жазықты?» (1915) романына әуелде «Әжібай болыс» деген ат беріп, соңынан
өзгерткен. «Кім жазықты?» – қазақ әдебиетінің тарихында өлеңмен жазылған
тұңғыш роман. Осы орайда үлкен әдебиетші ғалым Ысқақ Дүйсенбаевтың
пікірін еске салайық: «Бұл шығармада шын мәніндегі жағымды кейіпкер жоқ.
Әжібай бейнесінің қайшылығы өте көп, оның негізгі қаһарман болуының өзі
қызу талас тудырған болар еді. Сондықтан да Сұлтанмахмұт әуелде қойған
«Әжібай болыс» деген атынан дұрыс бас тартқан» [35, 242 б.].
Әр адамның өмірбаяны болатыны сияқты, әрбір ұлылы-кішілі көркем
35
шығарманың жазылу тарихы бар. А.С.Пушкин айтқан қысқа да нұсқа шағын
күлдіргі әңгіме Н.В.Гогольдің «Ревизорының» дүниеге келуіне түрткі болса [36,
329 б.], С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романының жазылуына жазықсыз
төгілген қан, жастар трагедиясы қозғау салған [37, 35-40 Б.]. «Аштың аңы
жүрмейді» деген балладамды мен академик Ахмет Жұбановтың әңгімесін
естігеннен кейін он жылдан соң жаздым. Жазушы Жекен Жұмақановтың айтқан
бір аңызы бойынша «Жасыбай батыр мен Елпекбай» деген күлдіргі өлеңді онша
ұзатпай-ақ қағазға түсіргенмін» [38, 47 б.], – деп еске түсіреді
жазушыларымыздың бірі Мұзафар Әлімбаев. Келтірілген мысалдар шығарма
тарихы, жазушы лабораториясы, суреткер психологиясы аталатын сырлы әлем
қойнауынан қатпар-қатпар кең қопаруды, кажет етсе, шаң басқан архив,
сарғайған қолжазбаларды ақтаруды тілейтін, бейнеті мен зейнеті егіз,
тауқыметті еңбек екендігін ишаратпен білдіреді.
«Кім жазықты?» қалай туған» [39, 125-133] мақаласында Т.Әбдірахманов
роман сюжетіне негіз оқиғаларды тізеді, онымен қоймай әр кейіпкердің
прототипін іздеуі – өнімсіз іс. Әлемге есімі танымал пушкинтанушы
Ю.М.Лотман бөліп айтқандай, Пушкиннің «Евгений Онегин» романындағы
кейіпкерлердің прототиптерін анықтау замандастары да мән берген, кейінгі
зерттеушілер де жалықпай шұғылданып жүрген маңызды мәселе. Дей
тұрғанмен, ғалым шолақ пішіп, келте кесуден сақтандырады: «В мемуарной и
научной литературе накопился довольно обширный материал, посвященный
попыткам связать героев пушкинского романа с теми или иными реально
существовавшими лицами. Критический просмотр этих материалов заставляет
крайне скептически отнестись и к степени их достоверности, и к самой
плодотворности подобных поисков» [40, 24 б.]. Құлақ түрерлік кенеулі пікір.
Орыс әдебиетіндегі «Евгений Онегин» сияқты «Кім жазықты?» – қазақ
әдебиеті тарихында өлеңмен жазылған тұңғыш роман. Өлеңмен роман жазу –
жазушыдан үлкен жауапкершілікті талап ететін ауыр жұмыс. Сұлтанмахмұттың
бұл бағыттағы ізденісі де оның елден ерек, басы озық тұратын кемел
суреткерлігін тағы да бір айғақтайды.
Аталмыш шығарманың роман екендігіне кейбір әдебиетшілер күдік
білдірсе, бәз біреулер тұтас, аяқталмаған дүние болғандықтан сөз етудің қажеті
жоқ дегендей сынай танытып келеді. «Кім жазыкты?» романдық талапқа сай ма,
әлде басқаша жанрлық атау беру кажет пе деген пікірлерден ештеме өте қоймас.
Тіпті айта берсек, XX ғасыр басында қазақ әдебиетінде роман жанры болған ба
деп екіұшты, пайдасыз сауалды алдыға көлденең тартудан әдебиет те, ғылым да
ұтпайды, ештеңе де өзгермейді.
Орны толмайтын үлкен өкшіш – романның толық нұсқасының бізге жетпей
қалуы. Осыдан барып шығарманың тұтастығы бұзылған, көркемдік
қасиеттеріне зор нұқсан келген, қаламгер туындыларына тән шымыр тартыс,
сомдалған бейне, ең ақырында, авторлық идея, суреткерлік позиция
көмескіленген.
Дегенмен, Торайғыров жаңа жанр ұрығын қазақ әдебиетінің шұрайлы
топырағына себе отырып, үлкен табысқа жеткен. Өз бойына эпикалык көп
жоспарлылықпен қатар субъективтік бастау мен лирикалық нәзік өрімді, кей
36
ретте шарттылықты жинақтайтын өлеңмен жазылатын романның жанрлық
табиғатына бойлай ұғынып, сындарлы іске жауапкершілікпен кіріскен.
«Кім жазыкты?» романы Сұлтанмахмұттың күрделі, көп жоспарлы
шығармаларының бірі. Екі ғасыр аралығындағы қаза қоғамы өзінің көптеген
тарихи-әлеуметтік қайшылықтарымен осы туындыда едәуір көркемдік көрінісін
тапты. Дауыл мен аласапыран заманының ақыны Сұлтанмахмұттың қоғамдық
өмірді даму тұрғысынан таныған озық көзқарасы мен оның тарихи кезең
ерекшелігіне сәйкес суреттеу шеберлігі де мұнда салмақты сипат алды» [41, 139
б.], – деген ғалым Ә.Дербісалиннің пікірі жарасымды.
«Кім жазықты?» романындағы басты тақырып – XX ғасыр басындағы
патшалық Ресейдің отарлау саясатының әсерінен қазақ аулында туындаған
әлеуметтік қайшылықтар, кетеуі кетіп, ішінен іріп, іргесі бұзылып бара жатқан
қоғамдық ортаның ұсқынсыз келбеті. «Кім жазықтыда» қазақ аулындағы үш
ұрпақ өкілдерінің құлдилай құлдырауы межеге алынады да, қоғамдағы орасан
зор қайшылықтар ойы зерек, көзі қарақты оқырман алдынан шынайы сурет
бейне бір көркем фильмнің таспасына түскендей тізбектеліп өтіп жатады.
Жазушы Тасболат – Әжібай – Қабыш арқылы қоғамдағы әлеуметтік
теңсіздікті, қоршаған ортадағы асқынып кеткен тәрбиесіздікті, дертке ұласқан
салт-санадағы өресіздікті дөп басып суреттеп, қатал сынға алған.
Роман қазақ даласының адам жанын сүйсінтерлік ғажайып суретімен
ашылған. Тамылжыған табиғат төсінде «қор-қор» ұйықтаған кім? Елді зар
жылатқан «қыдыр дарыған, дәулет қонған» Тасболат. Сол «армансыз» Тасболат
кенже ұлы Әжібайды оқуға берген. Бар мақсаты – баласының қолын билікке,
болыстыққа жеткізу.
Әжібай өскен ерке, қағу көрмей,
Бетіне ешбіреуден шіркеу келмей!
Балаға, тілі шықса айналасы
Қоя ма тұрмысынан өрнек бермей?...
Боқтаса «қарағым!» деп беттен сүйген,
Болмай ма байға ала көз оған тиген?
Жан-жағы тәрбиесіз, надан болып,
Солардың жұға-жұға кебін киген [8, 320 б.].
Бұл жолдар Әжібайдың бағып-қағусыз ерке өскендігін көрсетеді.
Тасболаттың кенже ұлының тәрбиесіз шолжаң өскені танылады. Қиянаттың
бастауы да осы тәрбиесіздіктен басталатынын жеткізеді.
Ақын Әжібай бейнесін жан-жақты ашуды мақсат тұтқан. Сюжеттік
желінің түп қазығы – Әжібай. Түрлі орта, түрлі қатпарда, шырғалаң ситуацияда
кездесеміз.
Шығармадағы мына тармақтар шешесінің Әжібайға теріс бағыт бергенін
айғақтайды:
«Билетпе!» –деп, Әжібайға сабаттырып,
Кекетіп түзу сөзін теріс бұрып,
Сүйгені барды-жоқты сөнді Әжібайдың
Тіліне анасының еріп жүріп [8, 326 б.].
Әкесіне соншалық ауыр сөздер айтқан Әжібайдың дөрекілігі,
37
оспандарлығы көрінеді:
Әжібай деді: «Отырма оттап үріп!»
Қақпасым жүрген жерің бәрі бүлік [8, 327 б.].
Шығармадағы мына жолдар Әжібайдың бос жүрісті, көрсеқызарлықты
әдет еткенін жайып салады:
Астына Әсемкерін мініп алып,
Үкі тағып, тымағын алшы салып,
Домбыра, асық-сайран, өлең құттап,
Қызды, қызық жиынға қалмай барып.
Буынын мықынынан ырғаң басып,
Бой салмай шаруасына тиіп қашып.
Маңында беті тәуір қыздарменен
Жүруді мақтан қылды қалжыңдасып [8, 330 б.].
Шығармадағы мына тармақтар семья бақытсыздығы себебі ерке өскен ер
бала ғана емес, жасынан еңбек тәрбиесінде шыңдалмаған қыз балаға да
байланысты туындауы ықтималдығын аңдатады:
Жәмила тұрмысынан босаң, шіркін,
Білмеді ұстап, ұқсатып үйдің мүлкін.
Ішінен көлденең жұрт ойлаушы еді:
«Әжібай қалай ұнатсын, бұлар салақ... [8, 332 б.]»
Бұдан шығатын түйін: болашақта адамдар бақытты, жарастықты өмір сүруі
үшін ұлды да, қызды да жасынан еңбекке, адалдыққа, жауаптылыққа баулу
қажет.
Аппақайға ұнау үшін Әжібай оның ағасының сауда ісіне көмектесіп, көп
ақша береді. Сонымен бірге мына әрекеттер де Әжібай сипатын аша түседі:
Көзіңше аппақайдың бұрқыратып,
Күмісті портеистар жарқыратып.
Көзінің түк мүкісі болмаса да,
Қымбатты көзілдірік тағы салды [8, 332 б.].
Мұның бәрі Аппақай назарын аудару үшін Әжібайдың босқа шашылғанын,
білімі жоқ пенденің қала адамына сыртай еліктеуін айғақтайды.
Мына эпизодта Әжібайдың әйелін қалай жазалағаны суреттелген.
Жәмила анау үйден сөйлей еніп,
Жылады бірдеңе деп еңк-еңк.
Манадан ашу қысып тұрған Әжібай
Жіберді жүгіріп барып теуіп-теуіп.
Жәмила содан жығылып танды есінен
Әжібай тағы мыжыды тізесімен,
Арашалаған шешесін қоса қабат,
Жықты итеріп ашумен кеудесімен [8, 333 б.].
Міне, бұл үзіндіде Әжібай оспандарлығы үдей түскені, Аппақай сапары
сәтсіз болуынан туған ыза-кегінің есесін Жәмиладан қайтаруы, ашу үстінде
шешесіне де күш жұмсағаны ашыла түседі.
Қалаған қызын таңдап үйленуіне әкесі рұқсат берсе де, ол мүмкіндікті
38
Әжібайдың пайдалана алмау себебі шығармада былай бейнеленген:
Айттырмақшы ол қызды, бұл қызды да,
Бүгін, ертең хабар сап болмақ құда;
Жеме-жемге келгенде, сөзін бұзып,
Әжібай кете берер тайқып шыға,
Ойлаушы еді: «Түбінде қайда қашар?
Әзірге бек жігіттік – осы жолым [8, 335 б.]».
Бұл үзіндіден Әжібайдың көрсеқызарлыққа берілгені, өзін тоқтата
алмайтын байлаусыздығы, бәтуасыздығы көрінеді.
Шаруа қамын ойламауы, қысқа шөп дайындамауы жұт кезінде Әжібай
малының қырылуына әкелсе, сол жоқтың орнын толтыру үшін қолында билігі
барын пайдаланып, түрлі қиянатқа баруы Әжібайдың рухани азып-тозуы өрши
түскенін айқындайды:
Сол оймен Әжібай бұзып ішкі ниетін,
Бұрынғы адалдықтан бұрды бетін.
Аударып төңкерді де елін жеді,
Демеді мынау нашар, мынау жетім.
Төлетті асыратқан жылқыларын,
Таңдады билерді өңшең жуан қарын.
«Бірге өлді өз малыммен қайтейін», – деп,
Момынның тыңдамады айтқандарын [8, 336 б.].
Жұт болып, малы ойсыраған Әжібай болыс сайлауы мерзімі таянып,
билігіне қауіп төнгенде, қызын өз сүйгеніне бермек болған бұрынғы ниетінен
тез айниды:
Әжібай ойлап-ойлап амал тапты,
Өзінен кетірмеске ескі бақты.
Бұрынғы айнып жүрген Керейіне
Күлтайды бермекші боп малға сатты [8, 336 б.].
Бұдан пара, ақша арқылы қызмет ұстататын тәртіптің әжібай тәрізді
өзімшіл, шенқұмар, жандарды тез ерітетініне, демек, адамдарды оң жолға
бағыттау үшін пара атаулыны ауыздықтайтын жағдай керек екендігіне көз
жеткіземіз.
Әжібай ұлы Қабыштың да әке жолына түскенін аңдаймыз:
Анау күн алдамақ боп орыс қызын,
Барғанда біліп қойған суық ізін.
Орыстың жігіттері алдап тұрып,
Шиедей аузы-басын қылған қызыл.
Ақшасын ұрып-ұрып тартып алған,
Мастықпен Қабыш бірін білмей қалған.
Ол ол ма? Анау күні жәрмеңкеде,
Ұтқызған Қабыш қартқа бір мың теңге
Шу етті қатын-қалаш, бала-шаға:
«Кәмиланы Қабыш келді, – деп, алып қашып».
39
Әжібай ренжімес еді бұған,
Өзі де келіншек әпермек болған.
Әкелген жесір, бірақ біреудікі,
Ұзатпақ, мал төленген неше жылдан [8, 332 б.].
Бұл мысалдардан Қабыштың жеңіл жүріске салынғанын, тіпті арақ ішіп,
мас болуын, карта ойнауға кірісіп, ақша ұтқызуын, ел арасында шу шығаратын
істі бастап, біреуге ұзатылмақ қызды алып келгенін көреміз. Мұның бәрі теріс
үлгінің зиянды салдарға түрткі болатынын айқындай түседі.
Сорақы істердің себебі – біреу. Ол ақша мен пара, әділетсіздік үстем
болған заманда кісі еңбегін жеу, өз баласын да ақшаға сату, біреуді біреу аямау,
алдау, тіпті кісі қанын арқалау үстемдік ететінін, демек, әділетсіз тәртіп
өзгермей, адамдарды оң жолға бағыттау жеміссіз болатынын шегелейді.
Романда билік үшін, байлық үшін бітпейтін талас тартыстың көрінісі,
зорлық көрген, жапа шеккен момындардың, өсек-өтірікпен, қулық-сұмдықпен
арыз берумен күн көрген әр түрлі адамдардың бейнесі айқын елес береді.
Кейіпкерлердің мінез-құлқын, психологиясын, әрқайсысының іс-әрекеттері,
ойы мен сөзі арқылы шынайы қалпында, айнытпай, нанымды етіп сипаттайды.
Соның бәрі заман келбетін, елдің жайын көз алдымызға әкелгендей әсер береді.
Басты кейіпкері етіп алынған, әдебиетте бұрын бар қайшылығымен күрделі
тұлға болып көрінбеген Әжібай мырзаның мінезін, іс-әрекеттерін сол кездегі
шиеленісті қоғамдық қарым-қатынастармен байланыстыра бейнелейді.
Әкесіне ас беріп атақ аламын, болыстыққа таласамын деп текке малын
шашқан Әжібай трагедиясының айқын белгі беруі – сұрапыл жұттан соң жүген
ұстап қалуы:
Төгіліп бір боранда барлық құты,
Мал тұрсын, кісі өлтірді тамақ жұты.
Көтермей бір-екі айды ақ сүйек боп,
Жүгенін ұстап қалды қазақ жұрты [8, 338 б.].
Жандәрмен жасап билігін сақтап, дәулет, мал жиюға ұмтылғандығы ақыл-
ойының жеткен жері – қызы Күлтайды малға сату.
Қалмады ұл-қызының басы босы,
«Жез» үшін Әжібайдың қылғаны осы [8, 340 б.], –
деп әжуа етеді автор.
Романдағы оқиға дамуының барысында біршама кейіпкерлердің аттары
аталып, түрлері түстелгенімен, көбіне, сюжеттік тартыстан тыс қалып қояды.
Байбол Болыс, Әжібайдың бәйбіше, тоқалдары Жәмила, Жаңыл, Зылиха,
ырысты мінездері көңіл түкпірінде берік орнығып қалмайды. Фельдшер, Әнуар,
Петька тілмаш характерлері, қимыл-әрекеттері көмескілеу, жағымды
кейіпкерлер дәрежесіне көтерілмеген. «Кім жазықтыда» екінші арнада
суреттелгенімен, мамыржай күй кешетін бейне – Аппақай. Аппақай – қазақ
әдебиетінде жаңа характер. Ол ақылымен, мәдениетімен өз дәуіріндегі
құрбыларынан озық.
Аппақай хат біледі, мінезі ашык,
Әнге ұста, домбыраға кеткен асып.
Азырақ орысша да сөйлесе алад,
40
Жасынан жүргендіктен араласып [8, 324 б.].
Әжібай сықылдылар Аппақайды мазақ, ойыншық, тәлкек еткісі келеді.
Білім-парасатымен, ақыл-көркімен кұрбыларынан озық Аппақай өз орнын,
жүрер жолын біледі. «Аппақай – қазақ әдебиетінде Сұлтанмахмұтка дейін
кездеспегсн мүлде жаңа характер. Ол зерек ақылымен, жоғары мәдениетімен,
жайсаң жанымен кұрдас-кұрбыларынан әлдеқайда биік тұр» [42, 39 б.], – деген
Белгібай Шалабаев пікірі әділ.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ аулындағы әлеуметтік қайшылықтардың
шиеленісуі, Тасболат, Әжібай, Қабыштардың күні өтіп, шаңырағы шайқалып
бара жаткандығы, жалпы қоғамның іштей азып-тозуға бет бұрғандығы
мейлінше нанымды, керек десеңіз, ғажап жарасымды суреттелген. Сол себептен
де, С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» туындысы көп жоспарлы, реалистік,
әлеуметтік роман жүгін қайыспай көтерген шығарма.
С.Торайғыров сынды үлкен суреткер «Қамар сұлу», «Кім жазықты?»
романдарымен өткен ғасырлар тоғысындағы қазақ аулының реалдық қалпын,
ондағы әлеуметтік мешеулікті қалтқысыз көрсетіп берді.
Көлемінің шағындығына қарамастан М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал»,
Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал» романдарымен
иықтаса тұрып, қазақ әдебиетіндегі соны жанр сипатын, стильдік мәнерін
танытатын кезеңдік шығарма есебінде әдеби процестен лайықты орынға
иеленді.
Шығарма көлемі әдеби шығарманы бағалауда басты өлшем бола алмайды.
Академик Рымғали Нұрғалидің шегелеп айтқан пікірі әншейін құлаққағыс емес:
«Прозада байқалған соңғы жылдардағы кұбылыс – көлемнің ықшамдалуы,
форма өзгешеліктері. Бұрынғы романдар жырта қарыс болса, енді шынтақ елі
романдар көріне бастады. Рас, жанрды анықтауда көлем, сан белгілі мөлшерде
қызмет атқарады, бірақ ең негізгі критерий ол емес. Тургеневтің, Мопассаның
шағын көлемді романдарында әлеуметтік салмақты проблемалар көтерілген,
образдар тұтас құйылған, көркемдік идея зергер шеберлікпен берілген» [43, 212
б.]. Демек, басты критерий – тақырып ауқымдылығы, образ табиғаты, жазушы
шеберлігінде.
Алғашқы қазақ романдарының айрықша қасиеті тек қана жаңа жанр
бастауында тұруымен шектелмеді. Мәселе сол бастаудың үрдісті айдынға
айналуында. Бүгінде өркені өсіп, ерісі кеңейген қазақ романының салиқалы
өрнегінде, сындарлы келбетінде тұңғыш романдардың елес сәулесі жылт етіп
көрінсе – дәстүрдің жалғасқаны. Қазақ романының поэтикасын көптен бері
зерттеп келе жатқан филология ғылымдарының докторы Мекерия Атымов
«Қазақ романдарының түрлері жаңарды. Жаңадан: роман-очерк, роман-
публицистика, роман-хроника, психологиялық роман, роман-сатира дегендер
пайда болды. Қазақ романистері бұрынғыдай құрғақ үшінші жақтан баяндаудан
құтылып, роман оқиғасының баяндалу тәсіліне де біраз өзгерістер енгізді.
Роман оқиғасын үнемі жазуының әзі баяндай бермей, бірде бас кейіпкер атынан,
бірде басқа бір кейіпкер атынан баяндап, кейде күнделік түрінде, кейде хат
түрінде жазатын болды» [44, 309 б.], – дейді.
Шындығында, қазақ романы сан жағынан молайып, сапа жағынан
41
шыңдалып, жанрлық пішіндік ізденістерді бастан кешуде. Шығар биік, асар
асулардың алда екендігі шүбәсіз.
1.3 Жыр табиғаты және ақындық шеберлік
Поэма әдебиеттегі көне түр саналады. Поэмада оқиға ақынның немесе
лирикалық кейіпкердің атынан баяндалып, олардың қоршаған ортаға көзкарасы
шығарма мазмұнын анықтайды.
Қазақ поэмасы XIX, XX ғасырларда туып, қалыптасты делініп жүр.
Ықылым замандар ахуалынан сыр шертетін батырлар жыры, ғашықтық
жырлары, халық өмірінің шежіресіндей тарихи жырлар, бертінде қазақ
әдебиетіне сіңісіп кеткен шығыстық сюжетке құрылған қиссалар
әдебиетіміздегі романтикалық, реалистік поэмалардың ілкі тарихын, өсу
бағытын, даму процесін ой көзінен өткізуге септігін тигізеді.
«Лирико-публицистикалық поэмалардың алғашқы нұсқалары XX ғасыр
басындағы қазақ әдебиетінде бой көрсете бастады. Қазақтың революция
алдындағы әдебиетінің ірі өкілі, демократ ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
«Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары қазақ әдебиетіндегі лирико-
публицистикалық поэмалардың тұңғыш көріністері еді» [45, 170 б.].
Лирикалық өлеңдерімен өмір шындығын жан-жақты қамтып,
халқымыздың жаңа ғасыр басындағы көркем шежіресін жыр жолдарында
кестелеген С.Торайғыров бірте-бірте үлкен формаға құлаш ұрды. Ұлттық
топырақта жыл құсындай жаңалық болған лирикалық-философиялық
поэмаларын жазбас бұрын лириканың ерекшеліктерін тәптіштей меңгеріп, ірі
дайындықпен келді. «Мағжан, Сұлтанмахмұттардың почта желісін қаққан
себебі кейбір өлең тақырыптары ағын форма аясына сыймады. Өлең өмір
сүрген кез – қазақ қоғамының сана-сезімі ояна бастаған шағы. Ұлт адамы жеке-
дара тұлғаға айналды. Оның ішін ашу үшін лириканы төгілту керек. Қоғамдық
істерін көрсетуге эпостық құлаш қажет. Ал лирика мен эпостың құймасын әр
түрлі арасалмақта жасайтын поэзиялық жанр поэма аталады» [46, 243 б.], – деп
ыждаһатпен тиянақтайды Ш.Елеукенов.
С.Торайғыров поэмалары сөз болғанда ауызға ілігіп жүргені екеу –
«Адасқан өмір» мен «Кедей». Жоғары және орта оқу орындарында да аталған
поэмалар оқытылуда. «Қайғы» поэмасының жұрнағы ғана бізге жетіп отыр,
небәрі 28 жол.
С.Торайғыровтың екі ірі поэмасы жариялылықтың жарық сәулесі түскенше
жабық шығармалар сөресінен орын алып, оқырманнан жасырын, тасада қалды.
«Таныстыру» поэмасы Алашорда басшыларын дәріптейтін, ал «Айтысы»
байшылдық-ұлтшылдық пиғылды әспеттейтін зиянды шығармалар деген ат
қойылып, айдар тағылып тұтқындық күй кешті. Әдебиет тарихындағы
ақтаңдақтар жойылып келе жатқан бүгінгі таңда «Таныстыру» мен «Айтысты»
қалың оқырман қауымға қайтармау Сұлтанмахмұт Торайғыров
шығармашылығына қиянат.
«Таныстыру» 1917 жылдың күзі мен 1918 жылдың қысында
Сұлтанмахмұт Абай елінде болған кезде жазылған. Ақпан төңкерісінен кейін
42
Орынборда (1917, шілде) Советтердің Бүкіл қазақстандық I съезі, сол жылдың
желтоқсанында тағы да Орынборда II съезі өтті. Қазақстан облыстарында қазақ
(қырғыз) комитеттерін сайлауға қызу дайындық жүріп жатты. Семей облысы
қазақтарының съезі 1918 жылдың 14 наурызына белгіленді [47, 16 б.].
Төңкерістен соң елді жаңа жолға бастайтын азаматтар кімдер деген сұрақ
тұрды. С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы осы сауалға тура жауап
бергендей еді.
Ақынның таңдап алынған формасы да қызық. Поэма қазақ пен оқыған
зиялы адамның диалогына құрылған.
Туғанда құдай иіп мұндай заман,
Сұрайтын бір сөзім бар сенен балам.
Тап біздің осы Семей облысының
Көш басшы адамдардын айтшы маған.
Біз-дағы жоспарлайық өзімізше,
Десе де білмейтін қазақ надан.
Қара қазақ сауалы. Шындығында заман өзгеріп, уақыт аумалы-төкпелі
қалыпта тұрғанда болашағын ойлайтын әр адамның қоюға тиісті сауалы. Сөз
кезегі тиген оқыған да әңгіме тиегін ағытады:
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,
Талассыз жеке дара тұрғай өзі...
Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған.
Көркейер қайткенде алаш деген ойдан,
Басқа ойды өмірінде малданбаған.
Поэманы оқығанда, өлеңмен жазылған мінездемелермен танысып
отырғандай әсерге бөленесіз. Есімдері поэмада аталатын қазақ зиялыларының
жарқын бейнелері іс-қимылымен, кескін-келбетімен, мінез-құлқымен көз
алдыңа келіп тұра қалады.
43
Оқыған Әлімхан Ермекұлымен таныстырады. Шоқан Уалихановтың кадет
корпусында бірге оқыған досы, көрнекті фольклорист, этнограф Г.Н.Потанин
кезінде жылы лебіз білдіріп, құрметтеген Ермеков. Қазақтың тұңғыш
профессор-математигі, Томск технологиялық институтының түлеп, Мәскеуде
В.И.Ленин алдында Қазақстан тарихындағы шешуші кезеңде баяндама жасаған
ғұлама адам, кемеңгер қайраткер.
Сөйлеп кетсе қозғалар бойда жаның,
Тас болса да ерітер жүрек қанын.
Шындығы, тереңдігі, әділдігі,
Тусаң, ту осылай дегізер жанның бәрін.
Төңкеріс тұсында еліне сіңірген еңбегін, қыранша самғаған ұшқыр қиялын,
«кірленбеген»» таза жүрегін айрықша бағалайды.
Онан соң Халел Ғаббасұлымен жүздесеміз. Төңкерістен бұрын Москва
университетін тәмәмдаған, оқымысты, терең ойлап, алыстан болжайтын адам.
Семейде «Алаш» партиясы құрылғанда ұйымдастырушылық, іскерлік
қабілетімен халық жүрегін жаулап алған адам.
Жас жігіт университеттен оқып шыққан,
Халықка қызмет парыз деп миына ұққан.
Алданбас, алыс болжар, алдан көрер,
Болса да оған мәлім жерге тыққан.
Айлаға қарай біліп айла құрғыш.
Табады қайдан болса, содан ілгіш.
Бір іске тура план құруында
Деуге болар Семейде осы білгіш, –
дейді оқыған. Х.Ғаббасовтың сөзі мен ісінің бір жерден шығатындығын,
шешімділігін, бірбеткейлігін жоғары бағалайды. Қазақ зиялыларының жұртына
жөн сілтер сын сағаты 1916 жылы дүрбелеңмен байланысты туған еді. 1916
жылы патша жарлығына бағынбай, қол бастап, қарсы шыққандарды бірыңғай
мадақтап келдік те, ақылмен іс қылғандар көлеңкеде қалып қойды.
Призыв себебінен білді халық,
Толқығанда тоқтатқан ақыл болып.
Ығын-шығын қырғыннан өз уезін,
Қалды ғой аңылымен аман алып.
Поэмада казақтьң кемеңгер ақыны Шәкәрім Кұдайбердіұлы ерекше
ілтипатпен, үлкен сый-құрметпен оқырман қуанышына бөленіп жырланады.
Ерте оянған күйінің біреуі осы,
Бұл жұрттың түзеймін деп антұрғанын.
Бір жолмен Байтұрсынов, Бөкейханға,
Ақсақал бола алғандай осы кәрің...
Бұл қазақтың мақсұты биік алыс,
Таппаса да сөзіне құлақ салыс.
Қазақ деп жекелеме адамзат де,
Ол кісінің пікірімен болсаң таныс.
Шәкәрім барша қазақтың, күллі адамзаттың ынтымағын көксеген ақылшы,
ойшы бейнесінде көрінеді. Адамгершілік, имандылыққа бастайтын ақсақалдық
44
қасиеті, қысылғанда қиыннан жол тауып шығатын кемел ақылы үлгіге
тартылады. Абайдың өзін көрмесе де туыстық жағынан інісі, рухани ұстазы
екендігін ерте ұғынған Сұлтанмахмұт Шәкәрімді жасы үлкен ақсақал ғана емес,
терең тамырлы қайраткер, тұңғыш ойлы ғалым, ең бастысы, қазақ көркем
ойының кемел суреткері дәрежесінде қабылдайды.
Нәзипа Құлжанкеліні мен Нұрғали Құлжанұлына «Таныстыруда» лайықты
орын берілген. Ерлі-зайыпты Құлжановтар қазақ мәдениетінің тарихында
мәңгілік із қалдырды.
Ардақты бар Нәзипа деген ханым,
Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім.
Оқыса сондай әйел шығар ед деп,
Оқығандар бағалар сөздің дәмін...
Нәзипа Құлжанова Семейден оқытушылар семинариясында мұғалім
болған. Халқымыздың тарихына, ауыз әдебиетіне, тұрмыс-салтына қатысты аса
көп деректер жинап, кейбірін кезінде жариялаған. Ол – қазақтың алғашқы
журналистерінің бірі. Аудармашы, жазушы. Балалар күтімі, ана мен бала
денсаулығы жайлы кітаптардың авторы. Нұрғали да Семей семинариясында
сабақ берген. 1917 жылдың сәуір айында Семейде облыстық съезд болып
комитет сайлағанда, Нұрғали Құлжанов мүшелікке өтеді. Ол туралы «Нұрғали
Құлжанов кім?» деген мақалада толық айтылған. «Халыққа қызмет етерлік,
басшы боларлық оқыған азаматтар қайда болса да аз. Сондықтан анау-мынау
демей, оқыған азамттардың осындай заманда қызмет ету борышы ғой деп
зиялыларымыз съезге жиналған өкілдерін Нұрғали Кұлжановты таныстырады,
комитетке мүше сайлаттырады. » [48, 8 б.].
Баспасөзден пікірлер мен естеліктер Н.Құлжановтың қажырлы жауынгер
ұстанған жолына өмірінің ақырына дейін берік болған күрескерлігін растайды.
Халқына күш-жігерін аямай қызмет жасаған Нұрғали Құлжанов 1919 жылы
ақтардың қолынан қаза тапқан.
С.Торайғыров Ы.Құлжановтың қазасына қатты қайғырып «Нұрекеңе»
деген мұң-шерге толы өлеңін жазды:
Ұштың ба нақақ оққа асыл ерім,
Ел үшін еңбек қылған кемеңгерім.
Алаштың алаш аты жойылмаса
Бір кетпес жау мойнында қаның тегін...
Құдайым сені-дағы көп көрді ме,
Бейшара бұл қазақтың баласына?
Жақын үшін жан құрбан қылатұғын
Сендей ұл туа бермес алашыңа.
«Нұрекеңе» өлеңі асыл ерінен қапиядан айрылған, қара жамылып,
қамыққан қалын бұқараға айтылған көңіл іспетті. Сұлтанмахмұт өлеңімен де,
поэмасымен де халық перзенттеріне ескерткіш салып кетті.
«Таныстыру» поэмасында, негізінен, ел тұтқасы кейіпкерлер тиянақты
бейнеленген. Себебі. лирикалық қаһармандармен қарақазақ пен оқыған төңкеріс
заманында ел-жұртты соңынан ерте алатын «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
дегендей, біртуар жандарды саусақпен санағандай түгендейді. Ұлтымыздың
45
өңшең зиялы, зерделі перзенттерімен ұшырасуымыз, ақын кейіпкерлері, ірі іс-
әрекеттің адамы болып көрінуі С.Торайғыровтың суреткерлік мақсат-мұраты,
іздеген нысанасынан хабар береді. Біздің ойымызша, қаламгердің басты
мақсаты – қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерді дұрыс түсініп, елді тура жолға
бастайды-ау деген қазақтан шыққан қайраткерлер жайында сыр аңғарту, ой
салу.
Десек те, С.Торайғыров жалаң мақтап, орынсыз мадақтауға бармаған.
Қашан да сыншыл, шыншыл, сыршыл суреткер шындықтың бетіне тура қарап,
табиғат сыйлаған тума қасиетпен ақты – ақ, қараны – қара деуден қашпаған.
Поэмадағы Райымжан Мәрсеков бейнесі сөзімізге дәлел.
Айтпақшы, Мәрсекеңнің баласы бар,
Адвокат, қырма сақал Райымжан шал.
Ұмытқан оқуларын былай қойсақ
Саяз жүрек, ұсақ ой, тынысы тар...
Ойбай, мен ұмытыппын сыншы екен ғой,
Сын дегенде таланты әм бөтен ғой.
«Қуанышты» «шаттық» деп түзей алар,
Рекеңнің таланты ірі екен ғой.
Р.Мәрсеков – юрист, Петербург университетінің заң факультетінде оқыған.
«Айқап» журналында, «Қазақ» газстінде түрлі
тақырыпқа жазған мақалалары
ұшырасады. Семей қаласында шығып тұрған «Свободная речь» газеті
Р.Мәрсековтың Семей облыстық земство басқармасының төрағасы қызметіне
кіріскенін хабарлады [49, 16 б.]. Р.Мәрсековпен Семейдегі қазақ комитетінде
Сұлтанмахмұт бірге істегендіктен жетістік, кемшіліктерін жетік білген.
Сонда – дағы жүре ме ірісінбей?
Сөз айта ма кегеріп бір ісінбей?
Демеңіз Обломовтың жамағайыны,
Нақ типі - не аға, не інісіндей.
Қазақ комитетінде бірге қызмет жасаған келіспей қалуы салдары болар,
әйтпесе Р.Мәрсеков мұрасымен [50, 173 б.] танысқаннан кейін көңілге ізгі ойлар
ғана ұялайтындығын оқырманға ескерту абзал.
Поэмада баска да көптеген адамдар аталады. Нақты айтқанда, Мұқыш
Поштайұлы, Әнияр Молдабаев пен Иманбек Тарабаев, Петербург
университетінің заң факультетін бітірген, юрист Жақып Ақбайұлы, мұғалім,
земство мүшесі Биахмет Сәрсенов, төңкеріске дейін Мәскеудегі екі жоғары оқу
орнында оқыған Сатылған Сабатаев, мемлекеттік думаға депутаттыққа сайлауға
түскен Дурмановқа қара қазақ пен оқыған бағаларын беріп, көзқарастарын
білдірген. Қайталаудан сақтану ниетінде әрқайсысына жеке-жеке тоқталып,
созбалай беруді жөн көрмедік.
«Таныстыру» С.Торайғыровтың поэма жанрындағы тұңғыш талпынысы.
Ақын уақыт талабына жедел жауап беріп, төңкеріс тұсында толқыған ел
көңіліне ұялаған жұмбақ сауалдардың бірін өнер туындысы арқылы
пайымдауды міндет еткен. Төңкеріс пен оның мәнін, бағыт-бағдарын ажырата
алмай дел-сал күй кешкен жұртына елдікке бастар азаматтарды жарасымды түр,
жайнаған тілмен әдемі таныстырған.
46
Сондықтан да «Таныстыру» поэмасы реалистік арнада жазылған,
әлеуметтік іргелі мәселелерді жатық та, ұтымды формасын тауып бере білген
шоқтықты дүниелер қатарынан орыналатындығына сенім мол.
Ақынның «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары қазақ әдебиетіндегі мүлдем
жаңа құбылыс. Дегенмен, қазақтьң дәстүрлі поэзиясынан сусындаған,
европалық лириканың ішкі,
сыртқы мүмкіншіліктерін игерген
Сұлтанмахмұттың кемел шағында мұндай шығармаларды туғызуы табиғи да.
С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы, – деп жазады көрнекті әдебиет
тарихшысы М.Мағауин, – қазақ сөз зергерлерінің ғасырдан ғасырлатып тасып
келе жатқан, адам және оның табиғаты, өмір және оның мәні туралы
толғауларының бір арнаға келіп тоғысқан құймасы, шырқау шыңы тәріздес»
[51, 263 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |