мысқыл түрі басым жүреді. Себебі ақын өмір сүрген қоғамда алдау, арбау,
жағыну сияқты құлықтар, надандық, топастық көріністері көп болды. Ал ол
қылықтарға қарсы ақын әшкерелеу қаруы ретінде ұтымды кекесін, ащы
мысқылды пайдаланды.
«Қымыз» өлеңінде:
Әсіресе қажы, сопы, қожа, молда,
Сарт та сұрт тасбиқтарын алып қолға.
Жаудыртып келгеннен-ақ баталарын;
«А, құдай, оњда да оњда, аруақ қолда!»
Осылай зиярат қып жұрттың бәрі,
Аузыңнан шыққан сөзің болып дәрі,
«Мырзеке, ие, солай», - деп, бас изесе,
Тәштитіп танауынды онан әрі [58, 96 б.], –
деп, қымызың болса, жұрттың бәрі саған бәйек болады, жерде сөзім қалар деп
қорықбай, билік ете бер деп кекетеді. Жай кекету ғана емес, сол кездегі қоғамға
тән адамдар арасындағы, барлар мен жоқтар ішіндегі қарым-қатынастың
тамаққа сатулы екендігін де көрсетеді.
«Бір адамға» өлеңінде байлығына, халық қолындағы қазынаны жинап
алғандығына асып-тасыған, сол үшін отаршыл өкімет алдында қадірлі болған
ақсақалды сынайды. Оны мақтағандай бола отырып, қолындағысының бәрі
зорлықпен, күш көрсетумен келген дүниелер деп бетіне басады. Ақсақал
сандығынан шығып жатқан алтын-күміс, жалт-жұлт еткен ыдыс, саудыраған
шен, сусылдаған шекпен, дұрысын айтса, халықтікі, бейшараның дүниесі дейді.
Сонымен бірге ақын үй иесі байдың өзіне тікелей айып-күнә тағады.
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз!
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз» [58, 89 б.].
Бұдан артық қандай жазғыру болмақ. «Құтты болсын!» алғыс емес,
қарғыс. Оны үй иесі ақсақал да түсініп отыр. Нағыз жеріне жеткізе кекету
деген осы! Ақынның мұндай өлеңдері баршылық. Өйткені өз кезіне ашу-ызалы
өткен Сұлтанмахмұт әлді-ауқаттыларға айтпақ пікірінің көпшілігі уытты, зілді
сөздермен жеткізуге тырысқан .
«Шұбар қожа» аталатын шығарма да мысқыл, сықақ мағыналы. Қожа
сұрамсақ, біреуді алдап, біреуді арбауға аса шебер.
Сұрайтыны ат, айғыр, қошқар, бұқа.
85
Түк білмей –ақ күбірлеп оқыр дұға.
Емдейін деп өлтірген ауруларды,
Елдегі үлкен кесір – шұбар қожа [58, 78 б.].
Ол емдейін деп кісі өлтіреді, бата беремін деп өтірік дұға оқиды. Қысқасы
оның кесірі адам құнынан да асып түседі. Әрине, шұбар қожалар жалпы
жұрттың надаңдығын да, сенгіштігін де пайдалана білді. Құдайшыл көрініп,
құдай алдына кешірілмес күнә жасайды.
Келесі мысалда да ақын иронияны қолданады:
Жүргейсің хат жазысып, хабар алып,
Жоғарғы сөз мазмұнын қарап алып.
«Жуан етік қазақта жұмыс аз», – деп,
Жүрмеңіз тіліңізді қадап алып [58, 79 б.].
Мұнда тармақтардың бірінші сөздерінің басқы әріптері ж әрпінен
басталады. Әдебиеттану ғылымында өлең тармақтарының кілең біркелкі
дауыссыз дыбыстан басталуын аллитерация деп аталады. Сонымен қатар
келесі өлең тармақтары да к әрпінен басталады:
Кейінгі жас балалар оқып көрер,
Кейде жылап, кей кезде сақ-сақ күлер.
Кім адам, кім айуандық істегенін,
Кімнің дос, кімнің қасын анық білер [58, 142 б.].
Ал келесі өлең тармағының сөздері былайша басталады: Әкесінің басын
жара жаздайды,
Әйелін көрсетем деп.
Абыройын шашып,
Артын аша жаздайды [58, 97 б.].
Ал мұндағы өлең тармақтарының алғашқы екі тармағы ә әрпінен
басталады, ал кейінгі екі тармағы а әрпінен басталады. Мұндай өлең
тармақтарының тек қана бірыңғай дауысты дыбыстардан басталуы ассонанс
деп аталады.
Сұлтанмахмұт өлеңдерінде тек ауыстырып айту ғана емес, сонымен бірге
айшықтаудың да үлгілері бар. Айшықтаудың бір түрі – арнау. Арнаудың өзі
үш түрге бөлінеді: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау. Сұлтанмахмтта осы
үш түр де кездеседі.
Жарлай арнауына мысал:
Ғылым, өнер, хұқықтан жұрдай болып,
Мәз болдың иттей үрген таласыңа.
Жөн мынау, теріс мынау дегендердің
Ұмтылдың тұра сала жағасына...
Серпілмей тағы біраз ұйықтай түссек,
Басқаның құл болармыз қаласына [58, 61 б.].
Сұрай арнау:
Балалық, сенен артық күнім бар ма?
Бала күнде бойымда мінім бар ма?
Бәріне жетем деймін, алам деймін,
Жас қиялда тоқталып, тыным бар ма? [58, 28 б.].
86
Зарлай арнау:
Байлық-ай, сенің ызаң өтті-ау маған,
Не қылдым өшігерлік, жаным саған?..
Әлі жаспын, не қылдым өшігетін?
Ойың жоқ, мені есіркен, өсіретін [58, 28 б.].
Ақынның поэмаларында да осы үш түрлі арнау кездеседі.
Сұрай арнау:
Сен кімсің семіз, толық тән жағынан,
Өгіздей бар шығарсың әл жағынан.
Көрінген көрнегіңнен, жүрісіңнен,
Топастығың білінген әр жағынан [58, 210 б.].
Жарлай арнау:
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын [58, 210 б.].
Зарлай арнау:
Жерін жоқ сонша сәндеп мақтайтұғын,
Дені – қырат, соқа шот батпайтұғын [58, 210 б.].
Сонымен қатар Сұлтанмахмұт айшықтаудың бір түрі қайталау тәсілін де
пайдаланған. Бір затты немесе құбылысты өрнектеу үшін сөзді бірнеше рет
қайталай отырып, өлеңге өзгеше ырғақ пен сырлы саз береді.
Дүниенің тұрмысынан өтіл, жүрек,
Менен кетіп, азаптан құтыл, жүрек [58, 108 б.].
Бұл – жай қайталау. Өлеңде қайталанып отырған сөз – жүрек. Ақын осы
сөзге көңіл аудара отырып, көңіліндегі сезімін көрсетеді.
Қайталаудың бір түрі – үдеме деу керек. Өлең құрылысында тармақтың
бастапқы сөзінің белгілі мақсатпен қайталануы. Сөйтіп, айтпақ ойды, ұқтырар
сезімді мұқият сіңіру үшін шумақ ішіндегі тармақ басында бір сөзді бірнеше
рет қайталау арқылы ерекше назар аударады. Бірақ бұл тәсіл ақында жиі
келмейді. «Гүл» атты өлеңінде мынадай шумақ бар:
Балбырап шыққан жазғы гүл,
Көз тартқандай болады,
Кім біледі, сол түрде
Ер жетеді, толады.
Кім біледі, дән сорып
Қандай мақұлық қонады.
Кім біледі, тола алмай,
Суық соғып тоңады.
Кім біледі, құрт түсіп,
Мезгілінсіз солады [58, 76 б.].
«Кім біледі» тіркесі әдейі мақсатпен қайталана береді. Ақын оқырман
көңілін гүлдің қандай өсіп-өнетініне, оған да шырын сорушы насекомдар
қонатындығына, мезгілсіз сық залалына, мезгілінен бұрын солып қалуы да
мүмкін екендігіне назар аударады. Алайда ақын гүлі белгілі дәрежеде өсімдік
87
туралы ғана емес, жас өмір туралы да болып отыр. Сондықтан да өлең
философилық толғанысқа толы.
«Сымбатты сұлуға» өлеңінде «сүйдірген сені маған» тіркесі он екі
тармақта қайталанады екен. Бірақ бір ғажабы «сүйдірген сені маған» деп
отырған қыз қасиеттері ақынды шошытушы, жирендіруші қасиеттер болып
шығады. Сөйтіп бұл жерде ауыстыру масқаралау құралы орнына жүріп кетеді.
Ақынның анафораны да көптеп қолданды деуіне болады. Мысалы: «Әлде
дерсің» деген сөз тіркестері ақынның «Адасқан өмір» поэмасының «Мен бала»
деген тарауында тармақ басында он екі рет қайталанады. Ал «Кедей»
поэмасында «Сонда ғана» сөз тіркесі тармақ басында қайталанады. Мысалы:
Сонда ғана жамаусыз киім киіп,
Сонда ғана жақсы асқа аузым тиіп.
Сонда ғана пырақпен сайран салып,
Сонда ғана үйірлеп сұлу сүйіп.
Сонда ғана еркімше ұйқым қанып,
Сонда ғана жұмыстан демімді алып...
Сонда ғана үстімнен бит арылып,
Сонда ғана іс қылмай байға жалынып,
Сонда ғана көн қолым жазылар ма,
Һәм табаным қанаған мынау жарылып? [58, 195 б.].
Ал «Айтыста» анафораның мынадай үлгісі бар:
Сол тіліммен ойнадым далада еркін,
Сол тіліммен бірінше сыртқа шыққам [58, 221 б.].
Ақын шығармашылығына сұрай арнау түрінде келетін тындырым да
белгілі көркемдегіш қызмет атқарады. «Қандай» деген өлеңінде тармақ сайын
қайталайтын бұл сөз ойды тындырушы, аяқтаушы роль атқарып, өне бойы
тармақ соңында қайталанумен болады. Өлеңдегі ой осыншама мықтала,
нығарлана түседі. Тыңдаушы немесе оқырман қайткнде де осы сөз жетегінде
болып, өлең мазмұнына көбірек үңіледі, көңіл бөледі. Мысалы:
Туғандар, жүрген қандай, жатқан қандай,
Жатқан сайын жамбасқа батқан қандай?
Ақ нұрды жарқыраған от деп ұғып,
Білмей жатып таспенен атқан қандай [58, 88 б.]?
Осындай әдіс жоғарыда бір рет әңгіме болған «Анау-мынау» өлеңінде де
кездеседі. Бір шумақ ішінде ааәә ұйқасты төрт тармақ қатар тұр, қазақ тұр, азап
тұр болып ұйқасады. Ақын неге осы ұйқасты таңдады екен? Әрине, тұр сөзімен
аяқтау арқылы ағымға ілесе алмаған қазақ халқына көбірек назар аударады.
«Ақ сәуле» өлеңінде тындырым «ау» демеулігі арқылы орындаласа:
Назды, нәзік ақ сәуле,
Көздің жасын исең-ау!
Елжіреп жас жүрегің,
Мендей болып күйсең-ау [58, 19 б.]!
«Қыз сүю» өлеңінде «ғой» демеулігі арқылы орындалады:
Дүниеде жан саясы қыз дейсің ғой,
Құмартып құлқың құрып іздейсің ғой.
88
Мылқау, кеще, тазша болсаң-дағы,
Қыз тимес деп күдерді үзбейсің ғой [58, 31 б.].
Ал «Мейірімсіз ажал» өлеңіндегі «ажал-ай» арқылы орындалған
шумақаралық эпифора ажалдың қатыгез, мейірімсіз, суық екенін дәлелдей
түседі. Мысалы, «Уытың күшті, ажал-ай!», «Мейірімсіз, шіркін, ажал-ай!»,
«Түсің суық, ажал-ай!» [58, 35-36 Б.]. Ал «Алаш ұраны» өлеңінде эпифора
шумақаралық «Жасасын, алаш, жасасын!» қайталауы арқылы жасалған.
«Жан қайда әділетті іздейтұғын» [58, 25-26 Б.] өлеңінің тармақтарындағы
«іздейтұғын», «көздейтұғын», «үзбейтұғын», «сезбейтұғын», «кезбейтұғын»,
«безбейтұғын», «езбейтұғын», «жүзбейтұғын», «дейтұғын» сияқты -тұғын
тұлғасы арқылы жасалған ұйқастырушы компоненттер, сондай-ақ «болар»
сөзінің тармақ соңында қайталанып келуі автор ойын үсті-үстіне дамыта, үдете
жеткізуге қызмет жасаған.
«Адасқан өмір» поэмасында «үшін» шылауы арқылы жасалған эпифора
кездеседі:
Көрінгелі жаралдым ермек үшін,
Көңілдің тірегінен бермек үшін.
Айтпаймын «Құдай мені жаратты», – деп,
Ойыншық қып ойнауға ермегі үшін [58, 163 б.].
Осы поэмада «жоқ» сөзі арқылы келетін эпифора бар:
Мен – өлік, мен – суық тән, менде жан жоқ,
Жүрегімде өмір жоқ, ыстық қан жоқ.
Үміт жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ,
Сезім жоқ, кірпігімді қозғар хал жоқ [58, 185 б.].
С.Торайғыров поэзиясының лексикалық қат-қабаттары әр түрлі болып
келеді. Әсіресе, ақын поэзиясында көбірек көрініс берген: көп мағыналы
сөздер, синонимдер, антонимдер өлеңдердің көркемдігін арттырады, стильдік
бояуын айқындай түседі.
Бұны дәлелдеу үшін мысал келтірелік.
Мәселен, ақынның «Талиптарға» [58, 47 б.] өлеңіндегі атаның жолы,
бабаның жолы, залалды жол, яғни «жол» сөзі бұл жерде көп мағыналы сөз
ретінде қолданылып отыр.
Ал «Оқуда мақсат не?» [58, 49 б.] өлеңінде көзін ашу, көз салу, көзін сату,
көзін батыру, яғни «көз» сөзі көп мағыналы сөз болып отыр.
«Көз» сөз мағынасын кеңейту, әрі ақынның көркемдік құралын жетілдіру,
сол арқылы стильді дамыту үлгілері. Осы іспетті толысу үлгілерін ауыспалы
мағынаға ие болып, тұспалдауға бағындырылған өрнектерінен де көруге
болады.
Әрі қарай «Достыма ұмытпастық үшін хат» [58, 50-51 Б.] деген өлеңдегі
көп мағыналы сөздердің легін анықтасақ. Олар: сорлы көңіл, көңілге қадар
деген сөз тіркестері «көңіл» деген сөзді екі рет қолданылып тұрғандығын
байқатады.
Көріп жүрсем күндеймін,
Көрмей жүрсем түндеймін.
Қимақ тұрсын, жат жаннан,
89
Көлеңкеңді күндеймін [58, 107 б.], –
деген өлең шумағындағы бірінші жолдағы «күндеймін» сөзі мен төртінші
тармақтағы «күндеймін» омоним сөздерін ақын ұтымды пайдаланған.
Қалқам, жаным, қарағым,
Бетіңе келмес қарағым [58, 99 б.], –
дегендегі бірінші тармақтағы «қарағым» сөзі екінші тармақтағы «қарағым»
сөзімен аттас.
Ақын өлеңдерінің тіліндегі тағы да бір ерекше құбылысы – синонимдер.
Синонимдер – поэзия тілінің ең бір қажетті құралы. Синонимдік қатардағы
сөздердің біреуін таңдап алу ақынның айтпақ ойын (идеясын) дәл беру, ұсынбақ
образды әсерлі етіп шығару сияқты шарттарды жүзеге асырады. Синонимдер
бір-бірінен мағыналық реңкі, стильдік мәні, өзге сөздермен қарым-қатынасқа
түсіп қолдану жағынан ерекшеленетін сөздер болса, олардың көркем
әдебиеттегі қолданысы, әсіресе, өлең тілінде айрықша орын алатыны белгілі.
Өйткені, поэзияда әрбір сөздің мағыналық та, стильдік те мәні қомақты.
Ғылыми тілмен айтсақ, әрбір ең шағын көркем контекстің экспрессивтік арқауы
– сөз болса, оның экспрессия тудыратын мағынасы мен мағыналық реңктерінде
деп түсіну керек. Астарына тереңдей үңілмей-ақ, оқығаннан не естігеннен
синонимдік қатар екендігіне шүбә келтіру мүмкін болмайды. Мәселен:
«Балалық күн» [58, 28 б.] деген өлеңінде «балалық, бала күн, жаман, надан,
күнә, сұмдық, қаралау, жала жабу, күндеу, табалау, өту, кету, жету, қызықты
өмір, тәтті өмір» деген синонимдерді шебер қолданған. «Байлық» атты
өлеңінде: «нұр құйылу» және «нұр жауғызу» синонимдерін қолданған.
Ақынның бір сөйлемнің ішінде не қатар келген жолдарда түбірлес
сөздерді қайталамау үшін де синоним таңдау тәсілі байқалады. «Анау-мынау»
деген шығармасында:
Ая, талип, шәкірттер,
Дәрменсіз дертті кәріптер [58, 54 б.], –
деген тармақтарында талип және шәкірт синоним сөздерін қолданған.
Тіл көркемдігін арттыруда антонимдерді қолданбайтын алдыңғы қатарлы
ақын-жазушылар ілуде жалғыз шығар.
Ал Сұлтанмахмұт антонимдерді көркем пайдаланушы десек, артық айтып
мақтап кеткендік болмас.
Көпшілігі далақтап жете алмай жүр,
Азшылығы кенелген қолға тиіп [58, 46 б.], –
деген жолдарда көпшілігі мен азшылығы деген антонимдерді шебер қолданған.
«Талиптарға» [58, 47 б.] өлеңінде «бар – жоқ, ақпейіл жан – адамсыған
сопы жан», «Оқуда мақсат не?» [58, 49 б.] өлеңінде «пайда – зиян», «Достыма
ұмытпастық үшін хат» [58, 50-51 Б.] өлеңінде «жан – тән, жақсы – жаман,
өлсең – тірілсең, жақын – жат», : «Балалық күн» [58, 28 б.] өлеңінде «бай –
кедей, жақсы – жаман, ер – әйел, жақын – алыс, ақ – қара, өмір – өлім, жұмақ –
тозақ, қайғы – қызық нәрсе, жігітке – кәрілік, өмір – ажал, туған – тумаған»
сияқты антоним сөздер кездеседі.
Енді ақынның көптік ұғымды қалай берді, соны көрейік:
Миллетке раушан нұр шашам дедік [58, 48 б.].
90
Таудай үйген қайғысын,
Ойнап алып кетермін [58, 81 б.].
Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды [58, 115 б.].
Өзімсініп өзгеден қызғанамын,
Алабұртқан жастықпен көңілім тасып [58, 127 б.].
Қаптаған теріскейден қара дауыл,
Сіркедейгі мыңын баққан байға ауыр [58, 138 б.], –
дегендердегі шашу, үйю, төгу, тасу, қаптау сөздері көптік ұғымды беріп тұр.
Жықсаң бәйге аласың алысқанда,
Қару қып, қайратың сап қарысқанда [58, 78 б.], –
дегенде «бәйге» ұлттық өрнек.
Сұлтанмахмұт поэзиясын оқып отырсақ, бізге түсініксіз дейтін сөз жоқ.
Айтайын деп отырғанымыз – диалект сөздер. Біздің пайымдауымызша, ақын
поэзиясында мынадай диалектілер бар:
Мисыз ой, талыс аяқ, сасық қолтық,
Мегежін, шартық бұқа, бойы қортық [58, 34 б.].
Жайлықта жеркенетін жексұр шалды
Амалсыз қабыл алдың көрпе төсеп [58, 36 б.].
Сүйдірген сені маған ешкі басың,
Қол жумай обырланып жеген асың [58, 98 б.].
Арбаңдаған дөрескел,
Барлық ісің өрескел [58, 99 б.]
Кер тапал, кердеңдеген жас баласың,
Асса да жиырма бестен үйде жасың [58, 99 б.].
Қанша аянбай талпынсаң да,
Ақырында, тағдырға тез шөгілді [58, 102 б.].
Өлеусіреп, әлсіреп,
Түтіні кейде шығады [58, 103 б.].
Осы мысалдардағы талыс, шартық, жексұр, обыр, дөрескел, тапал,
өлеусіреп, шөгілді деген сөздер – диалект. Мысалы, Қазақстанның басқа
өңірінде өзгеше мән беретін бұл сөздер Сұлтанмахмұт қолданысында екінші бір
мағынаға ие болып тұр. Әрине, ақынның кейде өлең ұйқасы үшін өз еркінше
жаңартқан сөздері де бар. Әйтпесе дөрекі сөзі әбден түсінікті-ақ. Ал дөрескел
болып жазылғанда о бастағы мағынасын сақтағанмен тұлғасы өзгеріп,
диалектіге айналып кетіп отыр.
91
Ақын, сонымен бірге, қазір көнерген сөздер қатарына жатқан сөздерді де
қолданған. Олардың кейбіреуі осы күні көнерген сөздер санатынан қайта шыға
бастады. Осы күні оларды еркін айтып та, жазып та жүр. Осындай сөздер
қатарына дозақ, абақты [58, 39 б.], шидем [58, 40 б.], тағы басқа сөздерді алуға
болар еді. Біраз уақыт бұлар тұрмыстан, қолданудан шығып қалды, оларды
қолдану кеңес өкіметі шыңдығына шек келтіру сияқты болып көрінді де,
өзінен-өзі көнерген сөздер болды да шықты. Осы күні бұлар қайтадан
қолданысқа кіре бастады.
Қазақ тілі тазалығын айтқанда, тілімізде басқа халықтар тілінен енген
өзге сөздер мүлде болмады деген ұғым тумайды. Басқасын айта бермегенде
ислам дініне байланысты енген араб, парсы сөздері болды, бірақ ол сөздердің
көбін қазақ тілі өз бойына сіңіріп, өзінің дыбыстау ерекшелігіне бағындырып
алды. Ұзаққа бармай-ақ тарихи іргелес Абай дәуірін алайық. Тіл тазалығы үшін
барынша күрескен Абайдың шығармаларында да кірме сөздер болды. Себебі,
қысқа мерзім ішінде таза ұлттық тіл жасала қоймайды. Ол – өте баяу, тарихи
ұзақ мезгілді қамтитын құбылыс.
Сол дәуірді алғанда Абай өлеңдерінде өзге елдік сөздер мүлде кездеспей,
тап-таза қазақша неге болмайды десек, қателескен болар едік. Өйткені, тілдің
даму заңы мұны көтермейді, ол – бір. Екінші, ол дәуірде кейбір өзгелік
сөздердің кіруі заңды еді. Міне, осылай, байыптай қарасақ, Абай поэзиясында
қазақша емес сөздердің болуын түсінуге болады.
Абай ақындығын дәстүр еткен Сұлтанмахмұт шығармаларына қарасақ,
Абайға қарағанда ол өзге тілдік сөздерді айтарлықтай аз қолданған. Дегенмен,
Абайға қарағанда Сұлтанмахмұтта араб, парсы сөздері қанша аз болса, орыс
сөздері біршама көбірек кездеседі. Мұны да заңды деп қарау керек. Б.
Кенжебаевтың айтуы бойынша, ақын қолданған орыс сөздерінің жиырма үшін
Абай да қолданыпты. Оның себебі ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында
саяси-әлеуметтік, ғылыми, мәдени өзгерістердің жиі де жіті болғандығынан деп
білеміз. Сұлтанмахмұт қолданған орыс сөздері мыналар: микроб, жалуния,
царь, кнәз, гений, флот, пушка, нефть, форма, план, партия, шляпа, очки,
портфель, газет, журнал, редакция, магнит, палата, мода, полный ход, номер,
социалист, пристав, машина, призыв, секция, учредитель, собрание, комиссар,
винт, басня, идея, комитет, член, записка, подлодка, философ, адвокат, затем,
исходящий, входящий, повторение, не как юрист, как мелочный, канцелярист,
тип, диплом, пальто, галош, закон, медаль, солдат, доктор, чиновник,
стипендия, агроном, идеалист, атом, завод. Әрине бұлардың бәрі бірдей орыс
сөздері емес, кейбіреулері орыс тіліне кіріккен басқа ұлт сөздері.
Араб, парсы сөздері, татарша ұғымдар 1912-1914 жылдар аралығында
жазған еңбектерінде едәуір қолданылыпты. Одан кейінгі шамада оларды тіпті
қолданбайды. Егер бұларды жіктеп көрсек мынадай болып шығады:
- Парсы сөзі: мүрит;
- түрік сөздері: марту, қисап;
- татар сөздері: миллет, бегірек, милаймын;
- араб сөздері: талип, хашия, підие, зекет, мантық, хатымкер, таупық,
әлхам, құқық, пітіне, хадим, жадит, ая, тараққи, жапалат, ғибрат,
92
мүжнүн, жаһаннам, нығмет, зілзәла, мазлұм, шәріп, мағнауи, илһәм,
әлип-би, ғарасат, хадис, шариғат, жиһан, тасбих, хақ, һәм, иллаһи.
Бұған қарағанда орыс сөздерінен кейінгі ақын көп қолданған – араб
сөздері. Оның себебі: ақынның діни медреселерде көп оқығандығы. Бұл – бір.
Екінші, ақын кішкентайынан Шығыс сарынында жазылған классикалық
қиссаларды көп оқыды. Олар да із қалдырды. Үшіншіден, ол қолданған көп
сөздері қазақ қолданысында сіңісіп кеткен сөздер болатын.
Сонымен, ақын пайдаланған кірме сөздер тегінде қазақтарға таныс, етене
болып кеткен сөздер болғандықтан шығармаларының тіліне зиян тигізбеді.
Сұлтанмахмұт басқа тілдерден түсініксіз сөздер қолдануға бар жанымен қарсы
шыққан ақын болды. Ондай сөздерді шата сөздер деп атады.
Сұлтанмахмұт поэзиясының көркемдік оның жанрлық, тақырыптық
ерекшелігін айқындауда басты құрал ретінде танылып, қазақ әдебиетінің құнды
бір байлығы ретінде ерекше орын алады. Поэзия сұлтаны Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың сөз танымындағы көркемдік политра бояуы өзінің
қанықтылығымен, нақтылығымен ерекшеленетіні сөзсіз.
93
ҚОРЫТЫНДЫ
C.Торайғыров – төтенше өзгерістер мен дүрбелең сілкіністер дәуірінде
тарих сахнасына көтеріліп, XX ғасыр басындағы қазақ әдебистінде өзіндік жол
салған, шығармаларына тұтас бір дәуірдің шындығын сыйғызған суреткер. Ол
артына өлмес те өшпес мол мұра, қымбатты қазына қалдырған ұлы ақын.
«Ақынның хаты өлмейді», – дейді халық нақылы. Осы дана тұжырымды
Торайғыровтың өміршең шығармалары дәледей түспек.
Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығын көркемдік-эстетикалық
және теориялық тұрғыдан жан-жақты, жүйелі қарастырып, арнайы зерттеу
жұмыс арқау болды.
Зерттеу жұмысымызда С.Торайғыров шығармашылығын тұтастай алып
зерттеп, шығармаларын жанрлық ерекшеліктеріне жіктек, туындыларындағы
автордың шеберлігін, туындыларындағы көркемдік ерекшеліктерді кешенді
түрде зерттеу, сол арқылы қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау –
жұмыстың басты жаңалығы болып табылды.
Шын мәніндегі мәдениетті, толыққанды лирика жайлы сөз қозғағанда
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың орны айрықша екендігін белгілі. Торайғыров
лирикасының тақырыптық ауқымы мен дәлдігі, мазмұны мен түрі, көркемдік
нысанасы, бояуларының сан алуандылығы төңірегінде ой өрбіту жөн мәселе.
Сұлтанмахмұт сөздерді жаңаша қиюластырып, жаңа мағынада, жаңғыртып
қолданған. Тақырыбы, халық өмірінде болған жаңалық ділгір, қажет еткенде,
бұрынғыны ұстарту, өңдеу жөнімен жаңартқан, тапқырлықпен шебер
жаңартқан.
Шығармашылық еңбегінің басы, тұңғыш өлеңі «Секілді өмір қысқа
жарты тұтамнан» бастап, дүниеден қайтарында ескі досымен бақұлдасуы
іспетті «Қожеке, келдіңіз бе көңілім сұрай» туындысына дейінгі әдеби
мұрасында барлық ақындықтың шартындай жалыңды, жанды, өткір сезімді
шыңдалған шеберлікпен өрнектеуге жетісті. Суреткер «Қамар сұлу», «Кім
жазықты?» романдарымен өткен ғасырлар тоғысындағы қазақ аулының реалдық
қалпын, ондағы әлеуметтік мешеулікті қалтқысыз көрсетіп берді, ал
«Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» туындылары қазақ поэмасы
тарихындағы жаңа беттер ғана емес, әдебиетіміздегі бедерлі белес, үрдісті үлес,
кезеңдік шығармалары екеніне көзіміз жетті.
С.Торайғыров лирикасы жарасымды, сәнді ырғаққа, алуан-алуан
буындық өрнектер мен ұйқастық үйлесімдерге негізделген, тақырып
ауқымдылығы және саяси өткірлікке қоса биік көркемдік дәрежеге көтерілген
шынайы өнер туындылары, қазақ халқы өлең мәдениетінің гүлденгендігіне
кепіл деп қорытындылауға келтірілген мысалдар айқын дәлел.
Торайғыров – лириктің тілі бай, құнарлы, кестелі әрі көркем. Қазақ халқы
әдеби тілінің сөздік қорын еркін игерген, керегінде араб-парсы, орыс сөздерін
94
ұтымды кірістірген ақын бейнелемек зат яки құбылысты өмірдің өзінен ойып
алғандай етіп жанды, сәнді қалпында қағазға түсіреді.
Әдебиет – көркем өнер. Ол көркемдегіш құралдарсыз бейне жасай
алмайды. Осы орайда, С. Торайғыров поэзиясының көркемдік әлемін қарастыру
суреткер өмір сүрген заманның болмысын зерделеумен қатар, қазіргі қазақ
ұлтының қоғамдық-әлеуметтік жай-күйін, психологиялық жағдайын анықтауға
мүмкіндік берді.
Қорыта айтқанда, Сұлтанмахмұт шығармашылығының көркемдік
жанрлық, тақырыптық ерекшелігін айқындау қазақ әдебиетінің құнды бір
байлығы ретінде ерекше орын алады. Поэзия сұлтаны Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың сөз танымындағы көркемдік политра бояуы өзінің
қанықтылығымен, нақтылығымен ерекшеленетіні сөзсіз.
95
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Әуезов М. Шығармалары 50-томдық толық жинағы. 27-т. – Алматы:
Жібек жолы, 2007. – 256 б.
2. Исмаилов Е. Жаңа белеске. – Алматы: Ғылым, 1962. – 198 б.
3. Еспенбетов А. Шәкәрім және сұлтанмахмұттану. Ғылыми зерттеу. –
Алматы: Раритет, 2008. – 240 б.
4. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. – Алматы:
Ғылым, 1988. – 345 б.
5. Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. – Алма-Ата: Ғылым,
1988. – 365 б.
6. Абай. Шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1996. – 420 б.
7. Жұбанов Қ. Шығармалар мен естеліктер. – Алматы: Өнер, 1990. – 182 б.
8. Торайғыров С. Дүние дөңгелегі айналады. – Алматы: Халықтық
Абайтану, 2009. – 356 б.
9. Қожакеев Т. Адам. Қоғам. Сатира. – Алма-Ата: Қазақстан, 1980. – 168 б.
10. Қирибаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. –
256 б.
11. Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. – Алма-Ата: Жазушы, 1974. – 186 б.
12. Дербісалин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. –
Алматы: Ғылым, 1966. – 204 б.
13. Әуезов М. 50-томдық. 30-т. – Алматы: Жібек жолы, 2007. – 181 б.
14. ҚР ОҒК қолжазбалар қоры, 656-п. 284 б.
15. Қабдолов 3. Сөз өнері. – Алма-Ата: Санат, 2002. – 344 б.
16. Крылов И.А. Басни, проза, пьесы. Стихи. – Л.: Художественная
литература, 1970. – 220 б.
17. Тоқай Ғ. Әсәрләр. – Қазан, 1956. – 3-т. – 280 б.
96
18. Ғабитханұлы Қ. Қазак мифологисының тілдегі көрінісі. – Алматы: Арыс,
2006. – 190 б.
19. «Айқап», 1913. – № 1. – 42 б.
20. Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 356 б.
21. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 368 б.
22. Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы. – Алма-Ата: Ғылым, 1987. –
284 б.
23. Қабдолов З. Арна. – Алма-Ата: Жазушы, 1988. – 308 б.
24. Талжанов С. Өткен күндер сөйлейді. – Алма-Ата: Жазушы, 1979. – 244 б.
25. «Қызыл Қазақстан». 1922. – № 13. – 38 б.
26. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алма-Ата: Жазушы, 1989. – 302 б.
27. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті. – Алма-Ата: Жазушы, 1968. –
209 б.
28. «Айқап», 1911. – № 10. – 22 б.
29.«Айқап», 1911. – № 9. – 22 б.
30. Лизунова Е.В. Современный казахский роман. – Алма-Ата: Наука, 1964. –
246 б.
31. Елеукенов Ш. От фольклора ло романа-эпопей. – Алма-Ата: Жазушы.
1987. – 264 б.
32. Мұхтар Әуезов тағлымы. – Алма-Ата: Жазушы, 1987. – 322 б.
33. Ш. Қаратаев М. Шеберлік шыңына. – Алма-Ата: Жазушы, 1963. – 316 б.
34. Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. – Алма-Ата: Жазушы, 1968. – 254 б.
35. Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы. – Алма-Ата: Ғылым, 1987 –
380 б.
36. Храпченко М. Собр. соч. в 4-х т. - Том 1. – Москва: Художественная
литература, 1980 – 340 б.
37. Мұқанов С. «Мөлдір махаббат» былай жазылды. – Алма-Ата: Жазушы,
1982. – 280 б.
97
38. Әлімбаев М.Көңіл күнделігінен. – Алма-Ата: Жалын, 1980. – 222 б.
39. Әбдірахманов Т. Таланттар тағлымы. – Алма-Ата: Мектеп, 1988. – 190 б.
40. Лотман Ю. Роман А.С. Пушкина «Евгений Онегин». – Москва:
Совстский писатель, 1980. – 184 б.
41. Дербісәлин Ә. Мезгіл және қаламгер. – Алма-Ата: Жазушы, 1968. – 314 б.
42. Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы. – Алма-Ата:
Мектеп, 1983. – 369 б.
43. Нұрғалиев Р. Күретамыр. – Алма-Ата: Жазушы, 1973. – 296 б.
44. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. – Алма-Ата: Ғылым, 1975.
– 340 б.
45. Нарымбетов Ә. Қазіргі қазақ поэмасы. – Алма-Ата: Жазушы.1982. – 282
б.
46. Елеукенов Ш. Мағжан. – Алматы: Санат, 1995. – 302 б.
47. «Известия Совета рабочих и солдатских депутатов»
[Семипалатинск]. 1918, 26 (13) ақпан. – № 8.
48. «Сарыарқа», 1918. 12 маусым.
49. «Свободная речь», 1918, 10 (27) маусым.
50. Мәрсекұлы Р. Қазақ қайда бара жатыр. – Алматы: Арыс, 2001. – 240 б.
51. Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алма-Ата: Жазушы, 1991. – 364 б.
52. Шал ақын Құлекұлы. Шығармалары. – Алматы: Дайк-Пресс, 1999. – 108
б.
53. Жұмабаев М. Шығармалары. – Алма-Ата: Жазушы, 1989. – 110 б.
54. Веселовский А. Историческая поэтика. – Москва: Высшая школа,1989.
– 174 б.
55. Әуезов М. Шығармалар жинағы. – Алма-Ата: Жазушы, 1985. – 560 б.
56. Бекхожин Қ. Дәстүр және жаңашылдық. – Алма-Ата: Жазушы, 1969. –
480 б.
98
57. Бекенұлы Е. Ұлт қозғалысы және ұлтшылдық әдебиет. –
Қызылорда, 1935. – 320 б.
58. Торайғыров С.Шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1962. – 356 б.
99
Достарыңызбен бөлісу: |