И. Р. Гросс СҰлтанмахмұт торайғыров шығармашылығының тілі


Бес   тармақты   шумақтан



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата22.12.2016
өлшемі439,34 Kb.
#37
1   2   3   4   5   6   7

Бес   тармақты   шумақтан  тұратын   өлеңі   екеу:  «Мейірімсіз   ажал»   және

«Балалық   жасым   өтесің».   Бұл   бүкіл   қазақ   әдебиеті   үшін   кезіндегі   жаңалық

деуге   болады.     Ал,   қазіргі   дәуірдегі   қазақ   совет   поэзиясында   бес   тармақты

шумақ орныққан өрнек қатарында.



Алты   тармақты   шумаққа  құрылған   өлеңдері   де   көп   емес.   Олар:

«Жақсылық көрсем өзімнен», «Жапырақтар», «Шәкірт ойы», «Сымбатты сұлу»,

«Алты аяқ», «Күңгірт түспен ойға батып», «Дүниедегі қызықтың», «Итаршыға»

және «Мұқышқа» өлеңдері. 

57


Сегіз тармақты шумақтан тұратын өлеңі біреу. Ол – «Қожеке, келдіңіз бе

көңілім сұрай?» өлеңі.

Қожеке, келдіңіз бе көңілім сұрай?

Менің адам болуым екі талай.

Көп болса бір жұмалық өмірім бар,

Байқашы, мына менің шамам қалай?

Дерт күшті, тамағымнан жүрмейді асым

Жастыққа, жөтел қысып, тимей басым.

Тағдырдың кездестім ғой кермесіне,

Талапты жиырма сегіз деген жасым [8, 142 б.].

Ақын өлеңдерінде аралас шумақтар да бар: 

Маңайымнан әрмен кет,

Жанды қуыршақ арам ет.

Білдірместен астыртын

Алдап едің көз құртын,

Құр бояма қызыл бет.

Анадай тұрып қарасам,

Жанды ерітер жандайсың:

Жуып кетсем маңыңа

Екі аяқты малдайсың.

Сондай бола тұрып та

Өз-өзіңе қандайсың.

Бір көрмеге асылсың,

Көп көрмеге масылсың.

Тек ішіп-жеп жүк тартар

Сарттар мінген қашырсың.

Не сөйлерге тілің жоқ,

Не сөз ұғар білім жоқ.

Саған кімдер бас ұрсың?

Бірақ жазық қазақта:

Ұлы-қызы мазақта [8, 102 б.].

Осындағы бастапқы шумақ бес тармақты болып келеді, екінші тармақ алты

тармақтан құралса, үшінші шумақ жеті тармаққа негізделген, ал соңғы шумақ

қарап отырсақ екі тармақтан тұрады. 

Торайғыров ақын кейде айтпақ ойын тұтас бір түйдектің бойына топтайды.

Түйдекті жыр табиғатында халық ауыз әдебиетінің байырғы саласы шешендік

өнермен төркіндес.

Сусыз, шетсіз шөлдерден,

Тұманды, түпсіз көлдерден,

Адамдық көші өткенше,

Қасқыр мен қой Дос болып,

Достықсыз өмір бос болып,

58


Шын өмірге жеткенше,

Іштен өсіп адамдық,

Сырттан түлеп жамандық,

Тазарып әбден кеткенше,

Талай шаштар ағарар,

Талай тәнді жер алар,

Талай буын қуарар,

Талай өмір суалар.

Жасамаймын еңбектің,

Жемісін көзбен көрем деп,

Жасаймын бір қолғабыс,

Кейінгіге берем деп [8, 110 б.].

Осындағы бастапқы он үш тармақ – бір түйдек. Түйдек көбінше шумақтан

әлдеқайда   көлемдірек,   ұзағырақ   болып   келеді.   Бірақ   бұл   орынсыз   көш-

құлаштың,   шұбалаңқылық,   әйтеуір   созбалай   беру   емес.   Түйдектіліп   келетін

жырды ешбір тиянағы жоқ, сырғанай беретін өлең түрі деуге болмайды.

«Түйдек өлең жолдарын топтаудың байырғы түрі екені, эпостық поэзияда

оның шумақтан бұрын орныққаны рас. Бірақ эпостық жырларда, сонымен қатар

толғау,   терме,   жоқтау   секілді   өлең   шығармаларда   түйдек   үнемі   сақталып

келетіндіктен,   ол   алғашқы   қалпында,   қалып   қоймай,   мейлінше   толысып

дамыған» [21, 144 б.], – дейді профессор З.Ахметов.

Ахметов түйіні құнарлы. Түйдекті жыр қолданыстан шығып қалмай, қайта

жазба әдебиет өкілдерінің шығармашылығында тұлғалық, сапалық қасиеттері

жағынан   даму   үстінде   деген   пайымдауды   Сұлтанмахмұттың   осы   бір   «Неге

жасаймын?» туындысы дәлелдей түседі.

Ақынның  келешек  ғұмыр,  алдағы  бақытты,  сәулетті  өмір  тұрғысындағы

тебіренісін жеткізуге поэзиядағы түйдекті жырға жүгінуі сәтті, орамды шыққан.

Шындық, ізгілік, әділдік жайлы ой толғамын жеке-жеке шумақпен емес, үлкен

бір түйдекке негіздеп, сол ретте тамаша қорытынды жасауға жетіскен. Ақындық

идеясын  түйдектегі ой, ұйқас ағымдарынан бөліп алып, кідіртіп барып, оңаша

етіп,   оқушы   назарын   аудара   түсіп   соңғы   төрт   тармаққа-шумаққа   кіріктірген,

сөйтіп түйдек пен шумақтан құралған туынды дүниеге келген.

Түйдекті   жыр   үйлесімі   Сұлтанмахмұт   өлең   өрнегінде   басты   қызметте

болғанымен, ақын лирикасындағы ырғақ, шумақ құрылымдарын әңгімелегенде

елеп-ескеруді қажетсінеді.

Басқа   да   біршама   түркі   тектес   халықтардағы   сияқты   қазақ   өлеңі

силлабикалық жүйеге жататындығын айтқанбыз. Мұнда басты өлшем –  буын.

Абайға дейінгі қазақ поэзиясында, негізінен, он бір буынды өрнектер болды

деген   пікір   орын   тепкен   біздің   әдебиет   туралы   ғылымымызда.   Қазақ   өлеңің

бүтіндей   сапалық   өзгеріске   ұшыратқан   Абай,   оның   формасына   да   елеулі

жаңалық қосты. Сұлтанмахмұт негізінен   Абай новаторлығының   мазмұндық,

идеялық   мүмкіндіктеріне     ден   қойып,   түрдегі   жаңашылдығын   тұтастай

қабылдамаған.   Поэзияның   терең   мағыналы   болуын   алғышарт   деп   білген

Сұлтанмахмұт өз өмірінің ішінде қазақ өлеңіне Абай енгізген соны түрлерді

59


тегіс игере алған жоқ.

Торайғыров өлеңдері, поэмалары бастан-аяқ  дерлік он бір, жеті-сегіз һәм

аралас буынға негізделген.

Сұлтанмахмұт лирикасы буындық құрамның байыбына бару үшін нақты

фактілерге   жүгінейік.   Оның   1962   жылы   жарық   көрген   «Таңдамалары

шығармаларына» жиыны 107 өлең енген. Қарап отырсақ, бұлардың жетпіс екісі

–  он   бір,   отызы   –  жеті-сегіз,   тек   бесеуі   ғана  аралас   буынды  өлшеммен

жазылған.   Демек,   фактіден   шығатын   қорытынды   –   Сұлтанмахмұт   қазақ

өлеңінің     байырғы   буындық   өрнектерін   ыждағатпен   қолданған.   Тағы   да   бір

ескеретін жайт, ол – 1912 жылға дейінгі уақытта жазылған ақын өлеңдерінде он

бір, 1912 жылдан былайы   жерде   дүниеге келген туындыларында жеті-сегіз

буынды   кесте   басым.   Мұның   өзі   алғашқы   өлеңдерде   ауыз   әдебиетінің,   ал

есейген шағындағы  Абай әсерінің ықпалымен сабақтас қой деп ойлаймыз.

Аралас   буынды   өлең   төл   әдебиетімізде   ерте   уақыттан   бар.   Абай   аралас

буынды өлеңнің он шақты түрін жаңартып енгізген.

Сұлтанмахмұт лирикасында аралас буынның кездесуі басқаша, бөлек.

Сүйдірген сені маған шошақ мұрның, (11)

Кішігірім бір үйге ошақ мұрның. (11)

Жіберіп анда-санда тартып алып, (11)

Жылтылдап тұратұғын қос ат мұрның. (11)

Ойқы, шойқы беттерің, (7)

Көмірден аппақ еттерің [8, 77 б.]. (8)

Қара қойдың өкпесі кімді жазар, (11)

Қожаның айласы ғой тамақ табар. (11)

Алдауыш, ел бүлдіргіш құрыса сұмдар, (12)

Қараңғы арамзадан тыным табар [8, 86 б.]. (11)

Алғашқы   шумақта   ақын   он   бір   және   жеті-сегіз   буындарды   кездестіріп

аралас буынды өлеңнің өзіндік үлгісін жасаған. Соңғы  мысалда шумақ ішінде

он бір буындық өрнекті сақтамай, үшінші тармақты он екі буынға шығарып

жіберген.

Торайғыров   кейде   буынның   дәлме-дәл   қайталануы   керектігін   ескермей,

айтпақ   ойды   басты   межеге   алып,   буынды   еркін   өзгертеді.   Профессор

Б.Кенжебаевтың   ақын   өлеңдерінің   буындық   түзілісінде   синтагмалық   өлең

сипаты бар деуі құптарлық.

Қазақ   әдебиеттану   ғылымында   ақ   өлең,   еркін   өлең,   шешен   сөз   аталып

жүрген,   өлеңнің   буындық   құрылымын   ұстарта   түсу   ниетінен   туындаған

верлиблік үйлесімге Торайғыровтың көңіл қойуы суреткер ізденісінің сәулетті

мәнді бір бұтағы іспетті.

Шоң, Шорман едік, (5)

Бір-бірімізге қорған едік. (9)

Шоңның, Торайғырдың көк жапырақтары, (12)

Бұтағына келіп қонған едік [8, 76 б.]... (10)

Келтірілген   мысалдан   байқайтынымыз   не?   Ол   шумақ   ішіндегі

тармақтардың буын санында тепе-теңдіктің  сақталмауы. Ұсынылған үлгіде бес,

60


тоғыз,   он   екі,   он   буындары   алма   кезек   тізіліп,   еркін   қиыстырылған.   Дәп

осындай  құбылысты ақынның «Оқуда мақсат не?» туындысындағы буындарды

санасақ аңғарар  едік.

«Тоқсан ауыз сөздің» түйініне үнілсек, Торайғыров өлеңіндегі  буындарды

еркін өзгерткенімен, қазақ поэзиясында реформа  жасауды мақсат тұтпаған, түр

қуалаушылықтың   да   салқыны   жоқ.   Ендеше   ақындық     салиқалы   ойға,   өнер

туындысында   хас   көркем   мазмұнға   кең   өріс,   шалқар   мүмкіндік   ашу

барысындағы еркіндік деп ұққан абзал.

Поэзия  туындысында  негізгі  компаненттердің  бірі –  ұйқас.  Буын    саны

мөлшеріндегі   бірегейлікті,   ырғақтық   үйлесімдегі   дәлдікті   һәм   белгілі

заңдылықты тілейтін силлабикалық жүйедегі қазақ  өлеңі үшін  ұйқастың  орны

айрықша зор. Неге десеңіз, тармақтың аяқталып, шумақ ішіндегі жолдардың

бір-бірімен   тығыз   байланыста     болуына,   өлеңнің   ырғақтың   тұтастыққа,

интонациялық лепке иеленуіне ұйқас тікелей ықпал етеді.

Қ.Жұмалиев  қазақ  өлеңінің  ұйқасын сегізге  бөліп  қарайды. Олар: қара

өлең  ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, осы

күнгі ерікті ұйқастар.

Сұлтанмахмұтта осылардың   қара   өлең  және  кезекті ұйқастар   басым

көпшілігі. 

С.Торайғыров бірнеше  өлеңін («Алтын аяқ»,  «Шәкірт ойы», «Сымбатты

сұлуға» т.б) қазақ поэзасы үшін тосын,  жаңа үйлесімде ұшырайтын ұйқас

құрған. 


Тұңғиық, түпсіз ашулы,

Асау теңіз толқыған.



Бойымды топырақ басулы – 

Жүре алмаймын, жол тұман!



Теңізден қайтіп өтермін,

Түссем, батып кетермін [8, 93 б.]!



Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам!



Қараңғылықтың көгіне

Күн болмағанда кім болам?



Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен кіремін [8, 59 б.].



Сүйдірген сені маған қыли көзің,

Томардай кедір-бұдыр топас сөзің.



Құбыжық қорсылдаған мінездерің.

Арман жоқ пида болсам, саған өзім [8, 59 б.].



Сымбатты сұлу, иамашам,

Шашыңнан жұлып сабасам [8, 82 б.]!



Сондай-ақ, ол Абайды көріп, бұрынғы жырларда   кездесетін  бес   аяқты,



айнымалы   ұйқастар  ізімен   өзі   екі     түрлі   өлең     үлгісін   шығарады.     Олар

«Мейірімсіз ажал», «Балалық жасым өтесің?» – деген өлеңдері.

61


Расында, оның «Мейірімсіз ажалы» сыртқы пішінімен де, ішкі сырымен де

көңіл бұралқы шығарма.

Көңілге қайғы у салып,

 -а


Көзден жасты паралтқан,

 -ә


Жүрекке жара дақ салып,

 -а


Жанды ашып зарлатқан,

 -ә


Уытың күшті, ажал-ай [8, 105 б.]!

 -б


Балалық жасым өтесің,

 -а


Жігіттікке жетесің,

 -а


Орта таудан аса алмай,

 -ә


Бір шұқырға тығылып,

 -б


Шыбын ұшып кетесің [8, 140 б.].

 -а


Сұлтанмахмұттың   формалық   ізденістегі   қол     жеткен     табысына   айғақ

боларлықтай  өрнек.

Торайғыров лирикасы ұйқасындағы буындық құрылымға тоқталу қажет-ақ.

Алдымен айтпағымыз, ақын ұйқас үшін ашық Һәм  жабық буынға  аяқталатын

сөздерді еркін қиыстырады.

Айттырған қалыңдығы байдың қызы,

Жақсы ғой жарасса егер еңбек жүзі.

Махаббат, жар дегенді ұға білсе,

Жібімес өмірінде жүрек мұзы [8, 96 б.], –

секілді ашық буындар,

Таусылмас ғылым теңіз шалқып жатқан,

Соңынан қалмас оның дәмін татқан.

Өмір бойы оқысаң бір таусылмай,

Қиындығы қинайды жанға батқан [8, 102 б.], –

тәрізді жабық буындар өлеңді ойнатып, құлпырта өңдендіреді.

Сондай-ақ   ұйқасушы   сөздердің   буын   санына   да   назар   аударған   жөн.

Ұйқасқа   қатысқан   сөздердегі   буын   мөлшеріне   қарай   Торайғыровтағы   өрнек

құрылысын төмендегі жіктерге бөлу мүмкін емес.



Төрт буынды ұйқас

Ол қарғы білім бермес таққанменен,

Надан  білгіш бола ма мақтанменен,

Мәстек шауып  тұлпардан бәйге ала ма,

Қадірлеп асыл жабу жапқанменен [8, 94 б.].

Үш буынды ұйқас

Жетуге құмар жоғары

Қайдан жаман болады.

Талпыну бар, талап бар,

Бүйткен Адам оңады [8, 86 б.].

Екі буынды ұйқас

Өмірде неше түрлі уды іштім,

62


Неше түрлі азапқа жаным түстің.

Ағайынның ішінен ала шықса,

Жау ішінде бар ма екен сонан күштің [8, 74 б.].

Бажайлап   қарағанда,   ақында   ұйқасушы   сөздердің   төрт,   үш   буыннан

құрылуы тән екендігі анықталады. Мұның төркіні революцияға дейінгі қазақ

өлеңінде,   оның   ішінде   Торайғыров   поэзиясында   ақырғы   бунақтың   он   бір

буынды өрнекте тек төрт буыннан, жеті-сегіз буынды үлгіде тек үш буыннан

тұратындығымен байланысты деп ойлаймыз. Ал екі немесе бір буынды ұйқаста

соңғы   бунақ түгел қатыспайды, соңғы   бунақтың аяқтағы сөзі ғана ұйқасқа

кіреді. Сол себепті де екі яки бір бунды ұйқастар жиі ұшырамайды.

Сұлтанмахмұт кейде құрама ұйқасты да сәтті өрімдейді,

Уай, дүние қайда біздің өткен күндер,

Қызықты сауық-сайран өткен күндер [8, 132 б.].

Дүниенің тұрмысынан өтіп жүрек,

Менен кетіп, азаптан құтыл жүрек [8, 176 б.].

Ұйқасушы компонент екі сөзден құралған, екі сөзде де ұйқас сақталып,

өлеңнің   эмоциялық   ықпалын   күшейткен.   Адамзаттың   сезім   иіріміне   тигізер

поэзияның әсерін байытуға құрама ұйқас едәуір қызмет атқарған десек асырып

айтқандық  болмас.

«Қазақ   әдеби   тілінің   тарихы»   атты   кітапта  «-Тұғын   формасы  XX

ғасырдың   басындағы   біршама   көбірек   қолданылды   [28,136   б.]»   –   делініпті.

-Тұғын формасын  Сұлтанмахмұт ұйқас түзуге қатыстырған.

Жан қайда әділетті іздейтұғын,

Адамшылық атақты көздейтұғын.

Тірлікпен өлген күнді бірдей ойлап,

Екі жайдан күдерді үзбейтұғын [8, 127 б.].

Өлең   тармақтарындағы   «іздейтұғын»,   «көздейтұғын»,   «үзбейтұғын»

тәрізді ұйқастырушы компоненттер автордың ойын үсті-үстіне дамыта, үдете

жеткізуге   қызмет   жасаған.   Ешқандай   оғаштық,   өрескелдік   жоқ.   Сирек

ұшырасатын   тұңғыш   формасын   ұйқас   түзуге   қатыстыруы   –   жас   ақынның

ізденімпаздығының куәсі.

Бұл   ақынның   өлеңдік   ұйқасқа   қазақ   тілінің   буындық,   формалық

мүмкіндіктерін еркін қамтып, жете игеруге ұмтылғандығына үлкен дәлел.

Сөз арасында ескертетініміз қаламгердің:

Көңіл менен көзді ашып,

Алға сүйреп барасы.

Бұл жарақтар барында,

Кім адасып қаласы [8, 32 б.]? –

сияқты ұйқас іздеп мазмұнға нұқсан келтіретін, немесе:

Обь пен Нилдей тасалар...

Борыш басын басарлар [8, 44 б.], –

татар тілінің ықпалына бойынсұнып кететін сәттері де жоқ емес. Қуаныштысы

мұндай құбылыстардың тек бірен-саран екендігі, өте аз екендігі.

Қазіргі   өлең   теориясыда   ұйқастың   дыбыстық   құрамына   ден   қою   –

63


қомақты,   маңызды   сала.   8   буындық   құрылыммен   қатар   дыбыс

материалдарының   сапасы   мен   санына   (яғни   ұйқастағы   дауысты,   дауыссыз

дыбыстардың   арақатынасына),   дыбыстардың   созылымдылығына,   ырғақтағы

әуенге көңіл бұру қостарлық жайт.

Буын   құрайтындықтан   дауысты   дыбыстардың   поэзияда   арқалар   жүгі

ауыр,   өлеңдегі     әуезділік,   тіпті   өлең   сөздің   әуенге   бейімділігінде   дауысты

дыбыстардың қызметі жоғары әрі жан-жақты.

Меңінше, сендей кеше молда болмас,

Тар кеуде, шымшық басқа оқу қонбас.

Берген перде бұзады сол үшін ғой,

Дәл сені шын мақтаса молда оңбас [8, 94 б.].

Буын құраушы «а», «о» дауысты дыбыстары ұйқасқа негіз болып, өлеңге

негіздік   әуен   бітірген.   Ұйқастың   бір-біріне   тартылып,   жымдасуында   да

дыбыстардың әсері бар.

Он тоғызда жасыма,

Қасірет түсті басыма.

Көре алмай қалсаң арманда

Уайымдап бізді жасыма.

Қалқам, жаным, қарағым,

Бетіңе келмес қарағым [8, 86 б.].

Ұйқасқа   көрік   берген   шумақты   жарқыратып   тұрған   бір   ғана

омомонимиялық, тұлғаластық емес, ұйқасушы сөздерді құрайтын дыбыстардың

естілуіндегі, айтылуындағы біртектестік интонациялық ортақ сипат.

Сұлтанмахмұт ұйқасқа күшейткіш буын қосумен де өлеңінің лептілігіне,

үнділігіне жетіседі.

Қызықты, тәтті өмір бітесің-ау!

Алдынан ажал тосып, күтесің-ау!

Туғанда қызықтаған жаңа жанды,

Тумағандай бір күні етесің-ау [8, 131 б.]!

Балалық   бал   дәурен,   балауса   шақ   төңірегінде   тұжырымын   өлең

жолдарынан өруде көтеріңкі лептегі «ау» буынының көмегімен ұйқастық, тіпті

бүтін өлеңнің әуезділікке,  буырқанысқа иеленуіне қолайлы жағдай туған.

Жоғарыда   тізілген   шағын   фактілердің   өзі-ақ   ұйқастық   функцияда

буындардың құрамымен қатар дыбыстар жүйесі де мағыналы қызметте деген

түйінге келуімізге мүмкіндік береді.

  С.Торайғыров   лирикасы   жарасымды,   сәнді   ырғаққа,   алуан-алуан

буындық   өрнектер   мен   ұйқастық   үйлесімдерге   негізделген,   тақырып

ауқымдылығы және  саяси өткірлікке қоса биік көркемдік дәрежеге көтерілген

шынайы   өнер   туындылары,   қазақ   халқы   өлең   мәдениетінің   гүлденгендігіне

кепіл деп қорытындылауға келтірілген мысалдар айқын дәлел.



2.2 Ақынның тіл байлығы

Әдебиет – көркем өнер. Ол көркемдегіш құралдарсыз бейне жасай 

алмайды. Тегінде ақын-суретші. Ал суретінің көрінісі – бейнелі сөздер. 

64


Сұлтанмахмұт   дәстүрлі   көркемдегіш   құралдарды   мол   пайдаланады.

Солардың бірі – айқындауыш. Мұны ақын көп қолданады десе де артық емес. 

Сөз көбінесе алдында айқындайтын сөздермен бейне құрайды. Мысалы:

Алтын ай толықсыған сар дөңгелек,

Нұр сепкен жер жүзіне аспанды өрлеп,

Жұлдыздар да тұрған жоқ босқа қарап,

Ай сәулесін күшейтіп көтермелеп [58, 31 б.], – 

деген   өлең   жолдарында   ай   сөзі   өзінше   образ   болып   тұр.   Ал  «алтын   ай»  –

«жарқыраған сәуле шашқан ай» деген қолданыстағы эпитет. Осы ай деген сөзді

айқындап, оның алдына алтын сөзін келістіргенде образ одан сайын ажарланып,

оқырман   үрегіне   ерекше   ұялайды.   Тілдердің   қай-қайсында   бір   нәрсенің,

адамның, заттың, құбылыстың белгілерін бейнелеп, әсерлі түрде атайтын, әрі

сол атаумен үнемі бірге қолданылатын эпитеттер. Олардың көбі өздерінің тура

мағынасында,  бірақ  анықтап  тұрған  сөзімен  тіркесіп,  белгілі бір  бейне  үшін

жұмсалады. Мәселен, С.Торайғыров: жарық ай, алтын ай, қоңыр самал, жазғы

кеш, мөлдір ауа, көк аспан – дегендер тұрақты эпитеттермен келген тіркестер,

ал  қара   көздегі   жанып   тұрған  от,   жалғанды   жалпағынан  басу,  түсі   суық



жылан,   сұрғылт   заман  –   деген   анықтауыштар   өзінің   тура   мағынасында

қолданылған   емес,   ауыспалы   мәндес   болып,   тұрақсыз   эпитеттер   болып   тұр,

яғни қара көздегі жанып тұрған от ол бір адамның бойында кездесетін құбылыс.

Көзі ашық, ойы өткір адамдарға тән қасиет. Сол сияқты кезде оттың жануы,

жалғанды жалпағынан басу сияқты тіркестер өзіне тән тұрақты белгі емес.

Сұлтанмахмұт   үйреншікті   жауыр   балама,   айқындағыштардан   саналы

түрде бас тартқан. Көркемдік сәнін келтіруші құралдарды іріктей түскен. Тағы

бір   ерекшелігі   –   бұрынғыдай   қыз   атаулының   бәрі   қызыл   алма   демейді.

Көріксізді   де,   ақылсызды   да   сипаттайды.   Ажарын   ақыл   орнына   жұмсап,

бағасын   асырмақ   болғандарды   қатты   сынайды.   Әрине   ақынға   шын   ару   аса

қымбат, шын сұлу бағалы, шын ақылды ерлерден де артық. Әйтпесе ол:

Ақ сәуле, күміс жүзді, құндыз қабақ [58, 24 б.]. 

демес   еді.   Осындағы  ақ,   күміс,   құндыз  айқындауыштары   орынды   да   шебер

пайдаланылған.

Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның,

Тап мұндай мұздауының айтшы мәнін.

Тәтті үміттің қиялы сәуле беріп,

Ұйықтатпайтын толқынның жойдың бәрін [58, 118 б.], 

мұндағы ұнамды сезім – тәттілік, ізгілік баламасы ретінде ұсынылған «тәтті»

айқындауышын қолдану айшығын атап айтқымыз келеді. 

 

Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің,



Алты ауыз азғын болсаң қоян жүрек [58, 43 б.].

Кейде   бір   айқындау   бүкіл   бір   өлеңнің   тағдырын   шешеді   екен.   Осы

жолдардағы «қоян» айқындауы осы өлең жолдарына жан бітіріп тұр. Көркемдік

мандат ұстатып тұр.

Сұлтанмахмұт шығармаларында адам басты шешуші міндет атқарады. Ол

адамды   бейнелеуге   тіпті   көп   көңіл   бөледі.   Өйткені   оның   щығармаларында

табиғат көрінісі, көңіл күйі шегіністері көп бола бермейді. Шығарма өзегі адам

65


болғандықтан   оның   мінез-құлқын,   түр-сипатын,   іс-әрекетін   алдымен

айқындамалар арқылы берудің реті туады. 

Оқырман   атаулыларға   жақсы   белгілі   «Таңқы   мұрын,   быртиған,   қара

бұжыр»  [58,   47   б.]   өлеңінде   бір   адамды   сипаттау   үшін   сансыз   айқындама

қолданылады. Сол өлеңде кездесетін мынадай айқындама сөздерді атап өтсек те

жеткілікті: таңқы, быртиған, бұжыр, көк /көз/, шолақ /иек/, қадау сақал, тапал



бой, қара көңіл, топас ой, арам дене...  Осы айқындамалардан көз алдымызға

ұсқынсыз бейне толығымен көлбендеп тұра қояды.

«Күншіл   ақ   кірпік»   өлеңінде   бұрын   қолданылмаған   немесе   сирек

қолданыста жүретін айқындамаларды кездестіреміз.

Меніңше, сендей кеше молда болмас,

Тар кеуде, шымшық басқа оқу қонбас [58, 89 б.].

Мұнда «тар» деген сөздің орнына көбінесе  «соқыр», «қараңғы», «көр»

/сын есім/ сөздері қолданылар еді. Ал «шымшық» сөзі құс атауанда болмаса,

тіпті кездеспейтін. Кейде осының бәрінің орнына «көк ми» деп те айта беретін.

Ақын   болса,   басында   ойы   жоқ,   миына   ештеңе   кірмейтін   ақылсызды

жоғарыдағы айқынадамалармен шындыққа жақындастыра түседі.

«Жан   қайда   әділетті   іздейтұғын»   өлеңінде   күрделенген   айқындама

қолданылады.

Ішінде ит өлігі жатқан қыз көп,

Көрге бірге түсетін бетін ашпай [58, 93 б.].

Бұдан  адам баласы басына берместей ауыр азап тартқан, бірақ тіс жарып

сыртына шығармаған, өмір бойы өкінішті тіршілік тауқыметін тартып, ұяттан

күйіп   өлген,   бақыты   мерт   болған   қыздар   тағдыры   елестейді.   Ауыр   тағдыр,

азапты өмір. Тек ендігі қыздарымыз мұндайдан аман бола көргей демекпіз.

Сансыз   айқындама   «Сымбатты   сұлуға»   өлеңінде   де   толып   тұр.   Ондағы

қыли /көз/, топас /сөз/, ешкі /бас/, ошақ /мұрын/, ат /мұрын/, салтақ /бет/, [58,

97-100 Б.] тағы басқалары ақын бейнелеп отырған тұлғаны ұмытпастай қылады.

Оның үстіне бұл қолайсыз айқындамалар қызға арналған. Қыз үшін де,

әйел үшін де ауыр сөздер деп қана бағалау керек. 

Және бір қызға байланысты айқындама келтірейік. Ол – «Маңайымнан

әрмен кет өлеңі»:

Маңайымнан әрмен кет,

Жанды қуыршақ арам ет.

Алдап едің көз құртын, 

Құр бояма қызыл бет [58, 99 б.].

Осындағы арам, құр бояма қызыл айқындамалары да қызға жеңіл тимейді.

Қатты   масқаралайды.   Байқап   отырсақ,   сыншыл,   шыншыл   ақын   қаламынан

ешкім де, ешнәрсе де тыс қалмаған.

Көріктеу – поэзиядағы үнемшілдіктің қайнар көзі. Жалғыз сөз негізгі ойды

алақанға салып беріп, аялатады.

Булығып тамағына ызалы ойлар,

Көздері көрінбейді толған жастан [58, 86 б.].

Елжіреп қардың көңілі өкпек желге

66


Жер жібіп және тойып аққан селге [58, 87 б.].

Болғанда түйдек-түйдек жолдың

Сарсытар құлағыңды арба маңы [58, 88 б.].

Құралған ондай байлық арам дерттен

Бейнетсіз рахат болып түскен тектен [58, 93 б.].

Мысалдардағы  «ызалы   ойлар»,   «өкпек   жел»,   «түйдек-түйдек   жол»,



«арам дерт» дегендер ақынның ұтымды қолданған эпиттеттері. 

Сүйдірген сені маған майлы қалтаң

Аузыңа теріс қарап салған малтаң [58, 99 б.], –

дегендегі «майлы» қалтасы – адамның салақ, лайсаң екенін айтады.

«Сарбас»   өлеңінде   кедей   бейнесін   жасау   үшін   қолданылған

айқындамалар түрі мынадай:

Жалаң бас, жалаң аяқ, жыртық дамбал,

Кір көйлек, қомыт күпі, шидем шалбар.

Сары үрпек, көгілжім көз, өңі жүдеу, 

Қу мойын, аш қабырға аңғал-саңғал [58, 119 б.].



Жалаң, жыртық, кір, қомыт, шидем, көгілдім, қу, аш сияқты сөздер адам

бейнесін   бірден   береді.     Бұл   амал   арқылы   ақын   шығарма     түсініктілігінде,

көркем бейне көрінісінде жетілдіре түседі.

Ақынның   «Бір   адамға»   деген   өлеңінде:  нақақ   көзден   жас,   күміс   кесе,



алтын аяқ, қазына мал, сыйға берген, оқа, түйме, сылдырлақ теңге [58, 95 б.]

деген зат есімдер бәрі де көз алдымызға кедейлердің ауыр қалын, байлардың

үстемдігін елестетеді: 

Кесені қолыма алып қарай бердім:

Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп [58, 95 б.].

Немесе «Кедейлік» деп аталатын өлеңінде:

Жанды жеп сен ғой мені арытатын,

Күнің жоқ от пен асқа жарытатын,

Жыртықтан жытылдаған жас денемді

Күнге қақта, аязға қарытатын [58, 29 б.], –

деп   басталады.   Әрі   қарай  жексұрын   кедейлік,   ықтиярсыз   құл,   жас   көңілді

қайғымен уландыру, көзді жасқа толтыру, түсі суық жылан, талаптың маңы

–   деген   сөз   тіркестерінен   адамның   ылажсыз   бейнесін   көреміз,   яғни   адам

кедейлік алдында әлсіз, бірақ өсе келе талаптана, қанаттана келе оны өзінің ең

қатерлі жауына айналдырмақ, онымен мәңгі бақи дос болмақ емес.

Ақынның «Төре көрсе жалаңбас шұлғып, билеп» атты шағын өлеңінде

жағымпаздықты өте қатты сынайды:

Төре көрсе жалаңбас шұлғып, билеп,

Бәйек болып, әулиедей ізін сүймек.

Елге келсе өтірік мақтанатын

«Қорқайын ба ұлыққа айттым сүйдеп» [58, 43 б.].

Ұлыққа   жағамын,   көңілін   аулаймын,   тілін   табамын   деген   жандарды

Сұлтанмахмұт   қатты   сынайды,   оларды   сықақ   етеді.   Олардың   осындай

67


әрекеттерімен   ешқандай   нәтижеге   жете   алмайтындықтарына   ешбір   күмән

келтірмейді. Олар біздің бойымыздан жағымсыз, үрейлі эмоцияларды туғызады.

Молдекең неке қиса еркін сұрап,

Төгер еді мөлдір жасын көзден жылап [58, 22 б.], –

осындағы «мөлдір» эпитеті дәстүрлі эпитет, себебі, Сұлтанмахмұтқа дейін де,

одан кейін де ақын-жазушылар «мөлдір жас» тіркесін қолданады. 

Кең маңдай, ми тұрарлық жұмыр басы

Қара жібек секілді ұзын шашы [58, 25 б.], –

дегендегі  «кең»,   «жұмыр»  эпитет   және  «қара   жібек   секілді   ұзын»  эпитеті

теңеулі эпитет. 

Тауысып ап желдей ескен аз өмірді,

Қойнына суық көрдің енейін деп [58, 27 б.], –

мұндағы   «көр»   сөзін   сипаттау   үшін   ақын  «суық»  эпитетін   қолданған.   Жер

астындағы көрдің суық болуы заңды.

Бұлардың бар жұмысы түске дейін

Ақ үйде құшақтасып ұйықтап жатқан [58, 94 б.],  – 

дегендегі   «ақ»   –   эпитет,   ол   арқылы   ақын   оқырманға   үйдің   байдікі   екенін

аңғартады.

Он жылдай оқығаны қара кітап,

Беріпті әкесіне молда сыйлап [58, 31 б.], –

деген мысалдағы «қара» – эпитет. 

Қыздырманың қызыл тіл

Түбіне жетер, соны біл [58, 143 б.].

Ал, бұл мысалда ақын дәстүрлі эпитетті қолданған. Ол – «қызыл».

Көзің көк, кірпігің ақ, шашың сары [58, 23 б.], –

дегендегі «көк», «ақ», «сары» эпитеттері инверсия тәсілі арқылы жасалған.

Сұлтанмахмұт тек  дәстүрлі ғана эпитеттерді қолданбай,  сонымен бірге

метафоралы  эпитетті де қолданған. Мысалы, «Оралған  шашың жібек,  қасың

барқыт» [58, 31 б.].

Шешеге де тартпаған бір мінезі,

Күлімдеп күн сәулелі жарқын жүзі [58, 33 б.].  

дегендегі қыздың «күлімдеген күн сәулелі жарқын жүзі» метафоралы эпитет. 

Қасіретті қара толқын қайғы керіп,

Қан қайнап әзер шықтым, ішім күйіп [58, 57 б.].

Осы мысалдардағы «қасіретті қара толқын» – метафоралы эпитет.

Күңгірт түспен ойға батып,

Орындыққа отырған [58, 104 б.].

Тұңғиық, түпсіз ашулы,

Асау теңіз толқыған [58, 110 б.].

Қара көңіл адалға сене алмайды,

Ақты қара қашан да жеңе алмайды [58, 141 б.].

Осы мысалдардағы «күңгірт», «тұңғиық, түпсіз, ашулы, асау», «ыстық»,



«қара» деген метафоралы эпитеттерінен ақынның оларды ұтымды қолдандағын

68


білеміз.

Құлпырып, жүз құбылып жердің жүзі

Қуанбас жан-жануар бұған нағып [58, 70 б.], –

дегендеге   «құлпырып,   жүз   құбылып»   эпитеті   -ып   тұлғалы   көсемше   арқылы

жасалған.

Сұлтанмахмұт   поэмаларын   жазу   барысында   айқындауышты   мейлінше

көп қолданды. 

«Таныстыру» поэмасындағы эпитеттер, көбінесе, адам портретін немесе

келбетін беруде көп кездеседі:

Ақ жүрек, алғыр ойлы, адал жан деп [58, 148 б.].

Ақ көңіл, мінезі оңды, жүзі жарқын,

Ынтасы жеткізбекке әйел халқын [58, 157 б.].

Саяз жүрек, ұсақ ой, тынысы тар [58, 161 б.].

«Айтыс»   поэмасында   эпитеттерді   де   ақын   адам   бейнесін   бергенде,

сонымен қатар табиғатты суреттегенде де көп қолданады:

Қиғаш қас, бидай өңді сұлулар да [58, 227 б.].

Көк күмбездің астында көк масаты,

Сәулемен алтынданған сары белім [58, 21 б.].

Кең дала, шаңсыз ауа, таза қоныс [58, 214 б.]. 

«Адасқан өмірде» кездесетін эпитеттер:

Сондықтан көңілім шат, жүзім нұрлы [58, 166 б.].

Бауыр ғып, тату өмір сүргізуге [58, 170 б.].

Нақақ қан, нақақ көз жас дария болған [58, 175 б.].

Ақ ауыл, айдын көлден көзді жұмып [58, 180 б.].

Бұл күнге өмір суық, өмір жансыз [58, 182 б.].

«Кедей» поэмасынан:

Қара көз, алтын сәуле, ақ ерке үшін [58, 204 б.].

Ақын   жырлаған   туған   жер   табиғаты,   әр   мезгілдің   суреттейтін

туындыларында   теңеулердің   қолданысы   ерекше   орын   алады.   Табиғат

суреттерін, адам бейнесін дөп басып көрсету үшін ақ

Көркем  әдебиеттің   ажарлау  құралдарының  бірі  теңеуді  пайдалануда  да

Сұлтанмахмұт   Торайғыровта   әрі   өзіне   дейінгілермен   үндестік,   әрі   өзіндік

ерекшелік қатар отау тігіп отырады. 

Сұлтанмахмұт өлең сөздің ішкі мүмкіндігін жарқырата ашып, оның сәнін

әрлендіру үшін теңеудің әр түрін ұтымды пайдалана білген. 

Қарақаттай көзі бар, мөлдір біткен,

Жалтаңдап қарағанда жанар төккен [58, 24 б.], –

69


мұнда ақын қыздың көздерін қарақаттқа теңеп тұр. 

Өзінің түйедей мінін көзі көрмей,

Біреудің түймедейін тінтіп табар [58, 32 б.].

Осындағы оймен ақын адам өзінің қатесін дүзеп алмай, жұртты үйрететін

пенде  дегісі  келді.  Себебі,  адам өзіндегі  мінді  «түйедей» болса   да,  жұрттың

«түймедейін»   мінін   көріп   қалады.   Мұндағы  «түйедей»  және  «түймедей»

сөздері теңеу. Бір ұғымға екі рет қайырылған ізденіш ақынның екі түрлі теңеу

тапқаны таланттылықтың бұлтартпас белгісі. 

Байқап отырсақ ақын өз өлеңдерінде теңеудің -дай, -дей, -тай, -тей, -ша

жұрнақтары арқылы жасалған түрін көп қолданады.  Мысалы:

Он сегіз Күләйменің келген жасы,

Жібектей үлбіреген маңдай шашы [58, 33 б.].

Көктен түскен кәуһәрдай көзді ұялтқан,

Қол жетпес күнсұлудың нағыз өзі [58, 33 б.].

Күйеуі мал төлеген малдың бірі,

Ақ үрпек балапандай көрсең түрі [58, 33 б.].

Мұқанның құр сүлдері отыр шұдап,

Бойы еріп, жүрек жұлқып, аттай тулап [58, 36 б.].

Он сегіз жасқа жаңа келгенімде,

Басымнан жастық дәурен желдей өткен [58, 37 б.].

Соңғы мысалдағы  «желдей»  теңеуі арқылы күнкөрістің өзінен түңілген

ақынның көлеңкелі көңіл күйін толық аңдатады. 

Сұңқардай көктен шүйгіп жарқылдасаң [58, 88 б].

«Сұңқардай» теңеуін қолдану кезінде дәстүр ықпалын қабылдаған заман

талабын   ескергендік,   өзіндік   ізденісті   айқындауға   бейнелеу   нақыштары

енгізілгені   –   бәрі   де   лирика   көркемдігін   ашу   үшін   стильге   үңілу   мәнділігін

дәлелдей түседі.

Келесі мысалдарда ақын «Сымбатты сұлуға» [58, 97-100 Б.] өлеңіндегі

қыздың сымбаты мен қылықтарын суреттеу үшін шашың ұйпалақ ит жүніне,

төстек   етің   кәрі   саулық   етіне,   доғал   ойнын   қиратылған   ыстық   қойнын

қаңтардың аязына қырбық қасын қысты күнгі қырауға теңейді. Бұл өлең толып

тұрған улы сатира. 

Ұйпалақ ит жүніндей желке шашың [58, 98 б.].



Кәрі саулық етіндей төстек етің [58, 98 б.].

Арбадай қиратылған доғал ойның [58, 98 б.].

Қаңтардың аязындай ыстық қойның [58, 98 б.].

Қысты күнгі қыраудай қырбық қасың [58, 98 б.].

70


Ал   келесі   өлең   жодарында   ақын   сұлу   қыздың   келбетін   аппақ   қарға,

көздерін қарақатқа, жаққын шамға, жұқа ернін оймаққа, сұңғақ мойнын аққуға,

шашын жібекке теңейді. Өлең әдемі теңеулерге тұнып тұр. 

Тік иық, шын бұраң бел, қардай еті,

Сұлу сымбат көркіне көңілім тойды [58, 126 б.].

Қарақаттай мөлдіреп күлім көзі,

Қараса жанар төгіп жаққан шамдай [58, 126 б.].



Оймақтай қызыл сырлы жұқа ерін [58, 126 б.].

Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын [58, 127 б.].

Он беске Гүләйімнің келген жасы,



Жібектей үлбірейді маңдай шашы [58, 101 б.].

Ақын табиғатты суреттеуде де теңеулерді сәтті қолданған:

Жаралған қалай ғажап мынау аспан,

Қаз бауыр ақ торғындай бұлт басқан.

Жалтырап гауһар тастай көкте жұлдыз,

Қараған мұңдылардың көңілін ашқан [58, 129 б.], –

мұнда ақын бұлтты ақ торғынға, жұлдызды гауһар тасқа, жасты қызыл гүлге

теңейді. Осының өзі де теңеудің көркемдік табиғатынан хабар берер.

«Жарқынбай» өліңінен -ша жұрнағымен жасалатын теңеу түріне мысал

келтірейік:

Мысықша, көп көзінше көзін жұмып,

Түн болса, тышқан аулап, түнде жортқан [58, 149 б.].

Өлең қыз мінезін сипаттауға арналған. Ақын тым қатты кетіп отыр. Қыз

үшін мысықша, көп көзінше /кейбіреулер мысықша сөзінен кейін үтір қоймай,

оны көп көзінше сөзімен бір контесте қарап, көзінше сөзін теңеу емес деп те

ойлауы  мүмкін.  Біз    саналы     түрде  олай  етпедік.  Себебі    мысықшаны  алып

тастағаннан   сөз   мағынасы   бұзыалмайды,   сөйтіп   бұлар   бірыңғай       мүшелер

қызметін атқарады/   айқындамалары тиімді емес-ақ. Бұл арқылы өзін періште

санайтын қыздың қылығындағы қаярлық, жасампаздық сыналады. 

Ал Күләйменің күйеуін былай суреттейді:

Буаз қатын секілді шартиғанда,

Айран құйып байлаған бір жанторсық [58, 149 б.].

«Буаз қатын секілді» теңеуі арқылы қатты мысқалдау бар. Ер адамды буаз

қатынға /секілді  шылауы арқылы/ теңеу – қорлау.

Шілдеде мұздай болып қатқан көңіл [58, 37 б.].  

дегендегі  «көңілдің   мұздай   болып   қатқаны»  метафоралы   теңеу   болып

табылады.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам туған айдай балқып туған [58, 66 б.], –

мұндағы метафоралы теңеу де сәтті табылған көркемдеме. 

С.Торайғыров өз поэмаларында да теңеуді молайтып қолданған. Мысалға

71


«Айтыс» поэмасын алайық:

Оларды ала алмаған ешкім күшпен,

Жолыққан найзасына жүндей ұшқан [58, 215 б.].

Маңғаз бай дастарқаны көпке жеткен,

Келген кісі үйректей жүзіп кеткен [58, 217 б.].

Түлкі алатын қырандай түйілгенде,

Жұрт тұрғанда «бере көр, я құдайлап!» [58, 215 б.].

Алтыбақан жібіндей ай жарықта,

Сұлулар ән шырқаған іші жанып [58, 227 б.].

Ерікті ен даланың құсынша ұшып,

Ер жеттім кеңшіліктің сүтін ішіп [58, 210 б.].

Құрт аурудай күн сайын ақырындап,

Қылмақсың даланың да халін жаман [58, 231 б.].

«Таныстыру» поэмасынан теңеудің үлгілері:

Ұрыдай сасық ауа, темірлі үйде [58, 146 б.].

Түлкідей жалт ететін таймасы да [58, 156 б.].

Инедей кемдік сөзді көтере алмас [58, 158 б.].

«Адасқан өмір» поэмасынан:

Жас тәнім ажарланып күнен-күнге,

Бәйшешектей құлпырар түрден-түрге [58, 166 б.].

Күліп сәуле шашамын жазғы күндей [58, 166 б.].

Жеміссіз құмға түскен гүлдей солған [58, 175 б.].

Таудай үміт һәм талап орындалар [58, 177 б.].

Аспанда құстай ұшып, суда жүзіп [58, 178 б.].

Тозған жердің атомы күлдей ұшып [58, 186 б.].

Өгіздей ен маяда шөпке тойып [58, 170 б.].

«Кедей» поэмасынан:

Кедейдің қанын сорып, жүндей илер [58, 201 б.].

Сонымен қатар поэмаларында басқа да жолдармен жасалған теңеу түрлері

де бар. Мысалы:

Ыңғайлы, қырғыйға ұқсар көрсең түрі [58, 156 б.]. 

дегендегі теңеу ұқсар сөзінің жалғануы арқылы жасалған. Келесі тармақтағы

72


теңеу ұқсайды сөзінің жалғануы арқылы жасалған:

Ұқсайды ұшқыр қыран қаршығаға [58, 149 б.].

Сұлтанмахмұт     Торайғыров   поэзиясы   тіліндегі   теңеулердің   қолданысы

мынадай тұжырымдама жасауға негіз береді. Біріншіден, ақын жалпыхалықтық

тілдің   көркем   қорындағы   теңеулерді   табиғат   көріністерінде,   кейіпкердің

келбетінде,   қоғамдық   тақырыптарда   ұтымды   пайдаланған.   Екіншіден,

жалпыхалықтық   тілдегі   теңеулерді   өңдеп,   жетілдіріп   қолданған.   Үшіншіден,

ақын қазақ поэзиясыда бар салыстыруларды пайдалана отырып, өз тарапынан

да   жаңаларын   жасаған.   Жырға   арқау   болған   нәрсені   бейнелі   жеткізу,

ұқсастықты дәл тауып, көре білу ақынның тіл шеберлігін көрсетті. 

Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес,

әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл – құбылту. Құбылтудың түрлері өте көп.

Әдеби тілдегі ең басты құбылтудың бірі – ауыстыру, яки метафора. З.Қабдолов

ауыстыруға былайша анықтама бергені анық: – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп

айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айындай, ажарландыра түсу үшін

оларды   өздеріне   ұқсас   өзге   затқа   не   құбылысқа   баулу,   сөйтіп,   суреттеліп

отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін

күшейту [58, 219 б.].

Сұлтанмахмұт   поэзиясындағы   бейнелілік  ауыстыру  арқылы   беріледі.

Ақын қолданған баламалар мына мысалдардан мол көрінеді. 

Мен балаң жарық күннен сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған [58, 66 б.], –

дегендегі   «жарық   күннен   сәуле  қуған»,  «күнді  барып   алуға   бел  буған   бала»

метафора болып тұр. Себебі, мұндағы «сәуле қуу» тіркесі өнер, білім-ғылымды

іздеу деудің орнына ауыстырылып, қолданылған.

Бар байлығы жинаған көздің жасы,

Еңбекпен бір малы жоқ терлеп тапқан [58, 93 б.].

Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,

Бір сөзді тамағыма қойдым таяп:

«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»

Демейінше болмады, қарап жай-ақ!..

Кесені қолыма алып қарай бердім 

Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп [58, 95 б.], –

деген   өлең   тармақтарында   ақынның  «байлық   –   көздің   жасы»,   «аяқтағы



момынның   малы»,   «кеседегі   нақақ   көздің   жасы»  деуі,   бұл   да   ауыстырылып

қолданылып тұр. Себебі, ақын кедейдің көз жасымен жүріп тапқан байлықты

айтқысы келіп отыр.

Жүректің қазынасы тазартылса,

Пайдасын көрер әлі-ақ ертең халқым [58, 101 б.].

Бір қараумен ерітесің

Жүректің мұз тоңдарын [58, 107 б.].

Бұл мысалдарда ақын  «жүректің қазынасы», «жүректің мұз тоңдары»

деген ауыстыруларды шебер қолданған. 

73


Сен жоқ болсаң, қарағым,

Дүние жүзі маған көр [58, 107 б.].

«Сәулешім» деген бір сөзің

Есімнен кетпес өмірде [58, 108 б.].

Жарқыным, мұның қай екпін,

Шыдамадың дәйекпен [58, 109 б.].

«Жаным, сәулем, күнім» деп

Суырып сорып сүйсең-ау! [58, 131б.].

Бұл   мысалдардағы   «қарағым»,   «сәулешім»,   «жарқыным»,   «жаным,

сәулем, күнім» дәстүрлі метафора болып табылады.

Өзіңдей жүйрік «тұлпардан»,

Өзіңдей қыран «сұңқардан» [58, 110 б.].

Маңайымнан әрмен кет,

Жанды қуыршақ, арам ет! [58, 112 б.].

Бақыт – құс ұшып жүрген қолға түспес,

Билеуге оны ешкімнің күші жетпес [58, 85 б.].

Жылтырап сол уақытта жұлдыз шықты,

Аспанға шашу шашып меруерттен [58, 85 б.].

Осындағы  «тұлпар»,   «сұңқар»,   «жанды   қуыршақ»,   «бақыт-құс»,

«меруерт   шашуы»  деген   сөздер   өз   мағынасында   емес,   ауыстырылып

қолданалып тұр. 

Ақты қара қашан да жеңе алмайды [58, 141 б.].

«Ақ»   пен   «қара».   Мұнда   жай   кәдімгі   түс-түр   емес.   Жақсылық   пен

жамандық бейнесі – ол! 

Мұңайып: «Үркер аға, қыспа, – деді,

Мен сорлы аяқ-қолым қысқа» – деді [58, 75 б.], –

деген   мысалдағы   адамның   аяқ-қолы   қысқа   емес,   өзінің   кедейлігі   жайлы

айтылып тұр. 

Болғанда көзің – жақұт, етің – торғын,

Қасың – ай, шашың – жібек, мамық тамақ.

Көзің – нұр, сөзің – алма, аузын – алтын,

Самород, қоспасы жоқ нағыз балқын [58, 24 б.].

Осындағы  жақұт, торғын, ай, жібек, нұр, алма, алтын  сөздері оқушы

мен тыңдаушыны сұлулығымен, әсерлілігімен таң қалдырады. Сонан соң ақын

өзінен бұрынғы ақындар ізімен жүргісі келмейді. Егер бұрыннан таныс сөзін –

бал   деген   баламаны   пайдаланса,   ақын   үлкен   табысты   бола   қоймас   еді.

Сондықтан бал сөзінің орнына алма баламасын алған. Ал қыз ернін суреттеу

үшін   бұрын   оймақ,   ауыз   дейтін,   бұл   жолы   ақын   оны   алтын   эпитетімен

ауыстырған.   Сөйтіп   осы   кішкене   суреттеудің   өзінде   ол   ел   әдебиеті

74


қоданыстарынан біраз ілгерілейді.

Тұспалдау құралдарын пайдалануда да әрі дәстүр, заман талабы ықпалы,

әрі өзіндік ізденіс көрінісі қабат көрінетінін де нақ межелеген жөн. Мәселен,

«сұңқар»,   «тұлпар»   т.б.   баламаларын   қолдану   кезінде   дәстүр   ықпалын

қабылдаған заман талабын ескергендік, өзіндік ізденісті айқындауға бейнелеу

нақыштары енгізілгені – бәрі де лирика көркемдігін ашу үшін стильге үңілу

мәнділігін дәлелдей түседі. 

Өз   кезіндегі   қоғамдық   өмірдің   әр   түрлі   сұрықсыз   жақтарын,   ұнамды,

ұнамсыз   кейіпкерлердің   іс-әрекетін,   мінезін   ашық,   айқын,   әсерлі   көрсетуде

Сұлтанмахмұттың   өзіне   тән   сөз   мәнерлері,   сөз   қолданыстары   өте   көп   және

ерекше. Оның өзіне тән сөз қолданысын айтатын болсақ, әр түрлі жолдармен

сөз   жаңартуын,   көптеген   сөздерді   өз   мағынасында   қолданылуымен   қатар,

ауыстыру   мағынасында   да,   жеке   сөздерге   жаңа   мағыналық   реңк   бере

қолданылуын   да,   кейбір   сөздерді   жаңаша   құрап,   тіркесе   түсіруін,   сондай-ақ

жаңа   сөз   тіркестерін   тудыруын   немесе   кейбір   тіркестерді   тілде   бұрын   бола

тұрса   да   нақ   Сұлтанмахмұт   шығармаларында   басқаша   мағынаға   ие   болады.

Мұндай ерекшеліктер ақынның метафоралық тіркестердегі сөздерінен ерекше

көрінеді:

Мұқанның бір айыбы – малы кедей,

Әке бар, туысқан жоқ, шеше өгей.

Ақыл-зейін, түр сымбат тұтас келген,

Сөзге ұста, ақын жігіт сұрша көмей [58, 35 б.].

Немесе:

Әдепті әзіл сөзден алдырмайтын,



Ақылға сай, сайраған сұрша таңдай [58, 25 б.].

Сұлтанмахмұт кезінде сұрша қыз теңеуі дәстүрге ене бастаған. Келтірілген

өлең   жолдарындағы   сұрша   көмей,   таңдай   деген   метафоралық   тіркестер   өте

бейнелі сөз тіркестері.

Әдетте,   көмей   сөзі   халықтық   тілде   көмейі   бүлкілдеген   әнші   деп

қолданылады. Ал сұрша таңдай, сұрша көмей деген тіркестер – Сұлтанмахмұт

енгізген жаңалық.

Бір сенсің дүние көрген көзім нұры,

Жарқырап жаным тартар, көңілім гүлі [58, 24 б.].

Сондай-ақ:

Нашарды, момындарды езбейтұғын,

Арамдық теңізінде жүзбейтұғын [58, 25 б.].

Шарпылып қайғы өртіне тұла бойы,

Мұз балақ сөндірер деп келген ойы [58, 35 б.].

Азамат үш ағасы сақа бойдақ,

Еңбектің қазанында піскен қайнап [58, 40 б.].

Дөңінен надандықтың асам дедік,

Миллетке раушан нұр шашам дедік [58, 48 б.].

75


Ел жетіліп көркеймек,

Өнер қанат жайғасын [58, 59 б.].

Бұл   мысалдардағы  «көңіл   гүлі»,   «арамдық   теңізі»,   «қайғы   өрті»,

«еңбектің қазаны», «надандықтың дөңі», «өнер қанаты»  деген сөз тіркестері

дерексізді   деректендіру   арқылы   жасалған   метафоралық   тіркестер   болып

табылады.

Көңілім, неге жасисың?

Миым, неге ашисың?

Ой түбіне жете алмай,

Жүректі тырнап қасисың [58, 64 б.].

Тұрмыс маған от шашып,

Бар дүниені лау қылшы! [58, 80 б.].

Ал   бұл   мысалдарда  көңілдің   жасуы,   мидың   ашуы,   жүректі   тырнап



қасуы,   тұрмыстың   от   шашуы,   дүниені   лау   қылдыру  бәрі-бәрі   метафоралық

тіркестерге жатады. Сондай-ақ:

Қойнына қараңғылық енген барып [58, 86 б.].

Елжіреп қардың көңілі өкпек желге,

Жер жібіп және тойып аққан селге [58, 87 б.].

Елжіреп, еріп, жанып жүрек, өкпе [58, 87 б.].

Абыройын шашып,

Артын аша жаздайды [58, 97 б.],

деген мысалдардағы да  қараңғылықтың енуі, қар көңілінің елжіреуі, жүрек,

өкпе елжіреуі, абыройдың шашылуы метафоралық тіркестер болып табылады. 

Ден сау болса, тағдырдың

Көкке ұшырам күлдерін [58, 81 б.].

Ден сау болса, тұрмыстың

Маған салған құрығын

Байлап алып кетермін! [58, 81 б.].

Бір күлумен серпесің,

Тағдырдың суық қолдарын [58, 107 б.].

Маңдай тер, жанды қинап жігер етіп,

Тұрмысты алып соқшы жағасынан [58, 117 б.].

Қыздырып күннің қарауы,

Надандық теңізі тартылар [58, 121 б.].

Дүниенің дөңгелегі айналады,

76


Кімі үстінде гуляттап жайланады [58, 135 б.].

Тар тағдырдың тасқыны

Су толтырған ініңе [58, 108 б.].

Мен тұрмыстың қылышы [58, 112 б.].

Ал   бұл   мысалдарда   метафоралық   тіркестер   үлгілері   болып  тағдырдың

күлі,   тұрмыстың   құрығы,   тағдырдың   суық   қолдары,   тұрмыстың   жағасы,

надандық   теңізі,   дүниенің   дөңгелегі,   сонымен   бірге   тағдырдың   тасқыны,

тұрмыстың қылышы табылады. 

Сөйлесіп гүлдей жайнайды,

Булыққан көңілім тарығып.

Қапалы лебізің айдады,

Гүл самалға малынып [58, 103 б.].

Дәмеленіп, үміт тосып

Көңіл қайда лепірген? [58, 104 б.].

Көңілдің тарығуы  немесе  дәмеленуі  де метафоралық тіркестер қатарына

жатады. 


Қанды кек, намысты өштік неден тумақ,

Жібітпей жүрегіңді мұз қылатын [58, 115 б.].

Қозғалса ел намысы судай тасып,

Шешенің жақсы ат алмақ соны басып [58, 116 б.].

Іштен өсіп адамдық,

Сырттан түлеп жамандық,

Тазарып әбден кеткенше [58, 124 б.].

Осы   мысалдар   да   –   метафоралық   тіркестердің   жарқын   мысалдары.

Себебі,   ақын   осында  «өштің   неден   тууы»,   «намыстың   судай   тасуы»,

«адамдықтың   іштей   өсуі,   «жамандықтың   сырттай   түлеуі»  деген   бейнелі

тіркестерді ұтымды қолданған.

Малға кедей, көңілі бай, зарықпады,

Сөзі семіз, мінезін арытпады.

Бар еңбегін Сарыбастың оқу үшін

Ант қылды соған арнап сарыққалы [58, 41 б.].

Ал енді семіз деген метафоралық тіркесте ақын кедей шаруаның тұлдыр

кедей болғанына қарамастан, баласын оқытамын деген ойын, көтерінкі көңілін

бейнелейді.   Бұл   жерде   «көңілі   семіреді»   тіркесін   ақын   жаңа   қолданысқа

көшірген.

Сұлтанмахмұт   кейде   өз   заманында   ешбір   ақын-жырау  аузына   түспеген

жаңа тіркестерді де туғызған. Мысалы, өзі өмір сүрген кездегі қоғам бейнесінен

туған метафора мағынасында қолданылған сөз тіркестері:

Алдау, күндеу, айла не, мен білмеймін.

Жүрегімде түпкір жоқ сүюден бос.

77


Әділдік орнамасқа көзім жетті,

Дүниеден ет жейтұғын ауыз құрымай [58, 41 б.].

Тыңдар ма айтты екен деп өңшең құлқың [58, 41 б.].

Басқаны өз қарнынан ойламайды,

Мал берсе жаны түгіл, арын сатқан [58, 41 б.].

Елізікті ез көңіл,

Бірақ әлі сөнген жоқ.

Мен білемін орамның

Көмейдегі қалтасын [58, 41 б.].

Осындағы «жүрек түпкірі», «ет жейтұғын ауыз», «өңшең құлқын», «өз



қарнын   ойлау»,   «елізікті   ез   міңез»,   «көмейдегі   қалта»  сияқты   метафоралық

тіркестердің   барлығы   тек   Сұлтанмахмұтқа   тән   бейнелі   тіркестер.   Бұл

келтірілген   мысалдардағы   сөздер   бола   тұрса   да,   олардың   әрқайсысының

тұрақты   тіркесі   бар,   тек   С.Торайғыров   өлеңдерінде   ерекше   өң   беріліп,   сол

кездегі қоғамның қандай жағдайда болғанын көрсетудегі ерекше құрал болған.

Осы сияқты метафоралық тіркестерде қаншама ой, қаншама сын жататынын

көреміз.

Ақын поэмаларында ауыстыру көптеп кездесіп отырады. Мысалға жіктік

жалғауы арқылы жасалған метафраларды қарастыралық:

Кескекті туған аюмын,

Кескілеспей басылман [58, 223 б.].

Кілегей қара бұлытпын

Келе бір жаумай басылман [58, 223 б.].

Сонымен қатар ақын поэмаларында метафоралық тіркестер де кездеседі:

Көңілімнің жылдам сезгіш айнасы да [58, 156 б.], –

деген тармақта ақын өзінің көңілінің айнасы бар екенін жазады. 

Ер жеттім кеңшіліктің сүтін ішіп [58, 210 б.].

Бостандық дариясы былтыр тасып

Жұрт кетті ағынға еріп араласып [58, 224 б.].

Әр үміттің қиялы сәулеленіп [58, 168 б.].

Сұлтанмахмұт   қолданған   көркемдегіш   тәсілдердің   бірі  алмастыру.

Нәрсені,   құбылысты,   әсіресе   ұнамсыз   нәрселерді   ақын   өз   атымен   атамай,

басқаша   айтады.   Бұлайша   көркемдеу   өлеңнің   эстетикалық   әсерін   күшейтіп,

бояуын қанықтыра түседі.



Нашарды, момындарды езбейтұғын [58, 25 б.], –

мұндағы нашар, момын – кедей пақырлар. Көрсетілген сөздер орнына ауыр деп

те   жазуға   болатын   еді.   Бірақ   шығарма   мәні   әлсіреп   кетер   еді   немесе   түсіне

қоюға қиынға түсер еді.



Мәстек шауып, тұлпардан бәйге ала ма [58, 31 б.]? 

78


Әңгіме мәстек туралы да, тұлпар туралы да емес. Адам туралы. Сөйтіп

ақын   наданды   мәстекке,   парасаттыларды   тұлпарға   алмастырады.     Бұлардың

орнына бұрынғыша «Байтал шауып, бәйге алмас» деуге де болатын еді. Осы

сөздер арқылы әлін білмейтін әлектерге де, ақылды ел басыларға да кеңес беріп

отыр.  Өмірді, өнерді, қабілетті орнына жұмсау қажеттілігін айтып отыр ақын.

Күләйме қосақталса бұл есекке,

Арам өлген бір аққу, қарға шоқыр [58, 34 б.].

Қаншама   күшін   пайдаланып,   көлік   орнына   жұмсасақ   та   есекті   жылқы

малынан   төмен   ұстаймыз.   Сондықтан   болуы   керек,   кейбір   тоғышар,   топас,

надандарды есек деп те атаймыз. Күләйменің болашақ күйеуі де сондай жан.

Ақынның қызға жаны ашиды, ана адамға ызалы, ашулы қарайды. Қызды оған

тең   емес,   дұрысырағы   қызға   ол  тең   емес   деп   есептейді.   Содан   келіп,   үлкен

әлеуметтік мағыналы наразылық туады. 

Ондай топас жандарға, сезімі шектелгендерге ақын:

Надандықтан екенін білесіз бе,

Көрінгенге болғаның семіз жемдік [58, 43 б.]? –

дейді. Ақырында осы надандық басқаның отары болуға жеткізді. Мал-мүлкін

талауға түсті. Халық қадірі кеміді. Елдік сиқы есіркерліктей дейді. Семіз жемдік

болу   –   қорлық.   Осы   жай   ақынды   ызаландырады.   Түсін,   маған   ілес   дегенді

айтпақ ниетін тудырады. Алмастыру тәсілі ақынның көптеген сәтті шумақтар

құрауына, ой-пікірін өткірлей түсуіне жеңілдік келтіреді. Өз намысын да, өзге

намысын да оятады. Тағы бір мысал келтірелік:

Езді ғой кәрі шандыр тілегіңді [58, 61 б.].

Ақынның   кәр   шандыр   деп   отырғаны   малға   бөктіріп,   жас   қызды   алып

отырған   шал. Бір тамашасы – шандыр сөзін соншама орынды тапқан. Егер

назар   салсаңыз,   еті   қашып,   тері   мен   сүйегі   қалған   кәрі   адам   шынында   да

шандырға ұқсайды.

Ал келесі мысалда ақын Абайдың өлеңдерін, поэмаларын, қара сөздерін

оқы демей: 

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе [58, 116 б.], –

деп жазды.

 Бұдан басқа да алмастыру тәсілін пайдалану мысалдары жеткілікті. Ақын

өз   елін   басқалармен   бірге   талап,   жаудан   жаман   тиісіп   отырған   басшы

атанғандарды,   шынына   келсек,   сатқындарды   борсық,   түлкі,   жылан,   шаян,

қанқұмар,   қаражүрек,   қасқыр,   қоңыз,   доңыз,   ит,  құзғын,   арам,   жуан   қарын,

қанды балақ, қорқау, тағы басқа сөздермен бейнелейді. 

Ақын поэмаларындағы алмастыруларға келер болсақ, «Таныстыруда»:

Сорлымен соңғы нанын бөліседі [58, 148 б.].

Арқа тұтып нашарды көгендеген [58, 152 б.].

Оқығандар бағалар сөздің дәмін [58, 157 б.].

Надандар оны өлшейтін өлшеуің жоқ [58, 161 б.].

79


«Айтыс» поэмасы:

«Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байқы,

Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа [58, 222 б.].

«Әділдердің көтеретін сыйлары бар,

Жауыздарға бір жаза бар» деп сенем [58, 226 б.].

Күштіге ерер, әлсізге ешкім ермес [58, 237 б.].

«Адасқан өмір» поэмасынан:

Жансыздың арқасымен күтім көріп [58, 169 б.].

Зорлығын істегенде күшсіздерге [58, 171 б.].

Айтар ем мінділердің мінін бетке [58, 181 б.].

Ақын   өлеңдерінде   ауыстырма   қолдану   сөздерінің   бір   тобы  айырбастау

деуге   болады.   Мұны   да   ақын   шебер   қолдану   арқылы   көркемдік   сапаны

жетілдіре түседі.

Қазаққа басшымыз дер шляпалар [58, 63 б.].

Шын өмірге жеткенше

Талай шаштар  ағарар,

Талай тәнді жер алар [58, 127 б.]

Әділдік орнамасқа көзім жетті,

Дүниеден ет жейтұғын ауыз құрымай [58, 182 б.].

Шиеттері қызыл қарын, үрпек бастар [58, 306 б.].

Қазақ өмірін білмейтін шаштыларға [58, 215 б.]

Бұл мысалдарда оқушыға түсініксіз ештеме де жоқ. Өйткені шляпалар деп

отырғаны қаланың кеңсе қызметінде жүргендер даладағы елден өздерін артық

санайды, қағаз көшіргенді, отаршыл өкімет адамдарына қызмет істегендіктерін

жетіскендік деп ойлайды.

Шаш, тән сөздері адам деген яғни басында билігі, алдында теңдігі жоқ

қыр қазағы дегенді білдіреді.

Ауыз – қырдағы, қаладағы парақор жебірлер. Олар тұрғанда ел дегеніне

жетпейді, мақсатын орындай алмайды. Ақын осыны меңзейді.

Қызыл   қарын,   үрпек   бастар   –   қазақ   жастары.   Үлкендердің   жағдайы

жоғарыдағыдай   болғанда,   олардың   халі   мүшкіл   екендігі   өзінен-өзі   белгілі

болып шығады.

Шаштылар   –   басқа   ұлт   өкілдері,   дұрысырағы   отаршыл   өкімет

шенеуніктері. Қазақты қорқытатын да, «жарылқаймын» дейтін де солар. Олар

көбінесе   тілмәш,   конторщик   қызметінде   отырып-ақ   қазақ   терісін   сыдырып

алады.   Парақорлықты   өрістететіңдер   де   солар.   Қыр   қазағының   айтқанын

бұрмалап, ағын қара, қарасын ақ дейтіндер де солар. Сондықтан олар қазақтың

80


қамқоршысы емес, соры.

Жас жүрек жалбақтауды сүймес еді,

Үстіне рия тонын кимес еді [58, 69 б.].

Немесе:


Басқаны жүрек ұмытып,

Дәуренді сонда сүргендей [58, 83 б.].

Сондай-ақ:

Көрінбесең көзіме

Сабырсыз жүрек тұра алмас [58, 109 б.].

Жетпесе жүрек сертіңе,

Жас көңіл жасып, майрылар [58, 109 б.], –

деген     мысалдарда   ақын  бүтін,  яғни   адамның  орнына  бөлшек,  яғни   жүректі

алып отыр. Келесі мысалдарда ақын адамның орнына көңілді келтіреді. 

Қара көңіл адалға сене алмайды,

Ақты қара қашан да жеңе алмайды [58, 141 б.].

Жас көңіл асығады жай тапқанша [58, 128 б.].

Ал келесі мысалдарда ақын бүтіннің орнына арам терді, азулыны алып

отыр. Себебі, арам тер, азулы деп Сұлтанмахмұт үстем тап өкілдерін айтқысы

келді.

Дауылдан бұрын өртеп елдің үйін



Енді «тігем» деп жүрме арам терлер [58, 138 б.].

Байлыққа азулылар күшпен жеткен,

Аямай байлық үшін арын төккен [58, 92 б.].

Сондай-ақ «Айтыс» поэмасынан:

Соншама жүрек білмейтін шаштыларға

Теріс төре айтқызып тарылдырма [58, 215 б.].

Миға тамақ, жүрекке сусын беріп [58, 218 б.].

Қан жылып, жан сүйсініп, жүрек иген [58, 218 б.].

«Таныстыру» поэмасында төмендегідей синекдоха кездеседі: 

Болсақ егер сақалдыны мақтайтұғын [58, 161 б.].

«Адасқан өмір» поэмасындағы синекдохалар:

Әлде дерсің: «Достық бар сау кезінде,

Қараңды да көрмейтін солсаң кәріп» [58, 167 б.].

Бақыттан бақыт таңдар жас көңілім [58, 168 б.].

Онан бақыт таппасын жүрек сезді [58, 170 б.].

Дүниеден ет жейтұғын ауыз құрымай [58, 182 б.].

Ақындар   дәстүрінде   айтайын   дегенін   ашып   айтпай,   астарлап   жеткізу   –

81


бұрыннан   келе   жатқан   жәстүр.   Мұны   ел   әдебиетінде,   халық   ақындары

шығармашылықтарынан   жиі   кездестіреміз.   Астарлаудың   ғасырлар   бойы

қалыптасқан, тұрақты бейнелік тізбегі бар. Мәселен: найза, қылыш, алдаспан,

семсер,   наркескен   –   қайсарлықты,   өткірлікті   бейнелесе,   күн   –   қуанышты,

жалғыз аққу – сыңарлықты, жетімдікті, сарғайған жапырақ – сағынышты, аққан

өзен – айырылысуды, топан – төпелеген бақытсыздықты, дауыл – астанкестен

аласапыранды, т.т. білдіреді.

Сұлтанмахмұт  астарлау  тәсілін   көбінесе   ақпан   мен   қазан   айларында

болған төңкерістерді, солардың салдарын білдіруге пайдаланды. Бұған бір-ақ

мысал   келтірсек   те   болады.   «Дауылдағы   әбігер»   осындай   кезеңнің   сипаты

болатын. Тап осындай көріністі бейне «Сарыарқаның жаңбыры» деп аталатын

жыр. Кейде оқырманын тығырықтан шығару үшін өлең ішінде өзі де түсінік

беріп кетіп отырады.

Бұл мысалдың мәнісін ұға алсаң сен,

Келген заман – бостандық, жаңбырмен тең [58, 119 б.].

Тап   осылай   жазу   қазақ   әдебиетінде   Сұлтанмахмұт   әкелген   жаңалық,

бейнелеу   өнерінің   келелі   табысы   деуге   керек.   Тегіңде   Сұлтанмахмұт

пайдаланған астарлау тәсілі ХХ ғасыр басындағы әдебиетімізде әдәуір дамыды.

Мұның   мысалын   Сәкеннің   төңкерісшіл   жырларынан,   С.Дөнентаевтың   сықақ

өлеңдерінен,   берідегі   Сәбит,  Ілияс,   Әбділдә,   Тайыр   шығармаларынан   топтап

келтіруге болады.

Сонымен   бірге,   ақында   өлең   арасында   кездесетін   астарлау  мысалдары

көп.   Оны   ақынның   өзі   өмір   сүрген   ортаның   адамдарын   бадырайтып   бетке

баспауды   мақсат   еткендігінен   туған   тәсіл   демекпіз.   Мысалы,   «Жарқынбай»

өлеңінде өзінен ақылы да, адамшылығы да төмен кісіге ұзатылған Күләймені

сол   ауыл   өмірінен   табуға   болады.   Егер   қыздардың   теңіне   берілмеуі   көп

кездеседі   десек,   Күләйме,   Жарқынбайлар   да   аз   емес-ті.   Оны   біреуі   болмаса

біреуі   нақты   тұрмыс   тіршілігінен   алынғаны   даусыз.   Оның   үстіне

Сұлтанмахмұттың   барлық   өлеңдерінің   арналған   адамы,   бағытталған   оқиғасы

бар. Сондықтан ақын ашу-араздық тудырмау үшін де осы тәсілді пайдаланды.

Ақынның шоқтығы биік жырының бірі – «Шығамын тірі болсам адам

болып» деп аталады. Бір шумақ келтірелік:

Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, 

Болмасам туған айдай балқып туған [58, 66 б.]. 

Жырды   әдеби   –   көркемдігі   жағынан   әңгімелейтін   болсақ,   бірінші

тармақтың өзі-ақ терең тарихи мағынаға ие болып тұр. Халқым деп еміренген

ұл азаматтық парыздың биік тұғырына ұмтылады. Еліне кісілік қызмет етпек.

Ғасырлар   бойы   ғылым   –   білім   байлығынан   кенже   келе   жатқан   халқын

білімдендірмек, дүниесін жарқыратпақ. Екінші тармақ астарлы мағынаға бай.

Күн өз мағынасында айтылып тұрған жоқ. Халықтың бақытты заманы айтылып

отыр.   Осындай   ақын   ерлігі   мен   жігері   кім-кімді   болса   да   бейтарап

қалдырмайды, жігерлеңдіреді, қайратқа мінгізеді.

Астарлап айтудың тағы бір түрі  тұспалдау. Ақынға бұл да жат болған

82


жоқ.   Өйткені   тұспалдау   арқылы   адамдар   арасыңда   болатын   қарым-

қатынастарды,   мінез-құлықты,   жақсы-жаманды,   қаскөйлік   пен   ізгілікті   жан-

жануар немесе өсімдіктер іс-әрекеті, қасиеті ретінде көрсетуге мүмкіндік бар.

Дұрысын  айту керек,  бұл  тәсілді  қазақ  әдебиетінде  тұрақтандыруда  ақындар

Крыловтан, татар ақыны Тоқайдан біраз үйренді. Сұлтанмахмұт та солай етті.

Ақын Ғ.Тоқайдың Крыловтан жасаған аудармасын қазақша тәржімалады.

Олар:  «Арыстан  мен  Тышқан»,  «Екі   тышқан»,   «Көк  өгіз».   Біздің  оқушымыз

әңгіме арыстан, тышқан, өгіз туралы емес, сол іспетті адамдар екенін бірден

байқап отыр. Қазір де мындай құлықтар жеткілікті. 

Сұлтанмахмұт   тұспалау   арқылы   көбінесе   қазақ   қоғамындағы

кемшіліктерді сынап, халық санасын оятуда болды. Тек қана бұлай емес, әрине.

Кемшілікті бетін аша көрсету - өзгені одан жирендіру. Демек, ақын халқын,

жұртын   жаманаттан   қорғай   отырып,   жақсылық   жолына   қарай   бағыттады.

Ықпал етті. Сөз жоқ, ол кезде ақынның ойлағандары бола да берген жоқ. Ондай

жағдайда ақын өкпе, реніш те білдірді. Оның кейіпкерлеріне ауыр тиетін сың-

сықақ шумақтары осылай туған.

С.Торайғыровтың  кейіптеу  үлгілерін   қолдануда   да   дәстүр   тағылымын

ескерумен   бірге   өзіндік   ізденісін,   сөз   саптау   тәсілін   оның   ішінде   ұлттық

нақышты т.с.с. кең игеруін көреміз. Ақын өлеңдеріне сөз берсек:

Сұлу жұлдыз жымыңдап шақырғандай [58, 30 б.].



Қызғалдақ пісіп толған шілдедегі [58, 33 б.].

Енді бұлт жылай берді тауға барып:

«Суыққа амал тап», – деп, панаңа алып.

«Сен-дағы жермен көрші емес пе едің,

Зар жылап бауырым деп ұран салып [58, 37 б.].

Жапырақтар да сыбдырлап [58, 83 б.].

Қандай   тамаша   кейіптеулер.   Жұлдыздың   жымыңдауы,   қызғалдақтың

пісуі, бұлттың жылап, тіл қатуы, жапырақтардың сыбдыры. Ақын нені сөйлетсе

де, нені жандандырса да, барлығын шебер қолданған. 

Байқап   отырғанымыздай   Сұлтанмахмұттың   табиғат   құбылыстарына

арнаған жырларында кейіптеудің алуан түрлері бар. Біз санап отырсақ, ұзын

ырғағы   жиырмаға   тарта  кейіптеу жырлар  бар   екен.   Олардың  ішінде  «Қисық

қабырға»,   «Соқыр   ағаш»,   «Жапырақтар»,   «Ләнет   бұлты   шатырлап»,   «Гүл»,

«Сарыарқаның   жаңбыры»,   «Кешегі   түндегі   түс,   бүгінгі   іс»,   «Қарағай   да

қайғырып» сияқты кезеңділері бар. Бұлардың біреуі жазушы басындағы қайғы –

қасыретті, біреуі жан күйзелісін, біреуі қуанышын, енді біреуі ел басына төнген

ауыртпалықты, тағы сондай мағыналы құбылыстарды суреттейді екен.

«Кешегі түндегі түс, бүгінгі іс» өлеңінен бір мысал:

Жіп-жиі көкке жұлдыз ымдасқандай,

Күлімдеп, ойға қарап жымдасқандай.

Қорылдап, бас жақтарын бүркей түсіп,

Жер жүзі жатыр ұйықтап жын басқандай [58, 74 б.].

83


«Байлық» өлеңінен бір мысал:

Байлық-ай, сенің ызаң өтті-ау маған,

Не қылдым өшігерлік, жаным, саған?

Мені көрсең жирендің теріс қарап,

Әкеннің менде құны бардан жаман [58, 28 б.].

«Кедейлік» деген өлеңнен бір мысал:

Кедейлік, сен жексұрын, түсіњ суық,

Іздемес сені адам керек қылып [58, 29 б.].

Енді   осы   үзінділерде   келтірілген   кейіптеу   жайын   сөз   етейік.   Бірінші

мысалда   жұлжыз   ымдасады.   Не   туралы?   Жер   беті   қорылға   салып   ұйықтап

жатыр.   Неге?   Екінші   мысалда   байлықтың   адамға   істеген   қастандығы   айтып

жеткізгісіз. Оған адам не істепті? Кедейліктің түсі суық. Онысы несі? 

Бұл сұрақтардың бәрі шешуін күтуде. Олар жай ғана шеше салатын нәрсе

емес. Ол үшін күрес, тартыс, сансыз адамдардың әділетсіздікпен айқасы керек.

Адам үшін жұлдыз, оны қазақ қоғамының бетіндегі қаймағымыз дейтіндер деп

ұғайық,   адамдарға   қарсы   бір   әрекетті   әңгімелесетін   тәрізді.   Жұлдызға   жан

бітеді, жұлдыз сөйлеседі, жұлдыз сырласады.

Жер қорылға басып жатыр. Ол – қазақ. Әлеуметтік өмір айқасынан әлі

тысқары тұр. 

Байлық та адам сияқты біреуді қолдайды, біреуді қорлайды.

Кедейлік те іс-қимыл иесі. Оның да қолынан келгенінің бәрі адамдарға

қарсы   жұмсалуда.   Осылайша   ақын   жырларында   кейіпкер   деңгейіне   дейін

көтерілген кейіптеу мысалдары жеткілікті. Олар поэтикалық қолданыс ретінде

белсенді қызмет атқарады.

Ақын бейнелі сөздері қатарында оғаш сөздер деп аталатын топқа кіретін,

кейіпкер   тұлғасын,   мінез-құлқын   аша   түсетін   сөздер   де   баршылық.   Мұндай

сөздер төркіні әріден – ақын жыраулар шығармашылығынан басталады. Абай өз

тұсында ондай сөздерді барынша мол қолданды. Оғаш сөздер көбінесе ұнамсыз

кейіпкерді бейнелеу үшін қолданылады.

Көркемдегіш құрал есебінде  әсірелеу  (гипербола) Сұлтанмахмұтта бірен-

саран кездеседі. Сірә, ақын өмірінде асып-тасатындай, ұлғайта көрсететіндей

ештеме көре  қоймаған  ғой.  Дегенмен,  туған  әдебиетіміздің  төл  тәсілі болып

келе   жатқан   әсірелеу   ақында   орынды   қолданылған.   Мысалы,   «Кедей»

поэмасында:

Екі аяғы екі пұт киіз етік,

Тән көрініп жыртықтан дір-дір етіп [58, 192 б.]. 

Екі   пұт   ұлғайтыла   айтылып   тұр.   Адам   аяғының   пұт   тарта   қоймайтын

шығар. Бірақ ақын кедей байғұстың аяғына киген киімінің сиқын көзге елестету

үшін осы баламаны таңдап отыр.

«Айтыс»   поэмасында   ақын   кәдімгідей   баяғы   қазақ   батырларын

бейнелеуде кездесетін әсірелеуді пайдаланады. Өйткені оның ойының мазмұны

соны қажет етіп отыр.

Білегі жеті шоттан оқ өткізген,

Он жігіт қозғалтпайтын тақымдары [58, 246 б.].

Осындағы   жеті   шоттан   оқ   өткізу   немесе   он   жігіт   орнынан   қозғалта

84


алмайтын   мықтылық   ертегінің   батырларына   тән   күштілік.   Сондықтан   оны

әсірелеудің ұлғайтылған түрі ғана бейнелей алады.

Әрине,   әсірелеу   –   негізінен   ел   әдебиеті   көркемдегіш   құралы.

Сұлтанмахмұт ХХ ғасыр басының ұлы ақыны. Сондықтан оның әсірелеу тәсілі

жазба әдебиет шеңберінде қолданылады. Әсірелеу ақын шығармашылығында

санаулы   ғана   десек,  қораштау  (литота)   кездеспейді.   Оның   қораштаудан   бас

тартуы   да   заңды.   Ақын   жарық   дүниені,   оның   жақсы-жаман   құбылыстарын

кішірейте көрсеткісі келмейді [58, 51 б.].

Сұлтанмахмұт   өлеңдерінде   алдымен   бұл   топтағы   сөздердің  кекесін,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет