И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1451
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

353. ҚАРАҚ-АЙ 

(1­нұсқа)

Қарағым, айналайын, кекілдім-ай,

Аққудың балапаны секілдім-ау, қарақ-ай.


238

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Алтынның қолда барда қадірі жоқ,

Кеткен соң қолдан шығып өкіндім-ау, қарақ-ай.

Ауылың қонған жері боз бетеге,

Бір үйде бес қыз болса, тон жете ме.

Расымен көңіліңді берсең маған,

Жүрерсің мені көрсең қол көтере.



354. ҚАРАҚ-АЙ 

(2­нұсқа)

Омырауыңа жарасқан теңге, тана,

Сен де мені өзіңе тең деп сана. 

 

 



Ахау, тең деп сана-ай. 

Уәдеміз байланса осыменен, 

Қуантайық, келіссін енді ата-ана. 

 

 



Ахау, енді ата-ана-ай. 

Асып туған алаштан сымбаттым-ай, 

Пұлы жетпес базардың қымбаттым-ай. 

Бұл жалғанда арманым болмас еді, 

Қосатұғын күн болса саған құдай. 

355. ҚАРАШАШ 

Алтыннан салдым жүзік бармағыма, 

Бұл күнде жан тең келмес салмағыма. 

Қайырмасы: 

Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым, 

Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай! 


238

239


ӨЛЕҢДЕР

Ортасында дәрияның сен аққайраң, 

Ілінбеген ешкімнің қармағына. 

Қайырмасы: 

Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым, 

Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай! 

Қалқатай, сен ақ қоян секеңдеген, 

Артыңнан мен ақсұңқар жетем деген. 

Қайырмасы: 

Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым, 

Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай! 

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің, 

Айырылып, қалқам, сенен кетем деген. 

Қайырмасы: 

Қалды-ау, қалды-ау, Қарашаш, қарағым, 

Құрбы-ай! сағындым, сәулем-ай! 

356. ҚАРҒА

Қарғам-ау, сен қалайсың, мен дегенде,

Құриды ынты-зарым сен дегенде.

Аршын төс, алма мойын, сен қарағым,

Бал татыр әр лебізің шөлдегенде.

Қарғам-ау, ризамын сертке жетсең,

Жерлерден қиын-қыстау аман өтсең.

Сен үшін сан татудан алыстадым,

Өзің біл ғашығыңды зар еңіретсең. 


240

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



357. ҚАРҒА-АУ

Ей, қарға-ау алтын жүзің айдан аппақ, 

Жаныңнан шыға алмадым, ей, қарға-ау, 

    айналақтап-ай! 

Анаңнан сені тапқан айналайын, 

Өсірген жұмыртқадай, ей, қарға-ау, 

    таза 

сақтап-ай! 

Ақбас ер, алтын доға, жүргі жона, 

Жел тұрса қайысады, ей, қарға-ау, 

    жалғыз 

доға-ай!


Өзіңнің былқ-былқ еткен мінезіңнен,

Бір сорлы жабысады, ей, қарғам-ау, 

    соған 

бола-ай! 



358. ҚАРҒАЛЫ

Басынан Қарғалының ел айрылған,

Қаршығам қазға салған тез айрылған.

Жалғанда қыздан сорлы жан бар ма екен,

Елінен өлі айрылмай, тірі айрылған.

Есіктің алды тоғайлы, қарағайлы,

Кесуге жас қарағай жарамайды.

Жасынан қыз сорлыны малға сатып,

Қыздарды жұрт балаға санамайды. 


240

241


ӨЛЕҢДЕР

359. ҚАРҒАМ-АУ 

(1­нұсқа)

А! 


Қарғам-ау, сен қалайсың-ау, мен дегенде-ау, 

Еш тағат қыла алмаймын-ой, қарғам-ау,

 

 

 



 

    сен дегенде-ай. 

А!  

Аршын төс, алма мойын-ау, қарағым-ау, 



Құриды ынты зарым-ой, қарғам-ау,

 

 



 

 

    сен дегенде-ай. 



 

А, а, а, а! 

 

Сен дегенде-ай, қарғам-ау. 



360. ҚАРҒАМ-АУ

(2­нұсқа)

Қарғам-ау, ырыйзамын сертке жетсең

Жерлерден қиын-қыстау, қарға, аман өтсең,

Сен үшін сонау жерден келдім іздеп, 

Өзің біл ғашығыңды, қарға, зар еңіретсең. 

Қайырмасы: 

А-га-га-га-гәй, у-га-га-да, рай-ай. 

О-а, ей-у-ай, о-ой-ра-у-ай. 

Қарғам-ау, ырыйзамын сертке жетсең, 

Құриды ынтызарым, қарға, сен дегенде. 

Аршын төс, алма мойын, қарағым-ай, 

Бал татыр сілекейің, қарға, шөлдегенде. 

16-0256


242

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

А-га-га-га-гәй, у-га-га-да, рай-ай. 

О-а, ей-у-ай, о-ой-ра-у-ай. 

361. ҚАРҒАМ-АУ

(3­нұсқа)

Қарғам-ау, сен қалайсың, а, мен дегенде-ай!

Құриды ынтық зарым, әй, қарғам-ау, 

 

 



 

 

  сен дегенде, әй! 



Қайырмасы: 

Әй-а-ла-ла-лай

Уа-ла-ла-ла-лай а-ла-а. 

Ой-ла-ла ли-лә-ла-ли ли-ли-ләй. 

Уа-ли-лә-ку ла-лай-а-ла-ай! 

Аршын төс, алма мойын, а, сен қарғам-ай! 

Бал татар сілекейің, әй, қарғам-ау,

    шөлдегенде, 

әй! 

Қайырмасы: 

Әй-а-ла-ла-лай

Уа-ла-ла-ла-лай а-ла-а. 

Ой-ла-ла ли-лә-ла-ли ли-ли-ләй. 

Уа-ли-лә-ку ла-лай-а-ла-ай! 

Қарғам-ау, ыризамын, а, сертке жетсең-ай, 

Жерлерден қиын-қыстау, әй, аман өтсең, әй! 

Қайырмасы: 

Әй-а-ла-ла-лай

Уа-ла-ла-ла-лай а-ла-а. 

Ой-ла-ла ли-лә-ла-ли ли-ли-ләй. 

Уа-ли-лә-ку ла-лай-а-ла-ай! 


242

243


ӨЛЕҢДЕР

Сен үшін сап татудан, а, кеттім алыс-ай, 

Өзің біл ғашығыңды, әй, зар еңіретсең, әй! 

Қайырмасы: 

Әй-а-ла-ла-лай

Уа-ла-ла-ла-лай а-ла-а. 

Ой-ла-ла ли-лә-ла-ли ли-ли-ләй. 

Уа-ли-лә-ку ла-лай-а-ла-ай! 

362. ҚАРЖАС

Сұрасаң руымды, Қаржас едік-ау,

Дос болар әркім, сөзде тұрса берік-ау.

Жеріңе пәлен деген барар едім-ау,

Аңдушы алты кісі-ай тұрса келіп-ау.

Ей, қалқа, хат жазамын, қаламменен,

Әрқашан адам күйі адамменен.

Батпаққа аяғыңды батырады,

Қалқатай, жолдас болма-ай жаманменен.

363. ҚАРҚАРАЛЫ

Ау! 


Қарқаралы басында түсер сағым,

Сағынғанда қайда едің, ай,

Сағынғанда қайда едің, сәуле жаным.

Ау! 


Кәмшат бөрік басында, кәмар белбеу, 

Сенің сылқым болғаның-ай, 

Сенің сылқым болғаның менің бағым. 


244

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Әсем қала Қарқаралы, 

Жаңа өмір көңілге жай,

Жаңа өмір көңілге нұр қалады. 

Қарқаралы басынан тал кескенім, 

Құлын-тайдай, айқасып, бірге өскенмін. 

Қайтсем сені ұмытам, жан қалқатай,

Кәмпит қосып аузыңнан бал жескенмін.



Қайырмасы: 

Әсем қала Қарқаралы, 

Жаңа өмір көңілге жай,

Жаңа өмір көңілге нұр қалады. 



364. ҚАРШЫҒА 

Қаршығам қаз ал десем, қаз алмайды,

Ежелден кекті дұшпан тазармайды.

Болғанда қыз саудегер, жігіт базар,

Олар да бірін-бірі базарлайды-ай.

Қараймын қарайғанға бұта ма деп,

Асықты ойнамаймын ұта ма деп.

Бұралған тал шыбықтай тал бойымды,

Қорқамын сұм қара жер жұта ма деп-ай!

365. ҚАРШЫҒА АЛЫП 

Жылқы айдаймын көшкенде, ай, қаршыға алып,

Тал құрығын қолыма, ай, аршып алып.

Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,



244

245


ӨЛЕҢДЕР

Ей! 


Бір тал үкі шекеме шаншып алып, ай.

 

Ау! А, ай! Ау!



 

Қаршыға алып, ай.

Жылқы айдаймын көшкенде кер кекілмен,

Ауық-ауық аймалап жел бетімнен.

Шырқата көш-жөнекей ән салғанда,

Қыздың жаны шаттанып тербетілген.

Жылқы айдаймын көшкенде жиренменен,

Жал-құйрығын жаратып түйгенменен.

Кісіге кісі жары жар болмайды,

Құрбысынып, құр ойнап күлгенменен.



366. ҚАУСЫЛДАҚ 

Қамыс басы жел болса қаусылдайды, 

Өз-өзінен сөйлесіп саусылдайды. 

Қайырмасы: 

Әй, Қапал, дедім-ай! 

Сені ойласам, қалқатай, сағынғанда, 

Айтар сөзім ішімнен таусылмайды. 



Қайырмасы: 

Әй, Қапал, дедім-ай! 

Қызыл шарқат қыз бала жамылады, 

Жібектен бау шашақтап тағынады. 



Қайырмасы: 

Әй, Қапал, дедім-ай! 



246

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ата менен ананың дәулетінде,

Үлде менен бүлдеге малынады. 



Қайырмасы: 

Әй, Қапал, дедім-ай! 



367. ҚИЯҚТАУДАҒЫ МАҚПАЛ-АУ

Бір келген он екі айда қауысым-ай,

Шықпайды бұрынғыдай дауысым-ай.

Қайырмасы: 

Беу, беу, Мақпал-ау!

Беу, беу, беу, қалқам-ау,

Әдемі-ау, қалқам-ау,

Айнам сал.

Күлейік, ойналық та тіршілікте,

Басымыз қосылған соң, міне, осылай.

Қайырмасы: 

Беу, беу, Мақпал-ау!

Беу, беу, беу, қалқам-ау,

Әдемі-ау, қалқам-ау,

Айнам сал.

Жігіттер күліп-ойнап көңіл аула,

Жер көріп, ел танып өс денің сауда.

Қайырмасы: 

Беу, беу, Мақпал-ау!

Беу, беу, беу, қалқам-ау,

Әдемі-ау, қалқам-ау,

Айнам сал.


246

247


ӨЛЕҢДЕР

Кетпейтін жанға ұқсама бұл дүниеден,

Кез келсең, айла болмас, ажал-жауға.

368. ҚОҒАЖАЙ 

Бозбалаға ылайық ойнап-күлмек-ай, 

Үйлесімді заманның жөнін білмек-ау. 

 Қоғажай, 

 

Осынау әнім жанға жай. 



Социалды түрленген дәуірінде-ай, 

Ілгері аттап білім ал, құлаш сермеп-ау. 

 Қоғажай, 

 

Осынау әнім жанға жай. 



Айдап жүрмін колхоздың арбасын-ай, 

Бригадир қоя ма бармасыңа-ай. 

Тастай сал да арбаны бізбен жүргін, 

Күн көрейік екеуміз жалғасып-ай.



