И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


сағат, алтын сағат, жібек орамал, тас үй, тас жол, кигіз үй



Pdf көрінісі
бет20/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99
сағат, алтын сағат, жібек орамал, тас үй, тас жол, кигіз үй, 
кірпіш үй, ағаш үй, оқушы бала, т. б. тәрізді тіркестердің 
бірінші зат есім сыңары зат есімге тән емес қатыстық-сындық 
мәнді білдіріп, қандай? деген сүраққа жауап береді.
Негізгі (толық мағыналы) сөз бен көмекші сөздің тіркесуі 
арқылы да грамматикалық магынаның берілуі қазақ тілінен 
үлкен орын алады. Негізгі сөздерге септеулік шылаулар тіркесу 
арқылы мақсат, себеп, арнау, мекендік, мезгілдік, саралау, 
үқсату, жәрдемдік, комектік, молшерлік сияқты магыналар 
үстеледі. Мысалы, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ- 
барды, ертегіні термек үшін деген сөйлемдегі үшін шылауы
031 тіркескен ермек, термек сөздеріне мақсат мәнін үстеген. 
Ал демеулік шылаулар озі тіркескен сөзге я түгел сөйлемге 
әртүрлі күшейткіш, сүрау, болжам, шектілік тәрізді мән 
үстейді. Ашаршылық жоқ па? Ақ жағы қалай? Сауыны тәуір 
ер бар ма? Осының бәрін қадағалап сүрайды (М. Әуезов). -
Шүғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз-ау! - деді (Б. Май- 
лин). Сондай-ақ көмекші етістіктердің өздері қатысты негізгі 
сөздерге (етістікке не есім сөздерге) үстейтін грамматикалық 
мағыналары сан алуан. Мысалы, тек қана оқып сөзіне 
тіркескен мына комекші етістіктердің үстейтін грамматикалық 
магыналары қаншама: оқып отырды, оқып жүрді, оқып түрды,
32


оқып болды, оқып шықты, оқып қалды, оқып қойды, оқып 
көрді, т. б.
Сөздердің 
қосарлануы 
арқылы 
жалпылық, 
көптік, 
сөздердің қайталануы арқылы көптік, дүркінділік, сындық 
мәндегі сөздерде үстеме буын арқылы күшейткіш мағыналар 
үстеу де грамматикалық мағына білдірудің белгілі бір жолда- 
ры болып табылады. Мысалы, аяқ - табақ, үлкен - кіші, кәрі -
жас дегендер жаңа туынды (сөз) болумен қатар жалпылық мән 
сияқты грамматикалық мағына да білдіріп түр, ал қора-қора қой, 
тау-тау астық, көре-көре, сөйлей-сөйлей дегендегі қайталама 
қос сөздер көптік, дүркінділік үғымды білдіреді, қып-қызыл,
жап-жақсы, үп-үлкен дегендегі үстеме буындар (қап, жап, үп) 
күшейткіш мәнді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет