391. ҚҰРБЫМ
Айналайын, қарағым, асыл айнам-ай,
Құрбы болып, қанекей, тиген пайдаң,
тиген пайдаң, құрбым-ай.
Бұдан артық күтуге еш жайым жоқ-ай,
Ендігісін, жан досым, өзің ойлан,
өзің ойлан, құрбым-ай.
Риза болдым сөзіңнің нұсқасына,
Әркім назын айтады тұстасына.
Жараспайды жастарға серттен таю,
Сене тұрып өмірдің қысқасына.
Айдын көлден қаз ұшар қаңқылдаған,
Қанатымен су шашып салқындаған.
Жиырманың он беспен арасында,
Жігіт емес әрнеге талпынбаған.
260
261
ӨЛЕҢДЕР
392. ҚҰРБЫМ-АЙ
(1нұсқа)
Атым мінген астымда ақ кіндікті,
Сенің үйің белгілі боз түндікті.
Угай-ай, угай-ай, құрбым, ай-ау.
Ат өксітіп алыстан келгенімде,
Жылтылдатпай шамыңды, жап түндікті,
Угай-ай, угай-ай, құрбым, ай-ау.
Айналайын, қарағым, асыл айнам,
Құрбы болып, қанекей, тиген пайдаң?
Бұдан артық күтуге еш жайым жоқ,
Ендігісін, жан құрбым, өзің ойлан.
393. ҚҰРБЫМ-АЙ
(2нұсқа)
Біздің ауыл, мінекей, колхоз аулы,
Өсуіне колхоздың еткен қаулы.
Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.
Екпінді топ бригада ұштасқандар,
Қырына алса, қиратқан қара тауды.
Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.
262
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Жайқалтып сайды егінім салаларын,
Елімнің ұлан-байтақ далаларын.
Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.
Қара жердің қыртысын қарсы айырып,
Астықпенен толтырып далаларын.
Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.
394. ҚҰРБЫМ-АЙ
(3нұсқа)
Есік алды қара су ылай-ай деп, ай!
Сермей салдым қолымды, ал құбым-ай,
былай-ай
деп,
ай!
Сен сәулемнің кетерін ойлағанда-ай,
Жата қалып жыладым, ал құрбым-ай,
солай-ай
деп-ай.
Есік алды қара су бойламадым-ай!
Сен сәулемді кетер деп, ал құрбым-ай,
ойламадым.
262
263
ӨЛЕҢДЕР
395. ҚҰРБЫМ-ЖАЙ
Дүниенің ойнап-күл жарығында,
Жан қартаяр көңілдің жарымында-ай.
Толғаннан соң туған ай, о да қайтар,
Ешбір нәрсе тұрмақ жоқ қалыбында-ай.
Қайырмасы:
Ахау, құрбым-жай, ахау, құрбым-жай,
Ешбір нәрсе тұрмақ жоқ қалыбында-ай.
Бұл дүние білгенге кезек екен,
Жаман, оны қанша айтсаң, сезе ме екен?
Әлденеге жаманның қолы жетсе,
Туыстан да, достан да безеді екен.
Қайырмасы:
Ахау, құрбым-жай, ахау, құрбым-жай,
Ешбір нәрсе тұрмақ жоқ қалыбында-ай.
Ойлап тұрсам дүние терең теңіз,
Жамандық пен жақсылық болады егіз.
Аяғыңды басқайсың аңдап-аңдап,
Досың екеу болғанда, дұшпан сегіз.
396. ҚҰСНИ-ҚҰРДАС
Ажарың ашық екен атқан таңдай-ау,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай-ау.
Анаңнан сені тапқан айналайын-ау,
Күлім көз, оймақ ауыз-ай, жазық маңдай.
Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһартас,
Құсни-құрдас,
264
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Раушан жүзіңді көргенде,
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас.
397. ҚЫЗ
Міндім де кербестіні-ай, сауырладым,
Ау! Біздерге қараса жүр бауырларым.
Бұл қалай, апеке-ау, жеңеше.
Біреудің он қарасын-ай алды әкем,
Ау! Халімнің содан білдім ауырларын.
Бұл қалай, апеке-ау, жеңеше.
Ақ жібек, қызыл жібек иірейін,
Астына алтын тақтың жүгірейін.
Кеткенде аулың алыс, қалқатайым,
Хат жазып қарлығаштан, жіберейін.
398. ҚЫЗ БАЛА
Құдайым қызды жан деп-ай, жаратады,
Қайырып қара шашын таратады,
таратады қыз бала.
Біреудің әлпештеген-ай баласы едім,
Қолына қандай жанның қаратады,
қаратады қыз бала.
Қайырмасы:
Ау!
Дүниеде қыздан сорлы жан бар ма екен,
Кетеді тірі айрылып руынан қыз бала.
264
265
ӨЛЕҢДЕР
Сыртынан ауылымның аса алмадым,
Жайқалтып жапырағын баса алмадым.
Түскенде сен есіме, қайран анам,
Мен жылап өксігімді баса алмадым.
Қайырмасы:
Ау!
Дүниеде қыздан сорлы жан бар ма екен,
Кетеді тірі айрылып руынан қыз бала.
399. ҚЫЗ БИКЕШ
Мінейік Ақжекейдей күрең атқа,
Қимайды бізді халық жаманатқа.
Қайтейін, қиса, қисын жаманатқа,
Берерміз бара жауап ақиретке.
Қайырмасы:
А-ха-ха, Қыз бикеш!
Салайық әсем жырға-ай
Маң-маң керге-ай.
400. ҚЫЗДЫҢ ӘНІ
(1нұсқа)
А-ай!
Міндім де кер бестіні-ау, сауырладым-ай,
Біздерге қараса жүр-ау, бауырларым-ай.
Не жаздым, япыр-ай, жалған-ай,
Біреудің оң қарасын-ау алды әкем-ай.
Қайырмасы:
Халімнің содан білдім-ой ауырларын-ай!
Не жаздым, япыр-ай, жалған-ай.
266
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Жоғары жылқым жатыр жиылмаған,
Етегі дүрия көйлек қиылмаған.
Кеткенде сен алысқа, беу, қалқажан,
Көл болып көзім жасы тиылмаған.
Қайырмасы:
Халімнің содан білдім-ой, ауырларын-ай!
Не жаздым, япыр-ай, жалған-ай.
401. ҚЫЗДЫҢ ӘНІ
(2нұсқа)
Өлең білсем, ей, қалқа, өлең білсем-ау,
Не көрмейсің жалғаннан өлмей жүрсең-ау.
Дүниеден армансыз өтер едім-ау,
Өзім сүйген қалқамен бірге жүрсем-ау.
Неге өсті екен қыз байғұс сылауменен,
Тал шыбықтай тал бойын қынауменен.
Анасынан одан да тумасайшы,
Өксігенше өмірі жылауменен.
402. ҚЫЗДЫҢ ӘНІ
(3нұсқа)
Қалам алып хат жаздым-ай, қалқам, саған,
Дидарласар күн қайда есен-аман.
Күндіз естен кетпейсің-ай, түнде түстен,
Бекер екен дүние сенсіз маған.
Қайырмасы:
Астымдағы атым—Торым-ай,
Семипалатинский порым-ай.
Маңдайға біткен сорым, жалған-ай.
266
267
ӨЛЕҢДЕР
Қарала атым, ей, жаным, қарала атым,
Мен танимын қалқамның жазған хатын.
Көрмегелі өзіңді көп күн болды,
Аман-есен жүрмісің қолқанатым.
403. ҚЫЗДЫҢ ӘНІ
(4нұсқа)
Дегенде қызыл уық-ей, қызыл уық,
Бір табан қыз байғұсқа шеше жуық-ай.
Кетеміз жер түбіне-ей, біздер байғұс,
Әкеге соның үшін болдым суық-ай.
Уа, жаным ала қағаз, ала қағаз,
Елімде жүрер ме едім бір-екі-ай жаз.
Елімде жүрер едім бір-екі ай жаз,
Жұлдыздай ағып кеткен өмірім аз.
404. ҚЫЗДЫҢ ӘНІ
(5нұсқа)
Қызды жан деп, құдайым-ау, жаратады,
Қара шашын қайырып-ау, таратады.
Әлпештеген біреудің-ау баласы едім,
Қандай жанның қолына-ау қаратады.
Біздің елге не болған ерте көшіп,
Айырмола жатырмыз суын ішіп.
Қарлығаштың қанаты маған бітсе,
Мен еліме барар ем құстай ұшып.
268
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
405. ҚЫЗДЫҢ ӘНІ
(6нұсқа)
Жүгіре шықтым боз үйден жалаң аяқ-ау,
Молдалардың қолында аса таяқ.
Жеті-ай су жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы) -ау.
Асаутайдай бұлқынған қайран басым-ау.
Енді қайтып ұстаймын қазан-аяқ.
Оу, Жетісу, жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.
Алып келген базардан шеңгем тозбас,
Өз теңіме бермеген әкем оңбас-оу.
Жетісу жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.
Жер соқтырып жаманды кетер едім-ау,
Бұрынғыдан қалыпты бата бұзбас-оу.
Жетісу жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.
Жүгіре шықтым боз үйден жылдам басып,
Боз биенің сүтімен жуған шашым-ау.
Жетісу жерім-ау,
Сағындым ауылымд(ы)-ау.
Екі жеңгем таласып өрген шашым.
406. ҚЫЗЫЛ АЛМА
Дегенде қызыл алма, қызыл алма,
Бұл күнде қыздар бізге қызығар ма?
268
269
ӨЛЕҢДЕР
Жігіттер, жолдас болсаң, жақсымен бол,
Жақсы алтын қайда жүрсе бұзылар ма.
Арыса қара арғымақ желер ме екен,
Ғашығым айтқан жерге келер ме екен.
Бота көз, құлын мүсін, асыл сәулем,
Қолыма құдай сені берер ме екен?!
407. ҚЫЗЫЛ ГҮЛ
(1нұсқа)
Салғаным оң қолыма алтын жүзік,
Сүйгенім кете алмайды күдер үзіп.
Қолымнан қапияда кеттің шығып,
Аққудай көл-дарияда жүрген жүзіп.
Қайырмасы:
Гүлдер-ай,
Гүл-гүл шашқан,
Бұлбұл құстан қызыл гүл.
Бұлбұл құстан-ай,
Шіркін, жастан, қызыл гүл.
Әуеде ұшып жүрген көгілдірік,
Жарасар көк дөненге өмілдірік.
Ауылым жақындағы алыс кетті-ау,
Бір жағын қабырғамның сөгілдіріп.
Қайырмасы:
Гүлдер-ай,
Гүл-гүл шашқан,
Бұлбұл құстан қызыл гүл.
Бұлбұл құстан-ай,
Шіркін, жастан, қызыл гүл.
270
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
408. ҚЫЗЫЛ ГҮЛ
(2нұсқа)
Қолыма бір қамшым бар алтындаған,
Кейбіреу ұстай алмай қалтылдаған.
Сексен қыз серуенге шықса да,
Ішінде сен қоңыр қаз (ой, сәулем) қаңқылдаған.
Қайырмасы:
Ой, нәзік қалқа, бұраң бел,
Есімнен шықса терең көл,
Бақшада жайнар қызыл гүл.
Қолымда бір қамшым бар күмістеген,
Япырай, сол қамшыны кім істеген.
Аулыңа көптен бері бара алмадым,
Қол тимей анау-мынау жұмыспенен.
Қайырмасы:
Ой, нәзік қалқа, бұраң бел,
Есімнен шықса терең көл,
Бақшада жайнар қызыл гүл.
409. ҚЫЗЫЛДЫҢ ӘНІ
Әркім ерер жақсыға-ей, үмітпенен,
Жамандарға қарайды ел күдікпен-ай, е, е,ей.
Қызмет етіп, қол созған-ей арманына,
Ел сенімін ақтайды-ай жігіт деген, ай, е,е,ей.
Екі сөзді жігітті «ер» демеңіз,
Екі талай кеселді емдемеңіз.
Ата дауың болса да, келсе алдыңа,
Жаман сөзбен жекіріп жерлемеңіз.
270
271
ӨЛЕҢДЕР
410. ҚЫЙЛАШ
Қарағым, айналайын, өкпем деймін,
Естілсе жаман атың, өкпелеймін.
Лебізің өзің берген өзің жұтсаң,
Зәбірің басылмайды көпке дейін.
Хат жаздым қалам алып, шырағым-ай,
Лебізің таудың таза бұлағындай.
Көзіме көрінесің жарқ-жұрқ етіп,
Киіктің тауда ойнаған ылағындай.
411. ҚЫЙЫЛЫМ
Түйгенім орамалға қара мейіз,
Арманы әркімнің де бір сұлу қыз.
Әуре етпей, бозбалалар, сендерге айтам,
Осы әнді Қыйылым қыздан үйреніңіз.
Болмаса өте арық, өте семіз,
Ақылы Қыйлым қыздың ұшан-теңіз.
Құбылған тоты құстай мінез болса,
Дер едің сол бір кезде тіліңдеміз.
412. ҚЫПШАҚ
Сұрасаң, ел біледі, атым—Қыпшақ,
Көрдім де ақ еркені жайдым құшақ.
Ақ ерке отыр ма екен, жатыр ма екен,
Жарқылдап көлге қонған аққу құсап.
Тәкаппар неге керек менмен кісі,
Өлеңді неге айтпасын білген кісі.
272
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Шайнаған ақсұр аттай ауыздығын,
Қасыңнан қалай кетсін келген кісі.
413. ҚЫРАН БҮРКІТ
Қыран бүркіт келмейді қайыруға,
Не демейді қос дұшпан айыруға.
Қайырмасы:
Қаламқас,
Қалдау кейін қайран жас.
Көлде жүзген сіз аққу сахаттап,
Кешке таман шық бері жайылуға.
Қайырмасы:
Қаламқас,
Қалдау кейін қайран жас.
Қыран бүркіт қиядан құр алмайды,
Бас қосылмай дүние құралмайды.
Қайырмасы:
Қаламқас,
Қалдау кейін қайран жас.
Жастайынан бірге өскен екі ғашық
Бірін-бірі көрмесе тұра алмайды.
Қайырмасы:
Қаламқас,
Қалдау кейін қайран жас.
272
273
ӨЛЕҢДЕР
414. ҚЫРЫҚ САҚИНА
Аспанда бір жұлдыз бар Темірқазық,
Жүремін-ау, сені ойлап күнде азып.
Тіліңнен бір сүйгізсең аузыңды ашып,
Алты айға-ау болар еді маған азық.
Ау! Ей!
Алты айға-ау болар еді маған азық.
Мінгенім дәйім менің құла болса,
Сүйегің, етің арық бұла болса.
Өмірден мен армансыз өтер едім,
Сіздің үй біздің үймен құда болса.
Ау! Ей!
Сіздің үй біздің үймен құда болса.
415. ЛАШЫН КӨЗ
Қыран бүркіт келмейді-ай қайыруға,
Не демейді дос-дұшпан-ай айыруға.
Өмір бойы жұп жазбай жүрейікші,
Тел қозыдай бір шыққан-ай жайылуға.
Әй-әй-әй-әй-әй, әй-әй-әй-әй-әй,
Бір шыққан жайылуға.
Замандас боп, ей, қалқа, тудың нағып,
Кәмшат бөрік кигенің үкі тағып.
Айдын көлге шомылған сен бір аққу,
Төңкеріліп лашындай ілсем қағып.
Әй-әй-әй-әй-әй, әй-әй-әй-әй-әй,
Лашындай ілсем қағып.
18-0256
274
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
416. ЛӘЙЛІМ
(1нұсқа)
Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ?
Жаңа таптым аулыңды көптен сұрап.
Жел тимесе, жан тимес деп жүргенде,
Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ.
Аққу едің таранған айдындағы,
Ұштың ұзап қанатың жайдың дағы.
Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың,
Қол алысқан сертіңнен тайдың дағы.
Осылай ма еді, ей, қалқа, айтқан сертің,
Жүрегімді жандырды ғашық дертің!
Мұнша неге сен мені әуреледің,
Болмаған соң әуелде баста еркің?!
417. ЛӘЙЛІМ
(2нұсқа)
Ақша бетің, Ләйлім қыз, айдан да аппақ, а-ей,
Таба алмадым аулыңды айналақтап.
Қарындасым,
Шығады көзден жасым-ай.
Әзірленген айтуға сөзім бар еді, а-ей,
Душар болмай кез келіп жүрген сақтап.
Қарындасым,
Шығады көзден жасым-ай.
Сарбұлақтың ауылым етегінде,
Жүгендеулі салторы жетегімде.
Өз теңіме қор болып бара алмастан,
Дүниеден арманда өтемін бе?
274
275
ӨЛЕҢДЕР
418. ЛӘТИПА
Айналайын, қарағым, қара қастым,
Алдым теріп таулардың уақ тасын.
Аулың алыс кеткенде, Ләтипажан,
Көзім жасы қойныма бұлақтасын.
Құрбылас пен құрбылас тең екен деп,
Жігітшілік біз жүрміз ем екен деп.
Балға малған қыз деген қаздың еті,
Әркімдер-ақ ойлайды жем екен деп.
419. ЛЕЛ-ЛАШ-АУ
Мақпалдың шығар бешпент он бір көзі,
Кем көрмен алғанымнан деген өзі.
Леллә, ләллә, Ләллаш-ау.
Ауылың бірге жүрген кетсе басқа,
Асылдың естен кетпейді айтқан сөзі.
Леллә, леллә, Леллаш-ау!
Ақылың жақұт сенің, гауһар көзің,
Шекердей шырынға ұқсас айтқан сөзің.
Күмістей тартқан сымға бейнең раушан,
Көргенім жалғанымда жалғыз өзің.
420. ЛИЛӘЙ-ЛӘЙ
Ауылым көше-көше құм өрлесін,
құм өрлесін, ли-ләй, ләй,
Торыны арқандамай шідерлесін,
шідерлесін, ли-ләй, ләй.
276
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Құрбыдан бірге жүрген босқа айырған,
босқа айырған, ли-ләй, ләй,
Обалым сол дұшпанды жібермесін,
жібермесін, ли-ләй, ләй.
421. МАЙДАҚОҢЫР
(1нұсқа)
Жігіттің падишасы-ай, Әмір-Темір,
Әмір-Темір,
а-уай,
Бозбала әнге салсаң, шіркін-ай,
қайғың кемір, а, уай-ай.
Кешегі бес болыстың-ай съезінде,
съезінде,
а-уай,
Жайқалып Ақан салған, шіркін-ай,
«Майдақоңыр»,
а-уай-ай.
Қайырмасы:
Ха-лә-лә, лә-лә-лә, лә-ләй, ха-лә-лә-лә-ләй,
Ха-лә-лә-лә, лә-лә, лә-лә-ләй.
Ха-лә-лә-лә, лә-лә-лә, лә-лә-лә-ләй,
Ха-лә-лә, лә-ләй, ха-лә-лә, лә-ләй, лә-ләй-ау.
Жүйрік ат, жақсы қатын—ел қайрағы,
Жігіттің болып өстім сер бойдағы.
Қағаз шай, тәтті қымыз—ер азығы,
Күйіңе түсіреді қай-қайдағы.
Қайырмасы:
Ха-лә-лә, лә-лә-лә, лә-ләй, ха-лә-лә-лә-ләй,
Ха-лә-лә-лә, лә-лә, лә-лә-ләй.
Ха-лә-лә-лә, лә-лә-лә, лә-лә-лә-ләй,
Ха-лә-лә, лә-ләй, ха-лә-лә, лә-ләй, лә-ләй-ау.
276
277
ӨЛЕҢДЕР
422. МАЙДАҚОҢЫР
(2нұсқа)
Қарағым, айналайын, алтыным-ай,
Көргенде ақ жүзіңді балқыдым-ай.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің есен-аман, жарқыным-ай.
Ей, қалқа, ақ дидарың айдан аппақ,
Көрген жан кете алмайды айналақтап.
Аршын төс, алма мойын, қарағым-ай,
Қоямын көзің түгіл жайда мақтап.
423. МАҚПАЛ
Атым жоқ-ай, Сұрқызылмен жарысатын,
Балуанменен күшім жоқ алысатын.
Барғанда-ай, ел жайлауға қойлар қоздап,
Маңырап, шулап—күн қайда табысатын.
Қайырмасы:
Мақпал-ай, Мақпал!
Алай көк, үри-ау, ай, көк,
Үкілі-ай қоңыр үйрек,
Болғанда-ай, аулың шалғай,
Па, шіркін, уа, дариға-ай.
Ха-лә-ләй, ха-лә-ләй, ха-лә-лә,
Ха-лә-ләй, лә-ли-лә-иа, ай.
424. МАРҚАКӨЛ
Салғаным дарияға желкен қайық,
Болғанда сіз бір лашын, біз бидайық.
278
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Іздеген сұрағанға тура келді,
Құлын-тайдай айқасып бір ойнайық.
Қайырмасы:
Ей!
Алқакөл, қайран Алтай,
Марқакөл, Марқакөлім-ау, дариға-ай!
Қарағым, сен дегенде қан жұтамын,
Қайбірін қылығыңның ұмытамын.
Түскенде сен есіме, асыл еркем,
Бауырды сазға басып суытамын.
Қайырмасы:
Ей!
Алқакөл, қайран Алтай,
Марқакөл, Марқакөлім-ау, дариға-ай!
425. МАУСЫМЖАН
(1нұсқа)
Аулың қалқаш, алыстан бұлдырайды,
Қоңыраудай даусың сылдырайды.
Еркем-ай, сәулем-ай,
Сен есіме түскенде, ой, қарағым-ай,
Іші, баурым жібектей ылбырайды.
Қайырмасы:
Маусымжан, маусымжан,
Танимын, қалқа, даусыңнан.
278
279
ӨЛЕҢДЕР
426. МАУСЫМЖАН
(2нұсқа)
Көгілдірік, ендеше, көгілдірік, Маусымжан,
Көк дөненге жарасар өмілдірік, Маусымжан.
Танимын, еркем, даусыңнан.
Айт дегенде, ағалар, мен айтайын, еркем-ай!
Бар өлеңді алдыңда төгілдіріп, дарқан-ай.
Хош, есен бол, қалқам-ай.
Түрлентемін ән шырқап заманымда,
Әннен басқа әсер жоқ қабағымда.
Достарымның ішінде жүргеннен соң,
Өлеңдетіп шаттанбай қаламын ба?
Ән шырқасам, күй түсер жүрегіме,
Сол сәтінде жеткендей тілегіме.
Әсері бар тәтті әнді естігенде,
Айырбасқа миллион сол керегіне.
427. МАУСЫМЖАН
(3нұсқа)
Түрлентемін ән шырқап заманымда,
Әннен басқа әсер жоқ қабағымда.
Қайырмасы:
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.
Достарымның ішінде жүргеннен соң,
Өлеңдетіп шаттанбай қаламын ба.
280
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
428. МАУСЫМЖАН
(4нұсқа)
Біреу күлсе жалғанда Маусым күлсін,
Күн нұрындай күлімдеп Маусым жүрсін.
Қайырмасы:
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.
Еркетайы аулымның Маусым атын,
Тең құрбысы сағынып айтып жүрсін!
Қайырмасы:
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.
Қыз қосылса теңімен, жыламасын,
Көздің жасын көл қылып бұламасын.
Қайырмасы:
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.
«Екі жасты бақытты қыла көр» деп,
Біздер бата берелік сұрағасын.
Қайырмасы:
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.
429. МӘЗ
Баста десең, өлеңнің басы менде,
Тал шыбықтай бұралған жасы менде.
280
281
ӨЛЕҢДЕР
Қара бұлттан қайтарып қар жаудырған,
Шұбарала жайшының тасы менде.
Айт дегенде өлеңді іркілмеймін,
Ақ үкінің жүніндей үлпілдеймін.
Айтар жерім осындай кез келгенде,
Желмей, шаппай азырақ бүлкілдеймін.
Өлең басы болады бірден сабақ,
Үлкендердің алдында жезден табақ.
Ала қаптың ауызын ашқандай ғып,
Жіберемін өлеңді жүндей сабап.
430. МӘТӨК ӘН
(1нұсқа)
Ауылым көшіп қонады-ау Бағылына-ай,
Жаз болса қоян қашады-ау шағылына-ай.
Көп айдың көрмегелі-ау күні болды-ау,
Келемін ақ еркемді-ау сағынып-ау.
Ақ бетің Астарханның қаласындай,
Ақ етің Сыңғырлаудың даласындай.
Көшкенде көш алдында келесің сен,
Қос сырға құлағыңда жарасып-ай.
Сыртыңнан жол таба алмай жанасуға-ай,
Өзіңе әркімдер жүр таласулы-ай.
Екеуміз бір төсектен тұрар ма едік,
Кісінің ағайынды баласындай.
282
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Достарыңызбен бөлісу: |