369. ҚОҒАЛЫ КӨЛ

(1­нұсқа)

Ауылың қонған жері-ау қоғалы көл,

Қоңыр қой, қозысы өлсе, болады тел-ай. 

Дөңіне-ау Қоғалының шыға келсем,

Алдымнан қоңыр салқын соғады жел-ай-ау. 

Қайырмасы: 

Сәулем-ай, қарғам-ай,

Қоңыр салқын соғады жел-ай-ау. 

Барады аулым көшіп Қауланкөлге,

Жетемін қашан көшіп таудағы елге. 


248

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көргенше қайта айналып кім бар, кім жоқ,

Қол қысып, қош айтайын бұраң белге. 



Қайырмасы: 

Сәулем-ай, қарғам-ай,

Қоңыр салқын соғады жел-ай-ау. 

370. ҚОҒАЛЫ КӨЛ 

(2­нұсқа)

Ауылдың қонған жері-ау Қоғалы көл, 

Қоңыр қой, қозысы өлмес-ау, болады төл. 

Дөңіне Қоғалының-ау, шыға келсем, 

Алдымнан қоңыр-салқын, ай, соғады жел. 

Жігітке жиырма бесте шалқып тасқан, 

Жар қайда сұлулығы жаннан асқан. 

Болғанда жадыра жаз, жайнаған гүл, 

Қыз басқа, жігіт бұлбұл әнге қосқан. 

Қайырмасы: 

Ай-а, ай-а, ай-ай,

Ай-а, ай-а, ай-а-ай. 

371. ҚОҚЫШ 

Ақ көйлек жыртылмайды кең болған соң,

Ойнайды екі құрбы тең болған соң. 

Сырымды саған айтпай кімге айтамын, 

Көзіме көрінгенім сен болған соң. 

Кеңге сал пейіліңді тар қылғанша,

Құдай-ай, қоспаймысың зар қылғанша. 


248

249


ӨЛЕҢДЕР

Біреудің жас өміріне ортақ етіп, 

Жаманды неге алмайсың бар қылғанша. 

372. ҚОҢЫР

Ән шықты біздің елде «Жаймақоңыр»,

Бешпет кидім қынама жалған өңір, 

    жалған 

өңір-ай. 

Жігіттер, ойна да күл, ойла да біл, 

Жуық дейді алдында қалған өмір, 

    қалған 

өмір-ай. 

Қайырмасы:

Әй, дәри, дәридәй, 

Дәри, дәри, дәридәй. 

Дәри, дәри, дәй, дәй, 

Дәри, дәри, дәри, 

Алдыңда жуық дейді қалған өмір, 

    қалған 

өмір-ай. 

Жігітке берер пайда қылған кәсіп, 

Адалдықпен,жігіттер, етсең нәсіп. 

Осындай мәжілісте сөз сөйлесем, 

Сол мәжілісте қаламын көңіл өсіп. 



373. ҚОҢЫР ӘН

(1­нұсқа)

Әнім бар сатып алған құнан нарға, 

Адаспай қудым түлкі тұмандарға. 

Бұл әнді сан қайтара сатар едім, 

Өзімдей туған еркек қырандарға. 

Өзімдей туған еркек-ай, ау, 

   қырандарға-ай. 


250

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ән салсаң, өзімдей сал, жаным деймін, 

Бұл әнім бес болысқа мәлім деймін. 

Кешегі ел қыдырған есер шақта, 

Өзімнің жүрген салып әнім деймін. 

Өзімнің жүрген салып әнім деймін. 

374. ҚОҢЫР ӘН

(2­нұсқа)

Бәйгеден озып келген атты айналайын,

Ер жігіт сынамай ма бақ, талайын.

Құрбылар айт деп өзі бұйырған соң,

Құйқытып қоңыр әнге (айнам) мен салайын.

Базарға бұл жібердім көк есекке,

Құрбылар, аманбысың (айнам) көрмесек те.

Құрбылар, айтты екен деп айыптама,

Айтайын мен өлеңді (айнам) білмесек те.

375. ҚОҢЫР ГҮЛІМ

Етің аппақ көрінер жауған қардан

Жігіттің арманы жоқ сені алған. 

Дариясында мұхиттың сіз қоңыр қаз, 

Тоятқа шабыт қылған біз бір тарлан. 

Қайырмасы:

А-хау! О-о-о, қоңыр гүлім, ай! 

Тоятқа шабыт қылған біз бір тарлан. 

Сары алтын он саусағың, маржан білек, 

Құдайдан саған қос деп қылдым тілек. 


250

251


ӨЛЕҢДЕР

Бір хабар сізден, қалқа, келгенінше, 

Тағат қып тұра алмайды біздің жүрек. 

Қайырмасы:

А-хау! О-о-о, қоңыр гүлім, ай, 

Тағат қып тұра алмайды біздің жүрек. 

376. ҚОҢЫР ЖАЙ 

(1­нұсқа)

Бозбалаға ат қайда қарагердей,

Көкірегім кең сарай—дала, жердей, 

    қоңыр 

жай. 

Жаман жолдас, шабан ат, өтпес пышақ, 



Кәрі бүркіт түлкі алмас—бәрі бірдей,

    қоңыр 

жай. 

Лебізінен жақсының тамшылаған, 



Керегі жоқ жүйріктің қамшылаған. 

Алпыс үйрек күнінде ілсе дағы, 

Бағаң артық, ақтұйғын, қаршығадан. 

377. ҚОҢЫР ЖАЙ 

(2­нұсқа)

Қызды ауылды көрдің бе қиядағы,

Қыздан көңіл қалған жоқ сірә дағы. 

Бәрінен де сен сұлу көрінесің,

Баласындай сұңқардың ұядағы. 

Өлең шіркін келмейді жылдағыдай,

Мойның сұлу мылтықтың құндағындай. 

Бәрінен де сен сұлу көрінесің,

Алтындаған күмістің жұрнағындай. 


252

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



378. ҚОҢЫР ЖЕЛ 

Ей! Жігіт, бол майда болсаң тал жібектей,

Пайда жоқ қатты болсаң тікенектей. 

Я батыр, я балуан болсаң дағы, 

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей. 

Қайырмасы: 

Халила-лай, әгей, ә-а-ай, 

Игеге-ай, а-и-и-гей, и де-ай-а-ай. 

Өнерге, білім білсең, жеткізеді, 

Дариядан кеме-қайық өткізеді. 

Жақсымен ғұмыр-ғалам жолдас болсаң, 

Бойыңа бір қасиет біткізеді. 

379. ҚОҢЫР КӨК

Атым мінген астыма қоңырым-ай, 

Қолыңнан жедім секер омырып-ай. 

Атпен түлкі түсімде соғып жүрмін-ай, 

Тұрдым да сол қоңырға жорыдым-ай. 

Шашасына шаң жұқпас саңлақ едің, 

Шалдыртпай шаршы топта самғап едің. 

Тай күнінде-ақ тұлғаңнан үміт етіп, 

Қадірге жетеді-ау деп таңдап едім. 

380. ҚОҢЫР ҚАЗ-ҮЙРЕК

Өлеңді қиыстырып әнге парлас, 

Сөз болса қанағатсыз, құлақ салмас, ах-уай. 


252

253


ӨЛЕҢДЕР

Өлеңді өрнегімен қиыстырып

Сөзінде айтушының жылу болмас, ах-уай. 

Қайырмасы: 

Қоңыр қаз-үйрек, 

Қанатын сүйреп.

Ей, қалқа, өлең айтсаң, 

«Өй»,—деп, «бүй»,—деп, ах-уай. 

Білмесе, өлең деген сөзден қиын, 

Шығады қиыстырған сөзден түйін. 

Қара сөз қанаты жоқ сылдырласа, 

Есепке алынбаса, о-да қиын. 

Қайырмасы: 

Қоңыр қаз-үйрек, 

Қанатын сүйреп.

Ей, қалқа, өлең айтсаң, 

«Өй»,—деп, «бүй»,—деп, ах-уай.

381. ҚОС БАЛАПАН

Ей! 


Шұбартаудың басында қос балапан, 

Сол таудан дария тасып су тараған. 

Көркем жігіт, әсем қыз—бәрі сонда,

Япыр-ау, неге келдім сол арадан. 



Қайырмасы:

Ахахау-ай, ей, е-е-ей! 

Халиләләу, халиләләу, 

Лилиләй, халәләләй,

Лиләли, лиләли, ай! 


254

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Шұбартаудың басында қара қойын, 

Сағындым жан сәулемнің думан тойын. 

Айрылғаным бір минут ауыр еді, 

Алыстан жайлап кеттім Сырдың бойын. 



Қайырмасы:

Ахахау-ай, ей, е-е-ей! 

Халиләләу, халиләләу, 

Лилиләй, халәләләй,

Лиләли, лиләли, ай! 

382. ҚОС ӨРІК

Қайғысыз ғазиз жүрек зарламайды,

Шын достар бірін-бірі алдамайды.

Тас төсек, ұйқың келсе, болар мамық,

Ғашықтық сұлулықты талғамайды.

Қайырмасы:

Жан қалтамда қос өрік,

Сәулем, саған мен серік.

Сәулем еске түскенде,

Жүре алмаймын теңселіп.

Ахай, сәулем, жүр үйге-ай,

Иги, сәулем-ай, жүр үйге-ай! 

383. ҚОШ, АМАН БОЛ

Жасымнан болдым құмар, сәлем саған, 

Күн бар ма дидарласар есен-аман! 

Жалғанда сенсіз маған қызық бар ма,

Тілекке жететұғын туды заман. 


254

255


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы: 

Әппақ етің қардай бар

Қызыл бетің қандай бар. 

Сен сәулеме ғашықтығым

Кеудемдегі жандай бар. 

Ә-әй, сәулем, дәруен беу-беу, 

Беу-беу-беу, қош, аман бол-ай! 

Сағынып хат жазамын, алтын айым, 

Бір минут сені ойламай тұра алмаймын. 

Бота көз, үлбіреген ақша тамақ, 

Киіктің ұқсатамын құралайын. 

Қайырмасы: 

Әппақ етің қардай бар, 

Қызыл бетің қандай бар. 

Сен сәулеме ғашықтығым

Кеудемдегі жандай бар. 

Ә-әй, сәулем, дәруен беу-беу, 

Беу-беу-беу, қош, аман бол-ай. 

384. ҚОЯН

А, ей, а, ей-ай.

Көкше қоян келесің құмды жанап,

Сүйел аяқ келеді сені қалап, көкше қоян.



Қайырмасы:

А, ей, а, ей-ай.

Шеңгеліңе бар да кір, байғұс қоян,

Көп шоңқая бермеші бойың балап, 

    көкше 

қоян.


Көкше қоян секектеп жүрсің саяқ,

Жүрсең саяқ, асықпай, жерсің таяқ.



256

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

А, ей, а, ей-ай.

Шеңгеліңе бар да кір, байғұс қоян,

Көп шоңқая бермеші бойың балап, 

    көкше 

қоян.


Барып едім сөйлесіп сені аяп,

Аласың ба теріңді қанға бояп.



Қайырмасы:

А, ей, а, ей-ай.

Шеңгеліңе бар да кір, байғұс қоян,

Көп шоңқая бермеші бойың балап, 

    көкше 

қоян.


385. ҚУАТЖАН

Жақсының өзі жалғыз, ақылы егіз, 

Дос екеу болған күнде, дұшпан сегіз, 

    Қуатжан! 

Осындай қатар құрбым кез келгенде, 

Сөйлемей босқа қарап тұрған неміз, 

    Қуатжан. 

Жасым бар жиырмада, жылым—тауық, 

Барады өмір өтіп, аттай шауып-ай. 

Барында тіршіліктің шалқақтайық, 

Қаларсың өлген күні жерді қауып. 

386. ҚҰБАЖАЙ

(1­нұсқа)

Бозбалаға лайық ойнап-күлмек,

Үйлесімді заманның жөнін білмек.


256

257


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы: 

А-ай! Құбажай, 

Осынау әнім, ә, жанға жай.

Социалдық түрленген дәуірінде,

Ілгері аттап, білім ал, құлаш сермеп.

Қайырмасы: 

А-ай! Құбажай, 

Осынау әнім, ә, жанға жай.

387. ҚҰБАЖАЙ

(2­нұсқа)

Ар жағында Ертістің нұр жайлаған, 

Біздің қалқа көрдің бе жылқы айдаған? 

Қайырмасы: 

Құбажай,


Қоңыр да салқын жанға жай. 

Біздің қалқа көрсеңіз таныр едің, 

Орамал бар белінде бір байлаған. 

Қайырмасы: 

Құбажай,


Қоңыр да салқын жанға жай. 

Осылайша құрбыға сәлем жаздым, 

Атағына алыстан ынтызармын. 

Қайырмасы: 

Құбажай,


Қоңыр да салқын жанға жай. 

17-0256


258

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Мен жүрейін сыртынан медет қылып,

Үні жақсы көлдегі қоңыр қаздың. 



Қайырмасы: 

Құбажай,


Қоңыр да салқын жанға жай. 

388. ҚҰДАША 

Толқынындай дарияның қара шашың, ей, ахау,

Жаңа туған айдай ғой, қиғаш қасың-ау!

Жаңа туған айдай ғой, а, ай, қиғаш қасың,

     құдаша-ай.

Алқызыл гүл жанады екі бетің, ей, ахау,



Қайырмасы:

Нұрдан пайда болғандай аппақ етің-ау!

Нұрдан пайда болғандай, а, ау, аппақ етің, 

     құдаша-ай.

Отыз тісің тізілген інжу-маржан,

Күздікүнгі етің ақ жауған қардан.

Шыққан сөзің аузыңнан дертке дәрмен,

Сізді құшқан жігітте болар ма арман!



Қайырмасы:

Нұрдан пайда болғандай аппақ етің-ау!

Нұрдан пайда болғандай, а, ау, аппақ етің, 

     құдаша-ай.

Екі бетің жанады алқызыл гүл,

Қасың қара һәм және, шашың сүмбіл.

Көкіректен кетпейді айтқан сөзің,

Бақ ішінде сайраған бейне бұлбұл.



258

259


ӨЛЕҢДЕР

389. ҚҰЛАЖЕКЕЙ

Қайда едің шақырғанда Құлажекей, 

Айрылмас домбырадан тіл, көмекей. 

Алдымда құрбы-құрдас кез болғанда,

Салайын басып-басып, некей, некей.

Қайырмасы: 

Алқаракөк, ай! 

Кетті сәулем қыр жайлап, 

Тәуекелге бел байлап,

Санаменен сарғайдым-ай, 

Сәулем, сені көп ойлап. 

Су алсаң, Ертістен ал, кемерленген,

Сұрасаң тілек етіп, не бермеген. 

Ақ құйрық қара шайдың нұсқасындай,

Көзіңнен айналайын дөңгеленген. 



Қайырмасы: 

Алқаракөк-ай! 

Кетті сәулем қыр жайлап, 

Тәуекелге бел байлап,

Санаменен сарғайдым-ай, 

Сәулем, сені көп ойлап. 



390. ҚҰРБЫЛАР

Ашылып бұлақ көзі, ақты қайнап,

Жерімнің түрі кілем жатыр жайнап.

Қайырмасы: 

Күн туады күлімдеп,

Әнге басар құрбылар.


260

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

«Елін сүйген күнім» деп,

Құрбыларым құлпырар.

Адамзат еркін өмір құшағында,

Шешіле шаттық әнін шертем сайрап.



Қайырмасы: 

Күн туады күлімдеп,

Әнге басар құрбылар.

«Елін сүйген күнім» деп,

Құрбыларым құлпырар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет