Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет25/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Е р л і к т е н ерлік т у ғ ы з ы п
Өрге өрлеп тасамыз (Жамбыл).

Мұндай шығыс жалғаулы сөз тіркесін меңгеретін етістіктің же~ тегінде тура толықтауыш та болады. Сонда шығыс жалғаулы жанама толықтауыш тура толықтауышпен де мағыналық байланыста тұрады.


2. Мағлұматтың, әрекеттің шығу тегін білдіреді. Ондай сөз тір-кестерін құрайтын етістіктер — кісінің қабылдау әрекетін білдіретік сабақты етістіктер (алу, алдыру, білу, есіту, оқу, үйрену, сұрау): кісі-ден есіту, (білімді) кітаптан алу, үлкеннен үйрену, сөзінен білу, жолдасынан сұрап алу.
3. ПІығыс жалғаулы зат есімдер айрылу, құтылу, айығу, жазылу, қашу, тазару, тазарту, безу сияқты етістіктермен тіркесіп, бірде-ңеден арылу, құтылу мағынасында жұмсалады, мыс.: аурудан айы-ғу, бәледен құтылу, жамандықтан қашу.
4. Сан есім не болмаса сан есімнен анықтауышы бар зат есім шығыс жалғауда тұрып етістікпен тіркескенде,сөз тіркесі з а т т ы ң, с а н д ы қ бөлшегін не д а р а л а н ғ а н мөлшерін білдіреді: С е г і з ж ү з ж ы л қ ы д а н бір тай қ а л м а ғ а н е к е н. Әрбір қонақтың сыртында е к і д е н, ү ш т е н жастықтар ж а т ы р (Әуезов). Ваннаға олар.., а л т ы к і с і д е н к і р д і [Гайдар].
Маған күніне е лу т и ы н н а н неге б е р і п от ы р?
Әлі б і р с о м н а н б е р е т ін б о л а д ы! (Мүсірепов).

II. П ы с ы қ т а у ы ш т ы қ қатынаста жұмсалатын шығыс жал-ғаулы сөзі бар етістікті тіркестер, негізінде, мынадай мағыналарда айтылады:


1. Көлемдік. Ондай сөз тіркестерінің көлемдік мағыналары істелетін істің әйтеуір бір басталу орнын көрсетуге негізделеді. Көбі-несе олар қимыл процесінің заттың үстінен, ішінен, арасынан шық-қанын көрсетеді, мыс.: арбадан түсу, үйден шығу, терезеден кіру, тоғайдан өту.
Көлемдік мағыналы сөз тіркестерінің енді бірқатары қимылдың басталу, болу орнын (мекенін) білдіреді, мыс.: қаладан аттану, базардан қайту, университеттен келу, ауданнан кету, осы арадан тарау.
2. Мезгілдік. Бұл мағынада бағыныңқы сөз мезгіл мәнді және кісінің жас мөлшерін білдіретін есімдер болады да, басыңқы сөз, көбінесе, қабылдау мәнді етістіктер болады, мыс.: былтырдан бі-лемін, жастайымнан түсінгенмін.
3. С е б е п-с а л д а р. Бұл мағынада жұмсалатын сөз тіркесінің шығыс жалғаулы сыңары есімше не қимылдық есім болады, мыс.: ұялғаннан қ ы з а р д ы, түсінбегендіктен қ а т е л е с т і, ү й- ықтап қалғандықтан к е ш і к т і. Жақып қ у а н ғ а н н а н кү-л і п ж і б е р д і (Мүсірепов). Жабай өзінің білместігінен ұялыңқырап қ а л д ы. Мүмкін, с а н ы б е с е у болғандықтан «бестік» деп аталатын ш ы ғ а р.(Сәрсенбаев). К ө п т е н көрмегендіктен Ботакөз апасын с а ғ ы н ғ а н (Мұқанов).
4. А м а л. Шығыс жалғаулы есімдер етістіктермен тіркескенде; қимылдың амалын (қалай болғанын) білдіреді, мыс.: етбетінен құ-лау, даусынан тану, мұртынан күлу
50

Жатыс жалғаулы сөз тіркестері


Басқаларына қарағанда, жатыс жалғаулы есімдіктерді меңгере алатын етістіктердің саны онша көп емес. Олардың көпшілігі заттың күйін білдіретін салт етістіктер: отыру, тұру, жүру, жату, кездесу, ойнау, қону, көру, көрсету, ұйықтау, қалғу, қалу, сүйену, жылау, ескеру, үйрету, ұнау, кіру т. б.


Мұндай етістіктермен тіркесетін жатыс жалғаулы есімдер мына-дай қатынастарда жұмсалады:
I. Объектілік (толықтауыштық). Объектілік қатынастағы ондай сөз тіркестерінің мағыналары қимыл процесінің қандай заттың үстінде не қандай затпен байланыста болатынын бірдеңенің кімде екенін білдіреді, мыс.: өмірде кездесу, заңда көрсетілу, ойда сақтау, күресте озу, сенде тұру.
II. П ы с ы қ т а у ы ш т ы қ. Пысықтауыштық қатынастагы жа-тыс жалғаулы сөз тіркестері мекендік және мезгілдік мағынада жұм-салады:
1. Мекендік мағынадағы сөз тіркестері көлем мәнді зат есімдер мен отыру, тұру, жату, жүру, қаралу сияқты заттың күйін білдіретін етістіктерден не солар қатысты күрделі етістіктерден құралады.
2. Мезгілдік мағынадағы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары шақ, мезгіл мәнді есімдер не есімдер тіркесі болады да, басыңқы-лары жоғарғыдай етістіктің бірі болады: Оның бұл қылықтары Гүлнарға алғашқы кезде ұнамады (Мұқанов). Олар Омбы қаласына іңір қараңғысында келіп кірді (Мүсірепов).


Көмектес жалғаулы сөз тіркестері

Сабақты және кейбір салт етістіктер көмектес жалғаулы есімдерді меңгеру арқылы сөз тіркесінің үлкен бір тобын құрайды. Көмектес жалғаулы есімдер етістіктерге меңгерілу арқылы объектілік және пысьқтауышты қатынастарда, түрлі-түрлі мағынада жұмсалады:


I. Объектілік қатынастағы сөз тіркестері. Көмектес жалғауда тұрып етістіктермен объектілік қатынаста айтылатын сөздер — зат, есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер. Олардың объектілік-мағынасы әр түрлі болады. Оның себебі, б і р і н ш і д е н, көмектестегі бағыныңқы сөздердің ңені білдіретінімен байланысты болса, екіншіден, оларды керек ететін етістіктердің мағыналарының әр қилы болуымен байланысты. Сол негізде жоғарғыдай сөз тіркестері мынандай мағыналарда айтылады:
1. Құралдық. Құрал-сайманның атын білдіретін көмектестегі зат есімдер кісінің қимыл-әрекетін білдіретін етістіктермен тірке-сіп, құралдық мағыналы сөз тіркестері жасалады. Мысалы: балта-мен шабу, арамен кесу, трактормен жырту, балғамен соғу, қармақпен ұстау, биноклъмен қарау.
Мұндай сөз тіркестерінде көмектес жалғаулы зат іс-әрекеттің ті-келей не сол арқылы істелу құралы болады: Бұрынғыдай... қызыл темірді балғамен қосыла соққанда, сорғалайтын тер жоқ (Мұстафин). Хамит ұстарамен шашын тегіс қырғызған басын, мойнын жуып,... о р а м а л м е н беті-қолын сүртіп, мойнын ыспалап тұрды (Сейфуллин). Әбіш биноклъмен қ а р а п алыстағы айлакер тағының әрекетіне қызығып тамашалайды. Таяқтай қарумен салып та кетеді (Әуезов). Атты қамшымен а й д а м а, ж е м м е н ай д а (мақал).
2. М а т е р и а л д ы қ. Етістікті сөз тіркесінің құрамындағы кө-мектес жалғаулы зат есім істелетін істің неден, қандай заттан істеле-
51

тінін немесе, соның қатысымен істелетінін білдіреді. мыс.: бал-шықпен сылау, бояумен сырлау, қамыспен қоршау, былғарымен қаптау.


3. 3 а т т ы қ. Бірқатар зат есімдер көмектес жалғауда етістік-термен тіркескенде, олар қимылдың заттық объектісі ретінде жұмса-лады. Мысалы: отпен ойнау, сумен жуу, іспен жауап беру, білгіштігімен аты шығу.
4. Бірлестік. Көмектес жалғаулы кісі аттары және кім? деген сұрақ қоюға болатын бала, студент, әкем сияқты сөздер, көбінесе, ортақ етіс тұлғалы салт етістіктермен тіркесіп бірлестік мағынада жұмсалады. Мысалы: Асқармен сөйлесу, Көбеймен қоштасу, баламен ойнау.
II. П ы с ы қ т а у ы ш т ы қ қатынастағы сөз тіркестері. Көмектес жалғаулы зат есімдер етістіктермен тіркесіп, пысықтауыштық қатынаста мезгілді, мекенді, с е б е п - с а л д а р д ы және қ и м ы л- д ы ң істелу амалын білдіреді.

Шылау сөзді тіркестер






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет