ӘДЕБИЕТТЕР
1. Харламов М.Ф. Педагогика. Проективная педагогика. Учебное пособие. – Екатеринбург: Издательство «Деловая книга», 1996. – 222 б
2. Кукушкина О.И. Компьютерные технологии в контексте професии: обучение студентов // Дефектология. – 2001. - №3. – С. 44-52.
3. Маханова Н.А.,Оңласынова Ж.М. Биология сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың ерекшеліктері // http://www.rusnauka.com/
ҰЛТТЫҚ ТІЛДЕГІ КӘСІБИ СӨЗДЕРДІҢ ӨЗІНДІК ОРНЫ
Кауменова Р.А., магистрант (Қазақстан)
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақ тілі сөздік құрамының аясы кең. Бұл қазіргі әдеби тілде қолданылып жүрген сөздерден, сөйлеу тіліндегі лексикадан құралмайды. Қоғамдағы әртүрлі топтардың тіліндегі арнаулы сөздер де ұлттық тілдің сөздік құрамына енеді. Бұған кәсіби сөздің де өзіндік үлесі бар.
...Адамда қилы-қилы кәсіп, өнер
Әркім жүр тірлігінде қолдан келер.
Самрұқ пенен шыбынның ісі басқа,
Әрбір жан өз ісіне өзі шебер, – дегендей, әр адамның бір айналысатын кәсібі, ісі болады. Және әрқайсысы қандай болмасын сол кәсібіне машық, епті болып келеді. «Білгенім – бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз» деген нақыл сөзбен толықтай келісуге болады. Нақтылай түссек, қазір XXI ғасыр ғылым мен техника өрлей түскен сайын, сан-салалы сұрақтар туындап ғылымның одан әрі өрлей түсуіне әсер етеді. «Заманына қарай талабы» демекші, осы ғылымның өркендей түсуіне ізденушілер еңбектене түсіп, талпынған сайын оны толғандырар сан қилы сауалдар да көбейе түспек. Сонымен қатар бүгінгі таңда тіл білімі күннен-күнге шарықтап дамып, өзіндік салалары игерілуде.
Қазақстанның жері қандай кең, қаншалықты бай болса, мұндағы кәсіп пен шаруашылықтың түрі де соншалықты көп. Халқымыздың ежелден ата кәсібі болған мал мен егінді, дәнді дақылдарды атамағанның өзінде республиканың бір жерінде марал, бір жерінде балық, бір жерде күріш, бір жерде ағаш, бір жерінде қызылша мен темекі, бір жерінде бау-бақша жеміс-жидек өсіріп, бір облыс екінші облыстан, бір облысқа өнетін әрбір аудандардың өздері де бір-бірінен ерекшеленіп отырады. Соның нәтижесінде кәсіптің әр түріне байланысты әр жерде әр алуан кәсіби сөздер пайда болған.
Қәсіби сөздер белгілі территориялық аймақты ғана қамтып, шектелуі жағынан диалект сөздерге ұқсайды. Алайда диалектизмге жататын сөздердің әдеби тілде белгілі-бір балама сөзі синонимі болады. Ал кәсіби сөздердің әдеби тілде ешқандай балама кездеспейді. Осы жағынан қарағанда кәсіби сөздер диалектизмдерден гөрі бір табан термии сөздерге жақын, неге десеңіз, кәсіби сөздер де негізінен бір мағыналы болады да шаруашылықтың белгілі-бір саласында белгілі-бір аймақта ғана қызмет етеді. Қолдану шегі жағынан ғана кәсіби сөздер терминдерден өзгеше. Кәсіби сөздерді белгілі бір территорияны мекендеуші тұрғын халықтың бәрі білсе, терминдерді әр жерде тұратын бір маманы ғана қолданады. Сонымен қатар кәсіби сөздер әдеби тілдің, құрамына кіреді. Демек, кәсіби сөздердің терминнен де, диалектіден де өзіне тән өзгешеліктері мен ерекшеліктері бар. Сондықтан да бұлар өз алдына жеке лексикалық тон құрайды. Қазақ тілінде кәсіби сөздердің түрі мол. Олардың кәсіптік, өндірістік сипатына, қолдану жайына қарай екі үлкен салаға бөлуге болады. Олардың бір саласы әртүрлі шағын кәсіпке, ұсақ мамандыққа (балташылық, зергерлік, тоқымашылық, т.б.), екінші саласы – ірі кәсіпшілік, өндірістік сипап (егіншілік, диқаншылық, аңшылық, балықшылық, тау-кен және мал шаруашылығына) байланысты болады.
Қазақ тілінде кәсіби сөздердің мынадай түрлері бар:
1. Мақта шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер: жегеше, жегенелеу, көсек, күнжара, кауашақ, қоза, козакия, биті, шалшақ-шанақ, мақташы, мақталық, терім, терімші, косектеу, шит, шиті| макда, шиг егу, мақта теру, сүдігер, мақта майы, т. б. :
2. Қызылша шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер: ас қызылша, еркек қызылша, қант қызылшасы, қызылшашы, сірнеу гүлдеуік, тоспа, тұқым жарнағы, өркін, тамыр-жемі жүйек, т. б.
3. Темекі шаруашылыгына қатысты кәсіби сөздер: бұлықтыру, бүркеніш, жал, жиым (орым), жіп, көңхана, құлақ-жұл, маты, сағақ, темекіші, қурай, тізбек, тікқұлақ, т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |