Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет56/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82

Использованная литература

1. Казанцев И.Н. Урок в советской школе. М., 1956.

2. Иванов С.В. Типы и структура уроков.М., 1952.

3.  Баранов  М.Т.,  Ладыженская  Т.А.,  Львов  М.Р.  и  др  .Методика  преподавания  русского  языка.  М.: 

Просвещение, 1990. 

4. Махмутов М.И. Современный урок. М.: Педагогика, 1985.

5. Онищук В.А. Урок в современной школе. М.: Просвещение, 1981

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ  СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ДАҒДЫСЫНА ҮЙРЕТУДІҢ  

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Пазылова Г. Ш.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Педагогика және психология магистрі 

Қазақстан Республикасы 

Аңдатпа

Бұл  мақалада    сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясының  теориялық  аспектілері  және  оны  болашақ 

мамандарға  «Педагогикалық  мамандыққа  кіріспе»  пәні  бойынша  тәжірибеде  қолдану  жолдары 

көрсетілген. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін  қандай шаралар орындалуы тиіс туралы ақпарат 

берілген.

Аннотация 

В статье рассматриваются теоретические аспекты технологии критического мышления и приемы 

применения  на  практике  в  процессе  подготовки  будущих  специалистов  по  дисциплине « Введение  в 


398

педагогичесую специальность». Автор предлагает свои рекомендации в пошаговом обучении студентов 

навыкам критического мышления.

Abstract

The article dwells on the analysis of the theoretical aspects of critical thinking technology and the ways of 

putting these technologies into practice during the training of future specialists on the subject “Introduction into 

speciality”. The author offers his recommendations for sustainable teaching students critical thinking skills.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 2011 – 2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасының  басты  мақсаттары:  еңбек  нарығының,  еліміздің  индустриялық-инновациялық  даму 

міндеттері  мен  жеке  тұлғаның  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  және  білім  беру  саласындағы  үздік 

әлемдік  тәжірибелерге  сай  келетін  жоғары  білім  сапасының  жоғары  деңгейіне  қол  жеткізу;  өмір  бойы 

білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, 

әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді 

қалыптастыру. [1] Осы міндеттерді іске асыруда- жоғары оқу  орындарында оқу  үрдісін  ұйымдастырудың 

дәстүрлі    жүйесінің  орнына,  білім  алушылардың  белсенді,  өз  бетінше  жұмыс  жасауын  көтермелейтін 

кредиттік оқыту жүйесі енгізілді.

Бұл  кредиттік  жүйеде  білім  берудің  мақсатының  өзі  студентті  әрекеттің  объектісінен  субъектісіне 

айналдыру, яғни оның бойында белсенді түрде өз бетімен жұмыс істей білу мен өзіндік дамуды, өзін-

өзі басқару және өзін таныта білуді қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да студенттердің оқу-

танымдық  әрекеттерін  ұйымдастыруда  оқытушы  олардың  өздігінен  білім  алу,  ғылыми  әдістерді  және 

оны қолдану тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасауы керек және оқыту студенттердің сыни тұрғыдан ойлау 

қабілетін дамыту идеясына бағытталуы қажет. Себебі, сыни тұрғысынан ойлау  студенттердің өз бетімен 

білім алуы және оқытушы мен студент жұмысының тиімді болуында маңызды роль атқарады. Өкінішке 

орай, бүгінгі кейбір студент, мектеп қабырғасында  өзіндік ойын ашық айта алмайтын, дербестік іс әрекеті 

дағдысы  қалыптаспаған  кешегі  мектеп  түлегі  болғандықтан,  дәстүрлі  оқыту  шеңберінен  қалыптасқан 

тұлға. Сондықтан белсенді, өзіндік ойы қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу  мәселесі мектеп мұғалімдерінің 

өзекті проблемасы болып отыр.    

Бұл  мәселені  шешуде  қазақстандық  орта  білім  беру  мектептері  мұғалімдерінің  кәсіби    біліктілігін 

арттыруға  негізделіп  әзірленген  қазақстандық-британдық  жобаның  маңызы  зор.  Жоба 2012ж  қаңтар 

айынан бастап Қазақстан Республикасында бастау алды. Бұл жобаны жүзеге асыруда басты жеті модулді 

меңгеруге ерекше назар аударылды. Педагогикалық шеберліктің тренерлік курстарын оқу барысында, біз 

оқытудың заманауи әдістемелері идеяларын жете ұғына отырып, жоо студенттерін оқытуға деген өзіміздің 

көзқарасымызды өзгертіп, сыни ойлауды қалыптастыру және дамыту кәсіби құзырлы болашақ мамандарды  

даярлаудың бір бөлігі деген шешімге келдік.  Құзырлы маман- оқыту үдерісін оқушысы өзбетінше білім 

алатын    және өз білімі үшін жауапты бола алатындай ұйымдастыра білетін,  сыни тұрғыда ойлау қабілеті 

жоғары деңгейдегі кәсіпқой. 

Сыни тұрғыдан ойлау  Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып    табылатын қазіргі ең 

басты педагогикалық түсінік.  

Сыни  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  әлемнің  түкпір-түкпірінен  жиылған  білім 

берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз 

Темпл. Жобаның негізі Джон Дьюи, Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Атақты 

ғалым  Л.С.  Выготский:  өзінің  психологиялық  үрдістерін  түсіну  және  игеру  «ғылыми  ұғымдардың  есігі 

арқылы  келеді»  деген  еді [2,154-б.].  Ойлау  үрдістерін  өз  бетімен  ұйымдастыру  ең  алдымен  бірлескен 

оқу  әрекетінде  пайда  болады.  Оқушы  әрекеттің  мақсаттары,  құралдары  мен  шарттарының  арасындағы 

қатынасты біртіндеп түсіне бастайды. Қазіргі кезде балада ойлаудың ерекшеліктерін жоғары қарқынмен 

мақсатты қалыптастыру мүмкін екені дәлелденіп отыр. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген 


399

мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі тілек бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда 

үйрету. 

Қоғамда «сыни тұрғыдан ойлау» терминінің көп анықтамаларын кездестіруге болады. Алайда, ең кең 

тараған анықтамалардың жалпы мазмұнына сүйенсек, сыни тұрғысынан ойлау ғылым не теория болып 

табылмайды, ол рефлексивті ойлау дағдысы, түрлі пікірлер мен көзқарастарды талдау, оларға дәлелді баға 

беру қабілеті. 

«Сыни  тұрғыдан  ойлау»  деген  ұғымда  қолданылатын  «сыни»  деген  термин  ойдың  мәселені  немесе 

проблеманы  шешу  үдерісіне  шоғырлануын  білдіреді.  Бұл    тұрғыдан  алғанда  сыни  сөзі  «мақұлдамау» 

немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді. Сыни тұрғыдан ойлау ой жүгірту, пайымдау жасау немесе 

проблемны шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге  болады, не істеу керек және бұны 

ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындағын анықтау қажет болған жағдайлардың 

барлығында орын алады.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау  туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды  мәселелерді талқылау 

және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. 

Сыни тұрғыдан ойлау идеясы көне грек философтары кезеңінен бастау алады. Дегенмен ол әр уақытта 

әр қилы аталған. Кезінде адамзат баласы логика, логикалық ойлау қабілетін айта отыра, қазіргі уақытта 

маңызды болып табылатын сыни тұрғысынан ойлау идеясын меңзеген.

Заманауи әлемде сыни тұрғыдан ойлау қазіргі заманғы жұмыс күшінің ойлауын алға тартатын істер мен 

талаптарды қанағаттандырудың деңгейін орнықтыру үшін қажетті атрибут ретінде қаралады. ХХ ғасырда 

осы  проблема  сыни  тұрғыдағы  әлеуметтік  теорияның  Франкфурт  мектебінің  назарындағы  ортада  өріс 

алды.


Джон  Дьюи  білім  беру  саласында  осындай  зерттеуді  бастаған  алғашқылардың  бірі  болды,  ол 

оқушылардың  ойлау    дағдысын  қалыптастырудың  білім  беру  бағдарламасы  тек  оқушылар  үшін  ғана 

емес,  қоғам  үшін  және  барлық  демократиялық  құрылыс  үшін  тиімді  болуына  бағыттау  керек  екендігін 

мойындатты.  Эдверд Глейзер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын  болжап 

берді:

1.  Проблемалар  мен  мәселелерді  шешу  кезінде  ойлау  үдерісін  жүзеге  асыру  өзінің  тәжірибесін 



қалыптастыру өрісіне кіреді.

2. Логикалық зерттеу мен талқылау әдістерін білу.

3. Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.

Балалар мен ересектердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға, проблемаларды зерделеу және шешімдерді 

жекелей немесе топтарда қабылдауға  бағытталған заманауи білім беру  бағдарламасы аталған үш негізгі 

элеменке сүйенеді.  [3,43-б]

Сыни  ойлаудың  білік,  дағдыларына  ең  басты  ойды  көре  білу,  салыстыра  білу,  мәселеге  қатысты 

ақпаратты анықтай білу, қажетті сұрақты қоя білу, фактілерді субъективтік пікірден айыра білу, пікірдің 

дәйексіздігін  көре  білу,  жалған  ақпаратты  шын  ақпараттан  ажырата  алу,  себеп-салдарлық  байланысты 

айқындай білу, тұжырым шығара алу, шешімнің түрлі нұсқаларын көре білу, нәтижені тәжірибе жүзінде 

тексере білу, логикалық негізделген пікірлерді келтіре білу жатады. Яғни, сыни  тұрғыдан ойлаудың негізгі 

тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану жатады.

Сыни тұрғыдан ойлау дағдысы мынадай бөлшектерден құрылады:

• проблемаларды анықтау және оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау;

• проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің маңызын түсіну;

• тиісті ақпаратты жинау;

• мәнмәтіндік алғышарттар мен басымдықтарды белгілеу;

• нақтылықты, анықтық пен объективтілікті сақтай отырып, сөзді түсіну және пайдалану;

• дәлелдер мен дәйектерді бағалау мақсатында деректерді интерпретациялау;

• сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстардың болуын (немесе болмауын) белгілеу;

• қорытындылар мен шолу жасау;


400

• алынған қорытындылар мен шолуларды сараптау;

• өз ұстанымдарының бастапқы моделін алынған тәжірибенің нәтижелері жүйесіне енгізу;

• күнделікті шынайы өмірдің мәнмәтінінде нақты нәрсе (құбылыстар мен т.б.) туралы барабар пікір 

қалыптастыру. [3,44-б]

Сыни тұрғыдан ойлаудың қалыптасқан дағдыларынан басқа оқушы немесе мұғалім оларды практикалық 

жағынан пайдалануға дайын болуы тиіс.

Ойды және сыни тұрғыдан ойлауды дамытатын түрлі технологиялар бар.  Соның бірі -оқу және жазу 

арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлау.  «Оқу  және  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлау»  технологиясы  негізінде 

авторлардың (Ч.Темпл,К.Мередит, Д.Стилл және Д.Огл) базалық модель деп атаған механизмі жатыр.

Технологияның құрылымы үш фазадан құралады. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады: 

қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой- толғаныс. 

Әр  кезең  «стратегиялар»  арқылы  жүзеге  асады.  СТО  жобасында 80 ге  жуық  «стратегиялар»  бар. 

Оларды мақсатты, тиімді қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Енді осы кезеңдердің мақсат-

міндеттеріне тоқталып өтейік. 



Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. 

Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте 

түседі.  Осы  кезеңге  қызмет  ететін  «Топтау», «Түртіп  алу», «Ойлану», «Жұпта  талқылау», «Болжау», 

«Әлемді  шарлау»  тағы  басқа  деген  аттары  бар  әдістер  (стратегиялар)  жинақталған.  Қызы-ғушылықты 

ояту  кезеңінің  екінші  мақсаты – үйренушінің  белсенділігін  арттыру.  Өйткені  үйрену – енжарлықтан 

гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, 

көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, 

тазарады.  



Мағынаны тану.  Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, 

тапсырмалар  орындайды.  Оның  өз  бетімен  жұмыс  жасап,  белсенділік  көрсетуіне  жағдай  жасалады. 

Оқушылардың  тақырып  бойынша  жұмыс  жасауға  көмектесетін  оқыту  стратегиялары  бар.  Соның  бірі 

INSERT.INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. 

Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да 

оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді 

жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйренушілер  білетіндерін  анықтап,  білмейтіндерін  белгілеп  сұрауға  әзірленеді.  Бұл  әрекет  арқылы 

жаңаны  түсіну  үшін  бұрынғы  білім  арасында  көпірлер  құрастыруға,  яғни  байланыстар  құрауға 

дағдыландырады.



Ой  толғаныс.  Күнделікті  оқыту  үдерісінде  оқушының  толғанысын  ұйымдастыру,  өзіне,  басқаға 

сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, 

баға  қою  сияқты  шараларға  уақыт  жіберіп  аламыз.  Дәл  осы  кезеңде  үйренуші  не  үйренгенін  саралап, 

салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім 

үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. 

Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды 

тиімді  етуге  лайықталған  «Синквейн», «Венн  диаграммасы», «Еркін  жазу», «Семантикалық  карта», «Т 

кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. 

Олар  оқушылардың  бір-бірімен  ой  алмастыруын,  ой  түйістіруін  қамтамасыз  етеді.  Әр  оқушы  өз 

шығармашылығын көрсете алады.Осы кезеңдер әртүрлі стратегиялар, яғни әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге 

асады. [4,77-б]

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1. Студенттерге ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

3. Студенттің оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау.

4. Студентке мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру.

5. Сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету. 


401

6. Кез-келген сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдіру. 

7. Сыни ойлауды бағалау.

Тиімді  сыни  ойлауға  қатысу  үшін  студенттер  өздеріне  деген  сенімдерін  және  өз  пікірлері  мен 

идеяларының  құндылықтарын  түсінуін  арттыруға,  оқыту  үрдісіне  белсенді  қатысуға,  басқалардың 

пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек. 

Болашақ  мамандардың  белсенді  шығармашылық  әрекетіне  бағытталған  өздіктерінен  жұмыс  істеуді 

ұйымдастыруда  тиімді  оқытудың  осы  бір  педагогикалық  технологиясының  маңызы  зор.  Оқу  мен  жазу 

арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды  оқу  үрдісінде  қолдану  шығармашылық  тұрғыдан  жаңа  жетістіктерге 

жеткізеді,  сол  себепті  де  осы  технологияның  кейбір  тәсілдерін  студенттердің  өздігінен  орындайтын 

жұмыс түрлерінде өнімді қолдануға мүмкіндік береді. Мен өз іс тәжірибемде мәселен, «Педагогикалық 

мамандыққа  кіріспе»  курсынан  студенттердің  өздігінен  жұмыс  істеулеріне  бағытталған  тапсырмалар 

жинағы ретінде «Жұмыс дәптерін» құрдым. Ондағы мақсатым дәрісханада, дәрісханадан тыс сабақтарда 

студенттерің дербестік іс әрекеті мен өздіктерінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Жұмыс дәптері 

жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік стандарт талаптарына сай жасалынды. Онда «Педагогикалық 

мамандыққа кіріспе» курсының негізгі тақырыптарына тапсырмалар жинақталған.

Ондағы орындалатын тапсырмаларының төмендегідей типтері қолданылды:

- берілген ақпарат көздерінен теориялық білімді өз бетімен игеруге арналған тапсырмалар;

- лекция, семинар сабақтарында алған білімді бекіту, практикалық білік пен  дағдыны қалыптастыруға 

арналған  тапсырмалар;

-  студенттердің  өздіктерінен  орындауға  (дербес,  жұптап,  топтық)  арналған  (оқу    материалдарны  өзі 

іздеуге, талдау, жинақтау, салыстыру, шолу, қорытынды  жасауға) типтік, дамытушылық, шығармашылық 

ізденіс сипатындағы тапсырмалар. 

Жұмыс дәптеріндегі түрлі типтегі және деңгейдегі тапсырмалар жинағын орындауға  бағытталу үшін, 

онда белгіленген шарттар бар. Мәселен:

    Сіздің өз тәжірибеңізді белсендіруге бағытталған тапсырмалар.

╬     Шығармашылық және проблемалық сипаттағы тапсырмалар.

Осы жұмыс дәптерінің ішіндегі тапсырмаларды сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта қолданып, 

студенттердің  сыни  ойлауына  бағытталған  «Педагогикалық  мамандыққа  кіріспе»  пәнінен  бір  сабақ 

жоспарымның үлгісіне қысқаша шолуды ұсынамын.



Тақырып. Педагогтың кәсіби-тұлғалық қалыптасуы мен дамуы, оның құзыреттілігі.

Мақсаты:  «Педагогтың  кәсіби-тұлғалық  қалыптасуы  мен  дамуы,  оның  құзыреттілігі»  тақырыбы 

бойынша  теориялық  материалдарды  меңгеру;  түрлі  ақпараттармен  жұмыс  істей  білу  іскерлігін  дамыту; 

ақпараттарға аналитикалық өңдеу жасауға қабілеттерін дамыту.

Дәріс  сабақтарына тапсырмалар:

І. Репродуктивті деңгей:1. Дәрісті конспектілеу.2. «Борттық журналды» толтыру.  

ІІ. Реконструктивті деңгей:

1. Дәріс материалдары бойынша коллаж сызбасын құру.

2. Кәсіби тапсырмаларды шешу:

а)Мектеп  оқушыларына  кәсіби  білім  беру  мақсатында  кең  тараған  кәсіптердің  қандай  да  біреуіне 

қысқаша сипаттама(бір –бір жарым беттік) құрастырыңыз.

ә)алынған  сипаттамаларға  талдама  жасаңыздар,  студенттердің  мамандыққа  байланысты  берілген 

сипаттамаларында сол мамандықтың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын көруде өздерінің ішкі жан 

дүниесіне жақын және себептендіретін мотивтерді түсінуді тырысыңыздар.

ІІІ. Шығармашылық ізденіс деңгей: 

1. «Тұлғаның кәсіби деформациясы» тақырыбына синквейн жазыңыз.

2. Жұмыс дәптеріндегі №7 тапсырма 13-бет. 

Семинар  сабақтарына тапсырмалар:

І. Репродуктивті деңгей:

1. Дәріс конспектісі бойынша жұмыс.


402

2. Кәсіби тапсырмаларды шешудің нәтижелерін көрсету.

ІІ. Реконструктивті деңгей:

Топпен  жұмыс:  игерілген  тақырып  бойынша  презентацияға  дайындық  және  оны  демонстрациялау. 

(топтың таңдауы бойынша)

1. «Педагогтың  кәсіби-тұлғалық  қалыптасуы  мен  дамуы»  тақырыбына  Интернет  желісінде  бар 

рефераттарға талдау жасау. (топтарға бөлініп жасау)

2. Рефераттарды қорғау.

ІІІ. Шығармашылық ізденіс деңгей:

Сұрақтар бойынша талқылауға қатысу:

• Мамандықты игеру үрдісінде кәсіби қабілеттерді қалыптастырудың негізгі кезеңдері қандай?

• Кәсіби деформацияның пайда болу механизмі неден бастау алады?

• Субъектінің қандай сапаларын кәсіби қажеттілік деп атайды?

2. Жұмыс дәптеріндегі №6 тапсырма 12- бет.



Аудиториядан тыс  өздіктерінен орындайтын тапсырмалар

І. Репродуктивті деңгей:

1. «Педагогтың  кәсіби-тұлғалық  қалыптасуы  мен  дамуы»  тақырыбына  әдебиеттер  тізімін  жасау, 

мақалалардан картотека жасау.

2. «Тұлғаның  кәсіби  деформациясы»  тақырыбына  ғылыми  мақалалар  табыңыздар,  оған  рецензия 

жазыңыз.


ІІ.  Реконструктивті  деңгей:1.  Кәсіби  тапсырмаларды  шешу 2. Тақырып  бойынша  реферат  дайындау. 

(Реферат тықырыптары тізімі көрсетіледі)

1. Сайтқа орындалған рефераттар, мақалалар мен презентацияларды орналастыру.

ІІІ Шығармашылық ізденіс деңгей:

1. Жұмыс дәптеріндегі №12 тапсырма 15-бет.

2. «Мұғалімнің деформациялануы» тақырыбына топтық постерлер жасау.  

Сабақ  барысында  көптеген  тапсырмалар  түрлері  студенттермен  алғаш  орындалды,  сол  себептен 

ол  тапсырмаларды    орындауда  олар  асқан  қызығушылық  танытып,  белсенді  қатысты. (мысалы, «Нені 

білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?» кестесін толтыру, «Кластер» тәсілін, «Борттық журнал»және 

т.б.)  Қызғылықты  кәсіби,  шығармашылық  тапсырмаларды  орындау  барысында  бірнеше  студенттер 

«білмеймін,  қалай  орындау  керектігін»  дегендерге,  курстастары  оларға  көмек  көрсетті.  Сол  себептен, 

студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру формасының тағы бір түрі ұйымдастырылды, ол - өзара 

оқыту. Сонымен қатар, студенттер өздерінің «Кішігірім -зерттеу» сауалдары нәтижелеріне мүдделі жауап 

берді. 


Жоғарыда  көрсетілген  сабақ  барысында  қолданылған  стратегияларын  оқытушы  мен  студент  іс-

әрекеттері айқын байқалады. Өз сабақтарымда көзімнің жеткені студенттерге: а)еркін ойлауға мүмкіндік 

береді;  ә)  жан – жақты  ізденеді;  б)тіл  байлығы  жетіледі;  в)ұжымдық  іс - әрекетке  тәрбиелейді;  г)

шығармашылық белсенділігі артады; д)ақыл ойын дамытады.

Қорыта  келгенде,  білімге  деген  құштарлық,  cыни  тұрғыдан  ойлаудың  қалыптасқан  дағдылары,  өз 

бетімен  жұмыс  істеу  қабілеті  мен  өздігінен  білім  алу  тәсілдері  адамның  санасында  неғұрлым  ертерек 

оянып  қалыптасса,соғұрлым  оның  жүйелі  шығармашылық  еңбек  етуіне  мол  жағдай  туатындығын 

күнделікті  тәжірибеден  байқатып  жүр.  Демек,  олай  болса,  әрбір  адамды  осындай  білім  алу  жүйелеріне 

мектеп қабырғасынан бастап дайындаған дұрыс.

«Орташа  мұғалім-  айтып  береді,Жақсы  мұғалім  -түсіндіреді,Үздік  мұғалім-  көрсетеді,Ұлы  мұғалім- 

қанағаттандырады,  шабыттандырады»-  деп  А.Уорт  айтқандай  студенттердің  оқудағы  белсенділігін 

арттыруда, құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс. 

Өйткені, заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Сөзімнің соңын Абылай ханның 

мына даналық сөзімен аяқтағым келеді.

Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік!



403

Әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған  Мемлекеттік 

бағдарламасы. // Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер 

жинағы. 2010ж. 

2. Выготский Л.С. Психология. – М.: 2000.

3.  Қазақстан  Республикасының  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курстарының 

бағдарламасы. Мұғалімге арналған НҰСҚАУЛЫҚ. Екінші деңгей.  

4.  Мирсеитова С. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы.:2006.



НАСУЩНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ЗАДАЧИ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СИСТЕМЫ

Панин М. С.

доктор биологических наук, профессор

Семипалатинский государственный педагогический институт

Республика Казахстан

Аңдатпа

Бұл  мақалада  қазіргі  қоғамның  болашақтағы  талабына  сәйкес  келетін  педагогикалық  кадрларды 

дайындау мәселелер жиынтығы қарастырылған.

Аннотация

В  статье  обозначена  совокупность  проблем  подготовки  педагогических  кадров,  которые  должны 

соответствовать современным перспективным потребностям общества.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет