Социалистік индустрияның дөңгелегі з ы р ж ү г і р д і (Мүсі-репов). Самолет гүрс жарылып, от жайылып жүре берді. Үйдің қабырғасында т ы р с-т ы р с соққан үлкен қабырға сағаттың дыбысы анық естіліп тұр. Жанат с ы л қ- с ы л қ к ү л і п ж і - б е р д і. Ахмет қ а р қ - -қ а р қ күлді. Алма с а қ-с а қ кү л і п ж і-б е р д і (Мұстафин). Колхоздың қара сабалары г ү м п-г ү м п п і- с і л д і (Мүсірепов). Мылтық даусы гүрс-гүрс шықты (Сланов).
Бір буынды еліктеуіш сөздер сирек қолданылады. Оның үстіне мұндай еліктеуіш сөздердің әрқайсысы белгілі бір етістіктермен ғана тіркесе алады. Мысалы, шыр сөзі айналу етістігімен ғана, кілт сөзі тоқтау, бұрылу етістіктерімен, жалт сөзі қарау, бұрылу, беру сөздерімен, гүрс сөзі жарылу, құлау сөздерімен, қарс сөзі айрылу, жарылу етістіктерімен және морт сөзі сыну сөзімен, ал зыр сөзі жүгіру, айналу етістіктерімен тіркесе алады.
Қос сөзді еліктеуіштер етістікті тіркестердің құрамында жиі қол-данылады. Осымен байланысты мына бір жайды ескерген жөн: кез келген бір буынды еліктеуішті қосарлап айтуға болады (мыс.: гүрс-гүрс, жалт-жалт), ал кез келген қос сөзді еліктеуіштерді бір буынды етіп айтуға болмайды (мыс.: кұж-құж қайнау, лүп-лүп соғу).
Граната гүрс-гүрс ж а р ы л д ы (Мүсірепов). Жанәбіл қарқ-қарқ күлді (Мұстафин), Аспан... с а л д ы р-г ү л д і р қ ұ л а п келе жат-қандай б о л д ы (Мүсірепов). Аяқ бассаң, (ол жердің) сортаң суы ш ы п-ш ы п ш ы ғ ы п, шыпылдап жатады. Күркіреп жер шатыр-шұтыр ж а р ы л а д ы секунд сайын (Сәрсенбаев).
Еліктеуіш сөздерге етіп, еткізіп көмекші етістіктердің жалғасуы арқылы олардың негізгі етістіктермен тіркесу қабілеті арта түседі. Бұл жағдайда да ондай сөз тіркестері амал пысықтауыштық қаты-наста жұмсалады:
Мария апайдан басқаның бәрі де мырс е т і п күліп ж і б е р д і. Қара теңіз бұрқ-бұрқ етіп қайнап жатқандай. Әлдеқайдағы біздің екі көк қырғи жарқ е т і п к ө р і н д і. Құлағыма дүрс-дүрс етіп аспан жүрегінің соққаны естіледі. Оқтардың гүмп етіп түсіп, гүр етіп жарыла бастағаны естіле бастады. Семен..., бір темір қал-пақты с а қ е т к і з і п төбеден ұрып ж і б е р д і (Мүсірепов).
40
Көсемшелі сөз тіркестері
Көсемшелер — синтаксистік қызметі жағынан етістіктің үстеуге ұқсас бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік қа-сиетін жойып ала береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау тұрып, күрделі мүшенің, мысалы баяндауыштың құрамында, сонымен қатар толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байланысып пысық-тауыш та болады.
Соңғы екі жағдайда көсемшелік тұлғалар бір етістікті екінші етістікке бағынышты ететін қосымша қызметінде жұмсалады. Солай болатындықтан көсемшелер тек етістіктерге қатысты болып, тек етістіктермен ғана тіркесе алады. Олардың етістіктермен тіркескіштік қасиетін мынадан көруге болады; етістіктердің модальдық, шақтык; видтік т. б. мағыналарын түрлендіру үшін немесе әр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалу үшін етістіктер көсемше тұлғалары арқылы бірінің үстіне бірі жамалып, өз ара қат-қабаттала береді. Мысалы, а с ы қ п а й оқыды — а с ы қ п а й оқып отыр еді, — а с ы қ п а й о қ ы п кетіп бара жатыр еді; осылар-дың ішінде тек асықпай сөзі ғана пысықтауыш мүше қызметінде дербес қолданылған да, қалған көсемшелер тұтас бір түйдекті тіркес құраған. Кейде осы тәрізді қат-қабатталудың нәтижесінде бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын тіркес құрамында бес сөзге дейін, ал екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатын тіркестер құрамында он сөзге дейін болады. Мысал үшін мына төмендегі тіркестерге назар аударайық: 1. Жүгіріп кету, жүгіріп кетіп бара жатыр, жүгіріп кетіп бара жатыр еді; 2. Асықпай оқып отыр, асықпай оқып отыра берді. 3. Асығып оқып кетіп бара жатып, сүрініп кетіп, жыгылып қала жаздап еді. Соңғы мысалда 11 сөз бар. Бұлар мынадай синтаксистік топтар құраған: соңғы төрт сөз баяндауыш қызметінде (жығылып қала жаздап еді), қалған үш топ әр түрлі пысықтауыш қызметінде айтылған: 1) асығып; 2) оқып кетіп бара жатып сүріну; в) сүрініп кетіп жығылу.
Мұндай мысалдар қазақ тіліндегі көсемшелердің етістікті сөз тіркестерін құрауда ерекше икемдігі барлығын дәлелдейді. Көсемшелер таза етістікті сөз тіркестерінің көп кездесетін топтарын құрайды. Кез келген негізгі етістік мұндай сөз тіркесі құрамында оның не бағыныңқы, не басыңқы сыңары қызметінде жұмсала алады. Мысал үшін мына сөз тіркестерінің құрамына көз жіберейік: қуып жету, қуып жетіп оқу, түсініп сөйлеу. Бұл мысалдағы бағыныңқы көсемшелерді мына мысалдағыдай басыңқы етіп айтуға болады: ойқастата қуу, бастырмалата қуып жету, оқып түсіну.
Көсемшелердің етістіктермен тіркесуі олардың тұлғасы мен ма-ғыналық үйлесіміне байланысты болады. Мысалы, сөйлеу етістігі мен кісінің ішкі, сыртқы күйін білдіретін көсемшелер ғана тіркесе алады:: ашуланып сөйлеу, ызаланып сөйлеу, күлімсіреп сөйлеу, қылмаңдай сөйлеу, қызараңдап сөйлеу, назданып сөйлеу, біліп сөйлеу, түсініп сөйлеу, жақтырмай сөйлеу, ұнатпай сөйлеу, саспай сөйлеу, қорқып сөйлеу, отырып сөйлеу, қырылдап сөйлеу, ентігіп сөйлеу т. б.
Осы келтірілген мысалдардан кесемшелер мен етістіктерден құ-ралатын сөз тіркестерінің аясы кең екенін аңғаруға болады. Бұдан кез келген көсемшені кез келген етістікпен тіркестіре салуға болады деген түсінік болмауы керек. Мысалы, ентіге жүгіру, асыға жүгіру, таяқ ала жүгіру, ақсаңдай жүгіру — әбден табиғи байланыстығы
41
жарасымды тіркестер. Ал, жүгіру етістігі мен сызылып, жүре көсемшелерін тіркестіру зорлық болар еді.
Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде көсем-шелер барлық тұлғада бірдей жұмсалмайды. Бұл қызметте -ы п\\ - і п\\-п тұлғалы көсемшелердің болымды түрі жиі жұмсалады да, -а\\-е, -й тұлғалы көсемшелер сиректеу, ал -ғ а л ы\\-г е л і, -қалы\\ -к е л і тұлғалары одан да гөрі сирек кездеседі.
Көсемшелі сөз тіркестері пысықтауыштық қатынастарды, атап айтқанда, қимылдың амалын, мезгілін және мақсатын білдіреді. Сонда көсемшелер етістіктің — қимыл процесін білдіретін сөздердің — қимылдық сапасы ретінде жұмсалады. Ол үшін көсемшенің кез келген тұлғасының бірін жұмсаса болады деп қарау дұрыс емес. Олардың әрқайсысының өзіне ғана тән ерекшеліктері барлығын сөз тіркесі құрамында анық байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |