Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар


Критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу



Pdf көрінісі
бет52/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82

1.Критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу.  Критериалды  бағалау - бұл    білім    берудің  мақсаты  мен 

мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық  құзырлылығын қалыптастыруда  алдын-ала  белгіленген   

жетістіктермен салыстыру үрдісі. [3, 31-б]


363



Атқарылатын жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

О/ж белгі

1

Пән мұғалімдеріне критериалды 



бағалау жүйесін меңгертуге арналған 

семинар- кеңестер ұйымдастыру 

I жарты жылдықтағы 

әр аптаның дүйсенбі 

күндері 

ДИІЖО: 


М.Жамантаев

2

Пән мұғалімдерінің ғаламтор 



арқылы ғылыми-шығармашылық 

ізденіс жүргізуін реттейтін жұмыс 

кестесіне сай критериалды бағалау 

жүйесі бойынша материалдар 

жинақтау

Ғаламторды қолдану 

кестесінде көрсетілген 

мерзімде


7

А 

сыныбына 



сабақ беретін 

пән мұғалімдері

3

Критериалды бағалау жүйесі 



бойынша «Н.Назарбаев зияткерлік 

мектептері» дербес білім беру 

ұйымы өткізетін он-лайн сабақтарды 

көру 


Он-лайн сабақтар 

кестесінде көрсетілген 

мерзімде

Информатика 

пәнінің 

мұғалімі: 

М.Биходжаев 

4

Пән мұғалімдерінің шығармашылық  



күндер кестесіне сәйкес 7

А 

сыныбына сабақ беретін пән 



мұғалімдерінің Шымкент 

қаласындағы әмбебап ғылыми 

кітапханалардан критериалды 

бағалау жүйесі жайлы ізденуін 

ұйымдастыру.

Пән мұғалімдерінің 

шығармашылық  

күндер кестесінде 

көрсетілген мерзімде

ДИІЖО: 


М.Жамантаев

5

Тақырыптар бойынша критерийлер 



мен дескрипторлар жасау

Оқу жылы бойында

7

А 

сыныбына 



сабақ беретін 

пән мұғалімдері

6

Пән мұғалімдерінің критериалды 



бағалау жүйесін қолдану арқылы 

өтетін ашық сабақтарының кестесін 

түзу

01.09.2012 жыл



ДИІЖО: 

М.Жамантаев

7

Пән мұғалімдерінің критериалды 



бағалау жүйесін қолдану арқылы 

өтетін ашық сабақтарына енуді және 

нәтижесін дөңгелек үстел түрінде 

талқылауды ұйымдастыру

Ашық сабақтар 

кестесінде көрсетілген 

мерзімде

ДИІЖО: 


М.Жамантаев,  

7

А 



сыныбына 

сабақ беретін 

пән мұғалімдері

8

7



А 

сыныбына сабақ беретін 

пән мұғалімдерінің арасында 

критериалды бағалау жүйесі 

бойынша байқау ұйымдастыру

Сәуір


ДИІЖО: 

М.Жамантаев



364

9

7



А 

сыныбының оқу үлгеріміне 

мониторинг жасау

Әр тоқсан 

қорытындысында

ДИІЖО: 


М.Жамантаев

2.  Назарбаев  зияткерлік  мектептерінің  тәжірибесімен  физика,  информатика  пәндері  бойынша 

практикалық-өнертапқыштық  үйірмелер  ашу.  Бұл  үйірме  жұмысының  басты  ерекшелігі - тек  қана 

тәжірибелік жұмыстар жасап, өнертапқыштықпен айналысу бағытында жұмыс жасайды. 

Үйірменің  мақсаты:  физика,  информатика  пәндері  бойынша  практикалық-өнертапқыштыққа  бейім 

оқушыларды іріктеп, қабілеттерін,шығармашылық жұмыстарын дамыту арқылы еліміздің экономикасының, 

өндірісінің  қарышты  қадамының  қозғаушы  күші  болатын  болашақ  өндірістік  өнертапқыш  буынды 

қалыптастыруға септесу.



2012-2013 оқу жылындағы «Электротехника» практикалық - өнертапқыштық үйірмесінің 

жұмыс жоспары 



Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

О/ж белгі

1

Үйірме мүшелерінің өнертапқыштық 



жобаларының  тақырыптарын 

айқындау мақсатында арнайы 

түзілген жұмыс кестесіне сай 

үйірме мүшелерінің ЖОО-

мен және облыстық ғылыми-

әмбебап кітапханалармен, 

ғылыми орталықтармен ғылыми-

шығармашылық қатынасын 

қалыптастыру

Қыркүйек 

ДИІЖО:  

М.Жамантаев,                 

Үйірме жетекшілері

2

Үйірме мүшелерінің өнертапқыштық 



жобаларының  тақырыптарын 

айқындау мақсатында үйірме 

мүшелерінің ғаламтордан ізденіс 

жүргізуін ұйымдастыру 

Қыркүйек 

Үйірме жетекшілері

3

Айқындалған өнертапқыштық 



жобаларды бірлестік отырыстарында 

талқылау


Қазан

Бірлестіктер 

жетекшілері

4

Өнертапқыштық жобаларды 



үйірме мүшелерінің жоғары 

оқу орындарындағы ғылыми 

жетекшілерінің қарауына ұсыну және 

олардан ғылыми-әдістемелік бағыт-

бағдар алу  

Қазан


Үйірме жетекшілері

365

5

Жоғары оқу орындарындағы 



ғылыми жетекшілер мақұлдаған 

өнертапқыштық жобаларды үйірме 

мүшелеріне бекітіп беру

Қараша


Үйірме жетекшілері

6

Үйірме мүшелеріне бекітілген 



практикалық-өнертапқыштық жобалар 

бойынша ғаламтордан, облыстық 

ғылыми-әмбебап кітапханалардан, 

ғылыми орталықтардан ізденіс 

жүргізу

Желтоқсан



Үйірме жетекшілері

7

Үйірме мүшелерінің өз 



жобалары бойынша жоғары 

оқу орындарының базасында 

лабораториялық,практикалық 

жұмыстар жүргізуін ұйымдастыру

Қаңтар, ақпан, 

наурыз


Жоғары оқу 

орындарындағы 

ғылыми 

жетекшілері



8

Практикалық-өнертапқыштық 

жобаларды мектепішілік ғылыми-

тәжірибелік конференцияда 

таныстыру

Сәуір


ДИІЖО:  

М.Жамантаев

9

Құнды жобаларды 



оқушылардың ғылыми жобалар 

жарысына,оқушылардың ғылыми 

мерзімді баспасөзіне және ғаламторға 

жолдау.


Мамыр

ДИІЖО:  


М.Жамантаев

 3.Төмендегі кестеде білім беру ісінде зияткерлік мектептердің барлық педагогтары тарапынан басым 

түрде  қолданыстық  маңызға  ие  болған  сын  тұрғысынан  ойлау  әдістемесін  мектебіміздің  мұғалімдеріне 

меңгерту жоспары ұсынылып отыр:



Атқарылатын жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

О/ж белгі

1

Пән мұғалімдеріне сын тұрғысынан 



ойлау әдістемесін меңгертуге арналған 

әдістемелік семинар-кеңестер 

ұйымдастыру

I жарты жылдықтағы 

әр аптаның дүйсенбі 

күндері


М.Жамантаев

2

Пән мұғалімдерінің ғаламтор арқылы 



ғылыми-шығармашылық ізденіс 

жүргізуін реттейтін жұмыс кестесіне 

сай сын тұрғысынан ойлау әдістемесі  

бойынша материалдар жинақтау

Пән мұғалімдерінің 

ғаламтор арқылы ізденіс 

жүргізу кестесінде 

көрсетілген мерзімде

Пән мұғалімдері

3

Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі  



бойынша «Н.Назарбаев зияткерлік 

мектептері» дербес білім беру ұйымы 

өткізетін он-лайн сабақтарды көру 

Дер кезінде

Информатика 

пәнінің 


мұғалімдері: 

М.Биходжаев, 

Т.Бегімқұлов 


366

4

Пән мұғалімдерінің шығармашылық  



күндер кестесіне сәйкес ұстаздардың 

Шымкент қаласындағы әмбебап 

ғылыми кітапханалардан сын 

тұрғысынан ойлау әдістемесі  жайлы 

ізденуін ұйымдастыру

Пән мұғалімдерінің 

шығармашылық  күндер 

кестесінде көрсетілген 

мерзімде

ДИІЖО: 


М.Жамантаев

5

Пән мұғалімдерінің сын тұрғысынан 



ойлау әдістемесін қолдану арқылы 

өтетін ашық сабақтарының кестесін 

түзу

Қыркүйек


ДИІЖО: 

М.Жамантаев

6

Пән мұғалімдерінің сын тұрғысынан 



ойлау әдістемесін қолдануы бойынша 

байқау ұйымдастыру

Сәуір

ДИІЖО: 


М.Жамантаев

7

Пән мұғалімдерінің сын тұрғысынан 



ойлау әдістемесін қолдану арқылы 

өтетін ашық сабақтарына енуді және 

нәтижесін дөңгелек үстел түрінде 

талқылауды ұйымдастыру

Ашық сабақтар 

кестесінде көрсетілген 

мерзімде

Шығармашылық 

топтар 

жетекшілері



8

Педагогтардың сын тұрғысынан ойлау 

әдістемесі бойынша дайындалған 

сабақ талдамаларын, мақалаларын 

педагогикалық мерзімді баспасөзде 

жариялау


Сәуір, мамыр

Пән мұғалімдері

9

Оқыту үрдісінде сын тұрғысынан 



ойлау әдістемесін қолдану нәтижесіне 

мониторинг жасау

Әр тоқсан 

қорытындысында

ДИІЖО: 

М.Жамантаев





Атқарылатын жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

О/ж белгі

1

Клуб мүшелерінің тізімін жасап, бекіту 



Қыркүйек

ДИІЖО: 


М.Жамантаев

2

Клуб мүшелеріне ағылшын тілі пәні 



мұғалімдерінің сабақтарын өткізу 

кестесін түзу.

Қыркүйек

ДИІЖО: 


М.Жамантаев

3

Клуб мүшелерінің өз пәндеріндегі 



ғылыми терминдерді ағылшынша 

атау арқылы сабақ өткізуін тексеру 

мақсатында жасалатын сабаққа енулердің 

кестесін жасау.

Қыркүйек

ДИІЖО: 


М.Жамантаев

4

Түзілген кестеге сай клуб мүшелеріне 



ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің 

дәрістерін ұйымдастыру.

Тұрақты түрде

Клуб төрайымы: 

Э.Бұғыбаева

5

Түзілген кестеге сай клуб мүшелерінің 



сабақтарына енуді және соңынан 

талқылауды ұйымдастыру

Желтоқсан-мамыр

Клуб төрайымы: 

Э.Бұғыбаева


367

6

Клуб мүшелерінің ғаламтор арқылы 



ізденіс жүргізуін реттейтін жұмыс 

кестесін түзу және сол кестеге сай 

ғаламтордан қажетті материалдар 

жинақтауын бақылау

Тұрақты түрде

ДИІЖО: 


М.Жамантаев

7

Пән мұғалімдерінің шығармашылық 



күндер кестесіне сай клуб мүшелерінің 

Шымкент қаласындағы ЖОО-мен, 

әмбебап ғылыми кітапханалармен ғылыми 

–шығармашылық қатынас жасауын 

ұйымдастыру

Тұрақты түрде

ДИІЖО: 

М.Жамантаев



8

Клуб мүшелерінің арасында өз 

пәндеріндегі ғылыми терминдер бойынша 

зияткерлік сайыстар ұйымдастыру.

Тұрақты түрде

Клуб төрайымы: 

Э.Бұғыбаева

9

Әр аптаның сәрсенбі күнін клуб 



мүшелерінің бір-бірімен ағылшынша 

қарым-қатынас жасау күні ретінде 

белгілеу.

Тұрақты түрде

Клуб төрайымы: 

Э.Бұғыбаева

10

Жақсы нәтижелер көрсеткен клуб  



мүшелерін мектеп әкімшілігі тарапынан 

марапаттау

Мамыр

ДИІЖО: 


М.Жамантаев

4.Зияткерлік  мектептердегі  көптілді  оқытудың  элементтерін  оқу  үрдісіне  кіріктіру  мақсатында 

мұғалімдердің  мектепішілік «Poliglots» клубы  құрылды.  Клуб  мұғалімдердің  өз  пәндеріндегі  ғылыми 

терминдерді сабақтарында үш тілде оқытуын жолға қоюды  2012-2013 оқу жылындағы жұмыс жоспарының  

басым бағыты ретінде белгіледі.

«Poliglots» клубының жылдық жұмыс жоспары

    Мектеп  әкімшілігі  алдағы  уақытта  Халықаралық  Бакалавриат  ұйымының  оқу  бағдарламаларын 

мектептің білім беру жүйесіне енгізудің тетіктерін қарастыруда.

Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты//Егемен 

Қазақстан. №41-42.2012.,

2. Орта білім берудің мазмұны:дәстүрлері мен өзгерістері (II халықаралық ғылыми-тәжірибелік 

конференция  мақалаларының жинағы) Шығарылымға жауаптылар: Қасымов Б.,Керімқұлова А.,Забара 

Л.,Нарботаева К. Астана, 2012

3. Беукладников К.,Красноборова А.,Крузе Б. Критериальное оценивание результатов       образования. 

Пермь, 2012



368

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ 

БАҒЫТТАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯ

Оразаева З. Н.

Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,

Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы, 

ІІІ-деңгейлі курс тренері

Павлодар қ., Қазақстан Республикасы

Андатпа

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының ІІІ-деңгейлі 

Бағдарламасы қазіргі таңда оқушылар мен мұғалімдердің тиімді іс әрекеті үшін сыртқы қорлары мен 

білім,  білік  және  дағдыларын  жұмылдыруға  адамның  дайындық  құзыреттіліктерін  қалыптастыруда 

маңызды орын алады.

Аннотация

Программа  третьего (базового) уровня курсов повышения квалификации педагогических работников 

Республики Казахстан занимает важное место при формировании компетенции педагогов и учащихся, 

посредством  внешних  ресурсов  и  знаний,  умениий  и  навыков,  в  целях    повышения  эффективности 

деятельности. 

Abstract

Three levels program of developing profi ciency of pedagogical staff of the Republic of Kazakhstan to create 

effective experience for teachers and students using their knowledge and experience to establish their preparedness 

to play an important role today.

  

2020  жылдарға  арналған  ҚР  білім  беруді  модернизациялаудың  Тұжырымдамасында  жалпы  білім 



беретін мектептер  білім, білік және дағдының әмбебап біртұтас жүйесін, сонымен қатар білім алушының 

жеке жауапкершілігі мен өздік іс әрекет  тәжірибесін, яғни, қазіргі білім беру сапасын анықтайтын кілтті 

құзыреттілік қалыптастыру қажет деп атап көрсеткен [1, 2-б]. 

ІІІ-деңгейлі  курс  Бағдарламасы  оқу  үдерісінде  өзін-өзі  реттей  алатын,  өзінің  оқуы  төңірегінде  ой 

жүгірте  алатын,  қоршаған  орта  мәнмәтінінде  өзінің  білім  қорын  сыни  тұрғыдан  ойластыруға  қабілетті 

оқушы  тұлғасын  қою  арқылы  оны  тәрбиелеуге  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  мұғалімді  дамытуға 

бағытталған  осы  Бағдарлама  заманауи  ғылыми  зерттеулердің  шынайы  нәтижелерін  және  оқытудың 

озық  практикалық  тәжірибесін  ықпалдастыруы,  еліміздің  білім  беру  жүйесін  дамытудың  стратегиялық 

жоспарларының  мақсаттарына  сәйкес  келеді.  Тренер  ретінде  біздің  міндеттеріміз  қазақстандық 

мұғалімдерді  оқыту  үдерісінде  сол  мұғалімдердің  практикалық    тәжірибелерін  пайдалану  арқылы  осы 

Бағдарламаның теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне ойдағыдай бейімдеу болып табылады.



С.И.  Гессен  «Сабақ  шығармашылыққа  толы  болу  керек  және  сонымен  қатар  сабақ  болып 

қалуы тиіс» деген [2, 162-б]. Сондықтан оқу-тәрбие үдерісі сабақпен басталып, сабақпен ол аяқталады. 

Қалғандарының бәрі мектепте маңызды болса да, олар сабақта  қалыптасатындардың барлығын толықтыра 

және дамыта  қосымша рөл атқарады. Осы тұста мұғалім құзыреттілігі басты көрсеткіш болмақ.  Соңғы 

кездерде баса назар аударылып жатқан «Құзырет» сөзінің астарына көз жүгіртсек ол – нақты бір  жағдаятта 

тиімді іс әрекет үшін сыртқы қорлары мен білім, білік және дағдысын жұмылдыруға адамның дайындығы 

дегенді білдіреді. 



Соныменен  «Біліктілік»  яғни, «Құзыреттілік»–  мұғалімнің  жете  білушілігі,  бұл  белгілі  бір 

жағдаяттардағы  іс-әрекетке  оның  дайындығы [3, 56-б].  Қысқаша  айтар  болсақ, (Құзыреттілік = білім 



+ тәжірибе) құзыреттілік педагогтің алған білімі мен оның іс тәжірибесінің ықпалдасуы. Ол әркімде әр 

369

түрлі деңгейде қалыптасатыны сөзсіз. Н. Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзыреттілікті 

тудыратын  төрт  негіз  бар ( біріншісі – кәсіби-әдістемелік  құзыреттілік,  екіншісі – іс-әрекет  негізіндегі 

құзыреттілік, үшіншісі - әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі және төртіншісі – жеке тұлға негізіндегі 

құзыреттіліктер)  сыншыл  ойлауды,  рефлексияны,  өз  позициясын  анықтау  қабілеттілігін,  өздігінен 

бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық. [4, 182-б].

•  Кәсіби-әдістемелік  құзыреттілік.  Баланы  сын  тұрғысынан  оқыту  мен  үйретудің  құзыреттілігі: 

(қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекетке үйрету. 

Осы  сабақ  кезінде  үйренуші  не  үйренгенін  саралап,  салмақтап,  оны  қандай  жағдайда,  қалай  қолдану 

керектігін  ой  елегінен  өткізу.  Белсенді  түрде  өз  білімінің  үйрену  жолына  қайта  қарап,  толықтырулар, 

өзгерістер енгізу, білімнің болашаққа қажетке жарауын қалыптастыру);    

•  Проблеманың  шешуін  табу  құзыреттілігі.  Мұғалімдердің  сыни  тұрғыдан  ойлауы  өзінің  жұмыс 

тәжірибесін  сыни тұрғыдан бағалау, жаңа тәсілдерді қолдану әрекеті мен оларды бағалау құзыреттілігі.

•  Коммуникативтік  құзыреттілік – адамдармен  өзара  әрекет  пен  қарым-қатынас  тәсілдерін  білуді, 

түрлі  әлеуметтік  топтарда  жұмыс  істеу  дағдыларын,  қоғамдағы  түрлі  әлеуметтік  рөлдерді  орындауда,  

өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін 

қарастырады.

Бағдарламаның  алғашқы  «Бетпе-бет»  кезеңіндегі  алған  теориялық  білімін  «Мектептегі  тәжірибе» 

кезеңінде  толықтырып,  екінші  «Бетпе-бетте»  олар  теория  мен  тәжірибені  ұштастыра  аналитикалық 

талдау жүргізу барысында мұғалімдердің сабақ морфологиясы туралы нақты мәлімет алу, сабақты өздік 

талдаудың жүйелі тәсілдерінің  технологиясын, мұғалімдердің рефлексивтік қабілеттері және ұжымның 

ой, іс-әрекеттерін практикада қолданудың технологиясын үйрену құзыреттіліктері шыңдалады.

Сабақты  құзыреттілік  тұрғыдан  қарау  мұғалімге  оқушылардың  стратегиялық  іс-әрекет,  зерттеу, 

жобалау, сахналау, модельдеу, сындарлау, нәтижені жобалауды және әр түрлі ойлау түрлерін - теориялық, 

сыни, шығармашылық, ақпаратты өңдеу дағдыларын, ойлау сапасын дамытуға бағытталады. Құзыреттілік  

тұрғыдағы заманауи сабақтың білім беру үдерісіндегі орны, құрылымы, мазмұны, ұйымдастыру формалары, 

әдістері, құралдары  мен ерекшеліктеріне баса назар аударатын болады.

Сондай – ақ,  оқушының да және мұғалімнің де жалпы мәдениеттілік (оқу–танымдық және ақпараттық) 

ақпаратпен  жұмысқа,  коммуникативтік – басқа  адамдармен  қарым  қатынасқа  түсу,  әлеуметтік-еңбек 

(ынтымақтасу) – басқа  адамдармен  ынтымақтасуға,  тұлғалық  анықталу  (проблемалық) –  проблеманы 

шешуге жұмылу дайындықтары артады.

Біз мұғалімдерді оқыту барысында олардың қандай құзыреттіліктері қалыптысып, дамығанын білдік. Ең 

алдымен бағдарлама көлеміндегі берілген жеті модуль туралы оқып біліп, оны не үшін қолданатындықтарын 

түсінді.  Оларды не үшін қолданды?  «Оқытудағы жаңа тәсілдер модулі» - оқушыларға және мұғалімдерге 

қалай оқу керектігін үйрету, оқушыларға жұпта және топта, мұғалімге әр баламен қарым-қатынасқа түсуге, 

тапсырмаларды  тиімді  орындау  үшін. «Сын  тұрғысынан  ойлау»-кез-келген  тапсырманы  жан-жақтан 

қарастырып шешімін табу үшін.  «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау»-өзінің және басқаның қандай 

дәрежеде  екендігін  білу  және  келесі  әрекетін  жоспарлау  үшін. «Оқытуда  ақпараттық-коммуникативтік 

технологияларды  қолдану»-  оқушылардың  танымдық  қызығушылықтарын  арттыру,  уақытты  үнемдеу 

үшін. «Таланты    және  дарынды  балаларды  оқыту» - дарынды  балалардың  шығармашылық  жетілуіне, 

жоғарғы деңгейде дамуына жағдай жасау үшін. «Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту 

және оқу» - тапсырмалардың оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқушыларға деген талаптың сай болуы 

үшін. «Оқудағы    басқару  және  көшбасшылық» - топтағы  жұмысты  ұйымдастыру,  өзара  көмек  көрсету, 

бағалау  жүргізу  үшін  қолданғандарын  түсінгендерін  байқадық.  Оған  дәлел  таныстырылым  қорғау 

барысында  белгілі болды.

 Бағдарламаны игеру барысында мұғалім мақсат қоюды басты назарда ұстау керектігін ұғынады. Бұл 

мұғалімнің өзі анықтайтын мақсаттар жүйесі. Мұғалім бағдарламаның мазмұнына талдау жасай отырып, 

білім беру стандарты талаптарына, өзінің жеке әдістемелік іс-тәжірибесіне  сүйене, тақырыптың негізгі 

мазмұнын мақсат қою тіліне айналдырады. Мақсаттар қою мұғалімнен міндетті түрде оқушыларға түсінікті 

арнайы әдістемелік тілмен жазылуын және нақты жеткізе білу дағдысын талап ететінін сондай-ақ «білу», 



370

«түсіну», «жасай білу», «елестете алу», «сипаттама бере білу» және т.б. сөздермен берілеуін талап етеді. 

Мектеп тәжірибесінен өтіп келгеннен кейінгі талдау кезінде: 

- Сіздерде не өзгерді?- деген сауалыма, 

-  Осыған  дейін  сабақ  жоспарын  өзімізге  лайықтап  құрсақ,  қазір  оқушыға  тікелей  қызмет  атқаруға 

қатысты құрудың маңыздылығын түсіндік деп, бір ауыздан  жауап берді. Бұл мұғалімнің сабақ жоспарын 

белгілеуде мақсаттарды құру үдерісі (мақсат қою) технологияда ең негізгі екенін ұғынуы. Өйткені мұғалім 

мақсаттар  диагностика  құрылымының  мазмұнын,  оқушының  өзіндік  жұмысының  көлемін  және  түзету 

мен логикалық құрылымының мазмұнын анықтайтынын түсінген. Соның нәтжесінде:

• -    жеке тұлғаға бағытталған жұмысқа алғашқы қадам жасалған; 

• -   мұғалім тақырыптық жоспарлаудан кетіп, алдағы оқу үдерісін жобалауды мақсаттар жүйесі түрінде 

көре бастаған (бұл жаңа әдістемелік ойлаудың бастамасы);

• -   оқушы үшін оның білімі мен дағдысына қойылатын талаптардың нақты және жаңа жүйесін құра 

алған. 


Бағдарлама  негізінде  тыңдаушылардың  оқудағы  іс-әрекеті,  олардың  ойлау  дағдыларын  жетілдіре 

отырып, мақсат қою, оны жүзеге асыру құзыреттіліктерін Блумның жүйесінде былайша көрсетуге болады 

(1-кесте)

Дағдылар 

            Анықтама  

 

Тыңдаушы іс-әрекеті 



 

 ө     Білім

 

  н 


  і           

  м  Түсіну

  с              

  і          

  з 

              



     Қолдану

  

  



 

 ө  Талдау   

 н    

 і             



 м   

 д              

 і Жинақтау 

    (Синтез)

             

             

        

Бағалау 


           

Бағдарламаның 7 модулінің теориялық 

негіздерінің тұжырымдамалары туралы не 

білесіз?.  

Бағдарламаның 7  модулінің идеяларын 

“Мектептегі тәжірибе” кезінде практикалық 

тәжірибеңізде не үшін қолдандыңыз? 

Ойыңызды тұжырымдамалаңыз. 

Оны қалайша, қандай тапсырмалар, 

іс- әрекеттер, әдіс-тәсілдер арқылы 

ықпалдастырдыңыз?.    

7 модульдің идеяларын қолдану барысында 

не, қалайша, неге сәтті өтті? Не ықпал  

етті,  не сәтсіз болды, оған себеп  не? 

Саралап,түсіндіріңіз. Дәлелдемелер жасаңыз. 

  

 Оқушы, мұғалімде не өзгерді?   Қандай 



кедергілер болды? Шешу жолдарын көрсетіңіз?  

Оқушылар, әріптестеріңіз және өзіңіз неге 

үйрендіңіз?  Кімге қандай көмек бере аласыз?

Алда нені өзгерткіңіз келеді? Ол үшін қандай  

қадамдар жасайтыныңызды белгілеңіз.  Өзіңіз 

қандай деңгейге көтерілгеніңізді бағалаңыз. 

  Еске сақтайды, ойлайды,  түсінгенін 

айтады, жазады. 

Түсіндіреді, 

айтады, 


көрсетеді, 

жазады, тұжырымдамалайды. 

Теориялық 

білім 


негізін 

пайдаланып,  теория  мен  тәжірибені 

ықпалдастырғанын  түсіндіреді. 

Ойланады,  салыстырады,  табады, 

талқылайды, ашады, ізденеді 

Ойлап 


табады, 

құрастырады, 

шығарады, байланыстырады. 

Бағалайды, талқылайды, кедергілерді 

анықтайды, 

шешу 


жолдарын 

белгілейді,  өз  талабын  айтады,  

синтездейді, қорытындылайды.

Алдағы 


іс 

тәжірибесінде 

нені 

өзгертетінін белгілейді. Өзінің қандай 



деңгейде 

тұрғанын 

анықтайды. 

Қадамдарын белгілейді. 

1-кесте. Бағдарлама негізінде тыңдаушылардың оқудағы іс-әрекеті, олардың ойлау дағдыларын 

жетілдіре отырып, мақсат қою, оны жүзеге асыру құзыреттіліктері (Блумның жүйесі)



371

Осы  кесте  көлемінде  көрсетілген  құзыреттіліктерін  мұғалімдер  толық  мәнді  көрсете  алды  ма? 

Әрине, барлығы бірдей көрсете алды деу орынсыз. Өйткені, мұғалімдер бұған дейін өз іс тәжірибелеріне 

бүгінгідей  бақылау-аналитикалық  талдаулар  жасау  құзыреттіліктері  қалыптаспаған.  Біріншіден  олар 

өздерінің қол жеткізген жетістіктеріне не ықпал еткенін, не сәтсіз болғанын және оның себептерін анықтау, 

екіншіден теорияны тәжірибемен қиылыстыра сипаттап жазу қиындық туғызады. Осы жерде тілдің басты 

қызметі-коммуникативтік  қызметтің  орны  ерекше.  Бірақ,  алғашқы  кезеңдермен  салыстырғанда  талдау-

бағалау деңгейлерінде үлкен айырмашылық байқалады. Қиындықтар әсіресе жинақты шағын мектептер 

мұғалімдер тарапынан болды. Себебі, сыныптағы балалар саны кейбіреулерінде 1-2 немесе 5-9 оқушыдан 

аспайды. Оларды топқа бөлу, топтағы іс әрекеттерін бақылау қиындық келтірген. Дегенмен мұғалімдер 

тарапынан сыныптарды біріктіру және жұптық жұмыстарды жиі қолдану арқылы бұл кедергілерден шыға 

білген.  Бұл  мұғалімнің  белгілі  мерзімде  оқу  материалының  пайдалы  мазмұнын  сапалы  игеру  бойынша 

оқушының өздік ақыл-ой іскерлігін ұйымдастыру, әрекет, іскерлік құзыреттілігінің дамығанының айғағы.

Бұл не үшін бізге және біздің тыңдаушыларымызға қажет болды?

Біріншіден,  мұғалімдерді  дамытуға  арналған  осы  бағдарлама  аясында  қазіргі  заманауи  ғылыми 

зерттеулер мен оқытудың алдыңғы қатарлы тәжірибелердің ықпалдасуы мен кіріктірілуі арқылы, бүгінгі 

білім жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларының мақсаттарына сәйкес еңбек ету; 

Екіншіден,  бағдарламада  ұсынылған  әдістер  мен  тәсілдер  қазіргі  біздің  білім  беру  жүйесінде  өзекті 

болып отырған жеті модульдің әрқайсысы арқылы оқушы мен мұғалімнің қарқынды өзгеріп жатқан өмір 

жағдайында үздіксіз дамуына, тәжірибесін дамытуға тиімді қолдана алу. Оқу үдерісінде оқушының білім 

алу, жеке тұлға ретінде даму, қарым – қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге, диалог жүргізе алатын, АКТ 

саласында белсенді жас ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету.

Алғашқыда қиындық туғызған бағдарламаның негізінде біздің тыңдаушыларымыздың іс тәжірибесіне 

өзгерістер  енгізетіні  біраз  күдік  туғызғанын  жасыра  алмаймыз.  Кейін  теориялық  және  тәжірибелік 

дайындықтардан  өткен  соң,  бұл  күдігіміз  сейіліп  сала  берді.  Қазіргі  күні  тыңдаушыларымыздың 

қаншалықты  деңгейде  өзгеріске  түскені  біз  үшін  үлкен  табыс.  Алғашқы  күндер  мен  соңғы  күндер 

арасындағы олардың жасаған пікірлері, көзқарастары, нәтижелері соның айғағы. 

Курсқа  дейінгі  кезеңдерде  мұғалімдер  бағалаудың  екі  түрін  ажыратпай,  өздері  білетін  бағалау 

өлшемдерімен  біреулерге  үш,  біреулерге  төрт,  ал  енді  біреулеріне  бес  қойып  бағалады.  Егер  бала, 

өз  мүмкіндігінен  жоғары  орындаса,  онда  күдік  туып, «Мүмкін  ол  көшіріп  алған  шығар»  деген  ойлар 

мазалады.  Не  себептен  ондай  ойлар  пайда  болды?  Сенімсіздіктен  бе?  Иә  болмаса,  олар  баланың  өздік 

реттелуі деңгейін анықтады ма, жоқ болмаса, оң баға алу үшін барлық бойындағы күшін салған баланың 

ұмтылысын ескерді ме, жоқ па? Сондықтан, аз күш жұмсау қажеттігі туралы олардың түсініктерін өзгертіп, 

нәтижеге қол жеткізу үшін іс-әрекеттің қажеттігін  түсіндірдік.                  

Курс барысында тыңдаушыларымызға бақылау жүргізу арқылы, әрқайсысының неге қабілетті, кімге 

қандай  тапсырма  беру  керектігін  түсіну  арқылы,  біліктілік  арттыру  курстарында  мұғалімдермен  сабақ 

жоспарын құру, сабаққа талдау жүргізу, әр қадамдарына рефлексивті есеп жазуды және мәдени күнделік 

жүргізуді талап етудің нәтижеге бағытталатынын түсіндік. Мұны тек үш айлық курс көлемінде ғана емес, 

36 және 72 сағаттық курстар барысында да басшылыққа алуды жоспарладық.

«Бағалау»  ұғымы  «қатар  отыру»  деген  мағынаны  білдіретіндіктен  біздің  ой  түйгеніміз  мұғалімдер 

де, оқушылар да тек қана не айтқандарын ғана бағалап, ал өз білімінің деңгейін, іс-әрекетін бағалауды 

есепке алмайтындарын, пайда болған проблемаларды шешу оларға қатысты емес деп түсінетіндіктерін, 

оны  өзгертуге  құлшыныс  білдірмейтіндеріне  көзіміз  жетсе,  курс  соңында  тыңдаушыларымыз  да  осы 

бағытта  үлкен  өзгеріске  түсті.  Осы  көріністер  тыңдаушыларды  өз  іс  әрекеттеріндегі  ұсақ-түйек  деп 

саналатын істердің барлығына сыни тұрғыдан қарап, бағалауға мәжбүр етті. Тыңдаушыларымызды үйрете 

отырып,  өзіміз  жеті  модульді  кіріктіруде  жіберген  қателерімізді  көруге  мүмкіндік  алдық.  Көпшіліктің 

рефлексивті  есептерін  тыңдай  отырып,  өз  ой  толғауларымыздағы  кемшілік  тұстарымызды  анықтадық. 

Таныстырылымдар  мен  рефлексивті  есептері  мықты  жасалған  әріптестеріміздің  жұмыстарын  алдағы 

болатын курстарда басшылыққа алуды жоспарладық. СТО арқылы олар бір-біріне жасаған ұсыныстарын 


372

дұрыс қабылдай отырып, нәтижелі әрекеттер жасаулары арқылы, өз бойларындағы кейбір кемшіліктерді 

түзетуге ұмтылыс жасады. Тыңдаушыларымыздың таныстырылымдары мен портфолио мазмұнына сәйкес 

олардың және өзіміздің қандай деңгейде тұрғанымызды, курс материалдарын қаншалықты деңгейде дұрыс, 

қызықты, әрі қолжетімді түсінікті беріп, жүргізгенімізді бағалай алдық. Өздік реттелу арқылы мұғалімдер 

өз  қызметтеріне  талдау  жасады,  көзқарастары  өзгерді,  сол  арқылы  біз  өздік  реттелудің  қаншалықты 

маңызды екеніне көзімізді жеткіздік.  

Осы ойлар бізді неге жетеледі? Яғни, біз өзіміз үшін оны қалай интерпретациялай алдық, нені өзгерте 

аламыз,  ары  қарай  не  істейміз  деген  ойларымызға  түрткі  болды.  Ол  курс  тыңдаушылары  арасында 

материалдарды  қабылдауда  қиындық  келтірген  мұғалімдер  үшін  жұмыс  алгоритмін  құру  (жекелей 

тақырыптар үшін), топ ережесіне сәйкес ереженің ережесін құру, сабақтар барысында өте жақсы жасалған 

эссе,  рефлексивті  есептер  мен  сабақ  жоспарларын    жинақтауды  қолға  алу  болды.  Он-лайн  режиміндегі 

сабақтар барысында, қашықтықтан әдістемелік көмек бергеннен, жанды бір мектеп базасында өткізілетін 

сабақтарға тыңдаушыларды топтап қатыстырып, талдау жасаудың қаншалықты тиімді екендігіне көзіміз 

жетті. Себебі осылайша бір мектепте бір мұғалімнің сабағына сол мектепке жақын мұғалімдерді шақырып, 

сабақтарға  қатысып,  өздік  және  өзара  талдау  жасау  барысында  мұғалімдер  практикалық  тәжірибе 

жинақтап,  сабақтың  талдауын  терең  жасап  үйренуіне  мүмкіндік  туды.  Модульдердің  сабақ  мазмұнына 

тиімді, әрі дұрыс енгізілгенін қарастыра алды. Сондықтан, келесі курс барысында осыны тәжірибеде жиі 

қолданысқа енгізуді қарастырдық.

Қандай  қорытындыға  келдік?  Курс  барысында  барлық  тыңдаушыларымыз  бірдей  талап  деңгейінде 

өз іс әрекеттеріне, сабақтарына талдау жасап, өздерінің әлсіз  және күшті жақтарын анықтап, қолданған 

әдіс -тәсілдерінің тиімді, тиімсіз екендігін ажырата алды ма? Тыңдаушылардың бақылау–аналитикалық 

құзыреттілік  дәрежелері  талап  деңгейінде  ме?  Міне,  осы  сұрақтар  төңірегінде  тағы  да  ойланып, 

олардың  алдағы  іс  тәжірибелеріне  қайтадан  не  істей  және  не  қоса  алатынымызды  белгілеуіміз  қажет 

болды. Бағдарламаның негізгі идеялары жоғарыда атап өткендей мұғалімнің сыни тұрғысынан ойлауын 

дамытатын құзыреттілікке бағытталған. Алайда, осындай игі істер қатарында кедергілер болатыны қақ. 

Бағдарламаның идеясын оқыту барысында кездескен кедергілер:

-  мұғалімдердің  ақпараттық-коммуникативтік  сауаттылықтары  мен  ақпараттық-коммуникативтік 

мәдениеттілік құзыреттіліктерінің бүгінгі күн талабына сай болмауы. 

- шалғайдағы елді мекендердегі мектептердің материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі;

-  орталықтан  алыс  ауылдық  жерлерде  ғаламтор  желісінің,  компьютерлер  мен  интербелсенді  тақта, 

проекторлардың болмауы;

-  шағын  жинақты  мектептерде  бала  санының 5-9 баладан  аспауы  және  бала  санының  аздығына 

байланысты сыныптардың біріктірілуі;

- мұғалімдердің бақылау– аналитикалық құзыреттілік дәрежелерінің төмендігі;

- Бағдарлама мазмұны мен идеяларын мектеп басшылары білмегендіктен, мектептегі тәжірибе кезінде 

мұғалімдерге жанды көмектің берілмеуі. Осы кемшіліктерді қарастырудың жолдары төмендегідей: 

-  жергілікті  жерлерде  ІІІ  айлық  курсқа  өтініш  берген  мұғалімдердің  ақпараттық-коммуникативтік 

сауаттылықтары мен ақпараттық-коммуникативтік мәдениеттілік құзыреттіліктерін көтеру мақсаттарында 

алдын-ала оқу семинарлары мен апталық курстық даярлықтарынан өткізу;

-  облыстық  білім  беру  басқармасы  мен  жергілікті  әкімшілік  өкілдерімен  интернет  желісін  тарту 

мәселелерін көтеріп, қарастыру;

-  мұғалімдердің  бақылау–аналитикалық  құзыреттілік  дәрежелерін  мектеп  басшылары  басты  назарда 

ұстау; 


- мектептегі тәжірибенің сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін ең алдымен мектеп директорлары мен оқу-

тәрбие  ісінің  меңгерушілерін  бірінші  кезекте  ІІІ-деңгейлі  курстық  даярлықтан  өткізуді  жоспарлау  және 

өткізуді қамтамасыз етуге ұсыныс жасау.


373



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет