I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


ЕҚБ балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру бойынша педагогтардың міндеттері



бет12/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
15.ЕҚБ балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру бойынша педагогтардың міндеттері
Инклюзивтік білім беру әр түрлі әлеуметтік азшылық топтарға жататын балаларға білім беруге кемсітушілік көзқарасқа қарсы тұрады, сол себепті кемсітушілікке қарсы халықаралық құқық актілерін орындаудың мүмкін болатын жалғыз нормасы болып табылады. Осыған байланысты инклюзивтік білім берудің сегіз қағидасын еске түсіріп кету дұрыс болады:
1.Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістігіне тәуелді емес.
2. Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адамның қарым-қатынасқа және естілуге құқығы бар.
4. Барлық адам бір-біріне мұқтаж.
5. Нағыз білім беру өзара шынайы қатынастар контексінде ғана жүзеге
асырылады.
6. Барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж.
7. Барлық оқушылар үшін ілгерілеу нені істей алмайтынында емес, нені
істей алатынында болуы мүмкін.
8. Сан алуан түрлілік адам өмірін жан-жақты күшейтеді
Мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу үшін міндетті түрде психологиялық-педагогикалық қызмет қажет, олардың міндеттері шеңберіне балалармен дамыту немесе түзету жұмыстары ғана емес, сонымен қатар педагогтармен және ата-аналармен жалпы тәсілдерді, баламен жұмыстың бірыңғай стратегиясын әзірлеу бойынша тұрақты ынтымақтастық кіреді.
Даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі-ПМПК) қорытындысы мен ұсынымдары негізінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымының ішінде штаттық мамандар (арнайы педагог, психолог, мұғалім-логопед, әлеуметтік педагог және басқалар) негізінде жүзеге асырады.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу тобының әрбір мүшесі кәсіби этиканы сақтауы, егер бұл балаға немесе оның отбасына зиян келтіруі мүмкін болса, психологиялық-педагогикалық тексеру, консультациялық жұмыс немесе басқа да қызмет түрлері нәтижесінде алынған мәліметтерді таратпауы тиіс.
Оқу-тәрбие процесіне инклюзивті білім беруді енгізу мектеп психологына тікелей әсер етеді. Оның бұл үдерістегі рөлі-жекелеген балалар мен педагогтарды, тұтас сыныптар мен жергілікті қоғамдастықты біріктіретін, балалардың шектеулеріне емес, мүмкіндіктерге назар аударатын тұтас қолдау жүйесін құру. Басқаша айтқанда, мектеп психологы мектептің корпоративтік мәдениетін өзгертіп, мұғалімдерге кәсіптің жаңа қырына бейімделуге көмектеседі.
Оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу білім беру процесінің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы:
1. Балаларда қабылдау дамуының төмен деңгейі байқалады.
2. Кеңістіктікті бағдарлау көріністері жеткіліксіз қалыптасқан.
3. Назар тұрақсыз, шашыраңқы, балалар бір қызметтен екіншісіне әрең ауысады.
4.Есте сақтау процестерінің бұзылуы.
5. Танымдық белсенділік төмен.
6.Құрдастарымен, сондай-ақ ересектермен қарым-қатынас қажеттілігі төмендеді.
7. Ауызша және жазбаша сөйлеудің бұзылуы.
8. Төмен жұмыс қабілеттілігі байқалады.
Осының салдарынан балаларда оқу қызметінің толыққанды дағдыларын меңгеруге психологиялық алғышарттардың жеткіліксіз қалыптасуы байқалады. Оқу іскерліктерін қалыптастыру қиындықтары пайда болады (алдағы жұмысты жоспарлау, оқу мақсатына жету жолдары мен құралдарын анықтау; қызметті бақылау, белгілі бір қарқынмен жұмыс істей білу) .
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу баланың білім беру - тәрбие процесі жағдайында дамуын қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың ерекше түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік - психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасайтын мамандардың біртұтас, жүйелі ұйымдастырылған қызметін білдіреді.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің екі бағытын бөліп көрсету керек:
- балада туындаған қиындықтарды шешуге бағытталған өзекті;
-оқыту мен дамытудағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған, перспективалы.
Екі бағыт тек барлық сүйемелдеу қызметі мамандарының бірлескен күш-жігерімен іске асырылуы мүмкін. Сүйемелдеу қызметінің қызметінде бір-бірімен өзара байланысты үш міндетті компонент бар:
* баланың дамуының диагностикасы (психикалық, тұлғалық, әлеуметтік):
* түзету-дамыту бағытындағы жеке және топтық сабақтар бағдарламаларын іске асыру:
* оқыту және дамыту үшін мүмкіндіктері мен баланың даму деңгейіне қойылатын талаптар тұрғысынан білім беру ортасын талдау.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің негізгі міндеттері:
1) балалардың даму бұзылыстарын ерте түзетуді ұйымдастыру (анықталған сәттен бастап);
2) бала мен оның отбасына дамудың, оқытудың, әлеуметтендірудің өзекті міндеттерін шешуде көмек (жәрдемдесу) 
3) білім беру және тәрбие бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету;
4) педагогтардың, ерекше білім беруді қажет ететін оқушының, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін (психологиялық мәдениетін) дамыту;
5) түзету-дамыту, тәрбие жұмысы және баланы оқыту нәтижелілігінің мониторингі (Психологиялық-педагогикалық мониторинг).
Осылайша, сүйемелдеудің негізгі принциптері:
1) баланың дамуының кез келген проблемасын шешудің кешенді, пәнаралық тәсілі;
2) білім беру процесінде баланың дамуын сүйемелдеудің үздіксіздігі;
3) сүйемелдеу процесін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
4) ілесіп жүретін қызметті әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау (болжау) 
5) Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жөніндегі іс-шараларға ата-аналарды, педагогикалық және балалар ұжымын белсенді тарту.


16.ЕБҚБ адамдардың заңнамалық актілер мен халықаралық, Ұлттық, облыстық және қалалық деңгейдегі нормативтік-құқықтық құжаттарда регламенттелген білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету.
заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
940-баптың 3-тармағындағы "мүгедектерге", "ата-аналарының біреуіне, жұбайына не қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-сіңлілерін, қарындастарын күтумен айналысатын" деген сөздер тиісінше "мүгедектігі бар адамдарға", "қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-сіңлілерін (қарындастарын) күтумен айналысатын ата-анасының біреуіне, жұбайына не" деген сөздермен ауыстырылсын;
1052-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан азаматтардың осы мекемелердің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың осы мекемелердің (ұйымдардың) директорлары және бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері;".
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
51-баптың 1-тармағы 8) тармақшасыныңалтыншы абзацындағы "мүгедектерге" деген сөз "мүгедектігі бар адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
52-баптың 1-тармағы 8) тармақшасыныңалтыншы абзацындағы "мүгедектер" деген сөз "мүгедектігі бар адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
53-баптың 1-тармағы 6) тармақшасыныңтоғызыншы абзацындағы "мүгедек баланы" деген сөздер "мүгедектігі бар баланы" деген сөздермен ауыстырылсын;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет