олардың ӛздерінің ӛзгеруіне бағыттылық.  
Бағдарды  анықтау  кезінде  ақпарат  алмасу  бағыты  ғана  емес, 
сондай-ақ  бағдарланудың  ӛзінің  бағыттылығының  әлеуметтік  немесе 
тҧлғалық  табиғаты  да  белгіленеді.    Осы  негізде  А.А.  Леонтьев,  Б.Х. 
Бгажноков  қарым-қатынастың  екі  типін  бӛліп  кӛрсетеді  –  тҧлғаға 
бағдарланған 
және 
және 
әлеуметтік 
бағдарланған. 
Олар 
коммуникативтік,  функционалдық,  әлеуметтік-психологиялық  және 
тілдік  қҧрылыммен  ажыратылады.  Әлеуметтік  бағдарланған  қарым-
қатынастағы  айтулар  кӛптеген  адамдарға  арналады  және  әркімге  де 
тҥсінікті  болуы  керек.  Сондықтан  да  оларға  толыққандылық, 
дамығандық,  ашықтық,  дәлдік  және  жоғары  мәдениет  талаптары 
қойылады.  Қарым-қатынастың  арнайы  семиотикалық  мазмҧны  барлық 
қҧралдардың – вербалды және вербалды еместердің  бірігуінің – тілдік 
әсер ету тиімділігін жоғарлату ҥшін маңыздылығын айрықша кӛрсетеді. 
Контакттілік  айтылып  тҧрған  хабардың    уақыт  пен  кеңістік  бойынша 
жақындығы  мен    оның  қабылдану  дәрежесі  бойынша  қарастырылады. 
Қарым-қатынастың  маңызды  сипаттамасы  оның  психологиялық 
динамикасы  болып  табылады,  ол  сӛздік  әсер  ету  ерекшеліктерімен 
анықталады.  
Сӛздік  ақпараттың  адам  психикасына  әсер  ету  дәрежесі  мен 
сипаты  қандай  болуына  байланысты  келесілерді  бӛледі:  хабарлау, 
сенімін  жеткізу  және  сендіру  [163].  Осы  сипаттамалар  бойынша  А.А. 
Леонтьевтің  ізінше  лекцияны  «онда  қолданатын  құралдар  сипаты 
және  әлеуметтік  жанамалануы  бойынша  тұлғааралық  қарым-

 
316 
қатынасқа таяу (әңгіме) түрлі психологиялық динамикалы» әлеуметтік 
бағдарланған қарым-қатынас ретінде анықтауға болады [108, 12 б.]. 
Аталғандарға  қарым-қатынастың  тағы  екі  сипаттамасын  қосуға 
болады:  тҧлғалылық,  ӛкілділік  кӛрнекіліктік  және  кӛпақпараттылық. 
Біріншісімен  сӛйлеушінің  (мҧғалімнің  немесе  оқушының)  мәтіндегі 
субъекттік кӛрінісі  белгіленеді, екіншісімен – тілдік қарым-қатынастың 
кӛп  жоспарлығы  белгіленеді,  мҧнда  бір  мезгілде  оның  барлық 
сипаттамалары  жҥзеге  асырылады  (мазмҧндық,  мәнерлік,  әсер 
етушілік), тҥрлі деңгейлері бейнеленеді (пәндік, мағыналық және т.б.).  
Кӛрнекіліктің әлеуметтік табиғаты былайша анықталады: адамдар 
арасында    пәнсіз  қарым-қатынас  болмайды,  ол  әрқашанда  мазмҧнды, 
тарихи  нақты  болып  келеді  және  де  «...  тек  қоғамдық  іс-әрекет  пен 
қатынастардың  белгілі  бір  түрінде  –  ӛндірістік-техникалық, 
экономикалық,  саяси,  адамгершіліктік  және  т.б.  қандай  да  бір  нақты 
себеп  бойынша  бола  алады»  [38,  16  б.].  Іс-әрекеттің  осы  тҥрлеріне 
қарым-қатынас  әсер  етеді  және  одан  кӛрінеді.  Кӛрнекілік  кез-келген 
қарым-қатынасқа  араласушылардың,  мысалы,  мҧғалімнің  (оқытушы-
ның) 
және 
оқушылардың 
(студенттердің) 
даралық-тҧлғалық 
ерекшеліктерін,  олардың  мәдениет  деңгейін,  жасын,  жынысын  және 
қызығушылықтарын,  қажеттіліктерін,  талғамдарын,  бейімділігін  және 
т.б.  бейнелейтінін  ҧйғарады.  Тілдік  қарым-қатынасты,  оның  негізгі 
формаларын,  қарым-қатынас  ӛнімін  талдау  ерекше  мәнге  ие,  ол  осы 
қарым-қатынасты  жҥзеге  асырушы  адамдар  қатынасатын  әлеуметтік-
қоғамдық  қатынастарды да, олардың тҧлғалық ерекшеліктерін де ашуға 
мҥмкіндік береді.  
Қарым-қатынастың  кӛп  ақпаратттылық  сипаттамасының  да 
маңыздылығы кем емес. Ол вербалды қарым-қатынас жасау процесінде 
берілетін  тілдік  хабарлама  кҥрделі  коммуникатитвтік-пәндік  мазмҧнға 
ие,  ол  ӛзіндік  мазмҧндық,  мәнерлік  және  тҥрткі  болушы    тҧрғыдағы  
айтулардың  бірлігі болып табылады. Әрине,  олардың әрқайсысы азды 
кӛпті  мӛлшерде  айқын  кӛрінуі  мҥмкін,  бірақ  олардың  ішкі  бірлігі 
вербалды 
(тілдік) 
қарым-қатынастың 
адамдардың 
қоғамдық-
коммуникативтік  іс-әрекетіндегі  кӛп  ақпараттылығын  анықтайды. 
Осылайша,  тілдік  (вербалды)  қарым-қатынас  кем  дегенде  жеті 
сипаттамамен  суреттеледі:  контакттілік,  бағдарлылық,  бағыттылық, 
семиотикалық 
мамандандыру, 
динамика, 
кӛрнекіліктік, 
кӛп 
ақпараттылық.  
 

 
317 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет