һ фонемасы.
I.Кеңесбаев еңбегіне дейінгі жарық кӛрген зерттеулерде
һ дауыссыз фонемасы
бірде ҧяң, бірде қатаңдардың қатарында қарастырылғанын бірінші тараудағы
талдаудан да байқауға болады. Ғалым оны қатаң дауыссыз фонема екенін
айтады және 1954 жылдан кейін кӛптеген ғылыми еңбектерде бҧл фонема
қатаңдардың тобында тҧрақтады. "Қазақ тілі. Энциклопедиясында" да
һ фонемасы қатаңдардың қатарына енгізілген. Алайда бҥгінгі таңда мектеп
оқулықтарында ол әлі де болса ҧяңдардың қатарында қарастырылуда. Қараңыз:
Ысқақов А., Аханов К., Кәтенбаева Б. Қазақ тілі. 5-сынып. 20-басылым. –
Алматы: Рауан, 1994; Исаев С., Назарғалиева К. Қазақ тілі. 7-сынып. 3-
басылым. –Алматы: Рауан, 1996; Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі. 5-
сынып. –Алматы: Атамҧра, 2001; Бектҧров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы
грамматикасы: Мектеп оқушыларына, студенттерге және ҧстаздарға арналған. –
Астана: Фолиант, 2003. Бҧдан мектеп грамматикалары мен ғылыми
зерттеулердің арасында айырмашылық барын байқаймыз.
Сонда қай жіктелісті ҧстанғанымыз дҧрыс? Осыны бір жҥйеге келтіру
қажет. Біздің ойымызша,
һ фонемасы дауыс қатысына қарай
х ,
қ ,
к дауыссыз
фонемаларына жуық айтылады. Оны Н.Уәлиҧлы бастаған авторлар бірлестігі
қҧрастырған "Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы" мен С.Мырзабековтің
"Қазақ тілінің айтылым сӛздігінен" сол фонема қатысқан сӛздердің берілуінен
де байқауға болады:
жиһан – жійхан, жиһад – жійхат, гауһар – гаухар, мәшһүр – мәшкүр . Сондай-ақ дыбыс ҥндестігі бойынша қатаң дыбыстан кейін
қатаң, ҧяң дыбыстан кейін ҧяң келуі тиіс. Олай болса
һ фонемасынан кейін
қандай дыбыс келеді? Оны мына мысалдардан да байқауға болады:
уһілеу, аһылау .
Һ фонемасы ҧяң болатын болса, дәнекер