Использованная литература
Назарбаев Н.А. Послание 2012 // http://www.akorda.kz/
Педагогическая технология// Педагогический словарь// http://mirslovarei.com/
Халперн Д.Психология критического мышления // www.koob.ru/halpern/psihologiya_kriticheskogo_
mishleniya
Dewey John «How We Think» // http://books.google.kz/ С. 180.
349
Dewey John «How We Think» // http://books.google.kz/ С. 26.
Barbara Gross Davis «Tools for Teaching»// http://books.google.kz/books/about/Tools_for_Teaching.html
Клустер Д. Что такое критическое мышление? // http://testolog.narod.ru/
Flavell J. «Metacognition and Cognitive Monitoring»// http://www.scribd.com/
Dewey John «How We Think» // http://books.google.kz/ С. 188.
Клустер Д. Что такое критическое мышление? // http://testolog.narod.ru/
ЖАҢА ФОРМАЦИЯНЫҢ МҰҒАЛІМІ – НЕГІЗГІ ДАЙЫНДЫҚ ПЕН ҮЗДІКСІЗ ДАМУДЫҢ
БІРЛІГІ
Опанова Ж.К.
Педагогикалық шеберлік орталығының
Петропавл қаласындағы филиалы
Қазақстан Республикасы
Аңдатпа
Берілген баяндамада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибеде
қолдану ерекшеліктері қарастырылған.
Аннотация
В статье рассматриваются новые методы и приемы изучения казахского языка и литературы ,
используемые учителем на практике.
Abstract
In the given work new methods and approaches towards the Kazakh language and literature teaching and
described. They are used by the teacher in her work.
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде
оның мұғалімдік қасиеті де жойылады.
К.Д.Ушинский
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай [1], қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін
жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз
сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» [2, 6-б] деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» [3, 3-4-б].
Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін
қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Осыдан төрт ай бұрын Кэмбридж университетінің бағдарламасы негізінде
мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсына еліміздің түкпір-түкпірінен мұғалімдер жиналды. Мен де сол
мұғалімдердің қатарында болдым. Бұл – мен үшін ұстаздық жолымның жаңа белесі, биік шыңы. Себебі
осы курста менің мұғалімдік кәсібіме деген, оқушыларға деген, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынасқа деген көзқарасым толыққанды өзгерді.
350
«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім», -деген Strong (Strong,
Ward& Grant, 2011) [4] сөзі мұғалімнің білім жүйесіндегі орнын көрсетеді. Курс үш кезеңнен тұрды.Бірінші
бетпе-бет кезеңі теориялық кезең болатын болса, екінші кезең – практикалық кезең болды.Практикалық
кезеңді бастамас бұрын мен өзіме бірнеше сұрақтар қойдым:
• Оқушыларды бұрын қалай оқыттым?
• Дұрыс оқыттым ба?
• Енді қалай оқыту керек?
• Қалай қызықтыра аламын?
• Бұл менің қолымнан келе ме?
Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта айтылғандай,мұғалімнің өзіне деген, беріп жатқан біліміне
деген, оқушыларына деген сенімі нақты көзқарастарын қалыптастыруына зор ықпал етеді,ал көзқарас
қалыптасқан жағдайда белгілі бір дұрыс шешім қабылдауға болады.Сондықтан кез-келген мұғалімнің
оқыту құралдары оның өз болжамдарының , білімі мен сенімі, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс.
[4]. Пажарес (1992) білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген
ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деген: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің
сыныптағы барлық іс-әрекетіне әсер етеді.
Осы болжамдарды негізге ала отырып мен өз іс тәжірибеме өзгерістер енгізе бастадым. Сабақты
қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы,
жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Осы сұрақтарды
шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық
әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа
әдістеме мен жаңа технология. Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең,
мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық
оқытудың мәні өз көрінісін табады. Мен де өз сабақтарымда инновациялық технологияларды көптеп
қолданамын. Курстың бірінші кезеңінен келген соң алғашқы сабағымда мен ең алдымен оқушылардан
сауалнама алдым.Сауалнамада «Бүгінгі күнге дейін болған сабақтар сендерге ұнайды ма? Мұғалімнің
қалай сабақ бергені ұнайды? Нені өзгертер едің? Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас қандай?»
деген сұрақтар қойдым. Сауалнама жасырын түрде жазылды, сондықтан болар оқушылар жауаптарын
шынайы жазыпты.Олар сабақтардың бір сарынды өтетіндігін, ешқандай жаңашылдық жоқ екендігін,
тіпті кей сабақтарда ұйқымыз келеді деп жазыпты. Мен қобалжып қалдым, шынымен де біз, мұғалімдер
сабақтарымызды бір сарынды, қызықсыз өткізіп, тек ашық сабақ берген кезде ғана оқушыларымызды
қызықтырамыз ба?! Солай болып тұрғандай. Бұндай сауалнамалардың мұғалімнің болашақтағы әрекетіне
пайдасы мол. Мұғалім беріп жатқан сабақтарына басқа қырынан қарап үйренеді. Мен де сауалнамадағы
оқушылардың жазған жауаптарын ескере отырып, сабақтарымды жаңаша тұрғыдан жоспарлай бастадым.
Әр сабағымды курста үйреткендей топқа бөліп өткіздім. Бақылауға 7А сыныбын алдым. Бұл сынып
үштілділік экспериментке кірген гимназия сыныбы.Оқушылар белсенді, білімді, үш тілді еркін меңгерген.
Дегенмен сыныпта үндемейтін, тұйық оқушылар бар.Менің алдыма қойған мақсатым курста үйренген
жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін , сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және
сөйлемейтін, тұйық оқушыларды сөйлету болды.Сабақта:
- Уәж тудыру;
- Сыни тұрғыдан ойлау;
- Жұптық,топтық жұмыстар;
- АКТ құралдары;
- Талқылау мен диалог
- Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;
- Өзін өзі бағалау және критерий арқылы бағалау тәсілдерін көп қолдандым [4].
«Оқушыны таңғалдыруға жалықпаңыз, бірінші күні таңғалдырыңыз, екінші күні таңғалдырыңыз,
үшінші күні таңғалдырыңыз, төртінші күні оқушы сізді таңғалдырады», деген даналы сөзде айтылғандай,
351
әр сабағымды қызықты етіп өткізуге тырыстым және осы сабақтарымның жемісін көруге асықтым Ең
алдымен әр сабағымда психологиялық тренинг жүргізудің маңыздылығын түсіндім. Себебі, оқушыны
сыныпқа кіргеннен бастап, сабаққа деген қызығушылығын арттыру керек. Егер оқушының сабаққа
қызығушылығы болмаса, 45 минут бойы берген білім жоққа шығады. Сонымен қатар, ең маңыздысы,
сыныпта ынтымақтастық қатынас орнайды, оқушылар өздерін еркін, ашық сезіне бастайды.Оқушылардың
көңілі көтеріледі. Бір-біріне деген көзқарастары өзгереді. Шетел педагогикасына сүйенетін болсақ,
осындай тренингтер әр сабақта қолданылуы тиіс. Сыныпта тапсырмаларды орындауға көшпес бұрын
оқушыларға бағалау критерийлерін беріп отырдым [4] Бағалау критерийлерін сабақта қолданудың маңызы
зор. Оқушылар мақсатқа жету жолдарын көздейді,мақсатқа жету өлшемдерін түсінеді. Сабақ барысында
сол критерийлерге қарай отырып, жұмыс атқарады, яғни нені және қалай айту керек екендігін өз бетімен
түсініп, келесі сабақтарда осыған дағдылана бастайды.
Мұғалім әрқашан өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте
алуы тиіс. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын,
білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні
зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. Ең
бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Осы курстан түйгенім бір қалыпта тоқтап
қалмай, әрдайым ізденіп жаңа тәсілдерді қолдануға, оқушылармен бірге эксперимент жасауға қорықпау
керек.Мысал ретінде, қазақ тілі сабағында қолданған жаңа бір тәсілімін айтып кетуге болады. Бұл сабақта
мен оқушылардың бірлескен жұмыстарға қалай тартылғандығын бақыладым. Жаңа сабаққа көшпес
бұрын үйге берілген тапсырмаларды қалай орындағандарын тексеріп алдым. Алдыңғы сабақтағыдай
емес, үй тапсырмасын оқушылардың 80% орындапты. Бұнда байқағаным үй тапсырмасын бергенде әр
оқушының деңгейіне сәйкес және қызықты етіп беру керек. Бұл сабақтың алғашқы қадамынан бастап
оқушылар толығымен өз беттерімен жұмыс істеді.Мен тек бақылаушы болуға тырыстым. Оқушыларды
топқа бөліп, сабақтың тақырыбын айтқан соң, сыныпта ынтымақтастық қатынас орнату мақсатында
психологиялық тренинг жүргіздім. Оқушылар өз көңіл-күйлерін табиғат құбылыстарымен салыстырды
(күн, бұлт, жаңбыр, кемпірқосақ т.б) . Тренинг жүргізудің тиімділігі оқушы мен мұғалім арасындағы
қатынасты жеңілдетеді, ал осы сабағымда жақсы жағдай қалыптастырды. Келесі тапсырма бойынша
оқушылар топпен бірлесе отырып сабақтың мақсатын жазды.Бұл тапсырманың тиімділігi оқушылар өз
беттерімен жұмыс істеп, әрекеттерін реттеуге үйренеді. Бүгінгі сабақтың мақсаты не? Бұл сабақтан мен не
күтемін? Нәтижесі қандай болмақ? деген сұрақтардың көмегімен тапсырманы жақсы орындады. Сабақ
мақсаты анықталған соң, өзім ойлап тапқан «мені түсін» тәсілі бойынша жұмыс орындады. Топтағы
әр оқушы бір сөзден жазған соң, топ мүшелері әсерлі деген сөзді таңдап алып, сол сөзге сөз, содан соң
сөйлем қосып мәтін жазады. Мәтін топта айналым жүргізу арқылы жазылды.Бұл тапсырманы орындауда
оқушылар еркін пікір айтуға, өз ойларын шынайы жазуға үйренеді. Оқушыларға тапсырма ұнады.
Мәтін 60 сөзге жеткен соң, топ мүшелері өз мәтіндерін презентациялады. Презентацияға топтың барлық
мүшелері шықты. Бұнда оқушылардың бірлесе жұмыс атқарғандығы көрінді.Негізінен топтық жұмыстың
тиімділігi де оқушылардың бірлесе жұмыс атқарып үйренуінде. Содан соң екі топ мүшелері бір-бірінің
жазған мәтіндерінің әлсіз жақтары мен ұтымды жақтарын талқылады. Бұндай талқылау арқылы сыныпта
диалог жүргізілді. Оқушылар сыңаржақтылық танытпай, әр мәтіннің кемшіліктері мен жақсы жақтарын
нақты айта білді. Олар сыни ойлауға, сыни пікір айтуға үйренді және сыныпта барлық оқушылар жұмыс
істеді. Мен,мұғалім ретінде барлық оқушылардың жұмыс атқарғандығын бақылауға мүмкіндік алдым.
Оқушыларға да, мұғалімге де шығармашылық еркіндік беру керек. Сол кезде ғана нақты нәтиже болады.
Мұғалім мұғалім үстеліне бағынышты болмауы тиіс, ол оқушылардың тақырыпты өз бетімен түсініп,
білуіне дұрыс бағыт беріп, бақылаушы, бағыттаушы рөлін атқара білген кезде ғана жұмысының нәтижесін
көре алады.Жаңаша оқытудың ең маңызды тәсілдерінің бірі – рефлексия. Рефлексияны оқушы да , мұғалім
де жаза білуі тиіс. Рефлексия арқылы оқушы алған біліміне баға беріп, сабақ барысында нені үйренгендігін,
және нені түсінбегендігін біле алады. Сонымен қатар мұғалім де әр өткізген сабағына рефлексия жазуға
дағдылануы тиіс. Сонда ғана өз ісіне дұрыс баға беріп, өткізген сабақтарына сыни пікір айтып, келесі
сабақта жіберген кемшіліктерін қалайша түзетуге болатындығын біле алады.
352
Осы курстан соң мен мұғалім ретінде қатты өзгердім.Ұнағаны менімен бірге оқушыларымның
өзгергендігі. Оқушылар сабақ барысында ашылып, сабаққа қатыспайтын оқушылар өз пікірлерін еркін,
қорықпай жеткізуге үйренді. Әр көрсеткен тәсіл ұтымды шықты. Нұсқаулықта « Әр сабақта оқушыларға
оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын
құрастырады,бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды,
идеялармен эксперимент жасайды және қателер - оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып ,
тәуекелге барады» [4], - деп көрсетілгендей, оқушыларым сыни ойлауға, сыни тұрғыдан бір-біріне баға
беруге, топта жұмыла жұмыс істеуге үйренді. Әрине бұның барлығын олар бұрын да білген болар, бірақ
біз мұғалімдер оқушылардың осы қасиеттерін ашуға тырыспадық. Менің де іс тәжірибемде жіберген
қателерім, түсінбеген жайттарым болды, бірақ өз қателіктерімді мойындап үйренбей, жаңашылдыққа бет
бұра алмайтынымды түсініп, тәуекелге барып, соның жемісін оқушыларымның пікірлерінен , көздеріндегі
ұшқындаған жалындарынан, сабаққа деген көзқарастарының өзгеруінен көрдім.
Әдебиеттер тізімі
1. А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
3. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004.
3-4б.
4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық(ҚР жалпы білім беретін мектептері педгогтерінің біліктілігін
арттыру курстарның бағдарламасы)
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Оразбекова Г. Б.
№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей
Қазақстан Республикасы
Аңдатпа
Мақалада қазіргі заман талабына сәйкес, білім беру технологияларын қазақ тілі және әдебиеті
сабағында қолданудың тиімді жолдарын қарастырып, тұлғаның қалыптасуында, өмірлік маңызды
қасиеттерді игеруіне және әрбір оқушыға сапалы білім берудің маңыздылығы қарастырылған.
Аннотация
В статье рассматриваются применение актуальных инновационных технологий на уроках казахского
языка и литературы. Применение данных технологий способствуют формированию личности и получению
качественного образования учащимися средней школы.
Abstract
In this article actual innovative technologies at the lessons of Kazakh language and Kazakh literature are
considered. Application of these methods promote formation of the personality and receiving quality education by
pupils of secondary school.
Білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай
білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігі белгілі. Осы тұрғыда білім беру ісіне үлкен
өзгерістер енгізіліп, қазіргі уақыттағы жаһандастыру жағдайында ғылым, ақпараттық-техникалық, мәдени
даму жолында ерекше көзге түсетін ана тілін жетік меңгерген дарынды тұлға қалыптастыру бүгінгі алға
353
қойылған мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл мақсаттың жүзеге асуы тек тұлғаның қалыптасуына
ғана емес, жалпы қоғамның дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Қазақ тілін оқытып, үйрету – көптеген ізденістерді, жаңа технологияларды қолдануды қажет етеді.
Атап айтар болсақ, В.П.Беспалько, М.В.Клариндердің бағдарлы оқытуларына қоса, А.С.Выготскийдің
дамыта оқытуы, В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, М.М.Жанпейісованың модульдік оқытуы,
Ш.А.Аманашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы, жобалау, ақпараттық-қарым-қатынас,
Ж.А.Караевтың саралап деңгейлеп оқыту, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы,
В.К.Дьяченко мен А.И.Ривиннің ұжымдық оқыту сияқты технологиялар бүгінгі мектептерде өз орнын
табуда [1]. Оқытудың жаңа технологияларын белсенді түрде оқу-тәрбие процесіне енгізу үшін мектептерде
мұғалімдердің шығармашылық топтары құрылып, жұмыс істеу керек. Осы топтардағы озық тәжірибелі
мұғалімдер педагогикалық технологияларды оқып-үйреніп, сабақта қолданыс жасау керек. Педагогикалық
технологиялар оқытудың мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Кез-келген оқыту
технологиясы іс-әрекеттің қарқындығы мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына
бағытталады. Әсіресе, модульдік оқыту технологиясының маңызы – ол өте жеңіл, әрі жайлы [2]. Ол
оқушылардың өз мүмкіншіліктерін тексеруге, қабілетін тануға итермелейді. Әр оқушының алдына оның
әрі қарай жеке тұлға ретінде өсуіне мүмкіндік береді. Нашар үлгеретіндер қатарына жататын оқушыларға
өз күші мен қабілетін тексеруге көмектеседі. Модульдік оқыту, сонымен қатар, топпен оқыту жұмысы,
оқушылардың қарым-қатынасын және бірін-бірі оқытуды, «әлді әлсізді оқытады» тұжырымы бойынша
жүргізіледі. Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытуға, сондай-
ақ тұлғаның шығармашылығын арттыруға, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге
мүмкіндік береді. Модульдік технология оқушылардың даму, тану қабілеттерін жетілдіруге жақсы әсер
етеді[3]. Мысалы:
7-сыныптың қазақ әдебиеті бойынша оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере
отырып, М.Жанпеисованың модульдік оқыту технологиясы тәжірибеде сыналды. Модульдік технология
арқылы оқу бағдарламасының мемлекеттік стандарт деңгейін басшылыққа ала отырып, оқушылардың
көзқарасын, танымын ұштауда тақырыптар 6 модульға топтастырылған. Олар: модуль № 1 «Таза мінсіз асыл
сөз түбінде жатады», модуль № 2 «Ақын толғанасы – халық тағдыры», модуль № 3 «Мәуелі бәйтеректер»,
модуль № 4 «Алыптар әңгіме жанрында», модуль № 5 «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді», модуль №
6 «Шығарма өзегі – өмір суреттері».
Модуль № 1 «Таза мінсіз асыл сөз түбінде жатады» кестесі арқылы 6 сабақтағы қамтылған
тақырыптармен танысуға болады. Бірінші модуль бойынша сабаққа мынадай мақсат қоюға болады:
– Өткен сыныптарда алған білімдерімен байланыстырып, ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні зор
үлгілерінің бірі – шешендік сөздер туралы, олардың көркемдік ерекшелігі мен құндылығы туралы жан-
жақты түсінік беру. Халық ауыз әдебиетінің шағын түрлері - қоштасу, жоқтау, бесік жырларына тоқталып,
оның шешендік өнерге де қатысы бар екендігіне көздерін жеткізу. Аңыз бен баллада жанрлары жайлы
әңгімелеу, нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру.
Мұғалім мен оқушының бірлесе әрекет жасауы – Ж.А.Караев технологиясының түп мақсаты. Саралап
білім беру – қабілеті және мақсаты әр түрлі оқушылардың дамуына жағдай жасайды. Даралап-саралап
оқыту технологиясының мақсаттылық принципі – әр сабақты өткізуге арналған жоспарда, ең бірінші, сол
сабақтың мақсаты көрсетіледі.
Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас
ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы
меңгерту. Оқушылардың білім сапасын көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі жағдайларды
ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау оқушылардың
іскерліктерін жүзеге асырады.
Қазақ тілін оқытуда бұл технологияның басты тиімділігі: оқушыны үнемі әрекетке қосады, үш кезең
арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады, тілдік категориялардың лексика – грамматикалық
құрылымын игеріп, ауызша, жазбаша тілде қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақ тілінен
оқушының білім технологиясында төмендегідей жүйелі әрі үзіліссіз дамытуды көздеген жұмыстар
құрылымымен іске асады:
354
1. Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып ұғындыру әрекеті.
2. Жаңа білімді игерудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері (I, II, III деңгей).
3. Тест тапсырмалары.
4. Өздік жұмыс.
7. Рейтинг, мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау.
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы – оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі кепілі.
Мысалы: қазақ әдебиеті оқулығындағы тапсырмаларды орындау барысында байқағаным – оқушылар
төмендегідей тапсырмаларды орындауға құмар.
Қарапайым тапсырмалар
Міндетті деңгейдегі тапсырмалар
Шығармашылық сипаттағы сұрақтар мен тапсырмалар
7-сыныптағы қазақ әдебиетіндегі «Жыраулар поэзиясы» деген тақырыпты өткенде темендегідей
тапсырмалар легі ұсынылады.
- Оқулықтағы «Жыраулар поэзиясы» мәтіні оқып, аудар.
- Хрестоматиядағы жыраулар туралы қанатты сөздерді оқып, түсіндір.
- ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ халқының жыраулары туралы не білесіз?
Немесе 6 сыныпта қазақ тілі сабағындағы «Қазақстан дастарханы» деген тақырыпты өткенде мынадай
тапсырмалар беріледі:
- «Қазақтың дастарханы» мәтінін оқып, аудар;
- қазақтың ұлттық тағамдарын ата;
- бауырсақ, шелпек, қазы, қарта, талқан, құрт, ірімшік сөздерін қолдана отырып алдымен сөз тіркестерін,
содан соң сөйлем құрастыр;
- «Мереке дастарханы» тақырыбына шағын шығарма жаз.
Осы тәріздес сұрақтар оқушылардың қызығушылығы мен ізденімпаздығын арттыратыны сөзсіз.
Сонымен деңгейлік тапсырмалардың, бүгінгі күнде мемлекеттік тілді оқыту барысын жетістік пен
нәтижеге жету жолында маңызы зор деп айтуға болады.
Проект технологиясының басқа технологиялардан ерекшелігі – оқу құралының орнына көптеген
зерттеу материалдары қолданылады[4]. Проект (жоба) – бұл қандай да бір актіні алдын ала ойлау, болжау
мәтіні, құжат. Жобалық әдіс – пән бойынша немесе пәнаралық негізде белгілі бір бағдарлама бойынша
құралған мақсатты бағыттағы мектептік оқу немесе мектептен тыс оқу, іздену, зерттеу қызметі. Оқыту
жобасы – оқушылардың өзіндік шығармашылық қызметі болып саналады. Яғни, жобаны іске асыру,
орындау барысында ақпарат іздеу, жинаған материалдары бойынша қорытындылау, талдау:
- өзіндік, эксперименттік жұмыстардың қорытындысын шығару;
- жеке тұлға қалыптастыру бағытында жүргізілген зерттеу жұмыстары.
Жобалық оқытудың мақсаты – оқушыларға мектеп қабырғасында іскерлік қабілеттерін қалыптастыру.
Жобалап оқыту технологиясы – проблемалық оқытудың идеясын дамыту. Жобаны орындаудың
мақсаты – қарым-қатынас, сөйлеу барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын
жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады. Бұл технология білім жүйесінде оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырады. Жоба технологиясын тиімді қолдана отырып мынандай сабактар
жүргізуге болады: шығармашылық сабағы, апталық, мерейтойлар, ашылулар бағдарламасын қорғау
сабағы, қойылымдар сабағы, көрме сабақ, жарнама, видеофильм қорғау сабағы.
Мысалы: Ілияс Жансүгіров шығармашылығына арналған сабақ моделін құрастыру барысында үш
бағытты жобаның үлгі тақырыптары берілді.
Олар: 1 бағыт – «Өз ұлы өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?» (ақынның өмірі мен еңбектері)
2 бағыт – Ақынның лирикалық өлеңдеріне шолу,
3 бағыт – Ақынның поэмалары.
Жоғарыда аталған жаңа педагогикалық технологиялардың бірі ақпараттық – қарым-қатынас
355
технологиясы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін компьютердің қуаттаумен жүргізуді үйрену бүгінгі күннің
кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі деп санаймын. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін компьютермен
оқытудың мақсаты – оқу жұмысының жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды, оқушының пән
бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етеді, өзін-өзі
реттеуді дамытады, оқушының мақсатты қызметін ынталандырады. Мысалы, Олжас Сүлейменовтың
«Арғымақ» өлеңімен 8-сынып оқушыларын таныстырғанда сабақты компьютер кабинетінде өткізуге
болады. Презентация жасауды POWER POINT бағдарламасымен слайдтарды оқып, талдау жұмыстары
атқарылып, компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерінде фонограф, әмбебап және лазерлік
ойнатқыштар көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдауға мүмкіндік туады, Электрондық оқулықтар
мен компьютердің қуатын кез келген сабақта қолданып, сабақтың сапасын көтерумен қатар оқушылардың
ынтасын, белсенділігін арттыруға, өз бетінше практикалық жұмысты орындауға дағдыландыруға болады.
Технологияның маңыздылығы мен құндылығы ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігінде.
Қазір білім беру парадигмасы өзгеріп, жаңаша көзқарас, жаңаша менталитет пайда болған кезеңде «Сыни
тұрғысынан ойлау» технологиясы педагогиканың негізгі аксиомалар талаптарына сай келеді. Әйгілі орыс
жазушысы Л.Н.Толстойдың «Терең ойланумен игеріп алған білім ғана білім» дегеніндей, бұл жүйенің
тағы бір ерекшелігі: кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатыны. Сын
тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста, оқушылардың:
- өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;
- ұқсас құбылыстар арұқылы арасынан тиімдісін таңдай білу;
- проблеманы шеше білу;
- пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының дамытпалы оқумен үндес екендігі көрінеді.
Мысалы: 10-сыныптағы әдебиет сабағында С.Көбеев шығармашылығын оқытуда «ЖИГСО-2»
стратегиясын күрделендіріп, экспорт сұрақтары, «Үш қадамды сұхбат» стратегияларын қолдана отырып,
сыныпты шығармашылық ізденіске жетелеуге болады. Оқушылардың меңгерілген мәтінді талдауға
өз пікірлерін жан-жакты ашуға бағытталған «Қарама-қарсы элементтер», «Пікірталас», «Т кестесі»,
«Дәлелденген эссе» тәрізді стратегияларды қолдаңу өте құнды.
«Қарама-карсы элементтер»
«Алпамыс батыр» жыры бойынша
Алпамыс
Ұлтан құл
Елін сүйген ер, ақжүрек, мейірімді, жаны
таза, талантты, өнерлі, батыл, намысшыл,
нәзік сезім иесі
Қара басының қамын жеген ез, қатыгез арам ойлы,
дөрекі, қара күш иесі, қорқақ, әлсізге күшін жұмсайтын
дөкір, іші тар, зорлықшыл
Стратегиялар оқушыларды пәнге, тіл өнеріне қызығушылыққа баулуда таптырмас құрал. Білім көбіне
– жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игеріледі. Сыныптағы оқушылар түсінбейтінін бір-
бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыруға өздері ықпал жасап отырады. Бұл бағдарлама
жаңа буын оқулықтарының негізі болып табылатын «Дамыта оқыту» жүйесіне ешбір кедергісіз ене
алады[5].
Әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. XXI ғасырда ғылым алға басып барады. Жаңа
формация мұғалімі қызметінің мақсаты-оқушының өзін-өзі тұлғалық дамытуына жағдай жасау. Жеке
тұлғаны дамыту дегеніміз: оқуға үйрету, яғни оқу процесінде туындаған проблемаларды шеше білуге
үйрету; қазіргі өмірдегі экологиялық, саяси, ұлтаралық және басқа өзекті проблемаларда бағдарлана білуге
үйрету; рухани құндылықтар әлемінде бағдарлана білуге үйрету; әлеуметтік белгілі бір рольдерге(азамат,
тұтынушы, ұйымдастырушы, отбасы мүшесі және т.б.) байланысты проблемаларды шешуге үйрету; кәсіби
таңдау проблемаларын шешуге үйрету.
Мұғалім үнемі ізденіс үстінде жаңалықтан қалыспауы керек. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың
басты мақсаттары – оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің деңгейін өсіру, сөйлеу мәдениетін дамыту және
356
сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Ертең ол азамат өз халқының рухани байлығын өзгеге тіл арқылы
танытады. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз: «Сабаққа жаңа технология әдістерін қолдана отырып,
оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру».
Қазақ тілі сабағын қызықты да, пайдалы өткізу үшін қазіргі жаңа технологияны тиімді пайдалану керек.
Біздің ойымызша, болашақта жаңа оқыту технологиялары оқу-тәрбие үрдісін жүйелеу факторы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |