о й ғ а о л а қ (Абай). Істегенің е л ің е ж а қ с ы, үйренгенің өзі- ң е ж а қ с ы: Жақсы — і с і м е н ж а қ-с ы. Е л у ж ы л д а ел ж а ң а (мақал).
34
2. Зат есімдер. Зат есімдердің ішінде ағаш, тас, көмір сияқты атаулардан гөрі күш, бай, мейрам, сын сияқты абстракті зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші (басыңқы) бөлшегі болып көп жұмсалады: Елім менің ж е р г е б а й, Айдынды шалқар к ө л г е б а й (Жамбыл). Қашпақ , қумақ — е р -г е сын, көшпек, қонбақ — ж е р г е с ы н (мақал). Сендер б і р - біріңе қонақсыңдар (Мұстафин). Білгенге м а р ж а н, б і л м е с-к е а р з ан, надандар баһра ала алмас (Абай). Мен 1943 ж ы л~ д а н комсомолмын. Партияға 19 4 9 жы лдың ж а з ы н ан м ү ш е м і н.
Атаулы сөйлемдерде жатыс жалғаулы есім мен нақтылы заттар-дың меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрауы дағдыға айналған құбылыс десе де болады, Мұндайда көркем әдебиетте табиғатты, айналаны суреттеу орайында мекен пысықтауыштық қатынаста жұмсалады, мыс.: аспанда ақша бұлт. Төрде төсек-орын. Арбада Жағыпар. Аяғында былғары етік.
3. Заттың күйін білдіретін есімдер. Бар, жоқ, аз, көп, мәлім, бәрібір, мүмкін тәрізді заттың әр алуан күйін білдіретін есімдер сөз тіркесінің құрамында басыңқы болып көбірек айтылады: Астында семіз сары, жорға аты бар (Әуезов). Аспанда алақандай бұлт жоқ (Мұқанов). Сақтықт а қорлық жоқ. Аққа қара жоқ, қара- ғ а шара жоқ (мақал). Әуелден сұлу жайы бізге мәлім (Абай). Әйелдердің сайлауға да, сайлануға да правосы. еркектермен бірдей (Конституциядан). Біткен і с к е сыншы көп (мақал).
Күйді білдіретін есімдердің ішінде мәлім, аян, мәз, артық, кем, аз, көп, белгілі, түсінікті сөздері шығыс, барыс жалғаулы азын-аулақ есімдерді өздеріне бағындыра алады, мыс.: жұртқа мәлім, маған мәлім, ертеден мәлім, ел-жұртца аян, бәрімізге аян, саған аян, ішкен-жегеніне мәз, алғанына мәз, біреуден артық, біреуден кем.
Сан есімдер мен есімдіктер жоғарғыдай есімді сөз тіркесінін мең-герушісі болып өте аз кездеседі: Басқада құлақ екеу болса, секретарьда төртеу. Есжан, ол жақта... егіске дайындық қалай? (Мұстафин). Заводтың бәрінде солай (Мүсірепов).
ЕТІСТІКТІ ТІРКЕСТЕР
Етістікті сөз тіркестері туралы жалпы түсінік
Етістікті сөз тіркестерінің грамматикалық арқауы етістік болады да, сол құрамда басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығы байқалады. Етістіктермен тіркесетін сөздер де көп: олармен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шылаулы есімдер тіркесе алады. Бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты мағыналық қатынастары да әр түрлі болып отырады. Толып жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымша-сыз тіркеседі. Бұл ретте етістіктер мен есімдердің өз ара байланыс түрі қабысу болады. Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс, жатыс, шығыс, көмектес, табыс жалғаулары арқылы байланысады. Синтаксистік байланыстың бұл түрі меңгеру болады.
Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуының осы ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестерін: 1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері; 2) меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері дейтін екі топқа бөлеміз. Етістікті сөз тіркестері демеулер
35
мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды мең-геріле байланысқан етістікті сөз тіркесінің құрамында қараймыз.
Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бұдан әрі де бірнешеге таратылып кетеді.
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
Етістіктермен қабыса байланысатын сөздер — олармен берік ма-ғыналық байланыстағы, етістіктермен біте қайнасқан сөздер. Олар — үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, жалғаусыз зат есімдер.
Сын, сан есімдер — жаратылысынан зат есімдерге тән сөздер. Сонда да олар етістіктерге қатысты болып, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің құрамында кездеседі. Есімдердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? қанша сұрайды? қашан келеді? не алды? тәрізді сөз тіркестерінде айтылады. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай: 1) үстеулі; 2) еліктеуіш сөзді; 3) көсем-шелі; 4) сын есімді; 5) сан есімді; 6) зат есімді сөз тіркестері деген алты топқа бөлінеді.
Үстеулі сөз тіркестері
Үстеулер етістіктермен тіркесіп, қимылдың сапасын білдіреді. Етістікті сөз тіркестерінің бұл түрі көп таралған, өте өнімді. Үстеулер етістіктермен тіркесіп, пысықтауыштық қатыснаста мезгіл, мекен, себеп, мақсат т. б. мағыналарда жұмсалады.
Үстеулер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері мынадай екі топқа бөлінеді: а) негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері, ә) туынды үйтеулер қатысты сөз тіркестері.
Негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері. Негізгі үстеулер деп қа-зіргі кезде морфологиялық тұрғыдан бөліп жатуға келмейтін үстеу-лерді айтамыз (кеше, қазір, енді, жаңа, ертең). Бұл топқа, тарихи тұрғыдан қарағанда, екі сөздің бірігу жолымен құралған сөздер, мысалы, бүгін (<бұл + күн), биыл (<бұл + йыл), қосарлы, оқта-текте, жол-жөнекей, жалма-жан тәрізді үстеулер де жатқызы-лады. Негізгі үстеулер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналарда жұмсалады:
Мезгілдік. Етістіктердің шақты білдіруі олардың өздеріне тән ерекше, ең басты қасиеті деп есептеледі. Олардың сол лексика-грамматикалық мағыналарын айқындай, дәлелдей түсу үшін мезгіл үстеулерді етістіктермен тіркестіреміз. Сондықтан ондай үстеулер етістікті сөз тіркестерінің құрамында өте жиі үшырайды. Қазіргі қазақ тілінде мезгіл үстеуі тіркеспейтін бірде-бір етістік жоқ деуге болады. Оның себебі етістіктің шақтық мағынасының үстеудің мезгілдік мағынасымен әуендес екендігінде.
Мезгіл үстеулері етістіктермен қабыса байланысады. Дегенмен мұндай сөз тіркестері құрамындағы сөздердің орын тәртібі едәуір еркін болып келеді. Мезгіл үстеуі етістікпен қатар тұрып та, арасына сөз салып тұрып та байланыса береді. Мысалы: кеше Маржан келін қымыз ішкен екен (Майлин) дегенде, кеше сөзі сөйлемнің басында тұр. Ол ішкен екен деген сөйлем соңындағы етістікпен тіркеседі. Осындайды тюркологтардың көбі мезгіл үстеу (пысықтауыш) сөйлемге түгел қатысты болғандықтан оның алдында тұр деп түсіндіреді. Дұрысы олай емес. Мұндайда ол сөйлемдегі барлық сөзбен тіркеспейді, тек қатысты сөзбен тіркеседі. Кейде үстеулер етістік тобына енген сөзбен де берік мағыналық байланыста айтылуы мүмкін, мыс.: Бүгінгі өзен кеше д е, онан бұрын да, жүз жыл бұрын д а т а п о с ы л а й ақты ғой (Есенжанов).
36
Әдетте, мезгіл үстеулер етістікті сөйлемнің қай шенінде тұрмасын, тек етістікке ғана қатысты болып, етістікпен ғана тіркесе алады4, сын есім, сан есім, есімшелер оияқты қай сөздің алдында тұрса, сол сөзге қатысты бола қалмайды. Сондық-тан кеше келді, жаңа білдім тәрізді сөз тіркестерінің арасына есімдер койып, үстеуді етістіктен қашықтатуға болады: К е ш е қарындасым қаладан келді; Жаңа ғана жолаушылар атқа мінді.
Мезгіл үстеулерінің етістікпен тіркесінде мезгілдік мағыналары әр түрлі болады. Мысалы, бүгін, кешке, кеше, ертең, бүрсігүні, алдың-ғы күні, таңертең, күндіз, түнде, күндіз-түні, ертеңінде, ерте, ертемен тәрізді мезгіл үстеулерімен келген сөз тіркестері бір тәулік ішіндегі мезгілдің кезеңдерін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |