І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет29/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   156
Байланысты:
treatise40283

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Құдайберген Жұбанов. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы, 2012 ж.

  2. М.Жұбанова. « Қ.Жұбанов ұлттық дидактика проблемалары хақында»

  3. Жұбанов Қ. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер». -Алматы, 1999 ж.



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Ишанова Диана (Қазақстан)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Ғылыми жетекшісі: Садықова Р.К.,ф.ғ.к.

Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту-заманның басты талабы. Ақпараттандырумен жүзеге асатын үрдістер тек қана қоғамның ғылыми-тәжірибелік прогресін дамытып қана қоймай, сонымен қатар, әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық ортаны дамытады.


Қоғамның ақпараттануының негізігі бағыттарының бірі болып – оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу болып табылады. «Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Оқыту үрдісін жандандыру – білім алушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы – мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, инновациялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.
Оқыту технологиясы – бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау[1,46 б ].
Қазіргі кезде инновациялык технологиялар біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Білім беру саласында да басқа салалар секілді жаңалықтар мен жаңа талаптарды талап етеді. XX ғасыр білімді мамандардың алтын ғасыры болғандықтан, әр маман белгілі  критерийлерге сәйкес болу тиіс. Сондықтан мектеп жасынан бастап балаларды оқыту бағдарламасы күрделенуде, ал балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тез кабылдауына әдіскер мамандар түрлі әдістемелік оқыту кешендерін ұсынуда. Осыған орай әр оқытушының өзіндік оқыту-әдістемелік бағдарламасы болуы тиіс.
Біз шет тілінің мамандары болғандықтан, өзіміздің инновацияға байланысты әдістемелік кызыкты, жаңашыл бағдарламамен таныстырғымыз келеді. Біз жас буын мамандары инновациямен бірге өсіп, білім толықтырудамыз және акпарат құралдарды түрлі байланыс құралдары ретінде қолданудамыз. Білім беру саласында да көмекші кұрал ретінде колдануға үлкен мүмкіндіктер ұсынылып отыр. Оқушылардың 100 пайызы түрлі әлеуметтік желілерге өз уақыттарын арнайды, осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, ғаламтор желілерімен оқушыларға кызықты, қосымша шығармашылық, калыптастырушы, кайталауға арналған жаттығуларды берумізге болады. Жеке, топтық сыни көз-қарастармен тексеру үрдісін қалыптастыра отырып, оқушыларға сын тұрғысын дұрыс қабылдауға, үйрете аламыз. Әрине бұл әдісті дәстүрлі білім беру жүйесімен ұштастыра отырып, колдануымыз керек [2].
Мектеп жасындағы оқушылардың түгелі дерлік заман ағымымен жүріп-тұрғанды қалайды, бұл алтын ғасырдың буыны инновацияның ортасында өсіп жатқандықтан, олардың тез кабылдап, үйренуіне технологияның көмегі зор. Күнделікті қолданысымыздағы қалта телефоны да үлкен көмегін тигізе алады. Оқытушының шеберлігі, фантазиясы арқылы оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес есту, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер бар. Қазірде What’s App, ВК желілерін қолданбайтын адам жоқ шығар, осы қарапайым желілердің өзін де тың тапсырмаларды қызықтыра отырып, орындатуға болады, мысалға алатын болсақ mail ru арқылы, яғни хат жазуды немесе ағылшын тіліндегі өлеңдерді мәнерлеп оқу, жаңылтпаштарды жаңылмай айтуға дауысты хабарлама ретінде қосымша тапсырма бере отырып, біз оқушының өзін-өзі естуге, дұрыс, қатесіз, анық сөйлеуге үйрете аламыз. Тағы кызық тапсырмалардың бірі ретінде әлемді жаулаған ВК желісінде түрлі тақырыпта өзіндік шығармашылық мақалаларды, шығармалаларды сынып арасында немесе ортақ талқыға салу, бағалау арқылы өзін-өзі тәрбиелеп, дамытуға кеңінен мүмкіндік береді. Әр өтілген тақырыпқа, түрлі маман иесі секілді немесе шетел азаматының кейіпін сомдап өзін видиоға түсіріп, ұстазына, сыныптастарына бағалауға ұсынуларына болады. Бірден үш қабілетті де дамытуға болатын жаттығулардың бірі – лингофондық сыныптарда жас ерекшеліктеріне сәйкес қызықты ағылшын тіліндегі видио-роликтерді, шетелдік, отандық жұлдыздардың ағылшын тіліндегі сұхбаттарын ұсынып, көрсетілген видиоларға өздерінің ойларын яғни комментарийлерін жаздыруға болады. Осындай шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың бос уақытын өзінің қабілеттерімен дамытумен қатар, жасалған жұмыстарын жариялауға, танытуына үлкен көмегін тигізеді. Осындай үлкен мүмкіндіктер заманында, тілді оңай түрде, өте жақсы деңгейде үйретуге болады деп есептейміз.
«Педагогикалық технология дегеніміз – оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника» - деп Беспалько айткандай оқу үрдісін жүзеге асыру барысында әр техниканы мазмұнды, яғни бұл сөздің мәнін тиімді пайдалануға болады [3]. Осы орайда, бұл пікірімізге арқау болатын қытай философының айтқанын мысалға келтірейік: «Маған жай айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал қолыма берсең – үйренемін». Бұл – қазіргі білім беру жүйесіне сай айтылған. Технологияның қарқынды дамуы ұстаздың рөлін түбегейлі өзгертті. Ұстаз – заман талабына сай, сілтеуші координатордың рөлін атқаруы, ауқымды ақпараттар ағымында орасан зор үлесін тигізеді.
Дегенмен, технологиялық құралдарды шамадан тыс қолдану денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигіздеді, осы жайды ескере отырып біз қолдану мерзімін де ескеруміз қажет. Табиғаттаң адам баласына берген ең бірінші байлығы денсаулық.
ХХІ ғасыр – әлемдік бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – жалқаулықпен еркелікті көтермейтін ғасыр. Әлемдік бәсекелестікте алдыңғы орында болатын, білімді ұшқыр ойлы, тапқыр дара тұлғаны өсіріп, заман талабына сай оқыту. Әрине, бұны біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отырғанын, саналы түрде түсінуіміз қажет.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды. Жақсы мұғалім түсіндіреді. Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады» - дейді. Сол себептен әр ұстаз жаңашыл әдістемелік оқытумен бағыттаудың нағыз шебері болуы тиіс. Педагогикалық шеберлік – дарынды талант емес, үйренумен ізденудің нәтижесі деп білетін, шет тілінің қадам басушы маманы болып, заман ағымына сай дамып отыру деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет