И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



Pdf көрінісі
бет14/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1451
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

469. СӘЛИМА САЛҒАН СӘУЛЕМ-АЙ

Бір қамшым бар қолымда бүлдіргелі,

Бір сөзімді айтайын күлдіргелі.

Ағажай, Сәлима салған сәулем-ай.

Әрі отырған орыннан бермен отыр,

Қармағым жоқ қолымда ілдіргелі.

Ағатай, Сәлима салған сәулем-ай.

470. СӘУЛЕМ 

Сәулеме айттым сәлем сен зерек деп, 

Өзіңнің топтан орның бір бөлек деп. 

Көйлектің ақ атлас жиегін тістеп,

Алдымнан шықсаң, сәулем, көлбелектеп. 

Қайырмасы: 

Сәулем, сәулем, айтайын,

Қағаз жазып хатпенен. 

Айтқан сөзің тіректі 

Тең бе жасық затпенен. 

Жандырма жүректі, 

Етсең қабыл тілекті. 

Ай, сәулем, өзіңнен де сөзің керек, 

Ақылға жас күніңнен болдың зерек. 

Құнанның қара жорға төбеліндей, 

Көзіңнен айналайын дөп-дөңгелек. 

Қайырмасы: 

Сәулем, сәулем, айтайын,

Қағаз жазып хатпенен. 

Айтқан сөзің тіректі 

20-0256


306

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Тең бе жасық затпенен. 

Жандырма жүректі, 

Етсең қабыл тілекті. 

471. СӘУЛЕМ-АЙ

(1­нұсқа)

Сарғайдым жолыңа мен қарай-қарай,

Хабарсыз кеттің, сәулем, неге бұлай.

Жастықтың ауытпалы толқынында, 

Жүрмісің ойға қалып, әлде қалай. 

Ерітіп жүрегіме түсірдің шоқ, 

Жан сәулем, сенен басқа сүйерім жоқ. 

Ұмытсаң алысқан қол, айтқан сертті,

Амал не, махаббатқа атқаның оқ. 

Қандай іс жолыңдағы тұрған бөгеп? 

Білемін табылады саған жар көп.

Сонда да үмітімді үзгенім жоқ,

Аңсаған арманыма жетемін деп.

472. СӘУЛЕМ-АЙ 

(2­нұсқа)

Айдап салдым жылқымды ақ қауланға, 

Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға. 

Қуанғаннан жүрегім алып ұшар, 

Ақ білекті сыбанып қой сауғанда. 

Қайырмасы: 

Екі ғана жирен-ай

Өңшең манат киген-ай. 


306

307


ӨЛЕҢДЕР

Оймақ ауыз, күлім көз, 

Жас жігіттің сүйгені-ай. 

Сары белден сарғайып таң атады, 

Аққұбаша, бидай өң ұнатады.

Ұзақ таңға ер жігіт қайтып шыдар, 

Сары майдай толықсып қыз жатады. 

Қайырмасы: 

Екі ғана жирен-ай, 

Өңшең манат киген-ай. 

Оймақ ауыз, күлім көз, 

Жас жігіттің сүйгені-ай.

473. СӘУЛЕМ-АЙ

(3­нұсқа)

Ауылымның алдында қоғалы көл, 

Жаз болғанда айнала, қонады ел, сәулем-ай. 

Сүйген жардың аулынан қайтқан күні

Қоңыр салқын алдымнан соғады жел, 

 

 



 

 

             сәулем-ай. 



Қайырмасы: 

Екі ғана жирен-ай,

Жал-құйрығын түйген-ай.

Оймақ ауыз, қиғаш қас,

Ғашық жардың сүйгені-ай.

Әзіл сөзді айтамын айламенен,

Қалып еді көңілің қайда менен, сәулем-ай.

Өлгенімше өкініш болмас еді,

Өмірімді өткізсем сеніменен, сәулем-ай.


308

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Екі ғана жирен-ай,

Жал-құйрығын түйген-ай.

Оймақ ауыз, қиғаш қас,

Ғашық жардың сүйгені-ай.

474. СӘУЛЕМ-АЙ 

(4­нұсқа)

Балға табы кетпейді темірдегі,

Сенің бейнең өшпейді көңілдегі, ғашық жар,

      


сәулем-ай. 

Қырғауылдың мойнындай мың құбылған,

      

қалқам-ай,



Қылығыңды қайтейін, іңірдегі ғашық жар,

     сәулем-ай. 

Су жағалай бітеді жалбыз деймін,

Су жағалап сырласар жанды іздеймін. 

Алыс аулың кеткенде, қимас қалқам,

Жүре алмадым елеңдеп жалғыз деймін. 

Айналайын бейнеңнен айнадағы, 

Екеумізге жақындық пайда-дағы. 

Тағы бірде, бұйырса, кездесерміз, 

Уағдаңды жүре бер байла-дағы. 



475. СӘУЛЕМ-АЙ, СӘУЛЕМ

Шырқап салса келісер әннің басы-ей!

Сыбызғышы, сырнайшы, домбырашы-ей! 

 

 



Сәулем-ай, сәулем-ай. 

308

309


ӨЛЕҢДЕР

Той-думанды мереке болған жерде-ей!

Қыз-бозбала жиылып ән шырқашы-ей!

 

 



Сәулем-ай, сәулем-ай. 

Сәуле беріп түндегі туған айдай,

Асыр салған өрісте құлын-тайдай. 

Сызылтып жүз құбылтып ән шырқаса,

Сәулем-айдай ән болмас, қоңыр майда. 

476. СӘУЛЕМ-АУ

Аулымның қонған жері Талдыбұлақ, 

Көрікті суы тәтті сәнді бұлақ. 

Кеткенде аулың алыс, беу, қарағым, 

Халіңді хабар салып, білдім сұрап. 

Қайырмасы: 

Ә-лә-лу, ә-лә-лу, халіңді білдім сұрап. 

Барады аулым көшіп Ошағанға,

Үйіріп құрық салдым қашағанға. 

Орнымнан жатсам-тұрсам сені тілеп,

Мың мәрте жалбарынам жасағанға. 



Қайырмасы: 

Ә-лә-лу, ә-лә-лу, халіңді білдім сұрап. 

Ауылым көшіп барады кең жайлауға,

Жүре гөр келіп-кетіп сайраңдауға. 

Көрген жерден ұнаған, беу, қарағым, 

Асығам өзіңменен сөз байлауға. 



Қайырмасы: 

Ә-лә-лу, ә-лә-лу, халіңді білдім сұрап. 



310

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



477. СӘУЛЕТАЙ 

Сәулетай, шын сүйікті ғашығымсың, 

Тең туған дидар сертің, о-хо-хоу, нәсілімсің. 

Талабым сізге деген таудан үлкен,

Айтылмай іске неге, о-хо, хоу, жасырынсын. 

Қайырмасы: 

Халилім, ай-ау, 

Халилім ай-ау, 

Халилім-ау, о-о, 

Халилім ләй, о-хой. 

Көп уайым қылдым қалқа жүзін көрмей, 

Мақсатқа қол жетпейді, о-хо-хоу, тілек бермей. 

Тамамдап сипатыңды термек едім, 

Тоқталды жарып тілім, о-хо-хоу, сөзге келмей. 

Қайырмасы: 

Халилім, ай-ау, 

Халилім ай-ау, 

Халилім-ау, о-о, 

Халилім ләй, о-хой. 

478. СЕКІРТПЕ 

Әуеде ұшып жүрген ақсар ме екен, 

Баласын атып алсам, қақсар ма екен. 

Әніме түрлі-түрлі мен салайын, 

Әніне әншілердің ұқсар ма екен. 

Қайырмасы: 

Ахау, жалған, жалған, 

Қол жетпеген арман-ай, арман. 


310

311


ӨЛЕҢДЕР

Өлеңді айтқан қандай, қойған қандай, 

Сұлу ән тоқтатпайды қызықтырмай. 

Жанымнан топырлаған жан кетпейді, 

Түрленіп тоқсан бунақ ән салғандай. 

Қайырмасы: 

Ахау, жалған, жалған, 

Қол жетпеген арман-ай, арман. 

479. СЕКІРТПЕЛІ СЕМ-СЕМ 

(1­нұсқа)

Әуелде ұшып жүрген асқары ма екен, 

Баласын атып алсам, қақсар ма екен. 

Әніме түрлі-түрлі мен салайын, 

Әншілердің әніне ұқсар ма екен! 

Қайырмасы: 

Ахау, жалған-ай, жалған-ай, 

Қол жетпеген арман-ай! 

Ағажай-ағажай, жанада-жанада, 

Әшекей парым, секіртпелі сем-сем, 

Асылзада еркем, 

Жамалыңды көрсем, 

Қызығында жүрсем! 

Жақсы болар жылқы мал күзеткенге, 

Қайың құрық сынбайды түзеткенге. 

Дәтің қайтып шыдайды ояу жатып, 

Үй сыртынан ән салып біз өткенде. 



Қайырмасы: 

Ахау, жалған-ай, жалған-ай, 

Қол жетпеген арман-ай! 


312

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ағажай-ағажай, жанада-жанада, 

Әшекей парым, секіртпелі сем-сем, 

Асылзада еркем, 

Жамалыңды көрсем, 

Қызығында жүрсем! 

480. СЕКІРТПЕЛІ СЕМ-СЕМ 

(2­нұсқа)

Ауылым көшіп барады қия белге, 

Өтірік мақтап ежелден сыя ма ерге, 

    агигай, 

агига-ай. 

Жігіт болсаң, бір сырлы тұрақты бол

Есерлікпен әркімнің тіліне ерме, 

    агигәй, 

агига-ай. 

Қайырмасы: 

Әшекей-әшекей форм,

Міне, менің жолым. 

Онда сенің сорың, 

Секіртпелі сем-сем. 

Жамалыңды керсем, 

Ай-ай-ай-ай, ай...

Алданыппын басынан жоққа сеніп, 

Асығайын несіне өсекке еріп. 

Ақыл дария деуші еді мысал сөзде,

Қолыма ұстап бермей ме ақыл жеңіп. 

Қайырмасы: 

Әшекей-әшекей форм,

Міне, менің жолым. 

Онда сенің сорың, 



312

313


ӨЛЕҢДЕР

Секіртпелі сем-сем. 

Жамалыңды керсем, 

Ай-ай-ай-ай, ай...



481. СМЕТ 

А! 


Алтайдың кен шығардым саласынан, 

Биік құз терең жартас арасынан. 

Көк балға жарқылдаған-ай, болат сүймен, 

Соққанда от шығады көк тасынан. 



Қайырмасы: 

Игигәй, игигәй, игигигәй, 

Көк балға жарқылдаған-ай, болат сүймен, 

Соққанда от шығады көк тасынан, 

Игигиги-ги-ги, ги-ги-ги, и-ги-ги-гәй. 

Алтайдың айналасы шөккен алтын, 

Көркейткен іргесіне қонған халқым. 

Бір кезде қоңсы қонған жарлы-жалпы, 

Міне, бүгін еркіндеп басты қарқын. 

Қайырмасы: 

Игигәй, игигәй, игигигәй, 

Көк балға жарқылдаған-ай, болат сүймен, 

Соққанда от шығады көк тасынан, 

Игигиги-ги-ги, ги-ги-ги, и-ги-ги-гәй. 

482. СОҚЫРДЫҢ ӘНІ

Жолаушы, атың семіз желетұғын, 

Көз бар ма мен байғұста көретұғын. 


314

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Шам-шырақ екі көзден айрылған соң, 

Құрбы жоқ, шақырсам да, келетұғын. 



Қайырмасы:

Дүние-ау! Ги-гә-ги, гөк-ка, ги-гә-ги, гөк-ка, 

Ги-гә-ги, гөк-ка, ги-гә-ги, гөк-ка. 

Ги-гә-гә-ги, гөк-ка-гәй, ги-ги-гәй. 

Ги-гә-гә-ги, ги-гә-гә-ги-гәй, ги-ги-гәй. 

Ішінде көп жылқының аласы едім, 

Әкемнің қоңыр қаздай баласы едім. 

Шам-шырақ екі көздің бар кезінде, 

Қызы мен үш ананың таласы едім. 

Қайырмасы:

Дүние-ау! Ги-гә-ги, гөк-ка, ги-гә-ги, гөк-ка, 

Ги-гә-ги, гөк-ка, ги-гә-ги, гөк-ка. 

Ги-гә-гә-ги, гөк-ка-гәй, ги-ги-гәй. 

Ги-гә-гә-ги, ги-гә-гә-ги-гәй, ги-ги-гәй.

 

483. СУСАР-АЙ



(1­нұсқа)

Ашылады-ау ақ көйлек сабындаса,

Несі құрбы құрбының сағынбаса.

Аңысап, әдейі шаршай іздеп келгенде,

Уәделі ол жерінен табылмаса.

Қайырмасы:

Сусар-ай,

Сусын берші қыздар-ай.

Атым мінген астыма күрең қасқа,

Шеген салдым құдыққа құламасқа.


314

315


ӨЛЕҢДЕР

Кішкентайдан бірге өскен құрбым едің,

Сақинаңды беріп кет сағынбасқа.

Қайырмасы:

Сусар-ай,

Сусын берші қыздар-ай.

484. СУСАР-АЙ

(2­нұсқа)

Көрінесің, жан сәулем, тоты құстай-еу, 

Бәрі бірдей адамзат бірдей емес-еу. 

Сені көріп көңілім алып ұшты-ай, еу, 

Бірі алтын болса да, бірі мыстай-еу. 

Қайырмасы:

Қос етекті жұбай-ай,

Осылай шығар ыңғай-ай.

Не қыл дейсің ыйбай-ай,

Шәй құй депті, шырақ-ай,

Сен де тыңда, жеңгей-ай.

А-ей, сусар-ай, сусар-ай,

Сусын әкел, қыздар-ай.

Кәмпит берші, Әбилә-ай,

Алып келші, Нағима-ай,

Мақұл дейді-ау Жәмилә-ай.

Бидай өңді, аққұба, ақша маңдай, 

Қызыл құмнан шұбалтып қашқан аңдай. 

Күндіз естен кетпейсің, түнде түстен, 

Көңілің, еркем, болып жүр әлдеқандай. 

Қайырмасы:

Қос етекті жұбай-ай,

Осылай шығар ыңғай-ай.


316

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Не қыл дейсің ыйбай-ай,

Шәй құй депті, шырақ-ай,

Сен де тыңда, жеңгей-ай.

А-ей, сусар-ай, сусар-ай,

Сусын әкел, қыздар-ай.

Кәмпит берші, Әбилә-ай,

Алып келші, Нағима-ай,

Мақұл дейді-ау Жәмилә-ай.



485. СҰҢҚАРЫМ-АЙ

Маңдайында, ал қалқам, ахау, нұрлы жүзің, 

Аямай ажарлы боп туған өзің-ай. 

 

Ай, угәй, әй, угәй, ай,



 

Аямай ажарлы боп туған өзің. 

Райханнан-ау, сүйегің, ахау, жаратылған,

Бұлбұлдай тұрған сайрап айтқан сөзің-ай. 

 

Ай, угәй, әй, угәй, әй, 



 

Бұлбұлдай тұрған сайрап айтқан сөзің. 

Жиырма бестің он беспен арасында,

Ақсұңқар жайылымға шығар кезің-ай. 

Арты қандай ғашықтың болады деп,

Зарлаумен тия алмадым өзімді-өзім. 

Қызыққаным саған мен екі көзің,

Кетпейді көкейімнен айқан сөзің. 

Қарағанмен көз құмар тарамайды,

Табыңыз өзің ойлап істің тезін-ай! 



316

317


ӨЛЕҢДЕР

486. СҰР ЖАҒАЛТАЙ

Көлде үйрек, көкте тұйғын, 

 

 

жерде қарға-ай, сұр жағалтай,



Сауысқан шықылықтап, ой, 

 

 



жалған, қонар талға-ау.

Сандуғаш, сары шымшық, 

 

 

сұр жағалтай-ау, сұр жағалтай,



Ұшқан соң, бәрі де құс, ой, 

 

 



жалған, шара бар ма.

Бозторғай, бозша торғай, боз бұлдырық,

Барады заман өтіп зыр жүгіріп.

Тілегін қыз-бозбала берген болса, берген болса,

Замана тұра-тұрса, аз кідіріп.

487. СҰРЖЕКЕЙ

Мінгенім дайым менің Сұржекейім,

Бүлкілдер әнге салсам көмекейім.

Кіші—іні, үлкен—аға бас қосқанда,

Алдында сұржекеймен мен жетейін.

Етікті әуел бастан нәл сақтайды,

Бәйгеден еркін жүйрік алшақтайды.

Өлеңді айт дегенде қоя бермей,

Несіне әнші жігіт жалтақтайды

488. СҰРЖЕЛГЕНШЕ

(1­нұсқа)

Барады аулым көшіп Балқаш көлге,

Қалқажан, сен қалайсың мен дегенде. 


318

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жарасар не кисе де қына белге,

Менде жоқ ұшар қанат сендегенде! 



Қайырмасы: 

Ай, қалқатай, ахау, сұр желгенше, 

Ахау, сұржелгенше! Ахау, сұржелгенше! 

Қош боп тұр, қош есен бол-ай 

Мен келгенше-ай! 

489. СҰРЖЕЛГЕНШЕ 

(2­нұсқа)

Сағындым алыс кеткен, қайран елім, 

Ойнаған асық атып, ой-дай, туған жерім. 

Бір көрсем сол елімді есен-аман, 

Мүддесіз тарқар еді, ой-дай, қайғы-шерім! 

Қайырмасы: 

Аха-хау, Сұржелгенше, 

Аман бол, құрбы-құрдас, ай-да, 

Біз келгенше! 

Туған жер көзден ұшып кетер ме екен, 

Қара жер хан-қараға, ой-дай, болған мекен. 

Деуменен «әттеген-ай!» қайран жасым, 

Қор болып дүниеден, ой-дай, өтер ме екен! 



Қайырмасы: 

Аха-хау, Сұржелгенше, 

Аман бол, құрбы-құрдас, ай-да, 

Біз келгенше! 



318

319


ӨЛЕҢДЕР

490. СҮМБІЛ ШАШ

Бұралған нәзік белің ақмаралдай, 

Аққұба бидай өңді ақша маңдай. 

Алшақтап сылаңдаған әсем едің, 

Шұбалып қызыл құмнан қашқан аңдай. 

Қайырмасы: 

Сұлулықтың белгісі—

Жазық қабақ, ақ маңдай. 

Жылысып келер қасына,

Майдан қылшық тартқандай. 

Ахау, сүмбіл шаш,

Тәтті сөзің, екі көзің,

Білгейсің келгенімді жалғыз өзің. 

Кетпейсің күндіз естен, түнде түстен, 

Болып жүр көңілің еркем енді қандай. 

Еркелер жас баладай майысасың, 

Қолы мен зергерлердің тартқан сымдай. 



Қайырмасы: 

Сұлулықтың белгісі—

Жазық қабақ, ақ маңдай. 

Жылысып келер қасына,

Майдан қылшық тартқандай. 

Ахау, сүмбіл шаш,

Тәтті сөзің, екі көзің, 

Білгейсің келгенімді жалғыз өзің. 



491. СЫМ САУСАҚ

Қарақат көзді сым саусақ,

Лебізің сенің бал-қаймақ.


320

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жолыңа сенің сарп етпей,

Неге керек малды айдап.



Қайырмасы: 

Уа, шіркін, сәулем,

Уа, шіркін, сәулем.

Еркелейсің, жан сәулем,

Қысырдың қызыл тайындай.

Лебізің сусын қандырған

Қытайдың қағаз шайындай.

Қарақат көзді, ернің бал,

Сен кеткен соң не-дүр хал,

Борандай борап күн өтер,

Жан-жағыңа көзің сал...

Қайырмасы: 

Уа, шіркін, сәулем,

Уа, шіркін, сәулем.

Еркелейсің, жан сәулем,

Қысырдың қызыл тайындай.

Лебізің сусын қандырған

Қытайдың қағаз шайындай.

492. СЫР-ДУАН

Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,

Ел қайда Сыр-дуаннан бір кеткен соң.

Бірге өскен кішкентайдан қарағым-ай,

Кіммен ойнап күлермін сен кеткен соң.

 

 



Еу, Дилләт, беу, Дилләт-ай,

 

 



А-хау, ахау, Дилләт-ай.

320

321


ӨЛЕҢДЕР

Басынан Қаратаудың көш келеді,

Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді,

Қабары Сыр-дуанның естілгенде,

Мөлдір-мөлдір көзімнен жас келеді.

 

 



Еу, Дилләт, беу, Дилләт-ай,

 

 



А-хау, ахау, Дилләт-ай.

493. СЫРҒЫМА 

Қайың ағаш жел соқса-ай, ырғалады-ай, 

Бозша торғай суықтан қорғалады. 

Демеу қылған көңіліме-ай, ғашық жарым-ай, 

Тиянақсыз жарай ма сырғанағың. 

Көшіп барады ауылым көлме-көлге,

Қашық дейді көлме көл көрмегенге. 

Жақын көрген жанымнан жарым едің, 

Өкпелеймін азырақ сенбегенге. 

494. СЫРЛАСЫМ

Шығамын еріккеннен қыр басына, 

Өзімсіп сөз сөйлеймін сырласыма. 

Ха-ли-ләу, ха-ли-лей-лау! 

Дос болып қастасқаннан жаман түк жоқ, 

Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.



Қайырмасы: 

Ой, ха-ли-ли-ли-лил,

Ай, ли-ли-ли-ли-ау!

Жігіттер, түрлене бер тоты құстай, 

Болмайды жігіт жарлы тәңірім қыспай.

Ха-ли-ләу, ха-ли-лей-лау! 

21-0256


322

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Басында әр төбенің өлген жатыр, 

Тіріге жазы-қысы қосылыспай. 

Ха-ли-ләу, ха-ли-лей-лау!

Қайырмасы: 

Ой, ха-ли-ли-ли-лил,

Ай, ли-ли-ли-ли-ау!

495. СЫРЫМБЕТ

Аулым қонған Сырымбет саласына,

Болдым ғашық ақсұңқар баласына.

Бидайыққа ылайық қарағым-ай,

Бөктергіге қор болып барасың да.

Қайырмасы:

Ай, еркем,

Қарындасым, 

Қош, есен бол-ай.

Шын ғашық бірін-бірі алдамайды,

Қайғысыз ғашық жүрек зарламайды.

Қара тас, ұйқың келсе, болар мамық,

Ғашықтық сұлулықты таңдамайды.



496. ТАЙКҮРЕҢ

Жылқы ішінде мінгенім күрең дөнен, 

Жайық бойын жағалай жүрем, 

   жүрем 

төмен-ай!

Жайық бойын жүрем төмен, ай-ау. 



322

323


ӨЛЕҢДЕР

Үш ұйықтасам ойымда бар ма менің, 

Сенен, қалқам, айырылып жүрем, 

   жүрем 

деген-ай!

Айрылып-ау, жүрем деген, ай-ау. 

Келмес едім бұл тойға, жылқым келді, 

Айдап жүріп жылқыны ұйқым келді-ай!

Танымасаң, құрбыжан, танытайын,

Той іздеген белгілі сылқым келді-ай! 



497. ТАЛ ҚҰРЫҚ 

Әй! Көшкенде жылқы айдаймын қаршыға алып, 

Қолыма тал құрығым-ай, аршып алып. 

Тұсынан қызды ауылдың ән шырқайын

Шекеме бір тал үкі шаншып алып-ай. 

Қайырмасы: 

Ой! 


Шаншып алып-әй, ай! 

Жеткен жылқым жүзге қуанамын, 

Еңкейіп сырлы аяқпен су аламын. 

Есіме сен түскенде, сүйген сәулем, 

Қолында асасы жоқ дуанамын-ай. 

Қайырмасы: 

Ой! 


Шаншып алып-әй, ай! 

498. ТАЛМА БЕЛ

Ауылым көшіп барады Ылай көлге, 

Шағын бешпент жарасар қынай белге. 


324

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Талда ойнар, талым-ай, 

Талма бел, жарым-ай. 

Жерің шалғай кеткенде, ей жан сәулем, 

Көзің жасын көл қылып жылай көрме. 

Қайырмасы:

Талда ойнар, талым-ай, 

Талма бел, жарым-ай. 

Біздің ауыл, сұрасаң, ту көрінер, 

Ақ тамақтың астынан күн көрінер.

Қайырмасы:

Талда ойнар, талым-ай, 

Талма бел, жарым-ай. 

499. ТӘҢІРІ-АЙ

Су аспас биік таудан тасқандағы, 

Жігіттің жары тәңірі, е-ей, 

    сасқандағы. 

Бағаңа жан жетпейтін, асыл еркем, 

Дәрежең жұлдызбен тең, тәңірі-ай, 

    аспандағы-ай. 

Жоғары біздің ауыл майда құмда, 

Көрінер бота сұлу тайлағында. 

Бір келсе оралыңа, екі ойнап қал, 

Қыз—күміс, жігіт—алтын бойдағында. 


324

325


ӨЛЕҢДЕР

500. ТЕКЕ ҚАЛА

Қай қала, мына қала-ау, Теке қала,

Ауылың бірге отырған көшсе алысқа. 

Түр салдым текеметке-ау, ау, теңбіл ала-ай, 

Беріп кет сақинаңды-ау, ау, сағынбасқа-ай. 

Қай қала, мына қала, Теке қала, 

Түр салдым текеметке теңбіл ала. 

Талықсып талға асылып тұрған шақта, 

Толықсып келмейсің бе жеке-дара. 

Қай қала, мына қала, Теке қала, 

Түр салдым текеметке теңбіл ала. 

Самалмен кешке қарай аттандырдым

Әнімді елші қылып екі араға. 

501. ТЕЛІМ

Жүгірген қойдан қойға-ау, сары серке, 

Қайтейін қылығыңды-ай, балым ерке. 

Кеш болса серуенге-ау, шығасың сен,

Өрімнің айдарындай біткен жеке-ай! 

Қайырмасы:

Жантелім, 

Біткен жеке-ай, 

Ай, дүние-ау. 

Келмейді өлең айтқым ерінгеннен, 

Тартады бойым байсал керілгеннен. 

Аяқты әлтек-телтек баса алмаймын, 

Төбесі тақияңның көрінгеннен.

 


326

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



502. ТОҒЫЗ ҚЫЗ 

Басында Бақалының қара тұз бар, 

Бетінде дария судың қатқан мұз бар. 

Дейтұғын Зейне, Күлән, Күлсім, Кенже, 

Дариға, Мариям атты, Райхангүл бар. 

Қайырмасы:

Айби, асыранды бұлбұл-ай, 

Кәриманың пиғылы-ай. 

Ағай іздеп келгенде,

Күтіп алмай құрғыр-ай. 

Ахау, сәулетай, білегің,

Қабылдансын тілегің.

Бұрынғыдай емес қой

Мен келгенде жүрегің. 

503. ТОПАЙ КӨК 

(1­нұсқа)

Жігіттер шәк келтірме құдіретке-ай, 

Тілеймін медет бер деп барша үмметке-ай. 

Баурында Көкшетаудың екі қыз-ау, 

Ән салған осылай деп «Топай көкке», ей! 

     Е, 


е, 

ей. 


504. ТОПАЙ КӨК

(2­нұсқа)

Е-ей! 


Көкшетау, Баянаула-ай, жер нояны,

Елінен көктей гүлдеп-ай, шығады әні.



326

327


ӨЛЕҢДЕР

Бауырында Көкшетаудың көкке шалқып,

Толғанып Жарылғаптың-ай, уай, 

 

 



«Топай көкке» салған әні.

Әй, и, әй, әй,әй, әй, әй, ай.

Е-ей! 

Жарылғап ескі әншінің-ай маңғазы еді,



Әнді ерттеп, күйді мінген-ай ардагері.

Осы әнді Көкшетаудан әкелдім деп,

Баянға алып келіп-ай, уай, 

 

 



«Топайкөкке» жайған еді.

Әй, и, әй, әй,әй, әй, әй, ай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет