431. МӘТӨК ӘН
(2нұсқа)
Қолымда бір қамшым бар-ау күмістеген,
Япырм-ау, сол қамшыны кім істеген.
Аулына сол қалқамның-ай барар едім,
Қолымды босатпай жүр, бай, бай, бай,
а,
жұмыс
деген-ау.
Көрсетші сұлу қыздың үйін маған,
Келтірген домбыраның күйін маған.
Он бес пен жиырманың арасында
Талайдың дәмін таттық бұйырмаған.
Бар екен Атырауда қарбыз сатқан,
Қандай жан сол қарбыздың дәмін татқан.
Ол дағы шариғатта күнә дейді,
Бір үйде бір бойжеткен жалғыз жатқан.
432. МӘУЛЕН
Жылқының еті тәтті, сүті балдай,
Дүние өте шығар керім салдай.
Аман-сау өзіңізді көргеннен соң,
Қуанды көңіліміз әлде қандай.
Көшкенде еркем мінер серке санға,
Қараймын ерте тұрып атқан таңға.
Дүниеде тірі жүрген қандай жақсы,
Қадірлер ағайыны сіздей жанға.
282
283
ӨЛЕҢДЕР
433. МӘДИНЕ, БӨЛЕМ-АЙ
Ақ түлкісі Жайықтың аралдағы,
Сен бір шыққан алдымнан марал дағы.
Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.
Ажарыңды көрдім де, қақтым қанат,
Ақиықша шарықтап Оралдағы.
Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.
Мен ақиық Оралдың шыңындағы,
Қызыл түлкі сен, сәулем, қырындағы.
Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.
Ал қызыл гүл асыл зат сылаң етіп,
Алдымнан шық майысып бұралдағы.
Қайырмасы:
Ой, Мәдине, бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.
284
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
434. МЕНІҢ КӨҢІЛІМ
Сөз табасың, құрбыжан, не керектен,
Дәл тиеді қай сөзің зеңбіректен.
Шыныменен көңілің болса менде,
Жаным құрбым, жан сәулем, шын жүректен.
Қайырмасы:
Уаридай, еккай, уаридай, еккай,
Жаным құрбым, жан сәулем, менің көңілім.
Ай бірдей ме аспанда жұлдызбенен,
Тері бір ме шын кәмшат құндызбенен.
Жаман менен жақсыны айыра біл,
Жапалаққа қоңыр қаз ілгізбеген.
435. МЕРЕКЕ
Көрінер қора сұлу қойы болса,
Көрінер қыздар сұлу бойы болса.
Өлеңді мұнда айтпаған қайда айтамыз,
Мереке күнде осындай тойы болса.
Қайырмасы:
А-ха-хау-ей, жалған,
Көңілдің айтса тарқар
Қайғы арманы.
Аспанда ай болмаса, адасады,
Көңілді күлмей жүрсе, кір басады.
Кеудесі жақсылардың алтын сандық,
Сандықты, кілт болмаса, кім ашады?
284
285
ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
А-ха-хау-ей, жалған,
Көңілдің айтса тарқар
Қайғы арманы.
436. МҰХИЛИЛӘ-ШӘЙБАН
Айналайын, қарағым, шырағым-ай-ау,
Осынау даусым бара ма құлағыңа-ай-ау.
Мұхилилә-Шәйбан,
Ха-ли-лә-лей-ләу, ой, қалқам.
Осынау даусым барғанда құлағыңа-ай-ау,
Өзің түгіл зар болдым тырнағыңа-ай-ау.
Мұхилилә-Шәйбан,
Ха-ли-лә-лей-ләу, ой, қалқам!
437. НАҒИМА
Бұлдыр-бұлдыр көрінер қашқан тазы,
Күні қараң бұлбұлдың қапастағы.
Қайырмасы:
Әридай, әридай,
Ақша жүзің Нағима-ай!
Қаз ойнаған қарға мен ар емес пе,
Бұрынғыдан ғашықтық қалса дағы.
Қайырмасы:
Әридай, әридай,
Ақша жүзің Нағима-ай!
286
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Шауып шықтым басына жеті қырдың,
Жоны жақсы, жалы жоқ бөкен сұрдың.
Қайырмасы:
Әридай, әридай,
Ақша жүзің Нағима-ай!
Тауда да бар, талабы таста да бар,
Ақ жүзіңді, Нағима, неге бұрдың?
Қайырмасы:
Әридай, әридай,
Ақша жүзің Нағима-ай!
438. НАЗҚОҢЫР
(1нұсқа)
Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең неге аяйын аттың терін.
Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім.
Базардан алып келген күміс құман,
Жігітті адастырған қалың тұман.
Арадан қыл өтпейтін тату едік,
Біздерге қастық қылған қай антұрған.
439. НАЗҚОҢЫР
(2нұсқа)
Көзімнің жанарындай сәулем едің,
Көңілімнің қуанышты дәурені едің.
286
287
ӨЛЕҢДЕР
Кетпейсің күндіз естен, түнде түстен,
Басымды не сыйқырмен әуреледің.
Қайырмасы:
Ахахахау-лем, улайлем...
Ей, сәулем, сіз бір алтын сағаттағы,
Жақсы адам көңіліңді табат дағы.
Жаманға бір сөз айтсаң, шалқалайды,
Сондықтан көңіл шіркін қалад дағы.
Қайырмасы:
Ахахахау-лем, улайлем...
440. НАРЫНБАЙ ҚОСПАҚ
(1нұсқа)
Біздің ел жүруші еді Нарын жайлап,
Көкорай-ау, шалғынына бие байлап,
бие
байлап.
Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап,
күліп
ойнап.
Ауылым Толыбайдың қуысында,
Қалампыр-ау, талшынменен уысында.
Өзіңмен айтқан сертті орындауға,
Барамын-ау, келер айдың туысында.
288
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап,
күліп
ойнап.
Ені жоқ, таңбасы жоқ қарала аттың,
Базарда-ау бәсі қымбат асыл заттың.
«Тек жүрсең, тоқ жүрерсің» деген сөз бар,
Жігітке-ау пайдасы жоқ жаман аттың.
Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап,
күліп
ойнап.
441. НАРЫНБАЙ ҚОСПАҚ
(2нұсқа)
Алдына ат салмайды құла құнан,
Нарынның ат суардым бұлағынан.
Алдында асқақтатып ән шырқайын,
Қалмасын-ей, көпке дейін-ей,
құлағыңнан-ау-ей.
Бәйгеден талай келген ақ табаным,
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаным.
Аулыңа мен келгенде теріс қарап,
Білмедім не себептен жақпағаным.
288
289
ӨЛЕҢДЕР
Сұлу қыз мұнша неге бұлаңдадың,
Бос тастап екі қолды сылаңдадың.
Қолыңа қона қалған қаршыға едім,
Қайтейін, қадырымды біле алмадың.
Бәйгеден талай келген сұр құнаным,
Шықпай жүр осы күні құрғыр әнім.
Сендерді көз көргеннен мақтамаймын,
Біріңнен бірің артық, құрбыларым.
442. НӘЗІК БЕЛ
Ауылым көшіп барады ылай көлге-ай!
Шағи бешпет жарасар қынай белге, нәзік бел.
Кеткенде жерің шалғай-ей, жан сәулем-ай!
Көздің жасын көл қылып жылай көрме-ай!
Қайырмасы:
Талым-ай, нәзік бел жарым-ай.
Біздің ауыл, сұрасаң, ту көрінер,
Ақ тамақтың астынан күн көрінер.
Кеткенде ауылың алыс, беу, қарағым,
Сендей болып көзіме кім көрінер.
Қайырмасы:
Талым-ай, нәзік бел жарым-ай.
443. НҰРСҰЛУ
(1нұсқа)
Білем анық жанға жайлы-ау май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майда найзағай сұлу.
19-0256
290
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Әдемі аспан—төбедегі көк шатыр,
Көкте жүзген алтын табақ—ай сұлу.
444. НҰРСҰЛУ
(2нұсқа)
Білемін жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майданда найза ғой сұлу.
Әдемі өскен төбеде-ай көк шатыр,
Көкте жүзген алтын табақ ай сұлу.
Білем анық жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен май айында жай сұлу.
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте ай сұлу.
Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,
Қош иісті түрлі-түрлі гүл сұлу.
Әдемі аспан, төбедегі көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.
Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқылдаған айдыннан
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.
Шаңқай түсте өткір алтын күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлі сұлу дүние,
Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу.
290
291
ӨЛЕҢДЕР
445. ОБАҒАН
Суың тәтті, Обаған, жарың биік-ай,
Ғашық болған Арқада бір бала едің-ай.
Қасіретіңді-ай мен тарттым жаным күйіп-ай,
Кете алмадым жолыңа жаным қиып, уай.
Қайырмасы:
А, жаным қиып, уай.
А, жаным қиып, уай.
446. ОЙ, ДАЛАМ
Әй!
Жақсы адам жасырмайды адал сырын,
а-хау,
ой-далам!
Жаманда-ай жақсылық жоқ-ей ешбір ырым.
Атар таң, шығар күн жоқ сол жаманға,
Келгенде-ай, сөйлер сөзге кетер қырын-ау,
кетер қырын, ой-далам-ай.
Қайырмасы:
Бір күйі домбыраның пернесінде,
Жел сөздің іркілемін мен несіне.
Жігіттер, тіршілікте ойна да күл,
Мен кепіл өткен жастық келмесіне.
447. ОЙ, ДЕШ
Қасың қара, ей, қалқа, бетің айдай,
Ойнақтайсың, еркелеп телі тайдай.
Қайда барсам қалмайсың бір есімнен,
Көлеңкеңді көрсетіп қызыл байлай.
292
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Ой, қыздар-ай, дертке қуат,
Сәнге зият,
Ботпай, Шымыр,
Сиқым, Жаныс,
Жанбай, Қапал,
Ойық, Тілік,
Мүйіз-Суан,
Киіз-Суан,
Торы төбел атым бар толықсыған.
Сыры кетсе, сырлы аяқ сыны қалған,
Алтын сапты кездіктің қыны қалған.
Аяғыңды керігіп баса алмайсың,
Сұр жорғадай, сұлуым, болдым арман.
Қайырмасы:
Ой, қыздар-ай, дертке қуат,
Сәнге зият,
Ботпай, Шымыр,
Сиқым, Жаныс,
Жанбай, Қапал,
Ойық, Тілік,
Мүйіз-Суан,
Киіз-Суан,
Торы төбел атым бар толықсыған.
448. ОЙ, КҮНІМ-АУ, ОЙ, ДАЙ-АУ
Келеді жаз мысалы жыл құсымен,
Көктемде мал балалар тұңғышымен.
Ой, күнім-ау,
Ой, дай-ау.
292
293
ӨЛЕҢДЕР
Серіліп ұйқысынан жайраңдап жас,
Кемпір, шал—о да ойнайды құрбысымен.
Ой, күнім-ау,
Ой, дай-ау.
Жемдей бер шаппай, желмей кәрі бозды,
Күш-қуат, ақыл-қайрат бәрі тозды.
Төрт бұрышын дүниенің сайрандаған,
Мінеки, екі аяқтан таяқ озды.
449. ОЙ, ҚАЛҚА
Ой, қалқа, әуел алып, әуел алып,
Әркімге көзің сүзіп болма тәліп.
Түскенде сен есіме, беу қарағым,
Сарғайған зағпырандай мен бір ғарып.
Ой, қалқа, сен бір түлкі бұлаңдаған,
Байыздап бір орында тұра алмаған.
Алыстап ғайып болып бара жатсың,
Асқардай басын көкте мұнарланған.
450. ОЙ, ҚАРҒАМ
Қарасу есік алды лай ма екен,
Көргеннен мені анам сұрай ма екен?
Қайысып қабырғасы тапқан анам,
Мені ойлап осы күні жылай ма екен?
Аспанда бір жұлдыз бар Шолпан қаққан,
Бетіне ақ айнаның күмбез жаққан.
Жат елге шырылдатып бергенінше,
Қиналып анам байғұс несін тапқан.
294
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Ай қарақ суға салса, тоңбайды екен,
Айрылған анасынан оңбайды екен.
Бір ана онда да бар, мұнда да бар,
Сонда да сүт емгендей болмайды екен.
451. ОЙ, СӘУЛЕМ
Айналайын, қарағым, құлыным-ай, ау,
Бауырыңда көп жаттым тығылып-ай,
ой,
сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!
Шыныменен шын көңіл маған берсең, ей,
Берсей шекер қолыңнан омырып-ай, ой, сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!
Бешпентім бар үстімде, ей тайға алғандай,
Кәдірім бар сәулеме ойға алғандай, ой сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!
Өз елімде мен жақсы болып жүрсем, ай,
Менің сәулем болады бәйге алғандай, ой сәулем.
Хош аман бол, ой, сәулем,
Көргенімше енді-ау мен!
452. ОЙДАЙ, БАЛЫМ
Тартайын деп домбыра алдым қолға,
Он саусағым шағалап салдым жолға.
294
295
ӨЛЕҢДЕР
Білгенімше барымды мен сөйлейін,
Тіл байланып қалмаса сіздің сорға-ай.
Қайырмасы:
Ойдай, Балым-ай.
453. ОН АЛТЫ ҚЫЗ
Астыма мінген атым Генадушка,
Шабамын көңіл ашып немношка.
Не стоит на свете жить етуге,
Азырақ ойнап, күлмей молодушка.
Қайырмасы:
Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Назира-ай,
Нағима-ай, Бәтима-ай.
Әшекей қыз Айжан-ай, бәлекей қыз Балжан-ай,
Шашбаулы қыз Сәлима-ай, еркелеген Таиса-ай.
Толықсыған Маруса-ай,
тыңдаушы еді-ау Сәулем-ай,
Қайда кетті Раиса-ай, я люблю аяй Рая-ай.
Қайырмасы:
Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Назира-ай,
Нағима-ай, Бәтима-ай.
296
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
454. ОРАМАЛ
Орамалдың шетіне түйдім бидай,
Ақ қағаздың бетіне салдым шимай.
Қайырмасы:
Ел жайлауға шыққанда
Біз қайтамыз сауықтап.
Өлең-жырды төгілтіп,
Қыздар сәулем,
Күнде айтамыз.
Алыс аулың кеткенде, қарағым-ай,
Дөңбекшимін түнімен сені қыймай.
Қайырмасы:
Ел жайлауға шыққанда
Біз қайтамыз сауықтап.
Өлең-жырды төгілтіп,
Қыздар сәулем,
Күнде айтамыз.
455. ОРТА БОЙЛЫМ
Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым.
Жанның бәрі атыңды білмесін деп,
«Күлімкөз» деп әдейі жорта қойдым.
Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.
296
297
ӨЛЕҢДЕР
Қаңбақ ұшар даланың желіменен,
Мұз көшеді өзеннің сеңіменен.
Торғай жолдас тотыға бола алмайды,
Ойнағаны жарасар өз теңімен.
Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.
Мойыныңа жарасқан ақ меруерт,
Ойнамасаң, күлмесең, тарқай ма дерт.
Өзің теңдес ұнатсаң бір құрбыңды,
Алысқан қол, айтқан сөз—сертіңе жет.
Қайырмасы:
Ой, сәулем!
«Күлімкөз» деп әдейі,
Жорта қойдым,
Орта бойлым.
456. ӨТЕҒАЛИ
(1нұсқа)
Ішпедім Жайық суын ылай ма деп,
Баспадым жардың шетін құлай ма деп.
Жаманмен дос болуға мен қорқамын,
Бір күні ердің құнын сұрай ма деп.
Дүние малың құрсын, жолдас емес,
Алыстан сағым тартар көзіңе елес.
Бар байлық—ден сау болса екі қолға,
Ер жігіт дүние үшін уайым жемес.
298
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
457. ӨТЕҒАЛИ
(2нұсқа)
Жиырма не пиғылға түсірмедің,
Ерте тый бұл нәпсіні түсінгенің.
Шалқыған асқар таудай көңіл, шіркін,
Ұлғайса көріп жүрміз көсілгенін, а-ау.
Болады ұяң жолдас сақалдыға,
Жолымнан енді теріс шаталдырма.
Тентектік жас шағымда еткем талай,
Ерсі қарт еліме енді атандырма, а-ау.
458. ПӘНИ ЖАЛҒАН
(1нұсқа)
Қарағым, айналайын, алтыным-ай,
Көргенде ақ дидарың балқыдым-ай.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің есен-аман, жарқыным-ай.
Қайырмасы:
Аха-хау, пәни жалған,
Бұл пәни екі айналып
Келмес арман.
Қарағым, айналайын, келдің қайдан?
Ала үйрек, алма мойын ұшар сайдан.
Ой, қалқа, мекеніңді айтып қойшы,
Адамның жат болмағы осындайдан.
Қайырмасы:
Аха-хау, пәни жалған,
Бұл пәни екі айналып
Келмес арман.
298
299
ӨЛЕҢДЕР
459. ПӘНИ ЖАЛҒАН
(2нұсқа)
Қолыма сөз сөйлейін домбыра алып,
Құрбылар, тыңдасаңдар зейін салып.
Тайпалған талай жорға өткен бұрын,
Қонатын қайда барса жалын шалып.
Қайырмасы:
Ла-ла-а-ай пәни, жалған
Ли-ла-ла-а-ай
Ли-ла-ла-а-ай
Ли-ла-ла-ку-лай
Дау-а-ау-а-ей!
Атыры айдай
Өттің шіркін, жалған, а-ей.
Дүние, ойлап тұрсам, қыс пен жаздай,
Келетін бір күн тойлап қоңыр қаздай.
Алтындай жарқылдаған алдауы көп,
Ер болсаң, ерікті бол дүниеге азбай.
Қайырмасы:
Ла-ла-а-ай пәни, жалған
Ли-ла-ла-а-ай
Ли-ла-ла-а-ай
Ли-ла-ла-ку-лай
Дау-а-ау-а-ей!
Атыры айдай
Өттің шіркін, жалған, а-ей.
300
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
460. РАХИМАШ
Басында қара таудың қарай жаттым,
Беліме қара шашым, дариғау, орай жаттым.
Түскенде сен есіме, қарағым-ай,
Аулыңды өткен кезде, дариғау, сұрай жаттым.
Басынан қара таудың мұнар кетпес,
Түлкіге қиядағы құсым жетпес.
Сыртынан аулыңның аттандырып,
Дегенің «хош қалқатай», дариға-ау,
естен
кетпес!
461. САҒЫНДЫМ, АЙНАМ
Айттым сәлем, сәулеме, сен зерек деп,
Топтан орның өзіңнің бір бөлек деп.
Ақ атылас көйлектің жеңін тістеп,
Шықсын сәулем алдымнан көлбелектеп.
Топтан бөлек-ай, жаным, орыныңыз,
Хорлығайын жаралған порымыңыз.
Махаббаттың жол берсе тілегіне,
Сізбен бірге бізге шарт болуымыз.
462. САҒЫНДЫМ, ЖАЙЫҚ
Базарға қой айдаттым пұл ме екен деп,
Қояды қыздың атын ей-ей-еу
Ұлмекен
деп.
Бойыма түскен асым тарамайды,
Көңілі сол құрбымның ай-ау-ей
кімде
екен
деп.
300
301
ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Сағындым, Жайық елдерім,
Туып, өскен жерлерім.
Сағындым, Жайық,
Сағындым, Жайық,
Қош, аман бол, Ақ Жайық.
463. САЙРА
Маңдайың біткен жазық бақ тамғандай,
Көзіңіз қараңғы үйде шам жанғандай.
Әзілмен бір-екі ауыз сөз сөйлесең,
Естіген жан жамағат таң қалғандай-ай,
Қайырмасы:
Жан сәулем, қайдасың,
Сен есіме түскенде,
Қызыл тілім сайрасын.
Тіліңіз шекер менен балдан тәтті,
Ажарың, ой жіберсем, нұр сыйпатты.
Отыз тіс аузыңызда меруерттей,
Анадан тумас адам дәл сіз затты.
Қайырмасы:
Жан сәулем, қайдасың,
Сен есіме түскенде,
Қызыл тілім сайрасын.
464. САҚИНА
Ау!
Сақина аузыңдағы қалайы ма,
Деген соң бәрі күміс алайын да.
302
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Өлеңді бір-екі ауыз айта салып,
Сақина аузыңдағы алайын ба?
Шырағым, бақыр емес, сақина бер,
Дүниядан ғапыл қалма, тоят ілмей.
Шешендер сандық ұстар, бұлбұл құс бар,
Бола ма бір дегеннен бәрі бірдей.
Шәй ішсем самаурынның шәйнегінен,
Қараймын ағаш үйдің әйнегінен.
Ішінде тоқсан қыздың толықсыған,
Танимын мен сәулемнің көйлегінен.
465. САЛДЫҢ ӨЛЕҢІ
Дегенге қара сырық, қара сырық, ау,
Мінемін қаракерді таң асырып, ай,
ей,
а-и,
е-и-ау!
Түскенде, сен есіме қалқатайым-ау,
Төсекте жата алмаймын аласұрып,
ай, ей, а-и, е-и-ау.
Қайырмасы:
Түскенде, сен есіме қарағым-ай,
ей,
а-и,
е-и-ау!
Марпуға, төсекте-ай, жата алмаймын, ей,
аласұрып, а-и, е-и-ау.
Қонғаны ауылымның-ай, қалың қамыс,
Барамын қызды ауылға болса да алыс-ай.
Сабылтып, қызды ауылда жүргенімде,
Бір қызбен қоймай жүріп болдым таныс-ай.
302
303
ӨЛЕҢДЕР
466. САҢЛАҚ
Екі құлан келеді оттай, оттай,
Жер сауырын көрмедім Аймауыттай, ау.
Сен түскенде-ай, есіме асылым-ай,
Баса алмаймын аяғым шідерлі аттай, ау.
Сөңкіл көлдей көл қайда жайлағанға,
Жас құлынын шыңғыртып байлағанға.
Жатсам ұйқым-ай келмейді, тұрсам күлкім,
Кейін қалған қалқаны ойлағанда-ау, ау.
467. САРЫАРҚА
Шалқыған біздің жақтың көлі қандай,
Суы сүт, топырағы нәр, шөбі балдай.
Аңсаған туған жерін ел ұлының,
Құлаттың бір көргенде шөлі қанбай.
Қайырмасы:
Еркін бейбіт ауылың-ай,
Жас өсімтал, сәулем-ай.
Қырдың ерке сұлуы-ай,
Сағындым сені, бауырым-ай,
Ахау, уай! Жан сәулем,
Өрім талдай, жарық маңдай,
Аузыңнан шыққан лебің
Секер-балдай-ай!
Сарыарқа шөбің шүйгін, суың балдай,
Сай-сала асқар асқан тауың қандай.
Керілген кербез сұлу уәде берсе,
Жар бар ма ер жігітке барар шалғай.
304
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Еркін бейбіт ауылың-ай,
Жас өсімтал, сәулем-ай.
Қырдың ерке сұлуы-ай,
Сағындым сені, бауырым-ай,
Ахау, уай! Жан сәулем,
Өрім талдай, жарық маңдай,
Аузыңнан шыққан лебің
Секер-балдай-ай!
468. СӘЛЕМ
Ғизлату құрбым, сізге бізден сәлем,
Арада жетер ме екен тартқан кәләм.
Бағыңа біз бір туған бала бұлбұл,
Таранып жан-жағыңа енді қаран.
Қайырмасы:
Бір түнгі мәжілісіңде бірде болмай,
Қапалы көңіл шіркін, уа, шіркін,
болады
алаң.
Мұхтарым аман ба екен, жан мейірбан,
Тістерің, ернің ләгүн інжу-маржан.
Садаптың жаңа порым жауһазындай,
Аузыңнан шыққан сөзің дертке дәрмен.
Қайырмасы:
Бір түнгі мәжілісіңде бірде болмай,
Қапалы көңіл шіркін, уа, шіркін,
болады
алаң.
304
305
ӨЛЕҢДЕР
Достарыңызбен бөлісу: |