И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1451
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

547. ШЫҒЫРШЫҚ 

Қарындаш қолға ал десең қолға алайын, 

Сіздермен достасуға оңғалайын. 

Кіші іні, үлкен аға бас қосқанда, 

Алдыңда шаппай, желмей, жорғалайын. 

Шетіне орамалдың түйіп тасты, 

Ғашығың келетұғын қиғаш қасты. 

Салғанда «Шығыршыққа» қоңырлатып, 

Алдыма алып келер қолаң шашты. 


350

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



548. ШЫМЫР

(1­нұсқа)

Қара ойдың қалды қамшым қабағында, 

Бояудың бір белгісі сабағында. 

Еркемді, өзім барсам, таныр едім, 

Ақша ілгек жарқылдаған тамағында. 

Көшкенде жылқы айдаймын кер кекілмен, 

Аймалап ауыт-ауыт жел бетімнен. 

Жаңғыртып көш-жөнекей ән салғанда, 

Шаттанып қыздың жаны тербетілген. 

549. ШЫМЫР 

(2­нұсқа)

Есімде, сен, қыпша бел, досым да сен, 

Берші жеміс қолыңнан жесін десең. 

Қайырмасы: 

Шымыр-ай, ғұмыр-ай,

Әркім сізге құмар-ай. 

Қырға шық та қолыңды бір бұлғашы, 

Жемқор аттай айналып келсін десең. 

Қайырмасы: 

Шымыр-ай, ғұмыр-ай,

Әркім сізге құмар-ай. 

Мал озбай «шу» дегенде көк дөненнен,

Дұшпандар не демейді көлденеңнен. 

Қайырмасы: 

Шымыр-ай, ғұмыр-ай,

Әркім сізге құмар-ай. 


350

351


ӨЛЕҢДЕР

Сыртыңнан өзімсініп жүргенімде, 

Тап болды бір антұрған көлденеңнен. 

Қайырмасы: 

Шымыр-ай, ғұмыр-ай,

Әркім сізге құмар-ай. 

550. ШЫНАР-АЙ

Қара таудың басынан-ау, арша ап жүрмін, 

Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін. 

Қайырмасы: 

Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай

Қайткенде көңілім тынар-ай. 

Кішкентайдан бірге өскен-ау сәулем едің,

Көре алмастан жүзіңді аңсап жүрмін. 

Қайырмасы: 

Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай, 

Қайткенде көңілім тынар-ай. 

Айналайын, қарағым-ау, орта бойлым,

Сары майдан айырып торта қойдым. 

Қайырмасы: 

Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай, 

Қайткенде көңілім тынар-ай. 

Жаңа ғана жүзіңді-ау, көрсем-дағы, 

Күлімкөз деп атыңды жорта қойдым. 

Қайырмасы: 

Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай, 

Қайткенде көңілім тынар-ай. 


352

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



551. ШЫРАЙЛЫМ

Теріп, теріп таулардан тас алғаным,

Көк сауырдан етікке бас алғаным. 

Қайырмасы: 

Ай, ахау, сен шырайлым, 

Ұмытпа, мен сұраймын-ай! 

Сен дегенде, шырайлым, шыдай алмай,

Ішім күйіп, көзіме жас алғаным. 

Қайырмасы: 

Ай, ахау, сен шырайлым, 

Ұмытпа, мен сұраймын-ай! 

Шырайлым, сен ар жақта, мен бер жақта, 

Қосылар күн болар ма екі жасқа?

Қайырмасы: 

Ай, ахау, сен шырайлым, 

Ұмытпа, мен сұраймын-ай! 

Ойымнан жатсам, тұрсам бір кетпейсің, 

Өзгеге көңілім толмас сенен басқа. 

Қайырмасы: 

Ай, ахау, сен шырайлым, 

Ұмытпа, мен сұраймын-ай! 

552. ШЫРҚАСЫН

Шырқап-шырқап салайын шырқасынға,

Кейде жаңбыр, кейде қар бұрқасында.


352

353


ӨЛЕҢДЕР

Қолым тиіп жылқыдан бара алмадым,

Жан сәулем, кешіктің деп ұрсасың ба.

Қайырмасы: 

Алмадай бетің албырап,

Ақ бұғағың салбырап.

Меруерттей күлкің төгілген,

Қиылып бейне көк құрақ. 

553. ШІРКІН-АЙ

Ұшады көкала үйрек көл дегенде, 

Сілекей сірне татыр шөлдегенде. 

Қайырмасы: 

А, шіркін-ай, қайран сәулем! 

Бір естіп хабарыңды жай таппадым, 

Менде жоқ ұшар қанат сен дегенде. 



Қайырмасы: 

А, шіркін-ай, қайран сәулем! 

Белгілі сұлу жылқы сырғалықтан, 

Көруші ем сөзді тәуір бір қылықтан. 



Қайырмасы: 

А, шіркін-ай, қайран сәулем! 

Ала алмай сізден хабар қапа болдым, 

Жетер ме сәлем айтсам бұлдырықтан. 



Қайырмасы: 

А, шіркін-ай, қайран сәулем! 

23-0256


354

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



554. ЫРҒАҚТЫ

Ей! 


Ақ тұйғын құс қолымда зыр қақты ма,

Басып-басып алайын ырғақтыма, а-ай.

Бозбала, саған айтар өсиетім,

Жақын жүр әлпештеген ардақтыға, 

    ардақтыға-ай.

Қайырмасы: 

Ха-лә-лә-ли, лә-ли, лә-лім,

Ха-лә-лә-ли, лә-ли, лә-ли, лә-лім,

Әлпештеген ардақтыға-ай.

Жас өмір жанып тұрған ал қызыл гүл,

Сипаттауға қызығын жетпейді тіл, а-ай.

Жауқазын желбіреген жастық шағым,

Өмірдің мағынасын түсіне біл.



Қайырмасы: 

Ха-лә-лә-ли, лә-ли, лә-лім,

Ха-лә-лә-ли, лә-ли, лә-ли, лә-лім,

Әлпештеген ардақтыға-ай.



555. ІҢГӘЙ-АУ 

Айналайын жүзіңнен, қарағым-ай, 

Жазғы түскен сағымның ажарындай. 

Күндіз-түні үйіңнен ат кетпейді, 

Орынбор мен Текенің базарындай. 

Мен шыққанда ауылдан бесін еді, 

Алма мойын ақсұр ат есінеді. 

Сен түскенде есіме белімдегі

Бес ораған белбеуім шешіледі. 


354

355


ӨЛЕҢДЕР

556. ІҢКӘР

Шыңғыстың бір қызы-ай, бар Іңкәр атты-ай, 

Сөйлесе-ау, сөзі шекер, балдан тәтті-ай. 

    Үрияй, 

Үрияй. 

Қайырмасы: 

А-лә-лә, лә-лә-лә-ли, лә-лә, 

Лә-лә-лә-ли-ләй, лә-лә-ләй. 

Лә-лә-лә-ли, ләй-ләй. 

Лә-лә-ләй, лә-лә-ләй. 

557. ІҢКӘРЖАН 

Ер-тоқымнан кетпейді аттың қағы-ай, 

Талаптанбай ашылмас ердің бағы-ай. 

Қайырмасы: 

Іңкәржан, Жәнипа-ай, 

Жарамайсың, Әнипа-ай! 

Ақылың абзал, қалқам-ай!

Тәуекелге беліңді бек байласаң, 

Ер жігіттің арымас арғымағы-ай. 



Қайырмасы: 

Іңкәржан, Жәнипа-ай, 

Жарамайсың, Әнипа-ай! 

Ақылың абзал, қалқам-ай!

Ұшады кеш болғанда, 

Сөндірейін дертімді су себелеп. 



Қайырмасы: 

Іңкәржан, Жәнипа-ай, 

Жарамайсың, Әнипа-ай! 

Ақылың абзал, қалқам-ай!



356

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Түскенде сен есіме, айналайын, 

Аш бөрідей жортамын тау көбелеп. 



Қайырмасы: 

Іңкәржан, Жәнипа-ай, 

Жарамайсың Әнипа-ай! 

Ақылың абзал, қалқам-ай!



558. ІҢКӘШ

Ауылым көшіп барады Анқатыға-ай, 

Зер салдырсам жарасар шарқатыма-ай. 

Қайырмасы: 

Сәулем-ай, аман бол. 

Бес-алты ауыз жел сөзді мен сөйлейін, 

Іштің шерін азырақ тарқатуға. 



Қайырмасы: 

Сәулем-ай, аман бол. 

Жатпайды екен иті үріп таудағының,

Болмайды екен қадірі саудашының. 



Қайырмасы: 

Сәулем-ай, аман бол. 

Теріс арқау жиырмада тентек жаста, 

Ұстараның жүзіндей аума, күнім. 



Қайырмасы: 

Сәулем-ай, аман бол. 



356

358

358

ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ  ТҮСІНІКТЕМЕ



1. Қазақ халқының 1000 әні.

А.В.Затаевичтің тұңғыш жинағына (Александр Затаевич. 



1000 песен киргизского народа (напевы и мелодии). Со вступ­

лением проф. А.Д.Кастальского, предисловием и примечаниями 

автора. —Оренбург: Киргизское государственное издатель­

ство, 1925 г.) сол кездегі Қазақстанның ел басшылары, көрнек ті 

мемлекет және қоғам қайраткерлері: С.Меңдешев, А.Байтұр сы-

нов, Ә.Н.Бөкейханов, А.Л.Мелков, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақа-

сов, М.Жолдыбаев т.б. тікелей басшылық жасап, музыкалық-

фольклорлық шығармалардың жазылуына қазақтың 

Ә.Жан 


гелдин, М.Саматов, Е.Алдоңғаров, С.Сейфуллин, 

Ж.Аймауытов, Ғ.-Х.Бөкейханов, Б.Майлин, Қ.Медетов, 

А.Ораз 

баева, А.Қостанов, Б.Жұмабаев, А.Мұқашев сынды 



көрнекті зиялы қауымы өкілдері, қызметкерлер, жұмысшы-

лар, оқушылар, мектеп-коммуналар тәрбиеленушілері т.б.—

барлығы 145 жаздырушы-корреспонденттер (көмекшілер) ат-

салысты.


Жинаққа енген шығармалар, негізінен Орынборда және 

оның айналасында, Мәскеуде 1920 жылдар басында Қазақстан-

ның әр түпкірінен, Түркістаннан, Орта Азиядан келген адам-

дардан жазып алынып, нотаға түсірілген. 

Жинақтың құрылымы: профессор А.Кастальский жазған 

кіріспе сөзі, автордың алғы сөзі мен оның Қазақ республи-

касының губерниялары мен жеке уездері (Түркістан бөлімін 

қоса алғанда) бойынша жазылған әндердің тізімінен және 

негізгі бөлімі—І. Адай уезі» (№1­39), ІІ. Ақмола губерниясы 



360

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



(№40­237), ІІІ. Ақтөбе губерниясы (№238­292), ІV. Бөкей гу-

берниясы  (№293­403), V. Қостанай губерниясы (№404­533), 

VІ. Орынбор губерниясы (№534­623), VІІ. Семей губерния-

сы  (№624­787), VІІІ. Торғай уезі (№788­850),  ІХ. Түркістан 



(№851­908), Х. Орал губерниясы (№909­1000) сияқты ау-

мақтардан жиналған халық туындыларынан, сонымен бірге 

«Автордың ескертпелері» (№1­618)», «Корреспонденттердің 

әліпбилік көрсеткіші», «Біркелкі тақырыптары мен авторла-

ры бойынша әндер көрсеткіші», «Әндер мен шығармалардың 

сипаты, маңызы мен мазмұны бойынша көрсеткіші», «Әндер 

мен күйлердің әліпбилік көрсеткіші», «Әдебиеттердің биб ли о-

графиялық көрсеткіші» деген орысша бөлімдерден құрал ған.

Олардың арасында халықтың жас ерекшеліктеріне байла-

нысты түрлі жанрларды қамтитын батырлық, тарихи, тұр-

мыстық, революциялық т.б. жырлар, термелер, толғаулар, 

ғұрыптың өлеңдер (бесік жыры, сыңсу, жар-жар, қоштасу, 

айтыс, жоқтау, арнау) т.б. лирикалық әндер мен күйлері—

барлығы 977 ән мен 23 күйдің нотасы қамтылған.

Ән мәтіндері негізінен ноталық жазбасының арасына 

терілген. 41 әннің кейде төрт жолы, болмаса бір-екі немесе үш 

жолы, ал көпшілігінің тек 2-4 жолдық қайырмасы ғана беріл-

ген. Мәтіндері толық түсірілген әндердің ішінде: «Адасқан», 

«Нұржан әні», «Мына заман», «Сайраса бір», «Сағындым, 

сәу лем», «Үкілімай-ай», «Ай-хай, Ғазиза», «Тәбенбай», «Те-

зек әні», «Сұрша қыз», «Аман да бол», «Іңкәу жан», «Медет 

хан»  (Мұхиттыкі), Нұржанның (Наушабайұлы), Абайдың 



(«Үкілімай­ай» әні Абайдың «Өлсем орным қара жер» өлеңімен 

айтылған),  Мұхиттың  (Мерәліұлы),  Тезектің  (Тезек Абылай­

ханов) шығармалары бар. Басылымның ұстанымына байла-

нысты ол шығармалар томға алынбады. 

«Жиырма бес», «Абайкөк» (ІІ) (Ж.Аймауытовтан), «Ғашық 

жар-ай» (Б.Әлиннен), «Кәмшат бөрік» (А.Байтұрсынұлынан) 

әндері аталған жинақтың 1963 жылғы 2-басылымына енген бол-

са, «Харидай-ау», «Уәли», «Қамажан-ай», «Қалтылдақ», «Сегіз 

қыз», «Қос жар», «Қарындасым, Сырымбет», «Дүрбебай», «Боз 

жорға», «Агагугай», «Ахау, миат», «Бұдабай», «Кідігай», 



360

361


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

«Той-той-ай», «Агой-көгай», «Алдамжар», «Ақбозат», «Жиыр-

ма бес», «Абай көк», «Ғашық жар-ай», «Кәмшат бөрік», 

«Халиләләлем», «Қараторғай», «Халиләл-ләй-лей», «Әліп бе», 

«Бір бай», «Кей-аку», «Көкек», «Маңмаңгер», «Асық-жар», 

«Беу-беу», «Гүлзейнеп»  сияқты туындылар  бір ғасырға жуық 

мезгілден соң осы томға алғаш жарияланып отыр. 

Әндердің ескі кирилл әліпбиінде, қазақ тілінде хатқа тү-

сірілген түпнұсқа жазбалары қазір Орталық мемлекеттік 

мұрағатта  (ҚР ОМА.А.Затаевичтің жеке қоры: № 847 қор, 



№1 тізбе, № 7 іс) сақтаулы тұр. Олар 1920 жылы Қазақ 

АКСР Халық ағарту комиссариатының, Қазақстанды зерттеу 

қоғамының материалдарымен бірге мұрағатқа өткізіліп, құ-

жатталған. Материалдардың арасында мәтіндердің тарихы, ав-

торлары, айтушылары, жинаушылары, корреспонденттер т.б. 

туралы мәліметтер кездеседі. Мұрағаттағы жазба нұсқалар мен 

«1000 ән» жинағына (1925) енген мәтіндері бір-біріне сәйкес 

келеді. 


Томға мәтіндер жинақтың 1-басылымы бойынша дайын-

далды. 


2. Қазақ халқының 1000 әні. 

Жинақтың екінші қайта басылымына (А.В. Затаевич. 



1000 песен казахского народа (песни и кюйи) // Издание 

второе. Государственное музыкальное издательство, 

Москва, 1963. Подготовлено к печати Отделом музыкаль­

ного искусства Института литературы и искусства 

имени М.О. Ауэзова Академии наук Казахской ССР. От­

ветсвенный редактор А.К.Жубанов): «А.В.Затаевичтің ес-

кертпелеріне және жинаққа енбеген ән нұсқаларына ред-

алқаның толықтырулары» түсініктемесі; В.Дернованың 

«А.В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының 

жазылу тарихынан» орысша зерттеуі, қазақша мәтіні мен 

оның орыс тіліндегі аудармасы берілген «Ән мәтіндері» бөлімі 



(М.М.Ахметова дайындаған), «А.Затаевичтің қазақтың ха-

лық музыкасы бойынша библиографиялық көрсеткішіне 

редалқаның толықтыруы» деген жаңа бөлімдер қосылған. 


362

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жинақты баспаға дайындау жұмысына А.Қ.Жұбанов, 

В.П.Дер нова, М.М.Ахметова, Б.Г.Ерзакович қатысқан. 

«Ән мәтіндері» бөлімінде 1-басылымдағы төрт әннің мәтіні 

(№612, 638, 639, 752) мен Мәскеудің орталық музыкалық 

мұражайынан табылған (ГЦММА. МОМММА.Затаевич қо­



ры: №6 қор, №157, 159, 175 инв.), А.Затаевич жазып алған 

жаңа 31 әннің мәтіні, олардың орыс тіліндегі жолма-жол және 

мағыналық аудармасымен берілген.

Томға мәтіндер осы жинақтың негізінде дайындалды.



3. Қазақ халқының 500 әні мен күйі.

А.Затаевичтің екінші жинағының (А.Затаевич. 500 ка­



захских песен и кюйев Адаевских, Букеевских, Семипала­

тинских и Уральских с предисловием и 403 примечаниями ав­

тора (Продолжение «1000 песен казахского народа» того же 

автора).—Алма­Ата, Наркомпрос Казахской АССР, 1931) 

құрылымы: А.Затаевичтің алғы сөзінен, негізгі бөлімі— 

қазақтың 500 әндері мен күйлердің ноталық жазбалары-

нан, ал қосымша бөлімі—ән-күйге қатысты ескертпелер-

ден  (түсініктерден), аталуы, авторы, айтушысы, мазмұны 

бойын ша әліпбилік, әдебиеттердің библиографиялық көр-

сет кіштерінен  тұрады.

Бұл жинақта да зерттеушінің 1924-29 жылдары аралығын-

да  (1929 жылы тамызда баспаға тапсырылған) Адай уезі 

(№1­10); Бөкей уезі (№11­78); Семей облысы (№79­428) және 

Орал облысы (№429­500) секілді өңірлерден жазып алған 500 

халық шығармасы енгізілген. 

Шығармалар негізгі айтушылары: Қ.Оспанов, М.Бөкейха-

нов, Н.Бөкейханов, М.Әбсалықов, З.Айдаров, Ғ.Айтбаев, 

С.Аманжолов, Қ.Байжанов, Б.Балабеков, Қ.Бабкин, М.Бөжеев, 

С.Иманбаев, Ә.Қашаубаев, С.Кемелбаев, Г.Қалыбаева, Ж.Леке-

ров, А.Медеубаев, М.Меңаяқов, М.Молдабаев, Қ.Сәтбаев, 

Х.Табин, Т.Тілеубеков, Т.Хасенов, М.Шамшудинова, Ж.Шанин, 

З.Айшуақова, Ғ.Ақмамбетов, Ғ.Мұхитов т.б. барлығы—124 

көмекші-корреспонденттен жазылды.


362

363


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Жинақта халық әуенімен орындалатын эпостық туын ды-

лардың үзінділері, термелер, толғаулар, ғұрыптық өлеңдер 

(бесік жыры, сыңсу, жар-жар, қоштасу, айтыс, қара өлең, 

жоқтау т.б.), сондай-ақ негізінен домбыра, қобыз және сыбыз-

ғы аспаптарында орындалатын күй әуендері қамтылған.

Жинаққа топтастырылған 402 әннің 66 мәтіні ноталық 

жазбаларының арасына орналастырылған және зерттеуші 

олардың мәтіндерін толық хатқа түсіруге талпынбаған. Кей 

шығармалардың бірер жолы ғана көрсетілген және көпшілігі 

халық композиторларының шығармашылығына тән. Олар 

Ғ.Айтбаев, І.Жансүгіров, Ф.Жантеміров, Ә.Қашаубаев, Ж.Ле-

ке  ров, Ә.Марғұланов, Қ.Сәтбаев, Х.Табин, Ғ.Ақманбетов т.б. 

әнші-орындаушылардың айтуынан жазылған. 

Томға мәтіндер осы жинақ негізінде (1931) негізінде дайын-

далды. 


4. Қазақтың 500 әні мен күйі. 

Жинақтың 2-басылымында (А.В.Затаевич. 500 песен и кюй­



ев казахского народа / Пр. и вст. ст. И.К. Кожабекова. —Алма­

ты: Дайк­Пресс, 2002. —378 с.) редактор тарапынан жазылған 

алғы сөзден өзге өзгерістер болмағандықтан, оған ерекше тоқ та-

луды жөн санамадық.

Жинақтың М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инс-

титуты музыка бөлімі қызметкерлерінің дайындауымен 

(А.Затаевич. Қазақтың 500 ән, күйі / 500 казахских песен 

и кюйев (Толықтырылған академиялық басылым) /Жауап­

ты редакторы—С.Күзембаева; Арнайы редакторы—З.Жан­

ұзақова. Реставраторлар—З.Жанұза қова, Қ.Жүзбасов, З.Қос­

пақов, Т.Сарыбаев.—Алма ты: М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ, 

2007.—1136 б.) жарық көрген 3-академиялық басылымы ның 

құрылымы: кіріспе бөлімінен (авторы—З.Жанұзақова), 

жи 

нақтың құрылымында алдыңғы басылымының фак 



си-

милесі, толықтырулар, агогикалық терминдердің, А.Затае-

вичтің ре-соль бұрауында жазып алған әндер мен күйлерінің, 

туын дылар үлгілері ладының, зерттеушінің «Қазақтың 500 

ән, күйі» және «Қазақ халқының 1000 әні» жинақтарын-


364

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

дағы шығармаларды жеткізушілердің, қазақтың халық му-

зыкасы туралы музыкалық-этнографиялық жинақтары ның 

библиографиялық көрсеткіштері, А.Затаевичтің мәтінде-

рін жазған (подтекстовкасы) ән аттарының, домбыраның 

сүйемелдеуімен  (тұрақты немесе үзінді түрінде) айты-

латын ән аттарының, зерттеушінің орыс тілінде жазған 

ән, күйлер аттарының тізімдері, автордың ескертпелеріне 

реставратордың толықтырулары; қосымша әдебиет атта ры-

ның, музыкалық және әдебиет деректемелерінің шартты 

қысқартулары т.б. бөлімдер қамтылған. Яғни академиялық 

басылымға тән ғылыми қосымшалармен толықтырылған. 

«Ән мәтіндері» бөлімінде түпнұсқада нотасы берілген 402 

әннің мәтіндеріне қайта жаңғырту (подтекстовка) жұмысы 

жасалған. 

Қазақ өнертану ғылымында «подтекстовка» туралы ұғым 

өткен ғасырдың ортасында осы А.Затаевичтің жинақтарына 

қатысты қолданыла бастаған. Біз оны «қайта жаңғырту» деп 

көрсеттік. Ол туралы А.Жұбанов, В.Дернова, М.Ахметова, 

Б.Ерзакович, Т.Бекхожина т.б еңбектерінде көрсетілген. 

Жинақтағы ән-өлеңдердің әуені мен мәтіні:



  К.Оспанов, 

Ғ.Абдулханов, Х.Алагөзов, Н.Бөкейханов, Ғ.Ниязова, Ғ.Сұл-

танғалиев, И.Сұлтанов, М.Әбсадықов, З.Айдаров, Қ. Айманов; 

Ғ.Айтбаев, Қ.Айтбаев, Ұ.Айтбаев, Қ.Ақбаев, С.Аманжолов, 

Н.Аримпендин, Қ.Әукенов, О.Байдалинов, Қ.Байжанов, Б.Ба-

лабеков, С.Балаханов, Ф.Бейсембаев, М.Бекбосынов, Қ.Бабкин, 

М.Бөжеев, Х.Ғабдуллин, А.Жандеркин, Ф.Жантеміров, 

Б.Жан темірова, Н.Жүнісов, С.Иманбаев, Р.Исин, М.Ысқақов, 

А.Еш мұхамметов, А.Қадылбеков, М.Қадылбеков, Ғ.Қарпықов, 

Ә.Қашаубаев, С.Кемелбаев, Б.Кенжекеев, М.Қалыбаев, Ғ.Қар-

пықов, К.Қалыбаева, Ш.Қожыров, А.Қопашев, Қ.Қуанышбаев, 

Қ.Құбияров, Ж.Лекеров, А.Медеуов, М.Меңаяқов, Т.Меңаяқов, 

М.Молдабаев, Қ.Мұстафин, Б.Нұрмақова, З.Нұрмақова, Д.Оң-

ғарбаева, Ғ.Сәрсенбаев, Қ.Сәтбаев, С.Смағұлова, Х.Табин, Қ.Та-

нашевтен т.б. орындаушы-көмекшілерден жазылып алын ған. 


364

365


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Томға мәтіндер аталған жинақтағы лирикалық әндер, әсі-

ресе ғашықтық, тұрмыстық, табиғат, заман-дүние туралы шы-

ғармалар іріктеліп дайындалды. 



5. Песни разных народов.

Жинақ А.В.Затаевичтің туғанына 100 жыл толуына бай-

ланысты Мәскеудегі М.И.Глинка атындағы Мемлекеттік 

орталық музыка мәдениеті мұрағаты бойынша (ГЦММК), 



А.В. Затаевичтің жеке қоры. Ф. 6, инв.1, ед. 1) дайында-

лып  (Затаевич А.В. Песни разных народов (Из архива со­



бирателя) // Составитель В.П. Дернова. — Алматы: «Жа­

зушы», 1971) жарық көрді. Оған бұрын жарыққа шыққан 

екі жинағына енген және белгілі себептермен оларға енбей 

қалған қордағы материалдары, атап айтқанда, «Киргизские 

(казахские ) народные песни (мелодии и напевы), собран­

ные и записанные с голосов Александром Затевичем» деген 

қолжазбасы пайдаланылған. 

Басылымда мұрағат қорындағы қазақ халқының әндері-

мен бірге, Қазақстанды мекендейтін орыс, украин, татар, ұй-

ғыр, өзбек, дұңған, кәріс т.б. халықтарының музыкалық шы-

ғармалары топтастырылған. Жинақты құрастырып, баспаға 

дайындаған—өнертану докторы В.П.Дернова. 

Жинаққа енген мәтіндердің негізгі бөлігін халық әндері 

құрағанмен, авторлық әндерге де біршама орын берілген. 

«Қазақ әндері» («Казахские записи») бөлімінде бұрын басы-

лым көрмеген, жарияланғанның өзінде түрлі өзгерістерге ұшы-

раған «Алдам жар», «Халилә, сәулем», «Жантілеу», «Ахау, 

Семей», «Маусымжан», «Ах-ах-ах», «Елім-ай», «Жиырма 

бес», «Қара торғай», «Қарғам», «Ой, қарғам», «Ақ бәтес», «Ер-

кем», «Жалаң аяқ», «Қарағым, қарындасым», «Сәуке», «Ай-

аяу», «Жетім қыз», «Кер заман», «Анама хат», «Қара жорға», 

«Халиләлім», «Ақілгек», «Айдай-ай», «Уа, еркем-ай», «Дүние-

ай», «Кәмшат бөрік», «Қара өлең», «Паң көйлек», «Қалқам, 

шырақ», «Қаракөз», «Абай көк», «Бес итай», «Үрия-ай», 

«Қызыл бидай», «Әйел әні», «Жадау көк», «Ох-хой», «Айдай-

ау», «Ескі ән», «Би уалай», «Үш дос», «Қарға», «Қос қаракөз» 


366

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

т.б. 142 әннің түрлі нұсқалары  (автоварианты) салыстыры-

лып, арнайы түсініктер берілген.

Томға «Ахау, Семей», «Елім-ай» (1­нұсқа), «Елім-ай» 

(2­нұсқа), «Жиырма бес», «Кәмилә Кәйкем», «Ой, қарғам», 

«Қа 


ракөз», «Үш тас», «Ахау, Үрия» сияқты ән мәтіндері 

іріктеліп алынды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет