И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1451
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

6. Жиырма бес қазақ әні. 

1926 жылы Ленинградта (қазіргі С.-Петербург) шығатын 

«Музыкальная этнография» журналында (Орыс география­

лық қоғамының Этнографиялық бөлімі жанындағы Халық 

музыкасын зерттеу комиссиясының басылымы) зерттеуші 

Альвин Бимбоэстің «Жиырма бес қазақ әні» атты мақаласы 

басылды. («Двадцать пять киргизских песни»)

Біз А.Бимбоэстің мақаласымен Қазақстанда басылған 

З.Визельдің зерттеуі (З.Визель. Альвин Бимбоэс—собиратель 

казахской народной песни // «Народная музыка в Казахста­

не». Составитель В.П. Дернова. —Алма­Ата: Издательство 

«Казахстан», 1967) арқылы таныстық. Бұл еңбекте З.Визель 

А.Бимбоэстің қазақ әндерінің жинаушысы әрі насихаттау шы-

сы ретіндегі қызметін жан-жақты талдап, оған аталған мақа ла-

ны қосымша ретінде ұсынған. 

А.Бимбоэстің зерттеуінде Ақмола, Көкшетау, Семей өңір-

лерінде айтылатын «Жиырма бес», «Сырымбет», «Торы», 

«Любовная песня», «Елім-ай», «Қарға», «Қошан сері», «Ұм-

сын», «Ләйлім», «Сегіз аяқ», «Сазны», «Көктөбе», «Шә 

кә-

рім», «Бұлбұл», «Ақбет», «Жерім-ай», «Еділ бойы», «Терме», 



«Құлым жар», «Песня из Кокчетавского уезда», «Қызбикеш», 

«Шәкәрім», «Әліп би», «Көкем-ай», «Мақтамақ», «Ләйлім», 

«Письмо Татьяны» сияқты 27 әннің қысқаша нотасы жазыл-

ған. Ән тақырыптары қазақша, кейде орысша жазылып, ха лық 

туындылары мен авторлық шығармалар аралас берілген. Ән 

әуендері нотаға түсірілген. 

Томға «Қарға», «Ұмсын», «Ақбет», «Қыз бикеш» секілді ән 

мәтіндері осы еңбектің негізінде өзгеріссіз дайындалды. 



366

367


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

7. Өлең-әндер. 

С.Қашқынов жинастырған әндер кітабына (Өлең­әндер. 



Жинастырған: С. Қашқынов. — Алматы: Қазақстан ЛКЖС 

Орталық комитетінің комсомол баспасы, 1939. —111­б.) ХХ 

ғасырдың І жартысында айтылып жүрген 50-ден астам халық 

әндерінің мәтіндері алғаш рет берілген. 

Латын әліпбиінде басылған жинақта әдебиетші Е.Ысмайы-

ловтың «Өлең-әндер туралы» атты қысқаша кіріспе сөзі, 

«Бүгінгі революциялық өлең-әндер» бөлімінде: Ленин, Ста-

лин, Ворошилов, Конституция, Отан қорғау, қызыл әскер, 

полк маршы, паровоз, лагерь, жастық өмір, пионер маршы 

т.б. кеңестік өмір, социалистік салт-сана тақырыбындағы 

орыс және қазақ ақын, жырауларының сөздеріне жазылған 

кеңестік композиторлардың шығармалары, «Халықтың өлең-

әндері» аталған екінші бөлімінде: Абайдың, Ақан серінің, Ба-

луан Шолақтың, Мариям Жагорқызының, Майраның, Жаяу 

Мұсаның т.б., барлығы—51 ән мәтіні қамтылған. Қ.Бек-

хожинның, Е.Өмірзақовтың аты-жөні болмаса, өзге жи наушы-

орындаушылар туралы мәліметтер көрсетілмеген. 

Томға осы жинақтың негізінде «Алтыбасар», «Ырғақты», 

«Қош, аман бол», «Қарға», «Көкаршын», «Бурыл тай», 

«Сәулем», «Қызыл бидай», «Жеңеше-ай», «Қара торғай» 

(Сырдың «Қара торғайы»), «Әудем жер», «Наз қоңыр», «Ал-

гак» т.б. ән мәтіндері өзгеріссіз ұсынылды. 



8. Батыс Қазақстан облысының қырық халық әні. 

Орталық мұрағаттың жеке қорында көк түсті 20 беттік 

оқушы дәптеріне әнші Ғ.Құрманғалиевтің айтуынан жазыл ған 

(ҚР ОМА, Ғарифолла Құрманғалиевтің жеке қоры: №1700, 

№1 тізбе, №6 іс, 10 парақ. Сборник 40 народных песен За пад­

но­Казахстанской области / Сборник нот казахских народ ных 

песен. Рукопись на казахском языке. Сообщил: Заслужен ный 

артист Казахской ССР Гарифулла Курмангалиев. г.Алма­Ата. 

3 октября 1947 г.) қолжазба жинағы сақталған. Онда ән ші нің 

жеке орындауындағы, әсіресе Батыс Қазақстан аймағына тән 

«Өзен бойы», «Сағындым, ... жер», «Ал, Айнам», «Үміт сазы», 


368

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

«Білек», «Жұбай», «Шынар», «Қарға», «Бала жұбату», «Сала-

уат», «Қайран да, халқым, жерім-ай», «Қайлаулай», «Әдемі-

ай», «Ромтай», «Угай», «Қоныспай», «Әлібек», «Аралбай», 

«Көк 


жар», «Қожай», «Қоштасу», «Алпамыс», «Қалилау» 

сын ды қырық жыр-термелердің, халық әндерінің нотасы мен 

мәтіндері жазылған. 

Мәтіндер қазіргі қазақ әрпінде көк қалам сиямен жазы лып, 

бәріне тақырып қойылып, жеке-жеке нөмірленген. Алайда 

жазып алушы, жинаушы-орындаушылар туралы мәліметтер 

көрсетілмеген. 

Томға мәтіндер осы жинақтың негізінде дайындалды. 



9. Қазақстанның халық әндері.

Б.Ерзакович жинаған материалдар бойынша дайындалған 

бұл жинаққа (Қазақстанның халық әндері // Жинаған және 

музыкалық редакциясын жүргізген Қазақстанның өнеріне 

еңбек сіңірген қайраткері Б. Ерзакович. Баспаға дайындаған 

Қазақ КСР ҒА­ының Өнер зерттеу секторы. — Алматы: 

Қазақстан мемлекеттік әдебиет баспасы, 1955) халық ән-

дерімен бірге халық және кеңестік қазақ композиторларының 

әндері де енген. Қазақ КСР ҒА-ның өнертану секторының аты-

нан жазылған кіріспе сөзден кейінгі «Қазақстанның ескілікті 

әндері» бөлімінде халық әндерінің, бесік жыры, жар-жар, 

бет ашар, жоқтау т.б. фольклорлық жанрлардың, халық ком-

позиторларының туындылары, ал «Советтік халық әндері» 

бөлімінде кеңестік кезеңнің ән үлгілері жинақталған. Ғылы-

ми қосымшаларда «Әндердің алфавиттік көрсеткіші», «Әндер 

жазылып алынған адамдардың тізімі», мәтіндер мен ән но-

талары қамтылып, жинаушы-орындаушылар туралы мол де-

ректер көрсетілген. Жинаққа енген кейбір әндердің түпнұсқа-

сы қазір Қазақстанның Орталық мұрағатында (ҚР ОМА // 

Б.Г.Ерзаковичтің жеке қоры: №1699 қор, №1 тізбе, №1­17 

істер) сақтаулы. 

Ғалымның жеке қорындағы материалдарды №1-17 істерде 

жинақталып, онда 1930 жылдардан бастап 1950 жылдардың 

соңына дейін араб, латын, кирилл әліпбиінде жазылған ән-



368

369


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

өлеңдер мәтіндері мен ән-күй ноталары құрайды. Қордың 

№11-17 істері «Басылымға дайындалған әндер» деген орысша 

атаумен №1-6 томдарда жинақталған. Көптеген мәтіндердің 

соңында Б.Ерзаковичтің қолы қойылып, «Разрешается к ис-

полнению» деген жазулар кездеседі. 1937, 1938, 1939 жыл-

дардың мерзімі көрсетілген төрт бұрышты көк түсті «Репертком 

КССР»  (Репертуарлық комиссия) деген мөртабан басылған. 

Әндердің мөр басылмаған беттеріне жинаушының қолы 

қойылып, нөмірленген ( нөмірленбеген беттер де кездеседі).

Қордағы серияға қажетті материалдар негізінен тоғыз істе 

(№1, 5, 6, 11, 12. 13, 14, 15, 16) шоғырланған. Бұндағы ән 

мәтіндерінің көбі— қайталау, ұқсас үлгілері, бұрын жариялан-

ған мәтіндердің қолжазбалары. Барлығы—588 ән мәтін. Том-

ды баспаға дайындау барысында «Қазақстанның халық әндері» 

жинағына енген ән мәтіндері оның мұрағатындағы қолжаз-

ба нұсқаларымен салыстырылып, кей өзгерістер қалпына 

келтірілді. 

Томға «Ән салсам», «Қара балық», «Жиырма бес» 

(1-нұсқа), «Жиырма бес» (2-нұсқа), «Ақ жәмилә», «Алай көк», 

«Көкаршын», «Қаракөз», «Алтыбасар», «Алқызыл гүл», «Ари-

айдай», «Ахау, Үрия-ай», «Ақ серкеш», «Ақ жалмаш», «Гек-

кугай», «Дариға», «Еркетай», «Назқоңыр», «Орамал», «Сым 

саусақ», «Шырқасын», «Қарға», «Балқурай», «Ай, көке», 

«Асылзат, «Дүние-ай», «Келіншек», «Майда қоңыр», «Угай», 

«Хайләйлім», «Қай дөңге», «Қарғалы», «Аугигай», «Халала», 

«Қыйлаш», «Ғашықтық», «Әудем жер», «Ағажан, Ләтифа», 

«Гүлдерайым», «Сұржекей», «Маусымжан», «Заулатшы-ай», 

«Аугигай», «Құбажай», «Құрбылар», «Құрбым-ай» т.б. ән 

мәтіндері аталған жинақ негізінде дайындалды. 

10. Қазақтың лирикалық халық әндері. 

Б.Г.Ерзаковичтің екінші жинағына (Борис Ерзакович. 



Қазақтың лирикалық халық әндері. Фортепианоға қосылып 

айту үшін. — Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем 

әдебиет баспасы, 1955) «Хорлан»  (Е.Беркімбаевтан), «Нүр-

кей»  (М.Тырбиевтан), «Ағашаяқ», «Айнамкөз» (Ә.Үмбет­

24-0256


370

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



баев тан), «Баянауыл», «Зәуреш» (Р.Абдуллиннен), «Бір 

бала» (Е.Өмірзақовтан), «Шапибаяу», Ақжорғажан» (Қ.Леке­



ровтен), «Майра» (Ү.Тұрдықұловадан), «Ақбақай», «Япу-

рай», «Қараторғай», «Тілеу-қабақ», «Дайдидау» (Т.Ибра­



гимовадан), «Кербез сұлу» (Ш.Жақыповтан),  «Ғашы ғым» 

(С.Әбдрахмановтан), «Юран», «Көгегөк» (Т.Арғынбаевтан), 

«Қамажай»  (Қ.Әбуғалиевадан) сияқты 20 лирикалық шығар-

ма енген. Жинақта әндердің нотасы мен мәтіндері қатар 

беріліп, «Редакциядан» деген қысқаша түсініктемеде «Хорлан» 



(Е.Беркімбаевтікі), «Кербез сұлу» (Ақанның әні), «Ғашы-

ғым»  (Біржанның әні) әндерінің авторлары көрсетілген. Өзге 

әндердің авторлығы туралы мәліметтер кездеспейді. 

Томға ән мәтіндері аталған жинақтың негізінде дайындал-

ды. 

11. Қазақ халқының ғашықтық әндері антологиясы. 

Б.Ерзаковичтің үшінші, көлемді антологиялық жинағын-

да  («Қазақ халқының ғашықтық әндері антологиясы // Ан­

тология казахских народных любовных песен // Құрас тырған— 

Б.Г.Ерзакович. Жауапты редакторы—өнертану ғылымының 

кандидаты Қ.Т.Жүзбасов. —Алматы: Ғылым, 1994.—280 бет) 

зерттеушінің «О стиле мелодии казахских народных любовных 

песен» атты зерттеуі, негізгі бөлімінде ғалымның 1930-жылдар-

дан бастап хатқа түсірген қазақтың ғашықтық, сүйіспеншілік 

тақырыбына арналған 206 әнінің нотасы мен олардың мәтіндері, 

ғылыми қосымшаларда жи 

наушы-орындаушылар туралы 

деректер, туындылардың әліп 

билік көрсеткіші қамтылған. 

Антологияның атауы ға шық тық әндерді көрсеткенмен, кейде 

халық әдебиетінің қоштасу, сыңсу, бесік жыры, жоқтау, толғау, 

жыр, айтыс т.б. жанрлары, ақындардың, әнші-жыршылардың 



(Абай, Шашубай, Нартай, т.б.) шығармалары да кірігіп кеткені 

байқалады. Б.Ерзаковичке әндерді орындап, олардың тарихы-

нан мә ліметтер бергендердің қатарында С.Әбжанов, Н.Әбілова, 

Т.Арғынбаев, Б.Артықова, И.Байзақов, Ш.Байқуатов, Н.Би-

ханов, Ғ.Дүйсеков, Г.Жәркешева, Ж.Елебеков, Б.Ержанов, 

Ш.Жақыпов, Т.Ибрагимова, Ж.Қаламбаев, Е.Қаратаев, Ә.Қа-



370

371


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

шаубаев, Р.Қойшыбаева, Ә.Құрманов, Қ.Лекеров, Ж.Омарова, 

М.Темірғалиев, Е.Өмірзақов, Ғ.-Ж.Хайруллина, Т.Шынтеміров 

сияқты өнер иелері бар. 

Томға  «Абайкөк»  (1, 2­нұсқалар), «Ақдариға», «Әкулан», 

«Әгигай», «Құрбым-ай», «Мәдине, бөлем-ай», «Талма бел», 

«Шіркін-ай», «Айман-ай», «Ақбидай», «Алқоңыр», «Ақтеңге», 

«Алмас», «Кер құнажын», «Пәни, жалған», «Сырласым», 

«Сәлем», «Шәмші қамар», «Ақбақай», «Аридай», «Асыл 

зат», «Ахау, Үрия-ай», «Дайдидау», «Еділ бойы», «Угай-ай», 

«Заман-ай», «Қазима», «Қарғам-ау», «Шымыр», «Екі бірдей 

сұр жорға», «Қара жорға», «Қарай қасым», «Үш қызыл гүл» 

т.б. ән мәтіндері осы жинақтың негізінде дайындалды. 

12. Қазақтың халық әндері.

Бұл жинаққа (Латиф Хамиди. Қазақтың халық әндері // 



Казахские народные песни. Фортепианоға қосылып айту үшін 

// Для голоса с фортепиано. Құрастырған және музыкалық 

редакциясын қараған Бисенғали Ғизатов. —Алматы: Қазақ­

тың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1958) компози-

тор Л.Хамидидің ел ішінен жинап, оларды капеллаға, хорға, 

жеке дауысқа арнап өңдеген 35 халық әнінің нотасы және 

мәтіні кіргізілген. Құрылымы ән ноталары мен мәтіндерінің 

тақырыптары бойынша топтастырылған негізгі үш бөлімнен 

және жинақтың құрастырушысы Б.Ғизатов жазған «Соңғы 

сөз» деген қысқа түсініктерден тұрады. Шығармалар халық 

әндері деп аталғанмен, олардың кейбірінің авторлары 

көрсетілгені байқалады. Мысалы, «Майра» (1, 2­түрлері. Сөзі 

мен әні Майранікі), «Қайран, шешем» ән­күйі (музыкасы 

Құрманғазынікі), «Сырымбет» (Ақан серінің өлеңі), «Угай­

ай» (сөзі Х.Ерғалиевтікі), «Угай­ай» (2­нұсқа) («Жамбыл мен 

Айкүміс» пьесасынан (сөзі Қ.Бекхожиндікі) т.б. 

Соңғы сөзде ән мәтіндері 1930-1950 жылдар аралығында 

К.Байсейітова, Е.Өмірзақов, Л.Мұхитов, Ж.Елебеков, Р.Қой-

шыбаева, Б.Досымжанов, Ж.Омарова, Р.Есімжанова, Қ.Ле-

керов, Н.Бөкейханов, М.Әуезов, Т.Жароков, Т.Иб 

ра 


гимова, 

Б.Тастыбаев т.б. әнші-күйшілерден, ақын-жа 

зушылардан 


372

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

алынғандығы, ал кейбір шығармалардың көр кемдік деңгейі 

төмен болғандықтан, Ғ.Қайырбеков (Ахау, арман), М.Әлімбаев 



(Айкен­ай), І.Есенберлин (Агаги, қалқаш) т.б. қайта жазыл-

ғандығы көрсетілген. 

Томға мәтіндер осы жинақтың негізінде іріктеліп дайын-

далды.


13. Қазақтың халық әндері.

Аталған жинаққа (Қазақтың халық әндері // Казахские 



народные песни // Құрастырған Бисенғали Ғизатов. —Алма­

ты: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1960) 

Б.Ерзакович, Б.Байқадамов, А.Саксонский және М.Иванов-

Сокольский сынды Қазақстанның белгілі композиторлары 

нотаға түсіріп, өңдеген, бұрыннан халыққа танымал: «Сұрша 

қыз», «Наз қоңыр», «Япурай», «Көк көбелек», «Шилі өзен», 

«Шымыр», «Көк-айдай», «Сандуғаш», «Көкем-ай», «Қара-

торғай», «Аулың сенің белде еді», «Біржан сал», «Қызыл 

қайнар», «Қарағым-ай», «Шолпан», «Жеңеше-ай, «Үридай», 

«Әпитөк», «Қарағым-ай», «Ақ тұйғын», «Бір бидай арпа», 

«Көкек», «Ей, қалқа», «Бір бала» т.б. 33 халық әні кіргізілген. 

Аталған шығармалардың нотасы мен мәтіні жеке-жеке бері-

ліп, олардың 29-ы жеке дауысқа, 4-і хорға арналып топтасты-

рыл ған. Олардың арасында Жаяу Мұса («Ақ сиса»), Біржан 

(«Ләйлім шырақ», «Көкек»), Майра («Майра») және Кенен 

Әзірбаев  («Қызыл қайнар») сияқты халық композиторлары-

ның шығармалары да орын алған. 

Томға мәтіндер осы жинақтың негізінде іріктеліп ұсы-

нылды. 

14. Орынбор экспедициясының материалдары.

Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институты музыка бөлімінің 1963 жылы маусым-тамыз айла-

рында Ресейдің Орынбор облысына арнайы ұйымдастырған 

ғылыми экспедициясы барысында жиналған үнтаспа, қолжаз-

ба материалдар (ӘӨИ: № 262­бума, №№ 1­10 дәптер. «1963 



жыл ғы Орынбор экспедициясының материалдары». Жинаған— 

372

373


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Т.Бек хожина) институттың сирек қорында сақталған. Олардың 

арасында халық әндері, музыкалық фольклор үлгілері, Ұлы 

Отан соғысы жылдары туындаған шығармалардың нотаға 

түсірілген әуендері мен мәтіндері кездеседі. Атап айтқанда, 

№2, 5, 6 дәптерде Х.Қазиева, М.Алманованың айтуынан («17 

ка захских народных песен Оренбургской области»): «Қан жан-

ай», «Арман-ай», «Ойдай, балым», «Арыз өлең», «Сыңсу», 

«Жоқтау», «Елім-ай», «Бала уату», «Ахау, мүрлен, тоғыз 

түрлен», «Ақ теңге», «Әлди-әлди», «Жоқтау», «Ахау мүрлен», 

«Алшаңгер», «Ақ теңге», «Бинау-ай», «Алтын құлаш» 

секілді ән мәтіндері мен олардың нотаға түсірілген әуендері 

жинақталған. Бұл мате риалдар алдымен магнитофонға жазы-

лып, кейін үнтаспа негі зінде қағазға көшірілген. 

Алынған мәтіндер қолжазбалар негізінде іріктеліп ұсы-

нылды. 


15. Қостанай-Орынбор экспедициясының материалдары.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты му-

зыка бөлімі қызметкерлерінің 1965 жылы қазанда Қостанай-

Орынбор аймағына жасаған ғылыми экспедициясының ба-

рысында жиналған үнтаспа, қолжазба материалдар (ӘӨИ, 

№625 бума, №1­14 дәптер. 1965 жылғы Қостанай­Орынбор 

экспедициясының материалдары. Жинаған—Т.Бекхожина) 

институттың сирек қорында сақталған. Бұл материал дар экс-

педиция барысында үнтаспаға жазылып, кейін қағазға көші-

рілген. Осы ретте жиналған халық мұрасының көпшілігі зерт-

теуші Т.Бекхожина құрастырған «Қазақтың 200 әні» жинағы на 

(Алматы: Қазақ КСР­ының «Ғылым» баспасы, 1972) енген. 

Олардың ішінде Әбіш Ахметжанов пен Ахмет Күйікұлы-

нан жазылған: «Қыздың әні», «Қазақтың әні», «Сақина», 

«Шаншулаған жігіттің өлеңі» (№2 дәптер); Тұңғышбай Кен-

жебаев, Ханшайым Сейілханова, Ағибаш Мыңбаева сияқты 

орындаушылардан алынған: «Қалия», «Гүл-гүл жайнап, күл-

сең ойнап», «Қоңыр», «Ой, сәулем», «Көкшетау», «Ақжелең 

ән», «Жылқышы әні», «Бинау-ай» (№3 дәптер); Ормаш 



374

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Есмұхамедов пен Байғаныс (Байқоныс) Мұхаметжановтан 

түсірілген: «Қызыл гүл», «Сәлима салған сәулем-ай», «Кідік-

ай», «Барабан», «Ақ тотым», «Жиырма бес», «Қара торғай», 

«Көтерме», «Жайлау», «Халық әні», «Ақ қайың» (№5 дәптер) 

т.б. әндер ұшырасады. 

Томға мәтіндер аталған қолжазба мен үнтаспалардың не-

гізінде іріктеліп дайындалды. 

16. Шығыс Қазақстан экспедициясының материалдары.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 

қызметкерлерінің 1971 жылы Шығыс Қазақстан аймағына 

(бұрынғы Семей, Өскемен облыстары) жасаған ғылыми экспе-

дициясының үнтаспа, қолжазба материалдары (ӘӨИ, №849 



бума, №1­11 тізім (дәптер). Шығыс Қазақстан экспедици­

ясы материалдары. Жинаған — Т. Бекхожина) институттың 

си 


рек қорында сақталған. Олардың арасында фольклорлық 

мұ 


ралар мен авторлық ауыз әдебиеті үлгілерінен бөлек ән-

өлең 


дер де көптеп кездеседі. Мәтіндер оқушы дәптеріне, 

кеңсе қағаздарына қолмен, кейде машинкада терілген. Мыса-

лы, №10 тізімдегі «Қазалыда бір қыз жүр», «Таңжарбайдың 

әні»  (Қарақалпақстан қазақтарынан), «Халық әні» (Семей 



қаласынан), «Дариқа», «Ақмарал сұлу, еркем-ай», «Жайқалды 

гүл жапырағы», «Бинау-ай», «Алтай-Сауыр—көк жайсаң», 

«Үкілім-ай» секілді ән мәтіндері бұрын-соңғы жинақтарда кез-

десе бермейді. Өкінішке орай, олардың кімнен, қайда, қашан 

жазып алынғаны туралы мәліметтер көрсетілмеген. 

Томға ән мәтіндері аталған үнтаспалар мен қолжазба бойын-

ша дайындалды. 

17. Маңғыстау экспедициясының материалдары. 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қыз-

меткерлерінің Маңғыстау өңіріне жасаған ғылыми экспеди-

циясы барысында жиналған қолжазба материалдар (ӘӨИ, 



897­бума, 1­кітап. 1­77­бб. Әдеби, музыкалық мұраларды 

жинау жөніндегі «Маңғыстау экспедициясының материал­

дары. 1987 жыл, қыркүйек­қазан. Экспедиция жетекшісі—

374

375


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

фил. ғыл. кандидаты Қ.Сыдиықұлы. Жинап, тапсырған: 

Қ.Сыдиықұлы, Ш.Керімов) институттың сирек қорында 

сақталған. Жиналған материалдардың дені фольклорлық 

мұралар болғанымен, аракідік ән мәтіндері де хатқа тү-

сірілген. Олар экспедиция барысында үнтаспаға жазылып, 

кейін қағазға түсірілген және жеткізуші-орындаушылар ту-

ралы мәліметтер көрсетілген. 

Томға «Сусар-ай», «Жамал-ай», «Қаракөз», «Әлеужан», 

«Қа ра қаншық» сияқты ән-өлеңдері сол үнтаспалар мен қол-

жаз баның негізінде дайындалды. 

18. «Қазақстанның батыс аймағының ән мәдениеті» зерт-

теуінің қосымшасы.

Бұл зерттеудің ғылыми қосымшасында (Тұрмағамбетова 



Б.Ж. Қазақстанның Батыс аймағының ән мәдениеті. —Ал­

маты: «Тау­Самал», 2009. — 320 б. —Қосымшалар: А.; Ә.; Б. 

174­316­бб.) Қазақстанның батыс өлкесінде (Ақтөбе, Атырау, 

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары қамтылған) 

айтылатын халықтық әндер мен халық композиторла-

ры шығармаларының үлгілері (ноталары мен мәтіндері

берілген. 

Олар, негізінен, сол аймақта ертеден орындалып, ХХ  ға-

сырда басылым көрген музыкалық жинақтарда жария-

ланып келгенмен, жалпы тыңдарманға кеңінен танымал 

емес. Олардың арасында жыр, терме, толғау, беташар, той-

бастар, хат өлең, сыңсу, жоқтау, қара өлең, ән-өлең сияқты 

фольклорлық үлгілермен қатар, кейінгі композиторлардың 

төл шығармалары да бар. 

Томға аталған зерттеудің қосымшасында берілген: «Асыл 

айнам», «Сусар-ай», «Теке қала», «Жылыойдың мәтөк әні», 

«Жылыойдың қоңыр әні», «Мәтөк ән» (1, 2­нұсқалар), «Ақ-

кербез», «Ақжамал», «Бозбала», «Қара өлең», «Ақерке», «Гүл-

жансары», «Жантелім»,  «Шымыр» сынды ән мәтіндері ұсы-

нылды. 


376

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Серияның 99-томына енген барлық ән-өлеңдердің атауы 

мына нөмірлік кесте бойынша көрсетілді:



1. Қазақ халқының 1000 әні: 1, 35, 143, 180, 255, 279.

2. Қазақ халқының 1000 әні: 25, 91, 154, 156, 164, 181, 204, 

247, 276, 280, 298, 411, 425, 492, 495.



3. Қазақтың 500 әні мен күйі: 66, 68, 72, 133, 137, 196, 222, 

327, 423, 443, 445, 503, 520, 556.



4. Қазақтың 500 әні мен күйі: 8, 11, 12, 15, 17, 18, 22, 28, 32, 

34, 36, 43, 48, 50, 55, 57, 60, 62, 63, 73, 79, 90, 93, 103, 105, 106, 

109, 110, 111, 114, 117, 118, 120, 122, 123, 126, 127, 129, 131, 

138, 141, 144, 145, 151, 152, 159, 163, 166, 169, 173, 179, 183, 

187, 189, 191, 192, 194, 197, 198, 203, 214, 217, 218, 219, 220, 

221, 226, 227, 229, 230, 234, 238, 241, 242, 243, 246, 250, 252, 

253, 254, 261, 263, 269, 272, 273, 278, 282, 283, 284, 286, 288, 

290, 291, 299, 301, 304, 306, 307, 310, 320, 332, 333, 337, 339, 

341, 345, 352, 353, 354, 359, 362, 363, 364, 365, 367, 368, 369, 

372, 373, 375, 376, 377, 379, 380, 381, 384, 385, 388, 389, 391, 

392, 395, 396, 397, 398, 400, 401, 402, 403, 404, 407, 409, 414, 

415, 417, 418, 419, 420, 421, 424, 426, 429, 434, 436, 440, 441, 

442, 444, 446, 448, 455, 461, 465, 466, 474, 475, 476, 478, 481, 

482, 485, 486, 493, 496, 499, 501, 504, 507, 509, 511, 512, 513, 

515, 517, 525, 527, 528, 535, 536, 538, 541, 542, 543, 546.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет