И. Р. Гросс СҰлтанмахмұт торайғыров шығармашылығының тілі



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата22.12.2016
өлшемі439,34 Kb.
#37
1   2   3   4   5   6   7

«Алаш   ұраны»  –   Алашорданың   гимні.   «Алаш   ұраны»   –   «Алаш»

партиясының,   адамзат   баласының   көзі   көріп,   құлағы   естімеген   өзгерістерді

басынан өткеріп жатқан иісі қазақтың ұраны еді. Сұлтанмахмұт елін өміріне,

жұртын тебірене сүйген ұлтжанды азамат. Атар таң, батар күнде тек қана ел

қамын   ойлап   еңіреген,   ұлтына   жан-тәнімен   қызмет   жасауды   мұрат   еткен

Торайғыровтай   перзенттің   аласапыран   уақытта   бұлқынып   тарих   сахнасына

24


көтерілуі занды құбылыс.

«Алаш ұраны» – 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін іле-шала жазылған

шығарма. Рухы биік, мақсаты ізгі, бітімі оқшау туынды.

1917 жылдың 20 наурызында Петроградтан Әлихан, Мұстафа, Міржақып

«Алаш ұлына» атты мақала жолдап, онда: «Азаттық таңы атты. Тілекке құдай

жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман

қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған

жауыз үкімет өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға

кетті» [21, 154 б.], – деп көңілдегі қуанышты зор шаттықпен хабарлады. Осы

қуаныш лебі Торайғыров өлеңінде де жалғасқан.

Сұлтанмахмұт   қуанышты   хабарды   құшақ   жая   қуанып   қарсы   алды.

Патшаның   тақтан   кұлауын   бостандыққа,   теңдікке   жету   деп   ұқты.   «Алаш

ұранындағы»:

Құрт аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған,

Қанымызға тоймаған,

Қолымызды байлаған,

Елімізді лайлаған,

Ерімізді айдаған,

Жерімізді шимайлаған,

Өшті залым қарасы

Жасасын, алаш, жасасын [8, 85 б.]! – 

деген шаттыққа толы тіркестер дүйім жұрттың көңіл-күйін өрнектейді.

Төңкерістен соң қазақ жерінде кеңнен өріс алған автономия алу, өз алдына

жеке ел болу идеясы «Алаш ұраны» өлеңінің өзекті түйіні, кесікті байламы.

Алаш туы астында, 

     

Күн сөнгенше сенбейміз! 



       

Енді ешкімнің алашты

       

Қорлығына бермейміз!



       

Жасасын,   алаш,   жасасын   [8,   85   б.]!   –   деп   ақын,   таңдық,

азаттық   идеясынын   жасампаздығына   ақынның   қалтқысыз   сенетіндігін

көрсететін жанды айғақ.

С.Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңі 1917 жылы жазылған.

«Сарыарқаның   жаңбырында» ақын назарын айрықша аландатқан бір мәселе

бар.   Ол   –   бостандық   жайы.   Көңілдегі   ойды   көркемдік   әлеміне   шығаруда

ұстанған ақындық әдісі де ұнасымды. Өлеңде бірін-бірі алмастыратын жанды

суреттер,   ең   ақырында,   әлеуметтік   әуезділікке   бағындырылған   өрнекті

нақыштар бей-жай қалдырмайды.

Көп уақыт жаңбыр көрмей қурап, күйіп,

Жоқ еді Сарыарқада көрер сыйық [8, 108 б.].

Бұл қазақ жерінін – Сарыарқаның бірінші суреті. Сүреңсіз бояу самарқау

тарттырып, үстіннен  басып еңсені кетіртпейді. Іле-шала  ақын екінші суретті

ұсынады.

Таулардан бейіл кеңіп, ағып бұлақ,

Кей үйлер талқан болып жатыр құлап [8, 108 б.].

25


Бұл   –   көп   уақыт   зарықтырған   жаңбырдан   кейінгі   Сарыарқаның   келбеті.

Шумақтағы «жалтылдаған» күн, «шартылдаған» көк, «сартылдаған» бұршақты

нөсер, «қалтылдаған» жылан, шаян кейіптері картинаның бояуын қанықтыра

түскен.


«Жаңбыр»   –   символдық   образ,   әрі   табиғатты   оятып,   сәнге   бөлеуші

ғажайып   күш.   Сондықтан   да   Торайғыров   «Сарыарқаның   жаңбыры»   мысал

өлеңінде   төңкерісті   қурап,   күйіп   кеткен   меңіреу   далаға   жан   бітірген,

шермендегі елдің көсегесін көрсеткен жаңбырға теңейді.

Өнер иесі, әсіресе ақын заттың немесе құбылыстың жеке дара қасиетіне

маңыз беріп, сол төңіректе суреткерлік концепциясын білдіретіндігі айтылып,

пысықталып   жүрген   шындық.   «Сарыарқаның   жаңбыры»   туындысында

Сұлтанмахмұт   жаңбырдың   ескі   «кір-қоқыс   дүниені»   тазартқыш,   жаңартқыш

қасиеті   арқылы   қоршаған   орта   шындығын   танытуды   мұрат   еткен.   Өлең

қорытындысындағы ақындық тұжырым сөзімізге дәлел:

Бұл мысалдың мәнісін ұға алсаң сен,

Келген заман – бостандық жаңбырмен тең...

Жаңбырдан соң көгерген Сарыарқадай

Бостандықтың күшімен көгерсін ел [8, 108 б.]!

Жоғарыдағы   шумақтан   халық   үшін   патшаның   тақтан   кұлатылуында,

көптің ежелгі арманы, азаматтыққа ұмтылу сипаты барлығын Сұлтанмахмұттың

түсінетіндігі байқалады.

Алапаттың   асыл   рухпен   жайылу   иесі   бүтіндей   өзгеріске   ұшыраған

ақынның   алдағы   мақсатты   істерге   көзқарасы  «Неге   жасаймын?»  (1918)

туындысында түйінделген Тап-тұйнақтай өлеңді алып келтірсек те, артық емес:

Сусыз, шетсіз шөлдерден, 

Тұманды түпсіз көлдерден

Адамдық көші өткенше,

Қасқыр мен қой дос болып

Шын өмірге жеткенше,

Іштен өсіп адамдық

Сырттан түлеп жамандық,

Талай шаштар ағарар,

Талай тәнді жер алар,

Талай буын қуарар,

Талай өмір суалар.

Жасамаймын еңбектің

Жемісін көзбен көрем деп

Жасаймын бір қолғабыс.

Кейінгіге берем деп [8, 110 б.].

«Шыншылдықтың   ауылын»   шарқ   ұрып   іздеп,   түбегейлі   өзгерісті

шөліркей   күткен   ақын   қоғамдық   қалыптың   өзгеруі   кедергі,   қиышылықсыз,

қолма-қол   жүзеге   аспайтынын   біледі.   Толғау  дәстүрінде   келген   осынау  «іші

алтын,   сырты   күміс»   туындының   осы   шумағындағы   парасатты   тұжырым   –

ағынан   жарылған   ақынның   халқының   алдындағы   азаматтық   борышын

шамырқана сезінуі, саналы қаламгерлік қызметінің бағдарламасы.

26


1918   жылдың   сәуірінде   Сұлтанмахмұт   Семейге   қайтіп   келіп,   тағы   да

дәрігерлерге көрінеді. Енді аурудан айықпасына көзі жеткен соң өз еліне, Баян

тауына оралады. Сұлтанмахмұтқа ауылында жатып кітаптарды көп оқиды, өз

бетімен   білімін   толықтыра   түседі,   орыс   тілін   еркін   меңгермесе   де,   орыстың

классиктері, ой иесі данышпан адамдарының еңбектерін түсініп, құштарлана

оқиды   [22,   205   б.].   С.Торайғыров   талаптанып,   ізденумен   қоса,   осы   уақытта

көптеген көркем шығармаларын жазады.

Ақын –   халықтың ұлы. Ол жеке басының болмашы қайғысына түнеріп,

мардымсыз   қуанышына   шаттанумен   ғана   тынбай,   дәуір   ұсынған   өрелі

мәселелерді   түбірлей   қозғауы   қажет.   Ал,   Торайғыроватың   ғұмыр   кешкен

толқанды   жылдар   дәуір   суреткеріне   күрделі   уақыттың   шындығын   мейлінше

терең ашу талабын қойды.

Болашаққа зор сенім арту, келешектен бір сәт те күдерін үзбеу, дәуірдің

сүреңсіз қалпын жан-жақты ашу ақынның 1918-1919 жылдары дүниеге келген

«Осы   да   әділдік   пе?»,   «Өң   бе   түс   пе?»,   «Дауылдағы   әбігер»,   «Ғайса   кім?»

шығармаларынан молырақ аңғарылады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров   – қазақ халқы тарихының айрықша маңызды,

әдеби   өрлеуінің   ең   бір   тосын,   шиеленісті   кезеңінде   көркемөнер   сахнасына

шыққап суреткер. Сондықтан да болар, қаламгер шығармашылығын тұтастай

тану, игеру барысында, тіпті жеке шығармасын зерттеу объектісіне айналдырған

шақта   қилы-қилы   толғамдар,   кереғар   пікірлер   бой   көрсетіп   қалады.   Тегінде,

осынау   қиын   түйіннің   түп-тамырын   ақын   өмір   сүрген   тарихи   дәуірдің   ішкі

мазмұның, уақыттың күрделілігі мен оқиғалардың қос  қыртыстылығын іздеу

абзал.  


Ғасырлар,   жылдар   бойы   еркіндікті   көксеген   халықтың   ежелгі   арманын

бұлжытпай   танып,   оны   сол   халықтың   ізгі   мүддесімен   байланыстыра   асқақ

пафоспен жырлау  – тек біртуар ақын ғана жүзеге асыра алатын үлкен, қомақты

іс.


Табиғат сыйлаған ақындық дарынға қоса, нәзік сезім һәм зор білімнің иесі

С.Торайғыров қас қағымдай ғана уақыт ғұмыр сүріп, халкымыздың көркемдік

ойы   тарихынан   мәңгілік   орын   алды.   Мұның   төркіні,   қаламгер

шығармаларының   жан   жүйесіне   әбден   сіңген   халықтық   рух,   ұлттық   дәстүр,

азаматтық биік қасиеттермен тығыз байланысты.

С.Торайғыров   жасынан   сезімтал,   тебіренгіш,   алғыр   ойлы,   зор   талантты

ақын, өршіл, бірбеткей азамат ретінде танылды. Алаштық идея дауылы оятқан,

жігерлендірген Торайғыров ақындық алғашқы қадамынан «жоқ-барды, ертегіні

терген»   жоқ,   қазақ   өмірінің   реалдық   қалпын,   халықтың   ізгі   сезім-арманын

көркем туындыларына арқау етті.

«Лирика   –   ақынның   бір   сәтте   жалт   еткен   нұрлы   ойы,   жарқ   етіп   тұтас

көрінген   ішкі   сырлы   дүниесі»   [23,   17   б.],   –   дейді   академик   З.Қабдолов.

Шығармашылық   еңбегінің   басы,   тұңғыш   өлеңі   «Секілді   өмір   қысқа   жарты

тұтамнан»   бастап,   дүниеден   қайтарында   ескі   досымен   бақұлдасуы   іспетті

«Қожеке,   келдіңіз   бе   көңілім   сұрай»   туындысына   дейінгі   әдеби   мұрасында

барлық   ақындықтың   шартындай   жалыңды,   жанды,   өткір   сезімді   шыңдалған

шеберлікпен өрнектеуге жетісті.

27


Торайғыров  – лириктің тілі бай, құнарлы, кестелі әрі көркем. Қазақ халқы

әдеби тілінің сөздік қорын еркін игерген, керегінде араб-парсы, орыс сөздерін

ұтымды кірістірген ақын бейнелемек зат яки құбылысты өмірдің өзінен ойып

алғандай етіп жанды, сәнді қалпында қағазға түсіреді. 



1.2 Жаңа жанр бастауы

Белгілі   бір   ұлттың   әдебиетінде   роман   жанрының   пайда   болуы   айта

қаларлықтай құбылыс. Роман – әдебиеттің өскендігінің өлшемі, жеткен биігін

тапжылтпай   танытатын   өз   алдына   бірсапалық   белгі   іспетті.   Сондықтан   да

болар,   романның   тууы,   қалыптасуы,   дамуы   төңірегіндегі   әңгіме   әдебиетті

зерттейтін ғылымның назарынан тыс қалып көрген жоқ.

Роман   табиғатын   айғақтайтын,   оның   тақырыптық   ерекшелігі,   жанрлық

сипаты,   сюжеттік   желісі   мен   композициялық   құрылымын,   поэтикасын   тілге

тиек еткен еңбектер.

Қазақ әдебиеті тарихында «роман» ұғымының пайда болғанына аса көп

уақыт   өткен   жоқ.   Дей   тұрсақта,   роман   жанрының   тарихы   қазақ   әдебиетінің

өткен жолымен тығыз байланыста екендігін ешкім жоққа шығармайды.

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың бас шеңіндегі ұланғайыр әлеуметтік

өзгерістерді   көркемдік   әлеміне   алып   шығу   үшін   жаңа   түрлік   және   жанрлық

ізденістердің   қажеттігі  туды.  Дәуір  келбетін  жинақтап,  ондағы   қайшылықтар

мен   қос   қыртысты   оқиғаларды,   адамның   санасы   мен   мінезіндегі   күрделі

құбылыстарды   суреттеуде   роман   сияқты   кең   құлашты   эпикалық   жанрға

жүгінуге тура келді.

Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Тайыр Жомартбаевтың «Қыз

көрелік», Спандияр Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың  «Қамар сұлу»,

«Кім жазықты?» романдарының өмірге келуі – қазақ әдебиетінде жаңа жанрды

игерудің өзіндік бір тарихи бар мәнді құбылыс. 

Әрине бүгін «Абай жолын» оқып, көркемдік кұдіретіне бөленген кейінгі

буын оқырмандарының аталған туындыларды романдар қатарына қоса  қоюы

екіталай. Сол шығармалардың бірі жөнінде белгілі әдебиет зерттеушісі Сәйділ

Талжановтың: «Қыз көрелік» – желегі жарасқан, жайнаған үлгі емес, көнерген

ескерткіш,   ескі   мұра.   Қазақ   әдебиетінің   жас   жанрының   тұңғышы,   бүгінгі

шүйделі романдардың  шүйкедей бастапқысы. Біз үшін де, ұрпақтар үшін де

оның   мәңгі   құндылығы   осында»   [24,   106   б.],   –   дегені   жадымызда.   Мұнда

алғашқы роман үлгілеріне менсінбей қараудың жұқанасы да жоқ, қайта жанр

табиғатын терең түсінген ғалымның шынайы ой тұжырымы орын алған.

Сонау   жиырмасыншы   жылдары   роман   анықтамасын   беруге   тырысқан

Сәкен  Сейфулиннің:   «Көркем   әдебиет,  мәселен,   роман,   әңгіме,  драма,   пьеса,

өлең   жыр   мен   осыларды   әдебиет   дейді»   [25,   27   б.],   –   немесе   Ахмет

Байтұрсыновтың: «Ұлы әңгіме яки роман деп тұрмыс сарынын түптеп, терең

қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды айтамыз» [26,

280   б.],   –   деуі   сол   тұстағы   қазақ   әдебиетінде   әлі   де   болса   шын   мәніндегі

романдық   талапқа   жан-жақты   жауап   беретін   туындының   жарық   көрмей

жатуымен тікелей байланысты.

28


Біз   еткелі   тұрған   С.Торайғыровтың  «Қамар     сұлу»  романы   қаламгер

өмірінің Троицк кезеңінде, мөлшермен 1913-1914 жылдары жазылған. Тұңғыш

рет жазушының 1933 жылғы толық жинағында жарияланады.   Романды оқып

отырғанда   айырыкша   көңіл   бұратын   жәй   –   тақырып   актуальдығы,   кермек

татыған ауыр тұрмыстың ащы шындығының ашылуы.

«Халықты   аздырып-тоздырып   бара   жатқан   әдет-ғұрыптың,   ақсақалдық

салт-сананың   ойыншығына   айналған   әйелдер   тағдырын   жырлады.

С.Торайғыров, М.Сералин, С.Көбеев, С.Дөнентаев сияқты ақын-жазушылардың

басты   шығармаларында   қоғамдағы   осы   әділетсіздік   аса   бір   өткірлікпен

айыпталды» [27, 19 б.], – деген профессор Серік Қирабаевтың пікірін колдау

керек. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіңдегі қазақ халқы өмірінде

індетке   айналып,   ушығып   кеткен   әйел   теңсіздігінің   ақын-жазушылар

творчествосының кіндік проблемасына айналуы тек қана қуанарлық нәрсе.

Мәдениетіміз   өсіп,   халықтың   ақыл-ойы   ер   жеткен   шақта   аталған

тақырыпқа   қалам   тербеуде   селт   еткізерліктей   жаңалықтың   жоқтығы   белгілі.

Орынсыз   зорлық,   қисынсыз   жуандық   етек   алған   қытымыр   заманда   ол   елді

күйзеліске ұшыратқан, бұғау, қызға тұсау ескі салттың адам айтқысыз озбыр

көрінісі іспетті.

«Айқап»   журналында   жарияланған   екі   мақала   қазақ   әйелінің   бас

бостандығы,   оның   сүйгеніне   қосылуы,   қоғамдағы   орны   сияқты   тақырыптың

трагедиялық табиғатына, драмалық сипатына үңіле түсуге бағыт сілтейді.

«Өзің   сатпасаң,   өзің   де   сатып   алмас   едің,   қазақ   халқы   арасында   әйел

саудасы тоқталса, малға қызықпай,  ғазиз балаларын 15–16-ға шейін оқытып, өз

теңіне берілсе, қыз да болса балаларыңыз дүниеден рахат ғұмыр кешіріп, ғұмыр

бойынша     ата-анасына   риза   болып,   хайыр   дұға   оқылар   еді...   Жұрт-ау,  басқа

халықтарға қарап неге ғибрат алмаймыз? Қыз сатпаған орыс, ноғай алға кетпесе

артта қалған жоқ. Біздің қазақ сорлап жүргені қыс суыққа тоңып, жаз күнге

күйіп   төренің   қақпасының   алдында   тұрғаны.   Сонда   сұрасаң   жұмысы   жесір

дауы   болады.   Жесірді   даулап   еш   нәрсе   өнбейді.   Зорлап-зомбылап   алып

барғанменен,   қатын   болып   шықпайды,   әшейін   малдың   шығыны,   аттың   тері,

зайығ болған ғұмыр деп білемін» [28, 12 б.]. Бұл – Жолаушин Сейтқалидың

мақаласы   «Бұрынғы   ғұрып   һәм   қазіргі   хал».   Екінші   мақала   Сақыпжамал

Тілеубайқызынікі. Күләйім Өтегенқызы, Сақыпжамал Тілеубайқызы «Айқапта»

қазақ   қызының   тауқыметті   тағдырына   мұңлы   үндерін   қосып,   өлең,   әңгіме,

очерктер   жазған,   қалам   қайратымен   әйел   тендігінің   жоқшысы   болған   аяулы

жандар.   «Қыздарымызды   мал   секілді   сатасыз.   Бесікте   жаткан   шағымызда-ақ

біреуге қатындыққа сатып қоясыз. Соңғы уақытта екі жас біріне-бірі тең бола

ма, болмай ма, оған қарамайсыз. Тең, тұз-дәмі жарасса жақсы, жараспаса қыз

баланың бүкіл ғұмыры жәбір-жапада өтеді немесе дау-жанжал шығуға себеп

болып   кетеді.   13–14-тегі   қыздарыңызды   малға   қызығып,   елу-алпыстағы

шалдарға   шырылдатып,   қолынан   ұстап   бересіз,   көз   жасына   қарамай.

Осыларыңыз   жөн   бе?   Алпыстағы   шал   13–14-тегі   қызға   тең   бола   ма?   Тек

болатұғын болса, 13–14-тегі ер балаларынызға 50–60-тағы кемпірді неге алып

бермейсіздер?   Менің   бұл   сөзім   бір   өз   басымның   сөзі   емес,   бүкіл   қазақ

қыздарының сөзі осы» [29, 8 б.], – дейді Сақыпжамал Тілеубайқызы.

29


Ұзақтығына   қарамай   үзінді   келтіріп   отырған   себебіміз   –   көтерілген

мәселенің біздің әдеттегі түсінігімізден әлдеқайда күрделілігін аңғарту ғана.

Қазақ   қызының   қоғамдағы   теңсіздігін   тілге   тиек   ете   отырып   автордың

сілтемек  ойы,   көрсетпек   жолы  қалыңмалға   қарсы   күрес,   қызды   малға   айыр-

бастамай, сүйгеніне қосу.

Лирикалык   өлеңдерінде   қазақ   әйелінің  кембағал   күйін  ашына   жырлаған

Торайғыров   шығармашылығының   кемел   шағында   аталмыш   тақырыпты   кең

көлемді жанр аясында қарастыруды әбден заңды. Қазақ әдебиетінің көрнекті

зерттеушісі   Әнуар   Дербісалин:   «Эпистолярлык,   эпикалық   қасиеттердің

қайсысынан   да   құр   емес   «Қамар   сұлу»   романы   бірде   поэзия,   бірде   проза

түрінде жазылса, қазақ өмірінің сол тұстағы халін әр тарапта жан-жақты аша

түседі   және   мұны   ондаған   көркем   кейіпкерлердің   шындық   қимыл-әрекеттері

негізінде дәлелдейді. Сондықтан да оны роман деп атауға әбден болады» [12, 94

б.], – деп дәлелді ой түйген.

С.Торайғыров «Қамар  сұлу»  романымен қазақ  еліндегі ушығып,  жаппай

індетке айналып кеткен ел мұңын, жұрт жадаулығын көтеру барысында ізгілік

іздерін суреткерлік құдіретпен бойлап таныған. Қазақ ауылындағы жүрегі пәк,

көкірегі ояу, балауса буынның көктем гүліндей бүршік атып келе жатқандығын

түсінген Қамар, Ахмет, Қасен бейнелерімен жүздесуіміз сөзімізге дәлел.

Қамар бейнесінің кейінгі жас ұрпаққа әсер-ықпалының зор екендігін ұққан

қаламгер ұнамды кейіпкерінің сом тұлғасын жасаған.

Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған тәні қандай.

Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,

Толықсып, толып тұрған сәні қандай,

Еріткен іш-бауырынды көзі қандай,

Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.

Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп

Жайтаңдап, жан күйдірген кезі қандай [8, 280 б.]!

Бұл   суретттемелер   –   оқырманның   Қамармен   танысуы.   Жақсылық   пен

ізгілік, тәрбиелік пен адамгершілік жайлы сөз қозғағанда дүйім жұрттың «Уай,

шіркін!   Мынау   Қамардай   екен!»,   –   десуі   кейіпкердің   жан   дүниесін,   сыр-

сипатын   ашады.   Сұлу   Қамар,   ақын   Қамар   басындағы   шытырман   оқиға,

трагедиялық хал – романдағы тартыс желісі.

Роман   басталуындағы   тап-түйнақтай   өлең   жолдары,   жеке   әдебиетшілер

көзімен   қарағанда,   кейінгі   романистердің   қолтаңбасын   танытпауы   былай

тұрсын,   кей   ретте   прозалық   шығарманың   негізгі   заңдылыктарын   бұзуға

мәжбүрлегендей   әсер   туғызатындығы   ескеруді   қажетсінеді.   Әрине,   прозалық

стильде   орнықпаған,   оның   үстіне   роман   поэтикасы   жылы   шырай   танытып

үлгермеген   ұлттық   әдебиетіміздің   калыптасу   қадамында   кемшіліктердің

кездесуі ықтимал. Дей тұрсақ та, бұл арада стиль даралығы мен классикалық

поэтика   талаптарының   мызғымай   сақталуын   нысанаға   алудан   бұрын   қазақ

топырағында роман жанрының пайда болу ерекшеліктеріне үңіле түсу абзал.

Алғашқы романдардың қай-қайсысына көз тоқтатсақта қара сөз бен өлең сөздің

егіз қатар жарыса жүретіндігін байқау қиынға соқпайды. Мұның түп төркіні,

30


біріншіден, әдебиет дамуында сан ғасырлар бойы үстемдігін жүргізіп келген

поэзия   жанрының   өскелендігімен   сабақтастықта,   екіншіден,   рухани

мәдениетіміздің   басты   да   көрнекті   саласы   ауыз   әдебиетінің,   оның   көріктеу

құралдарының   жазба   әдебиеттің   буыны   бекіп,   бұғанасы   қатуына   ұланғайыр

әсер етуінде.

Осы бағытта әдебиетші ғалым Е.В.Лизунованың: «Казахский роман возник

не на пустом месте, не из ничего. У казахского романа глубокие национальные

корни,   тесно   связанные   с   повествовательной   традицией   изображения

национального  характера»   [30,   13   б.],     –   деген   теориялық   тұжырымына   қол

қоймасқа әдіңіз жоқ. Романның сыр-сымбаты, поэтикасы, болмыс-бітімі, оның

рухани байлығымыздың бөлінбес бөлшегіне айналуы хақында тұщымды ойлар

айтып келе жаткан Шерияздан Елеукеновтің: «Своеобразие казахского романа

состоит   в   том,   чго   его   формирование   шло   через   фольклор,   устную   и

письменную литературу, в которой ведущую роль играла поэзия» [31, 15 б.], –

деп қорытынды жасауын қалайша кұптамайсыз.

Әдеби   өмірде   жыл   құсындай   жаңалық   болған   романның   қалыптасу

жолында   оның   бойынан   ежелгі   дәстүрлі   әдебиет   белгілерінің   байқалуынан

оғаштық,   ерсілік   іздесек,   жібекті   жүн   еткендей   күй   кешеріміз   хак.   Қырғыз

халқының шоң перзенті, шығармалары дүние жүзі халықтарының жүзден аса

тіліне   аударылған,   әлемдегі   ең   оқырманы   мол   жазушының   бірі   Шыңғыс

Айтматов: «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын

аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі

түрлі ұлттық асылым бар: бірі – «Манас», бірім – Мұхтар Әуезов» [32, 30 б.], –

деп әншейін әсіре қызыл сөз үшін айтпағаны анық. Жыршылар үш ай бойы

жырлағанда   тауыса   алмайтын,   дүниежүзілік   мәдениеттің   алтын   қорынан

ардақты   орынға   ие   «Манас»   жырының   Айтматовтай   әлемге   аян   суреткердің

«жат   жұрт   арасында   жалын   күдірейтіп»,   шоқтығын   көтеріп,   асқақтатып

жіберетін   құдіретті   күші,   беймағлұм   сыры   халық   өнерінің   қайнарында

суарылуында.   Нелер   халді   бастан   өткерген   қырғыз   халқы   ауыз   әдебиетінің

кемел   жазушыға   ыкпал-әсері   ойша   барлап   қарағанда   ұстаздықтың   тамаша

үлгісі. Ендеше «Қамар сұлудың» жазылуы мен образдар жүйесінің жасалуында

фольклорға   тән   құрал,   тәсілдердің   «мен   мұндалап   тұруын»   кемшілік   емес,

керісінше, белгілі бір заңдылық көлемінде қабылдап, әділ қорытынды жасаған

дұрыс.


Романның өне бойында оқырман көзінен бір сәт те таса қалмай, сюжеттік

тартыс пен оқиға дамуына араласатын, зердемізде мықтап орнығып қалатын

Қамар   бейнесі.   Тұтастай   алғанда,   байқалатын   бір   ерекшелік   –   жазушының

басты кейіпкер Қамарға іш таруы, оның тағдыр талайына немқұрайлы қарай

алмауы.

Өлеңмен жазылған Ахметтің екі хаты қолына тиген соң, Қамар тіпті қатты



толғанады:   «Әке,   ағаларым   болса,   мені   оған   бермек   тұрсын,   бұл   жазғанын

сезсе, бұ күнімізді өзімізге көп қылады ғой...» – деп оңашада әлі келетіні баяғы

аяусыз көз жасы еді. Жазушының Қамардың аузынан осылайша сөз салуы, ең

алдымен, бас кейіпкердің әлі өсіп жетілмегенін ескеруінен, сонымен бірге тоңы

жібімеген ескі салттың содырлы, зорлықшыл қылығының беріктігін, өктемдігін

31


өткізіп тұрған қаныпезер топтың шексіз билікке иелігін саралап салмақтауынан.

Қамардың   Ахметке   жолдаған   хатынан   біраз   сыр   аңғарылады.   «Қамар

сұлуда»   ол   үлкен   маңызға   иеленген.   Жазушы   хат   формасын   түрлі   мақсатқа

пайдаланған. Қамар – Ахмет, Ахмет – Қамар хаттары ішкі сезімді өрнектеп,

жүрек жылуын сезінуге, дірілдеген нәзік сезімді түйсінуге көмектессе, Ахмет –

Қасен,   Жорға   Нұрым   –   Қамар,   Қамар   –   Жорға   Нұрым   арасындағы   хаттар

образдың   жан-жақты   ашылуына,   қоршаған   ортадағы   әлеуметтік   теңсіздік

сырларын   көтеріп,   кейіпкер   бейнесін   сомдауға   қызмет   жасаған.   «Қамар

сұлудағы»   хаттар көркем прозадағы диалог санатында. Хат – диалог кәдімгі

қыз бен жігіт айтысын да еске салады. Сұлу сазды Қамар, пәк Қамар «көктегі

айдай»,   қазақ   қызына   жарасымды   тәкаппар   мінез,   әдемі   қылық,   ұнамды

кейіпкер   тұлғасын   биіктетіп   жібереді.   Әрі   Ахметті   шындықтың   бетіне   тура

қаратып,   екеуінің   жүрек   соғысы   бір   болғанымен   араларында   өткізбес   шың,

алынбас қамалдай байлық атты кесапаттың көлденең тұрғандығын білдіреді.

Не пайда сен де оқыдың, мен де оқыдым,

Қалмаса арттағыға үлгі бойда [8, 292 б.]?

Бұл   қарапайым   адамның   аузынан   шығар   сөз   емес,   оқыған,   оқып   қана

қоймай әр нәрсені көңілге тоқыған, ойлы адам айтар дәмді сөз, дәнді түйін.

Құрбысы   Ахметке   көзі   ашықтық   танытып,   елдің   көсегесін   көгертерлік,

жастарға үлгі боларлық жұртқа қызмет жасауға шақырып, ой салуы кейіпкер

парасаттылығының озық үлгісі.

Қамардың ерте есейіп, тез оянуы, сондай-ақ, тағдыр тауқыметіне тіреліп,

шырғалаңға шырмалуы әйелі өлген Жорға Нұрымға айттырылуынан басталады.

Қамардың басына түскен мүшкіл халді автор көптің аузымен: «Шіркін, Қамар-

ай, шынымен сол дөңкиген өгіз секілді немеге кетеді-ау!» – деген күйзеліске,

күңіреніске   толы   ашу-ызалы   жолдармен   жеткізеді.   Құдалық   жәйі   сөйлесіле

бастаған сәттен көкірегі мұңға, кеудесі шерге толып, қан жұтқан Қамар жорға

Нұрымға:


Уай, шіркін, өмір сүрмек меніменен,

Мал шашып, маңызданған ебіңменен.

Өлсем де отқа күйіп, суға түсіп,

Бір минут тұра алмаспын сеніменен [8, 294 б.], –

деп, ащы шындықты айтады. 

Романдағы   тартыстың   шиеленісіп,   ширыға   түскен   тұсы   –   артынып,

тартынып,   көшкен   елдей,   кәдені   мол   қылып,   Омардың   ауылына   «күйеу»   –

Жорға Нұрымның келуі. «Жамбас ұстап, жал шайнап, мынау жақта дүрілдескен

ақсақалдар,   сойған   малдың   қан-жыныны   тойып   ана   жақта   күрілдескен

төбеттер» суреттемесі психологиялық картинаға деуге болады. Адамгершілік,

имандылық   түстеріне   де   кірмейтін   әлжуаз   жандарды   жануарлар   дүниесімен

қосарлай   бейнелеп,   сықақтайды.   Образ   ашарлық   өткір   иронияға   толы

психологиялық суреттемеге толы.

«Қол ұстар», «қыз ұялтар», «шаш сипатар», «тағы басқа ырым-жырымға

кенелген   әйелдер   Қамардың   бұлқынғанына   қарамай,   бірі   басы,   бірі   аяғынан

алып, қызды Нұрымның қасына дырылдатып сүйретіп апаруы да сол заманның

шындығын айғақтап тұр. 

32


Жорға Нұрым қасына жеткізілген Қамар:

Айтайын шын сырымды ауызба-ауыз,

Ақ жүзді, ақыл-ойлы ақ сұқсырға

Дәрі емес мал секілді малды жауыз [8, 297 б.], –

деп залымдығын бетіне басып, ретін тауып сытылып шығып, қашып құтылады.

Жазушы   Қамарды   күрес   алаңына   алып   шығуды   қажет   санағанымен,

ұнамды кейіпкерінің зұлымдыққа төзбейтін, адамгершілік арын таза ұстайтын,

еркіндікті сүйетін өнегілі буынның өкілі екендігін ескерген.

Етімді шал сипаған құрттар жесін!

Қабырғадағы хашарат жұрттар жесін [8, 297 б.]!, –

дейді Қамар. Бұл ұлы Абай кейіпкерінің сөзін ізінше қайталау емес. Ашу-ызыға

булыққан, айналасындағы тобырдан түңілген Қамар бейнесі көрінеді.

Романдағы Қамар бейнесі ашыла түсер тұстың бірі – неке қиярға Бәйтек

молданың келуі. Неке, су, күміс деп абдырап жүрген молданың даусын естіген

Қамар ел-жұртына арызын батыл айтады. 

Жазушы   суреттеуінде   Қамар   басындағы   оқиғаның     шарықтау     шегіне

жетуі Жорға Нұрымның нөкерлерімен келіп әкесін соққыға жығып, өзін байлап-

матап әкетуінен басталады. «Ес те жоқ, түс те жоқ, құр кірпігі ғана қимылдап,

көгеріп сұлық жатты». Ықшамды, шағын сөйлем оқырманға жуан жұдырыққа

төтеп бере алмай, дәрмені таусылған кейіпкер бейнесін шынайы елестетеді.

Жорға   Нұрымға   жарамсақтанып,   ем-дом   жасаушылар,   үшкіріп-

түскірушілер   кемдік   қылмағанымен,   ауруы   күннен   күнге   күшейіп,   халі

төмендей береді. Сондағы Қамардың сыйынар дұғасындай тілегі:

А, құдай, енді мені күйгізбей ал!

Жауыздың суық тәнін тигізбей ал!

Антым бұзбай алдыңа мен барайын,

Ахметтен басқа жанды сүйгізбей ал [8, 300 б.]!

Жан   дүниесі   құлазып,   өмір   қызығынан   өлім   тұзағына   күн   санап   тақай

түссе   де,   асыл   арманынан   үмітін   үзбейді.   Бұл   жыр   жолдары   –   Қамардың

сезімге, адал махаббатқа беріктігінің дәлелі .

Роман қорытындысында берілген, зілбатпан әлеуметтік жүкті арқалаған

Қамардың   қоштасуы   аққу   әніндей   ауыр   қабылданатын   дүние.   Көз   жұмар

алдында   Ахметпен,   қала   берді   жұртпен   бақұлдасуы   оқырманды   ойға

шомдырады.

Тоқтау бер, мұнан былай қазағыңа,

Шалдардың қызды салмай мазағына [8, 308 б.]!

Қамар     шығарған   бұл   үкім   –   Торайғыров   кейіпкерінің   өршіл   сипатын,

қоғамдағы   әлеуметтік   теңсіздікке   төзбестік   абзал   қасиетін,   автордың   берік

гуманистік позициясын жеткізіп тұр.

Он   беске   енді   толған   балауса   жастың   ежелгі   кесел   қалыңмалдың

құрмалдығына   шалынуы   аяушылық   сезімін   тұтатып   қана   қоймай,   жігерді

шарықтай жанып, кейіпкердің әлеуетті, мылқау күшпен жекпе-жегінде іштей

тілектестікке жұмылдырады.

«Жазушының идеясы – адамның кіршіксіз таза, ең күшті махаббат сезімін

жырлау.   Теңсіздік   қоғамда   бұл   сезім   қырсыққа   ұшырайды,   трагедиямен

33


тынады...   Сұлтанмахмұттың     «Қамар   сұлу»   романында   да   тақырып   шешімі

осындай ғой» [33, 218 б.], – дейді академик М.Қаратев.

С.Торайғыров   лирикасына   тән   өз   ішкі   сезім   дүниесін   бар   қырымен

оқырманға жайып салу тәсілін «Қамар сұлуда» да сақтаған. Романда әр кейіпкер

көңіл   күйінің   де,   автор   көзқарасының   да   лирикалық,   психологиялық   сипаты

басым.


Қазақ жұртының бойындағы айықпас дерт қызды малға сатуды әжуалай

отырып, көптің көкейінде жүрген сауалға суреткерлік көзбен үңіле қарап, елін

емірене   сүйген   адамзаттық   жүрегімен   тебіренген   С.Торайғыров   көргенді,

көшелі   жастардың   көбейе   түсуін   барынша   қалады.   Қамар,   Қасен   сияқты

жастардың кейде дәлелі жетіңкіремейтін, тиянақты әлсіз әрекеттерге араласып

кетуі ниеті түзу, көңілі ақ қаламгердің ұнамды кейіпкерлеріне шаң жуытпай,

оларды тек үлгіге ұстау, жастарды тәрбиелеуге пайдалану ниетімен ыңғайлас.

С.Торайғыров қазақ далысындағы ескілікті салт дәстүрінің қырсығынан

сергелдеңге түсіп кертартпа әдет-ғұрыпқа қарсы тұрған Қамар, Ахмет, Қасен

сынды жастарды көпшілікке үлгі ете отырып, Жорға Нұрым, Оспан би, Қалтан

қажылардың   тағылық   әрекеттерін   әшкерелейді.   Шығармада   автор   бейтарап

емес, өзінің ішкі сезім дүниесін, көңіл күйін, көзқарасын барынша айқын, ашық

жеткізеді.

«Қамар сұлудағы» көз тартарлық бейне  Ахмет – кедей шаруа ортасынан

шыққан,   аздап   оқыған   жігіт,   сөзге   шешен,   ақын,   ел   аузына   ілінген   қадірлі

жастардың бірі. Ахмет – жазушы ұғымында, жаңа дәуірдің өкілі. Өзі өмір сүріп

отырған   ортада   Ахмет   –   жасқаншақ.   Ахмет   сияқты   қанша   оқыған   жастар

пысық, алғыр болғанымен, олардың тілегіне кедергі күш бар. Ол әділетсіз күш

құлағанда   ғана   оқығандардың   тілегінің   орындаларын   жеткізбек.   Ахмет

жауыздық, озбырлық кегін дара күшпен алады.

Ол   –   қыз   ағасы   Қасенмен   түйедей   құрдас,   әзілдері   жарасқан,   білім

деңгейлері   мөлшерлес,   бірге   өсіп,   біте   қайнаған   дос.   Қасенмен   достығы

жарасып, аралас-құралас жүргендіктен, Қамарды сүйсе де, ол ойын білдіруге

батылы жетпейді әуелде. Махаббат, ғашықтық оты күйдірген Ахметтің шарасы

таусылып, хат жазбаққа белді бекем буады. Автор Ахметтің мұндай күтпеген

шешімге   келуін   жан   дүниені   жайлаған   албырт   жүректің   алау   сезіміне

бағындырады.

Хат соңынан хат жазылып, көңіл жайлауындағы бұнда сезім өлең болып

төгілген сырға айналды. Қамар хатынан Ахмет шыңырау ойдың шырғалаңын

таниды:


Ақыл-ой, сын-сымбатта маған теңсің,

Шыбыным, шын сүйгенім – жалғыз сенсің.

Ту бие, қара саба болмаған соң,

Икемге менің елім қайдан көнсін [8, 286 б.].

Арманы тәтті қиялға айналып, көңілі құлазыған Ахмет Қамарға қоштасу

хатын жазып, жанашырлық ақылын қосады.

Елуге жасы жеткен шалға барма,

Малды деп, маңызданған малға барма!

Ел-жұртым обалыма қарайды деп,

34


Түбінде соған сеніп қапы қалма[8, 288 б.]!

Біраз көз жасып, тартыс желісінен ығысыңқырап қалған Ахметпен  роман

аяқталар шақта жүздесеміз. Қыз әкесі Омарға ілесіп Жорға Нұрымның ауылына

ат  басын   тіреген.   Ахметтің   қимылы   ширақ,   әрекеті   кесек.   Жорға   Нұрымнан

қаймықпай Қамардың қасына баруы, бақсыға пышақ жұмсап, Нұрымды қанға

бояуы   жан   ашуымен   бірге   әділетсіз   ортаға   айқын   қарсылығын   көрсетеді.

Надандық сойылы өмірін үзген басты кейіпкері арқылы жазушы бас еркіндігі

жолындағы   тайталасқа   түсуге   пісіп   жетіліп   келе   жатқан   буынның   тарих

сахынасына көтерілуге әзірлігін ескерген.

Омар бейнесі оқырман ойында қаларлықтай. Омар – мейірімді әке, көзі

ашық   адам,   өзі   де   аздап   оқыған.   Нұрымның   дәулетіне   қызығып,   атағына

жығылған ағалары Қамардың сыртынан саудасын бітіріп, қайырлы болсын айта

барғанда,   бет-жүздеріне   қарамай,   кесекті   сөздерді   айтып   салады:   «Сыпыра

бұзылған   иттер,   дендерің   сау   ма?   Періштедей   қарашығымды   аяқты   малдан

жаман   дөңкиген   жауызға   ұйғардық   деп   не   беттеріңмен   айтып   отырсыңдар!

Неден қысылдыңдар? Неден жүректерің үзілді? Түсіне кірсе қорқатын ноянға

Қамар барады, мені бересіңдер ме деп ойладыңдар ма? Құдай, құран, көз жас,

обал деген нәрсе естеріңде бар ма? Жоқ, малмысыңдар?» – деуі Омар мінезінен

оқырманына хабар береді. Қазақ ауылында әке атаулының бәрі қатал еместігін,

оның ішінде қызының тағдырына жауапкершілікпен қарайтын, мейірімді әкенің

бейнесі   көріне   түседі.   Алайда   заман   әділетсіздігі,   ескі   ауылдың   мықтылары

Оспан би мен Қалтан қажы Омарға ырық бермеуі, оның өз баласына арашашы

болуға шамасы келмеуі, Нұрым Омардың басын жарып, қызын тартып әкетуі –

сол дәуірдің шындығы. Ақын заман шындығын реалды сипаттайды. Туыстары

Қалтан, Оспан қайта-қайта із суытпай келіп, бірде қамқорсып, бірде аярлыққа

салып   алдамсыратып,   Омарды   ортаға   алады.   Оларды   бастапқыда   маңайыа

жолатпай, сөзге еріп Қамарды жылатпа деген оқуға аттанардағы Қасен тілегін

бетке  ұстайды.  Артынша  «бағы  ашылмаған»  қарғамның    «көз  жасы, обалы»

сендердің   мойындарыңда   деп   көніп   қалады.   Бұл   –   Омар   айналасының

тақырлығын, берекесіздігін сипаттайтын шынайы көріністер.

«Қамар   сұлуда»   С.Торайғыров   өмір   сырын   танығыш,   ой   көзі   көреген,

дарынды жазушы екенін көрсетті» [34, 160 б.], –  деген еді білімдар әдебиетші

Темірғали Нұртазин. «Қамар сұлу» романын жазумен С.Торайғыров суреткерлік

мүмкіндіктерін   ғана   әйгілеп   қойған   жоқ,     XX   ғасыр   басындағы   қазақ

әдебиетінде   роман   аталатын   күрделі   жанрдың   қалыптасуына   зор   ықпалын

тигізді.


С.Торайғыровтың «Қамар сұлудан кейін жазған көлемді шығармасы – «Кім


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет