И. Р. Гросс СҰлтанмахмұт торайғыров шығармашылығының тілі



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата22.12.2016
өлшемі439,34 Kb.
#37
1   2   3   4   5   6   7

жарты тұтам». 1950, 1957, 1993, 2003 жылдары шыққан ақын жинақтарында

бұл өлең 1907 жылы жазылған деп көрсетілсе, 1967 жылы Торайғыровтың екі

томдығында   жазылған   мерзімі   еске   алынбай   «Жаңа   табылған   өлеңдері»

қатарына қосылған.

С.Торайғыровтың алғашқы жазған өлеңі «Секілді өмір қысқа жарты тұтам»

дегенде, біз оның інісі Шәймерден Торайғыровтың қолжазбасына сүйенеміз. Ол

өлеңнің   толық     нұсқасын   келтіре   отырып,   шәкіртінің   сәтті   қадамына   риза

15


болған Мұқан ұстазының айтқандарын былайша баяндайды: «Міне, жарайды,

қандай   жақсы   өлең!   Бұл   алғашқы   бастама,   тырнақалдың   ғой...   Енді   осы

жазғаның   жазған.   Бірақ   зорланып   жазба,   шабытың   келгенде   жаз.

Сұлтанмахмұттың өз өміріндегі ең бірінші рет жазған өлеңі осы еді» [14, 86 б.]. 

Ал   өлеңнің   өзіне   келсек,   бала   ақынның   алғашқы   қадамы   үшін   сәтті

туынды. Болашақ ақын өз өмірінің бір ғана қырын алып, ағынан жарыла жырға

қосады.

Қаламды шын беріліп, алдым берік, 



Әлдеқандай бір күшке көңіл сеніп.        

Бұрын жалғыз оқу еді іздегенім, 

Енді оған өлең жазу болсын серік [8, 122 б.].

«Әлдеқандай   бір   күшке   көңіл   сеніп»   –     шабыт,   талай   тұғымдарын

сыйғызып тұр бұл жол. «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» деп

келетін   Абай   өсиеті   ойға   оралады.   Оқу,   іздену   жолына   белін   бекем   буған

Махмұт, енді ақындықты қоса серік еткен. Әрі қарай:

Сондықтан бір мақсатым өлең жазу

Оқуменен бірге іздеп, қоса қазу.

Осы ойыма өткен түн серт берілді. 

Менде болмас бұл ойдан өмірде азу [8, 122 б.], – 

деп   ойын   ұштай   түседі.   Ақын   өзі   жас   болғанымен,   алдына   биік   мақсаттар

кояды. Ол – оқып білім алу, өлең жазу. Көзделген мақсатты, ақындық идеяны

жыр жолдарына шеберлік пен өрнектеген.

Ақындық өмірбаянынында бет ашары «Секілді өмір қысқа жарты тұтам»

туындысымен   С.Торайғыров болашағынан үміт күттіретін қаламгер екендігін

танытты,   сөйтіп   қазақ   поэзиясының   қасиетті   табылдырығынан   аттады   десек

артық емес.

  «Секілді   өмір   қысқа...»   өлеңімен   ақындық   аталатын   қасиетті   әлемге

именбей қадам басқан бала ақын Махмұттың 1907 жылы жазғандарынан бізге

жеткені екі шығарма: «Қайқы құйрық шұбар қыз, істік мұрын» және «Таңқы

мұрын, быртиған, қара бұжыр». Екеуі де алғаш рет Шәймерден қолжазбасынан

алынып, 1950 жылғы жинақта жарияланды. Бірінші өлеңде «Бұлғақтаған ерке-

шолжың бай қызының» өрескел мінезі мен келіссіз «сыртқы форымын» сынаса,

«Таңқымұрын, быртиған,  кара бұжырда» мал басының байлығына  сеніп жас

қызды әйелдікке алмақшы болған бір дәулетті адамды сықақ етеді.

«Қотандағы шет-пұшпақ ... теред», «Қарғаға ... шоқыған жем болды ғой»

секілді   жолдар   реалистік   поэзия   табиғатын   жете   игере   алмағандығын

аңғартады.   Бұл   –   алғашқы   ізденістегі   кемшілік.   Тұтастай   алғанда,   ақынның

бастапқы   туындыларының   өзінен   қоршаған   ортадан   түйсінген   жәйттерді

шыншылдықпен жеткізу байқалады. 

«Орнымыз   медресе   оқып   жатқан»,   «Күншіл   ақ   кірпік»,   «Қ...   ға   сәлем»,

«Жан   қайда   әділетті   іздейтұғын»,   «Бір   адам   көп   жасады   жер   бетінде»

шығармалары 1908-1909 жылдары жазылған.



«Орнымыз медресе оқып жатқан»  өлеңінде медресеге жаңа орналасқан

жас шәкірт оқу, өнер, ғылым жайлы тебіренеді:

Өнер ғой оқу деген таңдай атқан,

16


Оқу білсең, орынды болар мақтан.

Білімге қарсы тұрар қандай күш бар?

Бас иер талай мырза кеуде қаққан [8, 124 б.].

Оқуды   жарқырай   атып,   төңіректі   сәулелендіріп,   нұрландырып   жіберетін

күнге   теңеуі   табиғи,   әрі   оқуға   қолы   енді-енді   жетіп   келе   жатқан   тұрғылас

шәкірттердің сезімін білдіріп тұр. «Шынында ғылым артық мал мен бақтан»

екенін жүрегімен ұққан лирикалық кейіпкердің үшұстанымы – ағартушылық.

«Жан   қайда   әділетті   іздейтұғында»  әділет   жолын,   адамшылықты

қастерлейді.

Жан қайда әділетті іздейтұғын,

Адамшылық атақты көздейтұғын [8, 127 б.]?

Салмақты   сұрау.   Шәкірттік   шадыман   шақтағы   көзге   түрткі   болған

жайларды сараптай келе, ағартушылық бағдарын анықтай түскен өлең.

1910-1912ж.ж.   жазған   шығармаларында   ол   ел   тұрмысының,   ауыл

шындығының   түрліше   жақтарын   сөз   етеді.   Ақынға   ой   салып,   толғантқан

соқталы   мәселелер     «Байлық»,   «Кедейлік»,   «Жарқынбай»,   «Әйел»,   «Түсімде

көрген бір аяныш хал» туындыларындағы өзекті тақырып.

Қазақ  ауылында   озбырлықтың   өріс  алуы,  қалың  көптің    адам  айтқысыз

ауыр халі – жас ақынның әлеуметтік жәйттердің ішкі сырына үңілуіне себепші

жайлар.

С.Торайғыров   ауылда   жүрген   шақта   оның   қаламынан   шыққан   көлемді



туынды –  «Жарқынбай»  (1910). Әдебиетшілердің «Жарқынбайды» кей ретте

поэмалар   қатарына   қосуы   көлеміне   байланысты   (304   жол)   болса   керек.

Лирикалық толғаныстан гөрі эпикалық баяндау басым жататын сәттер бар десек

те,   бұл   кәдімгі   сюжетті   өлең.   Бірден   атап   айту   керек,   дәулет   молдығыша

мастанған   өзімшіл,   өркөкірек,   топас   жанның   сатиралық   образын,   тіпті,   сол

тұстағы Жарқынбайлардың типтік бейнесін жасауға ұмтылған.

Жарқынбай – «ақыл, ойсыз болса да малдан жаман» қазақ жерін билеп-

төстеген азуы алты қарыс әкім.

Жарқынбай арқылы заманындағы кертартпалықты сынауды мақсат тұтқан.

Сұлтанмахмұт   оның   сыртқы   кейпі   мен   іс-әрекетін   сипаттауда   тапқырлық

көрсетеді. Өлеңде көтерілген тағы бір аянышты мәселе – Күләйме тағдыры.

Туған кызы Күләйменің көз жасына қарамай, малға қызығып, теңіне ұзатпауы,

біріншіден,   Жарқынбайдың мал құмарлығынан, тасбауырлығынан, екіншіден,

қазақ қызының өкінішпен өткен өксікті өміріне кінәлі қатал салттың салқыны.

Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келген,

Шын сұлу, сымбатты-ау ерге серік [8, 148 б.].

Күләйменің болашағы қатты ойлантқанымен, ақын әлі жігерлеске, әрекетке

ұмтылтпайды. Тағдыр тәлкегіне түсіп, өмірі өшу себеп бұрған кейіпкерін іштісі

жылы тартады. Әлеуметтік ортадан лайықты орын алуға үндеу іле-шала осы

жылдары жазылған «Әйел» аталатын өлеңде көрініс тапқан. Бұған:

Күн туар бұл теңсіздік болмауға да, 

Әйел түспес айла мен торлауға да.

Ер, әйелдің салмағы бірдей болып,

Күн жетер оларды да қолдауға да [8, 148 б.], – деген жолдар

17


анығырақ сөзсізге дәлел бола алады.

Сұлтанмахмұт   жинағындағы   текстологиялық   ауытқулары,   ақаулары

кездесетін өлеңнің бірі   «Жарқынбай». Жалпы, Торайғыров  мұрасын  мұқият

тексеріп, бастапқы қалпына келтіру оны танып-білудегі елеулі бетбұрыс болуға

тиіс. Өйткені әрбір қалам иесінің кейінгі ұрпаққа  қалдырған  мұрасына дәйекті

баға беру тиянақты текстологиялық зерттеу нәтижесінен туындаса керек.

1911-1912   жылдары   ақын   қаламынан   шыққан   «Оқу»,   «Оқып   жүрген

жастарға»,   «Талаптарға»,   «Оқуда   мақсат   не?»,   «Анау-мынау»,   «Бір   баланың

тілек   батасы»   өлеңдерінде   оқу,   жетілу,   басқа   мәдениеті   дамыған   халықтар

деңгейіне   ұмтылу   мәселелерін   түбегейлі   көгергендігін   маңызды   бет   бұрыс

ретінде бағалауға кейінгі ұрпақ хақылы.

«Оқып жүрген жастарға»  (1912) туындысында Торайғыровтың білімді,

халқына қызмет ететін азамат болу мақсатындағы лирикалық кейіпкер сезімін

жеткізу тәсілі өзгеше.

Үмітпенен жоқ қуған,

Талабы алда баламыз.

Басқалар жоғын тапқанда,

Біздер қайтып қаламыз?

Тәуекелге бел бусақ,

Көрдегіні аламыз [8, 26 б.].

Бұл   жолдар   «жоқ   қуған»   сахарадағы   шәкірттердің   ортақ   ой-арманын

жеткізген. Талапты жастардың атынан сөйлеп тұрған кейіпкер жігерлі, көздеген

мұратына   жету   жолында   қандай   қиыншылықтанда   қайтпайды.   Кейіпкер

бойындағы   өрлік,   бірбеткейлік   сияқты   абзал   қасиеттер   Торайғыровтың

идеалымен   сәйкес,   замана   талабы   мен   сабақтас.   Үндеу   үгіттеу   стилінде

келгендіктен   де   оқушы   жүрегіне   жақын.   Оқуға,   білім   алуға   зорлықпен

міндеттемейді, қайта иландырады.

Сұмдар салған жүректе,

Аз ба біздің жарамыз?...

Көріне көзге азапта

Мәңгі қайтып қаламыз [8, 26 б.]?

Лирикалық   кейіпкердің   айналасындағы   кұбылыстарды   түйсінуден

шығарған қорытындысы бұл. Демек, босағада қалмай, адамгершілік хұқы үшін

әрекетке  ауысуға   толысып   келе   жатқан   күшті  аңғарғандықтан   Сұлтанмахмұт

кейіпкерін осылайша толғандырып, ойландырады.



«Бір баланың тілек батасы» лирикасында ұстанған идеясын қарапайым,

түсінікті етіп жеткізген. Оқып көрейік:

Оқыт бізді, әкетай!

Қам көңілім болсын жай,

Надандықтан құтқарып,

Қуанта көр, құдай-ай!

Көңіл менен көзді ашып,

Қуанта көр, құдай-ай [8, 31 б.]!

Баласының әкесіне өтініші, балалық өтініші. Таза жүректі, пәк көңілді, ақ

тілекті баланы өз тілімен сөйлете алған ақын білімнен жырақ қалған жастар

18


арманын шеберлікпен, шыншылдықпен өлең жолдарына сыйғызған. Баланың

болмыс-бітімін, психологиясын дұрыс болжай алу нәтижесінде мазмұн мен түр

тұтастығына жеткізген.

«Оқуда   мақсат   не?»  (1912)   лирикалық   шығармасынан   Торайғыров

кейіпкері ғұмырын сарп етіп, белін бекем буған қандай оқу еді дейтін мәселеге

қаныға түсеміз. 

1912 жылы жазылған шығармалардың ішінде жанрлық ерекшелігі мен көз

тартатын  «Арыстан   мен   тышқан»  мысалы.   Мысалға   берілген   түсініктерде

Ғ.Тоқайдан аударылғаны айтылады. Ғ.Тоқайдың өзі И.А.Крыловтан аударғанын

атап өткен едік.

«Мысал   –   эпостық   шығармалардың   ішіндегі   ең   қысқа   түрі.   Әрқашан

сатиралық   сипатта,   көбіне   аң,   хайуанат,  кейде   зат  туралы   жазылады   да,   сол

арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге,

мазаққа   айналдырылып,   сықақпен   сыналады.   Мазмұны   бүкпелі   болғанымен,

идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі өмірдің оғындай, өткір, шымшыма, шымыр

келеді» [17, 300 б.].

Орыс әдебиетінде Сумароков, Хемницер дәстүрін жалғастырушы Крылов

мысалшының орны бір бөлек. Себебі, Крылов мысалдары жай мысалдар емес:

ол   –   повесть,   комедия,   сықақ,   очерк,   ұлы   сатира,   әйтеуір   не   десеңіздер   о

деңіздер,   тек   жай   мысал   емес.   Ол   орыс   өміріндегі   кертартпалықты,

бойкүйездікті аяусыз сынап, адал ниеттілікті, достықты, ынтымақты дәріптеді,

сөйтіп көпшлік оқушы жүрегінен берік орын алды. Уытты, өткір мысалдармен

бүкіл   әлемдік   көлемде   даңқы   тараған   Крыловты   қазақ   тілінде   сөйлетуде

Торайғыровтың   көздеген   нысанасы   –   өзі   көрген   ортадағы   кембағалдықты

әшкерелеу.

Ескертетін бір жағдай, Тоқай аудармасы түп нұсқаға өте жақын, сөзбе-сөз,

дәл келеді, бірақ қара сөзбен жазылған.

С.Торайғыров та түп нұсқадан көп алшақтамаған. Көзсіз күштілік, менмен

дөкірлікті   алпауыт   арыстан   арқылы   сынайтын   Крылов   –   Тоқай   позициясы

сақталған. Бірақ қорытындылауы өзінше. Салыстыралық.

Крыловта:

«Про Мышку бедную тут поздно вспомнил он, 

Чтобы помочь она ему сумела

Что сеть бы от ее зубов не уцелела 

И что его своя кичливость съела. 

Читатель истину любя, 

Примолвлю к басне я, и то не от себя – 

Не попусту в народе говорится:

«Не плюй в колодезь, пригодится 

Воды напиться» [16, 170 б.].

Тоқайда:


«Арыслан   читлек   эченде   теге   Тычканны   исэнә   төшерде.   ӘгәрТычканга

шэфкэть иткән булса, ул ауның жепләрен кимереп өзеп, Арысланны бәләдан

қотқара алачак иде. Коега төкермә, бервакыт су эчәргә кирәк булыр, диләр» [17,

277 б.].


19

Торайғыровта:

«Күн қайда құтылатын торды бұзып,

Бақырып ызаланды жерді сүзіп;

Дауысын танып баяғы тышқан келіп,

Құтқарды торды қиып, тістеп үзіп» [8, 33б.].

Бейкүнә,   әлсіз   тышқанға   арыстанды   құтқартумен   ақын   айтатын   ойын

өткірлей түскен.  Мысалдағыдай,  емеурінмен білдірмей, іс-әрекетті тиянақтап

көрсеткен. «Арыстан мен тышқан» – Торайғыровтың аударма жанрында да мол

мүмкіндігі бар екендігін танытты.

Ауылдағы оқуды місе тұтпай, мәдениетті жерден білім алуды армандаған

Сұлтанмахмұттың   алғаш   ат   басын   тіреген   шаһары   –   Троицк.   Қала   өміріне

араласу,   мәдениет   ошақтарымен   танысу,   әсіресе,   «Айқап»   журналының

маңында   болу,   кейінде   онда   қызмет   атқару   –   Торайғыров

шығармашылығындағы бетбұрыстың алғышарттары.

1913-1914   жылдары   жазған   «Қандай   басшы?»,   «Түсімде»,   «Бұлар   кім»,

«Қымыз»,   «Ендігі   беталыс»   өлеңдерінде   ақын   әлеуметтік   тақырыпты   терең

қамтиды. Ұлттық теңсіздікті үнемі көз алданында ұстап, көкейінде саралауына

басты себепті қоршаған ортаның ықпалынан, ой сананың есеюінен іздеу абзал.



«Шығамын   тірі   болсам   адам   болып»  (1913)   –     осы   тұста   ақын   қала

мыңан шыққан бір шама туындыларының шұрайлысы. Тұңғыш рет өлең оның

1922 жылы Қазанда жарық көрген жинағында жарияланады. Троицкіде оқып

жүргенде   туысы,   досы   Шәйбай   Аймановқа   жіберген   фото   суреттің   сыртына

жазған екен.

Құрбысына жүрек сырын жайып салған ақынның көтерілмек биігі жоғары.

«Шығамын тірі болсам адам болып». Дәл осы бірінші тармаққа шәкірт ақын

шалқар  ой,  терең  мағына  сыйғызған.  «Адам болу»   – салмақты  сөз.  «Адам»,

Сұлтанмахмұттың   түсінігінше,   халқын   емірене,   елжірей   сүйетін,   жүрегімен

жұртына жылылық тілейтін асыл азамат. Шумақтағы «адам», «надан» сөздері

поэтикалық контраста алынып, Торайғыров идеясын айқын аңғартуға қызмет

еткен.


Мен балаң, жарық күннен сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толған айдай балқып туған [8, 43 б.], – 

десе,   балалық   көңілін   бүкпей,   бар   дауысымен   кұдіреттене   жырлаған,

болашағын барлаған асқақ ақын бейнесі көз алдымызда елес береді.

Өлеңде   кездесетін   символдық   образдар   –   Жұлдыз,   Күн,   Ай   жарық,

жақсылық нышандары, ізгілік белгілері. «Надан» сөзінің ар жағынан мұнартып,

күңгірт   көрінетін   тұтасқан   қараңғылыққа   қарама-қарсы   әдейі   қолданылған

образдар. Әрі табиғат тамашалары  Жұлдыз, Күн, Ай күллі әлемге ортақ болса,

елінің тағдыры қабырғасын қайыстырып, «тебем деп тірі болсам надандықты»

серт еткен азамат та  барша халыққа ортақ деген ұғымға  мегзейді.  «Ертедегі

адамдар күн көзінен тарайтын жарық пен жылусыз тіршіліктің болуы, мал мен

жанның   өсіп-өнуі   мүмкін   еместігін   күнделікті   жай   бақылаудан-ақ   білген.

Сөйтіп, әр күні шуақты жылуы мен жарығын сыйлаған аспандағы тылсым дене

20


– Күнге ерекше құрметпен қараған» [18, 38 б.]. Түркі әлемі мен ежелгі қазақ

поэзиясынан бастау алатын Күнге ұмтылу, оны бағдарда ұстау Сұлтанмахмұт

тектес асқақ үнді, асыл мұратты «күннен туған» (Мағжан) ақынға жарасатын

мінез.


«Жарық күннен сәуле қуған» ізденіс, талпыныс үстіндегі жастың адамзат

алдындағы   борышын   елгезектікпен   түйсінуі   оқырманды   жігерлендіреді,

көкірегіне нұр сеуіп, кеудесін қуанышқа бөлейді.

Торайғыров   ақынға   тән   бір   ерекшелік   –   лирикалық   кейіпкердің   көңіл-

күйін,   сыр-сипатын   романтикалық   биік   пафоспен,   көтеріңкі   леппен   шалқи

жырлау.   Кейіпкердің   ірілігі,   яғни   асқақтық,   тазалық,   пәктік,   алға   қойған

мақсатына   қалай   да   жетемін   деу   Сұлтанмахмұттың   дәуір   талабы   һәм   заман

деңгейшен көрініп, халқына пайдалы азамат болу ниетімен сабақтас.

Шығамын тірі болсам адам болып,

Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?

Жүргенше өмір сүріп надан болып [8, 43 б.].

Сұлтанмахмұт кейіпкер тебіренісіне романтикалық бояу қосқанымен, оны

реалдық шындықтан тым биіктетіп алып кетпейді. Сондықтан да субъектінің,

яки   лирикалық   кейіпкердің   жан   дүниесіндегі   бұлқынысты   романтикалық

стильмен өрнектеу ақын поэзиясына гармониялық тұтастық дарытады.

Келесі бір өлеңі –  «Бір балуанға қарап»  (1913) өмірден алынған нақты

мысалға құрылған. «Бір балуанға қарап» «Айқап» журналының 1913 жылғы 21-

санында (443-б.) алғаш рет басылды. Журналдың осы санында қазақ халқының

аты   шулы   балуаны   Қажымұкан   Мұңайтпасұлының   Троицк   қаласына   цирк

кұрамында келіп, өнер көрсеткендігі туралы хабар бар. «Бір балуанға қарап»

Қажымұқанның   1913   жылғы   қарашаның   бесінен   он   бесіне   дейінгі   аралықта

Троицкіде   өнер   көрсетуінен   кейін   іле-шала   жазылған.   Талаптанып,   ізденіп,

ақыр   аяғында   бүкіл   әлемге   мәшһүр   балуан   дәрежесіне   көтерілген

Қажымұқанның өмірі акынды ерекше ойландырса керек. Бірақ аталмыш өленде

Сұлтанмахмұт   балуанның   күштілігіне   таң   қалып,   таңдай   қақпаған,   сырттай

қызықғыумен тынбаған. Қажымұқанның өнері, үлгісі – ақынның сезіміне түрткі

салып,   шабытын   шалқытқан   бастапқы   күш.   Көрген-білгенінен,   түйсініп-

тебіренген әсерінен шығарған қорытындысы басқа.

Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең,

Тәуекел, күреске түс, бар дағы жең.

Дүниеде барлығыңды кім біледі,

Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен [8, 57 б.]!

«Жықпасаң   да   күресіп   талаптануға»   ұмтылдыру   ниеті   айқын.

Айналасындағы   тіршіліктен,   болмашы,   шағын   құбылыстардан   қажеттісін

таңдап   алып,   бұлайша   мәнді   байламға   келу   Сұлтанмахмұт   сияқты   сезімтал

ақынға тән ерекшелік.

«Айқапта»   қызметте   жүрген   шақта   ақын   қаламынан   шыққан   тағы   бір

туынды  –  «Қымыз»  (1913)  өлеңі. Саяси-әлеуметтік  тақырыпты  жалпы  алып

жырламай,   ақынның   ел   өмірінің,   не   бір   ұсақ   детальдарына   мән   беріп,

нақтылықпен,   үлкен   суреткерге   тән   құдіреттілікпен   жырлағаны   байқалады

21


өлеңнен.

1914   жылдың   жемісі   саналатын   «Бір   адамға»   лирикасы   –   ақынның

жазушылық   сапарының   алғашқы   кезеңіндегі   оқшау   дүние.   Мұнда   оның

демократтық поэзидиясы айқын, сыншыл реалистік әдісті жете меңгергендігін

де   аңғару   қиын   емес.   С.   Торайғыровтың   суреткерлік   құдіреті   сонда,   ол  осы

сатиралық   туындысымен   үлкен   бір   эпикалық   шығармаға   өзек   боларлықтай

тақырыпты   алып,   өмірлік   сырларды   шегіне   жеткізе   жыр   еткен.   Эпикалық

шығарма қамти аларлық ойды бір өлеңнің аясына сыйғызып жіберген.

«Біздерде мынадай бар, мынадай бар...» – деп, қазынасын ақтарған ақсақал

шалға:


Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,

Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты [8, 78 б.]! – 

дейді.   Осы   жерден-ақ   ащы   шындықтың   шеті   көріне   бастайды.   Оқа,   түйме,

сылдырлақтың сыңғырына қосыла құлағымызға қарапайым халықтың азапты

мұны, зарлы үні келеді. Ақынның көзқарасында өсу бар.

Суреттер және көрдім жүзі жарқын.

Ойладым: «Ондырған-ау, баққан халқың».

Соншама құны толық бұлды түйме,

Артында қалдырмас па жақсы даңқын [8, 78 б.], – 

деген жолдармен айтатын ойын тереңдете түседі. «Жүзі жарқын» суреттер мен

«құны толық бұлды түйме» үлкен жүк арқалап тұр.

Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,

Бір сөзді тамағыма қойдым таяп [8, 78 б.].

Дәл осы тұста ширыққан, шиеленіскен ішкі сезім шарықтау шегіне жетеді.

Мақтан тұтқан қазына – маңдай тердің жемісі емес. Сондықтан ақынның «қай

момынның   малы   бар   бұл   аяқта?»   –   деп   сұрақ   қою   заңды.   Заманындағы

көкейкесті мәселе төмендегіше түйінделген:

Кесені қолыма алып қарай бердім,

Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп [8, 78б.]!

Шығарма   түйіні,   ақын   шешімі.   Қаламгер   XX   ғасыр   басындағы   қазақ

қоғамындағы   келеңсіздіктерді   өлтіре   сынап,   философиялық   топшылаулар

жасаған.   Алтын   аяқтың   ішіне   үңіліп,   «нақақ   көздің   жасын»   іздесе,

С.Торайғыровтың қоғамдық ой-санасының жеткен деңгейін танытпай ма?!

Торайғыров ақынға тән бір қасиет – лирикалық кейіпкердің жүрек сырын,

сезім   күйін   монологпен   жеткізу.   Жалпы   алғанда,   субъектінің   көңіл-күйін

монологпен   өрнектеу   күллі   лирика   табиғатына   жақын   десек   те,

Сұлтанмахмұтта ол барша өлендерін, поэмаларын қамтитын жүйелі құбылыс.

Шектен   тыс   әділетсіздік   жанын   күйзелтіп,   жүрегін   суытқан   лирикалық

кейіпкердің ішкі сезіміндегі алай-дүлей өзгерісті, қым-қуыт кертартпа көріністі

ақын монологпен тиянақтауды таңдаған «Бір адамға» өлеңінде.

Сұлтанмахмұт субъектінің объективтік дүниеден түйген сезінгенін, көрген-

білгенін   сипаттаумен   шығармасын   тамамдамайды,   қайта   кейіпкердің   көріп-

біліп, басынан өткізген жәйттерінен монолог финалында парасатты тұжырым,

ақындық   шешім   жасайды,   сөйтіп   кейіпкер   толғанысындағы   шарттылықты

нақты, мақсатты идеяға бағыттайды.

22


1914 жылы жазғандарының ішінен екі өлеңі – «Туған еліме», «Өмірімнің

уәдесі»   –   жеке   тоқталуды   қажетсінеді.   Өз-өзімен   сырласу,   елінің   алдында

айнымас сертін айшықтау екі өлеңге ортақ желі.

«Өмірімнің уәдесінде» жасынан ұмтылып, жеткізбей келе жатқан арманы

оқу, білім алу мәселесіне назар аударады:

Оллаһи! Ант етемін алла атымен,

Орыс тілін білемін һәм хатымен.

История, география пәнді білмей,

Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен [8, 89 б.].

Лирикалық кейіпкер білімге кұштар. Орыс тілін меңгеру, түрлі пәндерді

оқып-білу   оның   өмірінің   уәдесі.     Ақын   лирикалық   кейіпкердің   оқудағы,

ғылымды игеруден мақсатын нанымды жеткізеді.

Жүректің қазынасы таратылса,

Пайдасын көрер әлі-ақ ертең халқым [8, 89 б.], –

десе,   жеке   басының   мүддесін   халқының   тағдырымен   ұштастыра   алатын,

болашағына сенімді азаматтың жүрегін жарып шыққан сөзі екенін ұғамыз.

Үміт қып менен қарайсың,

Көңіліңе медеу санайсың.

Балалыққа жарасам,

Аталыққа жарайсың [8, 89 б.].

«Туған   еліме» 

туындысында   лирикалық   кейіпкердің   халқына

сүйіспеншілігі, жұртының алдында өзін әрқашан борышты сезінетіндігі көзге

бұрып   шалынады.   Балалық   шекпен,   балалық   үмітпен   өмірге,   айналасына

қараған кейіпкер туған елінен жылылық, мейірімділік іздейді. Перзенттік сезім

әсіре қызыл бояусыз, табиғи жеткізілген.

Сіздерге әкеп шашуға,

Ілім-білім жинаймын [8, 79 б.], – 

десе, өнер мен ғылымнан шеткері калған елдің ұлы айтуға хақылы ғой мұндай

сөзді.   Әрі   «алты   қырдан   асса   да»   халқының   тағдыры   толғантатын   кейіпкер

мақсатын тиянақтай түседі.

Ақыннын   «Жаңғырып   Алтай   тауы   саласынан»,   «Келді   хатын,   мен

шаршап», «Алты аяқ», «Жан қалқам», «Орамалға», «Жүрегім тулап шабасың»

лирикалық   өлеңдері   1914-1915   жылдары   Қатонқарағай,   Зайсан   жағында

жүргенде дүниеге келген. Қоғамдық, әлеуметтік мәні зор мәселелерді көтеруден

гөрі жоғарыдағы туындыларда махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына молырақ

қалам   тарту   үстем.   Жеке  басының   сезіміне   бөленіп,   көңіл   күйі   құйқылжып,

шабыт кұшағына енгенде де Торайғыров – лирик ойлылығынан, өрнектілігінен,

қызу қандылығынан айнымайды.

Ойымызды   дәлелдеу   үшін  «Гүл»  (1914)   лирикасына   тоқталудың   өзі

жеткілікті. Табиғат – ана еркесі күлімдеген. Күн – Көктем жадыраған жайма

шуағымен   ала   келетін,   бір-біріне   достар,   ғашықтар   ұсынатын   гүл   қашаннан

адалдықтың, пәктіктің символы.

Балбырап шыққан жазғы гүл,

Көз тартқандай болады.

Кім біледі, сол түрде

23


Ер жетеді, толады;

Кім біледі, дән сорып,

Қандай мақұлық қонады;

Кім біледі тола алмай,

Суық соғып тоңады:

Кім біледі, құрт түсіп.

Мезгілінсіз солады.

Мұның бәрін білмесең

Өмірің қайдан оңады? [8, 100 б.]

Өленнің   бас-аяғы   осы.   Кең   жазира   далада   кұлпырып   өскен   гүлдің   түсі,

әдемілігі, көптігі, аздығына ол көңіл бөлмеген. Гүл ақынға әсер етіп, шабытын

оятқан. Қай қырынан қарап, қалай жырлау ақынның талантына байланысты.

Сұлтанмахмұт   гүлді   объект   ете   отырып,   табиғаттағы   өсіп,   өну,   өзгеру

процестерін лирикалық кейіпікердің ой өзегінен өткізеді. Гүлдің көктеп, бүршік

атуынан   бастап   сарғайып,   солуына   дейінгі   табиғи   өмірі   қоршаған   ортамен

тығыз   қарым-қатынаста.   Олай   болса,   өлеңде   гүл   арқылы   өмір,   тіршілік   ету,

даму  мәселелері қозғалған. Өнердің  көкейкесті проблемасы Табиғат – Адам –

Қоғам арасындағы диалектикалық байланыс нысанаға алынған. Бұл ретте де

ақын   оптимист,  өмірге   құштар,   болашаққа   сенеді.   Текстегі   «кім   біледі»   деп

келетін   қайталау  кейіпкердің   философиялық   мәнді   құбылыстар   төңірегіндегі

толғанысын байыта, кеңейте түскен. Өлең оқырманды ойлантады, түрлі сезімге

бөлейді. Бұл нағыз лирикалық поззияға тән қасиет.

1917   жылғы   10   наурызда   Том   қаласында   емделіп,   әрі   оқып   жүрген

С.Торайғыров   Семейге   келеді.   Патшаның   тақтан   құлатылуы   бейне   бір   жер

сілкінгендей, болмаса топан суы тасығандай адам естіп, көз көрмеген төтенше

оқиға   еді.   Дүйім   жұртқа   азаттық   әкеліп,   ұлттық   мемлекет   кұруға   мүмкіндік

туған шақта Алаш қозғалысының бел ортасынан орын алады.

«Алаш» немесе «Алашорда қозғалысы» – бірнеше құрамдас бөлімдерден

тұратын   күрделі   ұғым.   Сондықтан   да   әуел   бастан   Алаш   (Алашорда)

қозғалысына  жататын  жекелей  мәселелердің басын ашып, оларды нақты түрде

қарастырған жөн сияқты, – деп жазды академик Кеңес Нүрпейісов. –     Олар,

біріншіден,   саяси   партия   ретіндегі   Алаш,   екіншіден,   мемлекеттік   кұрылым

түріндегі   Алаш   автономиясы,   үшіншіден,   осы   автономияны   (Алаш   атты

қазақтың   мемлекеттігін)   басқаруға   тиісті   болған   мәселелер.   Басқа   сөзбен

айтқанда, осы нақты үш мәселе жиынтығы Алаш немесе Алашорда қозғалысы

деген   ұғымды   білдіреді»   [20,   5   б.].   Тарихшы   –   ғалым   айтқан   пікірлерді   бір

талай тарқатуды мойнымызға   алмай   Сұлтанмахмұт ақынның   алаш идеясын

бірден іліп әкетіп шығармаларының арман-аңсарына айналдыруын бөле-жара

айтуымыз шарт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет